Мінездеме
Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік медицина колледжінің ІҮ медбике ісі 3 тобының білім алушысы Тұрсынқанова Қалнұр Нұрланқызы 23.03.2022-14.04.2022 уақыт аралығында «Медициналық шұғыл көмек» пәнінен кәсіптік оқу-өндірістік тәжірибесін «ШЖҚ КМК Семей қаласының №1 емханасынан» өтті. Тәжірибе бағдарламасын жақсы меңгере білді,яғни бағдарламаға сай кәсіптік оқу-өндірістік тәжірибесі барысында жұмысқа жақсы ынта көрсетті.Емхана ішіндегі тәртіпті,техникалық қауіпсіздік ережелерін жақсы сақтай білді, науқастарға мейірімділікпен көмек көрсетіп,жақсы қарым қатынас орната білді. АЛО,КМИС,ИС ВАКЦИНАЦИЯ порталдарымен жұмыс жасауды меңгере білді.Дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету шараларын меңгерді. Дәрігер мен мейіргерлермен жақсы тіл табыса алады. Теориялық біліммен тәжрибелік дағдыларды оқу бағдарламасы бойынша жақсы меңгерді.
«ШЖҚ КМК Семей қаласының №1 емханасы»
ментор: Ғ.М.Елемисова.
Достарыңызбен бөлісу: |