Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
перспективалық жоспар үлгісі
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
Экология негіздері
№
|
Мазмұны
|
Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің көлемі
|
1
|
Тақырыбы: «Мен және айналамдағы әлем»
Мақсаты: Өзі-өзін тану, табиғаттағы өзінің орнын түсіну талаптарын мадақтау. Өзі-өзіне оң баға беру қажеттілігін мадақтау, өзіне, күшіне сенімін бекітуге, дербестікті және өзін-өзі қадірлеуді дамытуға мүмкіндік туғызу.
|
1
|
2
|
Тақырыбы: «Нан қайдан пайда болды?»
Мақсаты: Балаларды нан өсірудің процесімен таныстыру. Нан біздің үстелімізде қалай пайда болатыны туралы түсінік беру, адамдардың қаладағы және ауылдағы еңбектерінің мазмұнына көңіл аудару. Адамдардың еңбегін құрметтеуді, нанды қадірлеуді тәрбиелеу.
|
1
|
3
|
Тақырыбы: «Жақсы деген немене, жаман жеген немене»
Мақсаты: Табиғатта жүріс-тұрыстың нормаларын және ережелерін сақтауға үйрету, «болады және болмайды», «қалаймын және керек», «жақсы мен жаман» дегенді түсінуге үйрету. Мектепке дейінгі балалардың өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі, табиғаттағы адамдардың жүріс–тұрыстары мен қоршаған ортаның жағдайының өзара байланысы туралы түсініктерін кеңейту.
|
1
|
4
|
Тақырыбы: «Мені үйретсін»
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің кейбір еңбек әрекеттері туралы білімдерін кеңейту. Ортақ еңбек етуге қатысу ынтасын тәрбиелеу (қарапайым тамақ түрлерін әзірлеуде, үй жинастыруда көмек көрсету және т.б.). Еңбекте белсенділікті танытқанды, ересектер мен құрдастарымен қарым–қатынастың және әрекеттесудің ережелерін сақтағанды мадақтау.
|
1
|
5
|
Тақырыбы: «Мен, сен, олар – бәріміз тату-тәтті отбасымыз»
Мақсаты: Коммуникациялық қатынастың дағдаларын дамыту, мейірімділікті, бір-біріне қамқорлық танытуға ниеттерін туғызу. Балаларды Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлеріне ортақтастыру, шыдамдылықтың негіздерін тәрбиелеу.
|
1
|
6
|
Тақырыбы: «Орманшы қонаққа шақырады»
Мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі, табиғаттағы адамдардың жүріс-тұрыстары мен қоршаған ортаның жағдайының өзара байланысы туралы түсініктерін кеңейту (егер қоқысты орманда қалдырса, өрт пайда болуы мүмкін – орман өртеніп, өсімдіктер мен құстар жойылып кетіулері мүмкін, егер өзенді ластаса –суында шомылуға болмайды, балықтар жойылады). Ізгі ниеттерді, білімге құштарлықты, қоршаған табиғатты сақтау қажет екенін түсінуді тәрбиелеу. Практикалық іс-әрекетте білімдерін қолдануды үйрету.
|
1
|
7
|
Тақырыбы: «Экологиялық ертегілер бойынга саяхат»
Мақсаты: Табиғатта жүріс-тұрыстың қабылданған ережелеріне сәйкес кейіпкерлердің әрекеттерін талдауға және бағалауға үйрету. Балаларды табиғат туралы ертегілерді талдау кезінде өздерінің сезімдері туралы әңгімелеуге үйрету, туған өлкенің табиға байлықтарын сақтау үшін адамдар жүріс-тұрыстарының ережелерін түсінуге үйрету. Балаларды табиғатты сақтауға үйрету.
|
1
|
8
|
Тақырыбы: «Кәсіптердің бәрі керек, кәсіптердің бәрі қажет»
Мақсаты: Ересектердің еңбектеріне қызығушылықты, қадірлеу қатынасын дамыту.
|
1
|
9
|
Тақырыбы: «Біздер қандаймыз – ұл балалар мен қыз балалар»
Мақсаты: Ер адам мен әйел адамның жүріс-тұрыстарының ерекшеліктерін бағалауға үйрету. Батылтық, ықыластылық, ізгі ниет сезімдерін тәрбиелеу.
|
1
|
|
Барлығы:
|
9
|
Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
перспективалық жоспар үлгісі
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
Көркем әдебиет
№
|
Мазмұны
|
Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің көлемі
|
1
|
Тақырыбы: «Жайлауда», Ғ. Жұмабаев
Мақсаты: Шығарма кейіпкерінің жүріс-тұрысына деген эмоционалдық ықыластылықты танытуды талаптандыру, ұқсас жағдайда кейіпкерлердің әрекеттерін және өзінің жүріс-тұрысын бағалауға үйрету.
|
1
|
2
|
Тақырыбы: «Алтын дән» К. Ахметов
Мақсаты: Еңбекке қызығушылықты қалыптастыру және оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету.
|
1
|
3
|
Тақырыбы: Ш. Перро, «Қызыл телпек»
Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің әрекеттерін бағалауға көмектесу.
|
1
|
4
|
Тақырыбы: «Күте біл», К. Ушинский
Мақсаты: Құрдастарымен ара-қатынастың ережелерін сақтауға үйрету, ойында және ара-қатынаста сыпайылықты көрсете алуға көмектесу.
|
1
|
5
|
Тақырыбы: «Менің әжем», Т. Мұқанов
Мақсаты: Балаларды әдебиет кейіпкерлерінің әрекеттерін мен жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелеріне сәйкес баға беруге, өзінің көзқарасын білдіруге үйрету.
|
1
|
6
|
Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» (орыс халық ертегісі)
Мақсаты: Балаларды әдебиет кейіпкерлерінің әрекеттерін мен жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелеріне сәйкес баға беруге үйрету.
|
1
|
7
|
Тақырыбы: «Ораз неге жылады, ал балалар неге күлді?» М. Әлімбаев
Мақсаты: Әдебиет кейіпкерлерінің әрекеттерін мен жүріс-тұрыстарын талдау кезінде балаларды құрдастарымен ара-қатынастың және өзара әрекеттесудің ережелерін сақтауға үйрету.
|
1
|
8
|
Тақырыбы: «Ақшақар мен түлкі» (орыс халық ертегісі)
Мақсаты: Балаларды әдебиет кейіпкерлерінің әрекеттерін мен жүріс-тұрыстарын талдау кезінде, оларға мейірімділікті, қайырымдылықты танытуға, өзара көмектесудің қабылданған ережелеріне сәйкес баға беруге үйрету.
|
1
|
9
|
Тақырыбы: «Қайырымды бала», Б. Данабеков
Мақсаты: Ер адам жүріс-тұрысының ерекшеліктерін бағалауға үйретуді жалғастыру, өзге адамдарға деген мейірімділікті, қамқорлық қатынасты білдіруге ниеттерін ояту.
|
1
|
10
|
Тақырыбы: «Жақсы деген немене, жаман жеген немене?», В.Маяковский
Мақсаты: Қалай істеуге болады және қалай істеуге болмайтынын, жақсы деген немене, жаман деген немене дегенді түсінуге мүмкіндік туғызу.
|
1
|
11
|
Тақырыбы: «Масақ» (украин халық ертегісі)
Мақсаты: Балаларды әдебиет кейіпкерлерінің әрекеттерін мен жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.
|
1
|
12
|
Тақырыбы: «Азиз бен әке шабан», Ш. Бейшеналиев
Мақсаты: Ересектермен қарым-қатынастың ережелерін сақтауға үйрету, еңбектеріне деген қызығушылықты қалыптастыру және оның нәтижесін құрметтеуге үйрету.
|
1
|
13
|
Тақырыбы: «Айболит», К. Чуковский
Мақсаты: Балаларды мейірімділікті, өзге адамдарға, жануарларға қамқорлық қатынасты білдіруге талаптандыруды жалғастыру.
|
1
|
14
|
Тақырыбы: «Тапқыр бала» (қазақ халық ертегісі)
Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін бағалау қабілетін қалыптастыру, оларға өз қатынасын білдіре білуге үйрету.
|
1
|
15
|
Тақырыбы: «Аққу-қаздар» (орыс халық ертегісі)
Мақсаты: Ересектермен қарым-қатынастың ережелерін сақтауға үйрету, өзге адамға мейірімділікті, қамқорлық қатынасты білдіруді ниеттеуді жалғастыру.
|
1
|
16
|
Тақырыбы: «Бірге тығыз, ал бөлек қызықсыз», К. Ушинский
Мақсаты: Құрдастарымен қатынастың және өзара әрекеттесудің ережелерін сақтауға үйрету, келіспеушілікті шешудің тәсілдерін таба білу қабілетін қалыптастыру.
|
1
|
17
|
Тақырыбы: «Сыпайылық сабақтары», А. Әлімбаев
Мақсаты: Балаларды адамдардың арасындағы қарым-қатынастың адамгершілік нормаларымен таныстыруды, әлеуметтік ортадағы жүріс-тұрыстың ережелерімен, сыпайылықтың қарапайым дағдыларын тәрбиелеуді жалғастыру.
|
1
|
18
|
Тақырыбы: «Өрескел алғыс» (қазақ халық ертегісі)
Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін бағалау қабілетін қалыптастыру, оларға өз қатынасын білдіре білуді үйрету.
|
1
|
|
Барлығы:
|
18
|
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астана қ., 2004.
2. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. – Алматы қ., 1999.
3. Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы (бірнеше томдық). Алматы, Жалын, 1989 ж. М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Ө. Тұрманжанов, Е. Өтетілеуов.
4. Халық педагогика негіздері. С. Ғаббасов, Алматы, 1985 ж.
5. С. Төленбаев, М. Өмірбекова Ою-өрнектер құрастырудың тәсілдері. Алматы: Қанағат ЛТД; Қазақстан, 1993.
6. Вассерман Ф.Я., Управление качеством обучения в общеобразовательных школах на основе ИКТ и информатики, Алматы, 2008.
7. С.С. Лебедева, Л.М. Маневцова Управление инновационным дошкольным образовательным учреждением в условиях социального партнерства, Санк-Петербург, «Детство-пресс», 2005.
8. Средообразовательный процесс и становление личности, Материалы международной научно-практической конференции, Костанай, 2003.
9. В.И. Мигаль, Е.А. Мигаль, Управление современной школой, Изд. «Учитель», 2005.
10. Н.Н. Ежова Научись общаться. Коммуникативные тренинги. Ростов-на-Дону, Феникс, 2005.
11. Майлз Дауни Эффективный коучинг. Уроки тренера коучей. М., 2005.
12. Т.Н. Князева Я учусь учиться. Психологический курс развивающихся занятий для младших школьников. М., АРКТИ, 2004.
13. Инновационное обучение. Стратегия и практика. МГУ им. Ломоносова, М., 1994.
14. Л.Н. Галигузова, Е.О. Смирнова Ступени общения: от года до семи лет. М., Просвещение, 1992.
ҚОСЫМША
ІІ сәбилер тобы балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
«Денсаулық» білім беру саласы
Дене шынықтыру
Негізгі қимылдар:
1. Бір-бірден саптізбекке тұру.
2. Саптізбекте бір-бірден қалыпты жүру.
Мақсаты: Саптізбекте өзінің орнын таба білуге үйрету. Саптізбектен шығып кетпей, бір бағытты сақтай отырып, саптізбекте жүре білуді бекіту.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушы
|
Ойнауды, жүгіруді және жүруді үйрену үшін, денсаулық алаңына баруды ұсынады
(мақсат қою).
Денешынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қызығушылық тудыру үшін, спорт залының құрал-жабдықтарына көңіл бөледі.
Балалармен бірге қимылдарды орындап, үйренетін ертегі кейіпкерін көрсетеді.
|
Ұсынылған жағдаятқа
қатынасын көрсету
Спорттық снарядтарды және атрибуттарды зерттеу (қарайды, ұстайды, ойнайды)
(2-3 минут).
Ертегі кейіпкерінің келуіне және оны ойнауға, жаттығуға шақыруға қатынасын көрсету.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Саптізбекке бір-бірден тұруға көмектеседі.
Саптізбекте бір-бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын таба білуді көрсетеді.
Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау үшін, шеңберге тұруды ұсынады.
Сапқа тұру үшін бағдарды белгілейді (бормен салынған шеңбер).
Жаттығуларды атайды.
Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.
Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:
1. Саптізбекке бір-бірден сапқа тұру.
2.Саптізбекте бір-бірден қалыпты жүру.
Жүруге арналған бағдарларды белгілеу (сызықты бормен сызу). Балаларды жаттығуларды дұрыс және әдемі орындауға итермелейді.
Балаларға бастарын төмен түсірмей, арқаларын тік ұстауын естеріне салады.
Жаттығуларды орындауын қадағалайды.
Балаларды қолдайды және мадақтайды.
«Маған қарай жүгіріңдер» ойынын ұйымдастырады.
Жүгіру барысында қажетті көмек және қолдау көрсетеді.
|
Саптізбекке бір-бірден сапқа тұру, қатарда өз орнын таба білу.
Саптізбекте бір-бірден жүру, (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, саптізбекте өзінің орнын табады).
Шеңбер бойымен сапқа тұру, ажырау.
Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау
(қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, тәрбиешінің көрсетуімен жаттығуларын сәйкестендіру).
Негізгі әрекеттерді орындау (сапқа тұру және бір-бірден саптізбекте жүру, аяқ және қолдарының қимылдарын үйлестіруге тырысу,
бағытын және тепе-теңдікті сақтау, саптізбекте өзінің орнын табады және сақтайды).
Ойынға қатысу ( белгі бойынша тәрбиешіге қарай жүгіреді, түрлі бағытта қимылдау мүмкіндіктеріне қуанады).
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
Спорттық құрал-жабдықтарды және атрибуттарды жинауды ұсынады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесін талдайды: Не жасадық, ал не жасалған жоқ?
Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан ертегі кейіпкерімен қоштасуды ұсынады.
|
Тәрбиешіге көмек көрсету ниетін таныту
(тәрбиешімен бірге спорттық құрал-жабдықтар және атрибуттарды жинайды).
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесі бойынша талқылауға қатысу - сұрақтарға жауап береді: Мен не істей алдым?.
Ойын кейіпкерлерімен қоштасу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |