3-тарау. Екінші кіші топ (3-4 жастағы балалар)
1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
22. Бұл топтағы "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны тіл дамыту арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады.
23. Мақсаты қоршағандардың сөйлеуіне қызығушылықты және ауызша байланыстырып сөйлеуді дамыту, сөздік қорды кеңейту болып табылады.
24. Міндеттері:
1) сөйлеуді түсінуді дамыту;
2) тілдің лексико-грамматикалық құралдарын қалыптастыру;
3) фонематикалық естуді және сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту;
4) байланыстырып сөйлеудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру;
5) балаларды құрдастармен қарым-қатынас жасауға ниеттендіру.
2-параграф. 1-жартыжылдық
25. Тіл дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту, фонематикалық түсініктер алғышарттарын қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
26. Импрессивті сөйлеуді дамыту:
1) лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздікті әрі қарай дамыту. "бір-көп" түсінігін сәйкестендіре алуды қалыптастыру;
2) жекеше және көпше түрдегі зат есім мен етістіктерді түсіне алуды балаларға үйрету;
3) кішірейткіш-еркелету мәніндегі сөздерді пайдалануды үйрету;
4) жағдаяты бойынша ұқсас, іс-әрекет мағынасы және белгілері бойынша қарама-қарсы әрекеттерді ажырата алуға оқыту;
5) тәуелдік сын есім түсінігіне оқыту;
6) зат есім және етістіктердің жекеше және көпше түрдегі грамматикалық категорияларын түсінуді қалыптастыру.
27. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру:
1) тұтас заттың бөліктерін атауды және ажырата алуды қалыптастыру;
2) жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыра алуға үйрету;
3) заттардың сапасын және ерекшеліктерін бейнелейтін сөздермен балалардың сөйлеу тілін молайту;
4) екі буынды сөздерді екпінді бірінші буынға қоюмен айтуға үйрету;
5) бір буынды сөздерді айтуға үйрету;
6) екі құрамды сөйлемдер және бірнеше сөздерден құралған сөйлемдермен қолдана алуға үйрету;
7) сөзжасамның алғашқы дағдыларына оқыту;
8) кішірейткіш-еркелету мәніндегі заттарды атау мен ажырату;
9) зат есімнің септік түрін меңгеруге оқыту (табыс, ілік, барыс, көмектес, жатыс септіктер);
10) сөйлеуде бұйрық түрдегі етістіктерді қолдану және түсіну;
11) зат есімдердің сын есіммен жақ түрінде, жекеше, көпше түрінде үйлестіре алуына үйрету ("үлкен доп", "жаңа кітаптар").
28. Байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру (сөйлеудің кез-келген фонематикалық рәсімделуімен):
1) екі құрамды сөйлемді меңгеруге оқыту ("Анам отыр", "Әкем жүріп келеді");
2) балалардың күнделікті әрекеті, сурет бойынша, қимыл-қозғалыстарды демонстрациялау негізінде қарапайым сөйлемді құрастыруға үйрету;
3) сұрау сөйлемдерін құрастыруды оқыту "Бұл не?", "Бұл кім?", "Сенің есімін қалай?";
4) тақпақтар, өтірік өлеңдерді айтуды аяқтайтын жаттығуларды орындау.
29. Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру:
1) тілдік және тілдік емес дыбыстарды ажырата алуды тәрбиеле;
2) қарапайым артикуляциялық жаттығуларды орындауды үйрету;
3) дұрыс айтылатын дыбыстардан құралатын, ашық және жабық буынды бір,екі,үш буынды сөздерді айта алуға үйрету.
30. Коммуникативтік дағдыларды дамыту:
1) ситуативті-іскерлік қарым-қатынас түрінде вербалды және вербалды емес құралдарды жаңғыртуға және қабылдай алу икемділігіне оқыту;
2) ойын жағдаяттарын қолдана отыра, вербалды айқын сұрақтар бойынша диалогтік қарым-қатынасқа оқыту;
3) қатынас орнатушы сұрақтарды қолдануды және түсіне алуды оқыту;
4) мимика және пантомимика көмегімен достық сезімін білдіру, сыпайы түрде өтіну, алғыс білдіру формулаларға оқыту.
31. Күтілетін нәтижелер:
1) ересек адамдармен қарым-қатынасқа жасайды;
2) заттарды олардың сапалық белгілері және функционалдық тағайындалуымен сәйкестендіре алады;
3) кішірейткіш-еркелету, тәуелдік мәніндегі сын есімдерді ажырату;
4) мағынасы бойынша қарама-қарсы және жағдайы бойынша жақын әрекеттер мен белгілерді ажырата алады;
5) кейбір көмекші сөздердің, табыс, ілік, барыс, көмектес, жатыс септіктердің, зат есім және етістіктің жекеше, көпше түрінің грамматикалық категорияларын түсінеді;
6) сөз тіркестерін, екі құрамды және қарапайым сөйлемдерді қолданады;
7) сұрау сөйлемдерін құрастырады;
8) қарапайым артикуляциялық жаттығуларды орындайды;
9) дұрыс айтылатын дыбыстардан құралатын, ашық және жабық буынды бір,екі,үш буынды сөздерді айта алады;
10) тақпақтар, өтірік өлеңдерді аяқтап айта алады.
Достарыңызбен бөлісу: |