7
Е.В. Чердынцеваның пікірінше базалық құндылықтарды тәрбиелеу
мәдениеттанушылық,
әрекеттестік
және
тұлғалық-бағдарлы
секілді
көзқарастармен бірге іске асырумен басталады [10]. Мәдениеттанушылық
көзқарас балалардың тарихты, дәстүрлерді, өз аймағының мәдени
ерекшеліктерін тануға жүйелі түрде үңілуін және олардың бойында осының
негізінде құндылықты бағдарлардың қалыптасуын көздейді. Әрекеттестік
көзқарасы мектеп оқушыларының мотивациясын және түрлі пайдалы
өлкетанушылық қызметке қосылуына бағытталған. Бұл жағдайда қызметтің
жетекші түрлері ретінде проблемалық-құндылықты қатынас, жобалық,
зерттеушілік қызметтер шығады.
Сонымен қатар аксиологиялық, тұлғалық-бағдарлы, жүйелі-әрекетті,
дамытушы секілді көзқарастарды да атап көрсеткен жөн.
Аксиологиялық көзқарас бастапқы күйінде білім алушыларды балалар мен
жасөспірімдер ұйымының жағдайында құндылықты дамыту және тәрбиелеудің
тұтас жүйесін анықтайды, оның негізінде ең жоғары педагогикалық құндылық,
тұтас заманауи білімнің мәні мен базалық ұлттық құндылықтардың жүйесі
ретінде ұлттық тәрбиелік идеал жатыр. Көзқарастың тұжырымдамалық негізі –
адам, ол дүниедегі өзінің қызметін рухани идеалдардың, рухани
ұстанымдардың және моральдық нормалардың негізінде ұйымдастыруға
қабілетті субъект, базалық ұлттық құндылықтарды иеленуші.
Аксиологиялық көзқарас берік рухани-моральдық негіздерде ұйым
тіршілігінің құрылымын түзуге мүмкіндік береді.
Тұлғалық-бағдарлы
көзқарас
педагогтердің
назарын
ұйым
қатысушысының тұтас тұлғасына, оның тек зияткерлік, жауапкершіліктің
азаматтық сезімдеріне ғана емес, сонымен қатар эмоционалдық, эстетикалық,
шығармашылық талаптары мен балалар қозғалысында дамыту мүмкіндіктері
бар рухани тұлғаға да аударады.
Жүйелі-әрекетті
көзқарас
құндылықтардың
даму
үдерісінің
полисубъектілігін ескереді. Балалар ұйымына қатысты қолданысында ол жалпы
білім беру мектептерінің жетекші рөлінде, тәрбиелеу мен әлеуметтендіру
қызметінің түрлі субъектілерімен үйлесімділікті қарастырады.
Қазақстандағы құндылықтар жүйесінің стандарты ретінде «Мәңгілік
Ел» құндылықтары енгізілді.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінде
патриоттық тәрбиенің жеті қағидасы нұсқасында көрініс тапқан, өйткені
Қазақстанда нақты бағыт бойынша оқу, сыныптан тыс жұмысты тәрбиелік
қызметтегі барлық мүмкін құралдарымен күшейту өзекті мәселе болып отыр
[2].
Бұл қағидалар:
Мәңгілік Ел, бұл – Тәуелсіздік және Астана.
Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз.
Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі
ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
8
Біздің Отанымыз бір, ол – Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір –
тағдырымыз ортақ.
Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры
мыңжылдықтарға жалғасады.
Мәңгілік Ел, бұл – Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.
Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды
табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді.
Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен
өркениеттердің жаһандық сұхбатын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім.
Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып,
табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен
ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Елдің барлық табыстары мен жетістіктері – барша қазақстандықтардың
күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін
жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына
құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.
Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.
Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз.
Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті - Елдің
бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын
боламыз.
Біз – Үлкен Ел – Үлкен Отбасымыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстанның жалпы
әлемдік
және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан
қатысуы.
Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.
Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының
қасиетті парызы болып саналады.
Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің
халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев біздің еліміздің ұзақ мерзімді даму
әлеуеті шеңберінде абзал міндеттерінің бірі ретінде қазақстандық патриотизмді
қалыптастырудың міндеттерін айқындап берді.
Дамытушылық
тәсілдеме
психологиялық-педагогикалық,
коммуникативтік жағдайларды қолданумен сипатталады.
Педагог білім алушыға және оларға арналған отбасылық, әлеуметтік,
мәдени өмір, өз-өздеріне (соның ішінде: Отан, Отбасы, Мейірімділік, Заң, Ар-
намыс деген не? Ұлттық құндылықтардың базасы не?) деген оқытудың
мазмұнын, яғни құндылықтар сауал түрінде ұсынылған кезде дамыту мен
тәрбие берудің дамытушы сипатына қол жеткізіледі. Түсіну (сұраққа жауап
Достарыңызбен бөлісу: |