Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 35,12 Kb.
Pdf просмотр
Дата16.05.2018
өлшемі35,12 Kb.
#14187


Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 206 бұйрығы. 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 21 маусымда № 8520 тіркелді

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 44-5) 

 іске асыру мақсатында 

:

тармақшасын



БҰЙЫРАМЫН

      1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметі түрлерінің үлгілік 

 бекітілсін.

қағидалары

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Отбасылық балабақшалардың, «

мектеп - балабақша» кешендерінің, мектеп жасына дейінгі балалардың түзеу және инклюзивті білім 

беру кабинеттерінің, ата-аналарға арналған консультациялық пункттерінің қызметін ұйымдастырудың 

үлгі ережелерін бекіту туралы» 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 27 (2009 жылғы 27 ақпандағы № 31 (

1628) «Заң газетінде» жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу 

тізілімінде № 5550 тіркелген) 

 күші жойылды деп танылсын.

бұйрығының

      3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте 

мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында 

жариялануын;

      3) осы бұйрықты білім беру ұйымдарының назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін. 

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі.

      


 

Министр                                        Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы   

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 29 мамырдағы № 206

бұйрығымен бекітілген  

Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің

үлгілік қағидалары 

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрi — 

Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан

әрі – «Білім туралы» Заң) 5-бабының 

 сәйкес әзірленді және «Назарбаев 

44-5) тармақшасына

зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі ұйымдарын қоспағанда 

меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың барлық 

түрлері қызметінің тәртібін анықтайды.

      2. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      мектепке дейінгі ұйым - бұл бiр жастан бастап мектеп жасына жеткенге дейінгі балаларды 

тәрбиелеуді, оқытуды, дамытуды, қарауды, бағуды және сауықтыруды қамтамасыз ететін білім беру 

ұйымы.



      3. Мектепке дейiнгi ұйымдардың негізгі мiндеттерi: 

      1) балалардың өмірін және денсаулығын қорғау;

      2) тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін 

оңтайлы жағдайлар жасау;

      3) сапалы мектепалды даярлауды қамтамасыз ету;

      4) азаматтылықты, қазақстандық патриотизмді, адам құқығы мен бостандықтарын құрметтеуді, 

қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

      5) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара қимыл жасау

      6) ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша 

консультативтік және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

      4. Мектепке дейінгі ұйымдарға мыналар кіреді:

      1) бөбекжай;

      2) балабақша;

      3) отбасылық бөбекжай;

      4) санаторлық бөбекжай;

      5) «мектеп-балабақша» кешені;

      6) мектепке дейінгі шағын орталық.

      5. Мектепке дейінгі ұйымдар мынадай үлгілерге бөлінеді:

      жалпы дамытушы;

      түзеу;

      құрама.

      6. Жалпы дамытушы, түзеу, құрама үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдарда топтардың 

толымдылығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10975 болып 

тіркелген «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 

Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 

 бекітілген 

бұйрығымен

«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларына (бұдан әрі - Санитариялық 

қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 08.02.2016 

№ 134

 (

алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 



бұйрығымен.

2. Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің тәртібi 

      7. Бөбекжай қызметі бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балаларға арналған мектепке 

дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Балабақша қызметі үш жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балаларға арналған мектепке 

дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Отбасылық бөбекжай қызметі отбасылық тәрбие принципінде құрылады және баланы тәрбиелеу

мен оқытудың дербес тәсілдерін практикада іске асыру арқылы мектепке дейінгі білім берудің жаңа

түрлерін дамыту ретінде құрылады;

      10. Отбасылық бөбекжайлар:

      1) бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды 

кеңейту;

      2) отбасының тікелей қатысуымен балаларды дамыту және мектепке даярлау және дамыту 

жағдайларын жасау;

      3) тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруда ата-аналарды консультативтік-әдістемелік қолдауды 

жан-жақты дамыту;

      4) балалардың әлеуметтік бейімделуі үшін құрылады.

      11. Отбасылық бөбекжайлар:

      1) бейімделуші: 

      бір жастан бес жасқа дейінгі балалар үшін;



      2) жалпы дамытушы:

      үш жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балалар үшін;

      3) балаларды үйде қарау, күту және дамыту бойынша: 

      бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балалар үшін болып бөлінеді.

      12. Отбасылық бөбекжайды ұйымдастыру үшін жеке меншік сонымен қатар, жалға алынған 

пәтерлер (үйлер) пайдаланылады. Онда Санитариялық қағидаларға сәйкес шаршы көлемін сақтай 

отырып ойын және ұйықтайтын бөлмелер, ас үй орнастырылады.

      13. Отбасылық бөбекжай балалардың болу уақыты бойынша 5 күндік немесе 6 күндік жұмыс 

аптасының режимінде қызмет етеді: 

      1) толық күн;

      2) қысқа мерзімді болу;

      3) тәулік бойы болатын.

      Ата-аналардың сұрауы бойынша (заңды өкілдерінің немесе оларды алмастыратын тұлғалардың) 

демалыс және мереке күндері жұмыс ұйымдастырылуы мүмкін.

      14. Санаторлық бөбекжай қызметі әлсіреген, жиі және ұзақ ауыратын мектеп жасына дейінгі 

бір жастан алты (жеті) жастағы балаларға арналған емдеу-алдын алу, сауықтыру бағдарламаларына 

сәйкес жүзеге асырылады. 

      15. Санаторлық бөбекжайларда дәрімен және физиотерапиялық емдеу, шынықтыру, емдік 

шынықтыру және аурудың диагнозына байланысты уқалап емдеу жүргізіледі.

      16. Санаторлық бөбекжайлар жұмыс режимі бойынша күндізгі және тәулік бойы болып бөлінеді.

      17. Медициналық қызметкерлер балалардың денсаулығы мен даму ерекшеліктерін ескере отырып,

педагогтер мен ата-аналарға жеке және сараланған әдіс-тәсілдерін ұйымдастыруда көмек көрсетеді, 

аурулардың алдын алу мақсатында балабақшада және үй жағдайында режимді сақтау қажеттіліктері 

туралы ұсынымдар береді.

      18. «Мектеп-балабақша» кешен (бұдан әрі - Кешен) қызметі дара басшылық және өзін-өзі 

басқару принципінде және үш жастан он жеті жасқа дейінгі балалар үшін мектепке дейінгі тәрбие 

мен оқытудың, мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы 

білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын тәрбиелеу-білім беру ұйымы ретінде құрылады. 

      19. Кешен бір және де бірнеше бөлек тұрған ғимараттарда Санитариялық қағидалары сақталған

жағдайда орналастырылады.

      20. Кешеннің мектепке дейінгі топтарына үш жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балалар 

күнтізбелік жыл бойы тұрақты немесе қысқа мерзімге қабылданады. Мектепалды сыныптарға ағымдағы 

жылдың 1 қыркүйегінде 5-6 (7) жасқа толған балалар қабылданады. 

      21. Балалардың сабақтан бос уақытындағы іс-әрекеті олардың денсаулық жағдайының, 

қызығушылығының және қажеттіліктерінің, оның ішінде қарым-қатынастағы физиологиялық (ұйқы, 

тамақтану, демалу, таза ауада болу), танымдық, шығармашылық, қажеттіліктерін қанағаттандыру 

ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылады.

      22. Мектепке дейінгі шағын орталық (бұдан әрі - Шағын орталық) қызметі – бір жастан алты 

(жеті) жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың кешенді қарастыру негізінде іске 

асырылады және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін 

оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. 

      23. Үйдегі Шағын орталықтарды ұйымдастыру үшін Санитариялық қағидаларға сәйкес шаршы 

көлемі қолданылады.

      24. Шағын орталық аптасына 2 реттен 7 ретке дейін, күніне 2 сағаттан 10 сағатқа дейін, 

таңертеңгі сағаттарда, сондай-ақ, күннің екінші жартысында да, икемді күн тәртібі бойынша 

қызмет атқарады. Мектепке дейінгі Шағын орталықтың топтары жинақталуына қарай оқу жылының 

барысында ашылады. 

      25. Түзеу үлгісіндегі бөбекжай мен балабақша қызметі дене және психикалық дамуында 

ауытқушылығы бар балаларға арналған (сөйлеу, көру, есту, интеллект, тірек-қозғалыс 

функцияларының күрделі және жеңілірек бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген жиі және ұзақ 

ауыратын балалар, бастапқы туберкулез инфекциясы білінген, кішігірім және басылып келе жатқан 

туберкулездің нысандарымен ауыратын) түзеу-дамытушы бағдарламаларына сәйкес іске асырылады.

      Ескерту: Түзеу үлгісіндегі мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау кезінде 

психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия қорытындысы, ал бастапқы туберкулез инфекциясы 




білінген, кішігірім және басылып келе жатқан туберкулездің нысандарымен ауыратын, жиі және ұзақ

ауыратын балаларға арналған санаторлық ұйымдарының қорытындысы қосымша ұсынылады.

      26. Аралас бөбекжайлар мен балабақшаларда жалпы дамыту және түзеу үлгісіндегі мектепке 

дейінгі ұйымдардың қызметтері қатар атқарылады.



© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

жүктеу 35,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау