Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттары



жүктеу 228,86 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2018
өлшемі228,86 Kb.
#19525


Қазақстан Республикасы 

Еңбек және халықты 

әлеуметтік қорғау министрінің 

2017 жылғы «__» ________  

№ ___ бұйрығымен 

бекітілген 

 

 



Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс 

орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын 

субсидиялау қағидалары мен шарттары 

 

 



1-тарау. Жалпы ережелер 

 

1.  Осы  Мүгедектерді  жұмысқа  орналастыру  үшін  арнайы  жұмыс 



орындарын  құратын  жұмыс  берушілердің  шығындарын  субсидиялау 

қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту 

туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының                   

12)  тармақшасына  сәйкес  әзірленді  және  мүгедектерді  жұмысқа  орналастыру 

үшін  арнайы  жұмыс  орындарын  құратын  жұмыс  берушілердің  шығындарын 

субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды. 

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) мүгедек – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау 

қажеттiгiне 

әкеп 


соқтыратын 

ауруларға, 

мертігулерге 

(жаралануға, 

жарақаттарға, 

контузияларға), 

олардың 

зардаптарына, 

кемiстiктерге 

байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған 

адам; 

2) мүгедектерді  жұмысқа  орналастыруға  арналған  арнайы  жұмыс 



орындары  –  мүгедектің  жеке  мүмкіндіктері  ескеріле  отырып  жабдықталған 

жұмыс орындары (бұдан әрі – арнайы жұмыс орындары); 

3)  мүгедектерді  жұмысқа  орналастыру  үшін  арнайы  жұмыс  орындарын 

жабдықтау 

(жарақтандыру) 

– 

мүгедектерде 



организмнің 

бұзылған 

функцияларын  және  тіршілік-тынысының  шектелуін  толық  немесе  ішінара 

алмастыратын  (орнын  толтыратын)  және  олардың  еңбек  функцияларын 

орындау  мүмкіндігін  жасайтын  негізгі  технологиялық  құрал-жабдықты, 

технологиялық  жарақтандыруды,  құралдарды,  қосалқы  жабдықты  іріктеу, 

монтаждау және пайдалану процесі

4)  жұмыс  беруші  –  жұмыскер  еңбек  қатынастарында  болатын  жеке 

немесе заңды тұлға; 

5)  халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  жергілікті  орган  – 

өңірлік  еңбек  нарығындағы  ахуалға  негіздей  отырып,  халықты  жұмыспен 

қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы 




бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың 

жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi; 

6)  халықты  жұмыспен  қамту  орталығы  –  ауданның,  облыстық  және 

республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың  жергілікті  атқарушы 

органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және 

жұмыссыздықтан  әлеуметтік  қорғауды  және  осы  Заңға  сәйкес  жұмыспен 

қамтуға  жәрдемдесудің  өзге  де  шараларын  ұйымдастыру  мақсатында  құратын 

мемлекеттік мекеме; 

7)  жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз 

етуге  септігін  тигізуге  бағытталған  ұйымдастырушылық,  экономикалық  және 

құқықтық iс-шаралар кешенi; 

8)  субсидия – мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын құру есебінен 

жұмысқа  орналасуға  жәрдемдесетін  жұмыс  берушілер  үшін  мемлекет 

көрсететін қаржылық жәрдемдесу. 

 

 



2-тарау. Арнайы жұмыс орындарын құратын 

жұмыс берушілерді субсидиялау шарттары 

 

3.  Жұмыс  берушілерге  субсидиялар  арнайы  жұмыс  орындарын 



жарақтандыру үшін құрал-жабдықты сатып алуға, монтаждауға және орнатуға 

кеткен шығындарды өтеу мақсатында беріледі. 

Жұмыс  берушілерге  субсидиялар  уақытша  жұмыс  орындарын 

жарақтандыруға берілмейді. 

4.  Жұмыс  берушілердің  арнайы  жұмыс  орындарын  құрумен,  арнайы 

жұмыс 


орнын 

технологиялық 

құрал-жабдықпен, 

еңбек 


құралымен 

жарақтандырумен 

байланысты 

шығындарын 

субсидиялауды 

халықты 


жұмыспен қамту орталықтары бекітілген қаржыландыру жоспарларына сәйкес 

және  осы  мақсаттарға  аудандардың  (облыстық,  республикалық  маңызы  бар 

қалалардың  және  астананың)  бюджеттерімен  көзделген  сомалар  шегінде  іске 

асырады. 

5.  Жұмыс  берушілерге  субсидиялар  олар  мынадай  шарттарды  сақтаған 

кезде ұсынылады: 

1) 

құрылып  жатқан  арнайы  жұмыс  орындарының  Қазақстан 



Республикасы  Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму  министрінің              

2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығымен  (Қазақстан Республикасының 

Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13913 болып 

тіркелді)  бекітілген  Мүгедектің  жұмыс  орны  стандарттарына,  сондай-ақ 

«Қазақстан  стандарттау  және  сертификаттау  институты»  республикалық 

мемлекеттік кәсіпорны әзірлейтін ұлттық стандарттарға сәйкес келу

2)  мүгедектерді  жұмысқа  орналастыру  және  олардың  жұмыспен 

қамтылуын тұрақты жұмыс орнын құрған сәттен бастап кемінде күнтізбелік он 

екі ай мерзімге сақтау; 



3)  есептелген  салықтар,  алымдар  және  бюджетке  басқа  да  міндетті 

төлемдер бойынша берешектің болмауы; 

4) жұмыс берушіде жалақы бойынша берешектің болмауы; 

5)  жұмыс  берушінің  құрылған  арнайы  жұмыс  орындарында  атқарып 

отырған лауазымына сәйкес мөлшерде жалақы төлеуін қамтамасыз етуі. 

6.  Арнайы  жұмыс  орындарын  қаржыландыруды  халықты  жұмыспен 

қамту  орталығы  республикалық  бюджет  есебінен  арнайы  жұмыс  орындарын 

құратын  жұмыс  берушілердің  шығындарын  өтеуге  субсидия  беру  арқылы 

жүзеге асырады. 

2018 жылы жұмыс берушілерге субсидия есту қабілеті және тірек-қимыл 

аппараты  бұзылған  мүгедектер  үшін  арнайы  жұмыс  орындарын  құру  үшін 

беріледі. 

2019  жылы  жұмыс  берушілерге  субсидия  көру  қабілеті  бұзылған 

мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын құру үшін беріледі. 

7.  Арнайы  жұмыс  орындарын  құрумен,  арнайы  жұмыс  орнын 

жарақтандырумен байланысты субсидияларды төлеу халықты жұмыспен қамту 

орталығы  мен  жұмыс  беруші  арасында  осы  Қағидаларға  1-қосымшаға  сәйкес 

нысан  бойынша  жасалған  шарт  негізінде  жұмыс  берушінің  есеп  айырысу 

шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. 

8. Еңбек шарты: 

1)  Қазақстан  Республикасының  2015  жылғы  23  қарашадағы  Еңбек 

кодексінің  52-бабы  1-тармағында  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  мүгедек 

болып  табылатын  жұмыскермен  жұмыс  берушінің  бастамасы  бойынша 

бұзылған  жағдайда  жұмыс  беруші  мүгедек  үшін  арнайы  жұмыс  орнын  құруға 

шығындалған соманы бюджетке қайтарады; 

2) мүгедек болып табылатын жұмыскердің бастамасы бойынша бұзылған 

жағдайда жұмыс беруші денсаулық жағдайы құрылған арнайы жұмыс орнында 

жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мүгедек болып табылатын басқа жұмыскерді 

халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы қабылдайды. 

9. Халықты жұмыспен қамту орталығы: 

1)  жұмысқа  орналастырылған  мүгедектерде  міндетті  зейнетақы 

аударымдарының болуына мониторинг жүргізеді; 

2)  жұмыс  берушілердің  міндеттерін  орындауға  мониторингті  жүзеге 

асыру  үшін  қажетті  ақпаратты,  құжаттар  мен  материалдарды  жұмыс 

берушілерден сұратады. 

10. Жұмыс берушілерге төленген және мақсатсыз пайдаланылған, сондай-

ақ  осы  Қағидалардың  8-тармағының  1)  тармақшасына  сәйкес  субсидиялар 

халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  жергілікті  органнан 

субсидияны  қайтару  туралы  талапты  алған  күннен  бастап    күнтізбелік  20  күн 

ішінде бюджетке қайтаруға жатады. 

11.  Субсидиялар  көрсетілген  мерзімде  қайтарылмаған  жағдайда  жұмыс 

беруші  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  жауапкершілікте 

болады. 



 

 



3-тарау. Арнайы жұмыс орындарын құратын 

жұмыс берушілерді субсидиялау тәртібі 

 

12.  Субсидия  алу  үшін  жұмыс  беруші  халықты  жұмыспен  қамту 



орталығына  мүгедектер  үшін  жабдықталған  (жарақталған)  арнайы  жұмыс 

орындарының санын көрсете отырып, субсидия беру туралы өтінім ұсынады. 

Өтінімге: 

1)  заңды  тұлғаны  мемлекеттік  тіркеу  (қайта  тіркеу)  туралы  анықтама 

немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі; 

2)  арнайы  жұмыс  орындарын  жабдықтауға  арналған  шығыстар  сметасы 

қоса беріледі. 

13. Халықты жұмыспен қамту орталығы: 

1)  арнайы  жұмыс  орындарын  құру  және  қаржыландыру  мәселелері 

бойынша жұмыс берушілерге консультация береді; 

2)  құрылып  жатқан  арнайы  жұмыс  орындарына  жұмысқа  орналасу 

мәселелері бойынша мүгедектерге консультация береді; 

3)  мүгедектерге  олардың  келісімімен  осы  Қағидаларға  2-қосымшаға 

сәйкес нысан бойынша құрылатын арнайы жұмыс орнына жолдама береді; 

4)  қаржыландыру  лимиті  негізінде  жыл  сайын  1  қарашаға  дейін  осы 

Қағидаларға  3-қосымшаға  сәйкес  нысан  бойынша  арнайы  жұмыс  орындарын 

құратын  жұмыс  берушілерден  алдағы  қаржы  жылына  өтінімдер  жинауды 

жүзеге асырады; 

5)  өтінімді  қоса  берілген  құжаттармен  бірге  қабылдап,  өтінімді  тіркеген 

күннен  бастап  үш  жұмыс  күнінен  кешіктірмей  оны  белгіленген  нысанға 

сәйкестігін қарайды, ұсынылған құжаттардың жиынтықтылығын, өтінімде және 

құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығын тексереді және: 

өтінім  белгіленген  нысанға  сәйкес  келген,  ұсынылған  құжаттар  толық, 

өтінімде  және  құжаттарда  көрсетілген  мәліметтер  толық  болған  жағдайда  – 

үміткерге өтінімді қарауға қабылдау туралы хабарлама жібереді

өтінім белгіленген нысанға  сәйкес келмеген,  ұсынылған құжаттар  толық 

емес  болған  және  (немесе)  өтінімде  және  құжаттарда  көрсетілген  мәліметтер 

толық  болмаған  жағдайда  –  үміткерге  өтінімді  және  оған  қоса  берілген 

құжаттарды қайтарады; 

6) қарауға қабылданған өтінімдерді 5 жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге 

жинақтайды  және  ауданның,  облыстық,  республикалық  маңызы  бар 

қалалардың,  астананың  халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі 

жергілікті органына бекіту үшін жібереді. 

14.  Ауданның,  облыстық,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың, 

астананың  халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  жергілікті  органы 

арнайы  жұмыс  орындарын  құруға  өтінім  мақұлданған  ұйымдардың  тізбесін 




бекітеді,  онда  құрылатын  жұмыс  орындарының  саны  және  нақты  еңбек 

жағдайлары, еңбекақы мөлшері және оны қаржыландыру көздері көрсетіледі. 

15.  Жұмыс  берушілер  қатарындағы  үміткерге  субсидия  мөлшері 

мүгедектер  үшін  субсидия  беру  туралы  шарт  жасалғаннан  кейін  құрылатын 

жұмыс орындарының санына байланысты айқындалады. 

16.  Күнтізбелік  жыл  ішінде  жұмыс  берушілерден  субсидия  беру  туралы 

қосымша  өтінімдер  түскен  кезде  халықты  жұмыспен  қамту  орталығы 

қаржыландыру лимиттері негізінде арнайы жұмыс орындарын құруға қосымша 

өтінімдерді  ағымдағы  қаржылық  жылға  қабылдайды  және  олардың  осы 

Қағидалардың 13-тармағының 5) тармақшасына сәйкес келуін қарайды. 



Мүгедектерді жұмысқа 

орналастыру үшін арнайы 

жұмыс орындарын құратын 

жұмыс берушілердің 

шығындарын субсидиялау 

қағидалары мен шарттарына 

1-қосымша 

 

 

Нысан 



 

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 

арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс 

берушілердің шығындарын субсидиялауға 

арналған үлгiлiк шарт 

_________________________________                         _____________ 

                  (қала, облыс, аудан)                                                 (күнi) 

 

1. Осы шарт бұдан әрi «Тапсырыс берушi» деп аталатын ______________ 



____________________________________ Халықты жұмыспен қамту орталығы 

          (қала, облыс, аудан) 

атынан директор ____________________________________________________ 

                               (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) 

және бұдан әрi «Орындаушы» деп аталатын ______________________________ 

______________________________________________________________ атынан 

(жұмыс берушiнiң атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны) 

____________________________________________________________________  

(лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) 

бірлесіп  «Тараптар»  деп  аталатын  арасында  Қазақстан  Республикасы  Еңбек 

және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы _____ тамыздағы № 

_____ бұйрығымен бекiтiлген Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы 

жұмыс  орындарын  құратын  жұмыс  берушілердің  шығындарын  субсидиялау 

қағидалары мен шарттарына (бұдан әрi – Қағидалар) және ауданның (қаланың, 

облыстық,  республикалық  маңызы  бар  қаланың  және  астананың)  халықты 

жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  жергілікті  органының  20__  жылғы 

_________ № ___ шешіміне сәйкес төмендегі туралы жасалды: 

 

 



1. Шарттың мәнi 

 

2.  Мүгедектерді  жұмысқа  орналастыру  үшін  арнайы  жұмыс  орындарын 



(бұдан  әрі  –  арнайы  жұмыс  орындары)  құратын  жұмыс  берушілердің 

шығындарын субсидиялау Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. 




3. Шарттың сомасы _______________________ теңгені құрайды. 

(жазбаша) 

 

 



2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi 

 

4. Тараптар әр тараптан шарттың уақтылы және тиісті орындалуын талап 



етуге құқылы. 

5. Тапсырыс беруші: 

заңнамада  белгіленген  тәртіпте  және  Қағидаларда  көзделген  мерзімде 

арнайы  жұмыс  орындарын  құратын  жұмыс  берушілердің  шығындарын 

субсидиялауға; 

қаржыландыру  лимиттері  негізінде  арнайы  жұмыс  орындарын  құруға 

ағымдағы қаржылық жылға қосымша өтінімдер қабылдауға міндетті. 

6. Орындаушы: 

арнайы  жұмыс  орындарын  құруға  төленген  субсидияларды  мақсатты 

пайдалануға; 

құрылған арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған мүгедек 

болып  табылатын  адамдармен  Еңбек  кодексіне  сәйкес  еңбек  шарттарын 

жасасуға,  оларға  еңбек  шартында  айқындалған  түрлер,  мерзімдер  және 

талаптар бойынша жұмыс ұсынуға міндетті. 

 

 

4. Тараптардың жауапкершiлiгi 



 

7.  Тараптар  арнайы  жұмыс  орындарын  құратын  жұмыс  берушілердің 

шығындарын  субсидиялауға  арналған  бюджеттiк  қаражатты  мақсатқа  сай 

пайдаланбағаны  үшiн  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес 

жауапкершілікте болады. 

8.  Шартты  орындау  барысында  туындайтын  барлық  даулы  мәселелер 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі. 

9.  Шарт  тараптардың  бірінің  бастамасы  бойынша  бұзылуы  мүмкін,  бұл 

ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай бұрын ескертуге міндетті. 

10.  Осы  шартқа  өзгерістер  мен  толықтырулар  тараптардың  келісімі 

бойынша енгізіледі. 

 

 



5. Форс-мажорлық жағдайлар 

 

11.  Тараптар  осы  шартқа  қол  қойылғаннан  кейін  туындаған  өрт,  жер 



сілкінісі, су тасқыны және стихиялық құбылыстар, әскери іс-қимылдар сияқты 

төтенше  жағдайларда  немесе  күшпен  еңсеруге  келмейтін  жағдайларда  (форс-




10 

мажор)  міндеттемелерін  толық  немесе  ішінара  орындамағаны  үшін 

жауапкершіліктен босатылады. 

12.  Форс-мажорлық  жағдайлар  туындаған  кезде,  осы  шартқа  сәйкес 

қандай  да  болмасын  міндеттемесінің  орындалуы  осындай  жағдайдың 

туындауына  орай  мүмкін  болмай  қалған  Тарап,  форс-мажорлық  жағдай 

туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы 

басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы шарт бойынша өз міндеттемелерінің 

орындалмау мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді. 

13.  Хабардар  етпеу  немесе  уақтылы  хабарламау  Тараптарды  мұндай 

хабардар  етпеу  немесе  уақтылы  хабарламау  тиісті  форс-мажорлық 

жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы шарт бойынша 

міндеттемелердің  орындалмауы  үшін  жауапкершіліктен  босатушы  негіздеме 

ретінде кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-

мажорлық  жағдайлардың  басталуы  немесе  тоқтауы  туралы  хабарлама  форс-

мажорлық  жағдайлар  жалпыға  белгілі  және  көпшілік  сипатта  болған  әрі 

дәлелдеуді  қажет  етпейтін  жағдайларды  қоспағанда,  құжатпен  не  мұндай 

жағдайдарды  растайтын  тиісті  органның  және/немесе  мекеменің  шешімімен 

расталуға тиіс. 

14.  Осы  шарт  бойынша  міндеттемелердің  орындалу  мерзімі  форс-

мажорлық  жағдайлар  орын  алған  уақытқа,  сондай-ақ  осы  жағдайлардан 

туындаған  салдар  уақыт  кезеңіне  қарай  кейінге  шегеріледі.  Егер  форс-

мажорлық  жағдайлардың  туындауына  байланысты  осы  шарт  бойынша 

міндеттемелердің  толық  немесе  ішінара  орындалмауы  _____  (кезеңі 

көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы шартты бұзуға құқылы. 

 

 



6. Шарттың қолданылу мерзiмi 

 

15. Шарттың қолданылу мерзiмi________________________________. 



16. Осы шарт екі тарап қол қойған күнінен бастап күшiне енедi. 

17.  Шарт  әрқайсысының  заңды  күші  бар  екi  данада  екi  тарап  үшiн 

жасалған. 

 

 



7. Тараптардың заңды мекенжайлары: 

 

Тапсырыс берушi 

_______________ ауданының 

(қаласының) Халықты жұмыспен қамту 

орталығы 

заңды мекенжайы: 

____________________________ 

ЖСК_________________________ 



Орындаушы 

заңды мекенжайы: 

____________________________ 

ЖСК_________________________ 

БСК ________________________ 

БСН (ЖСН) __________________ 

Коды _______________________ 



11 

БСК ________________________ 

БСН (ЖСН) __________________ 

Коды _______________________ 

___________________ ________ 

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)      (қолы)

 

 

М.О. 



 

__________________ _________ 

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)          (қолы)

 

 



М.О. (бар болса) 

 



12 

Мүгедектерді жұмысқа 

орналастыру үшін арнайы 

жұмыс орындарын құратын 

жұмыс берушілердің 

шығындарын субсидиялау 

қағидалары мен шарттарына 

2-қосымша 

 

 

Нысан 



 

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру 

үшін құрылатын арнайы жұмыс орындарына 

№ ______ жолдама 

 

_______________________________________________________________ 



(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН) 

______________ бастап __________________________ дейін ______ ай мерзімге 

____________________________________________________________________ 

(жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны) 

____________________________________________________________________ 

(кәсіп/мамандық атауы) 

мамандығы  (кәсібі)  бойынша  мүгедектерді  жұмысқа  орналастыру  үшін 

құрылатын арнайы жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жіберіледі. 

____________________________             _____________________________ 

Халықты жұмыспен қамту    

 

қолдың таратылып жазылуы 



орталығының директоры 

 

Берілген күні 



М.О. 

----------------------------------------------------------------------------------------------- 

(кесу сызығы) 

Жұмысқа  орналасу  үшін  жіберілген  күннен  бастап  бес  жұмыс  күні 

ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады 

 

№ ______ жолдамаға хабарлама 

_______________________________________________________________ 

_______________________________________________________________ 

(жұмыс берушінің атауы) 

 

20__  жылғы  __  __________  №  ______  жасалған  еңбек  шартына  (20__ 



жылғы  __________________  №  __________  бұйрық)  сәйкес  мүгедектерді 


13 

жұмысқа  орналастыру  үшін  құрылатын  арнайы  жұмыс  орнына  20__  жылғы 

_______________  ____________________________________________________  

(кәсіп/мамандық атауы) 

ретінде қабылданды. 

Жұмысқа  орналасу  мерзімі:  ______  ай  20___  жылғы  «___»  ___________ 

бастап 20___ жылғы «___» ___________ дейін 

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі. 

Жұмыс берушінің жауапты өкілі 

_______________________________       _____________________________ 



Т.А.Ә., лауазымы  

 

 

 

 

қолы 

М.О. (бар болса) 




14 

Мүгедектерді жұмысқа 

орналастыру үшін арнайы 

жұмыс орындарын құратын 

жұмыс берушілердің 

шығындарын субсидиялау 

қағидалары мен шарттарына 

3-қосымша 

 

 

Нысан 



 

_______________ ауданының 

(қаласының) Халықты жұмыспен 

қамту орталығына 

___________________________ 

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) 

 

Өтінім 

_______________________________________________________________ 

(жұмыс берушiнiң

 

толық атауы, мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс жасайтын адамдар және телефондары) 



мүгедектерді  жұмысқа  орналастыру  үшін  арнайы  жұмыс  орындары 

ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесіне қосуды сұрайды. 

Мәселе  оң  шешiлген  жағдайда  мүгедектер  қатарындағы  азаматтарға 

тiзбеге сәйкес мынадай арнайы жұмыс орындары ұсынылатын болады: 

 

Р/с 


№ 

Жұмысқа кім 

ретінде 

қабылдау 

жоспарланып 

отыр 


Жоспарланған 

жұмыс 


орындарының  

саны 


Жұмыстардың 

жоспарлы 

ұзақтығы (ай) 

Айлық 


жалақының 

мөлшерi, 

теңге 

Субсидияның 



жоспарлы 

мөлшерi, теңге 

 

Қосымша: 



1. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың 

немесе куәліктің көшірмесі. 

2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін құрылатын арнайы жұмыс 

орындарын жабдықтауға арналған шығындар сметасы. 

 

Басшы 

 

 

 

 

 

 

_____________ _________ 

        қолы          күні 

 

       М.О. (бар болса) 



жүктеу 228,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау