«Мен және менің болашақ мамандығым»
Мақсаты:оқушылардың мамандыққа деген ықыласын, қызығушылығын арттыру арқылы өз қалауын жасауға мүмкіндіктер туғызу. Мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, интерактивті тақта, плакат« Мамандықтар ағашы».
Оқушылар «Шеберлер» және «Кәсіпқойлар» атты 5 адамнан
екі топқа бөлінді.
1.Кіріспе сөз.
1-жүргізуші:-Қайырлы күн! «Мамандықтың бәрі жақсы»тақырыбында 3 «Е» сынып оқушылары арасындағы викториналық сайысқа қош келдіңіздер!Біз бүгін «Мамандықтың бәрі жақсы» атты сайыс және ойын түрінде сынып сағатын жүргіземіз.Топтармен танысайық.(музыка, 2 топ кіреді).
2-жүргізуші: Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Мамандық — дегеніміз не? Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық иесі болу үшін әдейі оқу керек. Өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу әрқайсыңның арманың.
Сендердің таңдауларың да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
1 – жүргізуші: Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:
1. Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицейлер, кәсіптік мектептер. Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.
2. Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.
3. Жоғарыкәсіптікбілім: ЖОО -ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұлоқуорындарына орта білімменжәнеарнаулы орта білімненкейінтүсугеболады.
Диплом жалақысыжоғары, тұрақтыжұмыстыңкепіліемес. Дегенмендипломсыз - ақжұмысжасауғаәбденболады. Тек олжұмысқадегенебіңізболса, болғаны.
2-жүргізуші: «Қазіргі заманның табысты мамандары».
1 – оқушы: Аниматор – суретке жан бітіруші. Мультипликатор – мультфильмдергеарналғансуреттерсалушы. 3D-аниматор – үшдеңгейліграфиканыөңдеуші дизайнер. Мұндаймамандармультфильмдердіжәнеарнайыэффектілер мен телевидениегеарналғанзаставкалардыжасайды. Қазіргітаңдакинолар мен мультфильмдер, телеарналаросынысыменөтімдіболыпотыр.
2 – оқушы: Витражист – көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.
3– оқушы: Декоратор – түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірімдеріне арнайы сурет, графика. Сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар. Бүгінде біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен жасалған. Ал шетелдік тетрлардың барлығы заманға сай көркемделуі арнайы мамандардың араласуымен жүзеге асады.
4-оқушы: Интерьер дизайнері – үйіміздегі немесе кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.
5-оқушы: Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп атауға болады. Бұл бірлікке қоюшы-суретші кіреді. Суретші кейіпкерге тән бет-бейнені жасап, режисермен тығыз байланыста жұмыс істейді.
1-жүргізуші: Мамандық таңдаудың 6 қадамы:
Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін.
Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық.
Мұғалім:
--Ендеше, балалар, ойынымыздың негізгі бөліміне көшеміз.
Викториналық сайыс 4 кезеңнен тұрады: 1 –кезең: Разминка «Миға шабуыл». Әр топқа конверт беріледі.
Уақыт- 3 мин.«Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр - сырын айту керек.
А, Қ, Д, М, Т әріптері беріледі.
2 – кезең: «Сәйкестендір».
-Төмендегі қасиеттер қай мамандыққа сәйкес келеді, дұрыс жауапты бағыт сызығымен байланыстыр
Тренер----------- тапқыр.
Дәрігер---------- әділ.
Мұғалім--------- өте ақылды.
Журналист----- шыдамдылық.
Механизатор----өз мамандығын жетік білу.
Құрылысшы------ой - өрісі жоғары.
Заң қызметкері---мейірімді.
Өнер иесі-----------мәдениетті.
3 – кезең: «Кім не істейді?».Тақтада 10, 20, 30 ұпайға теңұяшықтар беріледі. Топ таңдаған ұпай ұяшығын ашып, ондағы берілген мамандықтың сипаттамасына жауап берді. Берілген сұрақтар оқушыларға мамандықтар туралы қысқаша ақпарат алуға мүмкіндік береді.
«Адам-табиғат»
Қандай объектілермен жұмыс істейді: өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер.
«Адам – техника»
Қандай объектілермен жұмыс істейді: техникалық объектілер (машиналар, механизмдер), материалдар, энергия түрлерімен.
«Адам-адам»
Қандай объектілермен жұмыс істейді: адамдар.
«Адам-компьютер»
Қандай объектілермен жұмысі стейді: шарттыбелгілер, цифрлар, кодтар, нағыз немесе жасанды тілдер.
«Адам-көркем образ»
Қандай объектілермен жұмыс істейді: көркем образ, образды жасау тәсілдері.
-Тақтаға назараударыңдар. Ойын бірнеше бөлімнен тұрады. Әр топ ұяшықтарда жасырылған сұрақты таңдап алып кезекпен оларға жауап береді. Дұрыс жауап үшін тиісті ұпайалады. Егер жауап бере алмаса қарсылас топқа кезек беріледі.
-Іске сәттілейміз!
4 –кезең. Жұмбақтар. Топтарға мамандықтар жайлы жұмбақтар беріледі, олар тез арада қолды көтеріп жауап беріп отырады.Дұрыс жауап бергенге жұлдызша беріледі.
«Ең,ең..»
1. Ең ақшасы көп мамандық қандай? (бухгалтер, экономист)
2.Ең “жасыл” мамандық қандай? ( эколог, бағбан)
3.Ең “тәтті” мамандық қандай? (аспаз, кондитер)
4.Ең “күлкілі” мамандық қандай? (клоун, карикатурашы)
5.Ең жауапты мамандық қандай?(сот, бухгалтер)
6.Ең салмақты мамандық қандай? (мұғалім, заңгер)
7.Ең қарым – қатынасы күшті мамандық қандай?
(журналист, кәсіпкер)
5-кезең. Сөз кезегі топбасшыларға келді.Капитандар сайысы.(пантомима).Әр топтың басшысы қимылмен бір мамандықты көрсетеді. Қарсылас топ мамандықтың атын атау керек. Дәрігер,шаштаразшы,бухгалтер. Аспазшы,мұғалім,тігінші.
6 кезең. Ойын: «Қай мамандық иесі?» -жанкүйерлерге сұрақтар қойылады.
2- жүргізуші: Келесі кезекті «Менен сұрақ ,сендерден жауап!» бөліміне берсек.
- Тарағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Шаштараз)
- Қалағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)
- Ожауы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Аспаз)
- Күрегі бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Диқан)
III. Қорытынды.
1. Бағалау.
2. Рефлексия. «Өмірмен байланыс» бөлімі.
-Сонымен оқушылар, бүгінгі «Мамандықтың бәрі жақсы» атты сайыста жақсы маман иесі болу көп оқып, оны келешекте мамандық таңдауда дұрыс шешім жасауға пайдалануға ой түйдік.
-Бүгін біз қандай мамандықтармен таныстық?
-Өздерің өмір сүретін Әулиекөл селосына қандай мамандар қажет деп ойлайсыңдар?
-Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды атап, алдарыңдағы жапырақтарға жазып, « Мамандықтар ағашын» гүлдендірейік!
- Белгілі бір мамандықтың иесі болу үшін не істеуіміз керек?
1-жүргізуші:-Біз оқушылар еліміздің Тәуелсіздігінің тұғыры мықты болу ушін өз үлестерімізді қосуымыз қажет , бастауыш сыныптан бастап жақсы білім алып, 11 жылдық мектепті жақсы аяқтап қазіргі заманға лайықты мамандық иесі болуымыз қажет.
2-жүргізуші:
-Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта өмірге бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Болған соң елдің сәні біз
Үміт боп қалай жанайық
Қосылып қане бәріміз
Ұстазға , мектепке бір ән арнайық .« Мектебім» әні орындалады
ІV.Бағалау. Марапаттау.Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
Викториналық сайыстың нәтижесі бойынша екі топтың алған ұпайлары бірдей болады, сондықтан да достық жеңеді, ал оқушылар ойынға белсенді қатысқандары үшін мақтау қағазымен марапатталады.
Анықтама
Күні ____________
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен және менің болашақ мамандығым»
Тәрбие сағатының бағыты
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың мамандыққа деген ықыласын, қызығушылығын арттыру арқылы өз қалауын жасауға мүмкіндіктер туғызу. Мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағатына қатысқан оқушылар саны:_____
Тыңдалды: Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Сөйледі:Абдигалиев Есет: Мамандық таңдау-адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Себебі, адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Адам асқақ арманға, биік мақсатқа ұмтылады. Осы кез ұлы Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген сөзін қалайша естен шығарамыз? Әр мамандық өзінше тартымды, өзінше ерекше, қажетті болып саналады. Бірақ сол мамандықтардың ішінен жастардың өзіне сай мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететін отбасы мен мектеп мамандары да өздерінің ақыл-кеңесін ортаға салып, балаларды дұрыс бағыттап, тура жолға салып жіберсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Қорытынды: Ақылбекқызы Атика:Тәрбие сағатымыз викториналық сайыс түрінде өтті.Ең алдымен топтарға бөліндік.Кейін әр кезең бойынша тапсырмалар орындадық.Ең соңында оқушылар ойынға белсенді қатысқандары үшін мақтау қағазымен марапатталды. Тәрбие сағаты қызықты өтті
.
Сынып жетекшісі:Мендигарина М.Б Қолы:_______
Достарыңызбен бөлісу: |