«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет5/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   296
materialy resp chteniy

Үшіншіден

, мамандар даярлау мәселесін жетілдіру және олардың сапасын 

жақсартуға  басым  көңіл  бөлу.  Болашақ  мамандардың  қазақ  тілін  мемлекеттік 

тіл,  ұлттық  сана-сезімнің  базалық  тетігі,  қазақ  халқының,  қазақ  жерін 

мекендейтін  барша  халықтар  мен  ұлыстардың  руханияты  мен  бірлігінің 

тұғыры, тұтастай ұлттық рух дамуының негізі ретінде белсенді түрде меңгеруге 

дайындығын дамыту. Қазақ халқының озық дәстүрлерін (қонақжайлық, барша 

адамдарға  деген  ықыласты  көңіл  мен  қамқорлық,  төзімділік)  негізге  ала 

отырып, болашақ мамандардың (ұлтына қарамастан) бірлесіп өмір сүріп жатқан 

халықтар  мен  ұлыстардың  салт-дәстүріне,  ұлттық  мәдениеті  мен  тарихына 

деген  құрмет  сезімін  дамыту.  Болашақ  мамандарды  өз  бойында  келесі 



12 

 

қасиеттерді  саналы  түрде  қалыптастыруға  бейімдеу:  а)  жоғары  деңгейдегі 



ұлттық  абырой,  патриотизм  мен  азаматтық,  төзімділік  (толеранттылық)  пен 

гуманизм;  ә)  этносаралық,  конфессияаралық  және  мәдениетаралық  сұхбат 

құруға  әзірлік;  б)  Ақиқат,  Сүйспеншілік,  Дұрыс  іс-әрекет,  Ішкі  тыныштық, 

Қиянат  жасамау  құндылықтары  мен  «мәңгілік»  мұраттарды  бейнелейтін  жер 

бетінде  бейбітшілік  пен  тыныштық  орнауына  септігін  тигізетін,  зорлық-

зомбылыққа  жол  бермейтін  өмір,  еркіндік,  ар,  сенім,  махаббат,  бақыт  сынды 

жалпыадамдық  тұғырлы  құндылықтар  бағдарын  ұстануға  ықыласты  болу. 

Болашақ  мамандардың  заманауи  әлеуметтік-мәдени  жағдайда  келесі  қасиет-

сапаларға  ие  бәсекеге  қабілетті  зияткер  тұлғаға  деген  сұраныстың  жоғары 

болатындығын саналы түрде пайымдап түсінуге бағыттау: а) өзін жетілдіруге, 

өздігімен  дамуға,  өзінің  негізгі  күш-қуатын  іске  асыруға  және  өзін  танытуға 

ұмтылыс;  ә)  жаңа  білім  мазмұнын  игеріп,  тың  идеяларды  ойлап  табуда 

бастамашылдық  таныту  және  оларды  отан  игілігі  үшін  жүзеге  асыруға  дайын 

болуға үйрету. 



Төртіншіден

, мектепке дейінгі ұйымдарда баланы дұрыс тәрбиелеу үшін 

ең алдымен «тәрбиешінің - өзі тәрбиеленген» болуы керек, балаға өзі үлгі бола 

алатын,  мектепке  дейінгі  ұйымдарға  кемеңгер  басшы,  кемел  педагог-тәрбиеші 

қызмет  жасауы  қажет.  Педагог  мамандығы  жасандылыққа,  уақыт  талабынан 

қалыс қалуға төзбейді. Болашақтың адамын тәрбиелейтін, болашақ жас ұрпаққа 

білім  мен  тәрбие  беретін  бала  жанының  бағбаны  тәрбиешілер  болғандықтан 

олардың  ары  таза,  адал,  әдепті,  инабатты,  сыпайы,  парасатты,  байсалды, 

ұстамды,  төзімді,  кешірімді  болу  сияқты  адами  қасиеттерді  өз  бойында 

дамытып  ұрпақ  тәрбиесінде  қолдана  білу  арқылы  мектепке  дейінгі  жаста 

рухани  тәрбие  берудің  негізгі  тірегі  бола  білуі  шарт.  Балаларды  еңбек  етуге 

баулу  арқылы  өз  өмірінің  мәнін  түсінуге  ықпал  ететіндігі,  үнемдеу,  өмірлік 

дағды  қалыптастыру,  сөз  бен  істің  бірлігін  сақтауға  баса  назар  аудару,  ата-

аналармен  ынтымақтастық  орнату.  Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  тәрбиелеу 

меноқыту  үдерісін  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  негіздей  отырып  тұтас 

білім  беру  үдерісінде  үздіксіз  іске  асыру,  балалардың  жүректеріне 

жалпыадамзаттық  құндылықтарды  сіңіру,  олармен  жұмыс  жасауда  рухани 

бастауларды  ашу,  шабыттандыру,  оқу  қызметі  барысында  қолданатын  әдіс-

тәсілдерді түрлендіріп, жетілдіріп отыруға көңіл бөлу қажет. 

Бесіншіден

,  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  білім  беру  үдерістерінде 

инновациялық  технологияларды  қолдануға  жете  мән  беру.  Мектепке  дейінгі 

тәрбие  мен  білім  беру  мазмұнын    жаңалау,  жаңалық  енгізуде  -  инновациялық 

мазмұнды дамыту, жаңаша ұйымдастыру, ал «жаңаша» дегеніміз жаңа мазмұн, 

оны  енгізудің  әдіс-тәсілдерін,  технологиясын  тәжірибеде  тиімді  пайдалана 

білуге  ұжымды  жұмылдыру.  Қазіргі  мектепке  дейінгі  білім  беру  саласында 

инновациялық  технологияларды  меңгермейінше  сауатты,  жан-жақты  маман 

болуы  мүмкін  емес.  Инновациялықтехнологияны  меңгеру  тәрбиешінің 

интеллектуалды,  кәсіптік-адамгершілік,  рухани-азаматтық  және  де  басқа 

көптеген  адами  келбетінің  қалыптасуына  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып, 

оқыту-тәрбиелеу 

үлгісін 

тиімді 


ұйымдастыруына 

көмектеседі. 




13 

 

Инновациялықтехнологияларды  пайдалану  негізінде  мектепке  дейінгі  білім 



беру тұжырымдамасының алгоритмі төмендегідей түрде ұсынылады: білім беру 

жүйесінің  түпкі  мақсаттарын  баяндау;    аралық  мақсаттардың  болжамдық 

көрсеткіштерін  баяндау;  оқыту  мазмұнына  сүйену;  көзделген  мақсатқа 

жеткізетін  және  оқыту  сапасын  объективті  тексеру  әдістемесімен  қамтамасыз 

ететін стандартты оқыту технологиясын ұсыну; оқытудың ұйымдастырушылық 

формалары мен шарттарын баяндау. 

Инновациялықтехнологияларды  мектепке  дейінгі  ұйымдарға  енгізу 

барысында  мына  факторлар  ескерілуі  керек:  алынып  отырған  технология 

тәрбиелеу  мен  білім  берудің  тақырыбы  мен  мазмұнына  сай  болуы;  тиімділігі, 

жүйелілігін  сақтау  мен  оны  тәжірибеде  пайдалануда  төмендегідей  кезеңдер 

арқылы іске асыру: 1-кезең – оқып үйрену. 2-кезең – меңгеру. 3-кезең – өмірге 

енгізу, тәжірибеде қолдану. 4-кезең – дамыту, нәтижесін тексеру. 

Қазіргі  заманғы  қазақстандық  білім  беру  үлгісіне  көшуде  және  әлемдік 

білім  кеңістігіне  енуде  кәсіби  білікті,  құзыретті  тәрбиеші  –  педагог  қана  өз 

жұмысын  жаңадан  құрып,  жоғарғы  нәтижелерге  жете  алады.  Сонымен  қатар 

жаңартылған  білім  мазмұны  аясында  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясын 

академиялық  пәндер,  жобалау-зерттеу  және  сабақтан  тыс  іс-әрекеттер, 

қосымша білім беру, таңдау курстары арқылы  балабақша, мектеп және жоғары 

мектепте оқу мазмұнына енгізілетін болады. Оқытудың интербелсенді әдістері: 

ойын технологиясы, рухани тәрбие негіздерін берік қалаудың жаңаша әдістері 

мен  тәсілдемелері,  трениенгтер,  сыни  тұрғыдан  ойлау,  ой  қозғау,  кейс-стади,  

зерттеушілік т.б. әдістерді оқу қызметінде тиімді пайдалануға басымдық берілу 

керек.  

Алтыншыдан, 

ата-аналармен ынтымақтастықты күшейту, республикалық, 

облыстық,  аудандық  және  қалалық  ата-аналар  қауымдастығын  құру;  бала 

тәрбиесіндегі  өзара  келісім,  түсіністік,  отбасындағы  берілетін  рухани 

адамгершілік  тәрбиенің  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  негізделуіне 

арналған кеңес беру әдістемесін жасау. Балабақша ұжымының басқа білім беру 

ұйымдарымен (мектеп, колледж, университ т.б) қоса білім министрлігі,  басқа 

да  қоғамдық  басқару  ұйымдары,  мешіттер,  ата-аналардың  қоғамдық 

ұйымдарымен,  бизнес  саласының  өкілдерімен,  БАҚ-мен  тығыз  байланыс 

орнату  және  олармен  жүйелі,  тұрақты  қарым-қатынаста  болып,  ғылыми-

зерттеулер  жүргізіліп  оның  нәтижелерін  әлемнің  деңгейде  тәжірибеге  енгізе 

алатындай үлгі болуымыз керек. 

Ойымызды қорытындылай келе, «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудың 

басты  тетігі  ретінде  білім  беру  ұстанымдарын  анықтап,  оларды  үздіксіз  білім 

беру жүйесінде үзбей іске асыру мәселесінде нақты іс-шаралар ұйымдастырылу 

қажет.  Ең  бастысы  ұрпақ  тәрбиесінде  ата  -  ана,  ұстаз,  тәрбиеші,  білім  беру 

ұйымдарын  басқарушы  әкімшілік  өздері  үлгі  бола  отырып  жас  өркенді 

ақпараттар ағымымен қаруландыруды ғана мақсат тұтпай, адами құндылықты, 

рухани  адамгершілік  тәрбиені  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіруде  нақты  іске 

көшудің  жолдарын  қарастыру  қажет.  Мұнда  баланың  рухани  бастауын  ашуда 

кемел  мұғалім  ретінде  ізгілік  стилін,  ізгілік  тәсілдемелерін  пайдалану,  ата-



14 

 

анамен ынтымақтастық орнату, әрдайым жағымды көңіл күй туындату арқылы 



жас ұрпақтың бойына имандылық, ізгілік, кісілік, бауырмалдық, ұлтжандылық 

т.б.  құнды  адамгершілік  қасиеттерді  бойына  сіңіру  маңызды  болмақ.  Ұрпақ 

тәрбиесіндегі парызымызды орындауда ғасырлар бойы тағдырдың талқысынан 

өткен,  заманымыздың  сынында  шыңдалған,  еленіп-екшеліп  жасығы  жоғалып, 

асылы  жеткен  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  бағдарланған  білім  беру  мен 

тәрбиелеудің  әдіснамасы  мен  тұжырымдамасын,  осыған  дейін  жасалған 

тұғырлар  мен  қағидаларды  жүзеге  асырудың  әдістемесін  қалыптастыруды  

қолға алуымыз қажет. Ұлтымызға тән даналық қасиеттерге сүйене отырып, жас 

ұрпақтың  ой,  ниет  тазалығын  сақтауға,  ақиқаттың  ақ  жолын  таңдауға,  риясыз 

сүйіспеншілікпен  дұрыс  әрекет  жасауға,  бүгінгі  «беймаза»  заманда  ішкі 

тышытық орната алуға, төзімділікке, шыдамдылыққа, өмірден адам ретіндегі өз 

орнын таба алуға бағыттай білу – ең маңызды мәселе.  

 


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау