Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»



жүктеу 4,97 Mb.
Pdf просмотр
бет28/141
Дата09.01.2022
өлшемі4,97 Mb.
#31925
түріМетодические рекомендации
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   141
аәтд

ықпал  ететін  кескін-бейне  ретінде  қызмет  етеді.
 
Білім  берудің  қазіргі 
заманғы  жүйесі  оқушылардың  бойында  дербес  пайымды,  көзқарасты 
қалыптастыруға бағытталған. Сыни тұрғыдан ойлай білу оқушының пайымдық 
дамуын ынталандыратын педагогикалық технология болып табылады. Кластер  
және оның әдістерінің (тәсілдерінің) бірі. 
Сыни  тұрғыдан  ойлана  білу  ерекшеліктерінде  төмендегідей  үш  деңгей 
анықталған: 

 
 
сайысқа шақыру, 

 
 
ұғыну 

 
 
рефлексия. 
Бірінші  кезеңде  процеске  қатысатындардың  барлығы  белсенеді.  Оның 
мақсаты – тақырып бойынша бұрыннан қалыптасқан білім деңгейін іске қосып, 
қауымдасқан  қатар  қалыптастыру,  сұрақтар  қою  және  оның  жауабын  табу. 
Ұғыну фазасында келесі ақпараттармен жұмыс ұйымдастырылады: мәтінді оқу, 
алынған деректерді  ой  елегінен  өткізу  және  талдау.  Алынған білім рефлексия 
деңгейінде шығармашылық тұрғыдан қайта өңделіп, тұжырымдар жасалады. 
Кластер тәсілі аталған деңгейлердің кез келген дәрежесінде қолданылуы 
мүмкін. 
Сайысқа,  сөзталасқа  шақыру  кезеңінде  балалар  тақырып  бойынша  өз 
ойлары  мен  ұсыныстарын  білдіреді.  Ол  оқушылардың  танымдық  әрекеттерін 
ынталандырады,  қарастырылатын  тақырыпты  алдын  ала  ой  елегінен  өткізуге 
мүмкіндік береді. 
Ұғыну  кезеңінде  кластерді  қолдану  оқу  материалын  құрастыруға 
мүмкіндік береді.   
Рефлексия  кезеңінде  кластер  әдісі  алынған  білім  деңгейін  жүйеге 
келтіреді. 
Кластерды  сабақтың  жалпы  стратегиясы  ретінде,  сабақ  бойы  қолдануға 
болады.  Мәселен,  сабақ  басталған  кезде  оқушы  өзінде  бар  барлық  ақпаратты 
тіркеп  қояды.  Ақырындап,  сабақ  барысында  үлгіге  жаңа  мәліметтер  қосыла 
береді  және реті келсе  оларды  басқа  түспен белгілеу  керек.  Бұл  тәсіл  болжай 
білу, толықтыру, талдау және ең бастысын анқытау біліктілігін дамытады. 
Кластер  жер  планетасының  спутниктермен  байланысы  түрінде 
рәсімделеді.  Ортасына  басты  түсінік,  мәні  орналасады,  ал  оның  жан-жағына 


63 
 
ортаңғы  түсінікпен  сызық  арқылы  байланысқан  мәні  бар  ірі  бірліктер 
орналасады.  Оған  тақырыпқа  қатысты  сөздер,  сөз  тіркестері,  бейнелер, 
баламаларды орналастыруға болады. Ал планета «спутниктерінің» жан-жағына 
тақырыпты  толығымен  ашып  көрсететін  және  логикалық  байланыс  аясын 
кеңейте  түсетін  мәні  төмендеу  бірліктер  орналасады.  Бұл  жерде 
категорияларды нақтылау өте маңызды және оларды қарастырылатын материал 
мазмұнындағы ой-пікірлер мен деректер көмегімен негіздейді. 
Сабақты  ұйымдастыру  тәсіліне  қарай  кластер  тақтада,  парақ  бетінде 
немесе  дербес  тапсырмаларды  орындап  отырған  әрбір  оқушының  дәптерінде 
жазылуы  мүмкін.  Кластер  құра  отырып,  түрлі-түсті  бор,  қалам,  қаламсап, 
фломастер  қолданған  дұрыс.  Ол  жекелеген  сәттерді  бөліп  көрсетіп,  барлық 
ақпараттарды жүйеге келтіруге мүмкіндік береді. 
Кластерді  құру  бойынша  бірнеше  нұсқаулықтар  бар.  Оны  құрған  кезде 
барлық  нәрсені  мазмұндап,  ойға  келгеннің  барлығын  тіркеудің  қажеті  жоқ. 
Тіпті  қарайып  балаламалар  мен  ұсыныстар  болғанның  өзінде.  Жұмыс 
барысында  жаңсақ  немесе  теріс  пікірлер  түзетіліп  немесе  толықтырылуы 
мүмкін.  Оқушылар  өз  ойларын  ашық  та  батыл  айтып,  жұмыс  істеуді  барлық 
идеясы  аяқталғанша  жалғастыра  береді.  Мәндік  бірліктердің  көп  болуынан 
қорқудың  қажеті  жоқ,  реті  келсе  олардың  арасындағы  байланыстарды  құруға 
тырысу  керек.  Талдау  кезінде  барлығы  жүйеге  келтіріліп,  өз  орындарына 
тұрады. 
Кластер әдісін барлық дерлік сабақтарда қолдануға болады. 
Аталған  әдісті  қолданған  кездегі  жұмыс  істеу  формасы  әртүрлі  болуы 
мүмкін: дербес, топтық және ұжымдық. Ол алға жүктелген мақсат-міндеттерге, 
мұғалім  мен  оқушылардың  мүмкіндіктеріне  байланысты  анықталады. 
Кластердің  бір  түрінен  екінші  түріне  ауысуға  болады.  Мәселен,  сайысқа 
шақыру  деңгейінде  дербес  жұмыс  жүргізіліп,  әрбір  оқушы  дәптерінде  өз 
кластерін құрады. Келіп түскен жаңа білім мөлшеріне қарай, өздерінің сызған 
суреттері  және  сақтан  игерген  білім  деңгейіне  қарай  жалпы  үлгі  сызылады. 
Кластер  сабақ  кезіндегі  жұмысты  ұйымдастыру  тәсілі  ретінде  және  үй 
тапсырмасы  ретінде  қызмет  етуі  мүмкін.  Үй  тапсырмасын  орындау  үшін 
оқушылардың бойында белгілі бір тәжірибе болуы шарт.  

жүктеу 4,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау