Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының



жүктеу 422,21 Kb.
бет3/3
Дата10.03.2018
өлшемі422,21 Kb.
#12141
1   2   3
23-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi көтермелеу

1. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн үлгiлi орындағаны, мiнсiз мемлекеттiк қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн:

1) бiржолғы ақшалай сыйақы беру;

2) алғыс жариялау;

3) бағалы сыйлықтармен марапаттау;

4) сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген көтермелеудiң өзге де нысандары арқылы көтермеленуi мүмкiн.

2. Мемлекеттiк қызметшiлер ерекше еңбек сiңiргенi үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапатталады.

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 24-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

24-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк қорғау шаралары

1. Мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етіледi.

2. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесi тегiн берiледi. Жер учаскесiн беру шарттарын Республика Үкiметi белгiлейдi.

3. Мемлекеттiк қызметшiлер және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде медициналық қызмет көрсетуді пайдаланады.

4. Мемлекеттік орган таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жаңадан құрылған не басқа мемлекеттік органда өздерінің біліктілігіне сай жұмыспен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік әкімшілік қызметші жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмыстан босатылады. Бұл орайда мемлекеттік органдарда кемінде үш жыл жұмыс стажы бар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.

Мемлекеттiк органның штаты (саны) қысқарған жағдайда мемлекеттiк қызметшiге мемлекеттiк органдардағы жұмыс стажы үш жылдан кем болмаған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерiнде шығу жәрдемақысын төлеу жүргiзiледi.

5. Мемлекеттiк қызметшi қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелерiне мемлекеттiк органдағы соңғы қызмет орны бойынша үш орташа жалақысы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi, бұл орайда жәрдемақының мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгеннен төмен болмауы керек.

25-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыру

Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

6-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы

 

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 26-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)



26-бап. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң отставкаға шығуы және қызметтен босатылуы

1. Отставка дегенiмiз мемлекеттiк саяси қызметшiнiң тиiстi мемлекеттiк лауазымдағы мiндеттерiн атқаруды тоқтатуы, ол оның жазбаша арызы негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Отставканы мемлекеттiк саяси қызметшiнi осы лауазымға тағайындаған (сайлаған) мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам қабылдайды немесе одан дәлелдi бас тартылады. Отставканы қабылдау немесе одан бас тартылу туралы шешiм жазбаша арыз берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде қабылданады. Саяси қызметшi отставкадан бас тартылған жағдайда қызметтiк өкілеттiгiн атқаруды жалғастыруға тиiс және оның Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қызметтен босауға құқығы бар.

3. Мемлекеттiк саяси қызметшiлер Конституцияда, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша отставкаға шығады.

4. Лауазымдық өкiлеттiгiн өрескел бұзу, мемлекеттiк қызметте болуға лайықсыз қылықтар жасау мемлекеттiк саяси қызметшiнiң отставкаға шығуы үшiн негiз бола алмайды, қайта жұмыстан босату үшiн негiз болады. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердi қызметтен босатудың негiздерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.

2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды



4-1. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін бұрын жұмыстан босатылған адамды жұмысқа қабылдау мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.

5. Осы Заңның 7-бабының 2-тармағында аталған лауазымды адамдар отставкаға шығу құқығы бар лауазымды адамдар және отставкаға шығуға мiндеттi лауазымды адамдар болып табылады.

 11.03.03 ж. № 393-II  (бұрынғы ред. қара) ; 2005.08.07 № 75-III  (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 27- бап  өзгертілді  

27-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуының негiздерi

1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн:

1) олардың өз тiлегi бойынша жұмыстан босату туралы арыз беруi;

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-1) тараптардың өзара келісуі бойынша еңбек шартын жасасу жолымен олардың мемлекеттік қызметте болу мерзімін жыл сайын ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы;

2) еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша еңбек шарттың бұзылуы;

3) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiмет беруi;

4) осы Заңда белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамауы;

5) меншiк құқығымен тиесiлi мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға бермеуi;

6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;

7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы;

7-1) соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi;

2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды



7-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын жұмыстан босатылған адамды жұмысқа қабылдауы;

2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен  7-3) тармақшамен толықтырылды



7-3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтатуы;

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 7-4) тармақшамен толықтырылды

7-4) мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болуы мүмкiн көрiнеу жалған құжаттар мен мәлiметтердi беруі;

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 7-5) тармақшамен толықтырылды

7-5) мемлекеттiк лауазымға тағайындалу кезiнде осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

8) осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымды конкурстан тыс атқаруы;

9) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексерудiң терiс нәтижелерi;

10) Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген өзге де негіздемелер негіз болып табылады.



2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Осы баптың 1-тармағының 3), 4), 5), 7), 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) тармақшаларына сәйкес жұмыстан босатылған адамдар терiс себептермен босатылған болып танылады.

2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi  босатуды мемлекеттiк органның мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға қабылдауға құқығы бар тиiстi лауазымды адамы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.

3. Қызметтен заңсыз босатылған жағдайда мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң уәкiлеттi органға шағымдануға, сондай-ақ өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар.

4. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң ауысуы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшілердiң жаңадан тағайындалған мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң бастамасы бойынша атқарып отырған лауазымдағы мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн негiз бола алмайды.

7-тарау. Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды бұзу үшін жауаптылық

 

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен (бұрынғы ред. қара); ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен (бұр.ред. қара) 28-бап өзгертілді



28-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жауаптылығы

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны, терiс себептермен жұмыстан босатуға әкеп соғатын тәртiптiк терiс қылық жасаған адамдарды өз еркiмен жұмыстан босатқаны, мүдделер қақтығысын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, сондай-ақ осы Заңда белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн мемлекеттiк қызметшiге тәртiптiк жазалар:

1) ескерту;

2) сөгiс;

3) қатаң сөгiс;

4) қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту;

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) қызметiн төмендету;

5) атқаратын қызметiнен босату қолданылуы мүмкiн.



2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жазаның мынадай түрлері:

1) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту;

2) лауазымын төмендету;

3) атқаратын қызметінен босату қолданылады.

Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза лауазымын төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану мүмкін болмаған кезде қолданылады.

Лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жаза төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болған және мемлекеттік қызметші осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде қолданылады.

Атқаратын қызметінен босату түріндегі тәртіптік жаза сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамада көзделген негіздер бойынша қолданылады.

2. Тәртiптiк жазаны:

1) лауазымдық өкiлеттiгiне сәйкес осындай құқығы бар адамдар қолданады;

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2) нақ сол терiс қылық үшiн қайтадан қолдануға болмайды;

3) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленетiн тәртiппен қолданады.

3. Тәртiптiк лайықсыз әрекетке жол берген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнi оны тағайындаған басшы белгiленген тәртiппен жауаптылығы туралы мәселе шешiлгенге дейiн лауазымдық мiндеттерiн атқарудан уақытша шеттетуi мүмкiн.

4. Мемлекеттiк қызметшi өз iс-әрекетiнiң заңсыздығы үшiн жауап бередi. Атқару үшiн алынған өкiмнiң заңдылығына күмәнданған жағдайда бұл жөнiнде ол өзiнiң тiкелей басшысына және өкiмдi берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиiс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкiмдi жазбаша растаған жағдайда мемлекеттiк қызметшi, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиiс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, оны орындауға мiндеттi. Мемлекеттiк қызметшiнiң заңсыз өкiмдi орындауының салдары үшiн осы өкiмдi растаған басшы жауап бередi.

5. Мемлекеттiк қызметшiлер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негіздер мен тәртiп бойынша тиiсiнше қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық жауапты болады.

ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 28-1-баппен толықтырылды



28-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк жаза қолдану мерзiмдерi

1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бiрақ адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде, тәртiптiк жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей, бiрақ терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктірiлмей қолданылуы мүмкiн.



2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Мемлекеттiк қызметшiнiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiне, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындау үшiн жұмыстан босатылуына, демалыста, iссапарда болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында бiр жылдық және үш айлық тәртiптiк жаза қолдану мерзiмi еңбек заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрады.

 

29-бап. Мемлекеттiк қызметшiлер құқықтарының оларды тәртiптiк жауапқа тарту кезiндегi кепiлдiгi

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік қызметші өзін тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты барлық материалдармен міндетті түрде таныстырылуға тиіс, оған қызметтік тексеру рәсіміне жеке өзінің қатысу құқығы беріледі.

2. Жауапқа тартылушы мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның iс-әрекетi мен шешiмдерiне уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен не сотқа шағым жасай алады.

8-тарау. Қорытынды ережелер

30-бап. Осы Заңның күшіне енгізілу тәртібі

Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 
жүктеу 422,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау