Ф МД 16 - 2013
|
Методическая разработка открытого урока
|
Версия 01
|
стр. из
|
«Радиотехника және байланыс колледжі» КМҚК
БЕКІТЕМІН ОЖ директордың орынбасары _______________Т.В.Дружинина «__»________20__жыл
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән: «Информатика»
Тақырыбы: «Графикалық редактордың негізгі мүмкіндіктері мен қолданылуы. CorelDraw графикалық редакторы»
Мамандық: Байланыс технигі
Топ: 1 курс, 173 топ
Оқытушы: Нугманова М.Ж
ҚАРАЛДЫ
_______________ПЦК-ның отырысында протокол №__ «__»______20 __ж.
________ПЦК-ның менгерушісі _______ Ш.К.Кумашева
(қолы) (АЖТ)
КЕЛІСІЛДІ Колледж әдіскері _______________Ш.К.Кумашева «__»________20__жыл
Семей 2017 жыл
Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактордың негізгі мүмкіндіктері мен қолданылуы. CorelDraw графикалық редакторы. The theme of our lesson is CorelDRAW
Сабақтың жалғасуы: 90 мин.
Сабақтың типі: Білік, іскерлік, дағдыны дамыту, шыңдау және бекіту сабағы
Пәнаралық байланыс: физика, геометрия, математика
Көрнекіліктер: слайдтар, жұмыс дәптерлері, тест, таратпа материалдар
Сабақтың материалдық – техникалық қамтылуы: дәріс, проектор, ДК
Сабақтың мақсаты: Corel Draw бағдарламасы бойынша алған білімдерін бекіту және практика жүзінде қолдана білуге үйрету;
Сабақтың міндеттері
Білімділік: Студентерді CorelDRAW ішкі ортасымен таныстыра отырып, бағдарламада құжат құру, сақтау, өңдеу жолдары туралы білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Студенттердің эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып, жан-жақты болуға, ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Студенттердің векторлық графикамен жұмыс істеу принциптерін меңгерту арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, зертханалық жұмыс.
Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуларын тексеру.
Good morning students, sit down please.
Who is on duty today?
Who is absent?
What date is it today?
Бұрынғы алған білімді еске түсіру кезеңі (10 минут)
Компьютерлік графика дегеніміз не?
Глоссарий (4-12 слайд аралығы) арқылы сұралады.
Графика деген не? Графиканың түрлері?
Растрлық графикаға жататын бағдарлама.
Векторлық графикаға жататын бағдарлама?
Мотивациялау (5 минут)
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. Студенттердің CorelDRAW графикалық редаторының мақсаттары мен міндеттеріне тоқталу, қалай жұмыс жасау керектігіне тұсінік беру.
Сабақ сұрау кезеңі (15 минут)
Растрлық графика дегеніміз не?
Векторлық графика дегеніміз не?
Вектторлық графиканын артықшылығы мен кемшілігі
CorelDraw бағдарламасының көмегімен не істеуге болады?
CorelDraw бағдарламасын қалай іске қосамыз?
5. Берілген тапсырманы орындау үшін БІД еске түсіру (20 минут)
Сонымен CorelDraw бағдарламасы – негізі сызық немесе кез келген геометриялық фигура болып табылатын векторлық объектілерді өңдеуге арналған бағдарлама.
CorelDraw бағдарламасының жұмыс терезесі басқа графикалық редакторлардың терезесінен қатты ерекшеленбейді. Бағдарламаны алғаш іске қосқанда көрінетін терезе:
Запустить программу командасын таңдағанда құжат ашуға немесе құруға, сақталып қойылған шаблондарды пайдалануға мүмкіндік беретін тағы бір сұқбат терезе ашылады.
Векторлық графика CorelDraw редакторының жұмыс терезесінің негізгі элементтерімен танысалық. Бағдарламаның құжат форматы автоматты түрде Рисунок1.CDR деп сақталады.
Жұмыс терезесінің құрылымы:
Достарыңызбен бөлісу: |