3.SQL тілінің негізгі операторлары және олардың қызметтері.
SQL (Structured Query Language) тілі қазіргі уақытта шындығында «реляциялық» база мәліметтеріне кіруге рұқсат ететін стандартты тіл болып қалыптасқан. Көптеген реляциялық емес жүйелерде де қазіргі уақытта реляциялық мәліметтерге рұқсат ету құралдары бар. Әртүрлі база мәліметтерін басқару жүйелер арасындағы қосымшалардың тасымалдануы стандарттау мақсаты болып табылады.SQL-да мәліметтерді кестемен көрсетуге хабардар операция тұжырымдамасын жүзеге асыру шамалы сөйлемдер жиынтығы бар (30-дан кем) жинақы тілді жасауға мүмкіндік берді.
SQL операторларының келесі топтарын атап көрсетуге болады.
DDL операторлары (Data Definition Language) – мәліметтер базасының объектілерін анықтау операторлары:
- CREATE DATABASE – мәліметтер базасын құру;
- DROP DATABASE – мәліметтер базасын жою;
- CREATE TABLE – кестені құру;
- ALTER TABLE – кестені өзгерту;
- DROP TABLE – кестені жою;
- CREATE DOMAIN – домен жасау;
- ALTER DOMAIN – доменді өзгерту;
- DROP DOMAIN – доменді жою;
- CREATE VIEW – елестетуді жасау
- DROP VIEW – елестетуді жою.
DML операторлары (Data Manipulation Language) – мәліметтерге айла-шарғы жасау операторлары:
- SELECT – кестеден жолды қайтарып алу;
- INSERT – кестеге жол қосу;
- UPDATE – кестедегі жолдарды өзгерту;
- DELETE – кестедегі жолдарды жою;
- COMMIT – енгізілген өзгертулерді белгілеу;
- ROLLBACK – енгізілген өзгерістерді кейінге қайтару.
4.Мәліметтерді анықтайтын DDL және малипуляциялайтын DML тілдері.
Деректер банкінде қолданылатын тілдер МҚ-ын жобалау және құру бойынша CODASYL америкалық коммитетимен құрырылған.
Деректерді сипаттау тілі (DDL - Data Definition Language), абстракцияның әр түрлі деңгейлерінде (сыртқы, логикалық және ішкі) мәліметтерді сипаттауға арналған. Мәліметтер қорын сипаттау тілі сыртқы деңгейде қолданушылардың талаптарын сипаттау үшін және МҚ-ның инфологиялық үлгісін құру үшін қолданылады.
Мәліметтер қорын сипаттау тілінің құрамында МҚБЖ-нің ерекшеліктеріне қарай келесі тілдердің кейбіреуі немесе барлығы қолданылады: схемаларды сипаттау тілі, ішкі схемаларды сипаттату тілі, сақталынатын мәліметтерді сипаттау тілі, сыртқы мәліметтерді сипаттау тілі.
DDL мәліметтермен емес, мәліметтер қорының объектілерімен жұмыс жасайды. Объектілерге кесте, көрініс, индекс, тізбек (sequence), синоним жатады. DDL командалары: CREATE (объектіні құру), ALTER (объектіні өзгерту), TRUNCATE (кестедегі барлық жазбаларды жою), DROP (объектіні жою), RENAME (объектінің атын өзгерту).
Достарыңызбен бөлісу: |