32
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
Тақырып№1
Кәсіпкерлік: түсінігі, оның негізгі түрлері және
ұйымдастырушылық нысандары
Кәсіпкерлік істің сан алуан түрлерін істің түріне қарай, меншік формасына
қарай, иелік етуіне қарай, ұймдастыру-құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық
түрлеріне қарай, жалдама еңбекті пайдалануына қарай, т.б. әр түрлі нышандары
бойынша классификациялауға болады. Солардың кейбіреуін алып қарастырайық.
Кәсіпкердің істі түріне немесе мақсатына қарай өндірістік, коммерциялық,
қаржылық, кеңестік (консультативтік) деп бөлуге болады. Аталған кәсіпкерлік істің
түрлері жеке түрде немесе бәрі бірге қызмет ете алады.
Меншік формасына қарай кәсіпорын мен оның мүлкі жеке меншік,
мемлекеттік, жергілікті, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктің (ұйымның) меншігі болуы
мүмкін. Мемлекет бұл жерде жоғарыда аталған меншік формаларына ешқандай
шектеуді немесе артықшылықты, басымдықты қоя алмайды.
Меншік иелерінің санына қарай кәсіпкерлік іс жеке немесе ұжымдық болуы
мүмкін. Жеке кәсіпкерлік істе меншік иесі жеке тұлға болып табылады. Ұжымдық
меншік жағдайында мүлік бірнеше субъектілерінің иелігінде болады және ол үлестік
меншік немесе жалпы меншік болып бөлінеді. Мүлікке иелік ету, пайдалану, басқару
меншік иелерінің келісімі негізінде жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік істің түрлерін өз кезегінде ұйымдастыру-құқықтық және
ұйымдастыру-экономикалық деп бөлуге болады. Ұйымдастыру-құқықтық кәсіптік іс
түрлерінің қатарына шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар, кооперативтер жатады.
Шаруашылық серіктестіктер (толық) – арнайы кәсіпкерлік іспен айналасуға
арнайыы құрылған тұлғалардың бірлестігі. Серіктестіктер кәсіпорындарды
ұйымдастыруға екі немесе одан да көп әріптестер шешім қабылдағанда құрылады.
Серіктестіктердің артықшылығы қосымша капиталды тартудың мүмкіндігінің болуы.
Сонымен қатар бірнеше меншік иелерінің болуы әріптестердің әрқайсысының білімі
мен біліктілігі кәсіпорын ішінде мамандануды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлік істің бұл түрінің кемшілігі – қатысушылар салым көлеміне қарамастан
толық материалдық жауапкершілікте болады.
Командиттік
серіктестіктерде
қатысушылардың
бір
бөлігі
толық
жауапкершілікте, ал екінші бөлігі шектеулі жауапкершілікте болады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер екеуден кем емесе азаматтардың немесе
заңды тұлғалардың кәсіпкерлік істі жүзеге асыруға керекті салымдарын біріктіруі
арқылы құрылады. Жауапкершілігі шектеулі қатысушылар өз салымының шегінде ғана
жауап береді. Ал капиталды басқарушылар өз мүлкіне толық жауапкершілікте болады.
Акционерлік қоғамдар – кеңінен таралған форма. Ұйымдасудың басқа түрінен
айырмашылығы акционерлік қоғамдар бағалы қағаздар – акцияны сату арқылы керекті
капиталды тарта алады. Бұл жерде қатысушы акционерлердің жауапкершілігі сатып
алған акциялардың жауапкершілігі сатып алған акциялардың шегінде ғана болады.
Акционерлік қоғам. Өзінің жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында
акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып табылады. Акционерлік
қоғамның акционерлері осы заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда оның
міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде
қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді. Қоғамның барлық
акцияларын бір акционер сатып алған жағдайда акционерлік қоғамды бір адамның
құруы немесе бір адамнан тұруы мүмкін. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық
болып та кездеседі. Ашық АҚ қатысушылары басқа акционерлердің келісімінсіз өз
акцияларын басқа біреулерге сата алады. Бұндай АҚ өздерінің шығарып жатқан
акцияларын еркін сата алады, сонымен бірге көпшіліктің назарына жыл сайын жылдық
Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым
33
есеп беруде, бухгалтерлік баланста пайда мен шығын есептерін жариялап отыруға
міндетті.
Жабық АҚ шығарылатын акциялар тек құрылтайшылар арасында немесе алдын
ала белгіленген тұлғалар арасында бөлінеді. Бұндай қоғамның шығарылатын
акциялары көпшілікке жарияланбайды.
Жабық акционерлік қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлерінің
акцияларын сатып алудағы мүмкіндіктері жоғары. АҚ-ның құрылтайшы құжаты –
қатысушылар бекіткен жарғы болып табылады. Оның ішінде жалпы мәліметпен бірге
қоғамның шығаратын акцияларының категориялық жағдайы, оның номиналдық бағасы
және саны көрсетілуі керек, қоғамның жарғылық капиталының мөлшері
акционерлердің құқығы, басқарушы органдардың құрамы мен міндеті және олардың
шешім қабылдау тәртібі болуы тиіс.
Кооператив - өндірістік және басқа да іспен бірлесіп айналысу үшін
тұлғалардың тобы бірігіп құрған кәсіпорын. Кооперативте оның мүшелері еңбек етуі
немесе басқа іспен айналысуы шарт. Сонымен қатар олар мүліктік, үлестік жарналарын
біріктіруі шарт.
Кәсіпкерлік
істің
негізгі
ұйымдастыру-экономикалық
формаларына
концерндерді, ассоциацияларды, косорциумдарды, синдикаттарды, картельдерді,
қаржылық-өнеркәсіптік топтарды жатқызуға болады.
Концерн – кәсіпорынға қатысу жүйесі арқылы бақылау жасайтын көп салалы
АҚ, кәсіпорындардың неғұрлым дамыған бірлестігі. Концерн өзінің бөлімшесі болып
табылатын әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.
Ассоциациялар – экономикалық тұрғыда дербес кәсіпорындардың,
ұйымдардың ерікті бірлестігі., қауымдастығы.
Ассоциация құрамына әдетте анықталған жерлерде орналасқан біртекті
мамандандырылған кәсіпорындар кіреді. Ассоциацияны құрудың негізгі мақсаты –
ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа
мақсаттарды бірлеспі шешу.
Консорциум – ірі қаржылық операцияларды бірлесіп өткізу мақсатымен
құрылған кәсіпкерлердің бірлестігі, шаруашылық жағынан тәуелсіз фирмалардың
уақытша одағы. (Мысалы, ірі өндірістік жобаға елеулі инвистициялауды жүзеге асыру).
Кәсіпкерлердің бір бірлестігі құралдарды ірі жобаға салым жасауға мүмкіндік береді,
бұл жерде ірі салым кезінде пайда болатын қауіп деңгейі елеулі төмендейді, өйткені
жауапкершілік көптеген қатынасушыларға бөлінеді. Ғылыми-техникалық революция
жағдайында консорциумдар жаңа салаларда және бірлескен ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізуді қарастырады.
Синдикат – бір саладағы кәсіпкерлерді өнімнің өткізілуіне артық бәсекелестікті
жою мақсатымен біріктіру.
Картель – бір саладағы кәсіпорындар арасындағы өнімнің қызмет бағасы, өткізу
нарыған бөлу жалпы өндіріс көлеміндегі үлес туралы келісім, кәсіпорындардың баға,
өткізу нарыға, өндіріс пен өткізім көлемі т.б. туралы келісім.
Кәсіпкерлік істің жаңа ұйымдастыру-экономикалық формасы ретінде қаржылық-
өнеркәсіптік топтар қызмет етеді. Олар өнеркәсіптік, банкілік, сақтандыру және сауда
капиталдардың, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың ақыл-ой
потенциалының бірлестігі болып табылады.
Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым