110
Сор – жазда тарылып қалатын тұзды, саяз суды белгілейді (Қарасор,
Алқасор – Қазақстанның солтүстігіндегі көлдер) [15].
Шаруашылыққа қолайлылық дәрежесі қазақ атауларында «жақсы»,
«жаман», «суық», «жылы», «тентек» сияқты анықтауыштар түрінде көрсетіледі.
Мысалы, Жезқазған өңіріндегі Жаманшұбар атауын «Шұбар» терминімен
анықталатын жайылым (сортаңды жолақтары бар жерлер) түрінің
қолайсыздығын сипаттайды. Жаманшілік атауын мал шаруашылығына
қолайлылығы тұрғысында сипаттасақ, «қолайсыз жайылым» деген мағыналық
жүктемеге ие болады. Осы атау кейде «отынға жарамсыз шілік өскен жер»
ретінде түсіндіріледі [16].
Білім алушылардың «Географиялық дерек көздері» тақырыбының 7.1.1.3
кодымен берілген мақсатына жеткендіктерін бағалау үшін берілген жетістік
критерийлерін қарастырайық, мысалы: оқулық мəтінін, картаны басқа да
дереккөздерін қолдану арқылы ұсынылған кестені толтырады, критерийі
бойынша мұғалім тарапынан берілетін тапсырма түрі төмендегідей болуы
мүмкін.
Тапсырма. Түрлі дереккөздерін қолдану арқылы Еуразия материгінің
географиялық нысандарын тауып, атауларын кестеге толтырыңдар
Географиялық нысандар
Атаулары
Теңіздер
Шығанақтар
Көлдер
Өзендер
Таулар
«
Картография және географиялық деректер базасы» бөлімін оқу кезінде
оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында келесі жұмыс түрін
ұсынуға болады. 1856 жылы ағылшын саяхатшысы Давид Ливигстон керемет
географиялық нысан ашты. Бұл нысанның кооррдинаталары 18
0
о.е. және 26
0
ш.б. екені белгілі.
Тапсырма.
1) Берілген координаталар бойынша керемет нысанды табыңдар.
(Виктория сарқырамасы)
2)
Бұл аралдың бірнеше атауы бар: Рапа-Нуи, Байгу, алайда оны
көбінесі басқа атаумен атайды. Берілген координаталардың көмегімен
картадан осы аралды табыңдар: 27
0
о.е. және 109
0
б.б. (Пасха аралы).
3) Мәскеу қаласының координаталарын анықтаңдар. (56
0
о.е. және 37
0
ш.б.).
Аталған нысандар түрлі ендіктерде орналасқан. Қалай ойлайсыңдар бұл
жерлерде жыл мезгілдері бірдей бола ма?
Тапсырма.
Жұмбақтың шешуін табыңдар. «Жер бар – қазуға болмайды. Жолдар бар –
жүруге болмайды. Өзендер бар – жүзуге болмайды». (Географиялық карта).
111
1) «Карта» ұғымына анықтама беріңдер.
2) Қай масштаб ұсақ: 1 : 10000 немесе 1 см – м 1 км?
3) Масштабы 1 : 100000000 картадағы экватордың ұзындығы қандай
болады?
4)
Физикалық картаның көмегімен Орал таулары мен Енисей өзенінің
арасындағы географиялық нысандарды анықтаңдар және топтастырып кесте
түрінде ұсыныңдар.
Географиялық нысандар
Атаулары
Көлдер
Өзендер
Таулар
Жазықтар
Ойпаттар
«Физикалық география» бөлімінің «Литосфера» бөлімшесі бойынша келесі
тапсырмаларды ұсынамыз.
Тапсырма.
1)
Мәтінді оқып, «литосфера» ұғымының анықтамасын шығарыңдар,
дәптерге жазып алыңдар.
Осыдан 56 жыл бұрын, ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында
ғалымдар скважинаның көмегімен жерді 15-18 км. тереңдікке
бұрғылау арқылы жер қыртысының техникалық мүмкіндіктерін
ашуға болатындығын негіздеген болатын. Өте терең скважиналар
қазу арқылы жер қойнауын зерттеу туралы шешім қабылданды және
бұл мақсатты жүзеге асыру үшін кен орындары бар бес нысан
таңдалып алынды. олар: Кола түбегі, Кура маңы ойпаты, Орал тауы,
Каспий маңы ойпаты, Курил аралдарының бірі.
1970 жылдың 25-мамырында Кола түбегінің Заполярный
қаласынан 8 километр қашықтықта 15 километрлік скважинаның
қазу жұмысы басталды және оның мақсаты Балтық кристалдық
қалқанының тереңдік қойнауларын зерттеу болды.
Осы зерттеу жұмысы барысында геология тарихының 3-тен 1,6
млрд. жылдарға дейінгі аралықты қамтитын, Жердің бұрынғы өткен
уақытына жататын тау жыныстарын зерделеудің бірінші мүмкіндігі
туындады. Температураның, қысымның және химиялық әсер етудің
нәтижесінде жер қыртысы қойнауындағы тау жыныстары түрлерінің
өзгеруімен байланысты метаморфтық зоналылық зерделенді. Бұл
жыныстардың құрамының және тереңдікке қарай олардың
физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары анықталды.
Ауқымды нақты материалдар негізінде бірінші рет ежелгі
кристалдық сілемдерде жер асты сулары мен газдардың бар екендігі
дәлелденді. Бұрғылаудың нәтижелері құрлықтық жер қыртысының
қойнауы пайдалы қазбаларға толы екендігін көрсетті.
112
Кола түбегіндегі аса терең бұрғылау барысында көптеген
геофизикалық
зерттеулер
жүргізілді,
бұл
жұмыс
Жердің
электромагниттік, акустикалық және радиациялық өрістің сипатын
анықтауға мүмкіндік берді. Тау жыныстарының физикалық
қасиеттерінің өзгеруі және жер қыртысында геофизикалық
шекараның қалыптасуы жер қойнауындағы температура мен жылу
ағынын сатылап өзгеруі сәйкес келетіні анықталды.
Алынған жан-жақты ақпаратты талдаудың негізінде геологияның
бірқатар проблемаларын шешу, Жер құрлысының нақты моделін
құрастыру және пайдалы қазбалардың кен орындарын анықтаудың
неғұрлым жетілдірілген принциптерін әзірлеу Кола түбегіндегі аса
терең бұрғылаудың басты мақсаты еді.
2) «Жердің ішкі құрылысы» диаграммасын құрастырыңдар.
Диаграммада планетаның жалпы көлеміндегі ядроның, мантияның
және жер қыртысының үлесін % көрсетіңдер (ядро 17%, мантия -
83%-
дай, жер қыртысы 1%-дан кем).
3) Неліктен мантияны Жердің негізгі бөлігі деп атайтындығын
түсіндіріңдер.
4) Жер қойнауында температураның қалай өзгеретіндігі туралы
ақпарат жинаңдар.
«
Атмосфера» бөлімшесі
Тапсырма. Қолайсыз атмосфералық құбылыстар.
1)
Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды анықтаңдар (қуаңшылық,
тұман, аяз, ыстық желдер, торнадо, қышқыл жауын т.б.).
2) Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың атауларының жанына
анықтамасын жазыңдар, мысалы:
Қуаңшылық ____________________________________________________.
Торнадо________________________________________________________.
Қышқыл жауын ________________________________________________.
3) Қазақстанда болатын атмосфералық қолайсыз және қауіпті
құбылыстарды анықтаңдар. Атауларын, анықтамасын, қалыптасу жағдайларын,
таралу аумақтары мен мезгілі туралы жазыңдар.
4)
Қазақстанда болатын атмосфералық қолайсыз және қауіпті
құбылыстардан сақтану шараларын ұсыныңдар.
5)
Озон тесігі, қышқылды жаңбырлар, жылыжай әсерінен туындайтын
экологиялық мәселелерді анықтап, алдын алу шараларын түсіндіріңдер.
6)
Терминдерді анықтамаларымен сәйкестендіріңдер:
Термин атауы
Анықтамасы
1. Тұман
А.
Диаметрі 75 м, ал жел жылдамдығы 64-177 км/сағ
болатындай, жер беті мен бұлттар тобы арасын қосатын
құйын
2. Үсік
Б. Ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизанталь
бағытта
қозғалуы.
Метеорологияның
негізгі
Достарыңызбен бөлісу: |