Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс



жүктеу 113,12 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі113,12 Kb.
#3220
түріКонкурс

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында  ішкі конкурс

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-R-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

С-R-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі №158 бұйрығына сәйкес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы:


Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы

min

max

С-R-3

96607

129919

С-R-4

73229

99106


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, мекен-жайы: 050002, Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі, 5, анықтама телефондары: 8 (7273)82-34-84, факс. 382-35-56, электронды мекен-жайы: dzppalmaty@mail.ru, supalm@mail.ru «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурс жариялайды:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Медеу аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының Санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы (С-R-3 санаты, 1 бірлік, негізгі қызметкердің жалақысы сақталмайтын бала күту демалысы кезеңіне 01.06.2018 жылға дейін).

Функционалды міндеттері: Бөлімнің жұмысына басшылық ету. Бақылаудағы объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындалуын және орындалуын бақылау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуының талдауын, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), тағам қауіпсіздігі, техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, қоғамдық тамақтандыру технологиясы, стандарттау, сертификаттау және метрология), құқық.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Бостандық аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімінің басшысы (С-R-3 санаты, 1 бірлік).



Функционалды міндеттері: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Басқармада мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, тілдер туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Орындаушылық тәртіпті бақылау. Құжаттар бойынша ақпараттық-анықтамалықты қамтамасыз етуге байланысты жұмысты ұйымдастыру. Статистикалық есептілікті ұйымдастыру және санитариялық-эпидемиологиялық монторингілерді, ісқағаздарын жүргізу, азаматтардың арыздарымен және өтініштерімен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттандыру жүйесі, есептеуіш техника және бағдарламалық жасақтама, биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)), тағам қауіпсіздігі.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Алатау аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты, 1 бірлік, негізгі қызметкердің жалақысы сақталмайтын бала күту демалысы кезеңіне 09.05.2019 жылға дейін).

Функционалды міндеттері: Энтомологиялық мәселелер бойынша ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс. Өкімдер, бұйрықтар және сұраулар бойынша ақпарат дайындау. Трансмиссивтік аурулардың (безгек, кене энцефалиті және басқалар) тасымалдаушыларын энтомологиялық қадағалауды жоспарлау және ұйымдастыру. Анофелогендік су қоймаларын паспорттау бойынша жұмыс жүргізу. Ісқағаздарын және мониторингілеуді ұйымдастыру және жүргізу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Энтомологиялық мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету, жаратылыстану ғылымы (биология), білім (биология) немесе ортадан кейінгі: медицина білімі барларға рұқсат етіледі.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларының Санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты, 2 бірлік, оның ішінде):

- Бостандық аудандық басқармасы – 1 бірлік (негізгі қызметкердің жалақысы сақталмайтын бала күту демалысы кезеңіне 01.03.2019 жылға дейін);

- Түрксіб аудандық басқармасы – 1 бірлік (негізгі қызметкердің жалақысы сақталмайтын бала күту демалысы кезеңіне 13.10.2017 жылға дейін).

Функционалды міндеттері: Бақылаудағы объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау және орындау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуының талдауын, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындауға қатысу. Ісқағаздарын және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету, тағам қауіпсіздігі, құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша), қоғамдық тамақтандыру технологиясы, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы), тағам өнімдерін өндіру немесе ортадан кейінгі: медицина білімі барларға рұқсат етіледі.

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Алатау аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты, 1 бірлік).

Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің іске асырылуын бақылау. Азаматтардан келіп түсетін арыздарының, өтініштерінің, депутаттық сауалдардың орындалу сапасын бақылау. Еңбек тәрітбін нығайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын бақылау және орындау. Құқықтық жалпы оқыту жүргізуді ұйымдастыру. Әкімшілік практиканы жүргізу. Әкімшілік әрекет шараларын қолдануды бақылау және талдау. Басқарманың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттандыру жүйесі, есептеуіш техника және бағдарламалық жасақтама, биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, қоғамдық тамақтандыру технологиясы, тағам өнімдерін өндіру, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы, стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)), тағам қауіпсіздігі, білім (информатика, құқық және экономика негіздері, қазақ тілі және әдебиеті, гуманитарлық ғылымдар (филология, аударма ісі) немесе ортадан кейінгі: құқық, медициналық білімі барларға рұқсат етіледі.

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Медеу аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты, 1 бірлік, негізгі қызметкердің жалақысы сақталмайтын бала күту демалысы кезеңіне 06.10.2017 жылға дейін);

Функционалды міндеттері: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Құзыретінің шегінде нормативтің құқықтық актілердің жобаларын қарауға қатысу. Құзыретінің шегінде басқарма алқасының талдау материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының, қаулыларының жобаларын дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету, тағам қауіпсіздігі, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, қоғамдық тамақтандыру технологиясы, тағам өнімдерін өндіру, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы, стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)), білім (құқық және экономика негіздері), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе ортадан кейінгі: медицина, құқық бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген бекітілген нысан бойынша өтініш, тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурсында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, почта бойынша немесе хабарландыруда көрсетілген электронды почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы жіберген құжаттары қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны олардың әңгімелесуге жіберілгендігі туралы кандидаттарды хабарландыру күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ-де өтеді. Аталған лауазымға орналасқан тұлғалар үшін көтермелеу шығыстары төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.


жүктеу 113,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау