402
дәстүрлермен көрсетіледі. Жобалық іс-әрекеттің қорытындысы – бұл басқа
балаларға және ата-аналарға нәтижелерін көрсететін презентация. Жобалардың
тақырыптары әр түрлі болуы мүмкін: «Жасыл әлем құшағында», «Ұлттық сәлт-
дәстүрлер», «Ғажайып арамшөп», «Аналардың бәрі жақсы», «Қыстайтын
құстар», «Сау болайық» және т.б.
Бастапқы кезеңде жобалық іс-әрекет тәрбиешінің бағыттаушы рөлін
ескереді, ал кейін ата-аналар бастамасын өз қолына алуы мүмкін.
Осылайша, отбасылық жобалар балалар мен ата-аналардың дүниетанымын
кеңейтіп, шығармашылық қуат беріп, отбасындағы жағымды өзгерістермен
толады, отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның өзара әрекеттестігі мен
ынтымақтастығын құруға ықпал етеді. Әрбір дені сау бала туғаннан әр
нәрсені зерттеп білуге, ізденуге деген құштарлығы, белсенділігі басым болады.
Осындай ішкі ынта ықылас зерттеу жасауға түрткі болып, баланың психикалық
және өзіндік дербес дамуына жағдай жасайды. Балалардың өздігінен зерттеу
жасай отырып алған білімдері репродуктивті тұрғыда алған білімдеріне
қарағанда берік болады.
Жобалық іс-әрекет процесінде біздің балалар
ойлауға, өз ой түйінін жасай білуге, ақпаратты шығармашылықпен ізденуге,
олардың бойында презентациялық, ізденіс танымдық дағдылары мен
іскерліктері дамыды. Балалар бір-біріне көмекке келуге, ұжымда жұмыс
жасауға үйреніп, оқыту процесі олардың тұлғалық қалыптасуы үшін маңызды
екенін түсінеді.
Тәрбиеші ойынға тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы
деп қарамай, балаға берілетін танымның білім мен тәрбиенің құнды негізі деп
қараса ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, мақсатына жете алады. Ойын
арқылы ғана дамыған бала алғаш мектеп есігін ашқанда білімді, қоғамдық
тәжірибені тез меңгеріп, мінез-құлқын, ерік-жігерін, қабілетін дамытып,
дүниетанымын кеңейтіп, болашаққа қызығушылықпен қарайды.
Қазіргі кездегі оқытудың инновациялық әдістерінің бірі – жобалық іс-
әрекет. Мұнда балаларды өз бетінше ойлауға ғана емес, сонымен қатар
ақпаратты шығармашылық іздеуді жүзеге асыруға, проблеманы табуға және
шешуге, балалардың қызығушылықтарын оятып, оқу процесін тұлғалық
маңызды етуге мүмкіндік беріледі. Біздің балабақшада жобалық әдіс үшінші
жыл қатарынан жүзеге асырылуда. Қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді де көптеген
жобалар туындады. «Өнімді күз», «Жәндіктер», «Сиқырлы ауа», «Жітіқара-
туған елім» «Менің сүйікті үй жануарларым», және т.б. Жобалық іс-әрекет
аясында педагогтар мен ата-аналар арасында бұл әдістің мектеп жасына дейінгі
балалардың тұлғасын дамыту үшін маңыздылығы жөнінде түрлі бағыттағы
жұмыс жүргізіледі: әңгіме, іскерлік ойындар, пікірталастар, кеңестер, семинар-
практикумдар, балалар жұмыстарының көрмесі, жобалардың презентациялары
және ЛЭПБУК жасалған.
Балалардың бұл жас аралық кезеңі тұрақты зейін, бақылағыштық, талдау,
синтез, өзін бағалаудың алғашқы қабілеттерімен, бірлескен іс-әрекетке
ұмтылысымен ерекшеленеді. Жобада білімнің әр саласы мазмұнын біріктіруге
403
болады, сонымен қатар, балалардың, ата-аналардың, педагогтардың бірлескен
ізденіс-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру үшін кең мүмкіншіліктерін ашады.
Жобалау технологиясын жүзеге асыру біздің балаларға өз бетінше
жобалардың тақырыптарын, идеяларын ұсынуға мүмкіндік берді. Олардың
қисынды ойлауы, әр құбылысты жан-жақты зерттеу керектігі туралы түсініктері
қалыптасты. Жұмыс процесінде балалардың белсенділігі мен өз бетімен жұмыс
істеу дағдылары қалыптасты. Тәрбиешілер әр баланың өзін-өзі тануына ықпал
етіп, оның жеке ерекшеліктерін ашып, жеке тұлғасының өзіндік мәдени
аймағын құра білді. Балаға деген жақсы қарым-қатынасы, тілектестік, әлемге
деген сенім сезімдерін қалыптастыруда. Білім беру модернизациясы әрдайым
өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыратын, білімін, дағды-іскерліктерін
жаңартып, ізденіске ұмтылатын педагог жүзеге асыратынын есте сақтауымыз
керек.Жобалық іс-әрекет процесіндегі жеке тұлғалық бағдарлы тәсіл балалар
ұжымын олардың жеке ерекшеліктеріне орай топтарға бөліп, рөлдерге бөлуді
қарастырады:
- зерттеуші – ақпаратты жинау кезеңіне жауап береді; өз бетімен және
тәрбиешінің, ата-аналарының көмегімен керек ақпараттарды іздейді.
- шығармашыл – жаңа шығармаларды ойлап шығарады, безендіреді;
-
көмекші – қарым-қатынастарды келістіруге, жобаның басқа
қатысушыларына көмек көрсетеді;
- ұйымдастырушы – жұмысты орындау кезеңдерін бақылайды;
- баяндаушы – басқа қатысушылармен бірге презентацияны дайындайды.
Тәрбиешінің міндеті – жобадағы рөлдерді бөлуге көмектесу, балалардың
ұжымдағы қарым-қатынасын үйлестіру. Жобалық іс-әрекетте әр баланы жеке
ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың ұжымдағы қарым-қатынасына
ықпал ету. Осылайша жобалық іс-әрекеттегі балалардың жеке ерекшеліктерін
ескере отырып, балалардың ұжымдағы қарым-қатынасына ықпал етуге
мүмкіндік аламыз.
Қорыта айтқанда, жобалық әдіс – баланы өз бетімен мәселелерді табу және
шешу, ойлауға ғана емес оқыту процесін тұлғалық маңызды ететін оқыту
технологиясы «Танымның» барлық тәсілдерін біріктіретін жобалар әр балаға
өзіне ұнайтын таным жолын таңдауға мүмкіндік береді. Әрқайсысы өз
бағытында іс-әрекет етіп (біреуі мүсіндейді, оқиды, «кітап жазады», тәжірибе
жасайды) барлығы бірге көп мәлімет алады.
«Жеке тұлғалық бағдарлы тәсіл бұрынғы жылдары педагогтың талаптарын
орындайтын «жақсы тәрбиеленуші» қалыптасып келген дәстүрлі білім беру
жүйесіне альтернатива болады. Жеке тұлғаға бағытталған білім беруде
тәрбиеші балаға қажетті білім беру ортасын құру арқылы, топтағы әр баланың
білімді өз бетімен алуға, саналы түрде шешім қабылдау, өз таңдауын жасауға
мүмкіндік беретін жағдайлардың біртұтас жүйесі арқылы басқарады.
Осылайша, балалармен жобалық іс-әрекетте жұмыс жасай отырып, педагог
білімді тек трансляциялап қана қоймай, танымдық іс-әрекеттің үйлестірушісі,
ұйымдастырушысы, серіктес зерттеуші, сараптаушы, кеңесші ретінде шығып,
әр
баланың
жеке
ерекшеліктері
мен
қызығушылықтарына
қарай
404
шығармашылық дамуы үшін жағдай жасап, білім беруді ізгілендіруге қолайлы
жағдайларды құрады.
Бұл баяндамада балалардың танымдық белсенділік ерекшеліктерін түсіне
отырып, жобалық әдіс арқылы балаларды өз бетімен мәселелерді таба алуға
және шеше білуге үйрететін түрлі әдіс-тәсілдер мен жобалар және оларды ата-
аналармен бірге жүргізудің жолдары көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: