ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ FЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI
РМК «ҚАРАFАНДЫ мемлекеттік индустриялық университеті»
«Қазақ, орыс және шетел тiлдерi кафедрасы»
«БЕКIТЕМIН»
Оқу ісінің проректоры
Набоко Е.П._______
«___»___________2007ж
Кредиттік оқыту жүйесі бойынша
техникалық мамандықтардың күндізгі бөлім студенттеріне арналған
қазақ тілінен оқу-әдістемелік кешені
ТЕМIРТАУ 2007
«КЕЛIСIЛГЕН»
Металлургия факультетінің деканы
Жабалова Г.Г. __________________
«___»______________________2007ж
Орындаған: ҚОжШТ Кафедра мәжiлiсiнде
аға оқытушысы: қаралды
Баймбетова М.К. Хаттама №____
_____________________
кафедрасы оқытушысы «___»___________ 2007 ж.
Байленова Ж.А. Кафедра меңгерушiсiнiң
_____________________ мiндетiн атқарушы
Баймбетова М.К.________
Мазмұны
Мазмұны 3
1-Сабақ Көптік жалғаулар 6
(Множественное число существительных)
Қазақстанның тәуелсіздігі
2-сабақ Тәуелдік жалғаулар 8
(Притяжательная форма существительных)
Мемлекеттік ту
3-сабақ Жіктік жалғаулар 11
(личные оканчания именных частей речи)
Елтаңба
4-сабақ Септік жалғаулар 17
Қазақстан.
5 сабақ Қазақ тіліндегі сұраулы сөйлемдер 20
(вопросительные предложения в казахском языке)
Қазақ тілі.
6-сабақ Етістіктің болымсыз түрі 23
(отрицательная форма глагола)
Біздің университет.
7-сабақ Етістіктің осы шағы 26
(настоящее время глагола)
Қазақстан қалаларыа саяхат; Алматы, Астана, Теміртау.
8-сабақ Нақ осы шақтың күрделі түрі 30
(сложная форма настоящего времени)
Пікірсайыс, рольдік ойындар. Дәрігерде.
9-сабақ Ауыспалы осы шақ 31
(настоящеее -будущее (переходное) время)
Пікір Талас:Мамандығым-мақтанышым
10-сабақ Жедел өткен шақ 35
(Очевидно-прошедшее время глагола)
Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері.
11-сабақ Бұрынғы өткен шақ 38
(давнопрошедшее время)
Қазақстандағы экономикалық ұйым.
12-сабақ Болжалды келер шақ 41
(будущее время глагола)
Мини-конференция: Е.А.Букетов
13-сабақ Мақсатты келер шақ 45
(будущее время намерения)
Мини-конференция: Қ.Сәтбаев
14-сабақ Туынды зат есімдер 49
(Образование имен существительных)
Мини-конференция: Сагинов
15-сабақ Сын есім 53
(имя прилагательное)
Алтын, алюминий.
16-сабақ Сын есім шырайлары 57
(степени сравнения прилагательных)
Болат , мыс.
17-сабақ Көмекші сөздер 60
(служебные слова)
Ванадий, Вольфрам.
18-сабақ Сан есім 64
(имя числительное)
Металл, қорғасын.
19-сабақ Есімдік (местоимения) 70
Қазақстанның металлургия тарихынан.
20-сабақ Туынды етістіктер 73
(производные глаголы)
Қазақстанның қатты отын қорлары.
21-сабақ Етіс категориялары 79
(категория залога)
Электр станса түрлері.
22-сабақ Етістіктің райлары 82
(категория наклонения)
Агломерация және домна.
23-сабақ Үстеу 86
(наречие)
Сортты прокат.
24-сабақ Модаль сөздер 89
(модальные слова)
Коксохим
25-сабақ Сөйлем мүшелері 92
(члены предоложения)
Автомобиль тарихы. Отандық автомобиль өндірісі.
Жол-тарнспорт оқиғалары.
26-сабақ Салалас құрмалас сөйлем 98
(сложносочиненные предложения)
Автомобильдер классификациясы, Автомобильдің құрылысы.
27-сабақ Сложноподчиненные предложения 102
(сабақтас құрмалас сөйлемдер).
Университет кафедралары.
Қолданылған әдебиеттер 112
1-Сабақ
КӨптік жалғаулар
(Множественное число существительных)
1.Множественное число существительных в казахсом языке образуется при помощи окончаний –лар/-лер; -дар/-дер; -тар/-тер. Например: бала-лар – дети, қалам-дар –ручки, жігіт-тер – джигиты.
2.Чередование гласных в окончаниях определяется правилами сингармонизма: если последний слог слова – твердый, то прибавляются суффиксы –лар, -дар, -тар. Например: ана-лар, қыз-дар, жас-тар. Если последний слог слова – мягкий, то прибавляются суффиксы –лер, -дер, -тер. Например: әке-лер, тіл-дер, жігіт-тер.
3.Чередование согласных в суффиксах множественного числа определяется законами прогрессивной ассимиляции. См.таблицу.
1.После гласных
-лар/-лер
2.После сонорных р, й, у
|
1.бала «ребенок», әке «отец», сай «овраг», дәптер «тетрадь», тау «гора» .
|
Бала-лар «дети», әке-лер «отцы», сай-лар «овраги», дәптер-лер «тетради», тау-лар «горы».
|
После сонорных л, м, н, ң
-дар/-дер
После звонких з, ж
|
1. мал «скот», қалам «ручка», сан «число», аң «зверь».
|
мал-дар «скоты», қаламдар «ручки», сан-дар «числа», аң-дар «звери», қаз-дар «гуси», қабат-тар «этажи».
|
После глухих согласных
-тар/-тер
После б, в, г, д
|
қазақ «казах», орыс «русский», мектеп «школа».
клуб «клуб», устав «устав».
|
қазақ –тар «казахи», орыс-тар «русские», мектеп-тер «школы»
клуб-тар «клубы», устав-тар «уставы».
|
1-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Қазақстанның тәуелсіздігі
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Заңда: "Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл үкімет билігіне ие болады, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес анықтап, оны жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде ҚР халықаралық деңгейге шығады, өзінің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын халықаралық құқық нормалары негізінде құрады", - деп жазылған.
Тәуелсіздік жарияланғаннан соң, бұрынғы Қазақ Республикасының аумағы тәуелсіз жаңа мемлекеттің аумағы деп танылды. Бұл аумақ бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды. Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттың азаматтары біртұтас Қазақстан халқы болып табылады. Барлық азаматтар ұлтына, шыққан тегіне, қызметіне, мекеніне қарамастан тең құқықтар мен бостандықтарға ие болды.
1993 ж. 28 ақпанда тәуелсіз ҚР Конституциясы қабылданды. 1995 ж. 30 тамызда Конституция уақыт талабына сай қайта қаралып, оның жаңа нұсқасы қабылданды. Конституцияның бірінші бабында: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары",- деп жазылған.
2-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.
Тәуелсіздік сөзінің мәнін қалай түсінесіз?
Саяси тәуелсіздік алған ел қандай мумкіндіктерге қол жеткізеді?
3-тапсырма. Оқыңыз. Аударыңыз. Сөйлем құрастырыңыз.
Демократиялық
Зайырлы
Құқықтық мемлекет
Дербес
Тәуелсіз
4-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып сөйлемдерді аяқтаңыз.
Керек сөздер: оның құқықтары мен бостандықтары, күллі аумақта бүкіл өкімет билігіне ие болды, дербес анықтайды, халықаралық деңгейге шығады, халықаралық құқық нормалары негізінде құрады, ешкім қол сұға алмайды, біртұтас Қазақстан халқы болып табылады, тең құқықтар мен бостандықтарға ие болды.
Ең қымбат қазына — адам және адамның өмірі, ...................................
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде .............................................
ҚР өзінің ішкі және сыртқы саясатын .........................................................
ҚР дербес мемлекет ретінде..........................................................
ҚР өзінің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын ........................................
Қазақстан аумағы бөлінбейді және оған ........................................
Қазақстанда мекендейтін барлық ұлттың азаматтары .............................
Барлық азаматтар ұлтына, шыққан тегіне, қызметіне, мекеніне қарамастан....................................
5-тапсырма. Сөйлем құрастырыңыз.
-
1991 ж. 16 желтоқсанда ...
1993 ж. 28 ақпанда ...
1995 ж. 30 тамызда ...
|
Конституция уақыт талабына сай қайта қаралып, оның жаңа нұсқасы қабылданды;
тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Конституциясы қабылданды;
ҚР мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды.
|
-ган, -ген, -қан, -кен соң тіркесі етістіктің түбіріне үндестік заңына сай жалғанады. Ол қашан? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: 1. Тәуелсіздік жарияланған соң ... .2. Конституция қабылданған соң ... . 3. Жаңа заңды бекіткен соң ....
6-тапсырма. ...-ган,-ген,-қан,-кен соң тіркесін пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз.
Заң қабылдау, ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыру, халықаралық деңгейге шығу, ... деп танылу, бөліну, ... деп табылу, үкімет билігіне ие болу, занды қайта қарау, Конституцияның жаңа нұсқасын қабылдау, ... деп жазу.
7-тапсырма. Қандай сөйлем дұрыс байланыспайды?
1. ҚР мемлекеттік саяси тәуелсіздік алған соң ...
• ішкі және сыртқы саясатын дербес анықтап жүзеге асыра бастады.
• дербес мемлекет ретінде халықаралық деңгейге шықты
• оның жаңа нұсқасы қабылданды.
2. Тәуелсіздік жарияланған соң, Қазақстан ...
• ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
• азаматтары ұлтына, шыққан тегіне, қызметіне, мекеніне қарамастан тең құқықтар мен бостандықтарға ие болды.
• демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде өркендеді.
8-тапсырма. Жоспар құрып, мәтін мазмұнын айтып беріңіз.
2-сабақ
ТӘуелдік жалғаулар (Притяжательная форма существительных)
В русском языке принадлежность одного предмета другому осуществляется при помощи притяжательного местоимения. Например: мой город, его книги и т.д.
В казахском языке притяжательные местоимения отсутствуют. Значение принадлежности передается путем присоединения к основам личных местоимений суффиксов родительного падежа -дың/-дің, -тың/-тің, -ның/-нің.
Единственное число
|
Множественное число
|
I. Мен «я»- менің «мой»
|
I. Біз «мы» - біздің «наш»
|
II. Сен «ты» - сенің «твой»
Сіз «Вы» - сіздің «Ваш»
|
II.Сендер «вы» - сендердің «ваш»
Сіздер «Вы» -сіздердің «Ваш»
|
III. Ол «он» - оның «его»
|
III.Олар «они» - олардың «их»
|
В отличие от русского языка, где притяжательные местоимение не согласуется с именем существительным в казахском языке личные местоимения обязательно согласуются с предметом принадлежности, т.е. к основе имени существительного прибавляются специальные притяжательные окончания. Личные местоимения могут опускаться, если на них падает логическое ударение. (менің) қала-м «мой город»; (сенің) дәптер-ің «твоя тетрадь».
Прибавление притяжательных окончаний подчиняется закону сингорманизма. Притяжательные окончания имеют созвучие с личными окончаниями глагола в настоящем времени. Их форма варьирует в зависимости от типа последнего слога основы (открытый - закрытый слог).
Основа оканчивается на гласный звук
|
Единственное число
|
Множественное число
|
I Менің қала - м «мой город»
|
I Біздің қала –мыз «наш город»
|
II Сенің қала - ң «твой город»
Сіздің қала - ңыз «Ваш город»
|
IIСендердің қала- ң «ваш город»
Сіздердің қала –ңыз «Ваш город»
|
III Оның қала - сы «его город»
|
III Олардың қала –сы «их город»
|
1-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
1.Наша семья смотрит телевизор. 2.Мой брат пьет чай. 3.Его мама идет в магазин. 4.Их молоток здесь. 5.Ваша тарелка там. 6.Ваша тарелка чистая. 7.Твои дедушка спит на диване. 8.Наше общежитие здесь. 9.Где Ваше общежитие?
Основа оканчивается на согласный звук
|
Единственное число
|
Множественное число
|
I. Менің дәптер-ім «моя тетрадь»
|
I. Біздің дәптер-іміз «наша тетрадь»
|
II. Сенің дәптер-ің «твоя тетрадь»
Сіздің дәптер –іңіз «Ваша
тетрадь»
|
II. Сендердің дәптер-ің «ваша
тетрадь»
Сіздердің дәптер-іңіз «Ваша
тетрадь»
|
III. Оның дәптер –і «его тетрадь»
|
III.Олардың дәптер –і «их тетрадь»
|
2- тапрсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
1.Это наш институт. 2.Мой друг Асан, твой друг Усен. 3.Ваша тетрадь на столе. 4.Чья это школа? –Это их школа. 5.Его дом здесь. 6.Вот Ваш стул. 7.Ваш друг - хороший молодой человек.
3-тапсырма. Сұрақ бойынша ой бөлісіңіз.
Қазақстанның ұлттық рәміздерінде не бейнеленген?
Олардың мән-мағынасын қалай түсінесіз ?
4-тапсырма. Мәтіннің мазмұнымен танысып шығыңыз. Ондағы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтап орыс тіліне аударыңыз.
Мемлекеттік Ту
1996 ж. 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары (рәміздері) туралы Президенттің Конституциялық Заң күші бар Жарлығы күшіне енді. Осы заңға сәйкес Қазақстаң Республикасының мемлекеттік нышандары: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, елтаңбасы және әнұраны болып табылады. Заңда Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан аумағында жүрген адамдар ҚР мемлекеттік туын, елтаңбасын, әнұранын құрметтеуге міндетті деп көрсетілген. Сонымен қатар занда мемлекеттік рәміздерді қорлағандардың ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылатындығы да айтылған.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының түсі — ашық аспан түстес зеңгір көк. Түрлі рәміздерде қолданылатын түстердің өзіндік мән-мағынасы болатыны белгілі. Осы тұрғыда алғашқы геральдистердің бірі Ансельм жасаған кестеге (ХVІІ ғ.) жүгінетін болсақ, көк түс адалдықтың, тазалықтың белгісі екен. Қазақстанның туы - бірыңғай көк. Ол мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді. Туда бейнеленген шуақты күн — байлық пен берекенің, қыран — еркіндіктің белгісі. Ал, туда салынған ұлттық ою-өрнек қазақ халқының өнерін, көркемдік танымын білдіреді.
-Мемлекеттік ту мемлекеттік мекемелерде, шетелдегі елшіліктерде, консулдықтарда, әскери теңіз кемелерінде, әуе кемелерінде және т.б. жерлерде тігіледі немесе орнатылады.
Мемлекеттік тудың барлық белгілері салынған жалаушалар келіссөз үстелдеріне қойылады. Ресми қонақтарды қарсы алғанда, оларды шығарып салғанда машиналарға қадалады.
5-тапсырма. Мәтінді пайдаланып сұрақтарға жауап беріңіз.
Мемлекеттік рәміздерге не жатады?
Қазіргі ҚР-дың рәміздері заң жүзінде қашан бекітілді?
Рәміздерге байланысты азаматтарға қандай міндеттер жүктелеген?
ҚР-дың мемлекеттік туының түсі нені білдіреді?
Туда бейнеленген нышандар нені білдіреді?
6-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен 10-15 сөйлем құрастырыңыз.
Мемлекеттік нышандар (рәміздер), Конституциялық Заң күші бар Жарлық, күшіне ену, заңға сәйкес, мемлекеттік елтаңба, Қазақстанның әнұраны, құрметтеуге міндетті, қорлау, қорлағандар, жауапқа тартылу, мемлекеттік тудың түсі, ашық аспан түстес зеңгір көк. Осы түрғыда, жүгіну, мемлекеттік тұтастық, бейнелеу, шуақты күн, берекенің, қыран, белгі, ұлттық ою-өрнек, көркемдік танымын, елшілік, әскери теңіз кемелері, әуе кемелері, жалаушалар, келіссөз үстелдері, ресми қонақтар, қадау.
7-тапсырма. Мәтінді пайдаланып сөйлемдерді толықтырыңыз.
ҚР-дың Мемлекеттік туының түсі...........................................
Бірыңғай көк түс – ......................................................
Туда бейнеленген шуақты күн – ......................., қыран .............................
Мемлекеттік ту .......................................
1996 ж. 24 қаңтарда Республика Президентінің ......................................................
............................................ заң күші бар Жарлығы шықты.
ҚР-дың азаматтары, ...................................., құрметтеуге .............................
................................................................жауапқа тартылады.
8-тапсырма. Сөз тіркестерін толықтырыңыз.
Президенті
....................
Қазақстан Республикасының .....................
.....................
...................
9-тапсырма. Бұлар ненің белгісі? Мәтінді пайдаланып жаубын жазыңыз.
Көк түс..................................................................................
Шуақты күн..................................................................................
Қыран.................................................................................
Бірыңғай көк түс..................................................................................
Ұлттық ою-әрнек...................................................................................
10-тапсырма. Үлгі бойынша мысалдарды өзгертіп, жұрнақтардың мәнін түсіңдіріңіз.
Ү л г і: Ту тігу — ту тікті – ту тігіп жатыр — ту тігеді — ту тікпекші
Жарлық шығару ................................................
Заң қабылдау......................................................
Күшіне ену..........................................................
Жауапқа тарту...................................................
11-тапсырма. Асты сызылған сөздер мен сөз тіркестеріне сұрақ қойып сұраулы сөйлем жазыңыз.
Мемлекеттік ту мемлекеттік мекемелерде, шетелдегі елшіліктерде, консулдықтарда, әскери теңіз кемелерінде, өуе кемелерінде жөне т.б. жерлерде тігіледі, орнатылады.
Мемлекеттік тудың барлық белгілері салынған жалаушалар келіссөз үстелдеріне қойылады.
Мемлекеттік ту ресми қонақтарды қарсы алғанда, оларды шығарып салғанда машиналарға қадалады.
12- тапсырма. ҚР мемлекеттік туының авторлары кім?
3-сабақ
Жіктік жалғаулар
(личные оканчания именных частей речи)
В предложении в функции сказуемого могут выступать не только глагол, но и именные части речи (имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение). Я- учитель. Он сильный. Если в русском языке в предложении именное сказуемое морфологически не изменяется, то в казахском языке оно принимает все признаки глагола: Например: Мен инженермін «Я - инженер». Сен үлкенсің «Ты большой».
Выступая в предложении в функции сказуемого, они принимают такие же личные окончания, как и глаголы.
Сравните:
В I лице ед.ч. к основе слова прибавляются окончания –мын/-мін, -бын/-бін, -пын/-пін, а во мн.ч. –мыз/-міз, -быз/-біз, -пыз/-піз в зависимости от того, на какой звук оканчивается основа слова.
Основа оканчивается на
|
Вариант окончания
|
1)гласный
-мын/-мін
2)л, р, й, у
-мыз/-міз
3)сонарные
|
Единственное число
|
Множественное число
|
1.Мен оқушы-мын «Я - ученик».
2.Мен үлкен-мін «Я большой».
3.Мен жақсы-мын «Я хороший».
|
Біз оқушы-мыз «Мы ученики».
Біз үлкен-біз «Мы большие».
Біз жақсы-мыз «Мы хорошие».
|
Основа оканчивается на
|
Вариант окончания
|
Звонкие согласные -бын/-бін
Кроме б, в, г, д
|
Единственное число
|
Множественное число
|
1.Мен қыз - бын. «Я девушка».
2.Мен жалғыз –бын «Я одинок».
|
Біз қыз-быз «Мы девушки».
Біз жалғыз-быз «Мы одиноки».
|
Основа оканчивается на
|
Вариант окончания
|
1.Глухие согласные -пын/-пін
2.б, в, г, д -пыз/-піз
|
Единственное число
|
Множественное число
|
1.Мен студент –пін. «Я студент».
2.Мен биолог- пын. «Я биолог».
|
Біз студент - піз. «Мы –студенты ».
Біз биолог-пыз. «Мы - биологи».
|
Отрицательная форма образуется путем прибавления личных окончаний в I и II лице единственного и множественного числа к отрицанию емес. Например: Біз студент емеспіз «Мы не студенты». Сендер жалқау емессіңдер «Вы не лентяи».
Сравните спряжение именных частей речи утвердительной и отрицательной форм:
1- тапсырма. Төмендегі сөздерді жіктеңіз.
Кезекте бесінші, ақылды (умный).
2-тапсырма. Сұрақ бойынша ой бөлісіңіз.
Қазақстанның елтаңбасында не бейнеленген? Олардың мән-мағынасын қалай түсінесіз?
3-тапсырма. Мәтінді оқып, жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз. Мәтінде сізді қызықтырған қандай мәлімет кездесті?
Елтаңба
Қазақстан Республикасының елтаңбасы шеңбер ішінде бейнеленген. Шеңбер тіршілік, шексіз өмір деген мағынаны білдіреді. Елтаңбадағы ең негізгі белгі — шаңырақ. Шаңырақ - киіз үйдің төбесіндегі күмбез тәрізді бөлігі. Оған уықтар шаншылады. Елтаңбада бейнеленген уықтар күн сәулесіндей айналаға тарап түр.
Қазақ халқында "Отан отбасынан басталады" деген мақал бар. Демек, шаңырақ отбасы, үй деген ұғымды білдіреді. Әлемдік геральдика тарихында шаңырақ - тұңғыш рет қолданылған бейне. Шаңырағы бар елтаңба бұрын тарихта болған емес.
Елтаңба композициясында - аймүйізді, алтын қанатты қос пырақ бар. Қос пырақтың қанаттары бір қарағанда, бауланған бидайға ұқсайды.
Қазақ — малсақ халық. Ат, жылқы, тұлпар — қазақ халқының тұрмысының негізі болған. Біле білсек, жылқы өз кезегінде адамзат өркениетінің дамуына ықпал еткен қой. Пырақтың мүйізі жеті буыннан тұрады. Жеті буың қазақтың "Жеті ата" ұғымын біддіреді. Жалпы қазақ халқы мүйізді ерекше қастерлейді.
Елтаңбада шаңырақ пен қос пырақтан басқа бес бұрышты жұддыз бейнеленген. Елдің аты алтын түсті әріппен жазылған.
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
ҚР-дың елтаңбасында нелер бейнеленген?
Шеңбер қандай мағынаны білдіреді?
Елтаңбадағы ең негізгі белгі деп нені атауға болады?
Геральдика тарихында алғаш рет қолданылған бейне қалай аталады?
Елтаңбада бұлардан басқа тағы нелер салынған?
5-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін оқып аударыңыз, олармен сөйлем құрастырыңыз.
Киіз үй, шаңырақ, күмбез, уық шаншу, қос пырақ, мүйіз, бауланған бидай, бес бұрышты жұлдыз, шеңбер, шексіз өмір, мағына, ұғым, малсақ халық, тұрмыс-тіршілік, адамзат өркениеті, тарихта болған емес, біле білсек, буын, қастерлеу, ұқсау, ықпал ету, бейнелеу, білдіру, алтын әріппен жазу.
6-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
ҚР-дың .................... шеңбер ішінде бейнеленген.
Шеңбер .................... деген мағынаны білдіреді.
Шаңырақ - киіз үйдің төбесіндегі күмбез тәрізді бөлігі. Оған уықтар ....................
Елтаңбада бейнеленген уықтар .................... айналаға тарап түр.
Қазақ халқында "Отан .................... " деген мақал бар. Демек, шаңырақ отбасы, үй
деген...................
Әлемдік геральдика тарихында шаңырақ - тұңғыш рет .................... бейне.
Шаңырағы бар елтаңба бұрын .................... болған емес.
Елтаңба композиниясында — .................... қос пырақ бар.
Қос пырақтың қанаттары бір қарағанда, .................... ұқсайды.
Қазақ – ................ халық.
Ат, жылқы, тұлпар — қазақ халқының ........................... негізі болған.
Пырақтың мүйізі жеті .................. тұрады.
Жалпы қазақ халқы ............................ ерекше қастерлейді.
Елтаңбада шаңырақ пен қос пырақтан басқа ............................ бейнеленген.
Елдің аты алтын..............................жазылған.
7-тапсырма. Бұлар ненің белгісі?
Шаңырақ.............................................................................................................
Ұлттық ою-өрнек...............................................................................................
Шеңбер................................................................................................................
Қыран..................................................................................................................
Бірыңғай көк түс................................................................................................
8-тапсырма. Дұрыс па? Бұрыс па?
ҚР-ның мемлекеттік туы шеңбер ішінде бейнеленген.
Шеңбер тіршілік, шексіз өмір деген мағынаны білдіреді.
Елтаңбадағы ең негізгі белгі — қыран құс.
Уық — киіз үйдің төбесіндегі күмбез тәрізді бөлігі.
Әлемдік геральдика тарихында шаңырақ - тұңғыш рет қодданылған бейне.
Шаңырағы бар елтаңба бұрын тарихта болған емес.
Мемлекеттік туда — аймүйізді, алтын қанатты қос пырак бейнеленген.
Қос пырақтың қанаттары бір қарағанда, күн сәулесіндей айналаға тарап түр.
Елтаңбада шаңырақ пен қос пырақтан басқа қазақтың үлттық ою-өрнегі бейнеленген.
Елдің аты зеңгір көк түсті әріппен жазылған.
9-тапсырма. Мәтін ішінен септік жалғауында тұрған сөздерді тауып, олардың қай септікте тұрғанын анықтаңыз.
10-тапсырма. Тиісті септік жалғауларын жалғаңыз.
Қазақстан Республикасы – ... елтаңбасы шеңбер іші – ... бейнеленген.
Шеңбер тіршілік, шексіз өмір деген мағына – ... білдіреді.
Елтаңба – ... бейнеленген уықтар күн сәулесіндей айналаға тарап түр.
Қазақ халқында "Отан от басы – ... басталады" деген мақал бар.
Шаңырағы бар елтаңба бұрын тарих – ... болған емес.
Қос пырақ – ... қанаттары бір қарағанда, бауланған бидай – ... ұқсайды.
Пыракгың мүйізі жеті буын – ... тұрады. Жеті буын қазақтың "Жеті ата" ұғымы – ... білдіреді.
Жалпы қазақ халқы мүйіз – ... ерекше қастерлейді.
11-тапсырма. Сөздердің тәуелдік жалғауда септелуінің өзгешеліктеріне көңіл аударыңыз. Кестедегі бос орынды толтырыңыз.
3-жақтың тәуелдік жалғауларынан соң
Мысалдар
|
кімге? неге? қайда?
|
кімді? нені?
|
кімде? неде қайда?
|
Күн сәулесі –
Халықтың тұрмысы –
|
-на, -не,-а,-е
|
-н
|
-нда, -нде
|
Ескерту* Жекеше түрдегі 1, 2-жақтың тәуелдік жалғауларынан соң барыс септіктегі сөздерге үндестік заңы бойынша ретімен болып жалғанады. Мысалы: 1. Мен тұлпар-ым-а мініп жолға шықтым. 2. Сен жеті ата-»-а дейін айтып бере аласың ба?
12-тапсырма. Мәтін ішінен тәуелдік жалғауда септелген сөздерді теріп жазыңыз. Олардың қай жақта және қай септікте тұрғанын анықтаңыз.
13-тапсырма. Кестеде берілген сөздерді тәуелді түрде септеңіз. Барыс, табыс, жатыс септігінде 10-15 сөйлем құрастырыңыз.
Атау
|
Ілік
|
Барыс
|
Табыс
|
Жатыс
|
Шығыс
|
Көмектес
|
Тіршілік
|
|
|
|
|
|
|
Өмір
|
|
|
|
|
|
|
Отбасы
|
|
|
|
|
|
|
Шаңырақ
|
|
|
|
|
|
|
14-тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз. Құрылған жоспар бойынша мазмұнын баяндап беріңіз.
15 тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1.Шуақты күн ненің белгісі?
а)адалдықтың,тазалықтың,
ә)байлық пен берекенің,
б)шексіз өмір,
в)еркіндік,
г)көркемдік таным белгісі.
2.Туда бейнеленген қыран ненің белгісі ?
а)шексіз өмірдің.
ә)адалдықтың.
б)тазалықтың.
в)еркіндіктің.
г)байлықтың.
3.Туда бейнеленген ою-өрнек қазақ халқының … білдіреді.
а)өнерін, көркемдік танымын.
ә)шексіз өмірді.
б)молшылықты.
в)байлықты.
г)берекені.
4.Бірыңғай көк түс қандай мемлекеттік идеяны білдіреді?
а)бөлектену идеясын.
ә)бәсекелесу идеясын.
б)бөлісу идеясын.
в)ажырасу идеясын.
г)тұтастық идеясын.
5.Көк түс ненің белгісі ?
а)шексіз өмірдің.
ә)бостандықтың және еркіндіктің.
б)Адалдық және тазалықтың.
в)байлық пен берекенің.
г)тұтастық және қосылу.
6.Елтаңбадағы шаңырақ қандай ұғымды білдіреді?
а)Пырақ жеті буыннан тұрады.
ә)Алтын қанатты қос пырақ.
б)Шексіз өмір.
в)Көркемдік таным.
г)Отбасы, үй.
7.Елтаңбадағы шеңбер қандай ұғымды білдіреді?
а)Шексіз өмір.
ә)Адалдықты.
б)Тазалықты.
в)Бостандықты.
г)Еркіндікті.
8.Туда бейнеленген қыран ненің белгісі?
а)Байлықтың.
ә)Бірліктің.
б)Еркіндіктің.
в)Тазалықтың.
г)Адалдықтың.
9. «Алғашқы» сөзінің синонимін табыңыз.
а)Артқы.
ә)Алдыңғы.
б)Шеткі.
в)Соңғы.
г)Бірінші.
10.Туда салынған … қазақ халқының өнерін, көркемдік танымын білдіреді:
а)Шеңбер.
ә)Шаңырақ.
б)Қос пырақ.
в)Қыран.
г)Ұлттық ою-өрнек.
4-сабақ
Септік жалғаулар
Падежи
|
Окончание корня или основы
|
гласные кроме у,й
|
сонорные у; й
|
сонорные носовые м, н, ң
|
глухие согласные и, б, в, г, д
|
звонки согласные ж,з
|
1.Именительный (атау)
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
2.Родительный (ілік)
|
-ның/
-нің
|
-дың/
-дің
|
-ның/
-нің
|
-тың/
-тің
|
-дың/
-дің
|
3.Дательный (барыс)
|
-ға/-ге
|
-ға/-ге
|
-ға/-ге
|
-қа/-ке
|
-ға/-ге
|
4.Винительный (табыс)
|
-ны/-ні
|
-ды/-ді
|
-ды/-ді
|
-ты/-ті
|
-ды/-ді
|
5.Местный (жатыс)
|
-да/-де
|
-да/-де
|
-да/-де
|
-та/-те
|
-да/-де
|
6.Исходный(шығыс)
|
-дан/-ден
|
-дан/
-ден
|
-нан/
-нен
|
-тан/
-тен
|
-дан/
-ден
|
7.Творительный (көмектес).
|
-мен/
-менен
|
-мен/
-менен
|
-мен/
-менен
|
-пен/
-пенен
|
-бен/
-бенен
|
1-тапсырма. Переведите на казахский язык.
1.Это дом Карима. 2.Комната Алии чистаяи светлая. 3.Я иду к другу Жанны. 4.Дочь сестры спит на диване. 5.Урок учителя хорош. 6.Тетрадь лежит на столе. 7.Родители Айжан разговаривают на улице. 8.Друг брата катается на коньках, на Медеу. 9.Семья бабушки смотрит телевизор.
2-тапсырма. Переведите на казахсий язык. 1.Мы идем к товарищу Гульнары. 2.Бабушка Жапара смотрит телевизор. 3.Друг Данияра читает стихотворение. 4.Смотри, это расческа девушки. 5.Окна дома большие. 6.Это ножка стола. 7.Мне нужна помощь Виктора. 8.Это работа Владимира.
3-тапсырма. Переведите на казахский язык.
Дети возвращаются из школы. 2.Мы делаем маленький домик из дерева. 3.Моя бабушка едет из аула. 4.Папа Омара делает красивое кольцо из серебра. 5.Ваша мама несет продукты из магазина. 6.Я еду от друга. 7.Возьми цветы у Марата. 8.Спроси у учителя. 9.Он несет учебники из аудитории. 10.Они возвращаются из гостей.
4-тапсырма. Мәтінді оқып, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіріңіз. Орыс тіліне аударыңыз.
ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан. Қазақстан Республикасының аумағы – 2724,9 мың. шаршы шақырым. Ол батысында және солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Елдің солтүстігі орманды, ал оңтүстігі таулы болып келген. Орталық Қазақстанды жазық дала алып жатыр. Қазақстанның Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария сияқты өзендері бар. Ең үлкен көлдері – Балқаш пен Зайсан, ал теңіздері – Арал мен Каспий.
Қазақстанның халқының саны – 16 миллионнан астам. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Елде жүз жиырмадан астам ұлттың өкілдері өмір сүреді. Қазақстанның елордасы – Астана қаласы.
Қазақстанның тарихы өте бай әрі қызықты. Оған дәлел-Қазақстанның Отырар, Тараз, Түркістан, Сарайшық, Баласағұн, Йассы, Алматы сияқты басқа да көне кенттері мен шаһарлары, басқа да тарихи-мәдени ескерткіштері.
Қазақстанның табиғи ресурстары мол. Әсіресе, түсті металл, темір, уран, көмір, мыс, мұнай және газ қоры мол.
Қазақстанда өнеркәсіптің металлургия, металл өңдеу, отын-энергетикасы, химия салалары ауыл шаруашылығының егіншілік, мал шаруашылығы салалары дамыған. Қазақстан – ғылымы мен мәдениеті дамыған ел.
5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Мәтінді оқу барысында өзіңіз үшін қандай жаңа мәлімет алдыңыз?
Мәтінде сізге бұрыннан білетін мәлімет бар ма?
Қазақстан туралы мәтінге қандай тың деректер қосар едіңіз?
6-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз. Аударыңыз. Олармен ауызша сөйлем құрастырыңыз.
Орталық, орталық бөлігінде, батыс-шығыс, аумағы, шаршы шақырым, жердің көлемі, ұланғайыр, Орталық Қазақстан, ең үлкен көл, теңіз, көп ұлтты мемлекет, халықтың саны, ұлттың өкілі, елорда, дәлел, көне кенттер мен шаһарлар, тарихи-мәдени ескерткіш, табиғи ресурстары мол,әсіресе, түсті металл, мыс, газ қоры, мол, өнеркәсіп, отын-энергетикасы, химия салалары, ауыл шаруашылығы, егіншілік, мал шаруашылығы, сала, өмір сүру, орналасу, шектесу, даму, металл өңдеу.
7-тапсырма. Дұрыс па? Бұрыс па?
1. Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан.
2. Қазақстан Республикасының аумағы – 2724,9 мың. шаршы шақырым.
3. Қазақстан халқының саны – 25 миллионнан астам.
4. Батысында және солтүстігінде Қытаймен, оңтүстігінде Қырғыстанмен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен, ал шығысында Ресеймен шектеседі.
5. Елдің солтүстігі – жазық дала.
6. Ал оңтүстігі таулы болып келген.
7. Қазақстанның Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария сияқты көлдері бар.
8.Ең үлкен теңіздері – Балқаш пен Зайсан, ал өзендері – Арал мен Каспий.
9.Қзақстан - көп ұлтты мемлекет емес.
10.Елде жүзжиырмадан астам ұлттың өкілдері өмір сүреді.
11.Қазақстанның елордасы – Астана қаласы.
8-тапсырма. Мәтінді пайдаланып толықтырыңыз.
Көне қалалары: Табиғи ресурстары:
_______________ __________________
_______________ __________________
_______________ __________________
Өнеркәсіп салалары: Ауыл шаруашылығы:
_______________ ___________________
_______________ ___________________
_______________ ___________________
9-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып 10-15 сөйлем құрастырыңыз.
Сүю, сүйіп өту, ағынды өзен, асқар тау, қасиетті, құдіретті, жәндік, қыбырлау, сыбырлау, кеуде, жарып шығу, бозторғай, шырылдау, биік, мәңгілік.
5 сабақ
Қазақ тіліндегі сұраулы сӨйлемдер
(вопросительные предложения в казахском языке)
Как и во всех других языках, в казахском языке есть два типа вопросительных предложений:
1.Специальный вопрос касается какого-либо конкретного члена предложения. Он образуется при помощи вопросительных слов. Например: Ол кім? «Кто он (она)?», Ол не? «Что это?» Бала қайда отыр? «Где сидит мальчик?»
Обратите внимание, что в русском языке вопросительное слово всегда стоит в начале предложения, а в казахском - в конце предложения или перед глаголом.
2.Общий вопрос касается всего предложения и образуется при помощи вопросительных частиц ма/ме, ба/бе, па/пе, которые пишутся раздельно и стоят в конце предложения. Например: Кітап бар ма? «Есть ли (у тебя) книги?»
Названные выше частицы соответствуют вопросительной частице русского языка ли, которая часто опускается в речи, что вовсе не характерно для казахского языка. Мынау кітап па? «Это книга?» Студент аудитория да отыр ма? «Сидит ли студент в аудитории?»
3.Ответ на общий вопрос может быть утвердительным иә «да» или отрицательным жоқ «нет»: Мынау кітап па? – Жоқ, мынау дәптер. Студент аудиторияда отыр ма? – Иә, ол аудиторияда отыр.
4.Анологичным образом, т.е. при помощи вспомогательных глаголов do (does), образуется общий вопрос в английском языке. Но в отличие от вопросительных частиц казахского языка вспомогательные глаголы в английском стоят всегда в начале предложения: Does the student sit in the auditorium? «Студент аудиторияда отыр ма?»
5.Хотя вопросительные частицы пишутся отдельно, они подчиняются правилам гармонии гласных и ассимиляции согласных.
1.Если слово, стоящее перед частицей, оканчивается на гласный или на р, й, у, л, то оно имеет форму ма (после твердого слога) или ме (после мягкого слога). Например: Ол Сәуле ме? «Это Сауле?» Дәптер бар ма? «Есть ли тетрадь?».
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Сіздің ана тіліңіз қандай тіл? Ол туралы не айтып бере аласыз?
Түркі тілдеріне қандай тілдер жататынын білесіз бе?
Қазақ тілінің тарихы туралы не білесіз?
2-тапсырма. Мәтінді оқып, жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |