Мектепке дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу жұмыстарының жағдайының анықтамасы



жүктеу 51,85 Kb.
Дата11.12.2017
өлшемі51,85 Kb.
#4017


Мектепке дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу жұмыстарының жағдайының анықтамасы.
Мақсаты: Балаларға экологиялық тәрбие жұмыстары жөнінде жүргізілетін жұмыстар жайында түсінік беру, бақылау жасау.

Бақылау нысаны: Барлық топтар.

Тексерілген күндер: 10.03 – 18.03. 2016 жыл

2016 жыл 10. 03 – 18.03 аралығында балалармен экологиялық тәрбие жұмысы көптеген жұмыстар жүргізілді. Тексеру барысында балабақшада жүргізілген жұмыстарды бақылай келе, барлық топтар қоршаған ортаға өз үлестерін қосты. Себебі: балабақша айналасын тазалау, жинау, егу, қырқу, т.б. сияқты жұмыстар балалардың жас ерекшеліктеріне сай жүргізіліп отырды.

Балабақша айналасында экологиялық тәрбиелеу жасына сәйкес, болашақ ұрпаққа тәрбие беру ең бірінші қоршаған ортамызды таза ұстап, көрік беретін көгалдандыру жұмыстары. Сондықтан көшет күйінде отырғызып, оны мәпелеп өсіру, әрі айналасын көз тоярлықтай гүлзарларға айналдыру - өте қажет іс. Бұл деген балаларды экологиялық тәрбиеге жетелейді. Экологиялық тәрбиелеу жұмыстарының нәтижесінде «Еркетай», «Балбөбек», «Айгөлек», «Сказка» топтарының балалары тәрбиешілерінің көмегімен тәртіпті жұмыс атқарады. Тексеру барысында кіші топ балаларын өте бақылаумен еңбек жұмыстарын жүргізу керек. Ал ересек топ балаларын мейлінше еңбекке баулап, қимыл белсенділіктерін арттырып отыру қажет.

Экологиялық тәрбие жөнінде балаларды гүлдерді, ағаштарды бостан-бос жұлуға болмайтындығын айтып, экологиялық түсінік беріп отыру барысында мектепке дейінгі балалар өз жұмыстарына қызығушылықпен қарайды.

Балабақша ауласына серуенге шыққанда да балаларға тәрбиешілер экологиялық тәрбие беріп, қоршаған орта жайында түсінік беріп отыруы керек.

Мектепке дейінгі топтарда қоршаған ортамен жұмыс жүргізілуі қатаң сақталуы тиіс. Себебі дұрыс жүргізілген тәрбие жұмыстары баллардың жан-жақты дамуына көмегін тигізеді.

Ұсыныс: Балабақшада экологиялық тәрбие беру жұмыстарын күшейтіп, көп көңіл бөлу керек. Серуенде серуеннің бес кезеңін іске асыру.

Барлық топ тәрбиешілері қоршаған ортаны көгалдандыру жұмысына бір кісідей атсалысуы қажет.


Орындалатын мерзімі: жыл бойы.

меңгеруші: Л.К.Кулажанова


Ата-аналармен жұмыс анықтамасы
Мақсаты: Ата – аналармен тығыз байланыста болу, қоғамдық жұмыстарға ата-аналарды кірістіру.

Тексеру нысаны: барлық топтар.

Тексерілген күндер: 24.03 – 31.03.2016 ж

Балабақшада жалпы ата-аналар жиналысы қазан, ақпан, мамыр айларында жылына 3 рет өтіледі.

Балабақша әкімшілігі мен педагогтарының ұйымдастыруымен барлық топтардың ата-аналар комитетінің төрайымдарының қатысуымен жалпы балабақша ішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыс барысында балабақша жоспары, мақсаты, жалпы балабақшаның 2015 – 2016 оқу жылына дайындығы, жаңа оқу жылындағы жаңаша өзгерістер жайында балабақша меңгерушісі Л.К.Кулажанова баяндап өтті. Балабақша әдіскері Ф.А.Ахметова тәрбиелік жұмыстар, бағдарламалар, сауықтыру-шынықтыру, бес сала бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері стандартқа сай жоспарлы түрде жүргізілетіндігіне тоқталып өтсе, медбике, емдәмбике баланың денсаулығы мен дұрыс және құнарлы тамақтануын қамтамасыз ету жағдайы, ас мәзірі туралы түсінік берді.

Тексеру барысында барлық 12 топта ата-аналармен өткізілген жиналыстың хаттамалары толығымен жазылған. Бірақ бір айта кететін нәрсе шешіміне тәрбиешілер толық көңіл бөлмеген. «Солнышко», «Балапан» топтарында хаттамалары дұрыс рәсімделмеген. Ата-аналар жиналысы топтарда қыркүйек, желтоқсан, сәуір айларында өтіледі. Әр топ өз орталығынан ата-аналар комитетін сайлайды.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспарында: 1 – ші топ Дөңгелек үстел «Сәбилердің бейімделуі»

2 – ші кіші топ Дөңгелек үстел «Дені сау баланы қалай өсіруге болады?»

Ортаңғы топ Дөңгелек үстел «Алақандағы денсаулық»

Ересек тобы Отбасылық кеш «Отбасында салауатты орта құру» атты тақырыбында әр топтың тәрбиешілері жиналыс өткізді.

Ұсыныс: Әр топтың тәрбиешілері ата-аналар жиналысын уақытылы өткізсін. Ата-аналар кеңесінің топ мүшелері сайлансын. Топтық ата-аналар жиналысының хаттамаларының шешімі дұрыс рәсімделсін. «Солнышко», «Балапан» топтарының ата-аналар жиналысының хаттамасы қайта дұрыс жазылсын.


Орындалу мерзімі: жыл бойы

Меңгеруші: Л.К.Кулажанова



Зерттеу әрекеттерін ұйымдастырудың анықтамасы.
Бақылау нысаны: Балаларға әртүрлі айналадағы құрылыстарының ерекшеліктерін зерттеп, ақыл – ойының дамуын, ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерінің танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуына бақылау жасау.
Бақылау нысаны: Барлық топтар.

Тексерілген күндер: 01.02.2016 – 10.02.2016 ж.ж


2016 жылы 01.02 – 10.02. 16 аралығында ортаңғы, ересектер «Балдәурен »тобында «Судың қасиеті» атты ашық көрсетілім өтілді. Тәрбиешілер балаларға ауаның қасиеттерін, ауа адамның, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің тіршілік ететін ортасымен таныстырды, сонымен қатар тәжірибе арқылы ауаның біздің айналамызда қоршап тұрғанына көздерін жеткізеді. Яғни, қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелейді. Тәрбиешілер оқу іс-әрекетінде жаңа технологияны қолданып, интерактивті тақтада балаларға слайдтар көрсетілді. Балалардың белсенділіктерін, байқағыштықтары артып отырды. Осы мәселе бойынша барлық топтарда тәрбиешілер балаларды заттардың қасиеттері мен ерекшеліктерін таныстыратын әртүрлі дидактикалық ойындар мен жаттығуларды жасатады. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірін дәлелдей алуға жетелейді. Тексеру барысында «Еркетай» тобының тәрбиешісі Ж.Аманова «Сәбилерге физика» тәжірибелік зерттеу оқу іс-әрекетін көрсетті. Бұл жерде тәрбиеші дамыта оқыту технологиясын қолданған. Оқу іс-әрекетінде өлі және тірі табиғатты пайдалана отырып балалармен бірнеше тәжірибе көрсетті. Интерактивті тақтаны пайдаланды. «Балбөбек» тобының тәрбиешісі Б.Дүйсебаева «Бізге ғажайып қыс келді» балаларды қоршған ортамен таныстырды. Қармен тәжірибелер көрсетті. Оқу іс-әрекеті өз дәрежесінде өтілді.

Ұсыныс: Балалардың тәжірибе жасау құралдары әр бала жеке-жеке болғанда дұрыс болар еді. Болашақта соны ескеру керек. Күнделікті оқу іс-әрекетінде дамыта оқыту технологияны қолдана білуге тәрбиеленушілерді үйрету.

Ескерту: Балалармен серуен кезінде тәрбиешілер қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Орындалу мерзімі: жыл бойы

Меңгеруші: Л.К.Кулажанова




Балалардың коммуникативті құзіреттіліктің қалыптасуының (қазақ, орыс, ағылшын тілдері)

Мақсаты: «Қатынас» білім бөлімінің базалық құрылымы.

Бақылау нысаны: Ересектер тобы.

Бақыланатын күндер: 22.12 – 27.12.2015 жыл



Балабақшадағы ересектер тобының оқу іс-әрекетін шығармашылық топ мүшелеріқатысты. Бақыланған топтар қазақ тілінде «Балдәурен», «Балдырған», орыс тіліндегі топ «Ягодка». «Балдәурен» мен «Балдырған» тобының тіл дамыту, сауат ашу, көркем әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі оқу іс-әрекеттері бақыланды. Бұл тексеруде
жүктеу 51,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау