Методические рекомендации по предупреждению и профилактике бытового насилия органами внутренних дел қостанай 2016



жүктеу 456,13 Kb.
Pdf просмотр
бет5/25
Дата19.11.2018
өлшемі456,13 Kb.
#20902
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

19
Əкімшілік  құқық  бұзушылыұ  туралы  кодексі «Еңбекке  қабілетсіз
жұбайын  асыраудан  бас  тарту» атты 79-6-бабымен  толықтырылды
(01.01.2015 ж. бастап  ҚР  ҚК-нің 139-бабы "Балаларын  күтіп-бағуға
арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке
қабілетсіз  ата-аналарын, еңбекке  қабілетсіз  жұбайын (зайыбын)
күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару").
Сонымен жаңа ҚР ҚК-ін қабылдағаннан кейін бұл норма тағы да
қылмыстық  əділет  саласына  енді, бірақ  экономикалық  зорлық-
зомбылықтан  қорғау  субъектілері  көбейді. Еңбекке  қабілетсіз
жұбайының (зайыбының) құқықтарын  қорғаудан  басқа  кəмелетке
толмаған  балаларға, еңбекке  қабілетсіз  балалар  мен  ата-аналарға
қатысты  экономикалық  зорлық-зомбылық  үшін  жауапкершілік
көзделді.
Тəжірибе  жүзінде  экономикалық  зорлықтың  бұл түрі өте  сирек
жасалады [5]. Алайда  қоғамдағы  экономикалық  зорлықтың  бар
екендігі дағдарыс орталықтарына көмек сұрап келгендердің санымен
дəлелденеді. Бұл  жағдайда  дағдарыс  орталықтарының  мамандары
психологиялық  жəне  заңдық  кеңес  береді, бірақ  тұрмыстық
зорлаушыны 
экономикалық 
зорлық-зомбылық 
үшін 
заңды
жауапкершілікке тарту іс жүзінде мүмкін емес.
ҚР  ҚК-нің "Балаларын  күтіп-бағуға  арналған  қаражатты  төлеу
жөніндегі  міндеттерді  орындамау, еңбекке  қабілетсіз  ата-аналарын,
еңбекке  қабілетсіз  жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға  арналған
қаражатты  төлеуден  жалтару" атты  жаңа 139-бабы  отбасының
экономикалық  мəселелерін  шешпейді, себебі  баптың  санкциясы 2
жылға  дейін  бас  бостандығынан  айыру  жазасын  көздейді. Осыған
байланысты «егер жауапты тұлға бас бостандығынан айыру орнында
болса, тұрмыстық  зомбылықтан  зардап  шеккен  адамдарды  кім
қамқорлығына алады?» деген өзекті мəселе шешілмей қалады.
2.4 Сексуалдық зорлық-зомбылық
Сексуалдық  зорлық-зомбылық  – адамның  жыныстық
бостандығына  қол  сұғатын  құқыққа  қайшы  қасақана  іс-əрекет,
сондай-ақ кəмелетке толмағандарға қатысты сексуалды сипаттағы
іс-əрекеттер.
Яғни  бұл  отбасы  мүшелерінің  біреуіне  қатысты  оның  еркіне
қарсы зорлап сексуалдық жанасу, сексуалдық кемсіту түріндегі, кейде


20
жыныстық  қатынасқа  мəжбүрлеу  мен  сексуалдық  əрекеттер (зорлау,
инцест) жасауға дейін баратын дəмешіліктің түрі [18, 68 б.].
Əкімшілік  заңнамада  сексуалдық  зорлық-зомбылықтың  қайсы
бір  көрінісі  үшін, оның  ішінде  тұрмыстағы  көрінісі  үшін,
жауапкершілік көзделмеген, сондықтан осындай құқық бұзушылықты
қылмыстық  юстиция  саласына  жатқызу  керек. Бірақ  Қазақстан
Республикасының
«Тұрмыстық
зорлық-зомбылықтың
профилактикасы  туралы» Заңға  түсініктемеде  заң  ғылымдарының
докторы, профессор  С.С. Молдабаев  сексуалдық  іс-əрекетке
мыналарды жатқызады:
- əйелге  жақпайтын, ұнамайтын  іс-əрекеттер  мен  ұсыныстар,
сексуалдықты қоса алғанда, яғни денесінің кез келген жерін сипалау,
қағу, шымшу, əйелді құшақтау, сүю, аялау жəне əйелдің қалауынсыз
басқа да тəн жанасуы;
- сөзбен  келемеждеу  немесе  əйелге  сексуалдық  сипаттағы
əзілдер айту [6, 26 б.].
Əлбетте, мұндай  қылықтар  қылмысқа  жатпайды, себебі
жоғарыда  аталған  іс-əрекеттер  ҚР  ҚК  Ерекше  бөлімінің  ешқандай
саралау  белгілеріне  келмейді. Сонымен  қатар «жеке  тұлғаларға
қорлап  тиiсу» сияқты  құқық  бұзушылықтың  саралау  белгісін
қамтитын  ҚРƏҚБК-нің 343-бабы (ұсақ  бұзақылық) бойынша  да
əкімшілік  жаупкершілікке  тартуға  болмайды. Себебі  тұрмыстық
қорлап тиісу азаматтарға емес, бұзақының отбасындағы бір мүшесіне
бағытталуы тиіс.
«Тұрмыстық харассмент», яғни тұрмыста сексуалдық дəмешілік,
үшін ҚР ƏҚБК-нің 73 бабы бойынша (Отбасы-тұрмыстық қатынастар
аясындағы  құқыққа қарсы əрекеттер) «қорлап  тиiсу» саралау  белгісі
бойынша  əкімшілік  жауапкершіліктің  жаңа  түрін  енгізу  назар
аударарлық жағдай.
Тұрмыстық 
сексуалдық 
зорлық-зомбылықтан 
Қазақстан
Республикасының  Қылмыстық  кодексінің  келесі  нормалары
қорғайды: зорлау (120-бап), сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық
əрекеттері (121-бап), он  алты  жасқа  толмаған  адаммен  жыныстық
қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де əрекеттер  жасау (122-
бап), жыныстық  қатынас  жасауға, еркек  пен  еркектiң  жыныстық
қатынас  жасауына, əйел  мен  əйелдің  жыныстық  қатынас  жасауына
немесе  сексуалдық  сипаттағы  өзге  де  əрекеттерге  мəжбүр  ету (123-
бап), жас  балаларды  азғындық  жолға  түсіру (124-бап), кəмелетке


21
толмаған  адамды  жезөкшелікпен  айналысуға  тарту (134-бап) жəне
тағы с.с. [4].


22
3. ІШКІ  ІСТЕР  ОРГАНДАРЫНЫҢ  ТҰМЫСТЫҚ  ЗОРЛЫҚ-
ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ АТҚАРАТЫН РӨЛІ
Азаматтардың  өмірі  мен  денсаулығына  қарсы  жасалған
қылмыстардың ішінде əр екінші кісі өлтіру мен ауыр дене жарақатын
салу  отбасы  жəне  өзге  де  тұрмыстық  қарым-қатынас  саласында
жасалады, ал  кейбір  аймақтарда  олардың  үлес  салмағы  едəуір  көп.
Демек, аталған  құқыққа  қарсы  əрекеттермен  күрестің  нəтижелілігі
негізінен құқық бұзушылықтың осы түрінің алдын алу тиімділігімен
айқындалады.
Ішкі  істер  органдары  отбасылық-тұрмыстық  саладағы  құқық
бұзушылықтың  алдын  алатын  алдыңғы  қатардағы  субъект  болып
табылады. Осы  қызметкерлер  бірінші  болып  тұрмыстық  құқық
бұзушылық  пен  қылмыс  жасалған  жерге  барады, құқық  бұзушыны
ұстайды, жеткізеді, құқық  бұзушыға  қатысты  қорғау  шешімдерін
шығарады, əкімшілік  құқық  бұзу  істерін  жүргізеді  жəне  қылмыстық
қудалауды  жүзеге  асырады. Полиция  қызметкерлері  өз  бетінше
немесе  өзге  де  құқық  қорғау  органдарымен  бірлесіп, тұрмыстағы
зорлықшыға  қатысты  жекелеген  алдын  алу  шараларын  орындау  мен
жүзеге асыруға қатысады.
Ішкі  істер  органдары  тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  алдын
алу  саласындағы  барлық  бағдарламалар  мен  құжаттарды  жасауға
жəне оларды ведомстволық деңгейде іске асыруға белсене қатысуда.
ҚР  Ішкі  істер  министрі 2014 жылғы 15 шілдеде «Ішкі  істер
органдарында  профилактикалық  есепте  тұратын  адамдарды
профилактикалық  бақылауды  жүзеге  асыру  жөніндегі  қағиданы
бекіту  туралы»  №  432  бұйрығына  қол  қойды.  Бұл  Қағидада
адамдармен ескерту жұмысын жүргізу механизмдері қарастырылған,
бұл аламдарға қатысты:
1) қорғау нұсқамасы шығарылған;
2) бос  уақытын  шектеу  жəне  мінез-құлқына  ерекше  талаптар
қою туралы шешім қабылданған [7].
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 23
маусымдағы  № 282 бұйрығымен  бекітілген  ІІО  учаскелік  полиция
инспекторлары  мен  олардың  көмекшілерінің  қызметін  ұйымдастыру
жөніндегі  қағиданың 6-қосымшамен  тұрмыс  саласында  құқық
бұзушылық жасаған адамдарға профилактикалық бақылау жүргізудің


жүктеу 456,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау