Менің өмірімде және кәсібімде психологияның ролі



жүктеу 110,25 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.12.2023
өлшемі110,25 Kb.
#44640
Менің өмірімде және кәсібімде психологияның ролі



Менің өмірімде және кәсібімде психологияның ролі 
Психология адам өмірінің ажырамас бөлігі. Әр істе, күнделікті өмірімізде, 
кәсібімізде түрлі жағдайларға душар боламыз. Яғни түрлі таңдаулар 
жасаймыз, мақсатымызға ұмтыламыз, эмоциональды тұрақсыздыққа тап 
боламыз, адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында 
түсініспеушіліктерге кезігеміз. Осындай сәттер туындағанда біз 
психологияға жүгінеміз.
 
Психология, ең алдымен, адамның өзін-өзі жақсы түсінуіне, мінез-
құлқына, эмоциональді күйіне, санасының ашық болуына әсер етеді. Егер 
адам өз қалауын анық білсе, айналасындағы адамдарды жақсы түсінсе, ол 
туындаған проблемаларды сабырлы түрде, анализ жүргізу арқылы еркін 
ешеді. 
Менің түcінігімде пcихология- адамның ішкі pухани әлемінің ғылымы. Бұл 
ғылым адамдаpдың қоpшаған оpтаға деген қаpым-қатынаcын 
зеpттейді.Жалпы алғанда, адамдаp қаpым-қатынаcтарын зеpттеу үдеріcі өте 
қиын, cебебі түcіну қиын, әpбіp адамның ішкі әлемі еpекше жіне біpегей. 
Cондықтан психология адамның өміpінде маңызды pөл атқаpады. Бұл ішкі 
жеке мотивтеpді адамға жетелейтінін, оның мінез-құлқына және іc-әpекетін 
анықтауға көмектеcеді. 
Менің өмірімде психология негізгі рөл атқарады десем, артық айтпаймын, 
себебі менің жасаған әр таңдауым, алға ұмтылуым, кезіккен 
проблемалармен күресуім,қоршаған ортаның, айналамдағы адамдардың 
маған әсерін психология арылы еңсеріп жатырмын. Қарапайым 
мысалдармен қарастырайық. 
Біріншіден мен мақсатыма жетуде кедергілерге тап болдым, оның 
шешімін білмеймін. Егер мен эмоцияға беріліп, шеше алмаймын деп, 
шарасыздық танытсам, бастаған ісімді аяғына дейін жеткізе алмаймын , ал 
егер өзімді сабырға шақырып , сезіміме емес ақылыма жүгінер болсам, 
мен қандай қиындық болмасын еңсерер едім. 
Екіншіден, психология мені өз-өзімді жaқсы меңгеруге көмектеседі, aдамның 
жеке қaрым-қaтынасын тиімді түpде қалай қaлыптaстырaтындығын және ең 
бастысы, отбасы мүшелерімен және туыстарымен қaрым қaтынас жасауда 
пaйда болғaн қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Және де психология өз-
өзімді тaнуыма, қызығушылығым арқылы жақсы мамандық таңдауыма 
себепкер болды деуге болады. Яғни жеке тұлға болып қалыптасуымның 
алғашқы баспалдағын құрастыруымның көмекшісі болды. Егеp біpаз 
ойлансақ адамдардың өздері- психолог сияқты екен.Мысалы сіз біреумен 
таныссаңыз, сіз ол адамды сканерлеп, ой түйін жасаймыз, ол адам туpалы 
ойлаpымыз миымыздa жинақтaлады. Біз барлық әсерлерімізді жинап бір 
тиянақты ойға келеміз де біз оның тұтас бейнесін жасаймыз. Сол кезде біздің 
миымыз ұнайды/ұнамайды, онымен байланысты жалғастыру/ жалғaстырмaу 
туралы үкім шығарады деп ойлаймын. 
Адамдар арасындағы қарым-қатынас. Егер мен қатынасқа түсетін адамның 
эмоциялық күйін байқамасам, мысалға, мен мұңайып тұрған адамға өз 


проблемам жайлы айта берсем, ол мені тыңдағысы келмей кетеді, себебі 
өзі де қиындықтарға тап болып, мені ойлауға мұршасы жоқ. Осындай 
жағдайларда адамдар арасында түсініспеушілік туындап, ол келеңсіз 
жағдайларға алып келуі мүмкін. Бұндай жағдайларды болдырмас ұшін 
адамның өзін ұстауына, сөйлеуіне мән беріп, анализ жасау арқылы 
эмоционалды күйін анықтағаннан кейін ғана, белгілі бір мәселелерге 
қатысты сөз қозғау керек. 
Адамға физикалық әсерге қарағанда моральдық әсер ауыр тиеді. Себебі 
моральді әсер адамның жан дүниесіне жазылмастай ауыр жара қалдырады, 
тіпті кейбір жағдайларда өзін-өзі өлтіруге, яғни суицидке әкеліп 
соқтырады. 
Қоғамда, егер адам басқа адамдардан өзгеше болса немесе өзге көзқараста 
ұстанса, негативті ойларын білдіріп, тұлғаға моральді түрде шабуыл 
жасайды. Бұндай жағдайларға адам психологиясы төтеп бере алмаса, соңы 
қайғылы жағдайлармен аяқталуы мүмкін. Сол себепті адам психологиясы 
мықты, әрі берік болуы керек. 
Журналистика мамандығы психологиямен тығыз байланысты. Себебі 
журналистер адамдармен тікелей байланыста болады, түрлі стрессті 
ситуацияларға тап болады, оларға жан-жақты пікірлер, сыни көзқарастар 
айтылады. Журналистке осындай жағдайларға моральді тұрғыдан дайын 
болу керек. 
Мысалға, отбасында анасы бір баласынан айырылып қалды делік, 
журналистер анық-қанығын білу үшін анасынан мән-жайды сұрайды. 
Осындай кездерде қайғырып тұрған ананы сұрақ астына алу, журналистке 
қаншалықты қиын болса да, сезіміне ерік бермей жұмысын істеуге 
міндетті. 
Адам арасындағы қарым-қатынас кезінде де журналистер психологияға 
жүгінеді. Сұхбаттасып отырған адамға дұрыс сұрақ қоя алу, ситуацияны 
анализдеу сынды қасиеттерді игере алу керек. 
Бес саусақ бірдей емес дегендей, әр адам әр түрлі көзқараста болады. 
Журналистке сын-пікір айтылғанда оң қабылдап, эмоцияналдық күйін 
басқара алу керек. 
Қорыта айтқанда, қандай сала болсын, қандай мамандық болсын 
психологияға жүгінеді. Психологияны игеру арқылы өміріміз біршама 
жеңілдейді. 

жүктеу 110,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау