9-параграф. ІІ жартыжылдық
64. Сенсорика.
Балалардың:
1) түрлі әрекеттерде заттардың сенсорлық қасиеттерін бейнелеуде, құрастыруда ескеру;
2) берілген 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әр текті байланыс орната білу;
3) заттардың санын ажырату (біреу — көп);
4) әртүрлі көлемдегі заттарға (үлкен үй-кішкентай үй, үлкен матрешка - кішентай матрешка, үлкен доп-кішкентай доп және т.б) және оларды сөйлеуде атауға назар аудару біліктерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсас біртекті заттарды топтастыра алады;
заттардың көлемін, түсін және пішінін білдіретін сөздерді түсінеді;
бірізділікпен азаятын үш немесе одан да көп бөліктерден түрлі түсті пирамидалар құрастырады;
кеңістікте бағдарлаудың бастапқы дағдыларын игерген;
заттардың санын ажыратады (біреу-көп);
әр түрлі көлемдегі заттарды (үлкен үй-кішкентай үй, үлкен матрешка - кішентай матрешка, үлкен доп-кішкентай доп және т.б.) және олардың атауларын ажыратады.
65. Құрастыру.
Құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыру.
Біліктерді қалыптастыру:
1) жеке жиһаз заттарын түрлі нұсқада құрастыру, бірден екі-үш құрылысты тұрғызу (үстел және орындық, үстел және диван), құрылыстық қасиетін ескере отырып, материалды таңдау;
2) құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды қолдана отырып, оларды ойнату және тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинастыру;
3) балалармен бірге қарапайым құрылысты құрастыру.
4) қағазбен жұмыс істеудің бірлескен қарапайым тәсілдерін құру ( қию және жырту), қиылған кесектерде және жыртылған қағаздарда "бейнені" көру;
5) құрдастарымен бірге ойнау.
Күтілетін нәтижелер:
құрылыс материалдарынан және конструкторлардың ірі бөлшектерінен құрастыра алады, қарапайым пазлдарды жинай алады;
пішіні, түсі, көлемі, қолданысы бойынша заттарды топтастырады және таңдайды;
құрылыс материалдарының (текшелер, кірпіштер) негізгі пішінін ажырата алады;
көлік құралдарының, автомобиль бөліктерінің атауларын біледі,
алмастырушы заттармен әрекеттер орындайды;
тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды және ойыншықтарды пайдалана отырып, олармен ойнайды.
66. Жаратылыстану.
Балаларда:
1) тірі және өлі табиғат құбылыстарына қызығушылық таныту;
2) табиғи материалдардың қасиеттерімен (құм шашылады, құмнан қуыршақтарға ыдыс мүсіндеуге болады) таныстыру;
3) суреттен жануарларды тауып, атау;
4) жануарлардың сипаттық ерекшеліктерімен таныстыру, дене бөліктерін (танау, құйрығы, аяқтары) ажыратып және атай білу;
5) көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, сәбіз, алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
6) қоршаған табиғаттың сұлулығын байқау біліктерін қалыптастыру.
Мыналарды:
1) ауладағы ересектердің еңбегін (аула сыпырушының еңбегін);
2) аулаға ұшып келетін құстарды (торғайлар, көгершіндер,қарғалар);
3) үй құстарын (тауық, қораз,үйрек);
4) маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылау;
5) өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсету.
Күтілетін нәтижелер:
суреттен жануарларды тауып, атайды, олардың сипаттық ерекшеліктерін атайды;
көкөністер мен жемістердің бірнеше түрлерін сыртқы түрі және дәмі бойынша дұрыс атайды және ажыратады;
үй құстарының өздеріне тән ерекшеліктерін атайды;
ағаш, шөп, гүл сөздерін дұрыс қолданады;
табиғи материалдардың қасиеттері туралы түсініктерге ие;
өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |