«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет270/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   296
materialy resp chteniy

Ақпараттық-коммуникациялық технологияның тиімділігі:

   


- техникалық  құралдар арқылы білім беруді заманауи  етуге болады;  

-  бала  техникалық    құралдар    көмегімен    әлемді    жақын  тани  алады, 

баланың ой - өрісін дамытуда жаңаша білім алуды көздейді;  

- бала мен педагог арасындағы қарым-қатынасты жақындата түседі;  

- педагог  қарастыратын тақырыпты бейнелік тұрғыда эмоционалды бояуы 

қанық    материалдар  көмегімен  қолдана  алады,  бала  да  педагог  та    уақытты  

үнемдейді,  білім  беру  әрекетінің    құрлымын  толықтырады,  мазмұнын 

байытады; 

-  АКТ  қолдану  арқылы  ата-аналардың  отбасы  жағдайында  балаларға 

арналған компьютерлік ойындарды дұрыс таңдауға бағыттайды

-  АКТ  қолдану  балабақшада  педагогикалық  ұжыммен  әдістемелік 

жұмыстарды жүргізуге өз көмегін тигізеді.  

Аталған  технология  көмегімен  жоспарлау,  бақылау,  мониторинг  жасауға 

болады.  Мектепке дейінгі  мекемеде интерактивті  тақтаны  пайдалану  тәсілдері 

өте  көп.  Бұлар  презентациялар,  интерактивті  оқыту  бағдарламалары, 

графикалық, бағдарламалық орталықтарда жобалар құрастыру.  

Презентациямектепке  дейінгі балаларға түсінікті ақпараттық бейнелі түрін 

береді  және  балалардың  образды  ойлау  жүйесін  қалыптастырады. 

Мультимедиалық  презентациялар  арқылы  жарқын  жүйе  ретінде  дамытушы 

және  үйренуші    материалды  беруге  мүмкіндік  береді.  Бұл  жағдайда 

қабылдаудың әртүрлі жақтары іске қосылады, ақпаратты суретті бейне арқылы 

бала  ойында  сақталуына  жағдай  жасайды.  Компьютер  күнделікті  өмірде  көре 

бермейтін  кейбір  өмірлік  жағдаяттарды  модельдеуге  мүмкіндік  береді. 

Мультимедиалық презентациалар арқылы тапсырманы түсіндіру мен бекітудің 

әдеттен  тыс  жаңа  тәсілдерін  қолдану,  балалардың  туындыны  елес  назарын 

жоғарлатып,  ой  өрісін  жан-жақты  дамытуға  көмектеседі.  Балалардың 

мультимедиалық  презентацияларды  игеруі  сөздік  қоры    байытып,  есте  сақтау, 

шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамытады.  

Интерактивті  оқыту  үйретуші,  жүргізуші,  мұғалім,  тренер,  жетекші 

арасындағы  белсенді  қарым-қатынасқа  негізделген.  Интерактивті  оқыту  – 

субьекті  мен  обьектіні  оқытудың  қайтарымды  байланысы  бар  жақсы 

ұйымдастырылған,  арасындағы  ақпараттық  екі  жақты  ауыстырылымы  бар 

оқытудың түрі.  

Интерактивті тақтаны пайдалануда қандай дағдылар болу қажет:

 

• компьютерді қолдана білудің бастапқы білімі




414 

 

• Word, Power Point бағдарламаларымен жұмыстану; 



•Интернет жүйесінде жұмыстану практикасы (бейнелерді, әзір презентаци-

ялар мен оқыту бағдарламаларын тауып алу); 

•ActivInspire бағдарламасында флипчарт-сабақтар құру[2-22]. 

Флипчарт  –

  бұл  материалдарды  құруға  және  көрсетуге  болатын  жұмыс 

үстелі. Бұл көптеген беттері бар кітапты еске түсіретін дәстүрлі қағаз флипчар-

тының экранды түрі, бір мезгілде бірнеше флипчарт ашуға болады.   Флипчарт 

бетінде бейнелеу фонын қосуға, фильмдер мен ойындарды көрсетуге  болады. 

Педагогтың көңіл аударатын мәселелер:

   


1.СанПиН  талаптарына  сүйеніп,  білім  беру  барысында  компьютермен 

жұмыс жасауда 5 жастағы  балалармен 10 минут, 6-7 жастағы  балалармен 15 

минут 2-3 метр арақашықтықтық сақтау және күні бойына 1 рет, аптасына 3 рет 

қолдану талап етіледі.  

2.Мультимедиялық  жұмыстарды  (презентациялар)  әзірлеуде  арнайы  

психолог  мамандар  кеңесіне  жүгіну  керек.  Балалардың  қабылдауына  және 

танымдық  үрдістерін  дамытуға  көмектесетін  тапсырма  санына    көңіл  бөлу 

қажет.  


 

3.Ұйымдастырылған 

оқу 

іс-әрекетінің 



соңында 

көзге 


арналған 

жаттығуларды  жасауға көңіл бөлу керек. 

4.Бала  жасына  сай  емес,  баланың  қабылдауына  ауыр  слайдттар  мен 

суреттер, анимацияларды  қолданбау. 

Жоғарыда  айтып  кеткендей,  кейінгі  ақпараттарға  сүйенер  болсақ, 

ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  балабақшада  қолдану  мәселесі 

қазіргі  таңда  еліміздің  барлық  балабақшаларында  кеңінен  қолға  алынған. 

Солардың  бірі  біздің  балабақшамыз  деп  айтуға  толық  негіз  бар(фото№1). 

Қазіргі таңда педагогикалық ұжым «Мектепке дейінгі мекемеде  сапалы тәрбие 

мен  білім  беруді  жүзеге  асыруда  инновациялық  әдістемелер  мен 

технологияларды    қолдану»  тақырыбында  зерттеу  жұмысын  қолға  алған. 

Бұндағы  мақсат:  мектепке  дейінгі  балалардың  жеке  тұлғалық,  эмоционалдық, 

әлеуметтік  және  зияткерлік  дамуы  үшін  қолданылатын  инновациялық 

әдістемелер мен технологияларды жүйелеу, іс тәжірибеге енгізу арқылы сапалы 

тәрбие мен білімді қамтамасыз ету. Тақырыпты таңдаудағы басты  себептер: 

•  инновациялық  әдістемелерді  тиімді  қолдана  отырып  мектеп  жасына 

дейінгі баланың тұлғалық, эмоционалдық, әлеуметтік  және зияткерлік дамуын  

жүзеге асыру; 

•  мектепке  дейінгі  кезенде  сапалы  тәрбиелеу  мен  білім  беру  процесін 

қамтамасыз  ету  мақсатында  инновациялық  әдістемелерді  дербес  таңдап, 

педагогтың кәсіби  құзыреттілігін арттыру. 

Педагогикалық  ұжым аталған тақырып бойынша  қол жеткізген жетістігін 

Республикалық, облыстық,  қалалық  деңгейде  еркін  қолданып  жүр.  Педагогтар 

іс-тәжірибелері «Отбасы және балабақша», «Бала мен балабақша», «Педагогика 

жаршысы»    Республикалық  ғылыми  –  әдістемелік  журналдарында  

жарияланды.    Былтырғы  оқу  жылында  Шығыс  Қазақстан  облысы  Білім 

басқармасы  «Шығыс»    өңірлік  орталығының  ұйымдастыруымен  өткен 



415 

 

«Инновациялық  технологиялар  арқылы  мектеп    жасына  дейінгі  баланың 



шығармашылық  қабілетінің  дамуы  –  тәрбиеленушілердің  әлеуметтік 

құзыреттілігін  қалыптастырудың  бір  факторы»    тақырыбындағы  облыстық 

мектепке  дейінгі  мекеме  меңгерушілері  мен  әдіскерлеріне  арналған  семинар 

жұмысында  29  педагог  өз  іс-тәжірибесімен  бөлісті.  Семинар  жұмысы 

барысында  педагогтар  ақпараттық-коммуникациялық  құралдар  көмегімен 

балаларға  арналған  көрнекіліктерді  талапқа  сай  көрсете  білді.  Сондай-ақ 

берілген  тақырыптар  аудио,  видео  құралдар  көмегімен  балалардың    назарына 

ұсынылды (фото №2). Интерактивтік тақтаны балалар еркін қолданып, берілген 

тапсырмаларды  орындай білді.  

Бүгінгі  таңда  шығармашылық  топ  тәрбиешілері  мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың  жан-жақты  дамуын  жүзеге  асыруда  қазіргі  заман  талабына  сай  

ұсынылып  жатқан  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  тиімді 

тұстарын қарастырып біртіндеп іс тәжірибеге енгізудің жолдарын қарастырып 

қана  қоймай,  әдістемелік  құрал  әзірлеп  шығарды.  Аталған  құрал  ортаңғы  топ 

тәрбиеленушілеріне  арналған  «Таным»  білім  саласына  қатысты    қарапайым 

математикалық ұғымдарды қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметіне   

қосымша ретінде ұсынылған «Бауырсаққа арналған қызықты математика» 

ойын-сабақтар    жинағы.  Ойын-сабақтағы  жинақталған  тапсырмалар,  ойындар, 

жаттығулар  негізінен  балалардың  қарапайым  математикалық  ұғымдарын 

бекітуге,  тиянақтауға    арналған.  Жинақтың  мазмұны    балалардың  өздеріне 

таныс ертегі кейіпкері бауырсақтың бастан кешкен оқиғалары желісінде өрбиді. 

Тапсырмалар ақпараттық-коммуникациялық құралдар көмегімен жүзеге асады. 

Қазіргі  таңда  аталған  ойын-сабақтар  ортаңғы  топтағы  вариативтік  компонент 

сағаттарында  кеңінен  қолданылуда.  Аталған  әдістемелік  құрал  рецензияға  ие. 

Ойын-сабақтардың  тиімділігі  мен  кейбір  тапсырмаларын  шығармашылық  топ 

тәрбиешілері  республикалық, облыстық деңгейде насихаттап жүр. 



Қорыта  айтқанда,

  жаңа  педагогикалық    технологиялардың    қай-

қайсысын  алып қарастырсақ та оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, 

балалардың  өздігінен  бағыт-бағдарын  анықтап,  дамуына,  ең  бастысы,  өзін-өзі 

тәрбиелей  алатын  тұлға  ретінде  қалыптасуына  жағдай  жасауға  болатыны 

күмәнсіз.



 А

қпараттандыруға үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, 

үйрету мәселесі бүкілхалықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің 

жоғары психологиясын  меңгерген дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс 

өнімдерін өндіре алатын, алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге 

жетуге  қажетті  білім  алуына  жас  ұрпақтың  қабілеті  жететініне  сенім  мол. 

Осындай  өзгермелі  заманға  сай  ұрпақты  тәрбиелеу  үшін  педагог  та  заманға 

сайбілімді,  кәсіби  шеберлігі  жоғары,  талғамы  биік  болу  қажет.  Бала  бойына 

балабақша  қабырғасынан  бастап  сіңірген    тәрбие  мен  білім,  келешекте  өз 

жемісін  берері  анық.  Балаға  дұрыс  әрі  нақты  берілген  білім  оның  келешегіне 

өмірлік азық бола алады.  

 


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау