Сабақты талдау түрлері - І.Толық талдау
- ІІ. Сабақ кезеңі бойынша талдау
- ІІІ. Қысқаша талдау
- ІҮ. Дидактикалық талдау
- Ү. Психологиялық талдау
- ҮІ. Сабаққа жан-жақты талдау
І.Толық талдау - сабақтың 3 мақсаты;
- сабақ бойы орындалуға арналған материалдың көлемі және оқушылардың орындай алу мүмкіндігі;
- жаңа материалмен танысуға, талдауға, бекітуге, алынған нәтижені анықтауға қанша уақыт берілді;
- оқушының өздігінен ойлау әрекеті, сабақ барысында өзара білімін тексеру деңгейі қаншалықты қалай ұйымдастырылған;
- Оқулықпен жұмыс оқушының білімді меңгеру, бекітуіне қаншалықты әсер етті;
- барлық оқушымен кері қарым- қатынас деңгейі қаншалықты;
- мұғалімнің оқушымен жұмыс жүйесі қандай және ол дәл осы сабақта қажетті деңгейге жетуге ықпал ете алды ма;
- сабақты түрлендіру: лекция, семинар, конференция, диспут, сайыс, т.б. блокпен беру, тірек схемаларын қолданудың тиімділігі қаншалықты;
- Қандай әдіс – тәсілдер қолданылды және олардың қажеттілігі;
- Пәнаралық байланыс іске асты ма;
- барлық оқушының үй тапсырмасын орындауын тексеру шығармашылық-пен іске асты ма; жаңа үй тапсырмасы көлемі өзге пәндерді есепке ала отырып берілді ме;
ІІ. Сабақ кезеңі бойынша талдау - Сабақтың негізгі кезеңдерін және оқушылармен атқарылған жұмысты анықтау;
- Негізгі кезеңдердің ретін анықтау және дәл осы ретпен орнаастыру тиімділігін көрсету.
- Сабақ кезеңі бойынша уақыт факторы, орны;
- Сабақтың алғашқы кезеңінен соңғысына дейін оқушының оқу іс - әрекеті қалай дамыды;
- Сабақтың жеке құрылымдық бөліктерінің өзара байланысы қандай;
- Білімді меңгертуде сабақтың жеке құрылымдық бөліктерінің нәтижелілігінің мәні қаншалықты;
ІІІ. Қысқаша талдау - Сабаққа 3 мақсаттың қойылуы;
- Қандай әдіс –тәсілдер арқылы мақсатқа жетті;/талдау/
- Мұғалімнің мақсатқа жеткендігін дәлелдейтін мысалдар;
- Сабақтастықтықтың іске асуы;
- Оқушылардың оқулық, басқа да әдебиетпен жұмысы,
- Әр оқушының жеке жұмысы;
- Оқушының білім, икем, дағдысы қалай бағаланды және соңғы нәтижеге жетуіне көмегі қаншалықты;
ІҮ. Дидактикалық талдау - Мұғалім және сынып туралы жалпы мағлұмат;
- 2. Сабақ тақырыбы, оның осы тарауға арналған сабақ жүйесіндегі орны;
- 3. Сабақ мақсаты, міндеті ;
- 4. Қойылған мақсатқа байланысты мазмұнды тиімді толтыру;
- 5. Мақсат пен мазмұнның сәйкестілігі;
- 6. Сабақ типі, сабақ кезеңін таңдау тиімділігі, яғни мазмұн мен әдіске сәйкестігі;
- 7. Оқушы мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекеті;
- 8. Үй тапсырмасының көлемі мен орындай алу мүмкіндігі;
- 9. 3 мақсаттың орындалуы;
Ү. Психологиялық талдау - а/ стиль Дамыта оқытуға байланысты : есте сақтауға бағытталған ауыртпалықтың ойлау әрекетімен сәйкестілігі; қайтадан айтып беру немесе шығармашылық әрекеттердің көлемін анықтау; білімді дайын күйде алу және өздігінен іздендіруді жоспарлау; өзара сын, оқушыны қызықтыру мен қысым көрсету;
- Сабаққа деген мұғалімнің дайындығы, педагогикалық тапқырлық, такт; психологиялық климат;
- ә/ оқушылардың танымдық белсенділігін ұйымдастыру- ойландыру, елестету, зейінді қарату, есте сақтау қабілетін белсенділендіру;
- жинақтау, жаңалық ашу, жаңа ой тудыру, ойды қорытындылау, шығармашылық тапсырмаларды орындату;
- б/ оқушыларды ұйымдастыру – оқушының оқуға деген көзқарасы, ақыл – ойының даму деңгейі; оқыту деңгейіне байланысты мүмкін топтарға бөлу; жеке, жұп, топтық жұмыс түрлері;
- в/ оқушылардың жас ерекшелігін ескеру- сабақты оқушының жеке және жас ерекшелігіне байланысты жоспарлау; әлді және әлсіз оқушының деңгейін есепке алып /диференцирование/ жұмыс жасау;
ҮІ. Сабаққа жан-жақты талдау - 1. Мақсатына байланысты
- 2. Мазмұнына байланысты
- 3. Әдістемелік жағы
- 4. Оқушы мен мұғалім
- 5. Ұйымдастырушылық жағы.
- 6. Сабақ нәтижелілігі
Достарыңызбен бөлісу: |