Мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын



жүктеу 269,19 Kb.
Pdf просмотр
бет4/4
Дата17.11.2017
өлшемі269,19 Kb.
#778
1   2   3   4

4 бет

Бұланды таңы

29  сәуір 2016 жыл

Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігінде 2012 жылғы 30 мамырда тіркеліп, 

№ 12773-Г куәлігі берілген. Жарияланған мақалалардағы автор көзқарасы редакцияның 

ой-ұстанымын, пікірін білдірмейді. «Бұланды таңы» газетінде жарияланған материал-

дарды  сілтемесіз  көшіріп  басуға  болмайды.  Газет  редакция  компьютерінде  теріліп, 

қатталып, Көкшетау қаласы, ЖК «Старкова А. А.» баспаханасында офсеттік тәсілмен 

басылған. Көкшетау қаласы, Әуелбеков к., 98 үй.

Газет  құрылтайшысы  және  шығарушысы:  ЖШС 

«Бұланды Ақпарат».

Біздің қонысымыз: 

020500, Бұланды ауданы, 

Макин қаласы, С. Сейфул-

лин көшесі, 18 «б». Тел./

факс: 8 (716 46) 2-11-63. 

e-mail: vesti_bulandy@mail.ru.



                 Жауапты хатшы: Ж. ЗАНДЫБАЙ                                                                               

                                              Газетті беттеген: Қ. ЫСҚАҚОВ

Редактор

АЙГҮЛ 

АМАНЖОЛОВА

Аптасына  бір  рет,  жұма  күні  шығады. 

Таралымы: 400 дана. № 18 өтініш,

334 тапсырыс. Көлемі 1 баспа табақ.

Қараөзек 

орта 


мектебінің 

жанындағы 

«Балбөбек»  шағын  орталығында  мәнерлеп  оқу 

сайысы  болып  өтті.  Бұл  сайыс  Тәуелсіздігінің 25 

жылдығына және Қазақстан халық Ассембясының 

25  жылдығына  арналды. 3-5 жас  аралығындағы 

кішкентай бүлдіршіндердің таңдайлары тақылдап, 

оқыған өлеңдері өте тартысты  өтті. Ата-аналармен, 

ұстаздардың,  мектеп  оқушыларының  көңілінен 

шығып,  құдіретті  өлеңге  деген  көпшіліктің 

қызығушылығын  оятты.  Туған  елге,  туған  жерге 

арналған  бұл  сайыстың  Мақсаты:-Елін,  жерін 

сүю,  отанға  деген  махаббатты  күшейту.  Сонымен 

қатар, елін-жерін шын жүрегімен жырлаған  ақын-

жырауларды танытып, сәби күнінен ұлы тұлғаларға 

еліктетіп, қызықтырып, болашақ еліміздің жарқын 

ұрпақтарын  тәрбиелеу. 17 бүлдіршін  қатысқан 

бұл сайыста  әр бір  сәбиді жеңіпаз деуге тұралық 

болды.  Жас  сәбидің    риясыз  күлкісімен  шынайы 

образға кіріп, қабақтарын түйіп, қолдарын сермеп 

жүрек тұсын ұстап бірде қатты, бірде жұмсақ дауы-

спен  оқыған  өлеңдерді  көпшіліктің  жүректерін 

баурап,  кей  біреулері  толқығаннан  көздеріне 

жас  алды.  Отанның,  елдің,  жердің  ыстық  екенін, 

әр  бір  адамның  жүрегінен    орын  алып  жаттқаны 

байқалып-ақ тұрды.

Мысалы: Хызырбекұлы Сырым:

О, туған жер,

Кең пейіл, құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш ағыммен.

Сағынышымды қанатқып саған қарай,

Балапандай талпынып ұшамын мен.

Қазақстан  арманым,  Қазақстан,  Қазақстан-

деп шабыттана оқығанда көпшілік дүркірете қол 

соқты.

Съездқызы Ұлту:



Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі  маған  отан  деп  сыбырлаған,-  деп  өлмес 

мұра 

қалдырған 



ақындарымыздың 

өлеңін 


арқалана  оқыды.  Бірінен-  бірі  өткен  таланты 

сәбилердің  ешқайсысын  құр  қалтырмай  білікті 

де,  білімді  ұстаздардан    құралған    әділ  қазылар 

қатысушыларды «Ең үздік» орындаушы, «Шебер» 

орындаушы, «Көрермен  көзайымы», «Белсене 

қатысқаны»  үшін  номинациялармен  және  бағалы 

сыйлықтармен марапаттады. 

25-сәуірде  өткен  Аудандық  мәнерлеп  оқу 

сайысына  «Балбөбек»  шағын-орталығынан  «Ең 

үзік»  орындаушылары  қатысып,  бақтарын  сына-

ды.  Мұнда  Гончарук  Дарья 3-орын,  Берікболұлы 

Мадияр, Сьездқызы Ұлту «Белсене қатысқан» үшін 

марапатталып  сәби  жүректері  қуанып  қайтты.  Сөз 

соңында  кішкентай  бүлдіршіндердің  қуанышы 

құтты болсын демекпіз.

М. СОЛТАНҚЫЗЫ,

Қараөзек ауылы «Балбөбек»

шағын-орталығының тәрбиешісі. 

Бүлдіршіндер мəнерлеп жыр оқыды

Қылмыспен 

күресу 

жолында  ер  азаматтармен 



тең  болмаса  кем  қызмет 

етпейтін,  алайда  қызға 

тән  қылығымен  ішкі  істер 

қызметінің 

қиындығын 

жеңілдетіп,  мерейін  үстем 

етіп  жүрген  әйелдердің 

бағасы қаншада биік. Соңғы 

кезде 

ел 


тыныштығын 

сақтайтын  құқық  қорғау 

органдарында 

нәзік 


иыққа 

жұлдыз 


таққан 

әйелдер 


саны 

жиілей 


түскені 

белгілі. 

Соның 

ішінде  жауапкершілігінің 



жүгі  салмақты  полиция 

қызметкерлерінің 

бірі 

полиция  лейтенанты  Жанар  Нүркешқызы  Идрисова. 1984 жылы 



Ақмола  облысы  Қорғалжың  ауданы  Арықты  ауылында  дүниеге 

келген. Жанардың ішкі істер органдарына деген қызығушылығы 

әкесі  Нүркешпен  осы  бағыттағы  көркем  фильмдерді  жиі 

көргендігінен  басталған.  Сонымен  қатар,  жастайынан  Әлия  мен 

Мәншүк  батыр  қыздарымыздың  ел  аузындағы  ерлігінен  сусын-

дап өсті. Осы армандарын 11 жылдық мектепті аяқтаған соң 2001 

жылы Астана қаласы «Астана қаржы экономикалық колледжінде» 

заңгер  мамандығына  түсіп,  іске  асырды.  Алғашқы  жұмысын 

2003  жылы  Астана  ТИ-12  бақылаушы  қызметінен  бастаған. 

Ал, 2004 жылы  Астана  қаласы  ІІД  уақытша  ұстау  изоляторы-

на бақылаушы қызметіне жұмысқа орналасты. 2006 жылы ҚР ІІМ 

техника қызмет департаментінде техник қызметін атқарды. 2015 

жылы  Ақмола  облысы  ІІД  басшысының  бұйрығымен    Бұланды 

АІІБ есептік тәртіпті тіркеу қызметіне ауысып келді. Қазіргі таңда 

осы қызметте еселі еңбек етуде. Атқарартын қызметі есепке алу-

тіркеу  тәртібінің  бұзушылықтары  үшін  жазаланған  тұлғаларды 

есепке  алады.  Ай  сайын  салыстырма  тексеріс  актілері,  басқа  да 

сұраныстағы  құжаттар,  қызметтік  тексеріс  бұзушылықтарының 

ЕТТ бойынша есептік мәліметтерін құрып  ІІД штабына ұсынады.  

Осы  аз  уақыттың  ішінде  Жанар  Нүркешқызы  өзінің  жұмысына 

деген  талапшыл  әрі  жауапты  қызметкер  екендігін  жүктелген 

жұмыстарының жоғары нәтижесі арқылы дәлелдеп келеді. 

Ел тыныштығы үшін қажырлы еңбек етіп жүрген Жанардың алға 

қойған армандары асқақ. Жауапкершілігі ерен бұл саланың үздігі 

атанып,  өскелең  ұрпаққа  үлгі  болу.  Жанардың  жемісті  еңбегіне 

тоқталсақ,  ҚР  ІІМ  министрі  генерал-полковник  К.Касымов 2015 

жылы  Жанар  Нүркешқызына  ІІО  «мінсіз  қызметі»  үшін 3-ші 

дәрежелі  медальін  және  «ІІО  үздігі» 2-ші  дәрежелі  медальін 

табыстаған болатын.

Жанар  Нүркешқызы  осы  лауазымға  келер  алдында  бірнеше 

баспалдақтардан өткен. Полицияда қызмет атқару оңай емес. Ішкі 

істер органы болғасын ерлер немесе әйелдер болып бөлінбейді. 

Ереже тәртіп бәрімізге бірдей. Есептік тәртіпті тіркеу жұмысында 

ең бастысы шыдамдылық, қайсарлық, өжеттік керек.  

Жанардың  өз  мамандығын  қаншалықты  жақсы  көретінін 

аңғару  қиын  емес.  Өзінің  жұмысының  мәнін  терең  түсінеді.  Әр 

іске жауапкершілік, тиянақтылықпен қарайды.

Еңбек өтілі 11 жылдан бері қалтқысыз қызмет етіп кележатқан 

полиция лейтенанты. Полицияның қым-қуыт қызметі мен отбасы, 

бала тәрбиесін  ақсатпай қатар алып жүрген аяулы жан.   

Жанар  күйеуінің  сүйікті  әйелі  әрі  ұлы  Алиханды,  қызы  Адэля-

ны тәрбиелеп отырған сүйікті ана. Өзінің аналық және қызметтік 

міндеттерін  қатар  жолға  қойған  жан.  Жанар  жұмысында  қалай 

талапшыл  болса  ұлы  Алиханнан  білімді  де  солай  талап  етеді. 

Алихан 1-ші  сынып  оқушысы,  ал  Адэля  балабақшаға  барады. 

Анасының ішкі істер органдарында қызмет ететінін мақтан етеді.



Бұланды АІІБ.

Жаны нəзік, мінезі 

қайсар жан

Елбасымыз  Н.  Ә.  Назарбаев 

«Менің  ойымша,  қазақтардың 

қайталанбас 

этникалық, 

психологиялық  әлемі  әлі  жете 

зерттелмей,  зерделенбей  жатқан 

тылсым  дүние»,-  деген  болатын. 

Қазақ  жерінде  психологиялық 

ой-пікірлердің  үдере  дамуының 

басқа  Ортазиялық  ағайындарға 

қарағанда  өзіндік  ерекшеліктері 

бар.  Соның  ең  бастысы – бала-

жан,  ақкөңіл,  төзімді  халқымыз 

өз  ұрпағын  жақсы  адам,  абзал 

азамат  етіп  тәрбиелеуге  ерек-

ше 

мән 


берген. 

Тағы 


бір 

ерекшелігіміз  «мәдени  мұра» 

аясында  жарық  көріп  жатқан 

100  томдық    «Бабалар  сөзі». 

Еліміздің  атақты  психологиялық 

қоғамының  президенті,  психо-

логия 

ғылымдарының 



докто-

ры,  профессор  Мұқан  Перлем-

бетов, 

психология-педагоги-



ка 

ғылымдарының 

докторы 

Қазақстанға  еңбек  сіңірген  ғылым  және 

техника  қайраткері  Құбағұл  Жарықбаев 

«Неге  қол  жеткіздік,  нені  жүзеге  асыра 

алмай келеміз?» мақаласында айтылғандай 

Тәуелсіз 

Қазақстан 

жағдайында 

қазір 

жалпыадамзаттық 



құндылықтарға 

қол 


жеткізіп, біртұтас мәдени жүйе қалыптастыру 

үшін өткен жолымызды, шыққан тегіміз бен 

биігімізді  бағалай  білуіміз  қажет.  Өйткені, 

өткенін  бағалай  білмейтін  ел  келешегін 

де  болжай  алмайды.  Біздің  өткен  жолы-

мыз – Еуроазия  даласын  дүбірлеткен 

жасампаздыққа толы тарих.

Ата-бабаларымыздың 

күмбірлеген 

күйімен, жан тебірентерлік сыбызғы үнімен, 

асқақтата  салған  әсем  әнімен,  ғашықтық, 

лиро-эпос  жырымен, «қысқа  болса  да, 

нұсқа»  мақал-мәтелімен,  шешендік  сөз, 

айтыс,  жырларымен,  сан  ғасыр  бойы  өз 

ұрпағын, сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі де 

өнерлі, шындылық-адамгершілік ар-ожданы 

жоғары,  намысқор  азамат  етіп  тәрбиелеп 

келгені ақиқат.

Жақсысы  жаманы  қатар  жүрген  кешегі 

Кеңес  дәуірінде  біз  мыңдаған  жылдық 

тарихы  бар  тамырымыз – ұлттық  салт – 

дәстүрімізден, әдеп-ғұрпымыздан ажырап 

қалмағанбыз.Сол себептен ата-ана қадірін, 

тәлім-тәрбие, білімін беріп жатқан қадірлі 

ұстазымыздың  қадір-қасиетін  бүгіннен 

білгеніміз  абзал.  Келешек  жас  ұрпақтың 

қолында  дегендей  ертеңгі  күнге  сенімді 

көзбен  қарай  отырып,  біріншіден  ата-ана, 

ұстаздардың еңбегін түсінгеніміз жөн. Осы 

тұрғыда мектеп ұстаздарының, ата-ананың 

балаға  тигізіп  жатқан  еңбектерін  бағалай, 

көпшілікке  жариялай  отырып,  мұғалім, 

әрі ата- ана, күндіз түні еңбектене отырып, 

өзгенің  баласы  демей  өзінің  баласын-

дай  тәрбиелеп  білімін  бере  отырып  келе-

шек  ұрпақтан  ата-ана  мен  бірлесіп  ауыл 

мен  мектеп  абыройы  үшін  өз  өмірін  жан 

пида  етуге  дайын  ұстаздарымызды  айта 

кеткенді  жөн  деп  отырмын.  Өз  білімін 

бере  отырып,  баланың  психологиялық 

тұрғыда  қабілеттілігін  зерделей  білген 

өнер  саласында  тәлім-тәрбие  берген 

ән-күй 

пәнінің 


мұғалімі 

Сүйеніш 


Серікжанның 

жетекшілігімен 

ауданда 

өткен  байқауда  ән  айтудан,  күй  тартудан 

өздерінің  өнерлерін  паш  етіп  Әбдрайым 

Жания,  Мерген  Гүлжан,  Лебедов  Юрий, 

Сағымбаев  Ербол,  Өмірбеков  Әділбек 

сынды  талапты  оқушылары  қатысып 

екінші,  үшінші  орынды  иеленіп  қуанышқа 

бөледі.  Абай  атамыз  айтқандай  өнерді 

үйрен  де  жирен  деген  сөзін  негізге 

ала  отырып,  мектеп  ер  мұғалімдері  де 

аудандық  мәдениет  үйінде  өткізілген 

өнерпаздар байқауында Тәуелсіз еліміздің 

патриоттық  сезімін  оятатын,  адамға  руха-

ни күш беретін «Елім деп соққан жүрегім» 

әні  сөзін 2016 жылға  дейін  мектеп  дирек-

торы  қызметін  атқарған  Тілеубаев  Нүркен 

Найзабекұлы  жазып  және  мектептің 

көрнекті  ардагері,  композитор  әрі  әнші, 

осы  өлеңнің  әнін  шығарған  Данияров 

Сырлыби Төлебайұлының сүйемелдеуімен  

Молдабаев 

Манас, 


Аманқұл 

Марат, 


Бұланбай  Бергенбек,  Масалимов  Ардақ, 

Ермағамбетов 

Жұмағали, 

Нұрпейсов 

Ерлан  сынды  ұстаздарымыздың  орын-

дауы  жұртшылық  алдында  тағы  бір 

қырынан танылды. Осы байқауға қатысуға 

қолдау 


көрсеткен 

мектеп 


басшысы 

Мұхамеджаров 

Сейлбек 

Ухапұлына, 

мектеп  ұжымына  алғысымызды  айта-

мыз.  Тағы  сол  сияқты    мектеп  биоло-

гия  пәні  мұғалімі  бірінші  білікті  санатты 

ұстаз  еліне,  халқына,  тәрбиелеп  отырған 

шәкірттеріне  өзінің  білімін,  адамгершілік-

рухани байлығын бөлісе білген Тілеубаева 

Құралай  Бекмұратқызы  ауданда  өткен 

«Үздік  педагог -2016» байқауына  қатысып 

өзінің  педагог,  психолог,  ана  бейнесін 

көрсете  отырып,  алғыспен  мараптталып 

келді.  Және  де,  мектептің  орыс  тілі  мен 

әдебиет  пәні  мұғалімі    Камельинова  Фания 

Хикматуллақызы  биылғы  жылы  да  өзінің 

тәрбиелеп  отырған  ұрпақтарына  берген 

білімін 

Республикалық 

Олимпиаданың 

екінші  кезеңінде  (аудандық  олимпиада) 

дәлелдеп  отыр.  Ұстазының  еңбегін  есе 

жібермей бүгінгі шәкірті 10 сынып оқушысы 

Мерген  Айжан  үшінші  орынды  иеленіп 

келді.  Бұндай  жетістіктер  ата-анасының, 

ұстазының  кешегі  бабаларымыздың  келе-

шек  ұрпаққа  берген  тәлім-тәрбиесі  мен 

психологиялық  мәдениеттің  нәтижесі  деп 

айтуға  болады. «Адамның  жақсылығын  айт 

нұры  тасысын»,-  демекші  сәуірдің 17-сінде 

Камельинова  Фания  Хикматуллақызы  елу 

төртке толып отыр. Осы қуанышына шәкірті, 

осы  ауылда  дүниеге  келген  Қазақстан 

Республикасының  қоғам  қайраткері,  фило-

логия  ғылымдарының  докторы  бүгінде 

өмірде  өзі  болмаса  да  шығармашылық, 

адамгершілік,  рухани  байлығы  артын-

да  қалған  Тұрсынбек  Кәкішев  ағамыдың 

ізімен  келе  жатқан  мектеп  шәкірттерінің  

бірі 8-сынып  оқушысы  Әбдрайым  Әбдіәзім 

Маратұлы өзінің құттықтауын былайша өлең 

сөзімен жеткізгелі отыр.

Ұлағатты Ұстазымыз Ардақты,

Жарқын мінез, табанды, әркез салмақты.

Фания апай орыс тілі мен біздердің,

Арамызда алтын көпірін жалғапты.

Үйретіп бізге ережесін, мысалын,

Фания Ұстаз келеді сізге ұқсағым.

Болмасамда өскенде Ұстаз мен тегі,

Ұстананымыңызды өзіме биік ұстадым.

Сәуір айының он жетісі болғанда,

Жасыңыз елу төртке толғанда.

Құттықтап сіздің шәкіртіңіз,

Өлеңмен құттықтап барғанда.

Таңқаларсыз таңданбаңыз,

Әлі одан да асарсыз.

Әрине,  әлі  де  алда  биік  алынбаған 

қамалдар,  шығар  жоталар  бар  екендігі 

баршамызға  мәлім.  Сол  себепті    еліміздің 

болашағы  үшін,  Елбасымыздың  қазақ  жаста-

рына  артқан сенімін ақтау үшін бойымыздағы 

рухани 

азығымызды 



жеткіншек 

жеке 


тұлғаларға беруге шаршамай еңбектенейік. 

«Өзге жұрттың баласы да күндейді,

Өз еліңнің күшігі де үрмейді.

Кеудесінде сәулесі бар есті адам,

Өле-өлгенше тыныш өмір сүрмейді»- деп 

Абай  атамыздың  өлең  жолымен  аяқтағым  

келеді.

М. АМАНҚҰЛ,

«Тұрсынбек Кәкішев атындағы 

Алтынды орта мектебі» КММ-нің 

тарих пәні мұғалімі.

Ұстаз – ұлт мақтанышы

ТУҒАН ЖЕР

Туған жер кербез неткен керім еді,

Сен жайлы бәз біреулер не біледі?

Асқарында қалықтап күй-әуені,

Аспанында күн нұры төгіледі.

Туған жер,туған бесік,туған далам,

Сый тартады өзіңе жырдан балаң.

Көк өрімнің көктемі қайда кетті,

Жел қуып,жусан өбіп қырға аунаған.

Жадымда жатталған соң өлмес үнің,

Жүрегімде жыр болып қалды есімің.

Шанағынан күмбірлеп күй төгілді,

Туған жердің тербетіп тал бесігін.

Сен менің бақытымсың басымдағы,

Осынау ғажайып бір ғасырдағы.

Өмірде шалқып,күліп жүргенімде,



Өзіңнің арқаң деймін осының бәрі.

А. БЕРГЕНБЕК,

№ 5 ОМ 7-сынып оқушысы.

жүктеу 269,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау