Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 337,9 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі337,9 Kb.
#1662

16.01.2015 редакциясында

Жарияланған: "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 27.01.2015 ж.;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 қаңтарда № 10111 тіркелді
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) мемлекеттік органның интернет-ресурсында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енізіледі.



Министр

Е. Досаев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі

__________ Б. Сұлтанов

2015 жылғы 16 қаңтар

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары


1. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» (бұдан әрі - Заң) 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға берудің, оның ішінде тендер өткізудің, сенімгерлік басқарушылармен шарттар жасасудың және сенімгерлік басқару шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам, оның міндеттері жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындау, сондай-ақ ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру болып табылады;

2) баланс ұстаушы – объекті жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;

3) басқару органы – акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган;

4) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган;

5) нарықтық құн – кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушының бағалау туралы есебі негізінде айқындалатын объектінің құны;

6) объект – мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешені, бағалы қағаздар, жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, жылжымайтын мүлік, мемлекетке тиесілі ақша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда сенімгерлік басқару шартының объектісі болып табылатын өзге мемлекеттік мүлік;

7) сенімгерлік басқарушы – мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

8) тендер – мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы үшін ең үздік шарт талаптарын ұсынған тендерге қатысушылардың бірімен оның ұсынған бастапқы шарттарының негізінде мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы шарт жасасуға міндеттенетін объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі сауда-саттық нысаны;

9) тендер жеңімпазы – тендерлік комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шарттарды ұсынған тендерге қатысушы;

10) тендерге қатысушы – тендерге қатысуға жіберілген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;

11) тендерлік комиссия – мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін құрған комиссия;

12) шарт – мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы мен сенімгерлік басқарушының арасында жасалған объектіні сенімгерлік басқару шарты.

2. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру тәртібі

3. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы қабылдайды.

4. Кейіннен сатып алу құқығымен объектіні сенімгерлік басқару тағайындалған жағдайда, тендер өткізіледі.

5. Объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру, мыналарды:

1) объектіні заңды тұлғалардың жарғылық капиталын төлеуге беруге дейінгі Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның заңды тұлғаның жарғылық капиталын төлеуге беру туралы шешімі болған кезде;

2) баланс ұстаушылардың жазбаша келісімінің негізінде жүзеге асырылатын, алаңы бір жүз шаршы метрге дейінгі үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, қалдық құны бір бірлігіне бір жүз елу еселенген ең төменгі есептік көрсеткіштен аспайтын жабдықты беру;

3) стратегиялық объектілерді, сондай-ақ меншігінде стратегиялық объектілері бар заңды тұлғалардың акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) беру;

4) жылжымайтын мүлік объектілерін және халықаралық келісімдерді іске асыру үшін құрылған акционерлік қоғамдардың акцияларын беру;

5) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді беру;

6) қылмыстық-атқару жүйесі мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының балансында бекітілген объектілерді беру;

7) заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) дербес білім беру ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және оның жүйесіне кіретін заңды тұлғаларға беру;

8) ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін автомобиль жолдарын (учаскелерін) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға беру;

9) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор акцияларының мемлекеттiк пакетiн беру жағдайларын қоспағанда, тендерлік негізде жүзеге асырылады.

6. Осы Қағидалардың 5-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда, объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру объектіні сенімгерлік басқаруға беру өтінімі (бұдан әрі – өтінім) негізінде жүзеге асырылады.

Өтінім мынадай құжаттарды:

1) заңды тұлғалар үшін:

салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, куәліктің көшірмесін не мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе көрсетілген құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;

салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы) көшірмелерін немесе көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;

өтінім берген күннің алдындағы соңғы үш айдан астам мерзімде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары бойынша, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтамалардың түпнұсқаларын;

2) жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін не көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;

3) дара кәсіпкер үшін – салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін не көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін, өтінім берген күннің алдындағы соңғы үш айдан астам мерзімде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтамалардың түпнұсқаларын ұсына отырып, объектінің атауын, оның баланс ұстаушысын, сондай-ақ объектіге қажеттілік негіздемесін көрсетумен еркін нысанда ресімделеді.

7. Объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру кезінде объектіні сенімгерлік басқаруға беруге өтінімді мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы он бес жұмыс күн ішінде қарайды.

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы үш жұмыс күні ішінде объектіні сенімгерлік басқаруға беруге алынған өтінімді баланс ұстаушыға келісуге жібереді. Өтінімге қоса берілетін құжаттар баланс ұстаушыға жіберілмейді.

Баланс ұстаушы жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысына жазбаша түрде келісімді немесе объектіні сенімгерлік басқаруға беруден бас тартуды ұсынады.

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру немесе бермеу туралы өтінімді қарау нәтижелері туралы өтінім берушіні хатпен хабардар етеді.

8. Объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру кезінде сенімгерлік басқарушымен мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға өтінім берілген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей шарт жасайды.

3. Объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау

9. Басқару органы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысына акциялары (үлестері) не мүліктік кешені объекті болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, соңғы үш қаржы жылындағы қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпаратты, объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсыныстарды және тендерге қатысушыларға қойылатын талаптарды береді.

Өзге объектілер бойынша басқару органы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысына объектінің сипаттамасын, объектінің баланстық құны туралы мәліметтерді және объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсыныстарды және қызметінің ерекшелігін ескере отырып тендерге қатысушыларға қойылатын талаптарды ұсынады.

10. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ акциялары мен жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестері сенімгерлік басқаруға беру объектісі болып табылатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың лауазымды адамдары мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының жазбаша сұрауы бойынша олар белгілеген мерзімде объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау үшін қажетті мәліметтерді жеті жұмыс күні ішінде береді.

4. Тендер өткізуге дайындық

11. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы сенімгерлік басқаруды тағайындау мақсатында:

1) тендер ұйымдастырады (тендерлік комиссияның құрамы мен жұмыс регламентін бекітеді, тендерге қатысушыларды тіркейді, ақпараттық хабарламалардың жариялануын қамтамасыз етеді);

2) кепілдік жарналарды қабылдайды;

3) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні бағалауды жүргізуге шарттар жасасады;

4) тендердің өткізілу барысын бақылауды жүзеге асырады;

5) тендерге қатысушылармен және бағалаушылармен тендер өткізу рәсімдеріне байланысты есептеулерді жүзеге асырады;

6) сенімгерлік басқарушымен шарт жасасады;

7) объектіні сенімгерлік басқаруға беруге байланысты өзге де функцияларды жүзеге асырады.

12. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы тендерлер ұйымдастыру және өткізу үшін тұрақты тендерлік комиссия құрады.

Тендерлік комиссияның құрамына мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының, басқару органының өкілдері немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің (келісім бойынша) өкілдері енгізіледі. Төраға мен хатшы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының өкілдері болып табылады. Тендерлік комиссия құрамының саны кемінде бес адамды құрайды. Хатшы тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды.

13. Тендерлік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) тендердің шарттарын айқындайды;

2) кепілдік жарнаның мөлшерін бекітеді;

3) тендер өткізеді;

4) тендер жеңімпазын жариялайды.

14. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерді ұйымдастыруға және өткізуге қажетті құжаттарды дайындайды және тендерлік комиссияның хаттамасын ресімдейді.

15. Тендерді өткізуге дайындық кезінде мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы объект туралы ақпарат жинауды, ақпараттық хабарламаның уақтылы жариялануын қамтамасыз етеді, тендерге қатысуға өтінімдер қабылдауды және тіркеуді, бағалауды (объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) жүргізеді, келіп түскен материалдарды тендерлік комиссияның қарауына береді.

5. Тендерлік құжаттама

16. Тендер өткізу туралы ақпараттық хабарлама тендер өткізудің жарияланған күніне дейін кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын, ал акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру кезінде – тендерді өткізгенге дейін кемінде отыз күнтізбелік күн бұрын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады, әрі мынадай мәліметтерді:

1) тендердің шарттары мен тендер жеңімпазын айқындау критерийлерін;

2) тендер объектісінің қысқаша сипаттамасын;

3) тендерді өткізу күнін, уақыты мен орнын;

4) тендерге қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың тәртібін, тәсілін, орны мен соңғы мерзімін және тендерге қатысуға өтінім қолданысының талап етілетін мерзімін;

5) кепілдік жарнаның мөлшері мен оны енгізу үшін банк деректемелерін (кепілдік жарнаның мөлшері ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертілмейді);

6) сенімгерлік басқарушыға қойылатын талаптарды;

7) мемлекеттік басқару органы ұсынған қосымша мәліметтерді қамтиды.

17. Тендерлік комиссия тендердің шарттарын өзгерткен жағдайда, барлық өзгерістер туралы хабарлама осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде жарияланады.

Тендердің шарттары өзгергені туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан тұлғаларға осы қатысушының деректемелерін көрсете отырып, тендерге қатысушы кепілдік жарнаны қайтару туралы өтінім берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей кепілдік жарналар қайтарылады.

18. Ақпараттық хабарлама жарияланғанға дейін мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы акциялары (қатысу үлестері) немесе мүліктік кешені сенімгерлік басқару объектісі болып табылатын әрбір заңды тұлға бойынша мынадай құжаттардың көшірмелерінен тұратын құжаттар топтамасын дайындайды:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама;

2) жарғы;

3) эмиссияны тіркеу туралы куәлік (акционерлік қоғамдар үшін);

4) есепті кезеңнің алдындағы үш жылдағы қосымшаларымен бухгалтерлік баланстар;

5) мемлекеттік мүлік тізілімінен үзінді көшірме.

Ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы тендерге қатысушы болуға тілек білдіргендерге объект туралы ақпаратқа, ал баланс ұстаушы объектіні тексеруге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

19. Тендерге қатысушылар тендер өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мөлшерде, мерзімде және тәртіппен кепілдік жарнаны енгізеді. Кепілдік жарнаны қатысушының өзі немесе оның атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы кепілдік жарнаны алушы болып табылады.

20. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна әрбір объект үшін оның нарықтық құнының (объектіні сатып алу құқығымен берген жағдайда) немесе баланстық құнының (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) үш пайызы мөлшерінде жеке белгіленеді.

21. Кепілдік жарна қатысушының мынадай міндеттемелерді қамтамасыз етуінің кепілі ретінде енгізіледі:

1) жеңген жағдайда тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;

2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысымен шарт жасасу міндеттемелерін қамтамасыз етуі болып табылады.

22. Осы Қағидалардың 17-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тендерге қатысушылар тендердің өткізілуіне кемінде үш күнтiзбелiк күн қалғанға дейін оған қатысудан бас тартқан жағдайда, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы оларға кепілдік жарнаны қайтармайды.

23. Осы Қағидалардың 22 және 41-тармақтарында тізбеленгеннен басқа, қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар тендерге қатысушы, осы қатысушының деректемелері көрсетіле отырып, берген кепілдік жарнаны қайтару туралы өтінішті тапсырған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады. Тендерге қатысушылардың кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініштері мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының шотына жарналар түскеннен кейін қабылданады.

6. Тендерді өткізу

24. Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.

25. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша тендерге қатысушы тендер жеңімпазы деп жарияланған жағдайда, оның жазбаша, ақпараттық хабарламада көрсетілген және тендерге қатысушының өзі ұсынған тендер талаптарында шарт жасасу міндеттемесін білдіретін мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға өтінімді;

2) басқа құжаттардан бөлек желімделген конвертте тендерге байланысты құжаттаманы қоса бере отырып, жазбаша түрде тендер шарттары бойынша ұсыныстарды;

3) тендер жарияланған күннен кейін берілген анықтаманы берген күннің алдындағы үш айдан астам созылатын тендерге қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк (банк филиалы) алдында мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы банктің (банк филиалының) қол қойылған және мөр басылған (электронды цифрлық қолтаңба) анықтамасының түпнұсқасы. Егер әлеуетті қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама ұсынылады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебін;

5) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

6) жарғының нотариат куәландырылған көшірмесін немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсына отырып, жарғы көшірмесін ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттарын мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен ұсынады;

7) тендер жарияланған күннен кейін берілген, үш ай бұрын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда) тиісті салық органының қол қойылған және мөрі (электронды цифрлық қолтаңбасы) бар анықтамасының түпнұсқасын немесе электронды көшірмесін;

8) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының депозиттік шотына кепілдік жарнаны аудару туралы төлем тапсырмасының немесе түбіртегінің (жеке тұлға үшін) түпнұсқасын;

9) тендерге әлеуетті қатысушы өкілінің, оның ішінде осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес кепілдік жарнаны енгізген өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдік паспортты (шетелдіктер үшін) немесе уақытша жеке куәлікті ұсынған жағдайда жарамды);

10) әлеуетті қатысушының ақпараттық хабарламада көрсетілген сенімгерлік басқаруға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.

26. Жеке тұлға болып табылатын тендерге әлеуетті қатысушы осы Қағидалардың 25-тармағының 1), 2), 8), 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ:

1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәліктің, шетелдік паспорттың (шетелдіктер үшін) немесе уақытша жеке куәліктің көшірмесін;

2) дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін (дара кәсіпкер үшін) ұсынады.

27. Өтінімдерді қабылдау және тендерге қатысуға ниет білдірген тұлғаларды тіркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы бар болған кезде жүргізіледі.

28. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы тендердің шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға мүмкіндігі жоқ заңды тұлға;

2) сенімгерлік басқаруға шарт жасасу және оны орындау жөніндегі тиісті міндеттемелерді орындамаған алдыңғы тендерлердің жеңімпазы тендерге қатысушы болып табылмайды.

29. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендерді дайындау және оны өткізудің барлық кезеңі ішінде мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы тендерге қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жарияламайды.

30. Тендерге әлеуетті қатысушылардың құжаттары тіркеу журналына тіркелгеннен кейін сейфте сақталады. Тендер өткізілетін күні тендерге қатысушылардың құжаттары тендерлік комиссияға беріледі.

31. Заңның 100-бабының 2-тармағына сәйкес сауда-саттық жария болуға тиіс. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгін, қоршаған табиғи ортасын қорғауды, сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын ерекше жағдайларда тендер жабық болуы мүмкiн.

32. Жабық тендер өткізу кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық хабарлама жариялау жүргізілмейді. Жабық тендерге қатысушылардың шектелген тобы қатысады. Бұл ретте әлеуетті қатысушыларды таңдау негізін: компаниялардың әлемдік сыныптамасындағы рейтингі, ақша айналымының шамасы, саладағы, ұқсас өнім нарығындағы жұмыс тәжірибесі; заманауи менеджмент, қарыздар, кредиттер немесе меншікті капиталды инвестициялауды, «ноу-хауға» ие болуды, ғылыми әзірлемелер және басқалары түріндегі инвестицияларды тарту арқылы өндірісті жаңғыртуды жүзеге асыру қабілеті айқындайды.

33. Жабық тендердің барлық шарттарымен жабық тендерге қатысуға жазбаша шақыруларды мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы жібереді. Қатысуға шақыру жіберілген адамдарды тіркеу жазбаша шақырулар жіберілген күннен бастап жүргізіледі және жабық тендерді өткізгенге дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.

34. Тендерлік комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттерді ашады және жеңімпазды анықтау критерийіне (критерийлеріне) сүйене отырып, тендерге қатысушылардың ұсыныстарын қарайды.

Тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға жауап беретін, ең қолайлы жағдайларды және/немесе объект үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы тендер жеңімпазы деп танылады.

35. Тендерлік комиссияның шешімі оның мүшелерінің қарапайым көпшілігінің дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Дауыстар тең болған кезде, тендерлік комиссия дауыстардың тең санын алған қатысушыларды келіссөзге шақырады және тендерлік комиссияның пікірі бойынша, объектінің жұмысын жақсартуға бағытталған ең жақсы қосымша ұсыныстарды қарауға енгізген тендерге қатысушы жеңімпаз болып танылады.

7. Тендер нәтижелерін ресімдеу және шарттың мазмұны

36. Тендерлік комиссияның шешімі осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі

Тендер нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған тендерлік комиссияның мүшелері, оның төрағасы, хатшысы және тендер жеңімпазы қол қояды.

Ерекше пікірі болған кезде, тендерлік комиссияның мүшесі оны жазбаша баяндайды және хаттамаға қоса береді.

37. Тендер нәтижелері туралы хаттама тендер жеңімпазы мен мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының тендер шарттары және тендер жеңімпазының ұсыныстары негізінде шарт жасасу міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

38. Тендер нәтижелері туралы хаттаманы тендер жеңімпазын хабарлаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы бекітеді.

Мынадай жағдайларда, егер:

1) тендерлік комиссия қатысушылардың ұсыныстарын тендер шарттарын қанағаттандырмайды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейді деп таныса;

2) тіркелген қатысушылардың саны екінші және кейінгі тендерлерді қоспағанда, екеуден кем болса;

3) тендер жеңімпазы тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартса, тендер өткізілмеді деп танылады.

39. Тендерге тіркелген қатысушылар екеуден аз болған жағдайда, тендерлік комиссия желімделген конвертті ашпайды. Тендер өткізілмеді деп танылғаннан кейін барлық ұсынылған құжаттар қатысушының жазбаша сұрауы бойынша оған қайтарылады.

40. Тіркелген қатысушылардың болмауына байланысты екінші және кейінгі тендерлер өткізілмеді деп танылған жағдайда, тендерлік комиссия тендер шарттарын, объектіні сатып алу құнын өзгертеді және жаңа тендер жариялайды.

41. Тендер жеңімпазы тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоюдан жалтарған кезде өзі енгізген кепілдік жарнаны жоғалтады.

42. Объектіні сенімгерлік басқару осы Қағидаларға 3-қосымшаға сай үлгі шартқа сәйкес жасалатын шарт негізінде туындайды (құрылады).

43. Жылжымайтын мүлікке арналған сенімгерлік басқару шарты мемлекеттік тіркеуге жатады. Шарттарды мемлекеттік тіркеу сенімгерлік басқарушы қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

44. Шарт тендер жеңімпазының тендерлік ұсыныстарына сәйкес шарттарды көздейді.

45. Қажет болған жағдайда мыналарға:

1) объектіге инвестициялардың көлеміне, түрлеріне және мерзімдеріне;

2) өндіріс көлеміне, шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен номенклатурасына;

3) белгілі бір тұтынушыларға өнімді жеткізуге;

4) баға белгілеуге, оның ішінде бағалардың шекті деңгейі бойынша шектеулерге;

5) табиғат қорғау іс-шараларын өткізуге;

6) қазіргі жұмыс орындарының санын сақтап қалуға немесе жаңаларын ашуға;

7) өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін пайдалану тәртібіне;

8) объектінің берешектерін белгіленген мерзімдерде өтеуге;

9) сенімгерлік басқарушының объектіні кейін сатып алуына;

10) мәмілелер жасасуға және/немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде объектіге қатысты айқындалған іс-қимылдарға тыйым салуға;

11) объектінің нарықтық құнын төлеу үшін бөліп төлеуді ұсынуға;

12) объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде туындайтын салықтық міндеттемелерге қатысты сенімгерлік басқару міндеттемелері объектіні сенімгерлік басқаруға беру шарттары болады.

Мемлекеттік мүлікті Сенімгерлік


басқаруға беру қағидаларына
1-қосымша
нысан

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі


тендерге қатысуға
ӨТІНІМ

1. _____ мерзімге кейіннен сатып алу (құқығымен/құқығынсыз) ___

_____________________________________________________________________

(объектінің атауы)

сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер өткізу туралы жарияланған

ақпараттық хабарламаны қарап және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік

басқаруға беру қағидаларымен таныса отырып, мен, өтінімге қол қоюға

уәкілетті, төменде қол қоюшы ________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта

болған жағдайда) толығымен, заңды тұлғаның атауы)

____________________________________________________________________

атынан (атынан тапсырыс беріп отырған Қатысушы көрсетіледі) тендерге

қатысуға өтінімді қабылдауды және 20__ жылғы «___» _______________

____________________________________ мекенжай бойынша өтетін тендерге

қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын.

2. Біз (мен) ________________________________________ сомасында

(сомасы теңгемен, сондай-ақ жазумен көрсетіледі) тендерге қатысу үшін

ақпараттық хабарламада көрсетілген Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (бұдан

әрі – Комитет) депозиттік шотына немесе жергілікті атқарушы органның(бұдан әрі – ЖАО) депозиттік шотына:

____________________________________________________________________

ЖСН (БСН) төлемді тағайындау коды, Кбе, мекеменің коды) кепілдік жарна енгіздік (енгіздім).

3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес

еместігіміз айқындалған жағдайда, біз (мен) тендерге қатысу құқығынан

айырылатынымызға (ма), біз (мен) тендерде жеңіске жеткен жағдайда біз

(мен) қол қойған Тендердің нәтижелері туралы хаттама мен Сенімгерлік

басқару шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін.

4. Егер біз (мен) тендердің жеңімпазы болған жағдайда, өзімізге

тендерді өткізген күні Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою

және тендер аяқталғаннан кейін, күнтізбелік он күннен кешіктірмей,

ақпараттық хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған тендердің

шарттарында Сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемесін аламыз.

5. Мына:

тендер өткізілгенге дейін үш күн бұрын тендерге қатысудан бас тартылған;

тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе Сенімгерлік

басқару шартына қол қоюдан жалтарған; біздің (менің) Қатысушыға

қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайларда,

енгізген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынымен және мемлекеттік

мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысында қалатынымен келісемін

(міз).


6. Осы өтінім Тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге

Сенімгерлік басқару шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күшіне

ие.

7. Өтінімге:



1) ____________________________________________________________

2) ____________________________________________________________

3) ____________________________________________________________ қоса беріліп отыр.

8. Төлем деректемелері:

_______________________________________________________________

(бенефициар-банктің деректемелері: банктің атауы, ЖСН (БСН)

____________________________________________________________________

(алушының деректемелері: атауы, ЖСН (БСН), Кбе, ағымдағы шот)

9. Қатысушының толық атауы (заңды тұлғаның немесе тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта болған жағдайда) және

жеке тұлғаның паспорттық деректері мен тұратын жері (мекенжайы,

телефон, факс және т.б.)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(қолы) (сенімхаттың негізінде әрекет ететін уәкілетті

тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты

куәландыратын құжатта болған жағдайда).

20__ жылғы «___» ___________________

М.О.


Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік
басқаруға беру қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер


нәтижелері туралы хаттама

________ жыл мерзімге кейіннен сатып алу (құқығымен/құқығынсыз)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(объектінің атауы)

Тендер өткізілетін күн: _______________________________________

Тендер өткізілетін жер: _______________________________________

Сенімгерлік басқару құрылтайшысы: Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті.

Сенімгерлік басқару объектісі: ________________________________

(объектінің толық сипаттамасы:

____________________________________________________________________

акциялардың мемлекеттік пакеті, қатысу үлестері, мүліктік кешені,

жылжымалы және жылжымайтын мүлкі)

Сенімгерлік басқару объектісінің орналасқан жері: _____________

(мекенжайы, телефон, факс, т.б.)

Объектінің құны: ______________________________________________

(баланстық/ағымдағы)

Тендерге ____________________ (_____________) қатысушы қатысты.

(саны, оның ішінде жазумен)

Тендер нәтижелері:

1. Тендердің жеңімпазы: _______________________________________

(тендер жеңімпазы деп танылған Қатысушы көрсетіледі)

2. Тендер шарттары және Тендер жеңімпазының ұсыныстары:

1) ____________________________________________________________

2) ____________________________________________________________

3) ____________________________________________________________

4) ____________________________________________________________

Тендердің нәтижелері туралы осы хаттама тендер аяқталғаннан

кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей Тендер жеңімпазы мен

Сенімгерлік басқару құрылтайшысының сенімгерлік басқару шартын жасасу

міндеттемесін тіркейтін құжат болып табылады.

____________________________________________________________________

(тендердің нәтижелерімен және тендер жеңімпазының міндеттемелерімен

танысу туралы тендер жеңімпазы деп танылған Қатысушының уәкілетті

тұлғасының өз қолымен қойған белгісі көрсетіледі)

_________________ __________________ ________________________________

(күні) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке

басты куәландыратын құжатта

болған жағдайда)

Осы хаттама Сенімгерлік басқару құрылтайшысы мен Тендер

жеңімпазы үшін бір-бірден екі данада жасалған.

Комиссия төрағасы: __________ ___________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты

(жеке басты куәландыратын

құжатта болған жағдайда)

Комиссия төрағасының орынбасары: ______ _________________

(қолы) тегі, аты,

әкесінің аты

(жеке басты

куәландыратын

құжатта болған жағдайда)

Комиссия мүшелері: __________ ___________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты

(жеке басты куәландыратын

құжатта болған жағдайда)

__________ ___________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты

(жеке басты куәландыратын

құжатта болған жағдайда)

__________ ___________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты

(жеке басты куәландыратын

құжатта болған жағдайда)

Комиссия хатшысы: __________ ___________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты

(жеке басты куәландыратын

құжатта болған жағдайда)

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік
басқаруға беру қағидаларына
3-қосымша

Сенімгерлік басқарудың үлгі шарты

____________________________________________________________________

(объектінің атауы)

_____________ қ. № _____ 20__ жылғы «___» ___________________________

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20__ жылғы «___» _________ №

____ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереженің немесе

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және

жекешелендіру комитетінің 20__ жылғы «___» __________ № _____________

бұйрығымен бекітілген _______________________________________________

(мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің

атауы) туралы ереженің немесе жергілікті атқарушы орган коммуналдық

меншікті басқаруға уәкілеттік берген жергілікті бюджеттен

қаржыландырылатын атқарушы орган ережесінің негізінде әрекет ететін

____________________________________________________________________

(мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық

___________________ бөлімшесінің атауы) немесе жергілікті атқарушы

органның (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық

меншікті басқаруға жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген)

атынан бұдан әрі «Құрылтайшы» деп аталатын басшы

____________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта болған жағдайда)

бір тараптан және бұдан әрі «Сенімгерлік басқарушы» деп аталатын,

____________________________________________________________________

(20__ жылғы «___» _________ № ____ жарғының, ереженің, сенімхаттың)

негізінде әрекет ететін _____________________________________________

(заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта болған жағдайда) екінші тараптан,

бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, төмендегі туралы осы шартты

(бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1. Шарттың мәні

1. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға, бұдан әрі «Объект» деп аталатын __________________________________________________ (мүліктің атауы) сенімгерлік басқаруға береді, ал Сенімгерлік басқарушы осы Шарт бойынша пайда алушы болатын Құрылтайшының мүдделеріне сай Объектіні басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

2. Объект Сенімгерлік басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртіппен және шарттарда сенімгерлікпен басқаруға беріледі.

3. Сенімгерлік басқарушы Объектіні сенімгерлік басқаруды иеліктен шығару және оны кепілге беру құқығынсыз жүзеге асырады.

4. Осы Шарт Сенімгерлік басқарушының Объектіге сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға құқығын куәландыратын негіздеме болып

табылады.

5. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға берілген күні Объектінің:

1) кепілде тұрмағанын;

2) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынғанын/салынбағанын;

3) сатуға қойылмағанын растайды.

6. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру оған меншік құқығының Сенімгерлік басқарушыға өтуіне әкеп соқтырмайды.

7. Сенімгерлік басқарушының Объектіні басқару бойынша құқықтары мен міндеттері Объекті Сенімгерлік басқарушыға берілген сәттен басталады. Объектіні беру (қабылдап алу-беру актісін жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың тізіліміне тиісті жазбаларды енгізу немесе сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты өзгесі) осы Шартқа қол қойылған сәттен бастап _______________________ жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

2. Тараптардың құқықтары

8. Құрылтайшының:

1) жазбаша сұрау бойынша Объектіні басқару жөніндегі Сенімгерлік басқарушының қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға;

2) осы Шарт бойынша Сенімгерлік басқарушының қызметіне араласпай, Сенімгерлік басқарушы міндеттемелерінің орындалуын, оның ішінде Объектіні басқару тиімділігінің мониторингін жүргізуге, Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі басқарушының есебін тыңдау жолымен бақылауға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқығы бар.

9. Сенімгерлік басқарушының:

1) Құрылтайшының мүддесіне сай сенімгерлік басқаруға берілген Объектіге қатысты заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасауға;

2) Мемлекеттік меншікті сенімгерлік басқару шартында және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында бекітілген тәртіппен мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару кезінде мемлекеттік мүлікті басқарудағы өзі шығарған қажетті шығыстарды өтеуге;

3) осы Шартта белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сыйақыны алу құқығын қоспағанда, өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне сенімгерлік басқаруға берілген Объектіні сатып алуға құқығы бар.

3. Тараптардың міндеттері

10. Құрылтайшы:

1) Сенімгерлік басқарушыға Объектіні осы Шартта белгіленген мерзімде сенімгерлік басқаруға беруге;

2) Сенімгерлік басқарушыға осы Шарт бойынша оның міндеттемелерін жүзеге асыруы үшін қажетті құжаттарды беруге;

3) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Сенімгерлік басқарушыны хабардар етпей, Объектіні сенімгерлік басқаруға үшінші тұлғаларға беру туралы шешімдер қабылдамауға;

4) Объектіні кепілдікке бермеуге, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салмауға және осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде үшінші тұлғаларға сатуға қоймауға міндетті.

11. Сенімгерлік басқарушы:

1) Объектіні тиімді басқаруды жүзеге асыруға;

2) Объектінің сақталуын қамтамасыз етуге;

3) өзінің сенімгерлік басқарушы ретінде әрекет ететінін көрсете отырып, Сенімгерлік басқаруға берілген Объектімен мәмілелерді өз атынан жасауға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті болып табылатын барлық рұқсат беру құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органдардан алуға;

5) Осы Шартқа сәйкес Сенімгерлік басқарушының құқықтары мен міндеттерін орындауға;

6) Объектіні іс жүзінде иеліктен шығаруға, оның ішінде оны кепілге беруге әкеп соғатын заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасамауға;

7) Құрылтайшыға өзінің Шартты тиісінше орындамауы салдарынан келтірілген шығындардың орнын толтыруға;

8) Шартты тиісінше орындау мақсатында сенімгерлік басқару бойынша әрекеттер нәтижесінде туындайтын міндеттерді орындауға;

9) Құрылтайшыға _____________________ өз қызметі туралы жазбаша (ұсыну мерзімдері) түрде есеп беруге;

10) Осы Шартқа Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде осы Шартты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға (жылжымайтын мүлікті сенімгерлік басқаруға берген жағдайда);

11) Объектіні Құрылтайшыға осы Шарттың күші жойылған кезде (шарттың мерзімі аяқталғанда, Шартты мерзімінен бұрын бұзғанда) 10 жұмыс күні ішінде беруге;

12) өзге де міндеттемелерді орындауға (сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты) міндетті.

4. Тараптардың жауапкершілігі

12. Сенімгерлік басқарушы Объектіні басқару кезінде еңсерілмейтін күш әрекеті келтірген зиянды немесе залалды қоспағанда, Құрылтайшының мүддесіне келтірілген кез келген зиян немесе залал үшін жауапты болады.

13. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5. Форс-мажор

14. Егер осы Шарт бойынша міндеттемелерінің толық немесе ішінара орындалмауы еңсерілмейтін күш жағдайларының (жер сілкінісі, топан су, өрт, эмбарго, соғыс немесе әскери қимылдар, мемлекеттік органдардың міндеттемелердің орындалуына тыйым салатын немесе қандай да бір кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді шығаруы) салдарынан болса, бұл жағдайлар Тараптардың еркіне тәуелді болмаған және осы Шарт бойынша Тараптардың кез келгені өздерінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда Тараптар ол үшін жауапкершіліктен босатылады.

15. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар болған уақытқа тең мерзімге кейінге қалдырылады.

16. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде екінші Тарапқа осы жағдайлардың туындағаны туралы жазбаша түрде күнтізбелік 30 күн ішінде хабарлауға міндетті.

17. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу Тарапты кез келген жоғарыда көрсетілген жағдайға міндеттеменің орындалмауы жауапкершілігінен босататын негіздеме ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады.

18. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауының мүмкін еместігі 2 (екі) күнтізбелік айдан асса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.

6. Құпиялылық

19. Тараптар Шарттағы барлық ақпарат құпия болып табылады деп келісті және Тараптар оны қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

20. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан алынған құпия ақпаратты жарияламауға міндеттенеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға ашуға құқығы жоқ.

7. Дауларды шешу

21. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі.

22. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, дау заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот органдарында қарауға жатады.

8. Шарттың қолданылу мерзімі

23. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және _____________________________________ дейін қолданылады.

9. Шарт талаптарының орындалуын бақылау

24. Осы Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Құрылтайшы жүзеге асырады.

Құрылтайшы осы мақсатта басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен комиссия құра алады. Сенімгерлік басқарушы осындай комиссияның қарауына қажетті құжаттар мен есептерді комиссия белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беруі тиіс.

10. Өзге де талаптар

25. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

26. Құрылтайшы және Сенімгерлік басқарушы өзара келісім бойынша қосымша келісімдер жасау арқылы осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

27. Барлық қосымша келісімдер осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және оларға Тараптардың қол қоюға тиіс уәкілетті өкілдері қол қояды.

28. Осы Шарттың қолданылу мерзімінің тоқтатылуы ол бойынша Тараптар міндеттемелерінің тоқтауына әкеп соқтырады, бірақ Тараптардың осы Шарт талаптарын орындауы кезінде бұзушылықтар орын алса, осы Шарттың Тараптарын жауапкершіліктен босатпайды.

29. Сатып алу құқығынсыз Сенімгерлік басқару шарты тоқтаған жағдайда Сенімгерлік басқарушы қабылдау-беру актісі бойынша күнтізбелік он күн ішінде объектіні Құрылтайшыға қайтарады.

30. Осы Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалды.

11. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушы

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Тараптардың қолдары:

________ ___________________________ ______ ________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты

(жеке басты куәландыратын (жеке басты куәландыратын

құжатта болған жағдайда) құжатта болған жағдайда)



м.о. м.о.
жүктеу 337,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау