«Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасы



жүктеу 399,99 Kb.
Pdf просмотр
бет4/14
Дата01.12.2017
өлшемі399,99 Kb.
#2497
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

10

1. Әдістемелік жолдың шартты түрде болуы. Мысалы: Смит екі елді ғана 

салыстырады. Бірақ, бұл мүмкін емес. 

2. Мұнда ақша айырбасының моделі емес, тауарлар айырбасының моделін 

қарастырады.

3. Абсолюттік артықшылық халықаралық саудаға маңызды түрде әсер ете

алмайды.  Себебі,  тауар  өндірудің  альтернативтік  құны  халықаралық  сауда 

құрамына әсер етеді.



Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар:

1. Еңбек бағасы және елдер арасындағы еңбек төлемінің арақатынасы.   

2.  Салыстырмалы бағаның қалыптасуы.

3.  Халықаралық сауда теорияларының тарихи эволюциясы.



Негізгі түсінік:

Салыстырмалы артықшылық теориясы.

Бәсекелестік артықшылықтар теориясы

Абсолютті артықшылықтар теориясы



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Халықаралық  экономикалық  қатынастар / Елемесов  Р.Е.  Бас.  Ред., 

А.:ҚазҰУ, 2002.

2. Кругман  П.,  Обстфельд  М.  Международная  экономика.  Теория  и 

политика, М.,1997. 

3. Миклашевская Н.А., Холопов А.В. Международная экономика, М.: МГУ, 

1998г.

4. Буглай В.Б., Ливенцев Н.Н. Международные экономические отношения –



М., Финансы и статистика, 1997.

5. Носкова  И.Я.,  Максимова  Л.М. Международные  экономические 

отношения. – М., Банки и биржи. ЮНИТИ.1995.



11

3 – ТАҚЫРЫП. ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫ АРАҚАТЫНАСЫ 

ТЕОРИЯСЫ

Дәріс мақсаты - Хекшер – Олин моделінің мәнін түсіну және Леонтьев 

еңбегіне сипаттама беру



Дәріс жоспары:

1. Хекшер – Олин моделі.

2. «Леонтьев пародоксы»

1.  Адам  Смит,  Д.  Рикардо,  Дж.  Милль  халықаралық  сауданың  шығу 

себептерін,  тек  еңбек факторымен қарастырады, бірақ,  іс  жүзінде  кез  - келген 

экономикада  еңбек  факторымен  бірге,  басқа  да  өндірістік  факторлар  (жер, 

капитал)  қолданылады.  Өндірістік  фактор  жөніндегі  ілімдерін  зерттеп,  1930ж 

швед ғалымдары Бертиль Олин және Эли Хекшер Д. Рикардоның теориясын әрі 

қарай  толықтырады.  Хекшер  мен  Олин  өндірістің  екі  факторын  капитал  мен 

еңбекті  қолдана  отырып,  сыртқы  сауданың  жаңа  үлгісін  құрастырады.  Бұл 

үлгіде негізгі тұжырым келесідей жағдайларға әкеледі:

1. Жұмысшы күшінің артық шамасы бар, бірақ, капитал мөлшері аз болған 

елдер, еңбекті көп қажет ететін тауарлар өндірісіне маманданады.

2.    Капитал  мөлшері  артық,  бірақ,  жұмысшы  күшінің  шамасы  аз  болған 

елдер, капиталды көп қажет ететін тауарлар өндірісіне маманданады.

Егер,  басқа  елдермен  салыстырғанда,  жұмысшы  күшінің  шамасы  артық 

болса,  онда,  ол  мемлекет  жұмысшы  күшімен  мол  қамтамасыз  етілген  деп 

есептеледі.  Егер,  басқа  тауарлармен  салыстырғанда,  жұмысшы  күші 

шығындарының  үлесі  тауарлар  құнының  құрылымында  көп  болса,  онда  ол 

еңбекті көп қажет ететін тауарлар деп есептеледі.

Хекшер - Олин теориясы бойынша мынадай тұжырымдама жасалған: егер,

тауар  өндірісінде  онша  тапшы  емес  өндірістік  фактор  қолданылса,  онда  әр 

мемлекет сол тауарды экспортқа шығаруға тырысады. Хекшер - Олин теориясы 

бойынша факторға салыстырмалы баға беру төмендегі 3 жағдайға байланысты:

1) Халықаралық  айырбасқа  қатысушы  елдер, тауарлар  өндірісінде  мол 

өндірістік факторды қолданса, онда, олар сол тауарлар мен қызметтерді шетке 

шығаруға тырысады, ал, керісінше, кейбір тауарлар бойынша тапшылық болса, 

онда, олар өнімдерді шеттен алуға тырысады.  

2) Халықаралық сауданың дамуы «факторлық» бағаның, яғни, осы фактор 

иесінің алатын табысының теңестірілуіне әкеліп соғады.

3) Кей  жағдайда, өндіріс  факторлары  халықаралық  қозғалыс  сипатында 

болуы  мүмкін,  яғни,  елдер  арасында  тауарлар  экспортының  орнына,  сол 

фактордың өздерін шығаруға мүмкіндік туады. 



2. 1954 жыл американдық экономист Василий Леонтьев «Хекшер - Олин» 

теориясын  іс  жүзінде  дәлелдеп  көрсетеді.  Ол  АҚШ-тың    экспорты  мен 

импортын зерттейді. Зерттеу құралы ретінде, еңбек және капитал шығындарын 

қарастырады.  Сол  кезде  дүние  жүзі  бойынша  төмендегідей  тұжырымдар 

қалыптасты. АҚШ капиталдың мөлшерін көп қажет ететін тауарды экспортқа 



12

шығарып, ал, көбінесе еңбекті көп қажет ететін тауарды импорттап алады. Осы 

жағдайда  зерттеу  нәтижесі  керісінше  болып  шықты.  Осыған  байланысты,

Леонтьев  еңбегі  экономикада  «Леонтьевтің  парадоксы»  деп  аталды. 

Капиталдың салыстырмалы артықшылығы АҚШ - тың сыртқы саудасына әсер 

етпейтіндігі  анықталған.  Зерттеу  нәтижесі  келесі  жағдайды  көрсетті:  Көп 

жағдайда АҚШ еңбекті көп қажет ететін тауарды шетке шығарып, капиталды

аз  қажет  ететін  тауарды  шеттен  тасымалдайды.  Осыған  сәйкес  Леонтьев  өз 

көзқарасын  ұсынады.  АҚШ - та  пайдаланылатын  фактордың  ішіндегі  өте 

тиімдісі -  еңбек  факторлары  болып  табылады.  Оған  себеп,  АҚШ 

жұмысшыларының біліктілігінің өте жоғары деңгейде болуы. Бұл жаңа модель 

түсінігі  «жұмысшы  күшінің  біліктілігі»  теориясы  деп  аталады.  Оның  түсінігі 

мынада: яғни, өндіріске екі фактор емес, үш фактор қатысады, атап айтқанда, 

капитал, еңбектің 2 түрі: білікті және біліксіз еңбек.



Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар

1. Хекшер-Олин териясының мәні.

2. Леонтьев парадоксын түсіндіру.

Негізгі түсінік

Леонтьев пародоксы

«Хекшер-Олин» теориясы

Жұмысшы күші

Капитал

Білікті еңбек



Біліксіз еңбек

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Доғалова Г.И. Халықаралық экономика, А:Экономика 2000.

2. Мамыров  Н.К.,  Мадиярова  Д.М.,  Калдыбаева  А.Е.  Халықаралық 

экономикалық қатынастар, А.:Экономика, 1998.

3. Майдан  - Әли  Байгісиев.Халықаралық  экономикалық  қатынастар  -

Алматы.1998.

4. Фомичев В.И. Международные экономические отношения. – 1992.



жүктеу 399,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау