6-параграф. II жартыжылдық
173. Сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті:
1) дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын дамыту және жетілдіру, дауыссыз г – ғ, л – р, ж – з, с – з, ж – ш, н – ң, х – һ дыбыстарды есту бойынша ажыратуға жаттықтыру;
2) дыбыстардың сөздегі орнын, сөздегі буындардың санын,сөйлемдегі сөздердің санын анықтау дағдыларын қалыптастыру;
3) сөздерді дыбысталуы бойынша салыстыра білуді, берілген дыбысқа сөздерді таңдау, сөздерге дыбыстық талдау жасау дағдыларын дамыту. Сөздерді түрлендіруге сыни көзқарасын және қызығушылықты, дұрыс сөйлей білуге деген ұмтылысты тәрбиелеу.
Сөздік қор:
1) жалпылаушы сөздерді қолдана білуді жаттықтыру, түрлі логикалық топтарға жататын заттарды атай білуге үйрету;
2) сөйлемде көп мағыналы, синоним, антоним сөздерін қолдануға, белгілі бір затқа белгілерін таңдауға, затпен әрекет етуді және берілген әрекетке заттарды таңдай білуге жаттықтыру;
3) қажетті сөздерді дұрыс түсінуді және қолдануды қалыптастыру, оларды сөйлегенде белсенді қолдануға үйрету;
4) сөзге қызығушылығы мен зейінін дамыту.
Тілдің грамматикалық құрылымы;
1) грамматикалық дұрыс сөйлеуді жетілдіру. Етістіктерді дұрыс қолдана білуге, сөздерге көптік, септік, жіктік жалғауларын дұрыс жалғай білуді бекіту. Балаларды зат есім, сын есім, етістіктердің күрделі түрлерін жасауға жаттықтыру;
2) сөздердегі дұрыс емес дауыс екпініндегі, дауыссыздардың ауысуындағы қателерді байқауды дамыту;
3) сөздерді түрлі әдістермен құрай білу біліктерін бекіту; түбірлес сөздерді жасауды және қолдануды жаттықтыру, жай, күрделі сөйлемдерді, дауыс ырғағына қарай сөйлем түрлерін ажырата білу, оларды сөйлеуде қолдану;
4) көпше түрдегі зат есімдерді атау, ілік септіктерінде, етістіктерді бұйрық райда, сын есім мен үстеулерді салыстырмалы шақта, септелмейтін зат есімдерді дұрыс қолдануға үйрету.
Байланыстырып сөйлеу.
Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттау, баяндау әңгімелері түрінде жеткізе білуге үйрету. Сөйлеу мәдениетіне үйретуді жалғастыру, таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге үйрету.
Диалогты сөйлеудіқалыптастыру:
1) өзіне арналған сөздерді тыңдап, түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін жаттықтыру;
2) балаларды бір-бірімен еркін тілдік қарым-қатынасқа баулу;
3) диалогты сөйлеу тілін дамытуға негіз болатын түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану;
4) өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру.
Шығармашылық тілдік әрекет:
1) тәрбиешінің ұсынған тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен соңын ойлап табуға үйрету, ұсынылған тақырыптар негізінде бір-бірімен байланысқан мазмұн бойынша сипаттау және баяндау әңгімелерін құрастыруға, сөйлемдерінде бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдануға үйрету;
2) бақылағандары және суреттер бойынша әңгімелер құрастыру.
Күтілетін нәтижелер:
дыбыстарды дұрыс ажыратады және атайды;
дыбыстарды буынға қосады, сөз тіркесі мен сөйлемді құрастырады;
жай және жайылма сөйлемдермен ойын жеткізе алады;
суреттерге сүйеніп ертегі, ертегілерді айтады;
алуан түрлі оқиғаларды құрастырады және әңгімелеп бере алады, ертегілер ойлап шығарады;
түрлі сөз таптарын, салыстыруларды қолданады;
құрдастарымен және ересектермен тілдік қарым-қатынаста еркін сұхбаттасады, өз сезімдері мен ойларын тілдік және тілдік емес құралдар арқылы жеткізеді;
ізеттілік, сыпайылық ережелерін меңгерген.
174. Көркем әдебиет:
1) оқу, әңгімелеу. Мазмұнына, мәнерлеу құралдарына байланысты әдеби шығармаларды қабылдауға үйрету;
2) мәнерлеп оқу. Саздылықты, ырғақтылықты сезінуге, өз дауысын басқара білуге, шығарманың мазмұнына өз көзқарасын білдіруге үйрету;
3) мазмұндау. Шығарма мазмұнының мағынасына байланысты интонациямен мазмұндауға үйрету. Кейіпкерлерге және олардың іс- әркеттеріне өз ойын айта білу;
4) бақылағандары және суреттер бойынша әңгімелер құрастыра білуге, шығармалардың мазмұны мен көркем туындылар түрінің арасындағы өзара байланысты көре білуге үйрету. Дербес әрекетте көркем тілдік дағдыларды қолдана білуді бекіту;
5) шығармашылық әңгімелеу. Тәрбиешінің ұсынған тақырыбына сюжеттік және сипаттау әңгімелерін құрау кезінде меңгерген көркем - тілдік дағдыларын қолдана білуді бекіту.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) балалардың театрландырылған ойындарға оң көзқарастарын;
2) таныс сюжеттер бойынша ертегілерді сахналау;
3) театрландырылған өнердің алуан түрлі тәсілдерін және жанрларын (драмалық, музыкалық, қуыршақ, аңдар театры және бағы басқа) меңгеру;
4) кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мәнерлілік құралдарын қолдану;
5) өзін көрсете білуде жеке шығармашылық қабілеттерін таныту.
Балаларға келесіні меңгерту:
1) театрландырылған әрекеттің алуан түрлі тәсілдерін және жанрларын (драмалық, музыкалық, қуыршақ, клоун және тағы басқа);
2) драматизация ойындарының және режиссерлік театрландырылған әрекеттің алуан түрлерін (қуыршақ-марионеткалар, "жанды қолды" қуыршақтар, ұзын бойлы қуыршақтар).
Адамгершілік нормалары туралы түсінік.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық;
2) өз ойын айта білу, басқалардың пікірін тыңдай білу;
3) адамның теріс қылықтарын көре білу;
4) әдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалау.
Балалардың театр ойындары тәжірибелерін байыту.
Күтілетін нәтижелер:
әдеби жанрларды атайды;
көркем мәтінді тыңдайды, кейіпкерлерге жанашырлық танытады;
мәтіннің мазмұнына сәйкес ойын әрекеттерін орындайды;
шағын сахналық қойылымдарды ұжыммен көрсетуге қатысады;
кітаптарға қызығушылық танытады, бірнеше белгілі әдеби шығармаларды, сондай-ақ қазақстан жазушыларының шығармаларын, халық ауыз әдебиеті үлгілерін атайды;
таныс сюжеттер бойынша ертегілерді сахналай алады;
мәнерлілік құралдарын меңгерген;
жеке шығармашылық қабілеттерін танытады;
режиссерлік әрекетке қызығушылық танытады;
ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық дағдыларын меңгерген;
өз ойын айта алады, басқалардың пікірін тыңдай біледі;
әдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалай алады.
175. Сауат ашу негіздері:
1) дыбыстық құрылымы әртүрлі үш және төрт дыбыстардан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасауды жетілдіру;
2) сөйлем туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру (грамматикалық анықтамасыз);
3) дыбыстардың белгілерін ажырату (дауысты-жуан/жіңішке; дауыссыз-қатаң, ұяң, үнді), оларды дұрыс атау;
4) сөйлем құруға, сөздердің ретін көрсете отырып, жай сөйлемдерді сөздердің ретін көрсете отырып, жіктеуге жаттықтыру;
5) сөздегі буындардың ретін анықтау; буындардан сөз құру (ауызша), жай сөздердегі дыбыстардың ретін көрсету;
6) қолды жазуға дайындау. Жазу дәптерінің бетінде бағдарлай білуге, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету. Штрихтарды, жиектерді салуға және әріптердің элементтерін үстінен басуға үйрету.
7) айналасындағыларға тілектестік қарым-қатынасты қалыптастыру, сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін дамыту;
Күтілетін нәтижелер:
қалам мен қарындашты дұрыс ұстай алады;
жазу дәптерінің бетінде бағдарлай біледі, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажыратады;
дыбыстардың белгілерін ажыратады (дауысты-жуан/жіңішке; дауыссыз-қатаң, ұяң, үнді);
сөздердегі буындардың санын ажыратады және екпінді буынды естиді;
үш-төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасайды;
берілген сөздерден жай сөйлемдер құрастырады;
штрихтар салады, заттық суреттерді және әріптердің элементтерін үстінен басу дағдыларын игерген;
қарым-қатынас мәдениетінің дағдыларын игерген.
176. Орыс тілі.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті:
1) ойындардың және жаттығулардың көмегімен орыс тілінде үйренген дыбыстарды айтуға үнемі жаттықтыру;
2) дауыс және артикуляциялық аппаратты, сөйлегенде тыныс алуды, анық дикцияны дамытуды жалғастыру.
Сөздік қор:
1) сөздік қорды кеңейту және байыту, қоршаған ортадағы заттардың топтарын, жыл мезгілдерінің белгілері мен табиғаттың жеке құбылыстарын атай білуге жаттықтыру;
2) заттардың кейбір қасиеттері мен түстерін атауды бекіту;
3) 10-ға дейін тура және кері санай білуге жаттықтыру;
4) күнделікті өмірде орыс тіліндегі сөздерді түсінуді және таныс сөздерді қолдана білуді үйрету.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Сөз тіркестерін (зат есім және сын есім, зат есім және үстеу) құрастыра білуге, сөздерді айту кезінде дұрыс екпін қоюға жаттықтыруды жалғастыру.
Байланыстырып сөйлеу:
1) қарапайым сұрақтар қоюға және оларға жауап беруге жаттықтыруды жалғастыру, 2-3 сөйлеммен затқа қысқаша сипаттама беруге, өзі, ата-анасы жөнінде әңгімелеп беруге, мекен-жайын айтуға үйрету;
2) қарапайым диалог жүргізе білу дағдыларын бекіту, суреттер және бақылаулары бойынша шағын әңгімелер құрастыра білуді, қарапайым сөйлеу тілін жетілдіру;
3) өлеңдерді, әндерді, мақал-мәтелдерді жаттау бойынша жұмысты жалғастыру.
Күтілетін нәтижелер:
орыс тілінде дыбыстар мен сөздерді анық айтады;
өзі, ата-анасы туралы әңгімелеп береді, мекен-жайын атайды;
сұрақтарға жауап береді, 4-5 сөзден тұратын сөйлемдер құрастырады;
сөйлегенде зат есімнің жекеше және көпше түрлерін қолданады;
сөздерді айтқанда, екпінді дұрыс қоя біледі;
10-ға дейін тура және кері санай алады;
қоршаған ортадағы заттардың топтарын, жыл мезгілдерінің белгілері мен табиғаттың жеке құбылыстарын атайды;
заттардың белгілерін көлемі, түсі бойынша ажыратады және оларды орыс тілінде атайды;
қарапайым диалог жүргізе біледі;
ертегілер айтып береді, өлеңдерді, мақал-мәтелдерді жатқа айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |