1
|
Көрсетілетін қызметті беруші
|
Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
|
|
2
|
Көрсетілетін қызметті тұтынушылар
|
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
|
|
3
|
Көрсетілетін қызметтің нысаны
|
|
4
|
Көрсетілетін қызметті ұсыну орны
|
Мемлекеттік қызмет көрсету көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек күту тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады;
|
|
5
|
Жұмыс кестесі
|
Порталдың жұмыс графигі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
|
6
|
Қажетті құжаттар
|
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандарда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге арналған өтінім;
2) қоршаған ортаға әсер ететін межелі қызметтің жоба алдындағы және жобалық құжаттамасы жағдайда мынадай құрамда:
әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін, құжат түрінде ресімделген қоршаған ортаға әсерді бағалау (бұдан әрі – ҚОӘБ) материалдары бірге жүретін жоба алдындағы немесе жобалау құжаттамасы;
Кодекстің 57-2-бабының 1-тармағына сәйкес шаруашылық қызметтің түрлері үшін қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
3) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкелуі мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары жағдайында мынадай құрамда:
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобалары;
4) эмиссиялар нормативтерінің жобалары жағдайда мынадай құрамда:
эмиссиялар нормативтері жобалары;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары.
|
7
|
Көрсетілетін қызметтің құны мен ақы төлеу тәртібі
|
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
|
8
|
Көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі
|
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру:
II санаттағы объектілер үшін – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
III және IVсанаттағы объектілер үшін – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру – 3 (үш) жұмыс күнінен асырмай.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы уәжді жауап береді..
|
9
|
Көрсетілетін қызметтің нәтижесі
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшасына сәйкес нысанда II, III және IV санатты объектілердің мемлекеттік экологиялық сараптамасының қорытындысын не осы мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
|
10
|
Нормативтік-құқықтық актілер
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы «27» желтоқсан № 537 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы «23» сәуірдегі № 301 бұйрығына 6-қосымша
|
11
|
Қосымша ақпарат
алуға болады
|
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 143 қаулысымен бекітілген «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қыркүйектегі №263 «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» мемлекеттік қызмет регламентінің 1-ші қосымшасында көрсетілген мекен-жайы бойынша
Орал қаласы Сарайшық көшесі, 47 үй. 8 (7112) 24-09-76, 24-09-68.
Электронды поштасы: tabigat_zko@mail.ru
|