Методическое руководство по обучению правам ребенка с использованием сюжетов и персонажей детских книг и анимационных фильмов


жылы 8 тамызда «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды



жүктеу 0,88 Mb.
бет2/3
Дата22.05.2018
өлшемі0,88 Mb.
#16470
1   2   3

2002 жылы 8 тамызда «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы Заң баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқықтары мен мүдделерін іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру қағидаттарына негізделген.

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша мақсатты тәрбие жұмысын өткізу үшін баптардың мазмұнымен танысқан кезде құжатты тұтастай ұсыну және басты назарды баланың негізгі құқықтары мен міндеттері ашылатын Заңның 3-тарауына аударған маңызды.

Төменде «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының құрылымы берілген, оған 53-бап кіреді, ондағы 3 және 4 тараулар баланың негізгі құқықтары мен міндеттерін ашады (2-қосымшаны қараңыз):


1-тарау. Жалпы ережелер

2-тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат

3-тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері

4-тарау. Бала және отбасы

5-тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары

6-тарау. Мүгедек баланың құқықтары

7-тарау. Бала және қоғам

8-тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау

9-тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер етудін ерекшеліктері

10-тарау. Қорытынды ережелер

(1-5-баптар)

(6-7-баптар)

(8-20-баптар)

(21-26-баптар)

(27-30-баптар)
(31-33-баптар)

(34-41-баптар)

(42-47-баптар)

(48-49-баптар)

(50-53-баптар)

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңның «Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері» 3-тарауында баланың денсаулық сақтауға құқығы (8-бап), баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқығы (9-бап), баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы (10-бап), баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы (11-бап), баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы (12-бап), баланың мүлiктiк құқықтары (13-бап), баланың тұрғын үйге құқығы (14-бап), баланың бiлiм алуға құқығы (15-бап), баланың еңбек бостандығына құқығы (16-бап), баланың мемлекеттiк көмекке құқығы (17-бап), баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға  құқығы (19-бап) қаралады. Әрбір бала басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға (20-бап) мiндеттi.

Заңның «Бала және отбасы» 4-тарауында баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы (21-бап), баланың отбасындағы құқықтары (22-бап), жан-жақты дамуына жағымды жағдайлар (24-бап), баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасымен қарым-қатынас жасау құқығы (26-бап) қарастырылады.

«Бала және қоғам» 7-тарауда баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғауға (36-бап), баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғауға (37-бап), баланы есiрткi, психотроптық, күштi әсер ететiн немесе улы заттардан қорғауға (38-бап) басты назар бөлінеді, баланы жезөкшелiк пен порнографиядан қорғау (40-бап), баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу (41-бап) туралы айтылады.

Жетекші педагогикалық тәжірибе көрсеткеніндей, балаларды Бала құқықтары туралы конвенция және Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заң негізінде бала құқықтарына оқыту жұмыс барысында ойын әдістемелері қолданылған жағдайда тиімді болады. Мысал ретінде «Кемемен жаңа жерге сапар шегу» және «Бүгін не болған өзі» атты екі ойын түрін келтіреміз.


Кемемен жаңа жерге сапар шегу

Кеме бортының сыртына бірінші қандай затты тастар едіңіз?

Балалар көз алдыларына кемемен жаңа жерге сапар шегіп бара жатқандарын елестетеді, алайда оған жету үшін олар борт сыртына бірінші кезекті емес заттарды таңдап, тастаулары тиіс. Ойын басымдықтарды белгілеп, талқылауға бағытталған.

Міндеттер:


  • Тірі қалу үшін және даму үшін не маңызды екенін бағалау.

  • Өз қалауларын қажеттіліктерден бөлек қарау.

  • Адам мұқтаждарын оның құқықтарымен біріктіру.

Дайындық: әр топ үшін қалаулар мен қажеттіліктер жазылған карточкалар жиынтығының көшірмесін жасап, оларды қырқыңыз; оны конвертке салыңыз.

Материалдар: Конверттер, қалаулар мен қажеттіліктер жазылған карточкалар көшірмесі, желім, қағаз беттері

Нұсқаулықтар:

  1. Балалардан олардың жаңа континентке сапар шегетіндерін елестетуін сұраңыз. Ол континент қазір елсіз, сондықтан олар онда келген кезде жаңа елдің пионерлері, негізін қалаушылары болады.

  2. Балаларды шағын топтарға бөліңіз, әр топқа қалаулар мен қажеттіліктер жазылған карточкалар жиынтығы салынған конвертті таратып, мынау жаңа елде өмір сүру үшін өздерімен алатын заттар екенін түсіндіріңіз. Әр топтың конвертті ашып, ішіндегі барлық карточкаларды алып, оларды зерделеуін сұраңыз. Нұсқа: оларға бірнеше бос карточка қосып, балаларға жаңа елде қажет болуы мүмкін немесе олар алғысы келетін бірнеше қосымша заттарды қосып жазуларын ұсыныңыз.

  3. Кеменің қазір сапарға шығатынын түсіндіріп, әңгімені былай бастаңыз:

Сапар өте қолайлы болады. Күн жарқырап тұр, теңіз тыныш. Кенет, үлкен теңіз дауылы тұрып кетіп, кеме шайқалып жатыр. Ол батып жатыр! Кеменің су бетінде қалуы үшін борт сыртына үш карточка тастауыңыз қажет.

Әр топтан неден құтылатындықтарын шешуін сұраңыз. Оларға бұл заттарды кейін қайтып ала алмайтындықтарын түсіндіріңіз. «Борт сыртына тасталған» карточкаларды жинап алып, оларды бір топқа жинаңыз.



  1. Әңгімеге қайта оралыңыз:

Дауыл әйтеуір басылды. Барлығы жеңіл демалды. Алайда, дәл осы кемеге 5-санатты дауыл келе жатқаны туралы метеорологиялық мәлімет келеді. Егер дауылдан аман қалғыңыз келсе, борт сыртына тағы үш карточка тастауыңыз қажет! Есте сақтаңыз: жаңа елде тірі қалу үшін қажет заттарды тастамаңыз.

  1. Әңгімеге оралыңыз:

Біз ажал аузында болдық. Алайда, біз жаңа континентке жақындап қалдық. Барлығы қатты толқып келеді. Бірақ біз горизонтта жерді көрген кезде, кемемізге үлкен кит соғылып, бортты тесіп кетті. Сіздер кемені бұрынғыдан да жеңіл қылуға тырысуларыңыз керек! Тағы үш карточканы борт сыртына тастаңыздар. Карточкаларды бір топқа жинап, реттеп қойыңыз.

  1. Олардың жаңа континентке әйтеуір аман-есен жеткендерін және жаңа ел құруға дайын екендерін жариялаңыз. Әр топтан қалған карточкаларды жаңа континентке не алып келгендерін барлығы естерінде сақтай алатындай етіп, қағаз бетіне шаптауларын сұраңыз. Тірі қалуға қажеттінің барлығы бар ма екен? Қалыпты өсу және даму үшін не барын?

  2. Әр топтың өз парақтарын бөлменің төріне іліп қоюларын сұраңыз, олардың жаңа жерге не алып келгендерін түсіндіріңіз. Әр сипаттаудан кейін барлық топтан: «Олардың аралда тірі қалуы үшін қажет заттардың барлығы бар ма? Өсу және даму үшін не барын?» сұрап отырыңыз.

Талдау және бағалау:

  1. Мынадай сұрақтар қойып, ойынды талдап шығыңыз:

    • Бұл ойында сізге не ұнады?

    • Несіз күн көре алатыныңызды қалай шештіңіз? Басты нәрсе не болды?

    • Кейбір шешімге келу қиын болды ма? Олар қандай шешімдер?

    • Топта нені қалдыру және нені борт сыртына тастау жөнінде келіспеушіліктер болды ма? Бұл келіспеушіліктерді қалай шештіңіздер?

    • Адамдардың қажеттіліктері бірдей ма екен? Кімнің қажеттіліктері басқаша?

    • Өзіңіздің соңғы таңдауыңыз туралы не ойлайсыз? Жаңа елде өмір сүре алар ма едіңіз? Онда қалыпты өсіп, дами алар ма едіңіз?

    • Тобыңыз борт сыртына не тастау қажет екенін қалай шешті?

    • Қорытынды нәтиже сізді таң қалдырды ма?

Егер осы ойынды қайта ойнау қажет болса, қандай заттарды борт сыртына тастар едіңіз?

  1. Адам құқықтары адам қажеттіліктеріне: әр адамның тірі қалуына, қалыпты өсуіне және дамуына, лайықты өмір сүруіне қажет заттарға негізделгенін атап айтыңыз. Мынадай сұрақтар қойыңыз:

    • Сіздің тірі қалуыңызға қажет затыңыз бар ма?

    • Сіздің өсуіңізге және дамуыңызға қажет зат бар ма?

    • Сіз қандай заттардың болғанын қалар едіңіз, бірақ оларды бірінші кезекті заттар емес деп шештіңіз?

  1. Барлық адамдарға адам құқықтарының барлығы қажет екенін айтыңыз! Кейбірі тірі қалу үшін қажет заттар, мысалы, тамақ, медициналық көмек, таза су және баспана. Қалғандары жақсы өмір сүріп, даму үшін қажет бірінші кезекті заттар. Тірі қалу - жеткіліксіз. Мынадай сұрақтар сұраңыз:

    • Олардың болғанын қалаған, бірақ тірі қалу үшін тастауға болатын заттар қандай карточкаларда жазылған?

    • Бізге тірі қалу үшін қажет заттар қандай карточкаларда жазылған?

    • Бізге қалыпты өсуімізге және дамуымызға қажет болуы мүмкін заттар қандай карточкаларда жазылған?

    • Сізде _________ болмаса, мына жаңа елде не болуы мүмкін? (карточкалардың ішінен бірнеше мысал келтіріңіз.)

Ойынды жүргізушілерге кеңестер

  • Балалардың бұл ойыннан адамның кейбір құқықтары басқаларынан маңызды емес және оларды қысқартуға болады екен қорытынды жасамағандары маңызды. Талдау барысында құқықтардың өзара тәуелділігін атап көрсетіңіз.

  • Балаларға олардың тастаған заттарын қайта алу мүмкін еместігін және қалдырған заттарының оларды құтқарғанша тірі қалу үшін ғана емес, жаңа ел құру үшін де қажет екенін атап айтыңыз.

  • Кейбір заттардың екі қыры болуы мүмкін, бұл жағдай бірінші кезекті затты анықтауда қиындық туғызады (мысалы, ұялы телефон – біреулерге сән-салтанат құру үшін қажет болса, біреулерге – байланыс құралы ғана).

  • Кішкентай балалар өздерінің қалаулары мен қажеттіліктерін ажыратуға қиналуы мүмкін. Сондықтан, оларға жаңа елде тірі қалу үшін не қажет екенін бас айтып көмектесіңіз.

Талдау барысында әр дағдарыс кезінде «борт сыртына» лақтырылған карточкаларды салыстырыңыз. Балалардан түрлі адамдарды таңдауда қандай ерекшеліктер байқайтынын сұраңыз.

Карточкалардағы құқықтар: 1.Өз пікірін білдіру; 2. Қалауымша жұмсауға ақша; 3.Таза су; 4.Дербес жатын бөлмем; 5.Компьютер және Интернетке қосылу мүмкіндігі; 6. Әділ қатынас және дискриминацияның жоқтығы; 7. Таза қоршаған орта; 8.Ұялы телефон; 9.Кока-Кола; 10.Демалу және ойнау мүмкіндігі; 11.Теледидар және газеттер; 12.Дінді қолдану мүмкіндігі; 13.Жайлы үй; 14.Сәнді киім; 15. Жағалаудағы каникул; 16.Тамақ өнімдері; 17.Қатыгез қараудан қорғалу; 18.Білім алу; 19. Дәргерлер; 20.Велосипед; 21.Тәттілер; 22.Сәндік әшекейлер; 23.Плеер; 24.Жылы киім; 25.Ата-ана; 26.Ойыншықтар мен ойындар; 27.Дәрі-дәрмектер мен ауруларға қарсы егулер; 28.Еркін таңдау мен нормалар; 29.Сағат; 30. Мәдениетін зерделеу және ана тілінде мөйлеу мүмкіндігі.



«Бүгін не болған өзі» ойыны

Мақсаты: «Бүгін не болған өзі» проблемалық ойыны арқылы оқушылардың назарын тұтастай бір қоғамның қажеттіліктері мен нақты бір адамның құқықтары арасында пайда болатын қарама-қайшылықтарға аудару.

Дайындалу: Сыныпқа шарттарды, нұсқаулықтарды және жауаптары бар карточкаларды оқып беріңіз.

Әдістемелік материалдар: Ойын тақтасы, жауаптары бар карточкалар, нұсқаулық және төменде берілген «Сіз қандай топ түрін таныстырасыз?» тізімі.

Сабақтың құндылығы: Сабақ барысында оқушылар жеке адам құқықтары мен топтың немесе қоғамның «қажеттіліктері» арасындағы қарама-қайшылықтарды түсінуі тиіс.

Сыныпты топтарға бөлу қажет. Оқушыларды «Аяғы ойранға айналған арманыңыздағы демалыс» ойынының ережелерімен, шарттарымен және жағдайымен таныстырыңыз. Ойынның ережесі оқушылардың қолында болуы тиіс. Ойын аяқталғаннан кейін топтарды біріктіріп, әр топтың жасаған қадамдарының санын анықтаңыз. Жинаған ұпай саны ең көп топ өзіне қиыншылық туғызғанымен, жеке адамның құқықтарын еріксіз қысқартады. Аз ұпай жинаған топ бүкіл топтың тірі қалғаны маңыздырақ деп санайды.

Топтың жеке мүшесі мен бүкіл топтың құқықтары арасындағы арақатынас топтың жағдайына және топтың мүшелеріне қарай үнемі ауытқып тұрады. Бұл жерде бүкіл қоғамның немесе оның жеке тобының анда-санда тап болатын белгілі проблемалар туралы сөз болып отыр. Төтенше жағдайларда жеке адамның құқықтары бүкіл топ тірі қалуы үшін мүмкіндігінше қысқартылады.

Бұл ойынды алыс планетада болған жағдайлар туралы жоспарласаңыз, жеке адам мүддесінің бүкіл топ мүддесінен жоғары болуы мүмкін екеніне көз жеткізесіз.



Аяғы ойранға айналған арманыңыздағы демалыс

«Вояджер» ғарыштық серуендей кемесі Жерден Фанфария планетасына ұшу жолында метеориттік жаңбырға тап болды. Кеме қатты қирады, барлық коммуникациялық жүйелер адамдар Жерге апат сигналын жібергенше істен шығып қалды. Пилот кемені әрең дегенде жақын жердегі Мобиус планетасына отырғызды.

Бұл планета бұрын соңды зерттелмеген, бірақ апатқа ұшыраған кемеде аман қалғандар онда Жердегі сияқты оттегі атмосферасы бар екенін біледі. Сонымен қатар, басқа саяхатшылардың планетаның солтүстік полюсіне сигнал беретін құтқару мұнарасын орнатқаны белгілі болды. Өкінішке орай, ғарыштық кеме оңтүстік полюсте апатқа ұшырады. Сигнал беру мұнарасына жету бірнеше айға созылуы мүмкін.

Сіз мұнараға бет алған апатқа ұшырағандардың үлкен тобы ішіндесіз. Сіз аздаған тамақты ұстап үлгердіңіз, бірақ сапарларыңыз барысында түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін, оларды шешу қажет.

Бұл жағдайларды ұзақ шешуге болмайды, сапар ұзаққа созылып кетуі мүмкін, топ мүшелері қиналып қалады – топ мүлде солтүстік полюске жетпей қалуы мүмкін.

Ойынды қалай жүргізу қажет


  • 4-адамнан тұратын топтарға бөлініңіздер.

  • Сізге 16 карточка және өз нәтижелеріңізді жазатын тақта беріледі.

  • Барлық карточкаларды араластырып, оларды бетін үстелге қаратып үстел бетіне жайыңыз.

  • Сонда шешу қажет болатын проблемаларды кезекпен отырып зерделеңіз. Тобыңыз екі нұсқаның бірін таңдауы тиіс: а) немесе ә) Сіз дұрыс деп санаған нұсқаны.

  • Бірінші шешім қабылданғаннан кейін оны қозғалыс парағыңызға жазып қойыңыз. Егер (а) нұсқасын таңдаған болсаңыз – бір учаскені сызықтап тастаңыз, (б) таңдасаңыз – екі учаскені.

  • Енді келесі проблемаға көшіңіз. Сізге өз шешіміңізді қабылдап, тиісті учаске санын сызықтап қою қажет. Дегенмен, (б) нұсқасы үшін ұпай саны көбірек, сіз оны тезірек алға жылжу үшін ғана таңдамауыңыз қажет. Қозғалысты баяулататын болса да, үнемі топтың дұрыс деп шешкенін орындаңыз.

  • Ойынды қандай да бір аралық кезеңде аяқтауға болмайды.

  • Сигнал беру мұнарасына жеткен кезде (яғни, тобыңыз аман-есен жетті) жасаған жүрістеріңіздің жалпы санын есептеңіз. Жеке адамның мүддесі қанша рет жалпыға жатқызылды. Тобыңыздың қай топ түріне жататынын оқыңыз.

  • Тобыңыздың нәтижесін басқа топтардың нәтижесімен салыстырыңыз.

Оқушыларға арналған тапсырма (жауаптары бар карточкалар)

1-карточка. Топ мүшесі ән салып сайран жүр. Өкінішке орай ол үнемі ән салып жүреді. Кейбіреулері бұған қарсы емес, ал кейбіреулері одан жалыққанын айтады.

а) сіз оған кедергі жасамай, оған әрі қарай ән айтуына жол бересіз;

ә) басқалар қасында болған кезде ән салмауын талап етесіз.

2-карточка. Бірнеше адам, әсіресе, отырған кезде зақымданған адамдар баяу жүріп келеді. Сіз мұндай жүріспен тобыңыздың көздеген жерге тамақтары таусылмай жететініне күмәндісіз.

а) сіз жүру жылдамдығын солардың жылдамдығына дейін азайтып, басқалардың өміріне қауіп келтіресіз;

ә) оларды ажал аузына тастап кетесіз.

3-карточка. Топты кім басқарады деген мәселеде қарама-қайшылықтар пайда болды. Егер топтың әр мүшесінің пікірін тыңдасаңыз, көп уақыт кетеді.

а) сіз әркімнің өз пікірі үшін дауыс беруіне құқық бересіз;

ә) сіз топтың шешімді жылдам қабылдайтын бір көшбасшысына ғана дауыс бересіз.

4-карточка. Мінезі қиын баласы бар отбасы мүшелері оған дұрыс қарай алмайтындарын мойындайды. Бала қиналып жүр.

а) сіз ол отбасыға бұл мәселені шеше алатын адамды көмекке бересіз;

ә) отбасыға бұл мәселені өзі шешуіне құқық беріп, ештеңе істемейсіз.

5-карточка. Топта нәресте дүниеге келді. Ол сырқат, егер топ қозғалысын жалғастырса шетінеп кетуі мүмкін.

а) сіз топты нәрестелі ана жолға шығуға дайын болғанша кідіртесіз;

ә) баланың тірі қалатынына үміттеніп, жолды жалғастырасыз.

6-карточка. Қарт әйел хал үстінде жатыр. Оның қолында қызы дәметкен көп азық-түлік бар екені анықталды.

а) сіз қызына бұл азық-түлікті сақтауға рұқсат етесіз;

ә) жалғыз өзі тұтынбас үшін, азық-түлікті беруін талап етесіз.

7-карточка. Топ жолында ашық жасыл түсті сұйықтығы бар тоған кездеседі. Сұйықтың сергітетін қасиеті бар, алайда оны көп мөлшерде ішіп алғандар қалғып келеді.

а) топқа осы сұйықтықты ішуге рұқсат бересіз;

ә) тыйым саласыз

8-карточка. 14 жастағы жеткіншек топтың қозғалуына кедергі келтіріп, тәртіпсіздік көрсетуде. Ата-анасының оған шамасы келмей келе жатыр, басқаларға да рұқсат етпейді.

а) ата-ананың қалауына құрметпен қарайсыз;

ә) оны тыныштандыруын талап етесіз.

9-карточка. Топ жетекшілерінің бірі сырқаттанып қалды, оған қан құю қажет. Топтың басқа мүшелерінде оның қан тобы табылды, алайда олар ауру жұқтырып алудан қорқып ерікті болғысы келмейді.

а) қанын бергісі келмегендерді солай қалдырасыз ба;

ә) өте қажет болғандықтан күшпен мәжбүрлеп бергізесіз.

10-карточка. Бір адам топ жетекшілерінің басқаруына көнгісі келмейді. Оның мұндай қылығы топ мүшелері арасында іріткі салуда.

а) сіз оның мұндай қылығына көнесіз;

ә) оның сөйлемеуін сұрап, топтың басқа мүшелерінен бөліп тастауға тырысасыз.

11-карточка. Топ мүшелерінің бірі оған жүктелген тапсырмаларды орындаудан бас тартады. Ол мұның бәрі бекер дейді. Ол болған оқиғаға қатты қынжылады.

а) сіз одан ештеме талап етпей, күйзелістен шығуына көмектесіз;

ә) жұмыс істемесе жазалаймын деп қорқытасыз.

12-карточка. Екі қарт жұбайлар өздерінің топты кідіртіп келе жатқандарын сезіп, оларды тастап кетулерін сұрайды.

а) оларға жүруге көмектесесіз;

ә) жұбайлардың ұсынысын қабыл аласыз.

13-карточка. Азық-түлік қоры үшін жауап беретін адамыңыздың бұрын алты жыл ұрлық үшін отырғанын естисіз. Бірақ бұған дейін ол өз міндетін жақсы атқарып келген.

а) сіз оған сеніп, жұмысын жалғастыруға ерік бересіз;

ә) тәуекелге бармай-ақ, жұмысты басқа адамға тапсырасыз.

14-карточка. Топтың екі мүшесі арасында дау шықты. Кешке олар мұны жұдырықпен шешпек ойлары бар.

а) сіз оларға жұдырықтасуға ерік бересіз;

ә) топтың басқа мүшелері қосылып кетпес үшін, төбелесті тоқтатасыз.

15-карточка. Планета ауа-райы өте салқын. Зардап шеккен жолаушылардың кейбіреулері кеме қираған кезде өздерінің жылы киімдерін жоғалтып алған.

а) басқаларға өз киімдерін бәрібір ескіреді деп өздерінде қалдыруға ерік бересіз;

ә) барлығының өз киімдерімен бөлісуін талап етесіз.

16-карточка. Ұрлық болды. Бір әйел басқа адамның сөмкесінен тамақ ұрлап жатқан жерінен ұсталды.

а) сіз оны бүкіл сапар бойындағы осы жалғыз қылмысы үшін жазаламайсыз;

ә) басқаларға сабақ болсын деп, оны жазаға тартасыз.

Ойынның нәтижесі

8 - 10 жүріс – сіздің шешіміңіз топтың сигнал беру мұнарасына тез жетуіне көмектесті, алайда біраз адам жолда қалды.

11 жүріс – топтың жылдам жүруіне тырыстыңыз, топ мүшелерінің де қажеттіліктерін ескердіңіз.

12 - 16 жүріс – топтың жекелеген мүшелерінің қалауларына сүйендіңіз, сондықтан сапар ұзаққа созылып кетті.



3-бөлім. Балалар құқығын оқытудың әдістемелік талаптары

Осы оқу құралында балалар құқығын оқыту жетістігі және оқушылармен жұмыс істеудегі жеке тәсіл балалар құқығын оқытудың әдістемелік негізі ретінде қарастырылады.

Балалар құқығын оқыту – ұйымдастырушылардың оқыту жетістігі проблемаларын жетік түсінуі. Жеке тұлғаны оқыту барысында тұтастай оқыту қызметіне және жеке алғанда танымдық белсенділігіне қатынасының реттеуіші ретінде үлгерім қажет. Үлгерімді сезіну түрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Шетел психологиясында суггестия технологиясына, сендіруге негізделген позитивті ой түю сияқты бағыттың басым болуы кездейсоқ емес. Өзің туралы «Мен – ақылдымын, қабілеттімін; менің бойымда кез келген қиыншылықтарды жеңетін барлық қасиеттер бар» және т.б. деп ойла және ол шыныменде солай болады.

Үлгерім жеке басқа ғана тән нәрсе. Оның маңыздылығы алдын ала белгіленген нормалар бойынша анықталады, оқушы әр кезде өз жетістіктерін ұсынылған деңгеймен салыстырып отыруы тиіс.

Үлгерімге оқыту барысында белгіленген бірізділік бойынша педагогтың көмегімен қол жеткізуге болады: әрекетке нұсқау беру (оқу тапсырмасын шешуге оқушыны эмоционалдық дайындау); әрекетті, операцияны қамтамасыз ету (ұтымды шешу үшін жағдай жасау); алынған нәтижелерді болжанған нәтижелермен салыстыру (өзіңнің оқып еңбектенудегі жеткен нәтижеңе саналы түрде қарау).

Демек, үлгерімге оқытушы арқылы қол жеткізілсе, жүйелі және саналы түрде оған барлық аталған компоненттер кіруі тиіс.

Үлгерімге қол жеткізу сатыларын қарастырайық:

1. Уәждемелік саты. Оқытушы оқушының бойына оқу тапсырмасын табысты түрде орындау бойынша мақсаттылықты қалыптастыруды, осындай жағдайда өзін «міндеттерді жасаушы» ретінде сезіне білуін, жұмыс барысында кездесуі мүмкін қиындықтармен күресе білуін, басқа сөзбен айтқанда жетістіктерге жете білуін қалыптастыруды өз міндетіне алады. Мысалы:


      • қойылған міндетті өз бетінше шешуге ынталану;

      • жолдастарының алдында бедел жинауға талпыну;

      • жұмысын мәнділігі мен бәсекеге қабілеттілігі жағынан қарастыру;

      • орындау барысында жаңа байланыстар орнату және т.б.

2. Ұйымдастырушылық саты. Оқытушының міндеті – оқушының тапсырманы жақсы орындауы үшін талап қоюды (жеке қабілеті мен жеке қасиеттерін ескере отырып), оны өз бетімен ізденуге қызықтыруды қамтамасыз ету.

Бұл сатыда кейбір балалар өз-өзімен күресу жағдайын басынан өткереді, бір жағынан жұмысты міндетті түрде орындау қажеттілігі, екінші жағынан міндеттерді іске асыру үшін жағдайдың болмауы. Психологтар мен педагогтар осы жағдайды төрт тұрғыдан қарастырады: қабілеттің жетіспеушілігі, тапсырманың қиындығы, әр кезде жолдың бола бермеуі, жігердің әлсіздігі. Бастапқы екі жағдайды оқытушы алдын ала ескеруі мүмкін, тапсырманы оқушының жеке қабілетіне қарай таңдаған дұрыс.

Қабілеттілікке, сәттілікке және тапсырманың қиындығына қарағанда жігерлілік бақыланатын фактор болса, сәттілік сыртқы жағдайдың ыңғайына қарай болады. Сәйкесінше жігерлілік немесе өзін-өзі ұйымдастыру жұмыстың нетижесін жақсартуға мүмкіндік беретін дербес бақыланатын әрекет болып табылады. Бұл жерде міндетті түрде оқытушының көмегі керек, нақтырақ айтқанда баланың жұмысқа дұрыс кірісуіне, жалығуын, шаршағандығын, сенімсіздігін жоюға көмектесетін арнайы ұйымдастырған жағдайы қажет.

Нақты жағдайлар табыстылық жағдайының бірнеше тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді. Әдетте оларға тапсырманы түсіну, эмоциялық жағынан жеңілдеу, оқушылар сурет-әсемхатта көрсеткісі келген балалардың құқын қорғау туралы Конвенциядағы баптарды, жағдайды, сюжетті, кейіпкерді және нақты бір құқықты өз бетінше таңдауы, оқушының таңдауы бойынша тапсырманы ауыстыру, оқытушыға немесе өзінен анағұрлым мықты оқушыға өтініш білдіру, «ойға салу» (үлгілерді пайдалану) және т.б. жатады.



3. Қорытынды саты: Оқытушының алдында орындалған жұмыстың нәтижесін ынталандыруға, келесі оқу тапсырмасы үшін белгілі дәлелге айналдыратындай ұйымдастыру міндеті тұр.

Тәжірибе жүзінде белгілі болғандай, ең ауыр болатыны нәтижелілік сатысы. Әдетте оқу жұмысының нәтижесінде баға қою қажет болады.

Басқа сөзбен айтқанда, оқушы оның жұмыс қорытындысын ғана емес оның жұмыс барысында жұмсаған күшін де бағалайды деп күтеді.

Оқушының келесі тапсырмаларды бар ынтасымен орындауға ынталандыру үшін оның жетістіктерін атап өту, оның еңбегіне құрметпен қарау өте маңызды.

Қазіргі уақытта бағаға ғана емес, өз жұмысының нәтижесіне де саналы түрде қараудың басты талабы рефлексия болып табылады, бұл өзің, өз жұмысың, таным серпіні туралы ойлану.

Қорытынды саты бастапқы екеуінің қырларын талдай отырып, логикалық жағынан орындаушылық сатысының нәтижесінен туындайтындықтан және конкурсқа қатысу себептерін қалыптастыру үшін негіз болып табылатындықтан психологиялық-педагогикалық сипатқа ие. Қабілеттері төмен оқушылар өздеріне ерекше назар аударуды талап етеді, оларға қатысты көтерме және авансталған бағалауды, позитивті сыни көзқарасты және т.б. қолдануға болады, осындай жағдайда оқушы өз қабілетін асыра бағаламауы үшін шектілік деңгейін сақтау қажет.

Тәжірибе көрсеткендей оқушылар жеке айырмашылықтарына қарай оқытушы ұсынған жағдайға оларға түрліше әсер етеді. Оқушылардың кейбір топтары үшін табыстылық жағдайы, негізгі тапсырма іске асырылғанша бірнеше рет қайталануы тиіс: оқушылар жұмыстың нәтижесіне ғана емес, тапсырманы орындау барысына да қанағаттануы тиіс.

Оқу жұмысындағы табыстылық жағдайының тиімділігі оқушының сабаққа деген белсенді көзқараста болуында ғана емес, оның табысты жұмыс жасау үшін өз-өзіне жағдай тудыра білуінде (кейінгі кезде көптеген және кеңінен таралған «Қалай бақытты болу керек», «Қалай табысқа жетуге болады» және т.б. сияқты теориялар нақ осыған үйретеді).



Оқытушы оқытып қана қоймай, нақты бір оқушының тұлға болып қалыптасуына қажетті білім саласын табуына көмектеседі. Нәтижесінде табыстылық жағдайы төменде аталған жағдайлар іске асырылғанда ғана білім беру үдерісін оңтайландырудың ұтымды құралы бола алады. Атап айтқанда:

  • Оқу үдерісінің барлық сатыларында ұйымдастырылады;

  • әрбір сатыдағы оқыту және білім беру міндеттерін күделендіре түседі;

  • оқушылардың жеке ерекшеліктері есепке алына отырып жүзеге асырылады, бұл нақты бір оқушымен жұмыс істеу кезінде тәсілдер мен құралдарды таңдауда көрінеді;

  • субъектінің бойына жұмыс істеудегі жағымды эмоцияларды, оқытушы ұсынған қиындықтармен күресудегі табыстылық сезімін, оқу тапсырмасын орындау үдерісінде зияткерлік жағынан серпініс болудан туындаған қуаныш сезімін, оқушы өзі таңдаған қиындықтарды жеңуінен туындаған қанағаттану сезімін, өзінің білім деңгейінің жетіспеушілігін мойындай білуін, жағдаймен күресе білу, тұрақты түрде өз бетінше білім іздеу қажеттілігін ұғыну қабілетін қалыптастырады.

1-кесте. Табыстылық жағдайы алгоритмінің циклдігі


Циклдер

Табыстылық жағдайын тудырудың сатылары

Нәтижелері

Себептері

Операция

Қорытындысы

1

Оқытушы оқушының бойына нақты бір жұмыс бойынша табысқа жету себептерін қалыптастырады.

Педагог оқушыға оның қабілетіне сәйкес келетін тапсырма береді; тапсырманы орындау барысында көмектеседі.

Оқушы тапсырманы табысты орындаған жағдайда жағымды эмоцияларды сезінеді.

Жағымды эмоциялар өз күшіне сенімділігін арттырады, оқушының жаңа тапсырмаларды орындай алатындығына дәлел болады.

2

Оқушының нақты бір жұмыста қайта табысқа жетуге ынтасы туады, осыған белгілі бір деңгейде күш жұмсауға дайын болады.

Оқытушы шешу үшін анық бір қажырлы күш жұмсауды немесе/және оймен қарқынды жұмыс істеуді талап ететін тапсырманы береді.

Оқушы өзінің күш жұмсаудағы нәтижелеріне баға береді, өз бағасын педагогтың бағалауымен салыстырады, айырмашылық себебін анықтайды.

Қиындықтарды жеңу нәтижесіндегі қанағат сезімі анағұрлым терең әсер қалдырады және табыстылығын арттырады; оң нәтижелерді қайталау және жеңілдетуге ынтасы туады.

3

Жетістікке жету себебі сыртқы серпілістен ішкі жандүниенің ынталануына айналады; оқушыны проблема идеясы бойынша шығамашылық жағынан іздену үдерісіне қызықтыра бастайды.

Педагог берген Бала құқықтары туралы Конвенция немесе Заң бойынша оқушы өз жұмысының жеке шығармашылық идеясын қалыптастыра отырып сурет-әсемхатта бейнелегісі келген балалардың құқы туралы бапты өзі таңдайды.

Балалардың құқына саналы көзқарасқа тәрбиелейді, құқықтық жағдайды анықтау және оны балалардың құқы бойынша бап пен суреттің сәйкестігін сипаттау қабілетін қалыптастырады.

Құқықтық білімінің, қабілетінің, мүмкіндігінің деңгейін ұғыну; тапсырманы творчествалық жағынан орындау қажеттілігін түсіну, өзінің білім деңгейін көтеру.

4

Өзінің қабілетін дамытудағы, жетілдіруге талпынудағы ішкі қажеттілік.

Тапсырманы табысты түрде орындау мақсатында баптың мазмұнын өз бетінше талдау және сурет-ашық хаттың идеясын, оның атауын ойластыру.

Оқушы өз міндеттерін бұдан әрі позитивті түрде дамыту үшін негіз ретінде бағалайды.

Тапсырманы орындау үшін және сурет-ашық хаттағы идеяны шығармашылыққа айналдыру үшін өз бетінше алдына міндет қоя білу, жұмысты табысты түрде орындау.

Балаларды Бала құқықтары туралы Конвенция және Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заң бойынша оқыта отырып, әрбір баланың өміріне жеке амал қолдану мақсатқа сай болады, ол төмендегі ережелерге сәйкес келеді:



  • Егер бала түсіністікте және татулықта өмір сүрсе, ол бұл әлемдегі махабатты сезінуге үйренеді.

  • Егер баланы қолдаса, ол өзін құрметтеуге және бағалауға үйренеді.

  • Егер бала адалдықта өмір сүрсе, ол әділ болуға үйренеді.

  • Егер бала қауіпсіздікте өмір сүрсе, ол адамдарға сенуді үйренеді.

  • Егер балаға серпін беріп отырса, ол өз-өзіне сенуді үйренеді.

  • Егер баланы мақтаса, ол қайырымды болуды үйренеді.

  • Егер балаға күлсе, ол тұйық болады.

  • Егер баланы сөксе, ол өзін кінәлі болып сезінеді.

  • Егер балаға үнемі мін тақса, ол жеккөруді үйренеді.

  • Егер бала өшпенділікте өмір сүрсе, ол қатігездікті үйренеді.

Төменде жеке тұлғаны зерттеуші-оқытушының (М.Коллинз) Кодексі келтірілген.

  • Барлық балалар өмірге табысты болу үшін келгендігіне нық сеніңіз. Оларға қажетті нәрсе – ол оларға деген сенім; оның бойындағы ең жақсы нәрсені дамытыңыз; сенім өрге жетелейді, оқушыларға деген сенім оларды сіз елестете алмайтын биікке көтеруі мүмкін.

  • Күн сайын оқушылардың қол жеткізген табыстарын белгілеп отырыңыз, олардың ешқайсысының да сәтсіздікке ұшырауына жол бермеңіз.

  • Отбасылық жағдайына қарамастан олардың әрқайсысын патшаның ұлы немесе қызы сияқты оқытыңыз.

  • Оларды ынтазарлықпен оқытыңыз, беріле және табыстылыққа деген болаттай бағытпен оқытыңыз, ол оқушылрдың сәтсіздіктерде мойымауына көмектеседі.

  • Ешқашан да еңсеңізді түсірмеңіз, егер бастапқыда баланы тәрбиелеуден нәтиже шықпаса, тағы бір күш жұмсау жағдайды түбімен өзгертетіндігіне сеніңіз.

Осылайша жауапты тұлғаны тәрбиелеудегі бұлжымас шарттың бірі, тұтастай алғанда оқу жұмысына және жеке алғанда танымдық белсенділігіне оқушының қатынасының реттеушісі – оның ұжымдық және сол сияқты жеке жұмысындағы табыстылық жағдайы болып табылады.

4-бөлім. Бала құқықтарына оқыту барысында балалар кітаптары мен анимациялық фильмдердегі сюжеттерді және кейіпкерлерді пайдалану

Үздік педагогикалық тәжірибе көрсеткендей, балалардың негізгі құқықтарымен танысу, егер балалардың құқын оқыту барысында, балаларды образды түрде қанағаттандыратын анимациялық фильмдер мен кітаптардағы жарқын және қызықты сюжеттер, жарқын кейіпкерлер сияқты, халықтың тіл байлығын, күнделікті өмірін, дәстүрі мен мінезін дәріптейтін мақалалар сияқты оқыту тәсілдері қолданылса анағұрлым тиімдірек болады. Шынайы өмірге байланысты анимациялық фильмдердің, балалардың кітаптары мен мақалдардағы сюжеттер, оқушылардың жағдайды түсіну және қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып балалардың құқы жөніндегі жұмыстардың мазмұнын анықтауға, кейіпкерлер әрекетінің себебін талдауға, әлемді тұтастығымен, қиындығымен қоса әдемілігімен көруге мүмкіндік береді.

Жағымды кейіпкерлер өз елін, табиғатты жақсы көреді, берген сөзінде тұрады, әрқашан мұқтаж адамдарға көмекке келеді, жан дүниелері де, түр-тұлғалары да әдемі келеді.

Кино өнерінің, кітаптардың, фольклордың жеке тұлғаның дамуына тигізетін әсері бір нәрсені қабылдау арқылы жүзеге асырылады, ол қоршаған өмірдегі тікелей сезімдік бағытты қамтамасыз ететін заттардың, жағдай мен оқиғалардың тұтастай көрінісі ретінде түсіндіріледі.

Анимациялық фильмдерді, балалардың кітаптарын, мақалдарды пайдалану негізінде оқушыларды құқықтық жағынан тәрбилеудің тиімділігі, өз құқықтарын терең және эмоциялық жағынан меңгеруге ықпал ететін әдістер мен амалдар жүйесіне қарай туындайды. Балалар әдебиетімен, мақалдармен, анимациялық фильмдермен жұмыс істеудің әдістері мен амалдарын таңдау үшін оқушылардың психологиялық мүмкіндіктерін және Бала құқықтары туралы Конфенцияның және Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңның мазмұнын меңгеру ерекшеліктері есепке алынуы тиіс.

Көрнекі, образдық түйсіктің де маңыздылығы басым. Балалардың нақты образдарды есте сақтауға, оқиғаның әрбір бөлігін және көбінесе жақсылап ұғынуға бейімділігі, құқықтық білім жүйесін бұдан кейін анағұрлым терең меңгеруі үшін ең қажетті негіз болып табылатын ақиқат білімінің фундаметін қалайды.

Алдыңғы тәжірибені өңдеу негізінде шығармашылық қиялы дамиды, бала қажетті образды өзі ойлап табады. Анимациялық фильмнің немесе балалар кітабының сюжетін қабылдаған жағдайда көбінесе оқушылар «біздікі-біздікі емес», біз-олар», өзіміз-өзіміз емес» деген нәрселерге шек қояды, бұл оқытушының болып жатқан оқиғаларды негізді түрде талдауды ұйымдастыруға және біріктіру үдерісіне баса назар аударуын талап етеді, бұл үшін шығармашылық қиялы туралы ойлануды қажет ететін тапсырма керек. Оқушылармен жұмыс істеуде балалар шығарма кейіпкерлерінің орнына өздерін қоя алатындықтарын ескеру қажет, бұл оқиғаны ойнау кезінде айқын көрінеді.

Рольдерді ойнау кезіндегі балалардың тәуелсіздігі, фантазиялары, жарқын эмоциялары, оларға кез келген рольде ойнай алауына, соның салдарынан автор шығармасындағы көркем образдар әлеміне енуіне көмектеседі.

Оқушылардың жағдайды қабылдауы және түсінуі бойынша 4 негізгі деңгейді ерекше атап өтуге болады:


  1. екі қосымша деңгейден тұратын қайта кескіндеу: фрагменттік және сюжеттік-логикалық;

  2. эмоционалдық-сюжеттік;

  3. құқықтық;

  4. саналы-құқықтық.

Аталған деңгейлер сюжетті түсінудегі сапалы өзгерістермен ерекшеленеді, оқушының жасына байланысты емес қабылдау серпінін көрсетеді. Әрбір деңгейді сипаттай отырып, қайта кескіндеу деңгейі «қабылдағандарды шығармашылық жағынан қайта өңдеместен және тереңіне бойламастан шығарманың сюжеттік-оқиғалық жағынан мазмұнын меңгеруді көрсететінін» атап өтуге болады. Балалар шығармадағы оқиғалардың бірізділігін естеріне сақтай отырып, оның фабуласын меңгереді.

Осы деңгейде қабылдаудан бөлек ондағы екі қосымша деңгейдің бөлінуі белгі болуы мүмкін. Бірінші фрагменттік деңгей – бала тек жеке кейіпкерге, есте қаларлық эпизодтарға ғана назар аударады, оларды бір тұтас ретінде біріктірмейді.

Екінші деңгей сюжеттік-логикалық – шығарманы анағұрлым толық қабылдау бойынша сипатталады, соның нәтижесінде балалар оқығанын толығымен есте сақтап және егжей-тегжей баяндап беруге тырысады.

Қабылдаудың эмоционалдық-сюжеттік деңгейі оқушының қабылдау қабілетінің дамуына мүмкіндік бере отырып, кейіпкерлерге жеке-жеке қарау, олардың жан дүниесін түсіну және ерекше толғану сезімін қалыптастырады.

Түйсіктік-құқықтық деңгей, шығарманы толығымен және өз бетінше қабылдауда, шығармадағы ұнаған фрагменттерді түйсікті түрде таңдауда, оның құқықтық мазмұнын түсіне білуге талпынуда және жалпы шығармаға өзінің көзқарасын айтып беруде көрінеді.

Саналы-құқықтық деңгей тұтастай-талдамалық болып аталады. Бұл сатыда балалар көркем суреттің образдық жағынан алғандағы сапасын түсіне бастайды, кейіпкердің іс-әрекетіндегі артықшылықтар мен кемшіліктерді бағалауға тырысады. Осының негізінде оқушылар қабылдау құрылымында басты назарлардың орнын ауыстыра бастайды – бірінші орынға 1-2 жауаптардағыдай таным аспектісімен қатар көркем шығарманың сюжетін, құқықтық құбылыстардың маңызын түсінуге, талдау және синтездеу элементі туындайын түсіну және қабылдау деңгейіндегі көркем образдың қалыптасуын алға жылжытуды бірінші орынға қойылады.

Оқушылардың анимациялық фильмдерді тодықтай түсінуі, кітаптар мен мақалдарды қабылдауы әр бала үшін жеке-жеке әсер етеді, ол оқиғаны қабылдау үдерісіндегі баланың жігерлілік, зияткерлік және эмоционалдық ерекшеліктерінің дамуына негіз болады.

Балалардың құқы бойынша жұмыс істеу үдерісінде анимациялық фильмдер, суреттер, фотосуреттер, кітаптағы кейіпкерлердің бейнелерін, мақалдарды пайдалану оқушылардың көзбен көру дағдыларын дамытады. Осындай жағдайда төмендегі негізгі идеяларға сүйенуге болады:



  1. Біз мәтінді қалай оқысақ суретті де солай «оқи» аламыз, суретке қарап ой түйе аламыз.

  2. Көрнекі символдар ойды немесе эмоцияны бере алады. Бірақ көзбен көру тілінің кодтары мен ережелері жазбаша немесе ауызша тілге қарағанда айқындалмаған.

  3. Біз суреттегі көрнекі ақпараттар мен көрнекі символдарды тани аламыз, осы символдарға субъективті түрде түсініктеме беріп, пікірімізді білдіре аламыз.

  4. Біздің суретке түрліше мән беруіміз мүмкін және ол суретте бейнеленген адамдарға/оқиғаларға қатысты біздің мәдениетімізге, жеке тәжірибеміз бен нанымдарымызға байланысты қалыптасады. Мысалы африкалықтар, «Бе-неттон» компаниясының жарнамасындағы қара нәсілді әйелдің ақ нәсілді баланы емізу кезіндегі бейнесіне өз қарсылықтарын білдірді, өйткені олар үшін бұл сурет құлдықпен ассоцияланады. Сондай-ақ рассистердің де бұл жарнамаға көңілдері толмады, бірақ олар мұны нәсілдерді араластыру деп түсінді!

  5. Біз белгілі бір суреттерді белгілі бір түсініктермен ұштастырамыз. Мысалы көзін бақырайтып тұрған баланы біз қорқып тұр деп түсінеміз, ал бұлшық етті еркекті күшті деп түсінеміз. Бұл түсініктер біздің санамыздағы түйсік арқылы болады. Олар қоғамымыздың құндылықтарын көрсетеді және осы құндылықтардың туындауына ықпал етеді. Дәл осы бойынша көзбен көру тілі әсерлі болып табылады және ол қоғамдағы өзгерістерді суреттейді. Суретті толықтай түсіну үшін оны кең контексте қарастыру қажет және ондағы әлеуметтік құндылықтардың, саяси жағдайлардың және басқа да қоғамдық мәні бар дәстүрлердің басымдығын ескеру қажет.

  6. Барлық суреттер белгілі бір идеялармен және мәнділіктермен толықтырылған. Суретке онда бейнеленгендердің мәнін түсіндіру үшін мәтін жазылады.

Бала құқықтарын зерделеу кезінде табысты түрде қолдануға болатын кейбір құралдарды қарастырайық:

Суреттер. Суреттер бақылау қабілетін, ынтымақтастық дағдысын дамыту үшін, қиялы мен эмпатия сезімін дамыту үшін пайаланылуы мүмкін. Оқушыларға Бала құқықтары туралы конвенция және Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заң бойынша дайындалған суреттер топтамасын, басқа да мектеп оқушыларының құқықтық құндылықтармен танысуы үшін мектеп көрмесіне қоюға болады.

Бұл құралды қалай қолдануға болады?

Балалардың құқын қорғауға қатысты түрлі себептермен байланысты газеттердегі, журналдардағы, кітаптардағы суреттерді, фотосуреттерді жинаңыз. Әрбір оқушыға сурет салу үшін материалдар (қағаз, қарындаш, фломастерлер) мен бір-бір суреттен беріңіз. Оларға қолдарындағы суреттерін бір-біріне көрсетпеуін ескертіңіз.

Бастапқыда бірінші оқушы өз серіктесіне өзінің суретінде не бейнеленгенін сипаттап беруі тиіс, екінші оқушы сипаттаманың негізінде сурет дайындауға тырысуы қажет. 10 минуттан кейін бұл жұп рольдерімен ауысады. Уақыттың аздығына байланысты суреттер өте қарапайым болуы тиіс. Бұл жаттығуда маңызды нәрсе сурет салу емес, оны сипаттап беру.

Жаттығуды аяқтағаннан кейін оқушылар кезек бойынша өз суреттерін түпнұсқасымен салыстырады. Оқушылардан маңызды бір нәрсе ескерілгенін немесе ескерілмегенін сұраңыз. Неге? Не үшін?



Оқушыларға мақалдарды пайдалана отырып балалардың құқын бейнелейтін сурет салу бойынша тапсырма беруге болады. Мысал ретінде төмендегі балалар суретін беруге болады:




Үйіміз біздің панамыз, ортамызда анамыз

Ынтымақтын түбі – игілік,

тірліктін түбі - бірлік




Ауызша ассоциацялар. Бұл тәсілдерді мәтінді зерделеуді бастамас бұрын оқушылардың тақырып бойынша не білетіндіктерін анықтау мақсатында және аяғында қандай жаңа нәрселер меңгергендігін анықтау мақсатында қолдануға болады.

Құрал қалай қолданылады?



  • Негіз ретінде балалардың кітаптарындағы сюжеттерді алыңыз.

  • Оқушылардан осы кітап туралы естігенде ойларына келген сөздерді жазу туралы сұраңыз. Бұл бір-екі минутты ғана қажет ететін қысқаша жаттығу.

  • Бірде бір сөз жазбауға болатынын түсіндіріңіз. Нәтижесі – оқушы кітаппен, әңгімемен, ертегімен ассоциациялайтын сөздік тізімін «лезде еске сақтап қалу».

  • Оқытуды бағалау үшін «дейінгі» және «кейінгі» нәтижені салыстыруға болады. Бұл сізге өзіңіздің оқыту үдерісіңізді бағалау үшін, оқушыларға өздерінің жеке жетістіктерін көруге көмектеседі.

  • Немесе мәтінді зерделеудің соңына қарай әрбір оқушыдан осы кітапқа байланысты не ойлайтындықтарын немесе не сезінетіндіктерін бір минуттың ішінде айтып берулерін сұраңыз. Олардан осы тақырыпқа байланысты бірнеше сөздерді мысалға келтіруді өтініңіз. Сөздерді жинай отырып сыныпты аралап шығыңыз. Бір немесе екі оқушыдан осы сөздердің тізімін дайындауды сұраңыз.

Ақпаратты елестету. Ақпаратты меңгерудің және түсінудің жақсы әдісі, оны басқа түрде елестету болып табылады. Мысалы, әңгімені тыңдағаннан кейін оны сурет-ашық хатқа бейнелеу. Оқушылар ақпараттағы басты нәрсе не екендігін анықтауы және оны қалайша елестетуге болатынын шешуі тиіс. Оқушы « Мен бұл нәрсені осылай істеуім қажет, өйткені...» деген мәселені шешуі тиіс. Бұл тәсіл қиялды ғана емес, қадағалаушылықты, логикалық ойлауды, таңдай білу қабілетін дамытады.

жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау