Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы
044-57/16 ( )
16 беттің 96 беті
Әдістемелік өңдеу
10. Жаңа сабақты түсіндіру
:60 мин (30%)
Жоспар:
-Тері ішіне,тері астына инъекция жасау орны.
-Бұлшықетке инъекция жасау техникасы.
-Венаішілік инъекция жасау техникасы.
Тері ішіне ине енгізу
Мақсаты:
•Дәрілік заттарға жоғары сезімталдықты анықтау (биологиялық сынау);
•Ауруға қарсы иммунитеттің болуы немесе болмауын анықтау (диагностикалық сынама)
•Жергілікті жансыздандыру.
Кері әсері:
-Ине егетін орындағы тері асты – май клетчаткасының ісінуі;
-Ине егетін орындағы тері аурулары.
Егу аймақтары: біліктің(үштен бір бөлігі) ішкі беткейі, иықтың жоғары сыртқы бөлігі
(БЦЖ-ны егу үшін).
Құрал — жабдықтар: бұл егуді жасау үшін көлемі 1 мм. инесінің ұз.15мм, ал ішкі диаметрі
0,4 мм. шприцті қолданады.
Дайындаңыз: Инесі бар шприц дәрілік зат, этил спирті, мақталы тампондар
Іс әрекет алгоритмі:
•Науқасқа енгізілетін дәрілік зат туралы мағлұмат беріңіз. Науқасты жайлы отырғызыңыз.
•Егу жасау алдында мейірбике қолын өңдеу керек. Стерильді қолғап киіңіз.
•Дәрінің атын, мөлшерін, мөлдірлігін, жарамдылық мерзімін мұқият оқу керек.
•Дәріні керекті мөлшерде сорып алып, инені ауыстырып, ауасын шығарып, үш мақта
шариктерін дайындаңыз.
Егу жасайтын жерді белгілеп, спиртке батырылған бірінші мақта шаригімен кең көлемде
сүртеміз, екінші мақта шаригімен ине кіргезетін жерді бір рет сүртеміз, егу жасайтын
жердің терісін сол қолмен төмен қарай тартыңыз.
•Әзірленген шприц инесінің қиығын жоғары қаратып ұстаңыз (екіншә саусақпен бойлай
инені канюлядан, ал басқа саусақпен цилиндрді ұстаңыз).
•Инені теріге қатарластыра (5 градуста) ұстап ұшын терінің ішіне енгізіңіз (иненің ұшы
тері арасынан көрініп тұруы керек).
•Шприцті оң қолымен ұстап тұрып, сол қолыңызбен поршенді итеріп, дәріні жіберіңіз.
•Егу жасаған жерде кішкене (лимон тәріздес) түйін пайда болса, сіз байқауды дұрыс
жасағаныңыз.
•Заласызданған құрғақ мақта шаригін иненің астына басып, инені теріден шығарып
алыңыз.
Есте сақтаңыз!
•Биологиялық сынау жүргізгенде реакцияны 20-30 минуттан соң болғаннан соң
бағалаңыз;
•Диагностикалық сынау жүргізгенде реакцияныбелгілі бір уақыттан соң, яғни нұсқауы
бойынша бағалайды. Пациентке ине егілген орынға су тигізбеуін ескертіңіз.
Тері астына егу жүргізу.
Мақсаты: дәрілік затты тері асты майлы шел қабатына егу.
Бір егілетін ерітіндінің мөлшері 1-2 мл-ден аспауы керек. Тері асты егулерді жүргізуге егу
орнының жанында ірі қан тамырларымен жүйке бағаналарының болмауын ескеру қажет.
Тері асты егуге арналған тері асты клетчаткасының қалыңдығына байланысты.
Кері әсері:
-Дәрілік заттарға аллергиялық реакция болғанда;
Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы
044-57/16 ( )
17 беттің 96 беті
Әдістемелік өңдеу
-Ине егу орынындағы тері мен тері асты-майлы клетчатка жарақатының кез келген
түрінде.
Дайындау қажет: 1-2 мл шприцтер, шприц инесінің ұзындығы 4-5см, пинцет, спиртке
батырылған үш мақта шариктері, залалсыздандырылған лоток, дәрілік ерітіндісі бар
ампула, залалсыздандырғыш ерітіндісі бар ыдыс.
Егу орындары:
- иықтың сыртқы беті
- сан сүйегі (ортан жіліктің алдыңғы бетінде)
- жауырын асты аймағы
- құрсақ қабырғасының алдыңғы беткейі
Іс әрекет алгоритмі:
•Науқасқа енгізілетін дәрілік зат туралы мағлұмат беріңіз. Науқасты жайлы отырғызыңыз.
•Егу жасау алдында мейірбике қолын өңдеу керек. Стерильді қолғап киіңіз.
•Дәрінің атын, мөлшерін, мөлдірлігін, жарамдылық мерзімін мұқият оқу керек.
•Дәріні керекті мөлшерде сорып алып, инені ауыстырып, ауасын шығарып, үш мақта
шариктерін дайындаңыз.
•Егу жасайтын жерді белгілеп, терісін спиртке батырылған бірінші мақта шаригімен кең
көлемде сүртеміз, екінші мақта шаригімен ине кіргезетін жерді бір рет сүртеміз.
•Сол қолмен егу жасайтын жерді ұшбұрышты етіп жиыстырыңыз, шприцті оң қолына,
екінші саусақпен инені канюлядан, қалған саусақпен цилиндрді ұстаңыз.
•45 градуста ұшбұрыштың түбіне иненің қиылысын жоғары қаратып 2-3 см тереңдікке
салыңыз.
•Шприцті оң қолымен ұстап тұрып, ал сол қолымызды босатып, поршенді итеріп, дәріні
жіберіңіз.
•Егу жасаған жерді спиртке батырылған үшінші мақта шаригімеен басып аздап уқалаңыз.
•Қолыңызды жуыңыз.
Ескерту! Майлы ерітіндіні қолданар алдында 38 градуста су-моншасында қыздырып,
сонан кейін ғана қолдану керек, егу жасар алдында қолды алгоритм бойынша жууд
ұмытпаңыз.
Асқынулары:
-Асептика ережесінің бұзылуы мен доғал инені қолданғанның салдарынан жергілікті
қабыну процесі және дене қызуының көтерілуі болуы мүмкін.
-Гипертониялық ерітіндіні қателесіп, егуден ұлпаның өлі еттенуіне (некроз) алып келеді.
-Ыстық (40градустан жоғары) ерітіндіні егу де ұлпалардың өлі еттенуін тудырады.
-Залалсыздандыру және дезинфекциялануы жеткілікті вирусты гепатит пен ЖҚТБ-тің
жұғуы мүмкін.
Асқынулардың себебі - дәрілерді дұрыс енгізбеу. Егер ине дұрыс таңдалмаса ұлпалардың
шектен тыс зақымдалуы байқалады, гематома пайда болып тығыздалады. Жедел қимыл
нәтижесінде ине сынып, оның жартысы ұлпада қалуы мүмкін. Иненің канюлясы мен
стерженьнің қосылған жері сынуға бейім болатындықтан егу алдында инені мұқият
тексереді. Сол үшін инені толығымен ұлпаға енгізуге болмайды. Егер ондай жағдай
байқалса бөгде денені ертерек алу мақсатында дәрігерге хабарлау керек.
Достарыңызбен бөлісу: