коэффициенттер құрамына келесі коэффициенттерді қосу қажет: қаржылық
тұрақтылық, өтімділік, төлімділік, қызмет тиімділігі мен іскерлік белсенділігі,
нарықтық белсенділік, залалсыздық, банкроттық мүмкіндігі.
Егер
студент
тәжірибені
коммерциялық
банкте
өтсе,
келесі
коэффициенттерді есептеу қажет: актив сапасы талдауы, пассив сапасы
талдауы, пайдалылық, өтімділік, қаржылық тұрақтылық, нәтижелілік және т.б.
6.2.4 Дипломдық жұмыс тақырыбын сипаттайтын көрсеткіштер талдауы.
Бұл деңгейде студент дипломдық жұмыс тақырыбымен байланысты
материалдарды/мәліметтерді (есеп ерекшеліктері, шаруашылық операцияларын
құжаттық толтыру және т.б.) зерттеуі және талдауы қажет.
6.2.5 Зерттелетін кәсіпорында, ұйымдарда, банктерде, қаржылық
мекемелерде қолданылатын талдау әдістері мен аудит тәсілдері. Аудит
жүргізуді ұйымдастыруды (аудит жүргізуге негіздер, аудит бағдарламасы,
ақпараттық база, аудиторлық қорытынды және оның түрлері) қарастырып,
талдау және қорытынды жасау.
7 ТӘЖІРИБЕ
БОЙЫНШA
ЕСЕПТІҢ
МАЗМҰНЫ,
ЖАЗЫЛУЫ
БОЙЫНША ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ОНЫ ҚОРҒАУ ТӘРТІБІ
7.1 Күнделіктің жүргізілуі және тәжірибе қорытындыларының
рәсімделуі. Әрбір студент тәжірибенің бірінші күнінен бастап күнделік
жүргізеді, онда бір күнде істелінген жұмысын жазып отырады. Күнделікте
студент қай жерде жұмыс істегені көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, күнделіктен
жұмыстың мазмұны, өздік істелінуі және мүмкіндігінше қандай көлемде
істелінгені көрінуі қажет. Күнделік тиянақты толтырылады. Күнделіктегі жазба
күнделікті кәсіпорын (ұйым, мекеме, банк) бойынша тәжірибе жетекшісінің
қолымен бекітіледі.
Жұмыстың аяқталуымен кәсіпорын, банк, қаржылық мекемелер
бойынша тәжірибе жетекшісі жұмыс орынында студенттің тәжірибе деңгейін
тексеріп, күнделікке баға қояды, сонымен қатар студент жұмысы туралы өзінің
ескертулерін жазады. Тәжірибе аяқталуымен күнделік тәжірибе жетекшісі
қолымен және ұйым мөрімен бекітіледі.
Күнделіксіз тәжірибе есебі кафедраға қабылданбайды.
7.2
Тәжірибе
бойынша
есепті
құру.
Тәжірибе
аяқталуымен
тәжірибеленуші студент тәжірибе қорытындылары бойынша есеп жазады. Есеп,
студенттің сол кезеңдегі қызметін сипаттайтын, негізгі құжат болып табылады.
Есептің рәсімделуі үшін студентке тәжірибе соңында 2-3 күн бөлінеді.
Есеп келесі бөлімдерден тұруы қажет: титулдық бет, бағыттама-жолдама
мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі,
қосымшалар.
Титулдық бет А қосымшасына сәйкес рәсімделеді. Титулдық беттен
кейінгі бетке тәжірибенің өтуі үшін бағыттама-жолдама Б қосымшасына сәйкес
тігіледі.
Ол
студентпен
толтырылып,
кәсіпорын
бойынша
тәжірибе
жетекшісімен бекітілуі қажет. Содан кейін жұмыс мазмұны келтіріледі.
Кіріспеде тақырып маңыздылығы ашылады, тақырыптың жаңа ғылыми
және оқу әдебиеттерімен зерттелуі қарастырылады, зерттеу мақсаты мен
объектісі анықталады. Кіріспе 1-2 бетті қамтуы қажет.
Негізгі бөлім, әдетте, бірнеше бөлімдерден тұрып, тақырыпты толығымен
ашуы қажет. Ол студенттің зерттелетін кәсіпорынның есептік саясатымен,
заңдық
құжаттар
және
нормативті-құқықтық
актілермен,
әдебиетпен,
бухгалтерлік құжаттармен, кәсіпорынның есеп регистрлерімен, қаржылық
есептілігімен, статистикалық және нормативті көздерімен өзіндік жұмыс
істеуін болжайды.
Есептің бұл бөлімі істелінген жұмыс туралы мәліметтер, тәжірибе базасы
жайлы қысқаша сипаттама, оның өндірістік және экономикалық қызметінің
фактілік
жағдайының
талдауы,
оның
жұмысында
бухгалтерлік
есеп
элементтерінің,
принциптерінің/қағидаларының
және
функцияларының
қолданылуы, қорытындылар мен қосымшалар қамтылуы тиіс.
Есептің ең негізгі мазмұны болып студенттің тәжірибе кезіндегі өзіндік
жұмысының қорытындылары табылуы тиіс. Есеп тек қана кәсіпорынның,
банктің бөлімшелері міндеттері мен қызметтерінің сипатталуынан немесе
оқулықтар мен басқа әдебиеттерден алынған жалпы мәліметтерден тұрмауы
қажет. Есепте ұйымның басқарушылық және экономикалық қызметінің барлық
түрлерінің талдауы болуы міндетті.
Есеп заңдық, нормативті және нұсқаулық материалдар, жарғы және есепті
ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулықтарынан, ұйым қызметінің жылдық
есепті құжаттарының және т.б. негізінде құрылады. Ұсынылатын әдебиетер
тізімі әдістемелік нұсқаулар соңында көрсетілген.
Есепте барлық қажетті есептеулер, кәсіпорынның белгілі бір мерзімге (3-
5 жыл) сандық мәліметтері болуы тиіс.
Есеп
қорытындымен
аяқталады
және
жұмыс
бойынша
қысқа
қорытыныларды қамтуы қажет. Қорытындыда кәсіпорындағы есеп және аудит
жағдайына қысқаша бағалау беріледі және автордың ұсыныстары келтіріледі.
Енгізілетін ұсыныстар негізделген және нақтылы болуға тиісті.
Қолданылған әдебиеттер тізімі жұмыс кезінде қолданылған барлық
көздерді қамтуы тиіс.
7.3 Есеп текстік жағынан 25-30 беттен және оған қосылатын алғашқы
құжаттардан, есеп регистрлерінен, есептеулерден, кесте, схема, суреттерден
тұруы қажет. Есеп сауатты және түсінікті жазылып, талаптарға сәйкес және
тиянақты рәсімделуі керек.
Есеп А4 нысанындағы қағаздарда, Times New Roman-14пт шрифтімен
(қаріп-шрифт) жазылуы тиісті. Жолдар арақашықтығы – 1,5 интервалында.
Шектері (поля): сол жағы – 30мм, оң жағы – 10мм, жоғарғы жағы – 20мм,
төменгі жағы – 25мм-ден кем емес.
Беттердің
нөмірленуі
титулдық
беттен
басталады,
бірақ
оған
қойылмайды. Қосымшалар нөмірленбейді.
Параграфтар араб цифрларымен әрбір бөлім немесе тарау шегінде
нөмірленеді. Параграф нөмірі тарау немесе параграф нөмірінен тұрады.
Кестелер араб цифрларымен тарау шегінде нөмірленеді. Сол жоғарғы
бұрышта «Кесте» жазуы кесте нөмірімен қойылады. Мысалы, Кесте 2 - кесте
атауы, одан кейін оның мазмұны беріледі.
7.4 Тәжірибе қорытындыларын жасау. Тәжірибе аяқталуымен 3 күннен
кейін есеп кафедрадан тәжірибе жетекшісіне тексеруге беріледі. Есепке
қосылуы қажет:
- кәсіпорын бойынша тәжірибе жетекшісінің қолымен және мөрмен
бекітілген студенттің жұмысы туралы пікірі;
- мөрмен бекітілген, тәжірибе өту орны бойынша тәжірибе жетекшісімен
бекітілген күнтізбелік жоспар;
- тәжірибе өтуі туралы күнделік;
- тәжірибеленуші студенттің келуі және кетуі туралы белгісі бар
бағыттама;
- толтырылған алғашқы құжаттар және тәжірибенің жеке бағдарламасы
тақырыбы бойынша есеп регистрлері;
- өзіндік орындалған жұмыс материалдары.
Қойылған талаптарға жауап бретін жұмыс жетекшімен қорғауға
жіберіледі. Егер есепте бағдарлама сұрақтары толығымен ашылмаған болса,