Төртінші бөлімнің тақырыптарын бекітетін сұрақтар
1. Суреттеме жанрында пайдаланылатын қандай тәсілдерді білесіз?
2.Оқиғалық немесе репортаждық суреттемені қалай түсінесің?
3. Теледидарлық суреттеме жанры құрылымына не кіреді?
4. Қазақ публицистикасындағы очерктің қандай түрлері бар?
5. Қазақ журналистикасында публицистикалық очерктің орны қандай?
6. Оқиғалы очерк табиғаты. А.Сейдімбектің «Құлағында үні кетті сәбидің» оқиғалы очеркінің көркемдігі неде?
7. Мемуарлық, лирика-философиялық очерктегі ойшылдық сарын мен сезім, сурет не үшін орын алады?
8. «Индия очерктері», «Америка әсерлері» қазақ әдебиетіндегі жол-сапар очерктерінің авторы кім?
9. Оралхан Бөкейдің «Өнерге өлердей-ақ ғашық едім» очерктер жинағында қандай мәселелер көтеріледі?
10. Шерхан Мұртазаның жол-сапар очерктерінің қандай ерекшелігі бар?
11. Сафуан Шаймерденовтің «Ағалардың алақаны» кітабындағы М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Б.Момышұлы есте қалған оқиғаларға құрылған мемуарлық очерктерінің көркемдігі неде?
12. Портреттік очерктегі ішкі құрылым, ойды ықшам жеткізудің жолдары қандай?
13. Телеочерктің қандай көркемдік күші бар?
14. Радиоочерктің қандай құнды белгілері бар?
15. Аннотацияға қандай негізгі талаптар қойылады?
16. Эссе жанрының шығармашылық портретке, әдеби портретке жанасуы дегенді қалай түсінесің?
17. Телеэссенің тақырыптық, мағыналық, пішіндік, көркемдік, бейнелік мүмкіндіктеріне не жатады?
18. Қазақ публицистикасындағы сатира жанрының қандай түрлері бар?
19. Сатира жанрын зерттеген қандай ғалымдар еңбектерін білесің?
20. «Қазақ әдебиеті» газетіндегі «Сатира стадионы», «Қалжың қалта» «Қожанасыр қоржыны», «Бүйенбайдың пұшпағы», «Тураби трибунасы» беттік әзіл бұрыштары әлі бар ма?
21. Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» жинағы қай жылы шықты?
22. Эзоп, Лафонтен, Крылов мысалдарын аударған кім?
23. Достық және сатиралық шарждардың қандай басылымдардан көруге болады?
24. Теледидардағы фельетонның қандай мақсаты, міндеті бар?
25. Карикатураның сөздік және бейнелі түрі деген не?
26. Пародия жанрының қандай міндеті бар?
Төртінші бөлімде пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 Владимировцев А. Массовая информация: стратегия производства и тактика потребления. - М.: 1996.
2 Пришвин М. Соч. Т.4. - М.: Советский писатель. – С. 11-12.
3 Мұртазаев Ш. Не жетпейді? – Алматы: Жазушы, 1990.
4 Нұртазин.Т. Жазушы және өмір. – Алматы: Жазушы, 1960.
5 Журбина Е. Повесть с двумя сюжетами. – М.: Советский писатель.– 1974.
6 Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. – Алматы: Ғылым, 1991.
7 Белинский.В.Г.Полное собрание сочинений. – М.: Мысль, 1956. -318 С.
8 Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991.
9 Ыдырысов.Т. Очерк туралы ойлар. – Алматы: Қазақстан, 1969.
10 Поспелов.Г. Теория литературы. – М.: Мысль, 1940.
11 Ыдырысов.Т. Шеберлік бастауы. – Алматы: Мектеп, 1984.
12 Қазақ баспасөзі» бюллетені. №3. 1968.
13 Арыстанов Ж. Естен кетпес есімдер. – Алматы: Мектеп, 1972.
14 Қожакеев Т. Тегеурінді журналист // “Өркен” газеті, 1993 жыл, 2 қаңтар.
15 Әлмешов Ж. Нәзір Төреқұлұлы. - Алматы: Жеті жарғы, 1996.
16 Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Жетінші том. - Алматы: Жазушы, 1980.
17 М.Әуезовке 60 жыл. Алпыс жылға арналған мақалалар жинағы. – Алматы: Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасы, 1959.
18 Қабдолов З. Арна. – Алматы: Жазушы, 1988.
19 Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. – Алматы: Рауан, 1991.
20 Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. – Алматы: Жазушы, 1978.
21 Ысқақұлы Д. Әдебиет алыптары. – Астана: Фолиант, 2004.
22 Пришвин М. Соч. Т.4. - М: Советский писатель. - С. 11-13.
23 Овечкин В. Трудная весна. - М: Советский писатель. 1956. - С. 190.
24 Ыдырысов.Т. Очерк туралы ойлар. – Алматы: Қазақстан, 1969.
25 Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров. – Алматы: Ғылым, 1965.
26 Майлин Б. Ел сыры. – Алматы: Жазушы, 1994.
27 Аманжолов Қ. Прозалық және драмалық шығармалар. ІҮ том. – Алматы: Жазушы, 1980.
28 Қабдолов З. Адам. – Алматы: Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет. баспасы. 1964.
29 Әлімбаев М. Көргендерім көңілде. Деректі эссе-очерктер. – Алматы: Қайнар. 1992.
30 Нұршайықов Ә. Коммунист туралы сөз. – Алматы: Жазушы, 1982.
31 Сланов Ғ. Замана шежіресі. – Алматы: Қазақстан, 1970.
32 Нұрғалиев Р. Дән. – Алматы: Жалын, 1977.
33 Нұрғали Р. Айғақ. – Алматы: Ғылым, 2000.
34 Сейдімбек. А. Серпер. – Алматы: Жазушы, 1982.
35 Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. – Алматы: Білік, 1999.
36 Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. 13 том. – Алматы: Жазушы, 1978.
37 Сәбит Мұқанов туралы естеліктер. Құрастырғандар: Бекен Ыбрайымов, Құлбек Ергөбек. – Астана: Елорда, 2001.
38 Мұстафин Ғ. 5 том. Ой әуендері. (Әңгімелер, очерктер). – Алматы: Жазушы, 1984.
39 Ғабиден Мұстафин туралы естеліктер. Құрастырған: Ахат Жақсыбай. – Астана: Елорда, 2001.
40 Қаратаев М. Көргенім мен көңілдегім. – Алматы: Жалын, 1982.
41 Шаймерденов С. Ағалардың алақаны. – Алматы: Жазушы, 1990.
42 Әлімбаев М. Көңіл күнделігінен. - Алматы: Жалын, 1980.
43 Аупбаев Ж. Отқа тосылған от жүрек. – Алматы: Қазақстан, 1985.
44 Аупбаев Ж. Таңғажайып тағдырлар. – Алматы: Қазақстан, 1998.
45 Аупбаев Ж. Ғұмыр – дария. – Алматы: Санат, 1997.
46 Глушков Н.И. Очерк в русской литературе. – Ростов.: - Издательство Ростовского университета. 1966.
47 Хамзин М. Қазақ публицистикасы және Оралхан Бөкейдің көркемдік әлемі. «Жоғары оқу орындары жүйесінде журналист даярлау мәселелері». Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Қарағанды, 2004.
48 Бөкей О. Өнерге өлердей-ақ ғашық едім. – Алматы: Санат, 1995.
49 Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары. –Астана: Елорда, 2001.
50 Жұмабек С. Сын әуені. (Әдеби ой-толғаныстар). - Астана: Елорда, 2001.
51 Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат. – Алматы: Жазушы, 1996.
52 Кекілбаев Ә. Ұйқыдағы арудың оянуы. – Алматы: Қазақстан, 1979.
53 Майтанов Б. Лиризм – стильдік құбылыс. Көркемдік кілті – шеберлік. – Алматы: Ғылым, 1985.
54 Ерубаев С. Мәңгілік өмір. – Алматы: Жазушы, 1994.
55 Чернышевский Н.Г. Полн.соб.соч. В шестнадцати томах.– М.: 1978.
56 Алимжанов А. Дом на смену юрте.// Литературная газета. 1956. 6 марта.
57 Шарипов С. Рузи Иран. // Әдебиет майданы. 1935.
58 Нұрғали Р. Өнер алды-қызыл тіл. - Алматы: Мектеп, 1974.
59 Кенжебаев Б. Шындық және шеберлік. – Алматы: Жазушы, 1966.
60 Нұрқатов А. Мұхтар Әуезов творчествосы. - Алматы: Жазушы, 1965.
61 Ысқақұлы Д. Әдебиет алыптары. – Астана: Фолиант, 2004.
62 Мұқанов С. Саяхаттар. - Алматы: Жазушы, 1978.
63 Мүсірепов Ғ. Бес томдық шығармалар жинағы. І том. - Алматы: Жазушы, 1992.
64 Бисенова Ғ. Жомарт жүрек жылуы // Жалын, №3. 1987.
65 Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. – Алматы: Жазушы, 1970.
66 Гинзбург Л. О психологической прозе. – Л.: Советский писатель, 1971.
67 Пришвин М. Соч. Т.4., - Л.: Советский писатель. – С. 11-12.
68 Әбдіхалық. Ж. Шаруақор. // Егемен Қазақстан. № 217. 13 қыркүйек. 2003.
69 Әбдіхалық. Ж. Азаматтың жүгін арқалаған ару. // Егемен Қазақстан. № 265. 13 қараша. 2002.
70 Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. І том. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы. 1989.
71 Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы: Рауан, 1998.
72 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Қазақстан, 1999.
73 Валиханов.Ч.Ч. Том 1. – Алматы: 1961.
74Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралары. – Алматы: Рауан, 1991.
75 Бөкейхан Ә. Таңдамалы. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995.
76 Жүнісұлы А. Пәниден бақиға дейін. – Алматы: Жазушы, 2001.
77 Толыбаев Қ. Бабадан қалған бар байлық. – Алматы: Қазақстан, 2000.
78 Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке. – Алматы: Ғылым, 1973.
79 Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1969.
80 Бабалықов Ж., Тұрдыбаев А. Қырандар. – Алматы: Қайнар, 1978.
81 Ысқақов М. Халық календары. – Алматы: Қазақстан, 1980.
82 Әбішев Х. Аспан сыры. – Алматы: Қазақстан, 1966.
83 Қасиманов С. Қазақтың ұлттық тағамдары. – Алматы: Қайнар, 1977.
84 Арғынбаев Х.. Қазақтың мал шаруашылығы жайындағы этнографиялық очерк. – Алматы: Ғылым, 1969.
85 Сейдімбек. А. Аққыз. – Алматы: Жазушы, 1991.
86 Жақыпов Б. Мұхтар Әуезов – публицист. – Алматы: Ана тілі, 1997.
87 Ысқақұлы Д. Сын өнері. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2001.
88 Омашев Н. Радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі: Оқулық. – Астана, 2009.
89 Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. - Алматы: Ана тілі, 1998.
90 Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы: Санат, 1994.
91 Амандосов.Т. Публицистика дәуір үні. – Алматы: Қазақстан, 1974.
92 Ысқақов Д. Сын жанрлары. Алматы: Санат, 1999.
93 Кәкішев Т. Сын сапары. Алматы, 1971.
94 Багиров Э., Кацев И. Телевидение – XX век. М.: 1968.
95 Короткая литературная энциклопедия. 5-том. М.: 1968.
96 Щедрин С. Он томдық шығармалар жинағы. 10-том. М.: 1956.
91 Қожакеев Т. Сатиралық жанрлар. Алматы: Қазақстан, 1983.
«Журналистика жанрларының пішіндері мен функциясы»
пәні бойынша оқу бағдарламасы
Автор: ф.ғ.д., профессор М.Б.Шындалиева.
Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерге публицистика жанрлары мен пішіндері, ерекшелік сипаттары, жанрлардың пайда болу, дамуы, жанрлармен жұмыс істеу әдістері, публицистиканың қазіргі теориялық мәселелерімен таныстыру. Қазақстан БАҚ-дағы жанрлар құрылымы, түрлерімен жақын таныстырып, теориялық бiлiмдерiн ұштау. Публицистика жанрларының тілдік, стильдік ерекшелiктерiн тап басып тануға баулу, өмiрлiк материалды белгiлi бiр жанр бойынша ұрымтал жазу машығын қалыптастыру, журналистiк шеберлiктi шыңдау, жанрлық ерекшелiктердi сақтай отырып, журналистiк шеберлiктi дамыту мақсатын көздейді.
Пәнді оқытудың міндеті: публицистиканың даму ерекшеліктерімен таныстырып, оларды салыстыра байыптату, публицистика жанрлары мен пішіндерінің маңызды мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуге жол ашу, әр жанр мен пішіннің пайда болу, даму ерекшеліктерін ажыратып үйрету, әлемдік ақпараттық кеңістіктегі жанрлар туралы білуге, публицистика жанрлары мен пішіндерінің лексикалық-атаулық минимумдарын меңгеруге, студенттің өзі әр жанрда жақсы материал жазып дағдылануына, публицистика жанрлары мен пішіндерінің түрлері бойынша жинақталған білім мен тәжірибе дағдыларын өз тәжірибелерінде кеңінен пайдалана білуге міндеттейді.
Пәнді оқу барысында студент білуге тиісті жайлар мыналар:
Студенттер әр жанрдың ерекшелiктерiн, қоғамдық жағдайды суреттеудегi публицистің шеберлiгiн, журналистиканың қоғамдағы алатын орнына бағалауды үйренеді. Журналистика мамандығына даярланып жатқан студенттер жанр мен пішіннің көрінісін нақты мысалдардан таба білуге дағдыланады.
Оқыту барысында дәрістермен қатар тәжірибелік сабақтар қарастырылады, оларда БАҚ жүйесіндегі жанрлар мен пішіндердің ерекшелігін, ақпаратты беру тәсілдерін, БАҚ-та табысты жұмыс істеу принциптерін, әр жанрда талапқа сай материал жазуға, ақпаратты жинау, өңдеу және таратудың негіздерін меңгеруге көңіл бөлінеді.
Осы пәнге қатысты білім беретін сабақтас пәндер: журналистикаға кіріспе, журналистика негіздері, тележурналистика негіздері, радиожурналистика негіздері, әдеби редакциялау, публицистің шеберлік зертханасы, журналистік шеберлік, бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Бірінші бөлім. Публицистика жанрлары туралы түсінік.
Публицистиканың жанрлары мен пішіндерінің зерттелуі. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» кітабында публицистика-ның «көсем сөз» аталуы. Ежелгі жазба мұралардағы публіцистика-лық сарын. Ш.Уәлихановттың публицистикалық мұрасы. Публицис-тикалық шығармадағы өмірлік деректер мен құбылыстар. Публицисшілдік ұғымы. Публицистиканың жанрлық белгілері. Публицистикадағы «пішін» мен «жанр» ұғымы. Жанр таңдауды анықтайтын белгілер. Жанрлар мен пішіндердің түрлену себептері. Публицистикадағы автор позициясы. Қоғамдық-тарихи факторлар-дың жанр дамуына ықпалы. Жанрларға қысқаша түсінік.
Екінші бөлім. Публицистиканың ақпараттық жанрлары.
Ақпараттық жанр түрлері, төл сипаты. Ақпараттық жанрдың ерекшелігі - оқиғалығы, жеделдігі мен шынайылығы. Ақпараттық хабар мәтінінің ішкі құрылымы мен үйлесімі. Ақпаратқа қойылатын талаптар. Жеделдік, айқындылық, нақтылық, қысқалық, жүйелілік, объективтілік. Баспасөзде, телевизия мен радиода ақпаратты берудің ерекшеліктері мен айырмашылықтары. Хабар-ошар. Телерадиодағы ақпараттық бағдарлама түрлері. Репортаждың тілі мен стиліндегі екі бастама. Фоторепортаж. Репортаж – баспасөз, телевизиялық және радиожурналистикадағы жетекші және маңызды жанр. Телерепортаждың түрлері, өзіндік ерекшелігі. Комментарийі жоқ репортаж. Арнайы репортаж табиғаты. Есеп жанрының түрлері, жанрлық белгілері. Сөз сөйлеу композициясының негізгі талаптары, негізгі үш пішіні. Сөз сөйлеудің техникалық тәсілдері. Сұхбат жанрының түрлері. Баспасөз, радио, телесұхбат жанрынының ұқсастығы мен айырмашылығы. Журналистің сұхбаттағы басты қаруы. Сараптамалық радиосұхбаттың басты міндеті. Радиода сұхбатқа монтаж жасау әдіс-тәсілдері. Телевидениедегі проблемалық сұхбат. Экрандық сұхбат түрлері. Анкеталық сұхбаттың мақсат, міндеті. Тікелей эфирдегі сұхбат. Сұхбатты жүргізу техникасы.
Үшінші бөлім. Публицистиканың талдамалы жанрлары.
Талдамалы жанрдың басқа жанрлардан негізгі ерекшелігі. Комментарийдегі авторлық ұстаным. Телевизиялық комментарий табиғаты. Қазақ баспасөзінде хат жанрының бастауы. Қазіргі публицистикадағы эпистолярлық жанрдың орны. «Егемен Қазақстан» газетінде басылған Ш.Мұртаза мен К.Смайыловтың әңгіме-хаттарының мән-маңызы. Корреспондецияның негізгі түрлері. Радиодағы корреспонденция жанрының мақсаты мен міндеті. Телеэкрандағы корреспонденцияның толыққанды екі авторы. Мерзімді баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарына шолу. Шолу-диалог. Жалпы және тақырыптық шолудың өзіне тән белгілері. Мақаланың негізі. Газет публицистикасындағы мақаланың түрлері. Проблемалық мақаланың міндеті. Рецензия, рецензент. Рецензияның түрлері, өзіне тән ерекшелігі. Көркем әдебиеттің жеке шығармалары туралы рецензия. «Қазақ әдебиеті» газетіндегі рецензия жанры, рубрикалары. Телеәңгіменің құрылымы. Телеэкрандағы пікірталас-тың мақсаты. Пресс-конференция мақсаты. Журналистік зерттеудің басқа жанрлардан айырмашылығы. Журналистік зерттеуге тән белгілері. Журналистік зерттеудің мақсат-мүддесі. Сараптамалық жанрлардың ортақ белгілері. Журналистік талдау. Оқиға, құбылысқа қатысты жедел пікір білдіру. Талдау талдамалы жанр ретінде. Жедел және проблемалық талдаудың айырмашылықтары. Талдаудағы субъективтілік мәселесі.
Төртінші бөлім. Көркем-публицистикалық жанрлар.
Көркем-публицистикалық жанрлардың табиғаты. Суреттеме жанрында пайдаланылатын тәсілдер. Оқиғалық немесе репортаждық суреттеме. Теледидарлық суреттеме құрылымы. Қазақ публицистика-сындағы очерк түрлері. Қазақ журналистикасындағы публицис-тикалық очерктің орны. Оқиғалы очерк табиғаты. А.Сейдімбектің «Құлағында үні кетті сәбидің» оқиғалы очеркінің көркемдігі. Мемуарлық, лирика-философиялық очерктегі ойшылдық сарын мен сезім, сурет. М.Әуезовтің «Индия очерктері», «Америка әсерлері» қазақ әдебиетіндегі жол-сапар очерктерінің үздік үлгісі. Оралхан Бөкейдің «Өнерге өлердей-ақ ғашық едім» очерктер жинағындағы өнер мен өмірдің келелі мәселелері. Шерхан Мұртазаның жол-сапар очерктерінің жазылу стилі, пішіндік ерекшелігі. Сафуан Шаймерденовтің «Ағалардың алақаны» кітабындағы М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Б.Момышұлы есте қалған оқиғаларға құрылған мемуарлық очерктерінің көркемдігі. Портреттік очерктегі ішкі құрылым, ойды ықшам жеткізудің жолдары. Телеочерктің көркемдік күші мен ішкі мазмұны. Радиоочерктің құнды белгілері. Аннотацияға қойылатын негізгі талаптар, түрлері. Эссе жанрының шығармашылық портретке, әдеби портретке жанасуы. Телеэссенің тақырыптық, мағыналық, пішіндік, көркемдік, бейнелік мүмкіндік-тері. Қазақ публицистикасындағы сатира жанрының түрлері, оны зерттеуші ғалымдар еңбектері. «Қазақ әдебиеті» газетіндегі «Сатира стадионы», «Қалжың қалта» «Қожанасыр қоржыны», «Бүйенбайдың пұшпағы», «Тураби трибунасы» беттік әзіл бұрыштары. Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» жинағы. Эзоп, Лафонтен, Крылов мысалдарын аударудағы шеберлігі. Достық және сатиралық шарждардың қазіргі басылымдардағы көрінісі. Телевизия мен радиодағы сатиралық жанрлардың орны мен маңызы. Радиофелье-тонның жанр ретінде қалыптасуы. Теледидардағы фельетонның мақсаты мен сипаттамасы. Карикатураның сөздік және бейнелі түрі. Пародия жанрының мақсаты мен міндеті.
«Журналистика жанрларының пішіндері мен функциясы» пәнінен
практикалық сабақтың тақырыптары
1. Қазақ публицистикасындағы жанрлар мен пішіндерді зерттеуші ғалымдар еңбектерінің маңызы (Т.Амандосов, Т.Қожакеев, М.Барманқұлов, Н.Омашев, С.Байменше).
2. «Дала уалаяты газеті», «Айқап», «Қазақ» газеттеріндегі публицистика (Нақты авторлар мен мақалалар негізінде талдау жасау).
3. Хабар-ошардың төл сипаты, БАҚ-тағы орыны, тiлдiк-стильдiк ерекшелiктерi “Егемен Қазақстан” газеті мысалында.
4. Қазақ публицистикасының баспасөз бетінде қалыптасуы. «Түркістан уалаяты газеті» шығу тарихы мен тағлымы.
5. Алаш публицистерінің шығармашылық лабораториясы. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, С.Сәдуақасов публицистикасының өзектілігі.
6. Соғыс жылдарындағы публицистика. Әскери публицистика-ның өзіндік ерекшеліктері. Б.Бұлқышев, Қ.Аманжолов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Қайсенов, Б.Момышұлы шығармалары.
7. Нәзір Төреқұловтың шығармашылығындағы тарихи-әлеуметтік мәселелерге байланысты жазған публицистикалық шығармалары.
8. Публицистикадағы жанр тудырушы факторлар, мазмұндық-түрлік белгілері.
9. Ақпараттық, сараптамалық, көркем-публицистикалық жанрлар жүйесіндегі ұқсастық пен айырмашылық.
10. “Айқын” газетіндегі сұхбат, тақырып пен кейіпкер таңдау жолдары.
11. Хабар-ошарды тартымды, түсiнiктi, пәрмендi етiп берудiң жолдары.
12. Сұхбаттың жанрлық ерекшелiгі. («Егемен Қазақстан» ауызша талдау).
13. «Алаш айнасы» газетіндегі «Иә және жоқ» рубрикасының орны (Нақты материалдар негізінде талдау жасау).
14. Радиода жұмыс істеу ерекшеліктері. Публицистикалық сарындағы хабарларды жасаудың әдіс-тәсілдері.
15. Телепублицистің шығармашылық қызметінің ерекшеліктері.
16. Телевизиялық сұхбаттың құпиялары. Тікелей эфирдегі сұхбат және кейіпкер таңдаудың маңызы.
17. Хаттамалық, ақпараттық, портреттік, проблемалық сұхбат түрлері.
18. Публицистикадағы көркемдік тәсілдердің қызметі. Диалог. Пейзаж. Теңеу, метафора, кейіптеу, эпитет, троп, фигура т.б
19. Комментарий. Жанр ерекшелiгiн нақты мысалдар арқылы саралау.
20. «Егемен Қазақстан» газетінде оқырман хаттарының жариялануы (талдау).
21. «Қазақ әдебиеті» газетіндегі ұжымдық хаттардың орны (Нақты материалдар негізінде тақырыптық, идеялық, саясаттық маңызын ашып көрсет).
22. К.Смайыловтың шығармашылық лабораториясы. Журналистиканың эпистолярлық жанрына қосқан үлесі.
23. Коррепонденция. Жанр ерекшелiгiн нақты мысалдар арқылы саралау.
24. Талдамалы жанр. Коррепонденция. Тақырып таңдау жолдары.
25. Қазіргі басылымдардағы шолудың мәні мен маңызы.
26. Шолудың саяси, экономикалық, спорт, ауылшаруашылық, мәдени түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы мен публицистикадағы орны.
27. «Қазақстан» телеарнасындағы спорт шолушыларының шығармашылығы (Нақты бір шолушысының спорт хабарларын берудегі ерекшелігі мен артықшылығына тоқталу).
28. Телеарналардағы талдамалы жанрлардың көрінісі. («КТК» арнасындағы «Апталық портрет» сараптамалық бағдарламасына нақты мысалдар негізінде талдау жасау).
29. Мақала және оның түрлері. Проблемалық, ғылыми, полемикалық, мақаланың бір-бірінен айырмашылығы.
30. Проблемалық мақала. Жанрдың төл сипаты. Автордың бiлiм өресi.
31. “Егемен Қазақстан” газетіндегі бас мақаланың берілу әдіс-тәсілдері.
32. «Астана ақшамы» газетіндегі сараптамалық жанр түрлерін тап (Нақты мақалалар негізінде талдау жасау).
33. «Нұр Астана» газетінде жастар мәселесінің көтерілуі мен жазылуы (Белсенді студент-жастар мақалаларын талдау).
34. Бас мақала. Оны жазу тәсілдері мен маңызы. «Жас Алаш» газетіне шығып жүрген бас мақалалардың сипаты.
35. Рецензия. Жанрдың төл сипаты. Әдеби рецензияның негізгі белгілері.
36. Рецензияның түрлері. Әдеби, ғылыми, театр, кино рецензиясы.
37. Журналистік зерттеудің мақсаты мен міндеті. Жанрдағы автор көзқарасы.
38. Очерк. Суреттеме. Суреттеме очерк.
39. Көркем-публицистикалық жанр түрлері. Публицистика жанрларының әдеби және публицистикалық негіздері.
40. Телеочерк. («Хабар», «Қазақстан» телеарналары материал-дары негiзiнде жанрдың төл сипаттарын зерделеу).
41. Сауытбек Абдрахманов эсселері мен очерктерінің тақырыбы мен тың ізденістері (Нақты туындылары негізінде талдау жаса).
42. Ш.Мұртаза – публицист, редактор. Шығармашылық лаборато-риясының ерекшеліктері.
43. «Қазақ әдебиеті» газетінің соңғы бетінің рубрикасы мен көтеретін мәселелері туралы әңгімеле.
44. Тележурналистің шығармашылық қызметінің ерекшеліктері. Серік Абас-Шахтың авторлық жобаларының мән-маңызы.
45. Жол-сапар очеркі. Жанрдың тiл-стилi. Қазіргі жол-сапар очерктерінің «Егемен Қазақстан» газетіндегі көрінісі.
46. Сафуан Шаймерденовтің «Ағалардың алақаны» кітабында М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Б.Момышұлы тағы басқа ақын-жазушылар туралы есте қалған оқиғаларға құрылған мемуарлық көркем очерктері.
47. А.Сейдімбектің очерктерінің журналистикадағы орны. Оқиғалы, этнографиялық очерк жазудағы шеберлігі.
48. Фельетон. Памфлет. Саяси-әлеуметтiк мәселелердi саралау ерекшелiктерi.
Курстық жобалардың тақырыптары
Публицистиканың қоғам дамуына ықпалы.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жанрдың қызметі.
Қазақ баспасөзіндегі публицистиканың орны мен рөлі.
Радиожурналистика жанрлары мен пішіндері.
Тележурналистика жанрлары мен пішіндері.
Радиожурналистиканың бейнелеуші құралдары.
Журналистика жанрларына арналған теориялық еңбектердің маңызы.
Қазіргі сұхбат жанрының көркемдік арнасы («Егемен Қазақстан»).
Қазақ очерктеріндегі портрет жасау шеберлігі (М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин шығармалары негізінде).
Жанрлардың тіл мен стиль ерекшелігі (Қазақ газеттері негізінде).
Радиожурналист пен тележурналистің жұмыс істеу дағдысы, ұқсастығы мен айырмашылығы.
Теледидарда тікелей эфирде жұмыс істеу табиғаты («Таңшолпан» бағдарламасы мысалында).
Теледидарда жаңалықтарды ұйымдастыру ерекшеліктері («Хабар» телеарнасы бойынша).
Көркем-публицистикалық жанрлардағы шығармашылық ізденістер.
Қазіргі баспасөздегі эпистолярлық жанрдың мүмкіндіктері.
Қазіргі БАҚ-тағы өзекті мәселелер.
Ұлттық кино өнері және баспасөз.
Баспасөздегі сынның көркемдік арнасы («Ана тілі», «Түркістан» газеттері).
Рецензия жанрының қазіргі үлгілері («Қазақ әдебиеті»).
Театр сынының баспасөздегі көрінісі.
Телерадиоочеркте кейіпкер бейнесін сомдау.
Эссе жанрының публицистикадағы орны (Б.Омаровтың «Он бірінші қаламұш» кітабы бойынша).
БАҚ-тағы журналистік зерттеудің қазақстандық іс-тәжірибесі.
Ұлттық идеяны қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлі («А.Сейдімбектің мақалалары»).
Ақпарат агенттіктеріндегі хабар-ошарды беру тәсілдері («ҚазАқпарат» агенттігі).
Хабар-ошардың (заметка) төл сипаты, публицистикадағы орны, тiлдiк-стильдiк ерекшелiктерi.
Репортаждың ұшқырлығы, жаңалықты жедел жеткiзгiштiк сипаттары.
Телесұхбатты жазу тәсiлдерi. Тiл-стилi. Негізгі үлгi-түрлерi. Телесұхбаттың өзіне тән ерекшелігі.
Публицистикалық мақаланың пәрмендiлiгi, әрекетшiлдiгi, жұмылдырғыштығы.
Репортаж. Тікелей репортаж. Дерек, сурет, оқиға үйлесімі.
Мысал. Пародия. Шарж. Эпиграмма. Осы жанрлардың төл сипатын анықта. Сатира жанрларын зерттеуші Т.Қожакеев еңбектерінің маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |