Мектептегі психологиялық қызметке дұрыс әлеуметтік сұранысты қалыптастыру мақсатындағы міндет – педагогикалық ұжымды, оқушыларды және ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы, сұраныс иелерін психолог жұмысының түрлерімен


Астана қаласының № 34 орта мектебінің 2010-2011 оқу жылындағы психолог жұмысының жарты жылдық есебі



жүктеу 337,96 Kb.
бет2/3
Дата13.11.2017
өлшемі337,96 Kb.
#49
1   2   3

Астана қаласының № 34 орта мектебінің 2010-2011 оқу жылындағы психолог жұмысының жарты жылдық есебі
Мақсаты: Психологтың атқарған жұмыстарына тоқталып, шолу жасап, атқарған жұмыстарына байланысты есеп беру.

Мектеп психологы: Усимбекова Мадина Әшірәліқызы.

2010-2011 оқу жылының жарты жылдық жұмысына есеп берер болсақ, көптеген істердің атқарылғандығын көрсетеді.

Қыркүйек айы мен қаңтар айы аралығында мектебіміздің бастауыш буынмен атқарылған бірқатар жұмыстар легі мынадай: Бастауыш сыныптарға сабақ беретін сынып жетекшілерге сауалнама мен тренингтер жүргізіліп, олардың сабақ үдерісінде оқушыларға жүргізілетін ес және ойлау қабілеттерін дамытуға арналған психокоррекциялық жаттығулар ұсынылды. Бірінші сынып үлгерімі төмен оқушылармен түрлі психологиялық зерттеулер жүргізіліп, нәтижесі шығарылды.





1 «а», 1 «ә», 3 «ә», 3 «а» сыныптарына психологиядан балалардың отбасымен, қоршаған ортамен, туыстарымен, ата-анасымен қарым-қатынасының қандай екендігін анықтау мақсатында «Отбасы суреті», «Біздің ұстаз» және «Әлемде жоқ жануар» проективті сурет әдістемесі қолданылып, жүргізілді. Оқушыларға қаншалықты көңіл бөлінетіндігі мен қамқорлықтың, ата-ана тарпынан зейіннің қажет ететіндігі анықталды.

1. Оқушылардың салған «Отбасы суреттері»





2. Біздің ұстаз проективті суреттері





3. Оқушылардың «Әлемде жоқ жануарды» салған проективті суреттері


Мектебіміздің бірінші сынып оқушыларының ата-аналарынан баланың сабағына зейін аударуы мен үй тапсырмасын орындау барысында кездесетін қиыншылықтарды анықтау мақсатында сауалнама жүргізіліді. Ұстаздары мен ата- аналарға ұсыныстар мен кеңестер берілді.

Ал 4-ші «а, ә, б, в» сыныптарына МАБ-ты тапсыруына және оқушылардың мектепке, оқу үдерісіне бейімделуіне байланысты Т.А. Ратанованың «мектепке бейімділік» әдістемесі жүргізіліп, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне ұсыныстар тапсырылды. Оқуға деген түрткісі анықталып, пайыздық көрсеткіштермен нәтижесі шығарылды.

Апта аралықтарында бастауыш сыныптардың сабақ үдерістеріне қатысып, психологиялық бақылаулар жүргізілді.

Ағылшын тіліне байланысты 2 «а», 3 «а», 4 «а», 4 «ә» эксперименттік сыныптардағы оқушылардың ата-аналарының пікірін анықтау үшін сауалнама алынды, нәтижесінде ата-аналардың басым бөлігі ағылшын тілін ерте кезеңнен үйренулеріне қолдау көрсетіп, ағылшын сабағы мен пән мұғалімі туралы оң көзқарастарын білдіртті. Ал, ұсыныс ретінде кейбір оқушылармен сабақ барасында оқытудың түрлі әдісін қолдана отырып белсенділігін арттыру мен қосымша баламен жұмыс істеу қажеттігі көрсетілді.

Ал, орта буынға жүргізілген жұмыстар легіне келер болсақ, 5, 6, 7 -ші сынып оқушыларының темперамент типін анықтау мақсатында тест жүргізілді. Сынып оқушыларының неліктен сабақ үдерісінде тыныш немесе шулы болып отыратындығы олардың мінез- құлықтарының әр түрлі тұрақты және тұрақсыз болып келетіндігімен түсіндіреледі.

Оқу үдерісі басталып 1 ай өткеннен кейін 5- сынып оқушыларының бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі кездесетін қиындықтарын анықтау мақсатында оқушылардан сауалнама алынып, анықтамасы шығарылды. Ұсыныстар берілді.

7 «ә» сынып оқушыларына оқушылардың бойында бір- біріне деген құрмет, достық, жанашырлық, татулық сезімдерін ояту мақсатында «Менің жағымды тұстарым, жақтарым, қырларым ... досымның көзімен» әдістемесі жүргізілді.

8.11.2010 жыл 6 «а» сыныбына оқушылардың бойында бір-біріне деген құрмет, достық, жанашырлық, татулық сезімдерін ояту, қалыптастыру мақсатында «Менің жағымды тұстарым, жақтарым, қырларым ..... досымның көзімен» әдістемесі жүргізіліп, анықтама берілді.

Ағылшын тілі мен араб тіліне байланысты 5 «а», «ә»; 6 «а», «ә»; 7 «а», «ә» эксперименттік сыныптардағы оқушылардың ата-аналарының пікірін анықтау үшін сауалнама алынды, нәтижесінде ата-аналардың басым бөлігі ағылшын тілі мен араб тілін үйренулеріне қолдау көрсетіп, ағылшын және араб тілі сабағы мен пән мұғалімі туралы оң көзқарастарын білдіртті. Ал, ұсыныс ретінде кейбір оқушылармен сабақ барасында оқытудың түрлі әдісін қолдана отырып белсенділігін арттыру мен қосымша баламен жұмыс істеу қажеттігі көрсетілді.

Орта буын оқушыларының сыныптағы көңіл- күйлерін анықтау мен сергіту мақсатында түрлі жаттығулар жүргізіп отырылды. Олармен тікелей неге қызығушылықтары бар екендігі, мектепте тағы қандай қосымша іс-шаралар өткендігін қалайтындығы туралы сауал-сұрақтар қойылды нәтижесі шығарылып, пікір алмасулар жүргізілді.



Орта буын оқушыларының мінез-құлық типін анықтау үшін Айзенк сауалнамасы әдістемесі жүргізілді. Нәтижесінде 50%-сангвиник, 15%- флегматик, 5%- меланхолик, 30%- холерик екендігі анықталды.

Жоғары буын оқушыларымен «Мен өмірді таңдаймын» тренингі суицидті алдын-алу мақсатында жүргізілді. Қатысқан 9 «в» сынып оқушылары, нәтижесінде балалардың бойлары серігіп, түрлі өмірге деген, жанындағы досына деген жағымды пікір алмасулар болып кері процесс жүрді. Ұсыныс ретінде сабақ барысында сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері қарым- қатынасқа көбірек түсуі түсіндірілді.

2010 жылдың қазан айының 13 күні тәрбие ұйымымен біріге отырып «Қызым, саған айтам ... » тақырыбымен 45 қыз балаға дөңгелек үстел өткізілді. Қыздарға аналық тәрбиенің мәнін ұғындыру, қыз баланың өзін мектеп қабырғасында ұстай білуі, қыздардың қазіргі таңада мәртебесі қандай деген сұрақтардың мәнін ашып, оқушыларға жеткізу мақсатында жүзеге асырылды.

Ал осы шара ертеңіне 14 қазан күні 45 оқушы ер балаларға «Әке көрген оқ жонар...» тақырыбы аясында жалғасын тапты. Мұнда «үлгілі бала – қандай бала?, оқушының тәртібі қандай болуы керек?, мектеп қабырғасында, күнделікті өмірде сәлемдесу тәртібі туралы» мәселелер қарастырылды. Дискуссия барысында оқушылар өздерінің ойларын ашық жеткізіп, ұсыныстарын айтты. Психолгиялық ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, көріністермен көрсетіп жатты. Нәтижесінде оқушылардың бойында көптеген ақпараттармен қамтылып, сергіп қайтты. Бұл жобаның жалғасы сынып сағаттарында жалғасын тапсын деген ұсыныспен шешімін тапты.

Мектебіміздің түлегі болатын 11 «а» сынып оқушыларына ҰБТ-ға байланысты «Талапкерге құлақ- қағыс» дәрісі өткізілді. Мұнда «ммандық таңдағанда неге көңіл бөлу керек?, Қазіргі кезде қандай мамандық мәртебелі?, Бейіміне қарай мамандық таңдау қажет, мамандық таңдаудағы қателіктер» деген тақырыпшалар төңірігінде ақпарат алмасу жүргізіліді.

ҰБТ байланысты 11 сынып оқушыларының бағыт бағдарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіліп, анықтамасы берілді.

Сонымен қатар, келесі кездесулерде оқушылыардың мамандық таңдауына байланысты Голланд тесті жүргізілді. Нәтижесінде оқушылардың ҰБТ- ы бойынша таңдаған төртінші пәндері бейімділіктеріне сәйкес келетіндігі анықталып, анықтамасы берілді. Оқушыларға сабақ үдерісінде психологиялық жағымды қолдау көрсетіп отыру ұсынылды.

ҰБТ – ға дайындалуға байланысты бірқатар кеңестер беріліп, оқушылардың бойында сенімділігін арттыру мақсатында «импульс» жаттығуы жүргізілді. Нәтижесінде оқушылардың бір- біріне және өзіне деген сенімділігі оянып батылдылық пайда бола бастады.

Жоғары буын оқушыларының темперамент типін анықтау үшін мінез-құлық тесті жүргізіліп, нәтижесі шығарылды. Әрбір оқушының экстраверт немесе интроверт типін анықталды. Жоғары сынып бойынша мектебіміздің 79% - экстраверт, 21% - интроверт; 50%- сангвиник, 27%- холерик, 17% - флегматик, 6% - меланхолик екендігі анықталды.



Мектеп - ата-ана байланысын жақсарту мен оқушылардың ата-аналарымен байланысы, қарым- қатынасын анықтау мақсатында мектебімізде ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыс барысында 6 сыныптар мен 5- ші сынып оқушыларының ата-аналарына сауаланама жүргізіліп, нәтижесі шығарылды.

10-шы сынып оқушыларынан сабақтастыққа байланысты мектепке бейімделуіне байланысты сауалнама алынды. Нәтижесінде оқушылардың оқуға деген ынтасына байланысты пән мұғалімдері сабақты қызықты әрі белсенді ұйымдастырса, мүмкіндігінше интерактивті тақтаны көбірек қолданылсын деген ұсыныспен анықтамасы шығарылды.

Мектебімізідегі үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізгенде оқушыларға «Артық ұғымның астын сыз», «Суретті есте сақта», «Нүктелерді есіңде сақтап қойып шық» әдістемелері қолданылып жүргізілді. Қорытындысында, оқушылардың есте сақтау деңгейлері әртүрлі орташа, төмен немесе жоғары екендіктерін анықталып көрсетіліп отырды.





жүктеу 337,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау