Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері болып табылады



жүктеу 1,4 Mb.
бет1/4
Дата30.01.2018
өлшемі1,4 Mb.
#8187
  1   2   3   4

Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері болып табылады:

A. Оқушыларға сүйіспеншілік, педагогикалық процесті жүйелі жүргізу, педагогикалық құбылыстарға талдау жасай білу, педагогикалық ойлаудың қалыптасуы, қарым-қатынас жасай алуы, ұжымшылдық, шығармашылық.

B. Оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру білігі, ынтымақтастық қарым-қатынасы.

C. Мұғалімнің зерде мәдениеті, шығармашылық іс-әрекеті.

D. Оқушымен ынтымақтастық қарым-қатынасы, жеке жұмысы.

E. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәнінің болуы, адамгершілік сапасы.
Қазіргі жаңашыл педагогтардың негізгі идеясы:

A. Баланы мәжбүр етпей оқыту, өзін-өзі қадірлеу, мақсаттылық, өзін іс жүзінде көрсете білу.

B. Оқушылармен авторитарлық қарым-қатынас жасау.

C Қатал тәртіп, жоғары талап.

D. Білімді қатаң есептеу, сабаққа ерікті қатыстыру.

E. Білімді өз бетімен меңгерту.


Педагогикалық функция – бұл:

A. Оқыту процесін жүргізу, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру.

B. Оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру.

C. Басқару, оқыту, зерттеу, болжау.

D. Қазіргі дүниедегі білім проблемасын зерттеу.

E. Адам психологиясын зерттеу.


Педагогикалық іс-әрекет анықталады:

A. Теориялық зерттеумен.

B. Мұғалімдердің бір-бірінің сабақтарына өзара қатысуымен.

C. Әртүрлі қоғамдық пайдалы қызметпен.

D. Өзара қарым-қатынасымен

E. Оқу-тәрбиелік жұмыстармен.

Педагогтың жоспарлау жолындағы міндеті:

A. Тәрбие процесін жоспарлауда әрекет бағытын анықтау.

B. Тәрбие істерінің ұжымдық сипатын айқындау.

C. Графикалық жоспар жасау әдістемесін анықтау.

D. Мұғалімнің жұмысындағы өзіндік стилін анықтау.

E. Ұжымның тәрбиелілігін талдау.


Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі педагогтың міндеті:

A. Әрбір бағыттағы адам үшін нақты міндеттерді анықтау.

B. Алдағы жұмысқа қажеттінің барлығын әзірлеу.

C. Жауапкершілікті сезіну, бөлу.

D. Мақсатқа ұмтылу, жауапкершілік, икемділік, орындаушылық.

E. Тұлғаны тәрбиелеуде икемділік.


Әлеуметтік орта – бұл:

A. Адамның қоғамдық, материалдық, рухани тіршілік ету жағдайы, іс-әрекеті

B. Әр елде тұратын адамдар топтарының қатынасы.

C. Адамның өмір сүру әрекетінің жағдайы.

D. Адамның географиялық туған жері.

E. Адам өмірінің материалдық-тұрмыстық жағдайы.


Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторлар:

A. Тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие, субьектінің белсенді іс-әрекеті мен қарым-қатынасы, ішкі күштер.

B. Психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік.

C.Мақсат, міндеттер, мазмұн, құралдар, формалар, әдістер, тапсырмалар, нәтиже.

D. Оқу, оқудан тыс.

E. Тәжірибелік, теориялық, әдістемелік.

«Индивид» ұғымы білдіреді:

A. Ешқандай қасиеттері ескерілмейтін адамзат тұқымының жеке бір өкілін.

B. Адам дамуының жекелік сипатын.

C.Адам дамуының әлеуметтік сипатын.

D. Қоғамнан бөлектенген адамды.

E. Жеке этникалық топтың өкілін.


Тұлғаны әлеуметтендіру:

A. Адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне ықпалдастыру.

B. Тұлғаның материалдық қызығушылығын дамыту.

C. Ғылым мен практика интеграциясы.

D. Тәрбие процесін жекелендіру.

E. Тұлғаның кәсіби бағдары.


Тұлғаны әлеуметтендіру факторлары 4 топқа бөлінеді:

A. Мегафакторлар, макрофакторлар, мезофакторлар, микрофакторлар.

B. Білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, түзетушілік.

C. Жекелік, топтық, ұжымдық, қоғамдық.

D. Балалық, жасөспірімдік, жастық, студенттік.

E. Отбасы ішілік, балабақшалық, мектептік, жоғары оқу орны ішілік.


«Даралық» ұғымы сипаттайды:

A. Адамның басқа адамнан, тұлғаның басқа тұлғадан ажыратылуын, қайталанбастығын, ұқсамастығын, ерекшелігін.

B. Адамзаттың жеке өкілін.

C. Ұжымның әрбір мүшесі үшін жалпы мінез-құлық ережелерін.

D. Адамның теориялық білімін.

E. Адамның интеллектуалдық мүмкіндіктерін.


Адамды әлеуметтендіру факторлары:

A. Мегафакторлар, макрофакторлар, мезофакторлар, микрофакторлар.

B.Географиялық, тарихи, әлеуметтік.

C. Психологиялық, гуманитарлық, жаратылыстық, табиғи.

D. Оқыту, тәрбиелеу, білім беру.

E. Мақсат, міндеттер, мазмұн, құралдар.


Әлеуметтендірудің мезофакторлары (А.В.Мудрик бойынша) :

A. Этномәдени жағдайлар, аймақтық жағдайлар, орналасу типтері.

B. Космос, планета, әлем.

C. Отбасы, микросоциум, тәрбие институты.

D. Ел, қоғам, мемлекет.

E. Достар, құрдастар, оқушылар.


Тұлғаны әлеуметтендірудің микрофакторлары (А.В.Мудрик бойынша) :

A. Отбасы, достары, микросоциум, тұлғаны әлеуметтендіру институты.

B. Оқыту, тәрбиелеу, білім беру.

C. Этномәдени жағдайлар, аймақтық жағдайлар, орналасу типтері.

D.Космос, планета, әлем.

E. Интернет, оқулық, теледидар.


Тұлғаның дамуына тәрбиенің тиімді әсер ету жағдайлары:

A.Қоғамның талабын ескеру, тәрбиенің мазмұндылығы, дамудың ең жақын аймағына бағдарлану, тұлғаның белсенді ұстанымы, дамудың жалпы заңына сүйену, жеке және жас ерекшелігін ескеру.

B. Тәрбиенің мақсаттылығы мен алуан түрлілігі, ата-ананың өмірлік тәжірибесі.

C. Әлеуметтік ортаның талабын ескеру, мұғалімнің ұстанымы.

D. Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері, мектептегі тәрбиелік іс-шаралар.

E. Сыныптың психологиялық жағдайы, мектептің оқушы алдына қойған талабы.


Жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуін сипаттайтын сапалар:

A. Жауапкершілік, өздігінен дамуға ұмтылу, әлемге позитивті қатынас, толеранттылық.

B. Тұқымқуалаушылық, авторитарлық, жігерлілік.

C. Альтруизм, еңбексүйгіштік.

D. Қайсарлық, біліктілік, эгоистік.

E. Нәтижеге талпынушылық, тапқырлық.


Даму - бұл:

A. Адамның танымдық-шығармашылық іс-әрекетіндегі дүниетанымы, көзқарасы мен сенімінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі.

B. Сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен болатын өзгерістердің болуы.

C. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгерісі.

D. Тұлғаның әлеуметтік жүйеде қалыптасуы, жаңа қарым-қатынастың қалыптасуы.

E. Ұзақ жүретін қарама-қайшы процесс.


Қалыптасу – бұл:

A. Жеке тұлғаның дамуының нәтижесі.

B.Ұзақ жүретін қарама-қайшы процесс.

C. Қалыптасқан тарихи жағдайлар.

D. Социумда орын алуы.

E. Қоғамдық көзқарасының болуы.


Мемелекеттік құндылық, қоғамдық құндылық, тұлғалық құндылық – бұл құндылық сипаттамасы:

A. Білімнің.

B. Дамудың.

C. Қоғамның.

D. Отбасының.

E. Тәрбиенің.

Көпмәдени тұлға:

A. Түрлі мәдениеттер арасында ынтымақтастықта өмір сүруге бейімделген тұлға.

B. Білімі жоғары , құзіретті маман.

C. Мәдениетті ұстаз.

D. Өнерге, спортқа жақын адам.

E. Әдепті, тәрбиелі, өнерлі адам.

Білім беру мен мәдениеттің байланысы:

A. Мәдениет адамға білім берудің алғы шарты мен нәтижесі ретінде қатысады.

B.Ұлттық мәдени орталықтарды құру.

C. Білім берудің үздіксіздік сипаты.

D. Педагогикалық процестің екі жақты сипаты.

E. Мәдени ескерткіштерді сақтау және қалпына келтіру.


Этномәдени орта – бұл:

A. Халықтың этникалық санасын көрсететін мәдени құндылықтар.

B. Ұлттық салт-дәстүрді сақтау.

C.Мәдени ескерткіштерді сақтау және қалпына келтіру.

D. Басқа ұлттың дәстүрін қастерлеу.

E. «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру.


Мәдениет – бұл:

A.Адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибе процесінде құрастырған материалдық және моралдық құндылықтарының жиынтығы.

B. Адамның тәртібінің жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларына сәйкестігі.

C. Мұғалімнің дидактикалық принциптерді меңгеруі.

D. Қазіргі педагогикалық технологияларды меңгеруі.

E. Педагогикалық инновацияға қызығушылық білдіруі.


Белсенді өмір позициясын қалыптастыру.

A. Белгілі бір мінез-құлықты іштей өзінің қабылдауы.

B. Отбасының тұлғаның өмірлік ұстанымының қалыптасуына әсері.

C. Нақты өмірге сын көзбен қарау.

D. Нақты өмірге құштарлықпен қарау.

E. Өзгелердің белсенділігін қолдау.


Жеке және қоғамның мінез-құлықтық, терең рухани-адамгершілік, мәдени құндылықтар мен дүниетанымдық негіздері :

A.Менталитет.

B. Табиғаттың даму заңы.

C. Қоғамның даму заңы.

D. Тұлғаның ұстанымдары.

E. Тұлғаның даярлығы.


Жалпы адамзаттық құндылықтың қалыптасуы:

A. Патриотизм, интернационализм, борыш.

B. Өмірдегі тұлға еркіндігі.

C. Қоршаған адамдардың сезімдерін , ар-намысын менсінбеу.

D. Адам санасының нысаны, адам мәдениетінің бөлігі.

E. Белгілі мінез-құлықты іштей қабылдауы.


Қоғам мен тұлғаның өзара қатынасы:

A. Адамның құқықтары мен еркіндігін сақтау.

B. Тұлғаның сенімінің сипатын анықтайды.

C. Өздігінен басқару беделіне байланысты.

D. Жеке әлеуметтік тәжірибеге байланысты.

E. Тұлғаның жеке басына байланысты.


Адамды тұлға ретінде қалыптастыру үшін қоғамға қойылатын талаптар:

A.Рухани дамыған көпмәдени тұлғаны қалыптастыру.

B. Адамгершілігі жоғары тұлғаны қалыптастыру.

C. Өздігінен ойлауға тәрбиелеу.

D. Ойлау қабілетін дамыту.

E. Обьективті заңдылыққа негізделген тәрбие процесін ұйымдастыру.


Этномәдени білім беру – бұл:

A. Тұлғаны этномәдени ұқсастыру бағытын сақтауда ана тіліне, дүниежүзілік мәдени құндылықтарды меңгертуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу жүйесі.

B. Этнос пен мәдениеттің өзара байланысын және оның жаңаруын танытатын қалып.

C. Адамның ұлттық мінезі мен санасының қалыптасуын зерттеу.

D. Құндылықтарды танытып, оны өзгелерден ажырататын қарым-қатынас құралы.

E. Мұғалімнің этнопедагогикалық білімді қолдану ерекшелігі.


Этнопедагогикалық білім – бұл:

A. Ұлттың әлеуметтік, мәдени тәжірибелерін танытатын ақпарат жиынтығы.

B. Құндылықтарды танытып, оны өзгелерден ажырататын қарым-қатынас құралы.

C. Мұғалімнің этнопедагогикалық білімді қолдану ерекшелігі.

D. Адамның ұлттық мінезі мен санасының қалыптасуын зерттеу.

E. Этнос пен мәдениеттің өзара байланысын және оның жаңаруын танытатын қалып.


Педагогикалық мамандықты таңдау байланысты:

A. Адамның қызығушылығы мен қабілеттілігіне.

B. Адамның еңбексүйгіштігіне.

C. Адамның шыдамдылығына.

D.Адамның денсаулығына.

E. Қоршаған адамдардың көзқарастарына


Мұғалімнің профессиограммасына жатпайды:

A. Балалармен қатынастағы авторитарлық.

B. Кәсіптік сапа.

C. Пән бойынша арнайы білімі, білігі, дағдысы.

D.Жалпы азаматтық сапа.

E. Адамилық, әділдік, балаларға сүйіспеншілік.


Е.А.Климовтың жіктемесі бойынша педагогикалық мамандық жататын жүйе:

A. «Адам-адам».

B. «Адам-табиғат»

C. «Адам-белгілер жүйесі».

D. «Адам-көркем бейне».

E. «Адам-техника».


Педагогикалық білім:

A. Педагогикалық категорияларды, оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру заңдылықтарын, әдістерін, қағидаларын білуі.

B.Пәнін оқыту саласындағы терең білімі.

C. Философиялық, психологиялық, әлеуметтік білімі.

D. Педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихи бойынша білімі.

E. Оқушылардың жас ерекшеліктерін білуі.


Мұғалімнің профессиограммасы – бұл:

A. Мұғалім тұлғасына қойылатын кәсіби талаптардың жиынтығы.

B. Мұғалімнің сауаттылығы, білімділігі, зиялылығы.

C. Мамандықтар тізімі.

D. Мұғалімнің ғылыми дәрежесі.

E. Мұғалімнің ғылыми-зерттеушілік мәдениеті.


Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі айрықша ерекшеліктері:

A. Саяси, қоғамдық, әлеуметтік сипаты.

B. Тарихи, философиялық сипаты.

C. Ұжымдық, гуманистік, шығармашылық сипаты.

D. Психологиялық, физиологиялық сипаты.

E. Бақылаушылық, басқарушылық, бағалаушылық сипаты.

Іс-әрекеттің құрылымы компоненттердің бірізділігі түрінде қарастырылады:

A. Мақсат, мотив, әрекет немесе іс-қимыл, құрал, нәтиже, бағалау.

B. Іс-әрекетке қызығушылық, ынта-ықылас, арман, мұрат, мақсат.

C. Еңбек, шеберлік, өнер.

D. Білім, білік, дағды.

E. Іскерлік, қабілеттілік.


Педагогикалық іс-әрекет нәтижесінің маңызды көрсеткіштері:

A. Білімді, тәрбиелі, дамыған тұлға.

B. Жақсы денсаулық.

C.Оқушының өте жақсы бағасы.

D. Білім беру саласындағы нормативті заңдар туралы білім.

E. Тәртіптілік.


Педагогикалық іс-әрекеттің конструктивті компонентін құрайтын біліктер тобы:

A. Іс-әрекет түрлерін жоспарлау, жобалау, оқу материалын таңдау және жүйелеу.

B. Авторитарлық қатынасты қалыптастыру, жоспарлау.

C. Мұғалімнің оқу-танымдық біліктілігі.

D. Мұғалімнің зерттеушілік біліктілігі.

E. Ұжымды қалыптастыру, либералдық қарым-қатынасты қалыптастыру.


Педагогикалық іс-әрекеттің коммуникативтік компонентін құрайтын біліктер тобы:

A. Оқу-танымдық біліктілігі.

B. Ғылыми-зерттеушілік біліктілігі.

C. Оқу материалын таңдап алу біліктілігі, жоспарлау біліктілігі.

D.+ Оқушылармен, ата-аналармен, әріптестермен педагогикалық мақсатқа сай қатынастарды қалыптастыру біліктілігі.

E. Жобалау іскерлігі, диагностикалау біліктілігі.


Педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушылық компонентін құрайтын біліктер тобы:

A.Оқушыны түрлі іс-әрекетке қатыстыруға, ұжымды қалыптастыруға, біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағыттау біліктілігі.

B. Оқу-танымдық, ғылыми-зерттеушілік біліктер.

C. Авторитарлық, либералдық, демократиялық қатынас стилін қалыптастыру біліктері.

D. Диагностикалау, жоспарлау, жобалау біліктері.

E. Оқу материалын саралау және жүйелеу біліктері.


Педагогикалық іс-әрекеттің гуманистік бағыттылығының мәні:

A.Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін, шығармашылық даралығын дамыту.

B. Оқушыларды мұғалімнің қатал талаптарына бағындыру.

C. Оқушыларға іс-әрекеттің обьектісі ретінде қарау.

D. Оқушылармен либералдық қатынас стилі.

E. Мұғалімнің пессимистік көзқарастары.


Педагогикалық іс-әрекеттің ұжымдық сипатының мәні:

A. Оқушылармен, ата-аналармен, педагогикалық ұжыммен тұрақты ынтымақтастық қарым-қатынаста болу.

B. Жоспарлау, диагностикалау, жобалау.

C.Әріптестермен субьект-субьектілі қарым-қатынасты қалыптастыру.

D. Мұғалімнің оқу-танымдық және зерттеушілік іс-әрекеті.

E. Педагогикалық іскеліктерді үнемі жетілдіру.


Педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық мәні:

A. Оқу-тәрбие жұмысының жаңа тиімді формаларын іздестіру және жетістікке жетудегі белсенді процесс.

B. Оқытудың дәстүрлі формаларын меңгеруі.

C. Білім беру философиясы мен тарихын білу.

D. Оқушылардың жас және жеке ерекшеліктері жөнінде білу.

E. Мұғалімнің педагогикалық этикасы және такт.


Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымын зерттеген:

A. Н.В.Кузьмина, А.И. Щербаков.

B. И.Я.Лернер, В.С.Леднев.

C. Ж.Локк, И.Г.Песталоцци.

D. М.Жұмабаев, Ы.Алтынсарин.

E. Р.Г.Лемберг, Н.Д.Хмель.


Педагогикалық іс-әрекеттің субьектісі:

A. Мұғалім тұлғасы.

B. Оқушылар ұжымы.

C. Мектеп әкімшілігі.

D.Педагогикалық ұжым.

E. Ата-аналар комитеті.


Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі:

A. Тұлғаның білімділігі, тәрбиелілігі, жан-жақты дамуы.

B. Мұғалімнің теориялық білімінің деңгейі.

C. Авторитарлық қарым-қатынас стилінің қалыптасуы.

D. Демократиялық қарым-қатынас стилінің қалыптасуы.

E. Оқушылардың оқу үлгерімінің көрсеткіштері.


Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті жүзеге асырылады:

A.Оқушының білімді теориялық меңгеруі және оны қолдану білігі мен дағдысын, шығармашылық іс-әрекет тәсілін қалыптастырумен, дүниетанымдық және адамгершілік-эстетикалық идеяларды саналы түсінуімен.

B. Оқушының алған білімін қоғамдық практикада қолдану іскерлігімен.

C. Практикалық іс-әрекет компонентеріне дағдылануымен.

D. Оқушының оқу-танымдық белсенділігімен.

E. Тәрбиенің әдіс-тәсілдері мен түрлері арқылы.


Педагогикалық іс-әрекет компонентіне жатпайды:

A. Ізденіс.

B. Конструктивтік.

C.Коммуникативтік.

D. Ұйымдастырушылық,

E. Диагностикалық.


«Субьектілік» ұғымы сипаттайды:

A.Тұлғаның іс-әрекетке белсенді, саналы және өз бетімен қатысуын.

B. Еңбексүйгіш адамды.

C. Әдіскерді.

D. Адамның мінез-құлықтың жалпы қабылданған нормалары мен ережелеріне бейімделуін.

E. Тұлғаның ынталы еместігін, пессмистілігін.


Мұғалімнің педагогикалық қабілеті – бұл:

A. Педагогтың кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға бағытталған тұлғалық сапаларының кешені.

B. Кәсіпкерлігі.

C. Эмпирикалық тәжірибесі.

D. Педагогикалық пәндерді білуі.

E. Мұғалімнің тұлғалық дамуы.


Педагогикалық іс-әрекеттің мәні:

A. Әлеуметтік тәжірибені беру, бала тұлғасын дамыту және өмірге дайындау.

B. Оқушыларға білім беру.

C.Балалар мен оқушылар ұжымы іс-әрекетін басқару.

D. Әлеуметтік тапсырысты орындау.

E. Үздіксіз оқу-танымдық іс-әрекет.


Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің айрықша ерекшеліктері:

A. Негізгі ақпарат көзі, оқушылардың танымдық іс-әрекетіне басшылық.

B. Ата-аналармен байланыс.

C. Үнемі өзін-өзі жетілдіру.

D. Өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту.

E. Тексерушілік, бақылаушылық іс-әрекет.


Педагогтың әлеуметтік-кәсіби ұстанымы – бұл:

A. Педагогтың әлемге және оның белсенділігінің көзі болып табылатын педагогикалық іс-әрекет пен ақиқатқа интеллектуальдық, ерік-жігерлік, эмоционалды-бағалаушылық қатынасының жүйесі.

B. Мұғалімнің көп оқығандығы, ой өрісінің кеңдігі, ғылыми ақпараттың үлкен көлемін есте сақтау біліктілігі.

C. Балалар ұжымымен авторитарлық қарым-қатынасы.

D.Мұғалімнің білім, білік, дағды деңгейі.

E. Балалар ұжымымен либералистік қарым-қатынасы.


Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлығы - бұл:

A. Мұғалімнің негізделген кәсіби талаптардың жиынтығына сәйкестігі.

B. Педагогика ғылымының негізгі даму тенденциясын білуі.

C. Психология-педагогика пәндерін білуі.

D. Мектеп әкімшілігінің талаптарын орындауға дайындығы.

E. Проблемалы жағдаяттарда шешім қабылдауға дайындығы.


Жаңа формация мүғалімін дайындаудың негізгі ережелері көрсетілген құжат:

A. ҚР үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы, ҚР жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы.

B. ҚР-да этномәдени білім беру тұжырымдамасы.

C. Балалар құқығы декларациясы, БҰҰ балалар құқығы жөніндегі Конвенциясы.

D. ҚР «Ата Заңы».

E. ҚР «Білім туралы» Заңы.


Педагог – бұл:

A.Білім беру мекемелерінде тәрбиелеу мен оқыту саласында тәжірибелік жұмысты жүргізетін адам.

B. «Адам – техника» жүйесінде қызмет ететін адам.

C. Бақылаушылық, тексерушілік қызметтер атқаратын адам.

D. Ақпараттар беруші адам.

E. Қоғамдық қайраткер.


Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері:

A. Оқушыларға сүйіспеншілік, педагогикалық процесті жүйелі жүргізу, бақылағыштық, қарым-қатынас жасай алу, ұжымшылдық, шығармашылық.

B. Мұғалімнің бақылаушылық, басқарушылық қызметтері.

C.Мұғалімнің бағалаушылық-тексерушілік қызметтері.

D. Өзі оқытатын пән саласындағы терең білімдері.

E. Мұғалімнің авторитарлық қарым-қатынас стилі.


Мұғалім іс-әрекетінің обьектісі:

A. Тұтас педагогикалық процесс.

B. Оқушылар ұжымы.

C. Сабақ.

D. Оқушылардың білімі, білігі, дағдысы.

E. Педагогикалық ұжым.


Педагогикалық іс-әрекеттегі педагогтың субьектілігі көрінеді:

A. Педагогтың әлеуметтік-кәсіби ұстанымы арқылы.

B. Ғылыми-ізденушілік процесс арқылы.

C. Мұғалімнің қоршаған ортаға қарым-қатынасы арқылы.

D. Қарым-қатынастың вербальды емес құралы арқылы.

E. Мұғалімнің теориялық білімі арқылы.


Мұғалім тұлғасының ізгілік сапалары:

A. Адамшылдық, оқушы тұлғасына кешірімділікпен қарау.

B. Сыртқы түрі.

C. Ұстамдылық.

D. Оқушының темпераменттер типін білуі.

E. Әртістік.


Педагогтың кәсіби мәдениетіне жатады:

A. Коммуникативті қабілеттілігі.

B. Қарым-қатынастағы либералдығы.

C. Қарым-қатынастың авторитарлық стилі.

D. Қарым-қатынастағы сенімсіздігі.

E. Орындаушылығы.


Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін зерттеумен айналысқан:

A. А.С.Макаренко.

B. Н.Д.Хмель.

C. Р.Г.Лемберг.

D. И.П.Пидкасистый.

E. М.Жұмабаев.


Педагогикалық техника – бұл:

A. Педагогқа қажетті білім, шеберлік жиынтығы.

B. Жоғары кәсіби білік.

C. Кәсіптік технология.

D. Мұғалімнің педагогикалық техникасының жоғары деңгейі.

E. Педагог шеберлігінің құрамды бөлігі.


Педагогикалық шығармашылық:

A. Педагогтың жеке тұлғалық, психикалық, интеллектуальдық күштері мен қабілеттіліктерін іс жүзінде көрсететін процесс.

B. Алдыңғы қатарлы жаңашыл-педагогтардың іс-тәжірибесін зерттеу және оны мектеп тәжірибесіне ендіру.

C. Педагогикалық әдебиеттерді көп оқығандығы.

D. Нормативті педагогикалық құжаттардың мазмұнын білуі.

E. Педагогтың пәндік білімі.


Шығармашылық:

A. Нәтижесі жаңа материалдық немесе рухани құндылықтарды құру болып табылатын іс-әрекет.

B. Дайын білімді меңгеру.

C. Репродуктивті іс-әрекет.

D. Оқытылған материалды нақтылап өндеу және зерттеу.

E. Педагогикалық мәдениеттің жоғары деңгейі.


Педагогикалық шеберлікті зерттеумен шұғылданған:

A. А.С.Макаренко.

B. М.Жұмабаев.

C. Р.Г.Лемберг.

D. П.И.Пидкасистый.

E. Я.А.Коменский.


Вербальсыз қарым-қатынастың құралдарына жатады:

A. Ым, мимика, визуальды контакт, такесика.

B. Мұғалімнің сөз мен сөйлеуі.

C. Мұғалімнің білімі, білігі және дағдысы.

D. Оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру.

E. Мақсат, міндеттер, әдістер, тәсілдер.


Қарым-қатынас – бұл:

A. Оқушыларға педагогикалық ықпал ету құралы.

B. Педагогикалық процестің субьектісі.

C. Педагогикалық процестің заңдылықтары.

D. Педагогикалық процестің қозғаушы күші.

E. Педагогикалық процестің принциптері.


Педагогикалық қарым-қатынас стилі:

A. Демократиялық, либералдық, авторитарлық.

B. Вербальды, вербальсыз.

C. Әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық.

D. Жеке, топтық, ұжымдық.

E. Дайындық, айқындаушы, қалыптастырушы.


Педагогикалық қарым-қатынастың авторитарлық стилі:

A. Педагог барлық сұрақтарды жеке өзі шешеді, оқушының ынтасы теріс бағаланады және жоққа шығарылады.

B. Оқушыларға белсенді-жағымды қарым-қатынас, олардың мүмкіндіктерін адекватты бағалау.

C. Ата-ананың балаларды тәрбиелеудегі беделі.

D. Оқытудың автоматтандырылған құралдары.

E. Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің авторлық үлгісін құру.


Педагогикалық қарым-қатынастың либералдық (бетімен жіберушілік) стилі:

A. Өзінің қызметтік міндеттерін формалды орындау, оқушылардың проблемаларына қызықпау және немқұрайдылық, селқостық.

B. Оқушыларды Интернет-технология құралдарымен дистанционды оқыту және тәрбиелеу.

C. Педагогтың белсенді әлеуметтік және кәсіби ұстанымы.

D. Балалармен қарым-қатынастағы ынтымақтастық және шығармашылық стилі.

E. Мұғалімнің оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін жеткіліксіз білуі.


Педагогикалық қарым-қатынастың демократиялық стилі:

A. Педагог оқушының субьектілі рөлін көтеруге бағдарланған, педагог пен оқушының өзара байланысының жеке, дербес стилі.

B. Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің авторлық үлгісін құру.

C. Педагог барлық сұрақтарды жеке өзі шешеді, оқушының ынтасы теріс бағаланады және жоққа шығарылады.

D. Өзінің қызметтік міндеттерін формалды орындау, оқушылардың проблемаларына қызықпау және немқұрайдылық, селқостық.

E. Мұғалімнің оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін жеткіліксіз білуі.


Педагогикалық қарым-қатынас жіктемесін зерттегендер:

A. Я.Л.Коломинский, В.А.Кан-Калик.

B. Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский.

C. В.А.Сластенин, П.И.Пидкасистый.

D. Р.Г.Лемберг, Н.Д.Хмель.

E. М.Жұмабаев, Ы.Алтынсарин.


Педагогикалық қарым-қатынастың кезеңдері:

A. Болатын қарым-қатынасты моделдеу, қарым-қатынасты тікелей ұйымдастыру, қарым-қатынасты басқару, қарым-қатынас нәтижесін талдау.

B. Көрнекілік құралдарды, техникалық оқыту құралдарын дайындау.

C. Әртістілік, сықақтық, оптимизм.

D. Жобалау, диагностикалау, моделдеу.

E. Вербальды, вербальсыз, интерактивті, перцептивті қатынас.


Педагогикалық қарым-қатынастың түрлері:

A. Вербальды, вербальды емес, интерактивті, перцептивті.

B. Шығармашылық, дербестік.

C.Жеке, топтық.

D. Психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік.

E. Құзіретті, мәдени, іс-әрекеттік.


Педагогикалық қарым-қатынас көрсетеді:

A. Білім беру процесі субьектілерінің өзара әрекеттестік формасын.

B. Ұжымның қоғамдық көзқарасының қалыптасуын.

C. Оқушылар іс-әрекетін басқаруды.

D. Педагогикалық ұжымның іс-әрекетін әкімшілік бақылауды.

E. Мұғалімнің ғылыми-зертеушілік мәдениетін.


Педагогикалық такт:

A. Балалармен қарым-қатынаста педагогикалық принциптер көлемін сақтау, оқушылармен дұрыс қарым-қатынасты таңдау іскерлігі.

B. Педагогтың педагогикалық проблемаларды әкімшілікті қатыстыру, жұмылдыру, араластыру арқылы шешу іскерлігі.

C. Өзінің қызметтік міндеттерін формалды орындау, оқушылардың проблемаларына қызықпау және немқұрайдылық, селқостық.

D. Балалармен қарым-қатынастағы ынтымақтастық және шығармашылық стилі.

E. Мұғалімнің оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін жеткіліксіз білуі.


Эмпатия:

A. Өзін басқа адамның орнына қоя білу.

B. Кейбір оқушыларды дәріптеу.

C. Антипатия, сүйкімсіз көру.

D. Оқушылардың жетістігін, сабақ үлгеруін


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау