23
қазыналық кәсіпорынын құру туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің № 1545 қаулысы шығып орталық өз жұмысын баста-
ды. «Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республика-
лық үйлестіру – әдістемелік орталығы» осылайша ашылды. Ал
облыстардағы оқыту орталықтарын ашу жөнінде не бір қаулы, не-
месе жарғы таппадық. Біздің сүйенетіндеріміз Қазақстан Респуб-
ликасының Мемлекеттік хатшысы О.Әбдікәрімовтің тапсырмасы,
ҚР Премьер-Министрі Д.Ахметовтің 2006 жылғы 30 маусымдағы
кеңесте берілген №24-5/007-425 хаттамасына сәйкес және Пре-
мьер-Министр кеңсе басшысы А. Тлеубердиннің 2006 жыл ғы 7
қыр күйектегі №24-5/007-425 (3-тармақ) хаттамасына сәйкес, Қа-
зақстан Республикасы Конституциясының 7-ші және 93-бапта-
рын орындау мақсатында және облыс әкімінің қаулысы негізінде
ашылдық. Соңғы кездері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
ұлттық бюросы, Тексеру комиссиялары, Прокуратуралардың тек-
серіс барысында қашан, қалай, қайтып деген сұрақтардың астына
алғанда мына заң бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз деп көр-
сететін құжатымыз жоқ. Мәселен, орталықтардың нормативтік-
құқықтық құжаттары болмағандықтан, қызметтік мәні дұрыс
анық талмады. Орталықтар Мәдениет және спорт министрлігінің
ұсы нысымен құрылса да, ҚР «Мәдениет туралы» заңында тілдің
мәдени құндылық екені көрсетілмеген. Мәдениет және спорт ми-
нистрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс коми-
тетіне Мемлекеттік бағдарламаның бірінші және үшінші бағыт-
тарының нысаналы индикаторларының орындалуы туралы есеп
беріп отырсақ та, Комитетпен тікелей құқықтық байланысымыз
жоқ. Бұл мәселелер министрліктің және Тіл комитеті басшыла-
рының алдында бірнеше рет көтерілген болатын, алайда шешімін
таппады. Республикадағы оқыту орталықтарының меншіктік
ұйымдық-құқықтық нысандары әртүрлі: мәселен, мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорын; жауапкершілігі шектеулі
серіктестік; коммуналдық мемлекеттік мекеме. Орталықтардың
меншіктік ұйымдық-құқықтық нысандарының әртүрлі болуынан,
оларға қойылатын талаптар да бірдей емес.
Орталықтардың ұйымдық-құқықтық нысанын, құрылымын, жұ-
мыс тәртібін реттейтін құжаттар (регламент), біліктілік талаптары
24
туралы бекітілген нормативтік-құқықтық құжат жоқ. Оқыту орта-
лықтарының құрылуына тек хаттамалық шешімдер ғана негіз бо-
лып отыр, ары қарай жұмысын реттейтін ресми құжат жоқ (қаулы).
Болашақта:
- Мәдениет және спорт министрлігі немесе Тіл комитетінің заң-
герлерінен құрылған комиссия оқыту орталықтарының құрылы-
мы туралы нормативтік құжаттарды анықтап, дұрыс шешімін та-
уып берсе;
- Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым ми-
нистрлігі бірлесе отырып, оқыту орталықтары педагогтарының
біліктілігін арттыру және аттестаттау мәселелерін шешу жолда-
рын қарастырса;
- Ересектерге тілдерді оқыту орталықтарының ұйымдық-құ-
қық тық нысаны, құрылымы, қызметтік мәні, функционалдық
міндеттері, біліктілік талаптары бойынша республика деңгейінде
Типтік ереже (типовые правила) бекітілсе.
- «Ш. Шаяхметов атындағы орталық заңды тұлға ретінде құ-
рылғандықтан, қалған орталықтар неге осы орталықтың фили-
алы болмасқа. Аталған мәселелерді үйлестіріп, бір жолға қою
– Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің
«Ш. Шаях метов атындағы Тілдерді дамытудың үйлестіру – әдіс-
темелік орталығына» жүктелсе деген ұсынысымыз бар.
Сөз соңында оқыту орталықтарының директорларына тағы бір
айтар ұсынысым бұл ұсынысты 11 жыл бойы айтып келемін Ор-
талықтардың меншіктік ұйымдық-құқықтық нысанын мүмкіндік
болса, Коммуналдық-мемлекеттік мекеме қылып қайта құрсаңыз-
дар, себебі жекешелендірудің екінші кезеңінде Орталықтарымыз-
дың жағдайы алдыңғы, былтырғы жылдардағыдай қайталануы
мүмкін.
Мемлекеттік бағдарламада көзделген нысаналы индикатор-
ларды орындау бағытында үлкен жұмыс атқарып жатқан оқыту
орталықтарының қызметін заңдық тұрғыда реттейтін норма-
тивтік-құқықтық құжаттардың қабылдануына ықпал етерсіздер
деген үмітпен сөзімді аяқтаймын.
25
А.Т.Әбдіхалықов
ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту
жөніндегі басқармасы
Тест тапсырмаларын қалыптастыруды
ұйымдастыру ғылыми-әдістемелік
зертханасының меңгерушісі
Ересек азаматтарға қазақ тілін оқыту әдіснамасын
стандарттау және жүйелеу мәселесі: ҚАЗТЕСТ тәжірибесі,
нәтижелер, статистика
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының
(бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) мемлекеттік тілді меңге-
рудің басым бағытын іске асыру үшін мемлекеттік тілді меңгер-
ген елдегі ересек тұрғындардың үлесін 2017 жылға қарай 80%-
ға және 2020 жылға қарай 95%-ға арттыру міндеті қойылған.
Аталған үлесті Қазақстанда азаматтардың мемлекеттік тіл – қазақ
тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ тапсырудың
нәтижелері арқылы анықтау белгіленген. ҚАЗТЕСТ жүйесі 2006
жылдан бастау алады, 2008 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысымен жүйені дамыту мен енгізу
тұжырымдамасы қабылданды. Жүйенің негізгі бағыты күнделік-
ті әлеуметтік ортада азаматтардың қазақ тілін қолдана білу дәре-
жесін анықтау, яғни қазақ тілінің функционалдық қолданысын
бағалау. Тілдің күнделікті тұрмыста қолданылу дәрежесін баға-
лау арқылы тіл меңгерудің көлемін білу әлемде кең етек жайған.
Атап айтсақ, ағылшын тілін білудің деңгейін анықтайтын IELTS
– (Ағылшын тілінен халықаралық тестілеу жүйесі), TOEFL (Ше-
тел тілі ретінде ағылшын тілінен тест) жүйелері, орыс тілі бойын-
ша TРКИ – (Шетел тілі ретінде орыс тілінен тест) жүйесі және
тағы басқа да жүйелер мен тестілеу бағдарламалары қолданыста.
Барлығының негізгі бағыттары ¬ тіл үйренушінің сол тілдердегі
ақпараттарды тыңдап немесе естіп түсіну, оқи білу мен сол тілде
Достарыңызбен бөлісу: |