Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту


Жаратылыстану-математикалық циклы пәндерінің тәрбиелік бағыттылығын күшейту



жүктеу 1,55 Mb.
бет2/3
Дата21.12.2017
өлшемі1,55 Mb.
#5378
1   2   3

2.2 Жаратылыстану-математикалық циклы пәндерінің тәрбиелік бағыттылығын күшейту
Педагогикалық сөздікте «тәрбиелік аспект» ұғымының пайда болғанына да көп болмады. Тәрбиелік аспектіге өз ішінде ауысу немесе әрекет етудегі мүмкіндік қасиеті тән; әр орыннан жаңа қырынан байқалады; ол құрамындағы жаңа элементтерге байланысты бірдей емес, әртүрлі болуы мүмкін. Тәрбиелік аспектіні жоғарыдан берілген нұсқау арқылы құруға болмайды, ол мұғалім мен оқушының шығармашылық аясында пайда болады.

Жаратылыстану-математикалық циклы пәндері оқушыларға табиғат, әлемнің материалдық тұтастығы, табиғат ресурстары және оларды адамның іс-әрекетінде пайдалану туралы білім береді. Бұл пәндердің ортақ оқыту тәрбиелік міндеттері тұлғаның жан жақты үйлесімді дамуына бағытталған. Осы ортақ міндеттерді шешудегі басты шарт – пәндер арасындағы байланыстарды, пән мұғалімдерінің ынтымақты жұмысын жүзеге асыру және дамыту. Жаратылыстану-математикалық циклының барлық пәндері математикамен тығыз байланыста оқытылады. Ол оқушыларға адамның күнделікті өмірі мен еңбек жолында қажет, сол сияқты бір бірімен шектес пәндерді оқытуда маңызды білім мен білік жүйесін береді (1-сурет) [16].




Физикалық география

Информатика және ақпараттық технология

Сызу


1-сурет − Жаратылыстану-математикалық циклы пәндерінің өзара маңызды байланыстары


Мұғалім қызметінің басты бағыты – бала үшін таным қуанышын ашу, өздігінен жауап іздеу кеңістігін беру, зерттеу ахуалын туғызу, яғни мектеп үшін жетіспей тұрған, баланың ішкі мотивациясын ояту. Мұғалім оқыту қызметін ұйымдастырып және оқушыны тұлға ретінде қабылдай отыра, алдағы іс-әрекеттің мотивациясы туралы ойлайды. Іс-әрекет теориясы тұлғаны оқыту процесінде дамыту проблемасына жаңаша қарауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл жерде тұлғаны дамыту индивидтің өмірлік қатынастарда оның қызметін өзгертуі нәтижесінде орын алатын өзіндік даму ретінде түсіндіріледі. Іс-әрекет – тұлға дамуының басты шарты және құралы.

Оқыту процесінде оқушыны оқу қызметіне енгізілген тұлға ретінде ескеру қажет.

Бұл жерде ең бастысы – оқу процесінің оқушыға берері, танымдық қызметтің орны, бұл қызметтің дәлелденуі, қызмет мақсаттарының мотивацияға сәйкестігі, оқушы үшін бұл қызметтің тартымдылығы, оқыту процесі барысында оның қатысушылары: мұғалім және оқушы, оқушылар және мұғалім, оқушылар арасында қандай қарым-қатынас орнағаны маңызды.

Алайда, сабақта қызығушылық, жаңалық ашу ахуалын қалай туғызуға, балалардың өміріне жаңалық ашушы-ғалымдардың құмартушылығын қалай енгізуге болады?

Сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушыларға таным арқылы баратын, тереңдігімен, ауқымдылығымен және терең ойлылығымен қызықты биіктерді көрсету қажет.

Оқу процесінде таң қалдыру принципі, проблема, қарама-қайшылық тудырудың көмегі зор, әрқайсысының шешімін табу бала үшін жаңалық ашумен тең.

Дәл таң қалдыру сияқты адам ықыласын ештеңе аудармайтыны және ой еңбегін ынталандырмайтыны белгілі. Материалды табиғи реттілікпен баяндаудың бұзылуы, озық тапсырмаларды қолдану проблемалық жағдай туғызу үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Бұл орайда танымдық тапсырмаларды ұсынудың формалары, оларды шешудің практикалық маңыздылығы болуы шарт.

Мысалы, шексіз геометриялық прогрессияны қарастырмас бұрын сабақты «Торт тілімдерінің шексіз мөлшерін жей аласыз ба?» сұрағымен бастауға болады. Осы сауал төңірегіндегі пікірталас теориямен танысқаннан кейін ғана толастауы мүмкін. Сонымен, сабаққа қызығушылық қамтамасыз етілді. Ең алдымен теорияны, сонан соң оны практикада колдану жолдарын қарастырмастан бұрын оқушыларға осы теорияны пайдаланатын түрлі аспаптар мен қондырғылардың жұмыс істеу принципін негіздеу бойынша түрлі тапсырмаларды ұсынуға болады. Мысалы, түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы белгісін өтер алдында оқушылардан бағанды орнатпастан бұрын неліктен оның вертикалдығы бағанның негізі екеуі бір жазықтықта жатпайтын екі түрлі нүктеден тексерілетінін түсіндіруді өтіну керек. Тек нәтижені ғана емес, кез-келген идеяны мадақтау керек. Мысалы, оқушылардың «Мен тапсырманы дұрыс орындай бастадым ба?» деген сауалына «Мен басқаша орындадым, мүмкін сенің ойың соны шешімге жеткізер» деп жауап қайтару керек. Соңынан әр түрлі шешімдерді қарастырып, олардың әрқайсының жетістігі мен кемшілігін талқылау қажет.

Оқушылардың кез-келген стандартты емес шарты оны шешу жолына бағдарланбаған, ал жинақталған тәжірибеде оны шешудің даяр үлгісі жоқ, тапсырманы өздігінен шешуі оларға зерттеушілік қызмет еркіндігін береді.

Мектеп қазіргі өмір деңгейіне сәйкес келетін толыққанды білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге оқушыларда адамгершілік, азаматтық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік және мақсаткерлік, бәсекеге қабілеттілік және көптеген басқа қасиеттерді қалыптастырады. Оқу процесінде тәрбиелік міндеттерді шешу үшін көп мүмкіндіктер бар, өйткені бала уақытының көп бөлігін мектептегі сабақта өткізеді.

Өкінішке орай, педагогтар мен ата-аналар арасында сабақта тек білім ғана берілу керек деген ой қалыптасқан. Бірақ, ықылас болған кезде білімді өздігінен де алуына болады, ал қарым-қатынас жасаудың, адамдармен, достарымен, үлкендермен және кішілермен өзара іс-әрекет етудің әлеуметтік тәжірибесін игеруді, күрделі өмірлік проблемаларды шешуді тек қана арнайы ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесінде ғана үйренеді. Мұнан бөлек, адам білімді орынды пайдалана алмаса, оның ешқандай мәні жоқ екені баршаға мәлім. Егер ол басқалардың мүддесін ескермей, ой-өрісін (интеллектісін) өз мақсатына жұмсаған жағдайда тіпті қауіпті болады. Тұлға адамгершілігінің деңгейі төмен, немесе тіпті болмаған жағдайда осындай жағдаят туындайды. Сонымен, мектеп түлегі өзінің білімдік және тәрбиелік әлеуетін қандай жолдармен іске асыратыны, ол білімі мен ынтасын құруға немесе қиратуға бағытталатыны тәрбие міндеттерінің шешіміне байланысты.

Сабаққа дайындалу барысында мұғалім білімдік міндеттермен қатар, оқушыларда әлеуметтік және тұлғалық маңызды қасиеттер мен ерекшеліктер, қоршаған әлемге, адамдарға, іс-әрекетке және өзінің жеке басына адамгершілік-құндылықты қатынас қалыптастырумен, достарымен, ересек және кіші жастағы оқушылармен, ата-аналармен, түрлі ұйымдар және әлеуметтік топ өкілдерімен өзара іс-әрекет дамытумен байланысты тәрбиелік міндеттер кешенін анықтайды.

Сабақтың тәрбиелік әлеуетін қандай жолдармен іске асыруға болады?


Сабақта диалог болуы үшін мұғалім не істеуі тиіс? Сабақтың тәрбиелік әлеуетін іске асырудың үш басты бағытын көрсетеміз:

  • материал мазмұнын іріктеу;

  • сабақ құрылымын жетілдіру;

  • қарым-қатынасты ұйымдастыру.

Тек қана білім беруге бағытталған сабақ оқушыларды бейтарап қалдырады. Мұғалімнің міндеті – сабақ мазмұны оқушылармен белгілі бір әлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық, экологиялық және т.б. құндылықтар ретінде қабылдануы тиіс. Бұл үшін қандай жағдайлар қажет? Сабақтың зияткерлік, адамгершілік және эстетикалық әсерлер, түрлі көзқарастар мен пікірлер тартысы, міндеттер мен проблемаларды шешудің түрлі жолдары мен ақиқатын іздестіру, мұғалім мен оқушылардың шығармашылығы атмосферасында өтуінің маңызы зор.

Оқушының қандай да бір нысанға немесе құбылысқа қатысы оның мінез-құлқын анықтайды. Моральдық таңдаумен байланысты арнайы құрылған тәрбиелік жағдаяттарда саналы жауапкершілікті қарым-қатынас қалыптасады. Мұғалім мен оқушы арасындағы толыққанды диалогтың болуы – осындай педагогикалық жағдаяттардың өзгеше артықшылығы болып есептеледі. Әлем туралы білімді жеткізу және осы әлемге деген қатынастың қалыптасуы – қоғам және педагогтың өскелең ұрпақты қоғамдағы өмірге дайындау жолында ұйымдастырған үлкен екі процесс. Қазіргі мектеп алдында тұрған бірден бір өзекті мәселе – еліміздің үйлесімді дамыған тұлғасын қалыптастыратын оқыту мен тәрбиелеуді бір тұтас мақсатты тәрбие процесіне біріктіру.

Негізінде, педагогикалық әдебиетте оқушы тәрбиесі мәселесі сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыспен байланыста зерттеледі. Бұл орайда оқушының маңызды да үлкен өмірінің бөлігі – сабақ ұмыт қалады. Сабақтың тәрбиелік мүмкіндіктері проблемаларына бірнеше тұрғыдан қарауға болады. Солардың бірі «Әр сабақ тәрбиелейді» пікірінде көрініс табады. Кейбір кезде бұл пікірді әлдебір заңдылықтар бейнесін көруге болатындықтан педагогикалық аксиома ретінде айтады, сабақ дидактикалық дұрыс ұйымдастырылса, одан тұлға қалыптасуына оң әсер етеді. Қалыптасуына – иә, бірақ тәрбиеге емес, себебі соңғысы – саналы да арнайы қойылған мүддеге сәйкес ұйымдастырылған және құрылған мақсатты процесс екені даусыз. Сондықтан да осындай мақсаттан айырылған сабақ тұлғаға қалыптастырушы ықпал жасаса да, тәрбиелемейді.

Осы ұйғарымға керісінше «Көптеген мұғалімдер нақты қойылған тәрбиелік мақсатсыз сабаққа барады. Соған қарамастан, әріптес-мұғалімдер тарапынан олардың сабақтары бір ауыздан «тәрбиелейтін» деген баға алады және шын мәнісінде оқушы тұлғасының қалыптасуына тәрбиелік ықпал етеді» деген қарсылықты келтіреді. Ал, бұған тәрбиелік нәтижеге интуитивтік жолмен, кездейсоқ олжа және күтпеген сәттілік жолымен қол жеткізуге болады деп уәж айтады. Дегенмен, бұл жол болжанбағандығымен қолайсыз: балалар жақсы-ақ еді, күтпеген жерден – жаман болып қалды! Жұмыс жақсы жүріп жатыр еді – ойламаған жерде бүлінді! Бұрын өз түйсігіне сенетін мұғалім осындай түсінбеушіліктің себептерін іздестіре отыра, өз іс-әрекетіне талдау жасау қажеттігін сезеді, ол оны тәрбие мақсатына сүйенуге мәжбүрлейді, барлық күш-жігері оны нәтиже ретінде сезінуіне қол жеткізуге бағытталған.

Оқылатын материалдың тәрбиелік мүмкіндіктері басқа тұрғыдан қарастырылады. Бұл тұрғыны іске асыру сабаққа оқушылардың зейінін оқылатын материалдың этикалық жағына басты назар аударуға мүмкіндік беретін қосымша жағдаяттар мен ақпараттар қосумен байланысты. Сонымен қатар, ол міндетті түрде сабақта қойылатын қарым-қатынастарды айқындау мен жете түсінуге және осы қарым-қатынастар жүйесі арқылы оқушы тұлғасына тәрбиелік ықпал етуді ұйымдастыруға негізделеді.

Әрине, сабақта біз оқытамыз, белгілі білім туралы ақпарат береміз, білімді пратикада қолдану білігімен қаруландырамыз. Бірақ, сабақ тек қана «ұйымдастыру формасы» емес, ол сонымен бірге, оқушы өмірінің бір бөлігі және жалғасы, ең алдымен – қарым-қатынас. Мұғалімнің міндеті – сабақ мұғалім мен оқушының, олардың әрқайсысының бір-бірімен адамгершілік қарым-қатынас қалыптастыруына бағытталған, толыққанды адами қарым-қатынас, ойластырылған өзара іс-әрекет болуы үшін еңбек ету.

Сабақ – оқушы өмірінің және оның тұлғасының қалыптасу процесінің жалғасы. Бұл жағдайда сабақтың мазмұны қандай математикалық формулалармен, әдеби мәтіндермен, тарихи деректер және оқиғалармен толтырылғаны маңызды емес. Тұлға тәрбиесі орнатушы және дамытушы қарым-қатынастардың арқасында іске асады.

Мұғалім сынып табалдырығын аттасымен, оқушылардың және сабақтың оқу қызметін ұйымдастырады. Педагог қарым-қатынастардың қоғамдық маңыздыларға сәйкестігі, яғни тәрбиелік мақсаттарға кереғар болмауы үшін барын салады, сол кезде осы мұғалімнің сабағы тәрбиелік сипатқа ие болады. Егер мұғалім өз зейінінің шекарасын дидактикалық шекпен тарылтса, сабақ тәрбиелік ықпалынан айырылады.



Тәрбиелей оқыту – мұғалімнің сабақта кездесетін қоршаған өмірдің түрлі құбылыстарына оқушылардың қарым-қатынасын мақсатты жоспарлауы ұйымдастырылған процесс кезіндегі оқыту.

Мұғалім бір тәрбие мақсатын ойға ала отыра, әр сабақта түрлі тәрбие мақсаттарын қояды. Қарым-қатынас бір сәтте, бір сабақта орнай қалмайтындықтан, және оны қалыптастыруға уақыт қажет болғандықтан, педагогтың тәрбие мақсаты мен міндеттеріне деген зейіні тыйылмауы (тоқтаусыз) және тұрақты болуы тиіс.

Тұтас алғанда, оқыту процесі бүтіндей тәрбиелейді, бұл біз тек білімді хабарлаған кезде ғана емес, сонымен қатар өзіміздің барлық іс әрекетімізбен, барлық оқу жүйесімен оқушыларды өмір бойы оқу білігіне, өздігімен білім алуға, танып білуге мүмкін болатынға өзінің жеке көзқарасын қалыптастыруға, таным қиындығын жеңуге, өзін қалыптастыруға үйретуде орын алады. Оқушылардың адамгершілік тәрбиесіне мұғалім тұлғасы да көп ықпал етеді. Мұғалім қырық минут бойы сыныппен, өз оқушыларымен оңаша болады. Осы қырық минутта оқушы мұғалімді өз ісіне берілген, құштар жан ретінде көруі тиіс. Сонда ғана ол балаларды өз үлгісімен баурай алып, барлығын шығармашылық ізденіске қоса алады. Әсіресе мұғалімнің ойын дауыстап айтуы, оқушылардың ойын жетелеуі, мәселенің дұрыс шешімін іздестіруі, қабылданбағанды түсіндіре отыра жолай ауыстыруы, ойлануы, соңғы нәтиже қандай болатынын білу үшін ілгері қарауы жоғары сынып оқушылары сабақтарындағы ең мықты тәрбиелік сәттер болып саналады.

Бұл оқушыларды қызықтырады, олар қандай да бір сұрақтың жауабын бірге іздейді, ұжымдық іздестіру бабын жасайтын белсенді позицияда болады. Ой ғана ойлауға үйретеді. Сондықтан мұғалім әрбір оқушыны тыңдауға уақыт таба білуі қажет, олардың әрқайсысына ізденіске қатысуына, дұрыс және қисынды жауап құрастыруына мүмкіндік беруі тиіс. Балаларға уақытты бағалауды үйрету қажет. Сол себепті мұғалім барлығын дер кезінде бастап, жұмысты уақытпен орындауы тиіс; оқушылардың сабаққа ұзақ жиналғанын күтпеуі керек. Кейде сабақтың әр кезеңіне: сабаққа даярлығы, жаппай сауалнама, өзіндік жұмыс, жазба жұмыс, жаңа сабақты түсіндіруге қатынасқаны үшін баға қою қажет. Анда-санда болса да, осылай жасап отыру қажет! Мұндай тәсіл зейінді, жинақылықты дамытады, өзін ұжымда бағалау мүмкіндігін береді.

Мұғалім жұмысының маңызды кезеңі оқушылардың назарын ғылым мен адамгершіліктің арақатынасына аудару. Тек бар күш жігерімен жасалған еңбек, ғылыммен шұғылдану адамның гумандық идеалдарына қызмет ететін ұлы ашылуларға мүмкіндік жасайды деген оқушыларды сендірерлік мысалдарды ғылым тарихынан, күнделікті өмірден, баспасөз және теледидар материалдарынан алу керек. Пәнді оқыту процесінде оқушыларды өзіндік білім алуына түрткі салу керек, оқушыларда білімге қызығушылықты, күнделікті еңбексүйгіштік, табандылық, орындаушылық, жауапкершілікті тәрбиелеуде тиісті кеңестер беру қажет. Балаларымыз мектепті тәмамдаған соң кім болса да, оларға білім, зеректік, байқағыштық, жақсы ес, өткір көз мөлшері, қиял, ықыластылық, логикалық ойлау, талдау, деректі салыстыру және жиынтықтау білігі қажет. Сабақта көрнекіліктерді және техникалық құралдарды шеберлікпен пайдалану оқыту мен тәрбиелеудің заманауи талаптарына жауап береді. Модельдер мен анықтамалық кестелерді пайдалану оқушы зейінін, сабақ уақытын үнемдеуді тәрбиелейді, бұл мұғалімге оның танымдық іс-әрекетін басқаруына мүмкіндік береді. Пәнді оқытуда осындай тұрғыны тәрбиелеу оқушылардың белгілі тақырып бойынша шығармашылық жұмысына көмектеседі.

Егер оқушыны табанды және қызығушылықпен еңбек етуге үйретпесе, ешқандай ерекше заманауи әдістердің көмегімен мақсатқа жетуге болмайтыны әр мұғалім үшін аксиома болуы тиіс. Сабақтың тәрбиелік қызметін арттырудың бірден бір тиімді құралы – проблемалық оқыту. Шығармашылық ой, проблеманы өздігімен шешу – білімнің нанымға айналуының бір шарты. Проблемалық оқытудың тәрбиелік мәні балалардың жаңа деректерді «ашуына» өздігімен келуімен емес, оларға ойдың ерекше стилін дағдыландыруында, мұғалімнің оқушы тұлғасына жақсы әсер етуі күшейгенде ғана ашылады.

Кез-келген пәнді оқыту процесінде оқушылардың еңбек тәрбиесі: оқу білігі мен қажеттілігін тәрбиелеу; практикалық іс-әрекетте қажет білік және дағдыны қалыптастыру; практикалық тапсырмаларды шешуде алған білімді қолдану қабілетін дамыту бағыттарында жүргізіледі.

Үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру процесінде ерекше орын алатын эстетикалық тәрбие барлық мектеп пәндерін оқытуына органикалық түрде енеді. Оқушыларға эстетикалық әсер ету көп жағдайда пәнді оқыту сапасына байланысты. Нақтырақ айтсақ: ойластырылған сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін ұсына отырып, сабақта оларды шешудің тиімді жолдарын іздестіруді ұйымдастыру оқылатын материал мазмұнының мүлтіксіз, дәл және анық түсіндірілу білігіне байланысты. Сонымен қатар, оқушылардан кез-келген жұмысты мұқият орындауын талап ету керек: дәптер толтыру, орфограммаларды, сөйлем мүшелерін тауып сызу, график сызу және т.б. бұл ұқыптылықты, ішкі жинақылықты, іждағаттылықты, бастаған істі мүлтіксіз орындауға жеткізуге үйретеді. Педагог балаларды әсемдікті көруге ғана емес, оны жасауға үйретуі тиіс.

Эстетикалық талғам оқушылардың жалпы мәдениетін арттырады. Геометриялық тапсырмаларды орындау эстетикалық талғам қалыптасуына ықпал етеді. Бұл орайда:


  • Тапсырманың шарты қызықты, сызбасы әдемі болуы тиіс;

  • Тапсырма қызық, кей кезде тосын дерек келтіруі мүмкін;

  • Мұндай тапсырмаға өзара ұқсастықтың үлкен деңгейі тән;

  • Тапсырманың шешіміне көрнекі әрі өте қарапайым сипат беретіндей өзіндік қасиет жасырылуы қажет. Мүмкіндігінше, тапсырма бірнеше шешу тәсілін көздегені дұрыс.

Сабақтардағы ынтымақтастық элементтерін асыра бағалау қиын. Мысалы, жаңа материалды бекітуде және қайталауда оқыту және бақылау сипатындағы топтық жұмыстарды қолдану қажет. Оқушылардың қарым-қатынасы, достастығы, бәсекелестігі, ынтымақтастығы, қатысуы айқын байқалады. Жаңа типті тапсырмаларды шешуде оқушылар орындарында өздігімен жұмыс жасайды, тапсырманы дұрыс орындаған балалар дәптерлеріне «+» алады да, орындарынан тұрып өзге балаларға көмектеседі. Жұмыстың мұндай түрі оқушылардың еңбексүйгіштігін, шыдамдылығын қалыптастыруға, өзін-өзі бағалауын арттыруға ықпал етеді.

Сұрақ қоятын балаларды ынталандырып отыру керек, оқушылардың бұл жұмысы «Қателесу – ұят емес, ойламау – ұят!» ұранымен жүргізілуі қажет.

Құнттылықты тәрбиелеу, өз елінің нағыз иесін тәрбиелеу отбасында басталады және мектепте жалғасын табады. Осы проблеманың дұрыс шешілуі көп жағдайда мұғалімдерге байланысты.

Қазіргі сабақтың педагогикалық мәдениеті оқыту мәдениеті және сонымен қатар, тәрбиелік ықпал ету мәдениетінен тұрады.

Мектеп өміріндегі күнделікті әрбір сабақта оқушы тұлғасы мен мінезі қалыптасады. Бұл арада мұғалім үшін ұсақ-түйек, маңызсыз нәрсе болуы мүмкін емес. Баланың ешбір қылығы мұғалім назарынан тыс және этикалық баға алмай қалуы тиіс емес.

Балаларды бақытты және адамгершілік саулықта болуға үйрету – сабақтың басты міндеті. Мұғалім мұны ешқашан жадынан шығармауы тиіс. Сонымен қатар, ол оқушы тұлғасына әсер ету шеберлігін, сабақта өзара түсіністік пен ынтымақтастық ахуалын құруды үнемі үйренуі қажет.

Іске асыру нәтижесінде оқу процесінің тәрбиелік әлеуетін айтарлықтай арттыратын және тәрбиелік міндеттерді ойдағыдай шешуін қамтамасыз ететін бірқатар идеяларды анықтаймыз.

Оқу материалы мазмұнының тәрбиелік аспектілерін күшейту төмендегі жағдайларды көздейді:

– оқылатын материалдың өмірмен, баланың келешектегі жеке және

кәсіби жоспарымен байланысы;

– аймақтың, нақты социумның мүддесі мен қажеттігін, баланың қызығушылығы мен сұранысын, ата-аналардың әлеуметтік тапсырысын ескере отыра, оқылатын пәннің вариативтік бөлімін анықтау;


  • оқу материалы мазмұнын іріктеуге аксиологиялық тұрғыдан қарау,

оны жасаушылардың құндылықты және адамгершілікті аспектілеріне зейін аудару;

  • оқу тапсырмаларын орындауда өз елінің, қаланың және ауылының тарихи және мәдени мұра материалдарын, деректерін пайдалану;

– пәнді оқытуда өлкетану материалын пайдалану, жергілікті дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды ескеру;

– сәйкес тақырыптарды оқыту процесінде оқушыларды елдегі өзекті мәселелер, жергілікті проблемаларды шешуге және талқылауға қатыстыру;

– оқушылардың әлеуметтік маңызды оқу жобаларын, зерттеу қызметін орындау арқылы қоршаған өмірді түрлендіруге, аудан, қала және кент проблемаларын әзірлеу арқылы үлес қосуы.

Пәнаралық байланыстарды дамыту. Оқыту процесіндегі маңызды міндеттердің бірі – оқушыларда әлемнің ғылыми-пәндік және құндылықты бейнесі туралы тұтас түсінік қалыптастыру және балаларды алған білімін практикалық өмірде қолдану тәсілдеріне үйрету. Мұғалім мен оқушы өздерінің бірлескен іс-әрекеттері арқылы физика, химия, биология сияқты жеке пәндердің емес, қоршаған тұтас әлемнің тылсым жұмбақтарын шешуге талап қылса ғана оған қол жеткізуге болады. Тек интеграциялық білім ғана күткен нәтижелерге: білім алуға деген қажеттілікті сезінуге, теориялық білімді практикалық


іс-әрекетке көшіру мен оларды стандартты емес жағдаяттарда қолдануға мүмкіндік береді. Интеграциялау үшін көлемді және алуан түрлі мәліметтерді тұтас бір проблемаға, ортақ негізге түйістіруге мүмкіндік беретін идея қажет. Әлем жалғыз және онда сансыз ішкі байланыстар тізілген, сондықтан көптеген басқа мәселелерді жанамай, бір де бір өзге маңызды мәселелерді қозғай алмайсыз. Мұндай жағдайларда салыстыру, салғастыру қажет, бұл сонымен қатар интеграциялау негізі. Мектеп пәндерінің көптеген бағдарламасында тақырыптардың сәйкестіктері, ортақ проблемалар мен мәселелер аз емес, бірдей процестер мен құбылыстар оқытылады, алайда олар әртүрлі позициядан қарастырылады. Бұлардың барлығы ең болмаса жеке тақырыптар бойынша интеграцияның негізі бола алады.

Соңғы кездері білімді, бірінші орында тектес пәндерді интеграциялау өзекті болып отыр. Кей кезде балалардың бір пәнді жақсы меңгеруі басқа оқу пәндері бойынша белгілі бір білімдерінің болуына байланысты. Мысалы, химиядан есеп шығару таза математикалық білімді (санды дөңгелектеу, пайыздар, пропорциялар, санның стандартты түрі, натурал бөлшектерді ондық бөлшектерге айналдыру және т.б.) қажет етеді. Кез-келген мұғалім өз пәнінің мазмұнын талдай келе, «бөлектеп» оқыту көп жағдайда жарымжан, айтарлықтай тиімді емес екеніне көзі жетеді.

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың арқасында оқушылардың санасында әлем туралы жан-жақты бейне қалыптасады, оқушылар алған білімін белсенді түрде практикада қолдана бастайды, себебі білім өзінің қолданбалы сипатын көрсете алады. Мұғалім, өз пәнінің басқа пәндермен арасалмағын айқын сезіне отыра, оны жаңа қырынан көреді және көрсетеді.

Оқу пәндерін интеграциялау білімді қызығушылықпен, жеке мәнділігін және түсініп қабылдау арқылы мотивацияны күшейтуге қол жеткізеді, жекелеген пәндерді оқытуда кездесетін қосарлану мен қайталауды алып тастау есебінен оқу уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді [16].

Жеке-бағдарлы оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесі, шарты және құралы болып табылатын оқу процесінде оқушыларды субъектілік тұрғыдан қалыптастыру.

Оқушының субъектілік позициясының сипаттары.

Оқушының субъектілік позициясы қалыптасуының басты шарттары:

– оқушылардың мүдделері мен қажеттіктеріне бағдарлану, олардың

алдағы қызметке даярлық деңгейінің есебі, оң нәтижеге, жұмыста жетістікке қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

– оқушыларды алдағы қызметке дәлелдеу, оның маңыздылығын,

мәнділігін, пайдалылығын түсіну;

– оқушыларды оқу қызметінің барлық кезеңдерінде мақсатты

тұжырымдау процесіне қатыстыру;

– оқушыларды өзіндік тесттеу, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін

объективті бағалауға үйрету;

– өз қызметін жобалау, жеке білім бағдарламалары мен жеке оқу

жоспарын құрастыру әдістерін меңгеру;


  • таңдау және өзін-өзі анықтау жағдаятын туғызу;

  • оқушыларға олардың мүддесіне қатысты мәселелер бойынша өздігімен шешім қабылдау мүмкіндігін беру;

  • оқушыларды жеке өзінің және ұжымдық оқу қызметіне талдау

жасауға, рефлексияны ұйымдастыруға қатыстыру;

  • оқушы шығармашылығын, белсенділігін және өзара іс-әрекетін ынталандырудың түрлі тәсілдерін қолдану.

Оқушының субъектілік позицияны көрсету мен қалыптастыруы оның педагогпен, сол сияқты басқа оқушылармен өзара іс-әрекетінің сипатына елеулі байланысты. Бұл үшін өзара іс-әрекеттің диалог және ынтымақтастық сияқты түрлері ең қолайлы болып саналады. Іс-әрекеттің өзі емес, осы іс-әрекет процесінде қалыптасатын қатынастар тәрбиелейтіні баршаға мәлім. Оқушыны тәрбиелейтін де, дамытатын да мұғалім мен оқушының ынтымақтастық қатынастары. Балалар мен ересектердің креативтік қабілеттерін дамыту олардың арасындағы ынтымақтастық қатынастарды жетілдіру негізінде шығармаластық идеяларын іске асыру көздейді.

Педагогтар мен оқушылардың шығармаластығы – олардың дамуының қайнар көзі және шарты.

Мұғалім жеке өнегесімен оқушыларға шығармаластық үлгісін көрсетеді және арнайы коммуникативтік технологияларды пайдалана отыра балалар арасындағы шығармаластықты дамытады. Шығармаластық – оқу процесіне қатысушылардың бірлескен мақсатты іс-әрекеті ретінде түсіндіріледі, келесі белгілермен ерекшеленеді: іс-әрекетке қатысушылардың субъект-субъектілі өзара қарым-қатынасы; ой және практикалық қызметтің соңғы өнімінің жаңа қасиеттерін, белгілерін алуға бағытталған әрекеттердің бірегейлігі, ерекшелігі, бірсарындылығы.

Жеке артықшылықтар негізінде оқу процесіне қатысушылардың өзара іс-әрекеті жүзеге асырылатын нағыз бірлескен қызмет шығармаластықтың тірегі болады. Бұл кезде жалпы іске ортақтастық сезімі, бір-бірімен байланысу қажеттілігі, өзін және өзгелерді «біз» ретінде сезінуі мен шыдауы пайда болады.

Егер іс-әрекетке қатысушылар жақсы нәтижеге жетуде бір-бірімен өзара іс әрекеттің маңыздылығын түсініп жұмысты саналы түрде орындаса, бір-біріне жеке тұлға ретінде қараған кезде шығармаластыққа қол жеткізіледі. Шығармаластықты дамытудың маңызды құралдары: оқу сабақтарын ұйымдастырудың топтық формалары және шығармашылық оқу тапсырмаларын орындау.

Шығармаластыққа қажет шарттар:



  • қызмет мақсаттарын бірге анықтау; алдағы жұмысты бірге жоспарлау, ортақ және жеке нәтижелерге жету жолдарын анықтау;

  • әрекетке қатысушылардың әрқайсысының мүмкіндіктеріне сәйкес тапсырмаларды, міндеттерді, қызметтерді, құралдарды, топтық жұмыс түрлерін бірлесіп бөлу;

– бірлесіп оқу қызметін бақылау және нәтижелерін бағалау, жаңа мақсаттар мен міндеттер қою.

Достардың, ересектер мен балалардың шығармаластығы – оқушылар дамуы, олардың гумандық, зияткерлік және адамгершілік қасиеттері үшін берекелі негіз. Тек бірлескен шығармаластықта ғана бала өзін барлық қырынан көрсете алады, ынта, жауапкершілік, еңбексүйгіштігік, тапқырлық, толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерін көрсетеді және дамытады. Осындай қызметте балалардың ұйымдастырушылық және құзыреттілік қабілеттері туындайды және көрінеді.

Оқыту процесінде ортаның тәрбиелік әлеуетін пайдалану маңызды.

Осы идеяны іске асыру баланың әлеуметтік байланыстар шеңберінің молаюына және кеңеюіне, оқу қызметі мен оқу тапсырмаларын өмір шынайылығына жақындатуына, пәндік білімдер шеңберінде балалардың түсініктерін кеңейтуіне, оқушылардың мектепте болған сәттері туралы әсерлерін ұлғайтуына мүмкіндік береді.

Оқушылардың қоршаған әлеммен байланысы өрістеуі салдарынан олардың іс-әрекетіне тек педагогтардың ғана емес, сонымен қатар басқа адамдар тарапынан да түзетулер жасалуда. Осы ойды қамтамасыз ету үшін ең алдымен, тәрбие процесінің құрылымын өзгерте отыра мектептің мүмкіндігін барынша пайдалану керек: оқу процесінің сынып көлемінде шектелуін азайту, сабақтарды мектептен тыс орындарда өткізу. Жағдайды ауыстыру балалардың зейінін белсендіруге жағдай туғызады, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытады, сондықтан мұғалімдер жоспарлаған кезде жақын мекемелер, жергілікті кәсіпорын базасы, шаруашылықтары, кітапханалар, аурухана, дәрігерлік пункт, дәріханалар бар екенін ескере отыра, оқу сабақтарын мектептен тыс жерде өткізуді көздеуі тиіс. Мысалы, математикадан «Масштаб» тақырыбын өту кезінде (6-8 сыныптар), сабақты тігін шеберханасында, құрылыста, жерге орналастырушының кабинетінде, ал диаграмманы құруға арналған (6-7 сыныптар) сабақтарды – жылыжайда, зоофермада және т.б. орындарда өткізуге болады. Табиғатта өткізілген сабақтың тәрбиелік әлеуеті артады.

Мәселен, өсімдіктер мен жан-жануарлардың алуан түрлілігі, организмдердің құрылысы және тіршілік әрекеті, олардың бір-бірімен және өмір сүру ортасымен өзара байланысы – осы және биология бойынша басқа сабақтарды табиғатта оқыту тиімдірек.

Жаратылыстану саласы пәндерінің мазмұнын түсіндіруде білім алушыларға біліммен қатар, қазақ халқының тағылымы мол тәрбиелік мұрасын жете меңгерту қажет.

Заманауи мектептегі оқу процесінде ұлттық тәлім-тәрбиені қолдану оң нәтиже беретіні дәлелденген. Мысалы, кезінде ата-бабаларымыз үй тұрмысына, тіршілікке қажет заттар мен бұйымдарды қолдан жасаған, табиғатпен тілдесе білген. Сол арқылы қазақ халқы өмір сүрген ортасының географиялық жағдайына қарай өздерінің материалдық, биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандырып отырған.

Қазақ халқының өмірі табиғатпен тығыз байланысты болған. Табиғат өнімдерін бір-біріне қосу арқылы тұрмысқа қажетті заттарды алу жолдарын меңгеріп қана қоймай, өнімдерді қалдықсыз, үнемді пайдаланған. Себебі табиғатты сақтау және қорғау, жер қойнауындағы байлықты ысырапсыз пайдалану – өзін асырап-сақтап отырған Жер-анаға деген құрмет деп түсінген.

Мысалы, химия сабағында (8-сынып) «Металдар» тарауын өткен кезде жаңа сабақты түсіндірмес бұрын оқушылар басқа пәндерден алған білімдері негізінде келесі сауалдарға жауап береді:



  • Адамзат баласына ертеден қандай металдар таныс?

  • Ертеде металл қандай мақсатта пайдаланылды?

  • Қазақ металдан қандай бұйымдар жасады?

  • Зергерлік өнерде қандай металдар қолданылады? т.б.

Оқушыларға металл тұрмыста және шаруашылықта заттар мен зергерлік бұйымдар ретінде таныс деген қорытынды жасалады.

Сабақ соңында оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін тақтадағы сызбаға жауап қайтару арқылы тексеруге болады (3-кесте).

3-кесте – Жаңа оқу материалын меңгеру дәрежесін анықтау сызбасы


Металдар

Осыған дейін не білдім?

Қандай жаңа ақпарат (білім) алдым?

Жаңа білімді қайда қолдана аламын?


География пәнінің ерекшелігі сол – мұнда тарих, биология, экология, физика, дүниетану, астрономия, сурет (сызу) пәндері бойынша білім қамтылады. Пән мұғалімінің мақсаты – оқушыларды туған елін − Отанын сүюге, оның табиғатын, жер қойнауындағы байлығын зерттеу, қадірлеп- қастерлеуге тәрбиелеу.

6-сыныптағы «Гидросфера» тақырыбы бойынша сабақты мұғалім қазақтың «Судың да сұрауы бар» деген мақалын қалай түсінесіңдер деген сауалмен бастайды. Оқушылар өз ойларын ортаға салады. «Қай мемлекет суға бай? Қазақстан суға бай ма?» деген келесі сауал оқушылар арасында қарама-қарсы ой тудырады. Балалардың пікірін тыңдап болғаннан кейін мұғалім жаңа сабақта табиғаттағы су, оның қасиеттері туралы баяндайды.

Үйге тапсырма ретінде өзің тұратын жердегі өзен, көл туралы бір шумақ өлең жазып келуді тапсыруға болады.

Тарауды қорытындылау сабағында мұғалім «Табиғатқа саяхат» тақырыбына жазатын шығарманың жоспарын балалармен бірге құрастырады:



  • Менің туған өлкемнің табиғаты, өзен, көлдері.

  • Бұлақтың көзін ашамыз.

  • Өлкемдегі өзен, көлдердің байлығы.

  • Менің табиғаттағы әрекеттерім.

Шығарманың қорытындысы бойынша әр оқушының іс-әрекетін бағалауға болады.

Математика сабағын есеп шығартып, ереже жаттатумен шектелген мұғалім еш уақытта оқушының пәнге қызығушылығын оята алмасы анық. Түсіне білген адамға математика – қызық пән. Мұғалім сабақта ұлттық ойындарды ойнатуда, жұмбақ есептер шығартуда және қызықты тапсырмаларды орындатуда тәрбиенің келесі міндеттерін шешеді: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытады, тез ойлауға, шапшаң есептеуге үйретеді, ұжымдыққа, ептілікке баулиды; қазақ және өзге халықтардың ұлттық ойындарын ойнату арқылы балаларды ауызбірлікке, достыққа тәрбиелейді.

Бала ойынмен өсетінін жақсы түсінген ата-бабамыз бала тәрбиесінде ұлттық ойынның небір түрін қолданған: құралайдың көзінен тигізетін мерген болсын деген мақсатпен балаларға асық ату ойынын, епті де күшті болсын деген ниетпен сақина алу, көкпар тарту т.б. ойындарды ойнатқан. Асық ату ойынымен балалардың барлығы жақсы таныс болғандықтан, осы ойынды 9-сыныптағы физика пәнінде «Импульстің сақталу заңы» тақырыбында есеп шығаруда пайдалануға болады.

Оқушылардың бірқатар тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталау және жүйелеуге арналған сабақ орман алаңқайында, өзен немесе тоған басында, жылдың әр мезгілінде кешкісін айлы аспан астында өтуі мүмкін. Бұл оқушылардың табиғат туралы білімдерін тек кеңейтіп қана қоймайды, сонымен бірге, бақылауға, қоршаған әлемді талдауға үйретеді.

Сабақ мазмұнын байытуға және оқу сабақтарын, саяхаттар, конференцияларды ұйымдастыру тәсілдерін түрлендіруге жергілікті кәсіпорындар мен шаруашылық мамандарын, мәдени орталықтар, кітапхана қызметкерлерін, дәрігерлерді қатыстырудың ықпалы зор.

Мысалы, физика сабақтарына мектеп кітапханашысы белгілі ғалым- физиктер туралы материалдар жинақтауы, физикалық викторина сұрақтарын құрастыруы, техникалық әдебиетке шолу жасауы мүмкін.

Физиканы оқытуда бірқатар тапсырмалар, мысалы, машиналар мен механизмдердің құрылысы тақырыбы бойынша саяхаттарды жергілікті кәсіпорындардың, техникалық парк мамандары өткізе алады. Оқушылар тек өндірістік процестер және техниканың құрылысымен ғана емес, сонымен қатар адамдармен, ұжымдық еңбек шарттарымен де танысады, ол кәсіптік қызметке қызығушылық дамытады, еңбек адамын құрметтеуді тәрбиелейді.

Биология бойынша сабақтарда жергілікті агроном мәдени өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерімен таныстырады, оларды өсіру технологияларын; клиникалық зертхананың лаборанты немесе дәрігері қан элементтерінің құрылысы қызметін және қанның химиялық құрамы мен құрылысын көрсете алады; зоотехник оқушыларды ауылшаруашылығы жануарлары тұқымдары селекциясының негізгі әдістері және алуантүрлілігімен таныстырады және т.б.

Сол сияқты, мұғалім мен оқушы арасында байланыс болмаған жағдайда жұмыстың ешбір озық әдістері мақсатына жетпейді.

Ұсынылатын ережелер:

– оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін білу және олармен

санасу;


  • оқушының пікірін сыйлау;

  • қателескені үшін емес, әрекетсіздігі үшін жазалау;

  • оқушының нәтижелерін бұрынғы жетістіктерімен салыстыру;

  • мүмкіндігінше проблеманы оқушының ата-анасымен емес, оның

өзімен шешу;

  • қажет болса тұлғаның өзін емес, оның қылығын айыптау;

  • қайтарған қате жауабы үшін жолдастарының мазақтау әрекетіне

тыйым салу;

– сабақтарда жайлылық пен тілектестік ахуалын жасау.

Мұғалімнің басты міндеті – оқушыға еркін, шығармашыл тұлға болуына көмектесу. Ал, оқытуда қалыптасқан ішкі мотивация тәрбиенің, дамудың тиімділігін арттырады.

2.3 Мектепті жаңарту жағдайында технологиялық, экологиялық мәдениет және салауатты өмір салтын қалыптастыру

2.3.1 Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру
Технологиялық мәдениет, әмбебап мәдениеттің бір түрі бола отыра, адам және қоғам өмірінің барлық жағына ықпал етеді. Ол негізінде табиғатқа, қоғам және адамға көзқарастың технологиялық жүйесі жатқан технологиялық дүниетанымды қалыптастырады. Технологиялық эстетика, технологиялық мәдениеттің құрамдас бөлігі бола отыра, дизайндық білімдерде әсемдік заңдары бойынша түрлендіру қызметін іске асыру біліктері мен қабілеттерінде көрінеді. Психология және педагогикада осы міндеттерді іске асыруда еңбек сабақтарына ерекше рөл бөлінген. Еңбек әрекеті белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыруға, логикалық ойды дамытуға, әділ шынайылықтың құбылыстары мен фактілерін ғылыми түсінуіне ықпал ететін білім көзі, танымдық қызығушылықтың түрткісі болады.

Соңғы он жылдықтарда технология түсінігінің мазмұны мен қолдану саласы айтарлықтай өзгерді. Ол қазіргі кезде адам іс-әрекетінің өзара тығыз байланысты материалдық, рухани сияқты, әлеуметтік аспектісін де қамтиды.

«Технология» пәнінің мазмұнын меңгеруде оқушылар:

– көптеген баламалы тұрғыдан түрлендіру қызметінің тиімді тәсілдерін олардың табиғат, қоғам және адамның өзі үшін салдарларын саналы және шығармашылықпен таңдау;

– жүйелі, кешенді ойлау;

– өздігімен орындалатын қызметті ақпараттық қамтамасыз ету қажеттілігін айқындау;

– үздіксіз жаңа білімдерді меңгеру, оларды қызмет әдістері және құралдары түрінде қолдану.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттері жобалық тапсырмаларды орындау процесінде дамиды.

«Технология» жаңа білім беру саласы бағдарламасы жоғары сынып оқушыларының кем дегенде бір шығармашылық жоба орындауын көздеген. Оқушылардың шығармашылық жобасының дәл өзі әрбір өскелең жанның технологиялық білімін, технологиялық мәдениетін қалыптастыруына ықпал етеді, ол тіршілік ортасына, елдің ресурстарын барынша тиімді пайдалану, табиғат байлықтарын және адам әлеуетін күшейтуге басқаша қарауына көмектеседі. Оқытудың жаңарған жобалық әдісі оны дұрыс пайдаланған кезде тұлғаның қабілеті мен біліктілігін айқындауға және дамытуға мүмкіндік береді.

Жобалар әдісін қолдану оқушылардың өзара және ересектермен іс-әрекеті мен қарым-қатынасының туындауына ықпал етеді, мақсатқа қол жеткізуде тұлғаның шығармашылық ұмтылысы іске асады, жоспарланған нәтижеге қол жеткізіліп қана қоймайды, сонымен қатар оқушының ішкі дүниесінің дамуы жүзеге асырылады.

Жобалаудың тәрбиелік рөлі осы еңбек қатынастарының оқушылардың рухани өмірінде, олардың ойы мен сезімін түсінуінде, тұлғаның ерік күшінің кеңдігі мен тереңдігінде көрінуіне байланысты. Еңбек тәрбиесінің желісі ретінде адамдар арасында еңбек процесі кезінде туындаған әсемдік қатынасқа енгенде ғана балада еңбекке сүйіспеншілікті тәрбиелеуге болады.

Оқушыларға технологиялық білім беруде жетекші ретінде жобалар әдісін қолдану дидактикалық қызметтерді іске асыруға ықпал етеді.

Технологиялық білім берудің жаңа тұрғыдағы білім беру қызметі оқушыларды негізгі технологиялық білімдер, біліктер, терминологиялармен таныстыруды білдіреді.

Оқушылардың технологиялық білімінде жобалар әдісін қолданудың тәрбиелік қызметі тұлғалық қасиеттерді: іскерлік, алғырлық, жауапкершілік, орынды тәуекел жасауды және т.б. дамытудан тұрады. Оқушылардың жобалық қызметтері олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін іске асыру, өз еңбегінің нәтижесі үшін жауап беру мүмкіндігін жасайды, табыс әрқайсысының қосқан үлесіне байланысты деген сенімді қалыптастырады

Технологиялық білім беруде жобалар әдісін қолданудың дамытушы қызметінде оқушылар практикалық тапсырмаларды талдау мен шешуде абстрактілі технологиялық білім және білікті қолдану мүмкіндігін түсінеді.

Республика мектептері тәжірибесінде 9-11-сынып оқушыларының реферат жазуы, мектептік және қалалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы, технологиядан емтиханды реферат түрінде тапсыруы зерттеу жобаларының тиімді әдістері бола алады. Мысалға, Алматы облысы Іле ауданындағы №13 М. Мақатаев атындағы орта мектеп мұғалімдері практикада республика мектептерінде кеңінен қолданылатын М.М. Жанпеисованың оқытудың модульдік технологиясын пайдаланады.

Модульдік технологияны қолдану бақылау, талдау және түзетуді болжайтын өзін-өзі басқарумен үйлесе отыра, оның сапасын жақсартады және тиімділігін арттырады, оқытуды субъект-субъектілі негізге мақсатты түрде ауыстыру мүмкіндігін береді.

Мектептің ақпараттық-білім беру ортасын құру әдістері Алматы облысы Талғар ауданындағы № 17 мектеп директоры Н.А. Тифанцидидің баяндамасында көрініс тапқан. Дұрыс ұйымдастырылған ақпараттық-білім беру ортасы, дәлірек виртуалдық әдістемелік кабинет, «Интернет-мектеп», қашықтан оқыту, жобалық қызмет, мектептің электрондық оқыту ортасы жағдайларында мобильдік технологияларды қолданудың тиімді модельдерін әзірлеу және т.б. көбіне білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) сауатты қолдану технологиялық үлгіге айналдырылған процесте саралай оқытуды жүзеге асырады, оқушылардың мотивациясын арттырады. Өздігінен заманауи ақпараттық тәсілдерді оқыту, сөзсіз, оқушылардың жаңа сапалы білім алуының жетістігі болып табылады.

Сонымен, ақпараттық-білім беру ортасын мектептің жалғыз ақпараттық кеңістігі ретінде ғана емес, сонымен қатар, тиімді білім беру жүйесі ретінде қабылдау керек.

Ал, Қапшағай қаласындағы №3 орта мектепте (директоры – С.П. Ахметова) деңгейлік саралауды көздейтін және әр оқушыға оқу материалын игеру деңгейін ерікті түрде таңдау; білім алушылардың түрлі деңгейде өзіндік жұмысты ұйымдастыру; жеке жоспарлар бойынша озық, шығармашылық оқыту; оқу материалын игерудің ағымдық және қорытынды бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ететін оқытудың түрлі деңгейлі технологиясы қолданылады, ол оқушылардың танымдық түрткісін құруына және танымдық іс-әрекетін ынталандыруына ықпал етеді. Мұғалімнің білім беру саласындағы жұмыс тәжірибесі, педагогикалық шеберлігі заманауи мектептің оқу процесіне оның жетілдірілуіне және жаңартуына ықпал ететін инновациялық білім беру технологияларының тұжырымдамалық негіздерін шығармашылықпен ашуға және анағұрлым тиімді жолдары мен әдістерін енгізу мүмкіндігін беретіні анық.

Сонымен, жоғарыда баяндалған жұмыс тәжірибесі мұғалімнің ұзақ жылдардағы практикалық еңбегінің жемісі ретінде оның кәсіби шеберлігін көрсетеді. Алайда, бұл – түрлі проблеманы шешуде кәсіби іс-әрекеттің саналы, креативті ойға толы еңбек.

Білім беру практикасына, соның ішінде өнер сабақтарына заманауи технологиялардың енуі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Өнер сабақтарында мұғалімдер, мысалы, АКТ-ны оқушыларды шығармашылықпен дамытудың жаңа құралына айналдыруы тиіс.

АКТ білім беру процесінде қолданудың келесі нұсқаларын ұсынамыз:

– Мультимедиялық қолдау сабақтары – сыныптағы бір компьютерді мұғалім «электронды тақта» ретінде пайдаланады. Мұғалім даяр электрондық білім беру ресурстарын немесе таныстыру мультимедиясын, ал оқушылар жобаларды қорғау үшін пайдаланады.

– Компьютерлік қолдау сабақтары – сыныптағы бірнеше компьютерде (әдетте, компьютер сыныбында) оқушылар бір мезгілде барлығы немесе кезек-кезек жұмыс істейді.

– Ғаламторға шығу сабақтары (мультимедиялық, сондай-ақ, компьютерлік қолдау сабақтары болуы мүмкін).



Мультимедиялық қолдау сабақтары

Тәжірибе көрсеткендей, сабақты мультимедиялық сүйемелдеу арқылы өткізген мұғалім сынып тақтасы алдындағы жұмысымен салыстырғанда оқу уақытын 30%-ға дейін үнемдейді. Уақытты үнемдей отыра, мұғалім сабақты жаңа мазмұнмен толықтырады, көлемін арттыра алады. Басқа проблема да күн тәртібінен түседі. Мұғалім тақтада жұмыс жасаған кезде еріксіз сыныппен байланысын үзеді. Кейде ол ту сыртынан шығып жатқан шуды да естиді.

Мультимедиялық сүйемелдеу режимінде мұғалім үнемі жағдайды өз бақылауында ұстай алады, оқушылардың әрекетін көреді, өзгеріп жатқан жағдаятқа дер кезінде назар аудара алады.

Мұғалімге қажет ақпаратты іздестіруде Интернет желісінде орналасқан өнер бойынша білім беру ресурстарының каталогы көп көмек көрсетеді.

Сабақта жаңа материалды түсіндіруде мұғалім пәндік жинақтарды (иллюстрациялар, фотосуреттер, портреттер, оқытылатын суретшілер картиналарының репродукциялары, бейнеэкскурсиялар, бейнефрагменттер), динамикалық кестелер мен сызбалар, интерактивті модельдерді үлкен экранда көрсете алады. Бұл кезде түсіндіру технологиясы түбірімен өзгереді – мұғалім экранда пайда болған ақпаратты қажетінше қосымша ұғымдар және мысалдармен толықтырып, түсіндіреді.

Егер кабинет Интернет желісіне қосылған жағдайда, сабақты виртуалды экскурсия түрінде өткізуді ұсынуға болады.



Ғаламторға шығу сабақтары

Мұғалім жеке тақырыптарды өтуде мультимедиялық сүйемелдеу сабақтарында Интернетті пайдалана алады. Мысалы, 5-сыныпта «Елтаңбалар», «Эмблемалар» тақырыптарын өтуде информатика кабинетінен желіге қосылады, «Геральдикаға экскурс» (негіздері, тарихы, ережелері), интернет-жоба беттерінде геральдика ережелері бойынша түрлі ақпараттар, тарихи шолу, қазақстандық геральдика туралы арнайы бөлімдер келтірілген. Осындай сабақтарда оқушылар өздігінен ресурстармен танысады, қорытынды жасайды, мұғалімнің тапсырмаларын орындайды.

Сынақ сабағы ретінде оқушыларға өнер бойынша тұсаукесерлер жасауды ұсынуға болады. Мысалы, «Шығыстың және Қазақстанның өнері», «Көшпенділердің мәдени мұрасы» және т.б. тақырыптар.

«Музыка» сабағы оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ететін заманауи педагогикалық әдістер мен тәсілдерді, сонымен қатар технологияларды, олардың элементтерін қолдануды болжайды. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, сонымен қатар белгілі бір біліктер алу тұрғысынан әр жас кезеңі өзінің тұлғалық ұстанымын анықтайды. Мысалы, 1-4 сыныптар – шығармашылық біліктер алу, шығармашылық біліктерді көкейтесті ету қажеттіліктерін дамыту; 5-6 сыныптар – жекелеген шығармашылық қабілеттерін дамыту, шығармашылық қажеттілігін қанағаттандыру мотивін қалыптастыру.

Музыка сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану:



  • мәтіндік, дыбыстық, графикалық бейнеақпаратты және оның дереккөзін жаңаша қолдану;

  • баланың шығармашылық әлеуетін белсендіруіне көмек көрсету;

  • музыка мәдениетіне қызығушылығын дамытуға ықпал ету;

  • баланың рухани әлемін қалыптастыру мүмкіндігін береді.

Субъект ретінде мұғалім жұмысының негізгі принциптерін іске асыру есебінен ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі айтарлықтай артады: АКТ пайдаланудың жүйелілігі; мұғалімнің компьютерлік технологиялардағы құзыреттілігі; жеке мүддесі және бастамасы; шығармашылығы және т.б.

Музыка сабағында қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер:



Кластер құрастыру.

Таза парақтың (сынып тақтасының) ортасына ойдың, тақырыптың «жүрегі» болып табылатын түйін сөз немесе сөйлем жазылады.

Жан-жағына осы тақырыпқа сәйкес келетін ойды, деректі, бейнені ашатын сөздерді немесе сөйлемдерді шашырата орналастыру («Ғаламшар және оның серіктері» моделі).

Жазу ретіне қарай пайда болған жаңа сөз түйінді түсінікпен түзу сызық арқылы жалғанады.

Нәтижесінде мұғалімнің ойын графикалық бейнелейтін, берілген тақырыптың ақпараттық аясын анықтайтын құрылым пайда болады.

Кластерлермен жұмыс жасауда келесі ережелерді есте сақтау қажет: ойға келгеннің барлығын жазып отыру; қиял мен интуицияға ерік беру; уақыт аяқталғанша немесе идея сарқылғанша жұмысты жалғастыру және т.б.

Мысалы, «Опера» тақырыбы. Оқушылар осы ұғыммен байланысты сөздерді жазады. Топпен жұмыс жасауды ұсынуға болады. Сонан кейін топ спикері тыңдалады, материал жинақталып, талданады. Келесі іс-әрекет жиналған материалдан ақпарат құрастыруды көздейді. Осылайша, балалар өздігінен сабақтың тақырыбын және өз ой-өрісі аясында жаңа материалды түсіндіре алады.

Жаңа тақырыпты түсіндіру процесінде проблемалық-іздестіру әдісін қолданған жағдайда өте әсерлі болады. Мысалы, 6-сыныптағы «Қазақстан музыка мәдениетін қалыптастыру» тақырыбын түсіндіруде проблемалық жағдаят тудыруға болады және оқушыларға республиканың осы саладағы даму және одан әрі қалыптасу проблемасын шешетін «Қазақстанның мәдениет министрі» рөлінде болуды ұсынуға болады. Жұмыстың топтық немесе дара түрі болжанады.

Бұл орайда «Мен – жасампазбын», «Мен – зерттеушімін» тұлғалық ұстанымын қалыптастыруды, оқушылардың дербестігі мен өзінің ішкі шығармашылық әлеуетін пайдалануын дамытуды бақылап отыруға болады. Сабақтың осы тақырыбының практикада қолданылуын компьютерлік презентация (топтық, дара) құру арқылы іске асыруға болады.

Оқушылар сабақтағы шығармашылық қызмет процесінде драматург, сазгер, музыкант және оркестр дирижері, орындаушылар, жанды музыка тыңдаушылары рөлінде бола алады. Іс-әрекеттің осындай рөлдік алуан түрлілігі әрбір оқушының шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді, ал мұғалім тек қана ашықтық, еркіндік және сенім білдірушілік ахуалын жасай отыра, оны бағыттайды және жандандырады.

Нәтижесінде музыкалық шығармашылық табиғатына, көркем-бейнелік ойдың дамуына қол жеткізілді. Мысалға, Павлодар қаласындағы № 17 жалпы білім беретін саралай оқытатын бейіндік мектептің технология, бейнелеу өнері, сызу пәндерінің мұғалімі Қ.К. Тілеубаева сабақта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту құралы ретінде қазақ халқының ою-өрнектерін шеберлікпен пайдаланады. Балалар пайдалы да әдемі бұйымдар жасау процесіне қатысады, бұл олардың рухани дамуына ықпал етеді, эстетикалық талғамын қалыптастырады, өздік жұмысқа бейімдейді. Тіпті өнеркәсіп өндірісі жағдайында сәндік-қолданбалы бұйымдар жасауда да қол еңбегі кеңінен қолданылады. Сондықтан оқушылардың осындай бұйымдар жасауда алған білімдері мен біліктері міндетті түрде келешекте, мамандық таңдауда пайдаға асады.

Мұғалім тәжірибесінің мәні – балалардың шығармашылық біліктерін дамытуда технология, бейнелеу өнері сабақтары, үйірмеде шұғылдануы кіріктіріледі, бұл өз кезегінде – қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерді дамыту, нәтижелі және шығармашылық қызмет тәжірибесін алуды қамтамасыз етудегі қажет шарт.

Технологиялық мәдениет өскелең ұрпаққа білім берудегі міндеттер мен мазмұнға өз ықпалын тигізеді. Білім беру жүйесінде оқушылардың технологиялық мәдениетін және ғылыми білімдерін пайдалана отырып түрлендіру қызметіне даярлығын қалыптастыру мақсатында технологиялық дайындығы да іске асырылады.

2.3.2 Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Қазір халықаралық деңгейге көтеріліп отырған қоршаған орта жағдайы экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесіне әкеледі. Адамзат өркениетінің дамуының әр түрлі кезеңдерінде адам мен табиғат арасындағы қатынастардың түбегейлі өзгеріп отырғаны белгілі.

Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім және тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр.

Елбасының қолдауымен Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және қалыптасқан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды заңдар мен құжаттар қабылданды. Соның ішінде «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» (2003ж.) көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие берудің өміршең бағдарламасын нақтылап берді [17].

Қазақстанда қолайсыз экологиялық жағдайдың қалыптасуы халықтың денсаулығына әсер етпей қоймайды, экономикалық шығынға да ұшыратады. Сондықтан экологиялық қауіпсіздік – мемлекет аймақтарының стратегиялық міндеттерінің бірі. Сонымен қатар, экологиялық қауіпсіздік халықтың тұрмыс жағдайының тұрақтылығы мен қалыпты өмір сүруін де қамтамасыз етеді. XXI ғасырдың күн тәртібінде экологиялық білім өзіндік мақсат емес, ол тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет.

Экологиялық білім беру − адамзат қауымының қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу бастапқы орын алады. Әуелден әр түрлі дәрежедегі биологиялық жүйелердің өзін қоршаған жансыз табиғатпен және тірі табиғатпен қарым-қатынасын зерттеумен шұғылданып келген экология ғылымының даму логикасы, ерте ме кеш пе, оны адамның өзін қоршаған ортамен қарым-қатынастары проблемасымен шұғылдануға жетелеп әкелуі тиіс еді, себебі адамзаттың ортамен қарым-қатынасы қаншалық алшақтап кетсе де, ол Биосферада белгілі бір орын аталатын күрделі жүйенің бір бөлігі болып қала береді.

Білім беру саласы алдында тұрған жаңа міндеттердің бірі – жас ұрпақтарға экологиялық тәрбие беру. «Табиғаттың әр беті терең мазмұнға толы бірегей кітап» – деген И. Гёте. Мазмұнға толы табиғатымызды сақтап қалу экологиялық білімді талап етеді.

Экологиялық білім беру төмендегі іс-әрекеттердің дамуына бағытталған:


  • табиғи ресурстарды үнемдеу;

  • қоршаған ортаның ластауын тоқтату;

  • табиғи экожүйені сақтау;

  • қабылданған экологиялық этиканы, тәртіп кодекстерін және халықаралық нормаларын сыйлауды меңгеру;

– қаржылық қолдау және қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысу.

Экологиялық мәселелердің нақты іс-тәжірибесімен танысу мақсатында ауылшаруашылық немесе өндірістік нысандарға әдістемелік жағынан дұрыс ұйымдастырылған экскурсия оқушыларға экологиялық білім беруде басты міндеттердің бірін шешуге, қазіргі заманғы өндірістердің ғылыми негізін терең түсінуге, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастардың проблемаларын молырақ білуге ықпалын тигізеді. Мұндай экскурсияның оқушыларға көп пайдасы бар. Қазіргі заманғы өндірісте ғылыми білімнің зор роль атқаратынын көрсетеді. Оқушылар экскурсия барысында өндірістік жаңашылдармен кездеседі. Мұндай кездесулер оқушыларға адамгершілік тұрғыдан да оң әсер етеді.

XXI ғасырдың басында әлемдік және аймақтық әлеуметтік-экологиялық проблемалардың лайықты шешілуі «орнықты даму» түсінігімен байланыстылырып отыр. «Экология» пәні жеке мектеп бағдарламасына енгізілмеген. Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесін басқа пәндерде тақырыпқа сәйкес пәнаралық байланыс негізінде немесе жеке үйірме, факультативті сабақ түрінде жүргізіледі.

Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау тәсілдері тек экологиялық жаппай және үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асырылады. Осы орайда елімізде жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыру барысында ұстаздың тапқырлығы мен жаңа әдіс-тәсілдерді оқу процесінде пайдалана алу ептілігінің бүгінгі күн тәртібіне қойылуы − орынды жағдай. Сондықтан да мектеп қабырғасында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру барысында модульдік технологияны пайдаланған дұрыс.

Модуль дегеніміз – міндетті түрде оқушының білімі мен біліктіліктерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған бөлімі. Модульді құрастыру кезінде пәннің жұмыс бағдарламасы негізге алынады. Пәннің тақырыптарына сәйкес немесе өзара байланысты тақырыптар болады. Көбіне тақырыптарға сәйкес мәселелер сыныптан тыс қарастырылып отырады. Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклы ретінде үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлеу және қорытынды. Біз ұсынатын модуль «Сабақтың түрлері, құрылысы» тарауына арналған.

Сабақты өткізу барысында оқушыларға өсімдіктің тірегі сабақ екенін, ол жер асты және жер үсті мүшелерін қосатын дәнекер екенін дәлелдеу, өсімдіктің жер асты, жер үсті мүшелерімен таныстыра отырып, өсімдікке қажетті орта жағдайлары мен сабақтың түрлері туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: оқушылардың сабақ туралы білімін тереңдету.

Тәрбиелілігі: өсімдіктер үшін сабақтың маңызын түсіндіре отырып, өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу мақсатында қолданылған сабақтардың бірі. Өсімдік тірегі – сабақтың түрлері, өсімдікке қажетті орта жағдайлары «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы оқыта, көрсете үйрету ойыны арқылы жүзеге асады.

Сабақтың мақсаты: өсімдіктің тіршілігі үшін сабақтың маңызын айқындау. Өсімдіктің жер асты және жер үсті сабақтары мен (түрі өзгерген сабақтармен) олардың атқаратын қызметімен таныстыру, өсімдіктің көп түрлілігімен таныстыру. Оқушылардың өсімдіктер туралы білімін дамыта отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: оқушылардың өзіндік эмблемалары және сабақ түрлерінен гербарийлер жинақтауға арналған материалдар.

Оқушылармен топ құра жинақталып, саяхат барысында жеке қауіпсіздігіне аса назар аудару қажеттігін түсіндіру. «Сабақ – өсімдік тірегі» атты сыныпта өткен тақырыбын әңгімелей отырып, тірек сызбаларды еске түсіру. Сынып екі топқа бөлінеді, ойын шарты және тапсырма түрлерімен таныстырылады. Топтар тапсырмаларды таңдап алады да оларды орындауға белсенді түрде кіріседі. Топ тапсырмалары бойынша жұмыс үстінде саяхат барысында қойылған сұрақтарға, сабақ түрлерін мысалға келтіре отырып жауап беріп отырады.

Бұдан соң мұғалім тақырып мазмұнына сәйкес өсімдіктің өсу бағытымен, қарапайым және күрделі сабақтармен таныстырады. Шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше рет қайта оралу әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға көмектеседі.

Әр топ өз тапсырмаларын мұқият орындап, гербарилер жинақтайды. Табиғат жағдайына аса назар аударылады. Табиғат аясында өсімдіктердің маңызы туралы сұрақ-жауаптар қойылып пікір-талас өткізіледі. Әрбір топ өз тапсырмалары негізінде күнделіктеріне белгілер қояды. Бұл сабақ модульдің сөйлесу бөліміне кіргендіктен сабақтың ұйымдастырылу формасы сыныптан тыс әр оқушы белсенді әңгімелесу үстінде болады.

Топ мүшелері өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады. Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, бір-біріне табиғат құбылыстары сабақ түрлерін көрсетуі мен түрлі ғылыми көздерді пайдалануы жұпталып келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде Венн диаграмасын, сөзжұмбақ, бейнесөз, сөзтізбек, шытырман, сурет-тапсырма, сұрақ-жауап, тест-тапсырма тақырыптың ерекшелігіне орай шығарма немесе диктант қолданылады. Модульді қорытындылау сабақтың «Тапқырлар әлемі» бөлімінде беріледі.

Экологиялық білім мен тәрбие беру процесінде жаңа технологияларды пайдалану оқушыда өз бетімен еңбектену, оқу-танымдық процесті басқара алу икемділігінің дамуын қамтамасыз етеді. Егер әрбір сабақ сыныпта және сыныптан тыс болса, оқыту технологиясының құрылымының төмендегідей нұсқасын ұсынуға болады:


  • Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру;

  • Балалардың тапсырманы немесе модульді таңдауына белсенді қатысуы;

  • Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндай келе, миға шабуыл технологиясын пайдалана отырып, тақтаға белгілер жүйелері – сызбалар, тақырып бойынша сөздер т.б.түсіру;

  • Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының іс-әрекетін әр сабақта бағалап отыру;

  • Жалпы тақырыпқа, тарауға қайта оралу негізінде оқу материалын бекітуде оқушылардың белсенділігін арттыру;

  • Сыныптан тыс жұмыста оқушылардың табиғатты қорғауға қатыстыру;

  • Сыныптан тыс жүйеде оқушыларды ғылымға баулу;

  • Сабақты ойын түрінде өткізу арқылы оқушылардың белсенділігінің арттыру;

  • Оқушылардың танымдық, тапқырлық іс-әрекетін пайдалана отырып, Венн диаграмасын қолданып сабақты қорытындылау.

Пәндерді оқытудағы экологиялық қағида оқу құралдарына қосымша ұғымдарды енгізуді емес, керісінше, түбегейлі қалыптасқан ұғымдарда жаңа көзқарастар айқындалып, олардың мазмұндық жағын тереңдетуді талап етеді. Экологиялық принциптің мазмұнын нақтылай түсетін табиғат пен қоғамның өзара ықпал аясындағы мынадай негізгі бағыттарды бөліп көрсетуге болады: қоғам дамуындағы табиғаттың рөлі, шаруашылық жұмыстары салдарынан табиғаттың өзгеруі, табиғи ортадағы өзгерістердің әлеуметтік-экологиялық зардаптары, табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты жақсартудың тиімді жолдары, аймақтық ерекшеліктерді ескеріп табиғат байлығын ұтымды пайдалану.

2.3.3 Мектепте салауатты өмір салтын қалыптастыру
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулығын нығайту – заманауи мектептің білім беру жүйесін дамытудың басым бағыты болып табылады.

Статистикалық деректер көрсеткендей, ХХ ғасырдың соңында мектеп жасындағы дені сау балалар саны 4-5 есе кеміген.

Балалар денсаулығының төмендеуіне айтарлықтай деңгейде мектептің де кінәсі бар деуге негіз бар. Ғалымдар мектеп оқушыларының денсаулығына кері әсер ететін факторларға: оқушыларға оқу жүктемесінің шамадан тыс көп берілуін, педагог пен оқушы қарым-қатынасындағы авторитарлық стильді, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жас және дербес ерекшеліктерінің жеткілікті ескерілмеуін, гиподинамияны және т.б. жатқызады.

Балалар денсаулығының төмендеуіне сонымен қатар, нашар экологиялық ахуал, рухани құндылықтардың ауысуы, жекелеген БАҚ және т.б. теріс ықпалы әсер етеді. Қазақстандық ғалымдар Б.Ә. Әбдікәрімов, К.М. Кертаева,


Г.С. Сыздықова және т.б. мектептің заманауи даму жағдайында балалардың денсаулығын сақтау және нығайту проблемасы медицина қызметкерлері мен мұғалімдердің бірлескен әрекеті негізінде шешімін табатыны анық деп есептейді. Халықтың әл-ауқаты, елдің өндірістік әлеуеті және қорғаныс қабілеті орта мектеп түлектері денсаулығының жай-күйіне байланысты.

Ресей статистикалық деректері дәлелдегендей, 2002 жылдың 1 шілдедегі жағдайы бойынша жалпы білім беретін мектеп түлектерінің тек 6-8% ғана денсаулығы жақсы деп танылды, әрбір екіншісінің морфофункционалды патологиясы, 42% – созылмалы дерті бар. Ресейдің он бір аймағында жасөспірімдер арасында маскүнемдік деңгейі 72% -дан 92%-ға дейін, ал қыздар арасында 80% -дан 94% -ға дейін өзгеріп отырады [18].

Денсаулық мәдениеті туралы білімінің болмауы және денсаулығына салғырт қарауы себепті жоғары сынып оқушыларының 40%-да салауатты өмір салты теориясы туралы түсінігі жоқ екені анықталды.

Бүгінгі күнге дейін бізде өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптастыру процесі дене тәрбиесімен теңестірілді. Алайда мәңгіру (стресс) мен невроз, агрессивтілік пен немқұрайдылық, әлеуметтік дерт пен экологиялық нашар жағдайларда өмір сүру ғасырында оқушы жастардың денсаулық мәдениетін қалыптастыру бойынша қойылған міндеттерді шешуде дене тәрбиесінің шамасы жетпейтінін өмір көрсетті.

Тәрбиеде «оқушылардың денсаулық мәдениетін қалыптастыру» деп аталатын жеке дербес саласын айырып көрсетудің өзекті қажеттілігі туындады.

Балаларға ерте жастан бастап денсаулық сақтау саласындағы білім, білік және әдеттерді сіңіру мүмкін, олар соңынан адамның жалпы мәдениетінің маңызды құрамдасына айналады және барлық қоғам өмірінің салауатты өмір салтын қалыптастыруына ықпал етеді.

Салауатты өмір салтына үйрету – мақсатты, жүйелі және ұйымдасқан процесс. Оқытуды дәл осылай ұйымдастыру ғана балаларда денсаулық сақтау туралы түсінік қалыптастыруға ықпал етеді және оларды салауатты өмірді зияндыдан ажыратуды үйретеді, алдағы уақытта өзінің және өзгелердің денсаулығын сақтауда көмектеседі.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін басты үш мақсатты бөліп көрсетуге болады:

а) ғаламдық – өскелең ұрпақтың дене және психикалық денсаулығын қамтамасыз ету;

ә) дидактикалық – денсаулық сақтау саласында балаларға жарақаттанудың алдын алуда мектеп оқушыларын қажет білімдермен қаруландыруға мүмкіндік беретін білік, дағдылар мен әдеттерді меңгерту арқылы денсаулығын, еңбекке қабілетін және ұзақ өмір сүруін сақтауына ықпал ету;

б) әдістемелік – оқушыларды адам өмір сүру процесінің физиологиялық негіздері, жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау, соматикалық аурулардың, психикалық ауытқулардың, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу білімдерімен, сол сияқты ағзаға психотроптық заттардың зиянды әрекеті туралы білімдермен қаруландыру.

Салауатты өмір салтының осы ережелерін қалыптастыру жауапкершілігі, ең алдымен, мектепке жүктеледі, себебі мектеп – тек білім беру мекемесі ғана емес, бұл – бала өз өмірінің көп бөлігін өткізетін, балалықтың ерекше әлемі. Осыдан барып, балалық экологиясы көзқарасынан, заманауи мектептің білім беру ортасына қарау қажеттілігі туындайды. Бұл орайда жаратылыстану, биология, химия сияқты пәндердің рөлі ерекше. Алайда, көбінесе оқушылардың мектепте осы пәндер бойынша алған білімдері өмірден алшақ жатыр.

Денсаулықты нығайтудың негізгі құралы ретінде дене тәрбиесі мен спорт жас ұрпақтың адамгершілік және әлеуметтік жағынан қалыптасуына ықпал етеді, олардың бойына салауатты өмір салтының берік дағдыларының дәнін егеді.

Дене тәрбиесінің мақсаты: шаруашылық пен әлеуметтік мәдени құрылымның түрлі салаларындағы шығармашылық еңбекке қабілетті, дене тәрбиесі мен спорт дағдыларын Отан қорғау жолында пайдалануға әзір, жан- жақты жетілген шымыр, мықты, дені сау тұлға және физиологиялық жағынан толық дамыған ұрпақтарды өмірге алып келетін болашақ аналарды тәрбиелеу.

Осындай мақсатқа жету үшін дене тәрбиесінен мектептен алған дайындығы да өзінің тиісті үлесін қосады.

Дене тәрбиесі бағдарламасы білім беру міндеттерін толық шешуді анықтайды, атап айтқанда:

− идеялық және адамгершілік сенімнің сапасын қалыптастыру;

− тәрбиелік және еңбексүйгіштік;

− спорт және дене шынықтыру жаттығуларымен ықылас қойып шұғылдану;

− жастарды өмірге белсенділікке тәрбиелеу;

− денсаулықты нығайту, тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыру;

− салауатты өмір сүру мен демалысты ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру;

− таңдаған спорт түрінен шеберлікті жетілдіру;

− болашақ кәсіптік мамандықтың ерекшеліктеріне байланысты, еңбекке деген психикалық даярлықты қалыптастыру. Споттық үйірмелер, дене шынықтыру клубтары, мектептегі секциялар, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық мектептер оқушыларға қоршаған ортадағы жағымсыз әрекеттерден қорғауға көп көмектерін тигізеді. Мектептерде дене шынықтыру пәніне, спорттық жарыстарға, сабақтан тыс өткізілетін әр түрлі спорттық іс-шаралар мен жарыстарға көп көңіл бөлінуі керек.

Бұл сабақ мамандырылған педагогтардың көмегімен баланы өз бетімен өмір сүруіне, өзінің алтын уақытын бағалай білуіне, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруына, өз- өзіне бақылау жасап, сын көзбен қарауына жол ашады.

Дене шынықтыру сабағындағы әр түрлі ойындар баланы тек татулық пен бірлікке ғана шақырып қоймай, оның санасезімін өмірдегі әр түрлі жағдайлардан оңай шығып кетуіне көмектеседі.Бала жеке бір спорттың түрімен айналысса, ол өзінің ішкі дүниесіне үңіліп, мінез-құлқын дұрыстап, жасаған қателіктерін сараптап, оны қайталамауға үйренеді. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу баланы адал, ар-намысы жоғары, ішкі де сыртқы дүниесі бай болуына әсер етеді. Тек қана спорт алаңдарында емес, өмірде де өз күштерінің жемістерін көретін болады. Мұндай қасиеттер қазіргі егемен Қазақстанымыздың жас ұрпақтарына өте қажет.

Қазақстандық мектеп оқушыларының салауатты өмір салты проблемасын зерттеу қазіргі кезде мектеп тәжірибесіне оқушылардың валеологиялық сауаттылығын, салауатты өмір салтын қалыптастыруына ықпал ететін түрлі сауықтыру бағдарламалары кіргізіліп жатқанын көрсетті. Әдетте, мектептерде жекелеген сауықтыру шаралары ұйымдастырылады, өкінішке орай, олар көп жағдайда оң нәтиже бермей жатады. Сондықтан денсаулық шығармашылығы бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балалық – адам өміріндегі ерекше бірегей кезең, ол өмірге даярлық емес, белгілі бір, тек соған ғана тән қажеттіліктер мен мүмкіндіктер шеңбері бар өмір деген қорытынды жасалды.

Әдебиет талдаулары көрсеткендей, салауатты өмір салтын рухани-адамгершілік саулық, оңтайлы қозғалыс тәртіптемесі, жеке гигиена, құнарлы тамақтану, жақсы көңіл-күй, бейәлеуметтік әдеттерден (темекі шегу, алкогольдік сусындар мен еліткіш заттарды қолдану) аулақ болу және т.б. ерекшеліктер сипаттайды.

Жоғары сынып оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру жоғары сыныптардағы оқу курстарының мазмұнын жаңартуды талап етеді. Балалардың денсаулығы туралы құжаттардың талдауы, ғылыми түпнұсқалар мен Қазақстан мектептерінің педагогикалық тәжірибелерін жүйелеу және қорытындылау жоғары сынып оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастырудың келесі міндеттерін құрастыруға мүмкіндік берді:

− өзінің және айналасындағылардың денсаулығына құнтты, жауапкершілікпен қарауды дамыту;

− дене және адамгершілік тұрғыдан жетілгендіктің маңызын ұғыну; денсаулық сақтау маңыздылығындағы сенімді қалыптастыру;

− санитарлық-гигиеналық мінез құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру; адамгершілік орнықтылық, бейәлеуметтік әдеттерге қарсы тұру біліктерін тәрбиелеу;

− салауатты өмір салтын қалыптастырумен байланысты өздігімен білім алу мен өзін-өзі кемелдендіру біліктерін және дағдыларын дамыту;

− көпшілік қорғау және санитарлық-гигиеналық ұйымдарында белсенді қоғамдық пайдалы қызметке ұмтылуын дамыту;

− шаршағандық аясында ой жұмысына қабілеті мен психикалық күш салу біліктілігіне төселу.

Осы міндеттерге сәйкес, тәжірибе жолымен жоғары сынып оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастырудың үлгілік мазмұны әзірленді және тексерілді, ол білім, білік, дағды, қарым-қатынас сияқты негізгі төрт компоненттен тұрады.

Жоғары сынып оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыруда аталған компоненттер мазмұны ескеріле отыра, жалпы орта білім беретін мектептердің 10-11-сыныптарына арналған «Химия», «Биология», «География», «Дене тәрбиесі» курстары бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарына талдау жүргізілді. Талдау барысында аталған курстардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда айтарлықтай әлеуеті бар екені анықталды.

Сонымен қатар, салауатты өмір салтының маңызын кеңірек ашуға мүмкіндік беретін, жоғары сынып оқушыларында адам денсаулығы туралы тұтас көрініс қалыптастыратын жүйеқұраушы түсініктер, ғылыми ережелер, заңдылықтар енгізу жолымен бағдарламалар мазмұнын жаңарту қажет. Зерттеу проблемалары бойынша теориялық жағдайды зерделеу сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстағы денсаулық сақтау технологияларын анықтауға мүмкіндік берді. Осындай технологиялардың екі түрін бөліп көрсетуге болады:

– оқушыларда салауатты өмір салтымен байланысты білім, білік, дағды, қарым-қатынастарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін технологиялар;

– денсаулық сақтау білім беру ортасын қалыптастыру технологиялары.

Бұл технологияларды кешенді түрде қолдану оқушыларда салауатты өмір салтының тиімді қалыптасуына мүмкіндік береді. Тұлғаға бағдарланған оқыту ережелеріне сүйене отыра (Е.В. Бондаревская, В.В. Сериков, И.С. Якиманская), педагогтар мен оқушылардың мақсатты іс-әрекеті ретінде, педагогикалық процеске қатысушылардың диалогы ретінде сабақтар мен сыныптан тыс шаралар әзірленді. Осы іс-әрекет барысында мұғалім жоғары сынып оқушысын қоршаған шынайылықты және өзін-өзі сыни қабылдауына, рефлексияға және өзін-өзі тануына қозғау салды. Мектептің жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отыра, мұғалім өз көзқарасын күштеп таңбай, жеке ұстанымын дәлелдей отыра, жасөспірімдер мен қыз балаларға денсаулық проблемасын шешуде өз нұсқасын таңдауын ұсынады.

Денсаулық сақтау ортасын құруға бағытталған технологиялар арасынан оқу іс-әрекетінің оңтайлы режимін, санитарлық-гигиеналық, тамақтану, қозғалыс белсенділігі талаптарын сақтауды ұйымдастырудың құралдары мен әдістерінің жиынтығын бөліп көрсетілді. Ұжым мүшелері арасындағы адамгершілік қарым-қатынастар, жағымды психологиялық ахуал, жоғары сынып оқушыларының денсаулығын сақтау және нығайту шараларын іске асырудағы бірізділік, педагогикалық процеске қатысушылардың дене, психикалық және адамгершілік денсаулығына білім беру ортасының әсерін жүйелі түрде диагностикалау білім беру ортасын сауықтырудағы құралдар мен әдістер жиынтығын денсаулық сақтау технологияларына жатқызуға толық негіз берді.

Оқушылардың денсаулығын қалыптастыруға әсер ететін проблемалар мен неғұрлым агрессивті ықпалдар көрсетілді:

– Мектептегі денсаулық сақтау ісі акция сипатында болады, тұтас жүйе, бөлінбейтін тұрғы жоқ. Денсаулық сақтау – бұл үнемі жүйелі түрде жүргізілетін жұмыс.

– Денсаулық сақтау сапасын басқарудың негізінде өлшемдік бағалау жүйесі жоқ.

– Оқу және оқудан тыс жүктемелердің шамадан артық көлемі, оқыту процесін қарқындандыру, сол сияқты ақпаратты меңгеру үшін уақыттың жеткіліксіздігі – оқушы психикасына зақым келтіретін фактор болып табылады, ал ұйқы мен серуен ұзақтығының азаюы, дене белсенділігінің кемуі дамушы ағзаға стрестік әсер етеді.

– Дене белсенділігінің төмендеуі – оқушы денсаулығын нашарлататын факторлардың бірі. Дене белсенділігінің тапшылығы төменгі сыныптарда


35-40%, жоғары сынып оқушыларында – 75-85% құрайды. Дене тәрбиесі сабақтары өте аз дәрежеде (10-18%) қозғалыс тапшылығын қалпына келтіреді, бұл денсаулық жайындағы ауытқушылықтың алдын алу үшін жеткіліксіз.

– Балаларда және жасөспірімдерде салауатты өмір салтының біліктері мен дағдыларын қалыптастыруда гигиеналық оқыту мен тәрбиелеудің заманауи жүйесі баламалығының, өз денсаулығына саналы және жауапкершілік қатынасының жеткіліксіздігі оқушылар денсаулығының нашарлауына айтарлықтай себеп болып отыр [18].

«Денсаулық мәдениеті мектептегі денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру факторы ретінде» тақырыбы бойынша өткен педагогикалық кеңестердің бірінде Астана қаласындағы № 6 мектеп гимназиясы ұжымы білім беру процесінде бала ағзасының қалыпты қызметіне өмірлік маңызды әсер ететін элементтерді анықтады. Денсаулық мәдениетін анықтайтын элементтер жиынтығына: денсаулық сақтау шарттары ескерілген сабақты ұйымдастыру мен өткізу, оқушылардың әлеуметтік-психологиялық саулығы, мұғалімнің денсаулығы және ұжымдағы қолайлы көңіл-күй микроклиматы жатады. Денсаулық мәдениетін қалыптастыру процесіне бөлінбейтін үш буын қатысады: оқушылар, оқушылар – мұғалімдер – ата-аналар. Әрине, бұл тізбектегі ерекше назар аударуды талап ететін негізгі буын – балалар болып табылады. Мұғалімдердің де, ата-аналардың да алаңдауына негіз бар. Оқушылардың денсаулығындағы проблемалар қаншалықты қауіпті екеніне көз жеткізу үшін медициналық тексеріс қорытындысын талдау жеткілікті. Мысалға Астана қаласындағы бір мектеп көрсеткішін алайық (көп жағдайда көрсеткіштер ұқсас болғандықтан, мектеп нөмірін көрсету қажет емес деп санаймыз): 652 оқушының 190-ның денсаулығында ауытқу бар, 5 оқушыда келбеті бұзылған, 7-уінде жалпақ табан, 32 оқушы созылмалы гастритпен ауырса, келесі сырқаттар бойынша науқас оқушылар саны бұрынғы деңгейде қалып отыр: бронхиалды астмамен (3), семіздікпен (3), онкологиялық сырқатпен (2), вегетативтік тамырлы дистониямен (9), қояншықпен (2), зәр шығару жолдарының инфекциясымен (7) ауырады.

Егер бұл тізбеге шаршағыштық тудырған невроз, психикалық бұзылуларды, ағзаның әлсіреуін қосса, науқас балалар саны бұдан да көп болары анық. Бұл жағымсыз динамиканы тоқтату – оңай міндет емес. Бұл арада барлық тәсіл де жақсы: әрбір ата-ана мен мұғалімге мәлімделген сынып парақшасындағы бала денсаулығы туралы ақпарат та, мұғалімнің өз жұмысын оқушылардың тәулік, жыл мезгілі ішінде, жасына қарай өзгеруі мүмкін жағдайын ескере отыра жоспарлауы да, сабақтағы сергіту минуттарының жүйесі де т.б. Педагогтардың осындай егжей-тегжей жұмысын ата-аналар байқап, тиісінше бағалауы қажет.

Аталған проблемалардың шешу үшін кешенді жүйелі шаралар қажет:

− оқушылар денсаулығының қалыптасуына ықпал ететін, денсаулық сақтау білімін беруді іске асыру жолдары туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, бар тәжірибені белсенді қолдану;

− оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін жүйелі түрде ұйымдастыру.

Педагогикалық ұжым денсаулық сақтау ортасын құрылымдау біліктерін үш бағытта:

− оқу қызметінің мазмұны мен түрі арқылы;

− кабинетті жабдықтау арқылы;

− оқушылармен және әріптестермен өзара іс-әрекет ету стилі арқылы меңгеруі тиіс.

Мақсаты өз денсаулығы үшін жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлғаны тәрбиелеу болуы тиіс профилактикалық әрекет етудің келесі бағыттарын анықтау қажет:

− денсаулыққа құндылық ретінде жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру бойынша әлеуметтік тәжірибені белсендіру;

− оқушылардың әлеуметтік-психологиялық дамуына және денсаулығына компьютер клубтарының, ойын автоматтарының, интернет ресурстарының әсерін оңтайландыру;

− тұлғалық дамудың заманауи технологияларын (интерактивті әдістер, рөлдік ойындар, пікірталастар, тұлғалық жобалар және т.б.) қолдану арқылы өз өмірі, қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлғаны жетілдіру;

− мектепте оқыған уақыттың барлық кезеңінде балалардың түсінігі мен ой-өрісін салауатты өмір салты саласындағы заманауи ғылыми білімдермен кеңейту және байыту, сол сияқты пәндік оқыту ортасын жасау;

− оқушылардың жас ерекшеліктеріне үнемі бағдарлану, денсаулық сақтау және нығайтудың алғышарты ретінде салауатты өмір салтына мотивацияны дамыту.

Сонымен, мектеп балаға өз денсаулығы туралы ойлау қажеттігін үйрете алады және үйретуі тиіс. Оны салауатты өмір салтын ұстануына не ынталандыруы мүмкін? «Бұл маған қажет» - міне, тек осындай мотивация ғана іс-әрекетке қозғау салады және тұлға үшін мәні мен мақсаты болады. Оқушылардың бойында салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу, денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну, дене тұрғысынан жетілуіне қол жеткізу қажет.



3 Оқу пәндерінің мазмұнындағы тәрбиелік компонентті күшейтудің педагогикалық және психологиялық мүмкіндіктері
3.1 Оқыту процесінің тәрбиелік компонентін күшейтудің психологиялық-педагогикалық аспектілері
Қазіргі кезде басымдықтар мен әлеуметтік құндылықтар алмасып отыратындықтан оқу процесі үнемі жетілдіруді талап етіп отыр: ғылыми-техникалық прогресс көбінесе адамның үнемі өсіп отырған қажеттіліктерін қанағаттандыруына қол жеткізетін, тұлғаның рухани байлығы дамуына жауап беретін өндіріс деңгейінің құралы ретінде сезіледі.

Сол себепті, балаларды оқытудағы қазіргі жағдай мектепте оқытудың стратегиясы мен тактикасын түбегейлі өзгертуді талап етіп отыр. Кез-келген білім беру ұйымы түлегінің тәрбиелілігі, құзыреттілігі мен жинақылығы – оның басты сипаттамалары болып табылады. Осыған орай, оқу пәндерін оқуда таным процесіне айрықша көңіл аударылады, оның тиімділігі оқушының танымдық белсенділігіне байланысты. Бұл мақсатқа қол жеткізудің нәтижелігі игерілетін (оқу мазмұнына) ғана емес, сонымен қатар, қалай: дербес немесе ұжымда, өктем немесе адамгершілік жағдайларда, зейін, еске түсіру, зерде немесе адамның тұтас тұлғалық әлеуетіне сүйенуіне қарай игерілуіне де байланысты. Мысалы, проблемалық және дамыта оқыту мақсаттарын іске асыруда белсенді әдістер негіз болады.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде білім беру саласындағы оқытудың белсенді әдістері проблемасына арналған зерттеулер жеткілікті. Оқытудың белсенді әдістерінің жүйелі негіздері 1960-жылдардың екінші жартысында және 1970-жылдардың басында психологтар мен педагогтардың проблемалық оқытуға арналған еңбектерінде кеңінен әзірлене бастаса да,
1930-шы жылдары дамыта оқытудың тұтастық тұжырымдамасын әзірлеудің психологиялық негіздері Л.С. Выготскийдің, Д.Б. Элькониннің,
А.Н. Леонтьевтің, В.В. Давыдовтың және т.б. еңбектерінде қаланды.

Оқытудың белсенді әдістерінің қалыптасуы мен дамуында М.М.Бирштейн, Т.П.Тимофеевский, И.М.Сыроежин, В.И.Рабальский, Р.Ф.Жуков, А.М.Смолкин, А.А.Вербицкий, В.М.Ефимов, В.Ф.Комаровтың және т.б. еңбектері үлкен рөл атқарды. Біздің елімізде бұл проблемамен Н.Д.Хмель, Л.К.Керимов, С.С.Смаилов, М.А.Құдайқұлов, Ж.А.Қараев, К.К.Жанпеисова, В.В.Трифонов, Т.А.Қаражігітова, Г.К.Нұрғалиева және т.б. айналысты.

Жүйелі түрде дамыта оқытудың басты екі бағытын В.В. Давыдов және Л.В. Занков әзірледі. Л.В. Занковтың жүйесінде оқытуды күрделіліктің жоғары деңгейінде жүргізу, оқу материалын жылдам қарқында өту, теориялық білімді арттыру принциптері қаланған. Оқытудың бұл жүйесі білім алушылардың ойлауы мен сезімдік аясын дамытуы, оқыған материалдың негізгі мазмұнынан ортақ ұғымды түсініп және бөліп көрсетуге үйретуі тиіс, алайда бұл жүйе білім беруде оқу көлемінің ұлғаюына әкеп соқтырды және оның теориялық деңгейін күрделендірді. Нәтижесінде, оқыту шамадан тыс артып, білім алушылардың үлгерім сапасына теріс әсер етті. Оқыту процесінде теориялық білімдерді меңгеруге ерекше көңіл аудару практикалық біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға кері әсер етті. Осыған байланысты Л.В. Занков ұсынған оқыту принциптерінің барлығы бірдей педагогикалық ғылымда бекімеді.

В.В. Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі білім алушылардың танымына, танымдық қызметіне бағытталды. Егер дәстүрлі жүйеде оқыту жекеден нақтыға, дарадан жалпыға, абстрактылыға, тұтасқа бағытталса, В.В.Давыдовтың оқыту жүйесінде керісінше, жалпыдан жекеге, абстрактылыдан нақтыға бағытталады және білім өтілу жағдайын талдау арқылы меңгеріледі.

Білім алушылар оқу материалынан осы білімнің мазмұны мен құрылымының нысанын анықтайтын негізгі, маңызды, ортақ қатынасты табуға үйренеді, бұл қатынасты олар оқу материалының қасиеттерін таза күйінде зерттеуге мүмкіндік беретін ерекше пәндік, графикалық немесе әріптік үлгілерде жаңғыртады; білім алушылар іс-әрекетті ақыл-ой тұрғысынан орындаудан ішкі тұрғыда және керісінше орындауға ауысуды үйренеді. Берілген жүйе оқыту практикасында жан-жақты қолданылуда және енгізілуде [19].

Оқыту практикасында бұл түрлердің қолданылуы белсенді деп аталатын әдістерді туындатты, яғни олардың негізінде оқытушы мен білім алушылардың диалогтық өзара іс-әрекеті бар.

Оқытудың белсенді әдістері, дұрыс қолданған жағдайда, бір мезгілде үш оқу-ұйымдастыру міндеттерін шешуге мүмкіндік беретініне назар аудару керек:


  • оқыту процесін мұғалімнің басқару әрекетіне бағындыру;

  • оқу қызметіне даярланған оқушылармен қатар, даярлығы жоқ балалардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету;

  • оқу материалын меңгеру процесіне үздіксіз бақылау орнату.

Бұл орайда тәрбиелік қарым-қатынасты қалыптастырудың негізгі психологиялық- педагогикалық принциптеріне сүйену қажет.

Мысалы, табиғисәйкестілік принципін алайық. Бұл өте көне педагогикалық принциптердің бірі. Табиғисәйкестілік принципін іске асыру ережелері:

– педагогикалық процесті оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес құру;

– оқушылардың мүмкіншіліктерін анықтайтын таяу арадағы даму аймағын білу, тәрбиелік қарым-қатынасты ұйымдастыруда соларға сүйену;

– педагогикалық процесті оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін, өздігінен білім алуын, өздігінен оқуын дамытуға бағыттау.

Келесі қарастыратын принцип – адамгершілік принципі. Ол өсіп келе жатқан адамды әлеуметтік қорғау принципі, оқушылардың педагогтармен және өзді-өзімен адамдық қарым-қатынас принципі ретінде қарастырылуы мүмкін, бұл орайда педагогикалық процесс тәрбиеленушілердің азаматтық құқықтарын мойындау мен құрметтеу негізінде құрылады.



Тұтастық, тәртіптілік принципіне назар аударайық. Ол педагогикалық процестің барлық компоненттерінің бірлігі мен өзара байланысына қол жеткізуді білдіреді.

Тәрбиелеу және оқыту процесінде нақты оқу орны орналасқан ортаның мәдениетін (ұлттың, елдің мәдениеті) барынша пайдалануды көздейтін мәденисәйкестілік принципі – оқу пәндерінің тәрбие компонентін күшейтудің маңызды принципі болып табылады.

Ал, оқу орны және оқушы өмір салтының тұтастығы мен іс-әрекеттердің қайшылықсыздық принципі кешенді педагогикалық процесті ұйымдастыруға, оқушылардың барлық тіршілік әрекеті салалары арасындағы байланысты орнатуға, тіршілік әрекетінің барлық салаларының өзара өтемі мен бірін бірі толықтыруына бағытталған.

Принциптердің барлық топтары өзара тығыз байланысты, солай дей тұра, әр принциптің өзін барынша толық жүзеге асыру аймағы болады.

Оқу процесі көп жағдайда дидактикалық жүйелер деп аталатын психологиялық-педагогикалық тұжырымдамаларға сүйенеді. Дидактикалық жүйе бірыңғай тұтас құрылым жасайтын және оқыту мақсаттарына қол жеткізуде қызмет ететін элементтер жиынтығын құрайды. Басты үш дидактикалық тұжырымды: дидактиканың дәстүрлі, педоцентристік және заманауи жүйесін бөліп көрсетуге болады.

Жаңа тұрғылардың арасынан педоцентристік тұжырымдаманы ажыратып көрсету керек, мұнда басты рөл – баланың іс-әрекетіне бағытталған. Бұл тұрғыда американдық педагог Д. Дьюидің, Г.Кершенштейннің, В.Лайдың еңбек мектебінің негізі қаланған. Тұжырымдаманың «педоцентристік» аталу себебі – Д. Дьюи оқу процесін баланың қажеттілігі, қызығушылығы мен қабілетіне байланысты құруды ұсынды, ол «еңбек және өмір мектебінде» оқытуда балалардың ақыл-ой қабілетін және түрлі біліктерін дамытуға ұмтылды, бұл кезде оқу дербес, табиғи және кездейсоқтық сипатта болады, ал оқушылардың білім алуы олардың өз бетінше жүретін қызметі барысында, яғни «жасау арқылы оқытуда» жүзеге асады.

Оқу пәндері мазмұнындағы тәрбие компоненттерін күшейту арқылы оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың маңызы зор
(Ә қосымшасы). Мысалы, химия сабақтарында оқушылар химиялық экспериментті үнемі білім ақиқаттығының өлшемі ретінде қарастырған жағдайда олардың сенімі қалыптасады. Сенім – ғылыми дүниетанымның негізі болып табылады. Сенімін қалыптастыруда оқушыларға таным процесінің мәнін ашуға мүмкіндік беретін таным әдістерін оқытудың маңызы үлкен. Мысалы, оқушыларда атомның құрылысы, химиялық байланыс туралы біршама заманауи түсініктерді бірден қалыптастыруға болады, периодтық заңнан кейін ғана элементтер химиясын оқытады. Алайда, бұл оқушылардың сенімін қалыптастырудың онша қолайлы жолы емес. Білім даяр түрде беріледі. Танымның мәні оқушыларға ашып көрсетілмейді.

Түсініксіз деректердің жиналу ретіне қарай және егер осы жобалау жолымен жүргенде басқа теориялық модель түзіліп, оқушылар сенімін қалыптастырудың мүлдем басқа мүмкіндіктері туындайды.

Химия, өзге пәндерден оқушыларда экологиялық мәдениет негіздерін қалыптасуына жауап беруімен ерекшеленеді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру табиғаттағы заттардың айналымы мен адамның шаруашылық әрекетінің осы табиғи айналымға әсері туралы білімін қалыптастырудан басталады. Оқушыларда химия өнеркәсібінің мәні мен негізгі принциптері туралы білімін қалыптастырудың маңызы зор.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін оқушыларда табиғат қорғау қызметінде экологиялық мақсатты мінез-құлық және белсенділікті тәрбиелеу маңызды. Химия сабақтарында оқушылармен тұрмыста және күнделікті өмірде экологиялық мақсатты мінез-құлықты талқылау үшін зор мүмкіндіктер беріледі.

Химия пәні мұғалімдерінде қоршаған ортаның ластануына әкеліп соқтыратын процестерді экспериментті түрде зерттейтін, сол сияқты ластау ошақтарын анықтайтын экологиялық экспедициялардың үлкен тәжірибесі бар. Оқушылардың ашық баспасөз беттеріндегі жарияланымдарының олардың әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруда маңызы зор.

Салауатты өмір салты құндылықтарын химия сабақтарында қалыптастырудың мүмкіндіктері үлкен. Көптеген химия пәні мұғалімдерінің тәжірибесі маскүнемдік, нашақорлық пен уытқұмарлықтың (токсикомания) химиялық аспектілерін қарастырудан тұрады.

Берілген педагогикалық іс-әрекеттің бейнелі-эмоциялық құрамдас бөліктермен үйлесімінде тиімділігі жоғары. Осындай жұмысты химия пәнінің әрбір мұғалімі іске асыруы маңызды [20].

Көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулердің зерделеуі көрсеткендей, жаңа білімді меңгеру деңгейіне ықпал ететін, дәлірек айтсақ: барлық оқушыларда бірдей бастапқы минимумды қамтамасыз ету, сабаққа жақсы ынтамен қарау, жаңа материалды енгізу әдістемесін мұқият дайындау сияқты факторларды теңестірген күнде де жаңа материал әртүрлі меңгеріледі. Бір оқушылар жаңа материалды толық меңгереді және алған білімдерін өздігімен дамытуды талап ететін ұқсас жаңа оқу жағдайларында қолдана алады (меңгерудің жоғары деңгейі).

Басқалары жаңа түсініктің маңызды жақтарын немесе заңдылықтарды меңгереді және оларды жаңа материалды түсіндіру процесінде талқыланған, (меңгерудің орта деңгейі), тақырыпқа ұқсас міндеттерді шешуде қолдана алады (меңгерудің орта деңгейі). Тіпті, көп жағдайда жаңа түсініктің немесе заңдылықтардың жекелеген маңызсыз жақтарын ғана меңгеріп және оларды қарапайым тапсырмаларды шешуде қолдана алмайтындар да кездеседі (меңгерудің төменгі деңгейі). Бұл орайда меңгерудің жоғары деңгейіне дейін жеткізу көзделген оқушылар үшін мұғалім тарапынан жаттығулардың көптеген түрі және әртүрлі көмек шаралары қажет етіледі.

Сондықтан, оқу процесін ұйымдастыруда оқушылар арасындағы айырмашылықтар ескерілген және барлық оқушылардың оқумен қатар тәрбие қызметтерін тиімді меңгеруі үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін, яғни, оқушылардың дербес ерекшеліктері барынша ескерілген оқытудың қайта құрылған мазмұны, әдістері мен түрлері қажет.



3.2 Шетел білім беру ұйымдарындағы оқыту процесінің тәрбиелік аспектісін күшейту тәжірибесі
Бүгінгі таңда өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуды қоса санағанда қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы проблемаларды әлемдік тәжірибеге сүйенбей шешу мүмкін емес.

Дүниежүзіндегі мектептік-педагогикалық тәжірибені зерттеу тәрбие проблемасына қатысты анағұрлым мақсатты және келешекке арналған идеялар мен көзқарастар меңгерілетін ашық педагогикалық ойды қалыптастырады. Әлемдегі тәрбиені дамыту – ауқымы мен нәтижесі айтарлықтай маңызды, көпжақты процесс.

Заманауи білім берудің басты міндеті – оқушы тұлғасын дамыту барысында отандық дәстүрлерге сүйеніп, өткен дәуірлердің тәрбие дәстүрлеріне қатысты сабақтастықты сақтай отыра, мектепте оқытылатын әрбір пәннің мүмкіндіктерін пайдалану. Бұл проблемаға Қазақстанмен көршілес мемлекеттердің, сол сияқты алыс шетелдердің білім беру ұйымдарында зор көңіл бөлінеді.

Жапонияда білім туралы заңда көрсетілгендей, мектепке әлем және адамгершілік мұраттарын көздеген ұлт қалыптастыру міндетін атқару жүктеліп отыр. Бұл құжатта мектептегі тәрбие берудің негізгі мақсаттары: толыққанды тұлға қалыптастыру; бейбіт сүйгіш мемлекет пен қоғам құрылысшыларын, шынайылық пен әділдікті, жеке бостандықты, еңбекті сүйетін, жауапкершілік пен тәуелсіздік рухы бар адамдарды тәрбиелеу; оқушыларды ынтымақтастық, өзара түсіністік және тәуелсіздік рухында тәрбиелеу; дәстүрлі және заманауи түсініктерді дамыту; күнделікті өмірдегі бідліктерді қалыптастыру; рух пен денені бақытты және үйлесімді жеке өмірдің негіздері ретінде нығайту анықталған.

Жапония мектебі басты нормативтік актілерден бөлек, тәрбие бағдарламасы нақтыланған құжаттарды басшылыққа алады. Білім берудің Орталық кеңесі «Мінсіз жапондықтың бейнесі» деген еңбекті жариялады, онда анықталған он алты сәйкес қасиеттер төрт топқа бөлінген:

− дербес қасиеттер: еркін болу, дербестікті жетілдіру, тәуелсіз болу, өз тілектерін басқару, сыпайгершілік сезімдерінің болуы;

− үй иесіне тән қасиеттер: өз үйін сүйіспеншілік, демалыс және тәрбие орнына айналдыруы;

− қоғамдық қасиеттер: өз ісіне берілу, қоғамның әл-ауқатына ықпал ету, шығармашыл жан болу, әлеуметтік құндылықтарды бағалау;

− азаматтық қасиеттер: патриот болу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ең жақсы ұлттық құндылықтарды меңгеруі.

Жапония Білім беру министрлігі нұсқауларына сәйкес, белсенді қоғамдық тұлға қалыптастыру – басты міндет болып саналады. Айталық, бала бес парызды қолдануы тиіс:

− мінез-құлық нормаларын қалыптастыруы;

− өмір салтын түсінуі;

− мінез-құлық, ой, сезім, дербес және жауапты қылықтардың қабілеттерін талдау дағдыларын қалыптастыруы;

− топтық іс-әрекет кезінде тәрбиелеуі;

− топтың проблемасы мен қызығушылығын жеке басыныкіндей қабылдауына ерекше назар аударуы тиіс.

Орта мектептерге арналған ресми құжаттарда адамгершілік тәрбие бағдарламасы «Мінез-құлықтың негізгі ережелерін үйрету», «Күнделікті өмірде қоғамдық тәртіп нормаларын сақтау», «Адамға лайық өмір сүру қажеттілігін сезіну» деп аталатын параграф-нұсқаулардан тұрады. Барлық осы құжаттарда мектеп тәрбиесі рухани бай тұлғаның өсуіне ықпал етуі тиіс деп көрсетілген.

Ұлыбританияның білім беру бойынша Ұлттық комиссиясы баяндамасында мектеп өскелең ұрпаққа шыншылдық, өзгелерге құрмет, қоғам алдындағы азаматтық борыш сезімі, адамдарға қамқорлық, сонымен қатар, мәдени мұра сияқты құндылықтарды жеткізуі тиіс делінген. Сонымен қатар, балалардың демократиялық қоғам азаматтары болып өсуі, олардың өз құқықтары мен міндеттері қалай жұмыс жасайтынын білуі, төзімділік пен бостандық рухында тәрбиеленуі маңызды екендігіне баса көңіл бөлінген. Баяндамада білім беру – тек білімді тасымалдау ғана емес, сонымен бірге, моральдық, адамгершілік және рухани күшті иеленуді білдіреді делінген.

Франция Білім беру министрлігінің нұсқауларында, оқыту процесінде шынайылық, адамның ақыл-ойына сену, жауапкершілік сезімі, өзіндік құндылығы, өзге адамдарға құрмет, ниеттестік, нәсілшілдікті жеккөрушілік, түрлі мәдениеттердің әмбебаптығын түсіну, Бостандық, Теңдік, Бауырластық сезімдерінен жеке қарастырылмайтын Францияны сүюге ұмтылған өркениетті және демократиялық қоғам тұлғасын тәрбиелеу қажеттілігі көзделген.

Әр елде тәрбие проблемасы өздерінің міндеттері мен басымдықтарын ескере отыра қарастырылады. Америка Құрама Штаттарында «Америка – 2000: білім беруді дамыту стратегиясы» құжаты мектепті өркениетті қоғам дамуын қайта құруға қабілетті орталық ретінде пайдалануды көздейді. Адамгершілік тәрбие бағдарламасын діни құндылықтар мен принциптерге негіздеу ұсынылуда. Алдыңғы орынға адалдық, тұтастық, дұрыстық, ұқыптылық, жеке жауапкершілік шығарылады. Балаларда қалыптасуы тиіс мінездің басты 60 қасиеті (ержүректілік, байсалдылық, шешімділік, табандылық, рақымдылық, төзімділік және т.б. ) сипатталған.

Ірі мектептерде қатар сыныптардың өзінше деканаты болады, мысалы, оқу және тәрбие жұмысымен айналысатын IX сынып әкімшілігі. Сонымен қатар, барлық мектептерде деңгейлері мен тағайындалуы әртүрлі лауазымды тәрбиешілер бар үйірмелердегі, спорт секцияларындағы, қызығушылықтары бойынша құрылған клубтардағы сыныптан тыс жұмыстар кең тараған. Мектеп қызметкерлерінің бұл кезде оқушыларды ұзақ күнге көлемі шамалы үй тапсырмаларымен ғана емес, сондай-ақ түрлі тәрбиелік, әлеуметтік, танымдық, көңіл көтеретін және сауықтыру шараларымен барынша жүктеуі байқалады.

Америкалық мектептеріндегі оқу сабақтарында кеңестік дәуірден кейінгі білім беру ұйымдарына тән зияткерлік қарбаластық жоқ. Оқу процесі көбінесе, оқушы мұғалім түсіндіруінің тек енжар тыңдаушысы ғана емес, керісінше оқу процесінің белсенді қатысушысы болатындай құрылған. Бұған мұғаліммен сұхбаттасу және педагог тарапынан оқушыға сұрақ қоюына «мәжбүрлеу», немесе оқушылар жұмысын шағын топтарда ұйымдастыру және олардың шығармашылық тапсырмалар орындауы арқылы қол жеткізуге болады.

Түрлі оқыту экскурсиялары мектептегі тәрбие жұмысында маңызды рөл атқарады. Америкалық мұражайларда балаларға арналған түрлі жәдігерлер бар, ал ең жақсы мұражайларда еркін кіруге болатын балалардың қызығушылығын тудыратын танымдық интерактивті ойындар, викториналар мен тесттер бар компьютерлер орналасқан. Тәрбиенің қоғамға бағыттылық принципін іске асыра отыра, шетелдік педагогтер тәрбиеленушілерімен практика-дәлелді іс-әрекеттерге қол жеткізді.

Бұл кезде олар ұранды педагогикадан, көпсөзділіктен бас тартады, себебі пайдалы іс-әрекет процесінде тәрбиеленушілер арасындағы қатынас қалыптасу үшін мінез-құлық пен қарым-қатынастың құнды тәжірибесі жинақталған кезде үлгі арқылы тәрбиелеу жүзеге асады. Мәселен, АҚШ-тың кәдуілгі мектебінің бірінші сыныпқа арналған оқулықтарының әрбір бетінде «Бұл − менің Америкам», «Менің Америкамның туы», «Менің Америкамның рәміздері», «Менің Америкамның ұлы адамдары», «Менің Америкам дамып келеді», «Менің Америкам ән салады», «Менің Америкам...» деген сөздер жиі кездеседі. Ал, екінші сыныпқа арналған оқулықтардан «Америкам − менің үйім», «Біздің ұлттық мерекелеріміз», «Американың негізін қалаған адамдар», «Американың пионерлері», «Американың ковбойлары» деген сөздер жиі кездеседі. Үшінші сыныпта 20 ұлы адамның өмірбаяны негізінде америкалық мұраны оқып-үйрену көзделген. Тұлғаның патриоттық сана-сезімін және азаматтық бағытын қалыптастыру мен дамытуда әсіреқызыл әрі ұрандатылған шаралар емес, қайта, осындай нақты жұмыс керек.

Азаматтық тәрбие идеялары мен тұжырымдамасын іске асырудың тиімді жолдарының бірі – бұл арнайы мектеп пәндерін кіргізу және басқа мектеп пәндерін сәйкес мазмұнмен толтыру. Мысалы, ұзақтығы екі аптадан бірнеше айға созылатын «Елдер арасындағы қарым-қатынастар», «Әлеуметтік проблемалар» және т.б. қысқа курстар. Көрнекті мамандар «Заң және америкалық қоғам» (IX–XI сыныптар), «Жоғарғы соттың атақты процестері» (VII–VIII сыныптар), «Конституцияның маңызды баптары» (XI сынып) және басқа да көптеген оқу құралдарын әзірледі. Бірнеше оқулықтан тұратын «Заң және қала», «Жер иесі және жалгер», «Заң және тұтынушы», «Кедейшілік және өркендеу», «Қылмыс және әділеттілік» және т.б. тақырыптық сериялар жарияланады.

Америка мектептерінде қоғам мен мемлекеттің тартымды бейнесін қалыптастыруда, оның мұраттары мен құндылықтарына оң қатынас орнатуда көп шаралар атқарылады. Қоғамдық процестерге әр адам бала кезінен қатысады. Сондықтан да азаматтық тәрбие жас кезінен басталады. Мұғалімдер әлеуметтік қасиеттерді қалыптастырудың барлық кезеңінде берілетін білімнің оқушы жасына және дамуына сәйкестігі туралы ойлайды. Мектептің бірінші сатысында-ақ балалар «конституция», «билік», «бедел», «заң», «жауапкершілік» «үкімет» және т.б. түсініктерді меңгереді, егер олар нақты мысалдар арқылы қалыптастырылған жағдайда практикамен дәлелденіп, бекітіледі. Мектептің екінші және үшінші сатысы тәрбиеленушілерді шынайы әлеуметтік процестерге қатыстыра отыра, қажет білімді бекітеді, дамытады, сенімді тәрбиелейді, азаматтық қасиеттерді қалыптастырады [21].

Қазіргі кезде Ресей азаматын рухани-адамгершілік дамыту осы елді жаңғыртудағы маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзіндегі барлық елдердегі сияқты, адам тәрбиелеу, оның өмірге кызығушылығын, өз еліне сүйіспеншілігін, жасау мен жетілдіруге деген қажеттілігін нығайту – Ресейдің ойдағыдай дамуының маңызды шарты. Және мұғалімнің басты рөлі – адамды кәдімгідей бақытты етуде өз ісімен және қызығушылығымен табысты айналысуына мүмкіндік беретін, балаға өмірлік сабақ беру. Бұл орайда қостілді және көптілді оқыту (ана тілі, басым этностың тілі, шет тілдері) Ресейде жетекші орында қала береді. Осыған байланысты филологиялық білім берудің мәдениеттанушылық бағыттылығына ерекше көңіл бөлінеді. Ғалымдар шет тілдері тек қана қарым-қатынаста ғана емес, сонымен қатар түрлі ойлау, сезіну, мінез-құлық, басқа да адамдық құндылықтарға қатысуда қызмет етеді деп есептейді.

Көпмәдениетті тәрбие көппәнді екенін атап көрсету қажет. Оны іске асыруда тілден басқа гуманитарлық, эстетикалық, жаратылыстану-ғылыми циклдары пәндерінің кең жиыны оқытылады.

Орыс емес халықтар өкілдерін ерекше оқыту тек қана ұлт республикалары мен білім беруінде ғана емес, сол сияқты олар ықшам тұратын басқа өлкелерде де ұйымдастырылады.

Көпмәдениетті тәрбиелеудің ерекше тәжірибесі Мәскеу қаласында жинақталған. Қазіргі күні Ресей астанасында ұйымдасқан түрде 100-ден артық ұлт қауымдастығы жұмыс істейді. 2011 жылы Мәскеуде этномәдениет бағдарламасымен жұмыс жасайтын мектепалды мекемелер, мектептер мен мәдени-білім беру орталықтарының саны 60-қа таяу болды. Бұлар мемлекеттік және жеке мекемелер. Солардың бірі № 1650 оқыту-тәрбие беру кешені. Мектепте тек қана стандартты оқу бағдарламаларымен оқымайды. 2011-2012 оқу жылында мұнда авар, абазин, адыгей, ассирия, армян, башқұрт, болгар, бурят, грек, еврей, кабардин, корей, ингуш, латыш, литва, поляк, татар, украин, шешен, эстон, сыған т.б. 22 бөлімі болды. Әр бөлімде оқушылар сенбі және жексенбі күндері негізгі бағдарламаға қосымша өз халқының тілі, тарихы, діні, фольклоры және тұрмыс салтымен қатар спорттың, аспаздықтың, билер мен мерекелердің ұлттық түрлерін зерттейді. Бұлардың бәрін тіл және мәдениет тасымалдаушылары оқытады [22]. Бұдан басқа, 2011 ж. 30-ға таяу ұлт мектептері (армян, грузин, еврей, корей, татар, чуваш және т.б.) болды.

Ресей оқу орындары бағдарламаларында көпмәдениетті тәрбиенің арнайы курстары жоқ. Осыған ұқсас мәселелер пәнаралық деңгейде: тілдерді, тарихты, жаратылыстану-ғылыми, көркем-эстетикалық циклдары пәндерін оқытуда қарастырылады. Оқытуда орыс және аз халықтар мәдениетінің, жалпыресейлік және әлемдік мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерімен олардың ортақ және ерекше сипаттарына көңіл аудара отыра таныстыру көзделеді.

Соңғы жылдары Тверь қаласындағы № 17 жалпы білім беру мектебінде көпмәдениетті тәрбиені ұйымдастыру бойынша қызық эксперименттер өткізілуде. Мектепте көпмәдениетті тәрбиенің кейбір әдістері, көрсеткіштері мен деңгейлері, бағалау тәсілдері тексерілді. Көпмәдениетті орта туралы білім, осындай ортаның шынайылығы мен өкілдеріне эмоциялы қарым-қатынас, ондағы тәртіп көпмәдениеттілікке даярлықтың көрсеткіштері ретінде қарастырылды. Көпмәдениетті тәрбиеліліктің үш деңгейі (жоғары, орта, төмен), оларды өлшеу тәсілдері құрастырылды. Жоғары деңгейге қол жеткізу үшін қоғамтану бағдарламасына «Мәдениеттің көптүрлілігі және мен» курсы қосылды, тарихты оқытуда тақырыптарына жекелеген өркениет пен мәдениеттің жетістіктері туралы мәлімет қосылған модульдер пайдаланылды. Оқыту процесінде оқытудың дәстүрлі және салыстырмалы жаңа әдістері: сұхбат, әңгіме, рөлдік ойын, өзге мәдениет өкілдерімен кездесу және т.б. қолданылды [23].

Украинада тәрбиенің заманауи мектептік жүйесі оқушылардың әлеуметтік белсенділігін ұйымдастыруда жобалық жұмыстарға көп көңіл бөледі. Мектептегі түрлі пәндердің және сыныптан тыс шаралардың тақырыптарына азаматтық тәрбие компоненттерін, сол сияқты мектеп өмірінің тұрмыс салтын сәйкесінше ұйымдастыруды қосылған.

Украинаның педагогикалық практикасында азаматтық тәрбие көп жағдайда мектептегі білім берудің жүйесі немесе моделі ретінде түсініледі. Ол оқу процесін пәндік мағынада ғана түсіндірмейді, осы түсінік кең мағынада мектеп қызметінің пәнүсті саласы болып табылады. Бұл білім беру процесіне қатысушылардың барлығында демократиялық азаматтық құндылықтар мен мінез-құлқын тәрбиелеуіне ықпал етеді. О. Сухомлинская атап көрсеткендей, жалпы білім беретін мектептің практикасында азаматтық тәрбиені іске асыру «оқыту мен тәрбие берудің барлық аспектілеріне, олардың түрлі ұйымдастыру, мазмұндық, қызметтік, коммуникативтік деңгейлеріне қатысты оқу процесін» ұйымдастыруды көздейді [24].

Мектептегі оқу бағдарламасы мен елдегі қоғамдық қызмет үйлесімді және жүйелі түрде біріккен кезде оқушылардың азаматтық-мәдени деңгейі өседі. Тәрбие процесінде тұлғаның өз еркімен таңдаған парыз, бастамашылық, тәртіптілік, дербестік, талап қоюшылық, принциптілікке негізделген мінез-құлқын көздеген азаматтық тәрбиенің түрлері қолданылады.

Оқу-тәрбие жүйесінде мектептегі және оқушылардың өзін-өзі басқаруын іске асырудың оқушылар кеңесі, оқушылар конгресі, мектептік БАҚ, оқушылардың қоғамдық қабылдауы, мектептік республика, мектеп әкімшілігінің баспасөз конференциясы, мектеп банкі және т.б. түрлері кең тараған.

Оқу процесінің азаматтық бағыттылығы сабақта, сонымен қатар, сыныптан тыс жұмыста оқушы жастардың нақты өмірлік ұстанымдарының қалыптасуына шынайы мүмкіндік береді, оның қабілеттерін айқындау ауқымын арттырады, мектеп түлегінің әрқайсысының қоғамда лайықты орын алу және өзінің саналы азаматтық белсенділігін айқындау мүмкіндігін арттырады. Білім беру ұйымдарындағы оқыту процесінің басты міндеттерінің бірі – балаларда әлемнің ғылыми-пәндік және құндылықты картинасы туралы тұтас түсінік қалыптастыру және оларды алған білімдерін практикалық өмірде қолдануға үйрету. Мұғалім және оқушылардың бірлескен күш салуы арқылы басқалары сияқты жеке ғылымдардың – физика, химия, биология және тұтас алғанда қоршаған әлем жұмбақтарын шешуге ұмтылғанда ғана осыған қол жеткізуге болады.

Шет елдер бойынша зерттелген және талданған материалды қорытындылай келе, бірқатар идеяларды анықтаймыз, оларды іске асыру оқу процесінің тәрбиелік әлеуетін айтарлықтай арттырады және тәрбие міндеттерін ойдағыдай шешуін қамтамасыз етеді.

Оқу материалының тәрбиелік әлеуетін күшейтуде көзделеді:

– оқытылатын материалдың өмірмен, баланың келешектегі жеке және кәсіби жоспарларымен байланысы;

– оқытылатын пәннің вариативтік бөлімін аймақтың, нақты социумның мүддесі мен қажеттілігін, балалардың қызығушылығы мен қажеттілігін, ата-аналардың әлеуметтік тапсырысын ескере отыра анықтау;

– оқу материалының мазмұнын аксиологиялық тұрғыдан іріктеу, оның құрамдастарының құндылықты және адамгершілік аспектілеріне көңіл аудару;

– оқу міндетін шешуде өз елінің, қаласының, ауылының тарихи және мәдени мұра материалдарын және деректерін пайдалану;

– пәнді оқытуда өлкетану материалдарын қолдану, жергілікті дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды ескеру;

– сәйкес тақырыпты қарастыру процесінде елдің өзекті проблемаларын, жергілікті проблемаларды шешуге және талқылауға оқушыларды тарту.
3.3 Заманауи мектептің оқу-тәрбие процесінде көпмәдениетті тұлғаны калыптастыру
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысымен «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды» бекітті. Кешенді құжатта патриотизмді, мораль мен парасаттылық нормаларын, этносаралық және қоғамдық келісімді, заңға мойынұсынушылықты, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене және рухани дамуын қалыптастыруды жас ұрпақтың санасында еліктеуге үлгі ретінде табысты қазақстандық адамның бейнесін жасау көзделген [5].

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының келесі басым бағыттарын бөліп көрсетуге болады.



Азаматтық-патриоттық тәрбие Отанымыздың тағдыры үшін жауапты Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын; әр оқушыда белсенді азаматтық позициясын; қазақстандық демократиялық қоғамда азаматтық құқықтар мен міндеттердің тұтас кешенін белсенді, жауапкершілікпен және тиімді іске асыруға жауапты даярлық пен қабілеттіліктің жиынтығын; өз білімі мен білігін практикада саналы қолдануды қалыптастыруы және дамытуы тиіс.

Мектептің оқу-тәрбие процесі білім алушыларда патриоттық құндылықтарға саналы оң қарым-қатынасты, белсенді азаматтық ұстанымды іске асыруға ұмтылуды қалыптастыру, Отанды, Қазақстанның мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрлерін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді білуді насихаттау және елдің жетістіктері үшін жауапкершілік пен мақтаныш сезімін дамыту арқылы патриоттық сананы қалыптастыруы керек.



Рухани-адамгершілік тәрбие адамгершілік сана, адамгершілік идеалдар, адамгершілік және этикалық құндылықтар, нормалар мен қасиеттер қалыптасуын, діни құндылықтарды игеруді, оқушыларды ана тілін, мемлекеттік тіл – қазақ тілін, төл мәдениетін, басқа ұлттардың да мәдениетін, дәстүрлері мен тілін құрметтеу және сыйлау рухында тәрбиелеуді болжайды. Білім алушыларда дәстүрлі көзқарас пен дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған әлемнің көптүрлілігін, қарама-қайшылығы мен күрделілігін таныту, адам өмірінің құндылықтарын және әр адамның ерекшелігін түсіну, өз өміріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу көзделеді.

Ақыл-ой тәрбиесі білім алушылардың стандартты емес шешім қабылдау қабілетін, тұлғаның зияткерлік әлеуетін дамытумен, ойлау қабілетін, оқу-танымдық қызметінің функционалдық сауаттылықты меңгеру процесінде ақпараттық мәдениетке дағдылануымен анықталады.

Еңбек және кәсіби тәрбие еңбекке жоғары құндылық ретінде дұрыс қатынас орнатуды тәрбиелейді, технология пәндерінің тәрбиелік әлеуетін іске асыруды, шығармашылық еңбекке деген қажеттілікті дамытуды, еңбек мәдениетін тәрбиелеуді жүзеге асырады.

Эстетикалық тәрбие білім алушыларында көркемдік-эстетикалық сана, эстетикалық талғам және сезім, көркем-эстетикалық қажеттіліктер мен қабілет қалыптастыруды көздейді.

Экологиялық тәрбие ғаламдық экологиялық дүниетану мен табиғатты қорғаудың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды, оқушы жастардың экологиялық мәдениетін, табиғатқа теңдессіз құндылық ретінде және туған ел табиғатына деген құрмет пен қастерлеу қатынасын тәрбиелеуді болжайды.

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру балалар мен жастарда өз денсаулығына жауапкершілік қатынас орнату дағдысына негізделген, кәсіби қызмет үшін функционалдық, әлеуметтік бейімделу және психикалық орнықтылықты қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттердің қалыптасуын іске асырады, салауатты өмір салты, ағза ерекшеліктері туралы білім жүйесін қалыптастырады, дене тәрбиесі және спортқа баулу негізінде қайраттылық және салауатты өмір салтын дамытуды қалыптастырады.

Құқықтық тәрбие тұлғаның құқықтық санасын, саяси белсенділігі мен мінез-құлқын қалыптастыруға, заңға мойынұсынатын және заңды білетін ғана емес, сонымен қатар, оларды саналы түрде орындайтын азаматты, оның ішкі еркіндігі мен өзіндік қасиетін тәрбиелеуге бағытталады.

Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспардың басты міндеттерінің бірі ретінде жалпы адамзаттық қасиеттердің негізінде көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру мәселесі аталады [5].



Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.

Ғалым педагог- психологтардың талдауларын басшылыққа ала отырып, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық психологиялық негізін сызба арқылы көрсетуімізге болады (2-сурет) [25]:

Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін

дамытудың педагогикалық- психологиялық негізі






Педагогикалық жақтары Психологиялық жақтары

1. Сана – сезімін жетілдіруге 1. Оқушы тұлғасының дамуы

2. Адамзаттық өркениетті сіңіру. 2. Қарапайым дағдылар, ептіліктердің

3. Өзін -өзі тәрбиелеуге қатыстыру қалыптасуы

4. Оқыту әдістерінің жүйесі 3. Оқу- танымдық мотивтері

5. Тәрбие әдістері: сендіру, 4. Моральдық қасиеттері.

жаттықтыру, ынталандыру, 5. Тұлғалық әлеуеті.

жағымды үлгі өнеге көрсету 6. Танымдық өнегелік

мадақтау 7. Табиғи күш пен қабілеттерінің

6. Адамгершілік сезімін дамыту. дамуы.


2-сурет − Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық- психологиялық негізі


Көпмәдениеттi тұлға деп өз мәдениетi арқылы өзге мәдениеттерге бағыт ұстаған адам ұғынылады. Төл мәдениеттi терең бiлуде ол өзге мәдениеттерге қызығушылықтың iргетасын қаласа, көп мәдениетпен танысу − рухани баю мен дамудың негiзi болады.

Елімізде көпмәдениеттілік туралы ойлар ұлы ғалымдар мен ағартушылар әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, М.Х. Дулати, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсыновтың тәлім-тәрбиелік мұрасынан бастау алады.

Көпмәдениеттілік білім беру идеясын алғаш көтергендер қатарында ғалым-философтар М.М. Бахтин, Н.А. Бердяев, Н.О. Лосский болды. Қазақстанда бұл мәселе тәуелсіздік алған кезден бері кеңінен зерттеле бастады, ғалымдар
М.А. Абсатова, М.Х. Балтабаев, Р. Башарұлы, Қ.Б. Бөлеев, Б.А. Жетпісбаева,
К.Ж. Қожахметова, Ш.М. Мұхтарова, С.У. Наушабаева, В.В. Сергеева, С.А. Ұзақбаеваның және т.б. еңбектері жарық көрді. Көпмәдениетті білім берудің теориясы мен практикасына шетелдік ғалымдар В.С. Библер, Дж. Бэнкс,
Р. Гарсия, К. Грант, Д. Голлник, А.Н. Джуринский, Г.Д. Дмитриев, В.А. Ершов, Л.В. Колобова, М. Коул, Д. Ли, В.В. Макаев, З.А. Малькова, Л.Л. Супрунова, Е.Ф. Тарасов, В. Фтенакис, Ф. Чинн, А.В. Шафрикова үлкен үлес қосты.

Бүгінгі таңда әлемде кең өріс алып отырған көпмәдениетті білім берудің басты мақсатын айқындауды ғалымдар бірнеше тұрғыда қарастырады. Америкалық ғалымдар, мысалы, ең бастысы − америкалық қоғамның әрбір мүшесі өздерінің нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік, гендерлік, мәдени және діни айырмашылықтарына қарамастан, білім берудің барлық деңгейінде сапалы білім алуы деп санайды. Ресейлік зерттеушілер мұндай білімнің негізгі мақсаты өскелең ұрпақты мәдени өзгешеліктерге құрметпен қарауға тәрбиелеу және көпмәдениетті ортада өмір сүруге даярлау деп есептейді.

Отандық ғалым-педагогтар көпмәдениетті білім берудің басты мақсаты: ұлттық құндылықтарға (ана тілі, төл мәдениеті, тарихи жады, салт-дәстүрлері және т.б.) ұқыпты қарауға тәрбиелеу; тұлғаның өзін-өзі дамытуы үшін жағдайлармен қамтамасыз ететін мәдени ерекшеліктерге деген оң қарым-қатынасқа тәрбиелеу; әлем мәдениетінің негіздеріне бейімдеу және басқа халық өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу; оқушылардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру деп есептейді. Тағы бір ерекшелік: Қазақстанда көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту міндеттерін көпмәдениетті білім беру жүйесімен қатар, этностық-мәдени бiлiм беру саласы да атқарады.

Көпмәдениеттi тұлғаны қалыптастыруға бiлiм беру жүйесi арқылы барынша тиiмдi қол жеткiзуге болады. Бұл міндетті орындауда көпмәдениеттi білім және этностық-мәдени бiлiм жүйелері үлкен рөл атқарады.



Көпмәдениеттi білім беру − жалпы білім берудің этносаралық интеграцияға бағытталған, мәдени-білім құндылықтарын игеруді қарастыратын, этностық және ұлттық ерекшеліктерді тәрбие жұмысының ең маңызды факторы деп есептейтін маңызды құрылымы.

Көпмәдениетті білім беру міндеттері:

− оқушылардың өзге мәдениеттерге кірігудің міндетті түрдегі шарты ретінде өз халқының мәдениетін терең де жан-жақты меңгеруі;

− оқушыларда адамзат прогресіне ықпал ететін және тұлғаның өзіндік іске асыру шарттарына жауапты әлемдегі және Қазақстандағы мәдениеттің көптүрлілігі туралы түсінік қалыптастыру, мәдени айырмашылыққа оң қатынас тәрбиелеу;

− оқушыларды басқа халықтардың мәдениетіне кіріктіру үшін жағдайлар жасау;

− өзге мәдениет өкілдерімен өзара тиімді іс-әрекет етудің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

− оқушыларды бейбітшілік, төзімділік, гумандық ұлтаралық қатынас рухында тәрбиелеу;

− этнотолеранттылықты дамыту;

− оқушыларда ұлттық өзіндік сана, өз халқының тарихына қызығушылық сезімін қалыптастыру;

− оқушы тұлғасының қазақстандық мәдениетке қатысты саналы, жағымды құндылықты бағдарларын қалыптастыру;

− тұлғаның өзге мәдениет элементтерімен өзара іс-әрекет үшін негіз болатын этнопедагогикалық ортаны пайдалану;

− оқушылардың тұлғалық, мәдени өзіндік анықталу қабілеттерін қалыптастыру.



Этностық-мәдени бiлiм − төл мəдениет пен ана тілін əлемдік жəне жалпы мемлекеттік құндылықтармен қоса игеру арқылы жеке тұлғаның, ұлт пен мемлекеттің этностық-мəдени сəйкестілігін сақтап, дамытуға бағытталған білім [26].

Бұл білім беру жүйесінің негiзгi мiндеттерi ретiнде мыналар ұсынылады:

− көпмәдениеттi тұлғаны тәрбиелеу: тұлғаның өзiнiң төл мәдениетiне сай болуына және өзге мәдениеттердi игеруіне жағдайлар жасау. Мәдениеттер алмасуына, олардың бiрiн-бiрi байытуына бағдар ұстау;

− көп тiлдi жеке адамды қалыптастыру: ана тiлiнде, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде еркiн ұғынысуға қабілеттi, шетел тілін белгілі бір дәрежеде меңгерген азаматтарды даярлау.

Аталмыш екі білім беру жүйелерінің мақсат-міндетінің негізінен ортақ екендігіне байланысты ғылыми-педагогикалық әдебиетте «этно- көпмәдениетті білім» ұғымы да қолданылады.

Бiлiм беру ұлттық сананы қалыптастырудың, мәдени-тiлдiк мүдделердi жүзеге асырудың құралы ретiнде мынадай басты төрт функцияны атқаруға тиiс:

− таратушылық (этностық-ұлттық қоғамдастықтың тұтастығы мен жаңғыруын қамтамасыз ету);

− дамытушылық (ұлттық сананы қалыптастыру және дамыту);

− саралаушылық (адамның, этностық топтардың ұлттық-мәдени қажеттiлiктерiн айқындау);

− ынтымақтастырушылық (мәдениеттердiң өзара бiрлiгiн, өзара кiрiгуiн, өзара байытуын, жеке тұлғаның әлемдiк және ұлттық мәдениет жүйесiне бойлауын қамтамасыз ету).

Бiлiмдi адам ғана тарихи және мәдени дәстүрлердi ұстана алады. Ол өзiнiң белгiлi бiр қауымдастық пен халыққа қатыстылығын сезiнедi, оның бойында мәдени қажеттiлiктер: адамгершiлiкке, ойлы iс-әрекетке, сұлулыққа, жоғары-рухани бастауларға құлшыныс қалыптасады.

Бiлiм берудiң тағы бiр талабы – өзге мәдениеттi түсiну және қабылдай бiлу. Мәдениеттердiң өзара байланысы, бiр-бiрiне ықпалдастығы жағдайында ғана әрбiр жекелеген мәдениеттiң принциптерi мен ерекшелiктерi айқын танылады.

Көпмәдениеттілік және этностық-мәдени бiлiм идеясын қабылдау – мәдени және лингвистикалық плюрализм идеясына негiзделген, бiлiмдi техникалық және ақпараттық жағынан байытудың әлемдiк деңгейiн дәстүрлi мәдени құндылықтармен үйлестiретiн оқыту мен тәрбиелеудiң ұлттық жүйесiн құруды бiлдiредi.

Білім беру – ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың, мəдени-этностық, тілдік мүдделерді қанағаттандырудың бірден-бір құралы. Мектеп – қай халықтың болмасын ұлт ретінде жойылып кетуден қорғаны, төл мəдениеті, тілі мен салт-дəстүрін сақтап, одан əрі дамытудың алтын көпірі.

Қазақ мектебі халқымызды басқаларға сіңісіп кетуден сақтау, тіліміз бен ділімізді қорғап, дамытумен қатар жалпыадамзаттық құндылықтардың төл мəдениетімізден көрініс табуына, ұлттық асылдарымыздың əлемдік өркениетті байытып, оған ерекше қазақы рең қосуына қызмет етуі керек.

Ендеше Қазақстан үшін білім мазмұнын жаһандану мен ақпараттық өркениеттің талаптарына лайықтап, жаңа педагогикалық технология мен инновациялық қызметтің əлемдік деңгейін қамтамасыз ете отырып, оны қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарымен үйлестіре оқытып, тəрбиелейтін этностық-мəдени білім жүйесін дамыту бүгінгі күннің келелі мəселесі екендігі түсінікті.

Білім беру жүйесінен тікелей оқу орындарына көшетін болсақ, қазақ мектебі де аса маңызды төрт қызметті атқаруы керек:

Дидактикалық қызмет. Халқымыздың мың жылдан асатын философиясын, тарихын, мəдениеті мен əдебиетін жас ұрпақ ең алдымен оқу процесінде игеруі керек, бұл мəселелерді үйірмелік не сыныптан тыс жұмысқа жүктеп қоюға болмайды. Бізге, ең алдымен, сапалы білім керек.

Тəрбиелік қызмет. Арнайы жүргізілмегеннің өзінде де жақсы тəрбие ұлттық тəлім береді. Дегенмен, ұлттық сана-сезім, қазақы мінез-құлық, діл мен рухты оқушылар бойына сіңіру, жүрегіне ұялату арнайы ұйымдастырылған, кешенді əрі жүйелі түрде жүретін тəрбие жұмысын қажет етеді.

Бұл жердегі алтын арқау – мəдениеттің дəстүрлі құндылықтары. Көп жұрттан оқ бойы алда тұрған жапондықтардың өзі мектептеріне рухани биіктік пен мəдени тереңдік керек деп есептейді.



Əлеуметтік-мəдени қызмет. Қазақстанда қазақ мəдениетінің дамуына баса көңіл бөлінуі тиіс.

Біздің қазақ мəдениеті – халқымыздың мыңдаған жылдар бойғы асыл қазынасы, тыныс-тіршілігінің жəне өмір нəрінің қайнары. Əрине, оқыту мен тəрбиелеу сапасы ұлттық мəдениеттің даму дəрежесіне тəуелді, бірақ мектеп дидактикалық жəне тəрбиелік қызметтерін күшейте отырып, елдің əлеуметтік-мəдени өміріне де оң ықпал ете алады. Ол үшін ұзақ жылдар бойы идеологиялық құралға айналдырылған оқу-тəрбие орыны мəдениет институтына айналуы қажет.



Ағартушылық қызмет. Ұлтымыз бен жеке тұлғаның этностық-мəдени сұраныстарына педагогтік қолдау көрсету керек. Мектеп – əрбір ауыл, елді мекен мен қала ықшам аудандарының мəдениет ошағы. Ата-аналар да, басқа тұрғындар да өздерінің тілдік-мəдени мүдделеріне негізінен

мектептің ағартушылық қызметі арқылы қол жеткізеді. Бұл жұмыстың Қазақстан халқы бірлігін, еліміздің гүлденуін қамтамасыз етуде де маңызы зор.

Ұлттық мəдениетті сақтаудың кепілі ретінде қазақ мектебінің алдында тұрған аса зор жауапты міндет төл мəдениетіне уызынан қанған, өзге мəдениеттерді танып, əлемдік құндылықтарды игеру арқылы рухани баю мен дамуға бағыт ұстаған көпмәдениетті тұлғаны тəрбиелеу болып табылады.

Көпмәдениеттi тұлға, ең алдымен, тұтас дүниетанымға ие болуы қажет. Бұл мұндай тұлғаның дүниедегi, әлеуметтiк орта мен мәдениеттегi байланыстары мен қатынастарының күрделi, өзара байланысты және өзара астарлас сипатын көрсетуге мүмкiндiк беретiн бiлiмi мен бiлiгiнiң жүйеге қалыптасқанын бiлдiредi. Тұтастық – жоғары дамыған және тиiмдi оңтайланған дүниетанымның өлшемi.



Көпмәдениетті тұлға төл мәдениетін игеру шарт. Ол ұлттық тәрбие арқылы беріледі. Әр адамның жалпы адамзаттық құндылықтарға, әлемдік мәдениетке құштарланғанда табан тірер тұғыры − төл мәдениеті, өзгелердің өркениетіне тәнті болғанда − мақтаныш ететіні де ұлттық рухани қазына.

Ұлт мəдениетсіз өмір сүре алмайды. Мəдениет те ұлтсыз болмайды. Жойылып кеткісі келмеген қай ұлт болмасын ең алдымен мəдениетін сақтап, дамытып, туындатып отыруы керек. Төл мəдениетін қорғамайтын ұлт – ертеңін ойламайтын ұлт.

Мəдениеттің де басты қызметі – этносты қорғау, сақтап қалу. Себебі мəдениет − этностың қуат өрісі, панасы, бар болмысы, тыныс-тіршілігі. Айналып келгенде, этносты қанша көп болса да адамдар емес, мəдениет қана сақтай алады. Мəдениет арқылы халық өзінің тарихи тағдырынан тамырын үзбейді. Ұлттық мəдениет − этностық құндылықтар, рəміздер мен наным-сенімдердің, мінез-құлық үлгілерінің құр əшейін жиынтығы емес, сол ұлттың рухани өмірінің басқаларға ұқсамайтын кескін-келбеті.

Көпмәдениетті тұлға болу үшін тілдік сана қажет. Тіл – дүниеде адамзатқа ғана тəн баға жетпес қасиет. Онсыз адам хайуанмен тең. Ана тілі – əр адамның өз ұлтының жан-дүниесі мен мəдениетінен, ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нəр алатын кіндік тамыры. Онсыз адам – мəңгүрт.

Ұлттық тіл – əр халықтың өзіндік ой-санасы мен парасатын, бүкіл болмыс-тіршілігі мен сезім-түсінігін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін күретамыр. Онсыз халық – аты бар да, заты жоқ тобыр.



Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы [27].

Ана тілін, мемлекеттік және шетел тілдерін білу ғана дүниенің бар құбылысын, бояуын, әуенін санаға құюға мүмкіндік береді.

Тілдік сана негізінен әдебиет арқылы қалыптасады. Әуелі қазақ әдебиетін, сонымен қатар әлемдік әдебиетті білудің маңызы ерекше болмақ. Әлемдік әдебиет қазақ тіліне толық аударылып болмағаны белгілі. Ол қазынамен таныс болу үшін алдымен орыс тіліне жүгінетініміз сондықтан. Соңғы жылдары классикалық әдебиетті, дәуір қаламгерлерінің шоқтығы биік шығармаларын қазақ тілінде меңгеруімізге қажетті жағдайлар жасалып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағ­дарламасы бойынша әлем әдебие­тіндегі көркем шығармалардың жүзге жуық озық үлгілері қазақ тілінде жарыққа шықты. Егер әлем әдебиетімен таныс болу парасатты, мәдениетті, тәлімді адамды тәрбиелеуге ықпал етсе, қазақ әдебиетін білу мұның сыртында ұлтжандылық пен ұлттық мақтаныш сезімін асқақтататынын ұмытпауымыз керек.

Анасының әлдиімен айтылған бесік жыры жас сәбидің құлағына шалынатын алғашқы әдеби нұсқа. Әжесі айтатын ертегі арқылы балдырған ауыз әдебиетінің үлгілерін санасына сіңіреді. Сол бесік жыры, сол ғажайып ертегі ұл-қызымызға қай тілде жетті, өз ұлтының қазынасы ма, мәселе осы арада. Ана тілінде бесік жырын естімей өскен адам этносының әдебиетіне де жете мән бермейді.

Бесік жыры – ұлт әдебиетіне баспалдақ болса, ұлт әдебиеті әлемдік әдебиетке бастар жол. Қазақтың кейінгі ұрпақтары бесік жырын ана тілінде естімей өскендіктен кезінде мәңгүрттікке ұрынды. Асанқайғыдан бастап, Сұлтанмахмұтпен аяқталатын бес ғасырлық жыр дастан дүлдүлдерінің туындыларын окымай өскен ұрпақтың бойында ұлттық сезім кемшін түсіп жатты. Абайды әлемге енді танытып жатырмыз, ал өзіміз танып болдық па? Ендеше, тілдік сана көпмәдениеттіліктің бір белгісі екен.

Көпмәдениет иесі тарихи сана белгілерін мол меңгерген адам. Айналып келгенде, тарихи сана этностық және жалпы мемлекеттік сананың негізі. Ұлттық ой-сана, этностың мыңдаған жылдық аңыз-әфсанасы, бейне-белгілері, наным-сенімдері халықтың тарихын білу арқылы ғана ерекшеленеді. Туған жердің, онда өмір сүріп отырған халықтардың, бір кездегі жасаған мемлекеттердің шежіресін білу тарихи сабақтастықты, тамыр тереңдігін, талай жылдардан бері іргелес қоныстанған халықтар тағдырының ортақтастығын білдіреді.

Тарихты тану дәрежеміз, бұған дейін қалай болғаны белгілі. Әлемдік тарих бізге мәдениеттердің өзара ықпалының, этносаралық байланыстардың тарихы, сәулет пен қолөнердің тарихы ретінде емес, қанды шайқастардың, мемлекеттер қақтығысының, таптар күресінің тарихы күйінде оқытылып келгені өкінішті. Бір ғана мысал, жүйелеп оқысақ, «Ұлы Жібек жолы» тарихының өзі бізге талай өркениеттерден мағлұмат берер еді.

Осындай өркениеттердің ізі болып табылатын төл тарихымызды оқығанда ең алдымен мәдениет тарихына ерекше маңыз берілуі тиіс. Бұл пән әзірге орта мектеп бағдарламасынан орын ала алмай келеді. Жоғары оқу орындарына соңғы жылдары енгізіле бастаған ол көп мәдениетті тұлға қалыптастыру міндеттерін шешуге септігін тигізбек. Пән мәдениеттер тарихын, әлемдік және ұлттық философия, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар тарихын оқытудан бағытын жазбаса, рухани дамыған, сан қырлы мәдениетті меңгерген, әрі бағалай білетін адам-дарды тәрбиелеуге едәуір ықпал етпек.

Тарихи сананы қалыптастыру тарихи танымның дұрыс қалыптасуына тәуелді. Ал тарихты тану қазіргі деректерді білу ғана емес сол тарихи оқиғалар мен деректерді талдау арқылы ақиқатқа жету. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстан тарихы әлі де болса толық танылмай жатыр десек, артық айтқандық болмаса керек. Бұған тарихты идеологияның құралына айналдырған кешегі кеңестік жүйенің негізгі себеп болғаны белгілі.

Жалпыадамзаттың асыл қазынаның ішінде ерекше мəн беріп, құрметпен аталуға тиісті – діни құндылықтар. Дін – халық рухының ажырамас бөлігі, этнос құраушы күретамыры, ұлттық мəдениеттің мəйекті бұтағы. Ол, сайып келгенде, ұлтжандылықты, ұлтішілік жəне елішілік бірлік пен ынтымақты уағыздайтын тəлім-тəрбие көзі. Дінге тек соқыр сенім немесе құлшылық ету түрінде қарау – үлкен қателік, себебі дін, ең алдымен, рухани құбылыс, адамгершілік-имандылық жəне эстетикалық тəрбиенің алып діңгегі.

Діни құндылықтардан ажырап, не айырылып қалған халықтың білімі шала, тəрбие ісі кемшін болады. Діни мəдениет інжу-маржандарын мансұқ еткен, не олардан хабары болмаған адамның тұлға ретінде, ұлтжанды, өнегелі адам ретінде толыққанды өсіп, дамуы қиын. Дін, діни сенім мəселесінде талай жыл теперіш көріп, рухани жұтаңдыққа əбден бой алдырған қазақ халқы үшін мұны ескермей болмайды. Тəуелсіздікпен бірге дініміз де оралды, мұсылмандық парызын өтеуге ұмтылушылар саны күрт өсті, ислам дінінің имандылық-əдептілік, тəлім-тəрбиелік оң əсері күшейді. Əрине, Қазақстанда мектеп діннен бөлек, бірақ ол мейірбандық, кішіпейілдік, имандылық сияқты ізгі қасиеттердің өтпелі кезеңдегі қоғамымызда көбейіп кеткен адамзатқа жат қылықтардың жолын кесіп, ар-ұят, обал-сауап, адал-арам т.б. мұсылмандық нормалардың төрден орын алуына қызмет етуі, сөйтіп, өзіне тəн, əрі заңды жолдармен жеке тұлғаның діни санасының қалыптасуына өз үлесін қосуы – үлкен əлеуметтік-мəдени міндет.

Дінді саясаттандыруға болмайды. Балалар мен жастардың бойында елімізге сырттан енуші түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру маңызды міндет. Ислам фундаментализмі деген мен діни экстремизмге берік тосқауыл қою аса маңызды, олардың нағыз ислам дініне үш қайнаса сорпасы қосылмайтындығын түсіндіре де, көрсете білу керек. Бұл істе де мектептің рөлі зор. Ислам – адамзат рухани əлемінің кəусар бұлағы.

Ерекше мəні бар тағы бір мəселе – жастардың əлемдік дін тарихын білуі. Ол елімізді мекен ететін көптеген халықтардың адамгершілік мүдде-мақсатының, рухани ұмтылыстарының, əдептік-əсемдік талғам-талаптарының ортақтығын көрсетеді. Өзара түсіністік пен төзімділік мəдениетін құқықтық жəне имандылық тұрғыдан қамтамасыз ету, қоғамда əр түрлі діни сенімді ұстанушыларға байсалды көзқарас қалыптастыру – білім беру саласы мен ұйымдарының маңызды ісі.

Əлемдік қоғамдастықтардың тұтастығы ұлғайып, жаһандану процесі бел алып, ұлттар мен этностардың əлеуметтік-мəдени өмірін үйлестіру процесі қарқынды жүріп отырған қазіргі таңда жан-жақты мəдениетті тұлға айқын географиялық санамен, ғаламдық, экологиялық санамен, сонымен бірге туған өлке, кіші отан, туған жер, туған шаңырақ санасымен қарулануы тиіс. Отбасы – этностың бірден-бір əлеуметтік тиянағы, туған ел – алтын бесігі, Отан – анасы.



Шын мәнінде көпмәдениетті адам болу үшін планеталық, ғаламдық, экологиялық саналар деңгейіне самғаумен бірге, кіндік кескен жер, туған өлке, Отан, өз шаңырағын қастерлеу сезімімен қатар тыныстау парыз. Халық «Жеріңнің аты тарихтың хаты» деп тегін айтпаған. «Ұлытау», «Ордабасы», «Орбұлақ», «Оқжетпес» деген сөздерге селт етпейтін, оларды тек жер-су атаулары ретінде ғана қабылдайтын қазақты, тіпті ол Ниагара сарқырамасының биіктігін, Па­нама каналының ұзындығы мен енін, Оймяконның ең төменгі температурасын жатқа айтып тұрса да, қалай ғана мәдениет иесі дерсің?

Егемендік алғаннан бері бабалар жерінің байырғы атауларын қайтару үшін көп жұмыс тындырылды. Бір кезде елімізге қоныс аударғандар өздері үдере көшкен мекенінің атауларын да қазақ жеріне «көшіріп әкелді», кешегі тың төсіне қадалған әрбір қададағы жат атаулар кезінде жергілікті жұрттың келісімінсіз республика картасын мүлдем өзгертіп жіберді. Компартия көсемдері мен қайраткерлерінің есімі берілмей қалған ауданды, ауылды табу қиын еді. «Бәленбайыншы партсъезд», «КСРО-ның түгенбайыншы жылдығы» деген бір қалыптан шыққан елді мекендер қаптады.

Ақмола мен Ақтау, Атырау аттарын қайтару, Ермак атынан арылу үшін айтыс ұмытыла қойған жоқ. Тарихи атауларды қайтарып алып жатырмыз. Ақиқатына келсек, бұл жөнінен ешбір талас болмауы тиіс. Әрбір этнос өкілдері мектеп партасында отырған кезінен елдің, жердің тарихын, байырғы атауын біліп өссе, мұндай түсінбестік орын алмас та еді. Өкінішке орай, мектепте ұстаздар, отбасында ата-аналар ұл-қызға мұндай тәрбие беруге аз көңіл бөледі.

Жұмыр жердегі еліңнің, ел ортасындағы туған жеріңнің орнын, қасиетін, шежіресін білу географиялық сана ұғымының негізі болмақ. Географиялық сана елтану, этнография, экология пәндері арқылы да дариды. Аталған пәндер этнос пен мәдениет проблемаларымен өрістес болғандыктан, мәдени-этностық оқыту мен тәлім-тәрбие ісінде ерекше маңызға ие.

Рухани әлемі бай адам ғаламдық экология мен Қазақстан экологиясын табиғи ұштастыруға бейімді. Әрбір отандасымызға туған жерді ортақ үй, Қазақ елін ортақ Отан ретінде сезіну, атамекен мен ел табиғатын аялап, қызғыштай қорғау қасиеттерін дарыту мақсатында жаратылыстану ғылымдарын оқыту мәселесіне көңіл бөлу керек. Бұл пәндерден дәріс беруде елімізге қатысты құбылыстарға баса назар аударып, осы ғылым салаларын дамытудағы қазақстандық ғалымдардың үлесіне ерекше тоқталудың пайдасы айтарлықтай. Шынайы ұлтжандылық, халық үшін мақтаныш сезімдері осыдан туындайды.

Бұл сананы география ғана емес, сонымен қатар елтану, этнография, экологиялық пəндер де қалыптастырады, өйткені бұлар мағыналық бағыттылығы жағынан этнос пен мəдениет проблемаларымен, этностық-мəдени білімге тəн сақтау қорғау дəстүрімен өзектес болғандықтан да ерекше маңызға ие. Əңгіме ғылым мен білімнің мəдениет экологиясы, этнос экологиясы, адам экологиясы, жан дүние экологиясы, адамгершілік экологиясы, тағы сол сияқты жаңа бағыттары туралы болып отыр. Экологиялық сана өмірге, қоршаған орта мен табиғатқа, жалпы биосфераға құрметпен қарау, оларды қорғау арқылы қалыптасатын болса, тұлғаның этностық экологиялық санасы отбасының, қауымдастықтың, социумның, əсіресе мектептің əрбір ұлттың тілдік-мəдени ерекшеліктерін қастерлеп, сақтап, дамытуға бағытталған əрекеттері нəтижесінде тəрбиеленеді.

Экология – кеңінен алғанда тіршілік иелері мен əр түрлі қауымдастықтардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым, олар үшін залалы мол техникалық-техногендік процестерге қарсы ұстаным болса, этнос экологиясы – жеке тұлға мен біртұтас халықтың тілдік-мəдени ерекшеліктерін сақтап, дамыту туралы ғылым, халықтың бүгіні мен ертеңі үшін зардабы мол бір ұлттың басқа ұлттарға сіңісіп кетуі, мəңгүрттенуі, немесе басқа əлеуметтік-мəдени ортадан оғаштануына жол бермеуге бағытталған іс-əрекет жиынтығы. Жеке тұлға өзін ең алдымен өз халқының бір бөлшегі, содан соң Қазақстан азаматы, бұдан кейін əлемнің азаматы ретінде сезінетін болуы тиіс.

Көпмəдениетті тұлға барынша айқын көркемдік-эстетикалық сананың иесі де болғаны дұрыс. Оған ұшқыр қиял мен нəзік сезімнің, əсемдікке құштарлық пен əдемілікті бағалай білетін қасиет, шығармашылық қабілет жат болмауы керек. Ұлттық тұрмыстың, кәсіптің, мереке-мейрамдардың, киім-кешектің, салт-сананың өзіндік бітімі мен құдіретін ұғынуы да қажет.

Тұлғаның сондай-ақ дүниені көркемдікпен игеріп, дамытуға бағытталған рухани-тəжірибелік қызметінің ерекше санасы болып табылатын өнерге бейімделуінің маңызы зор. Оның ішінде халықтың танымын, мінез-құлқын, салт-дəстүрін, жан дүниесі мен тұрмысын бейнелейтін ұлттық өнерге құрсақтағы кезінен бастап қанығып, терең бойлауы қажет. Қазақтың, басқа да қазақстандық этностар мен этностық топтардың ұлттық мəдениеті мен өнерін терең ұғыну, қадірлеп-қастерлеу тұлғаның əлемдік құндылықтарды игеруіне, рухани баюына жол ашуы өте маңызды.

Мектеп оқушының көркем талғамын, өнер туындыларын түсіне алатын қабілетін тəрбиелеуі керек. Олар, бірінші кезекте, саз-әуен мен кескіндеме пәндері, күнделікті өмірдегі театр, кино, теледидар, компьютер мен көркем әдебиет, көркемөнерпаздар үйірмелері арқылы дариды. Көркемдік-эстетикалық сананың ерекшелігі – оның өз болмысын əдетте көркем шығармашылық дағдыда: саз аспаптарында ойнағанда, əн шырқап, сурет салғанда, т.б. сəттерде айқын көрсетуінде. Сондықтан, ол этно-көпмəдениетті білім мақсаттарына барынша сай келеді. Оның қалыптасуы тұлғаға өз халқының мəдениетіне тікелей қатыстығын сезінуге мүмкіндік береді, ұлттық сəйкестілікке ерекше рең қосады.

Мектеп жан-жақты мəдениетті тұлғаны кемелдендіруші сананың бірі – оқушының құқықтық санасын қалыптастыруға тиіс. Оның негізгі бастауы –Қазақстан Республикасы Конституциясының əлеуетін барынша пайдалана білу аса маңызды. Тұлғаның құқықтық санасы Қазақстан заңдарын, сонымен қатар басқа нормативтік-құқықтық актілерін сақтау мен қолданудың бүкіл тəжірибесінен, сол секілді азаматтардың осы негізде бекітілген құқықтары мен бостандықтары сақталуының нақты жағдайынан туындайтынын да естен шығармау керек. Оқыту мен тəрбиелеу процесінде Конституциямыздағы құқық, əділеттілік жəне гуманизм идеялары кеңінен қолданылуы шарт.

Білім алушылардың құқық нормаларын, қоғамның құқықтық жүйесінде орын алатын заң мен процестердің талаптарын, өзінің құқықтары мен міндеттерін білуді, құқықты қамтамасыз етудегі жеке рөлін, заң бұзушылықпен күрестің тәсілдері мен құралдары туралы түсініктері болуы керек. Өзінің құықтық білімін күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайдалана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру қажет.

Көпұлтты, көпконфессиялы елімізде жеткіншек ұрпақ ұлтжанды, отансүйгіш болып өсуі, мемлекеттің зайырлылығын жете ұғынып, оны қорғай білуіне қол жеткізген абзал. Олардың əр түрлі діни секталар мен діни экстремизмге заңды түрде қарсы тұра алатындай құқықтық даярлығы болуы қажет. Мектеп оқушыны қандай шиеленісті, күрделі мəселе болмасын конституциялық тəртіп шегінде, демократиялық жолмен шешуге тəрбиелеуге тиіс. Мұның əсіресе, Қазақстан халқының достығын нығайту мен мемлекеттің тəуелсіздігін бекітуде, көпмәдениеттілікке тəрбиелеуде маңызы зор.

Сонымен, патриоттық және азаматтық санасы жоғары, адамгершілікті, толерантты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды меңгерген, салауатты өмір салтымен өмір сүретін, шығармашылық қабілетін жүзеге асыратын көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың нәтижелі жолының бірі − оқу процесіндегі тәрбие компонентінің әлеуетін арттыру болып табылады.



Қорытынды
Әлемдік әлеуметтік-тарихи тәжірибе тәрбиенің басты мақсатын – қазіргі қоғамда ынталы әлеуметтік және кәсіби қызметке даяр, оның құндылықтарын қосуға және көбейтуге қабілетті, үйлесімді және жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру ретінде анықтауға мүмкіндік береді.

Тәрбие, оқытумен қатар, білім беру процесінің маңызды компоненттерінің бірі болып саналады. Бірін бірі толықтыра отыра, оқыту және тәрбиелеу бір мақсатқа – оқушы тұлғасының біртұтас дамуына қызмет етеді.

Оқушыны нақты пәнді оқыту процесінде тәрбиелеу проблемасы ешкім үшін жаңалық емес екендігі мәлім бола тұра, соңғы кездері біздің педагогикада қызу талқылануда.

Тәрбие – білім берудегі маңызды басымдық ретінде оқыту мен дамытудың ортақ процесіне кіріктірілген педагогикалық қызметтің табиғи құрамдасы болуы тиіс.

Осы әдістемелік ұсыныстар сабақтың тәрбиелік, дамытушылық және дидактикалық әлеуеттері білім берудің жаңа мақсаттары мен мазмұны тұрғысынан қарастырылады.

Білім берудің тұлғалық парадигмасына сәйкес кез-келген пәнді оқытудағы тәрбиелік мақсат – оқушылардың зерттелетін білімдерге жеке қатынас құндылықтарын тәрбиелеу және мазмұнынан адамгершілік құндылықтарын бойына сіңіру. Оқыту процесінде тәрбиелеу білімге мағынаны қоса беру қабілеттерін дамытуға бағытталған мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті ретінде қарастырылады.

Кез-келген сабақтың үлкен тәрбиелік әлеуеті бар, сондықтан балаға тәрбие беруде мұғалімге зор жауапкершілік жүктеледі. Әдістемелік тұрғыда дұрыс құрылған сабақтың әр кезеңі тәрбиелейді, материалды өзекті, талап етілген, қызықты етуге мүмкіндік береді.

Авторлар сабақ – бір жағынан, оқытудың психологиялық-педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан, білім беру стандарттары талаптарына сүйенетін мұғалім шығармашылығы деген қорытындыға келді. Мұғалім сабақта оқушылардың шығармашыл, өзіндік оқу әрекетін ұйымдастыруы және оқытудың «белсенді» әдістері мен түрлі әдістемелік тәсілдерді, арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынасты қолдану арқылы меңгеру процесіне жетекшілік жасауы тиіс. Оқу материалы әр оқушының белсенді ойлау және практикалық іс-әрекетінің нысаны болған жағдайда ғана білім тиімді игеріледі.

Әдістемелік ұсыныстарда педагогикалық процестің құрамдас бөлігі ретінде тәрбиенің маңызды рөлі көрсетілді, оқу пәндерінің мазмұнында тәрбиелік компонентін күшейтудің психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері ашылды. Жалпы білім беретін мектептердің тәрбие әлеуетін дамыту және іске асыру деңгейінің көмегімен анықталған және бағаланған өлшемдер мен көрсеткіштер әдебиеттерді талдау, білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды зерттеу, оқушылар мен ата-аналардың педагогикалық іс-әрекетін зерттеу, жалпылау және диагностикалау негізінде анықталды (Б қосымшасы).

Қазақстан мектептеріндегі оқу-тәрбие процесін зерттеу және талдау негізінде қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық циклдары оқу пәндерінің тәрбиелік бағыттылығын күшейту бойынша нақты ұсыныстар әзірленгенін атап көрсетуге болады. Заманауи мектептегі оқу процесінде тұлғаның патриоттық сезімін, адамгершілік-эстетикалық және құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша әзірленген ұсыныстар берілген.

Сонымен, ресми құжаттардың, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттің, Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының зерттеу проблемалары бойынша жұмыс тәжірибесінің талдау мектептердегі оқу процесінің тәрбиелік бағыттылығын күшейту үрдісін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді:

– қазақстандық білім беру жүйесінде және қоғамда тәрбиенің әлеуметтік мәртебесін көтеру;

– мазмұндық, құрылымдық, технологиялық деңгейлерде тәрбие процесін жаңарту және сапалы жетілдіру;

– оқу процесін даралау және біріздендіру;

– тәрбиелеу мен оқыту процесінде демократиялық стильді дамыту және т.б.

Тұлғаның қалыптасуында оқу орындары жетекші рөл атқарады. Әрбір оқушы ұзақ уақыт бойы оқу және тәрбиемен қамтылған. Бұл оның ержету және әлеуметтену кезеңі. Бұл жерде оқу процесі маңызды орын алады. Дегенмен, қазіргі социумда тұлғаның әлеуметтенуі үшін ғылым негіздері бойынша білімімен қатар, белгілі бір сапалар да қажет. Бұл сапаларды қалыптастыруда оқу процесі тәрбие компонентінің маңызы зор. Сондықтан, ұсынылып отырған әдістемелік құралда оқу процесінің тәрбиелік әлеуетін көтеру жолдары қарастырылды.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев, Н.Ә.: «Қазақстан – 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Қазақстан халқына Жолдауы/ Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 1997 жыл.

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. – 2007 жыл. – 27 шілде.

3. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. – 2002 жыл. – 8 тамыз.

4. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. – 2004 жыл. – 7 шілде.

5. Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік
құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспары / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы // ресми мәтін. – Астана, 2012.

6. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің


2009 ж. 16 қарашадағы №521 бұйрығы // ресми мәтін. – Астана, 2009.

7. Назарбаев, Н.Ә.: «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы/ Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012 жыл – 27 қаңтар.

8. Степанов, Е.Н. Лузина Л.М. Педагогу о современных подходах и концепциях воспитания. – М.: ТЦ Сфера, 2003. – С. 51-61.

9. Кусаинова, Ж.А. Проблемалық оқыту – оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытудың тиімді жолдары. /Ж.А.Кусаинова.// rusnauka.com/3_ANR_2013/Pedagog.

10. Назарбаев, Н.Ә.: «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына Жолдауы/ Н.Ә. Назарбаев // – 2007 жыл – 28 ақпан.

11. Тулеутаева, Г.Қ. Қазақ әдебиеті пәніндегі шығармалар арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру./ Г.Қ. Тулеутаева.// collegy.ucoz.ru/publ/54-1-0-564


12. Мүтәлі, Ә.Қ. Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу./ Ә.Қ. Мүтәлі. // Түркістан. // kk.convdocs.org/docs/index-11.html k.

2008.


13. Сейтақов, А.С. Өзін-өзі тану пәнін оқыту ерекшеліктері./
А.С. Сейтақов.//bobek.kz.

14. Арғынов, А.Х. Балаларға арналған кітаптар мен анимациялық фильмдердің сюжеттері мен кейіпкерлерін қолдану арқылы жасалған бала құқықтарын оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулық. / А.Х. Арғынов,


Р.А. Жұмақанова. – Алматы: Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы. – 2009.

15. Тарихты оқыту әдістемесі пәні бойынша 050114 «Тарих»мамандығына арналған қолданыстағы оқу бағдарламасы: 2009-2010 оқу жылы / ҚМПИ. // kspi.kz›files/umo/tarih_.

16. Кондрашова, Е.А. – М.: ГБОУЦО №1830 / Е.А. Кондрашова.// E.Kondrashova 72@ mail.ru.

17. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы // Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 жарлығы // Егемен Қазақстан. – 2003 ж. – 10 желтоқсан.

18. Аверина, Е.В. Антинаркотическое воспитание в школе// Е.В. Аверина. – Педагогика, 2002. №1. – С.56-60.

19. Айсмонтас, Б.Б. Педагогическая психология/сборник лекций. Московский городской психолого-педагогический университет/Б.Б. Айсмонтас/[http://www.ido.edu.ru/psychology/pedagogical_psychology/index.htm].

20. Оржековский, П.А. Обучение химии, ориентированное на выполнение требований нового образовательного стандарта основной школы. / П.А. Оржековский, Г.Л. Маршанова. – Сб.научных трудов, МИОО. 2009.

21. Джуринский, А.Н. Зарубежная школа: современное состояние и тенденции развития./ А.Н. Джуринский. – М.: 1993. – С.45-48.

22. Воспитание в современной образовательной среде: Материалы региональной научно-практической конференции / отв. ред. И.В. Васютенкова. – СПб.: ЛОИРО. – 2011. – 448 с.

23. Концепция модернизации российского образования на период до


2012 года// Бюллетень МО РФ. – М., 2012. – № 2. – С. 2-31.

24. Сухомлинська, О.В. Ідеі громадянськості й школа в Украіні /


О.В Сухомлинська. – Шлях освіти, 1999. – № 4. – С. 21-25.

25. Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері. / www.diplomkaz.kz. /



жүктеу 1,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау