«Мәдениет және өнер» институтының директоры


ГЛОССАРИЙ Қолданбалы графика



жүктеу 394,5 Kb.
бет4/4
Дата27.01.2020
өлшемі394,5 Kb.
#27471
1   2   3   4



ГЛОССАРИЙ
Қолданбалы графика пәні бойынша глоссарий

Локальді түс-фр.Local (жергілікті)заттың не түсін бейнелейді:

-жасыл шөп, қызыл қызанақ, сары лимон,т.с.с.



Колорит- лат. Color (түс) –түстің байлығы, әркелкілігі және қаныққандығы.

Локальді түс –фр. (жергілікті) заттың не түсін бейнелейді:-жасыл шөп, қызыл қызанақ, сары лимон , т.с.с.

Акварель-лат. (су)-суда еритін бояулармен орындалған живопись.

Техника лессировка – бір боялған жерге жаңа бояу қабатын жағы.

Техника алла прима-түстер қатынасы толық күшін алады.

Перспектива-заттармен образдың кеңістікте бейнелену заңдылықтары.

Шағылысу (рефлекс)-заттық көлеңке бөлікте немесе керісінше жарық түсіп тұрған жазықтықта бейнеленуі.

Блик-заттың үстіндегі ең жарық жері.

Контрастті түстер-Түстік шеңберде бір-біріне қарама қарсы орналасқан түстер.

Композиция-көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі.

Алла прима-(бірден), шығарма немесе оның фрагментін бояуын кептермейшапшаң жағыстармен бір дүркін жазып шығатын тәсіл. Бұл тәсілмен жұмыс істейтін суретші бояулау кебетін бояуды таңдап алады.

Аппликация-(бастырма)

Архитектонника- (құрылыс өнері) . Архитектура,дизайн,мүсіндік шығармалардағы жүйенің,мөлшер –шамасының жарасымдылығы , ауырлық пен тірек қатынасының конструктивті шешімі. Бейнелеу өнері шығармаларындағы композиция, колорит, пропорция шешімдерінің көркемдік құрылымы.

Архитектура-Сәулет өнері.

Гризайль-күнгірт бояу бір түспен әр түрлі тоңдық қатынастарды орындалатын сәндік живописьтің түрі.

Грунт-Астарлық.

Дизайн- заттардың көркем конструкциясын, заттық ортаның біртұтас рациональды құрылуын білдіретін термин, көркемдік жобалау жұмысының бір түрі.

Диорема-Понарама.

Дизайн- (ағыл. Design-жобалау, сызу) –заттардың көркем конструкциясын, заттық ортаның біртүтас рационалды құрылуын білдіретін термин, көркемдік жобалау жұмысының бір түрі.


5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
Дәріс 1.

Тақырып: «Графика»

Дәріс мақсаты: Студенттердің көркемдік талғамдарын ояту

Кілт сөздері: Сурет живопистьтік шығарманың негізі болып табылады.

Негізгі сұрақтар:

  1. «Графика» пәнінің көркемсурет және педагогикалық салада маман дайындауда атқаратын міндеттері.

  2. Үшөлшемділік, көлем, пішін

  3. Графикадағы реннің атқаратын ролі.

  4. «Көру бұрышы», «көру нүктесі», «көкжиек сызығы», «зат жазықтығы», «картина жазықтығы», т.б. сызықтық перспектива заңдылықтары мен негізгі түсінігі.

  5. Гармония пластика заңдылықтары.

  6. Сызықтық және ауа перспективасының негізгі заңдылықтары.

  7. Тұтастық рен шешім.



Графика (гректің graphike, grapho сурет салу, жазамын) – бейнелеу өнерінің бір жаныры, сурет және данасын көп етіп бастаны көркем суретті бейнелер (гравюра, литография, монотопия т.б.) арқылы жасалады. Графика сурет өнерінен негізделеді, бірақ бейнелеудің басқа түрлерінен - өзіндік бейнелеу құралдары мен стилистикалық мүмкіндіктері арқылы ерекшеленеді. Графикада кескіндеме жанырындағыдай акварель, гуашь қоладыналыд. Графика станоктық элюстрация (суцреттік қолданбалы бейнелеу өнеріне жататын түрі) және эстамп пен лубок кітаби, газет, журналдық, кітап басылымдарын безендіру, өнеркәсіп графикасы ( пошта маркалады, эксилибристер) және плакаттық болып төрт салаға бөлінеді. (Қазақ ССР 4 –томдық қосымша энциклопедия.Алматы- 1989. (201 бет)).

Көркем творчестваның өз алдына және саласы саналатын сурет және оын көбейту түрлері жатады: бейне қарындашпен, көмірмен, бормен, қамаұшпен тікелей қағазға түсіріледі, немесе арнайы өндірілген тақталарға (гравюра) яки тасқа (литогравюра) баспалық механикалық әдіс арқылы көбейтіледі.

Бейнелеу құралдарымен қарапайымдылығымен әрі көп тиражбен шығаруға ыңғайлығымен графика бұқаралық үгіт насихат саласында (плакатта, кітап пен газет-журналда) әдіби шығрмаларға элюстрация жасау үшін, әр түрлі тақырыпқа корикатура, шарж жалпы нобай, композициялық эскиздер салу үшін т.б. заттарды көркемдеу үшін кеңінен қолданылады.

Графика өнерінің туындыларын тек көрмелерде ғана емес, күнделікті тұрмыста да жиі ұшырастырамыз. Мәселен, біреуді мерекемен құттықтағымыз келсе қатырма ашық хат пен оған жапсыратын марка сатып аламыз. Ашық хат та, марка да суретшінің қолынан шыққан. Және де әр алуан қораптардың, пакеттер мен шыны сауыттардың сыртындағы алабажақ, жапсырынды қағаздарға, жарлықтарға назар аудара да бермейміз. Шынын айта келгенде олар да суретшілердің туындылары. Міне, осының бәрі қолданбалы графикаға жатады.

Қолданбалы графиканың көп ғасырлық тарихы бар. Оның дамуы әсіресе кітап басу ісіндегі, суретті журнал, альбомдар шығарудағы жұмыстары игі әсер етті. Батыс еуропаның әйгілі суретші-шеберлері Леонардо да Винчи, Микеланжело, Ремьранд, орыстың Кипренский, Брюлов, Перов, Репан сияақты ұлы суретшілері әлемдік бейнелеу өнері қазынасына өшпеш графикалық шығармалар қалдырды.
Ә.Қастеев (01.11.1904 ж., Талдықорған облысы, Жаркент, қазіргі Панфилов – 02.11.1973 ж., Алматы) кескіндемеші-график, Қазақ Совет бейнелеу өнерінің негізін салуышларының бірі, Қаз.ССР халық суретшісі (1944 ж.) Қаз.ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1942 ж.). 1949 ж. КПСС мүшесі. 1929-1936 ж. Алматыда (Н.Г.Хиудовтан) және Мәскеуде (И.И.Бродскийден) көркем сурет студьясында оқыды. 1945-1956 ж. Қаз.ССР суретшілер одағы басқармасының төрағасы.

Ол-Республиканың халық суретшісі 30-шы жылдардағы маңызды ұлттық шғырмашылық иесі. Ол шебер, атақты суретші атанбастан бұрын қиын жылдардан, кедір-бұдырдан өтті.

Оның туындылары Қазақстанның ұлттық өнерінің маңызды ұлттық өнерінің негізіне айналды. 1931 жылы алғаш рет суретшілердің, «Социалистік құрылысы бейнелеуі бойынша» деген көшпелі көрмеге қатысты, оның «Мектепке», «Автопортрет», «Қарымдасымның портреті» (1930 ж.), «Көгілдір көйлекті қыз» (1931 ж.) және басқа да портреттік тундылары көркем шеберліктің үлгісі, әрі олар бейнеленген қаһармандарының жан дүниесіне терең бойлай білуінің айғағы. 1937 жылдан табиғатты бейнелеу жанрында жемісті еңбек етті. Бірқатар шығармаларында қала болмысы («Мәскеуде», «Тау көрінісі» т.б.) бейнеленді. Туған жерге деген махаббаты «Жайлауда» (1938ж.), «Үй жанында» (1940ж.), «Күзгі табиғат» (1942 ж.), «Айдынды мұз» (1952 ж.), «Биік таудағы мұз айдыны» (1954 ж.), «Гүлденген алма ағашы», «Қыс» (1958 ж.), «суретші шеберханасында» (1962 ж.) деген туындыларынан анық байқалады. «Түркісіб» (1932 ж.) «Егін орағы» (1934 ж.), «Колхоз тойы» (1937 ж.), «Жаңа мен ескі тұрмыс» (1937-1941 ж.), триптихтарында революцияға дейінгі қазақ ауылының өмірі және совет өкіметі тұсындағы өсіп-өркендеуі шынайы бейнеленді. Ә.Қастеев Азамат соғысы тақырыбына арнап «Қазақстан Қызыл Армия ұйымдастыру» (1940 ж.), «Амангелді сарбаздары» (1970 ж.) сияқты картиналар салды. «Жайлаудағы автодүкен» (1963 ж.), «Қапшағай ГЭС-і» (1972 ж.) монументті плакаттар, ғылымдар мен мәдениет қайраткерлерінің портретін (Н.Сауранбаев, 1943; «Сәби Мұқанов», 1945 ж.), «Советтік Қазақстан», «Қазақстан жерінде», «Тың туралы», «Бесжылдық құрылыстары», «Қазақстан байлығы» (1950-1960 ж.) сияқты акварельдік сериялардың авторы. Ә.Қастеев қаламынан туған мыңдаған картина, акварель, суреттер Республиканың бейнелеу өнеріндегі жылнамасы іспетті. 4-5 сайлау Қаз.ССР Жоғарғы Советінің депутаты. Октябрь Революциясы, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған. Шымкент қаласындағы өнер училищесі (1971 ж.), Қаз.ССР Мемлекет өнер музейі (1983 ж.) халық суретшісі Қастеев атымен аталады.

Графика арқылы келген пейзаж – республиканың бейнелеу өнерінің басты жетістіктерінің бірі. Әсіресе пейзажды Қазақстанның табиғаты кең көлемде қамтылған.

А.Дочкин графикасын суретші-лирик деп атауға болады. Оның туындыларында лирикалық құбылыс, жеңіл әрі кең суреттелген. Соның астарында суретші ұлы комунизм құрылысын сипаттаған.

Қазақстанның жаңашыл пейзажында А.Дочкин жаңа мазмұн лирика мен поэзия, еңбек романтикасын көрсетеді. Оның жұмыстарына қазақ даласындағы жаңа нақыштарды көруге болады. А.Дочкин гравюрдің әр түрлі техникасын меңгерген, сондықтан тар тақырыптар аясында қалып қоймаған. Ол алуан түрлі сюжеттерді қамтиді, оны біздің бай мүмкіндігіміз бей-жай қалдыра алмайды.

Бейнелеу өнерінің көптеген жанрында қызмет ететін Сахи Романов қазақтың халық ертегілеріне қызықты иллюстрациялар жасаған. Ш.Кежебаевтың «Менің ауылымның адамдары» түсті линогравюралар сериясы республикалық көрмеде ерекше көзге түсті. Бұл сериясы көрермендерді қызықтырды. Суретші жаңа ауыл өмірінің әдемілігін көресете білген. Суретші-графикалық бейнелеу өнерінің тілінде ауыл қазақтарының өнерін суреттеген.

Сидоркин Евгений Матвеевич. (07.05.1930 ж., Киров облысы, Лебяжье с. – 03.09.1982 ж., Алматы) – Совет-график суретшісі. Қаз.ССР-інің халық суретшісі (1980 ж.). 1965 ж.Қаз.ССР Ригида Көркем сурет академиясында оқыды, 1957 ж. ленинградтың кескіндеме, мүсін және архитектура институтын бітірді. 1937 жылы Алматыда жұмыс істеді. С.Михалковтың мысалдарына арналған автолиторграфиялар топтамасын жасады. Сидоркин бұл еңбектерімен өзінің қолтаңбасы бар график екенін аңғартты. Суретшінің қазақ халық ертегілеріне арналған «Көңілді адампаздар» (1958 ж.), «Қазақ эпосы» (1959 ж.) атты иллюстрациялары оның есімін кеңінен таратты. 1963 ж. «Қазақтың ұлттық ойындары» атты автолитографияларының үлкен топтамасын, ал 1964 ж. «С.Сейфуллинді оқығанда» деп аталатын топтамасын жасады. Қазақ халқының тіршілік болмысына, оның ішкі сыр сипатына терең бойлаған бұл топтама суреттері 1965 ж. Лейпцигтегі көрмеде алтын медаль алды.Сидоркин монументі – сәндік өнері саласында да еңбек етті, мұнда әсіресе монументісіне арнап көп қабатты түрлі-түсті ографитто композициясын жасады. Суретші О.Богомоловпен бірге балалар театры фронтонның мозайкалық үлкен панносын жасады.Кенжебаев Шыңғыс Бисенбайұлы. (04.08.1927 ж. туған. Қызылорда) – Совет грфигу, плакатшы, монументті-сәнөнер шебері. Ұлы Отан соғысына өатысқан. Алматы көркем сурет училищесін (1954 ж.), Мәскеудегі В.И.суринов атындағы көркем сурет институтын бітірген (1960 ж.). Кенжебаевтің елеулі шығармалары қатарына - бейнелерінің лирикалық нәзіктігінен, бояуларының қанық үйлесімімен ерекшеленетін «Біздің ауылдың адамдары» атты түрлі-түсті линогравюралар сериясы (1959-1963 ж.) жатады. Кенжебаевтің «Қаңылтыр прокаттанушылар» (1960 ж.), «Ыстық көл», «Қысқы кеш» (1962 ж.), «Менің аспаным» (Триптих, 1964 ж.), «Алғашқы ән» (1965 ж.), «Д.Нүрпеисованың портреті» (1967 ж.) сияқты түрлі-түсті линогравюралары Қаз.ССР мемлекет өнер музейінде сақтаулы. Плакат саласында да өнімді еңюек етті. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен наградталған.

Шетел график-суретшілерінің көркем творчествосына қысқаша тоқталу.

Станокты графика қайта өрлеу дәуірінен бастап тарады. Ол көнеден бері бейнелеу өнерінің дәстүрлі жанрлары, тематикалық, композицияға (Германияда А.Дюрердің, Францияда Ш.Клонның, Голландияда Рембрандтың, Германияда К.Колзбицтің гравюралы, Францияда Э.Делакураның литографиялары, Ресейде И.Е.Репиннің суреттеріне) портретке (Францияда Ф.Клунның, Д.Эгрдің суреттері, Ресейде Н.И.Уткиннің гравюралары, Г.С.Верейскийдің литографияларына) пейзажға (Жапон Хакусаянаның, Кеңес суретшісі А.П.Остроумов-лебедевтің гравюралары, П.В.Митуричанның, Н.Н.Купреянованың суреттеріне) натюрмортқа (Ресейде М.А.Брубельдің, Францияда А.Матиссаның суреттеріне және Д.И.Митрокиннің гравюрасына) көңіл аударды.Көне заманда графикалық белгіге сай әріптер, шрифт пайда болды. Кітап графикасы (Англияда У.Моррис, СССР-де В.А.Фараоский, Е.Е.Лаксуе, В.В.Лебедев, С.М.Пожарский, С.Б.Теменгатер, ГДР-де В.Клемте) иллюстарция, шрифт суретін, жалпы кітап құрылымымен безендірулер кірді. Графикалық ең жас саласы плакат. Бұл саласы театр мен сауда жарнамасында (Ш.Шире, А.Тулус-Лотрена афишалары кейін СССР-де Д.С.Моррдың, В.В.Маяковскийдің, А.А.Дейнекидің, Польшада Т.Гарапковскийдің плакаттары) саясатты насихаттау міндетін атқаруға кірісті. Суреттен басқа плакатта кітап пен журналдардағы фото монтаж (Германияда Д.Ж.Хортфельдің, СССР-де Г.Г.Куцисанның жұмыстары) қолданылды. Қолданбалы және өндірістік графиканың (СССР-де Н.М.Лисицкий, А.М.Родченко) заттарды безендіруде (пошталық маркалар, экслиблситер, тауар белгілері, этикеткалар т.б.) кең айналым функцияда өсті.Қазіргі заманда графиканың әрі қарай дамуына байланысты графика өнерінің әлі талай жаңа түрлерінің дүниеге келуіне көптеген мүмкіндіктер жасалуда.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Ордабеков Т.Канленов М. Найманов Б. Линогравюра методикалық оқу құралы Алматы: -2001ж. -17 бет.

2. Тәңірбергенов М.Ж. Гравюрлеу:(Көркемсурет-графика факультетінің студенттеріне арналған оқу құралы)Алматы:«ИздатМаркет».-2006.-88 бет.

3. Герчук Ю.Я. История графика искусства книги: Учебные пасобые для студентов вузов.-М.2000.-320с.

4. Саракулова Г. Графика Казахстана.-Алма-ата: Наука, 1967.-166с.-Илл

5. Нурмухаммедов Н. Графика Казахской ССР.-Алматы-Ата:Жалын,1978.-127с.-Илл

6. «Школа изобразительного искусства» издат,акад,худож,ссср.-Москва: 1963г.236стр.

7. Павлов Н. Маторин М. Техника гравюра на дереве и

линолеум.- М.1952г.



8. Кувтун Е.Ф. «Что такое эстамп» «художник РСФСР»-Л, 1963г.

В.Турова «Что такое гравюра» издат.изо-е искусство –М,1977г.

9. Бисти Д.-графика изд. «советский художник» -М, 1978г.

10. Леонтьева Г.К. Дорогой пойска - Л -М, 1965г.

11.Воренова В.Т. Кусисина Х. « Графика искусство» -М. 1975г.

12. Барчай. Е.Анатомия для художников. Будапешт. 1982ж

13. С.В.Шорохов. « Композиция негіздері»

14. Сост. Н.Н.Ростовцев. Рисунок, живопись, композиция.

Хрестоматия. (уч. Пособие для студентов) . М., просвещение, 1989г.



15. Беда.Г.В. Бейнелеу сауаты негіздері. сурет, кескіндеме,

композиция 2-ші бас. М.; Просвещение. 1981г.



6. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырып

Практикалық жұмыс мазмұны

Апта

Әдебиет

1

2.

3.



4.

5 семестр

Кітаптық графика.

Кітаптың сыртқы түрін безендіру

6 семестр

Кітаптың ішкі түрін безендіру

Балаларға арналған кітаптар



сызықтар ерекшеліктерін беру

а) композициялық орналастыру;

ә) конструктивті құрылысы;

б) сызықтық перспектива заңдары ескерілген құрылысы;

в) өңдік қатынас жарық көлеңке қатынастары;

г) үлкен жазықтықты өң арқылы шығару;

д) пішіннің жарық көлеңкелік моделировкасы;

ж) жинақтау, қорытындылау.



Берілген үлгіде көшірме жасау.


а) композициялық орналастыру;

ә) конструктивті құрылысы;

б) сызықтық перспектива заңдары ескерілген құрылысы;

в) өң туралы ұғым, өңдік қатынас жарық көлеңке қатынастары;

г) үлкен жазықтықты өң арқылы шығару;

д) пішіннің жарық көлеңкелік моделировкасы;

е) жинақтау, қорытындылау.

Берілген үлгіде көшірме жасау.


а)композициялық ойлау;

ә) конструктивті құрылысы;

б) түстік байланыс

в)колориттік байланыс

г) түс пен өң туралы ұғым, өңдік қатынас жарық көлеңке қатынастары;

ғ) материалын беру,жинақтау




Иллюстрацияларды қарастыру.


а)композициялық ойлау;

ә) конструктивті құрылысы;

б) рендік байланыс

өң туралы ұғым, өңдік қатынас жарық көлеңке қатынастары;

в) материалын беру,жинақтау


1-7

8-15

1-7

8-15


(17) беттері

3-26


(18) беттері

3-24


(7) беттері 208-211
(6)
(14)
(11)
(17) беттері

3-26


(18) беттері

3-24


(7) беттері 208-211
(6)
(14)
(11)

(17)
(18)

(7)
(6)

(14)
(11)

(17)
(5)
(7)




7. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемілік нұсқаулар

Бейнелеу өнері мамандығында оқитын студенттердің сурет салып үйренулерінің тиімді жолына – нұсқадан қарап кескіндеме жазу әдістемесі жатады.

Станокты графиканың түпкі мақсаты – студентті кәсіпқой шығармашылық қызметке дайындау. Міндеті – студенттердің эстетикалық талғамдарын қалыптастыру теориялық, практикалық қабілеттерін дамыту, композициялық – шығармашылық қызметтерін арттыру. Осы мәселелерді тиімді шешу үшін төмендегі үш қызметке баса назар аудару қажет:

- аудиториялық жұмыс;

- оқытушылардың жетекшілігімен өтетін студенттердің өздік жұмысы;

- өздік жұмыс немесе үй жұмысы.
Бұл үш түрлі жұмыстар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыру принципін атқарады. Сурет сабағында нұсқадан қарап сурет салу, сонымен қатар арнайы тақырыптарға дәрістер оқылады. Аудиториялық және өздік жұмыстары оқытушылардың қадағалауымен жүргізіледі.

Оқу жұмысын төменгідей топтарға бөлуге болады:

- нұсқадан сурет салу, нобай, жылдам салынатын долбарлар, ұзақ мерізімге арналған жұмыстар;

- ой арқылы, еске түсіру арқылы, қиял арқылы салынған жұмыстар;

- композициялық түрдегі жұмыстар – сюжетті іздеу барысындағы ізденіс нобай – долбарлар. Бұған белгілі тақырыпты ашу барысындағы, идеялық – образдық шешімге келу жолындағы ізденістер, пластикалық құрылымды іздеу барысындағы жасалған жұмыстар жатады.

Бұл айтылған жұмыстар жанрдың қай түрі болмасын (натюрморт, портрет, пейзаж, т.б.), сурет техникасының қандайы болмасын арнайы аудиторияда немесе аудиториядан тыс жерлерде де қолданыла беріледі.



Студенттердің өздік жұмысы - әр-түрлі бағытта дамуы мүмкін, яғни, нұсқа арқылы әр-түрлі кескіндеме жазу, композициялық ізденіс, әр-түрлі жарстар көрмелеріне қатысу, әр-түрлі техникада өз күшін, ептілігін байқап көру, т.б. Бұлар жиналып кескіндеме өнерінен студенттердің шеберлігін, икемділігін арттырады.

Ұзақ мерзімге арналған қойылымдардың орындалу жолын екі кезеңнен қарастырған дұрыс: оның алғашқысы – дайындық, екіншісі – орындалуы. Бірінші кезең мына қызметтерді қамтиды. Оқытушының студентке қойар талабы: нұсқаны көзбен талдау жасау, графикалық, түрлі нобайлар жасау, қағаз бетіне орналастыру, құрастыру, композициялық шешімін табу, формат көлемін анықтау, өңдік байланысын табу, нұсқаның күрделі тұстарын зерттеу, т.б. Сонымен қатар дайындық кезеңінде нұсқаның кенеп бетіндегі (графикалық бейнесі) бейнесіде жатады.



Оқытушының жетекшілігімен өткізілетін - дайындық кезеңіндегі жұмыстарға атүсті қарамаған абзал, себебі жұмыстың жақсы шығуы осы қызметке де тығыз байланысты. Орындалу кезеңінде кескіндемелік бейне, көлем, материалдардың бір-бірімен байланысы, жарық мөлшері, тұтастық заңдылығын сақтау, материалдық образды, бейнені шығару жолдары рет-ретімен жүргізіледі.

Кескіндеме жазғанда неден бастау керек және де неден бастап жазу керек деген заңды сұрақ туады. Бұл жөнінде көптеген оқулықтарда түрлі әдістеме, әр-түрлі тәсілдер айтылады. Біреулері көлеңкелі жерлерден жазған дұрыс десе, енді біреулері ашық, жарық жерден бастаған абзал деген пікірде, үшіншісі кереғар тұстарды көрсеткен дұрыс дейді. Мүмкін, әдістемелік тұрғылан бұл пікірлер дұрыс та болар. Дегенмен жазғанда алдымен жалпы рең, өңді ұстауға ұмтылу керек, денелердің гармониялық байланысынан бастаған жөн. Мейлі ол композициялық пластикалық ізденіс, мейлі жеке дене формасы болсын, нұсқадағы жалпы реңдік қатынасты бірден таппай, кіші бөлшектерге көшуге болмайды. Тіпті кейде кіші бөлшектерді салу процессідеде үлкен масса, үлкен ауқымға да жиі-жиі оралып отырған жөн. Бұл әрине, қиынға соғуы ықтимал, дегенмен тұтас көру, тұтас салу суреттің басты заңдылықтарының бірі. Кескіндеме жазғанда осыларды ескерген дұрыс.


8. ТИПТІК ЕСЕПТЕУ, ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС, КУРСТЫҚ ЖОБА ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -



9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

  1. Бет бейне нобайлары.

  2. Портреттік бас

  3. Шарждар, нобайлар салу.

  4. Пейзаж салу.

  5. Адам бейнесін жұмсақ линографюрамен орындау:

  6. Әйел, ер адам портретін салу.

  7. Адам бейнесін табиғат аясында литографияда орындау.



10.ОҚУ ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМАЛДЫ САРАМАНДЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -- - - - - - - -- - -


11. СТУДЕНТТІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ
Әр семестрден кейін студенттердің білімдерін бағалау:

Оқыту негізінен практикалық жұмыс түрінде жүріп, оқу материалдарының мазмұны, үйренген, алған білімдері сол арқылы көрініс табатындықтан емтихан көрме түрінде (выставление) өтеді.

Студенттердің алған білімдері жекелеген семестрлік тапсырмалар, үй тапсырмалары, т.б. сол көрмеге қойылып, оны кафедра оқытушыларынан құралған комиссия бағалайды.

Емтихан көрмесіне қойылатын негізгі жұмыстарға, соңғы орындалған аудиториялық жұмыс талапқа сай безендіріліп , күнделікті этюдтер, нобайлар, нұсқадан, қиялы бойынша да салынған кескіндемелік жұмыстар қойылады (үй тапсырмаларын майлы бояу, жұмсақ материалдар, сангинамен орындауға болады).

Бұндағы қойылатын негізгі талаптарға:

- үйлестіру, орналастыру жағдайын – сәйкестік заңдылықтарын;

- қойылым кеңістігін көрсету, перспективасы мен ауа перспективасын;

- заттардың неден жасалғандықтарын, яғни материалдарын көрсету;

- жазықтыққа дұрыс орналасуын, орындау техникасы мен ұқыптылығын, т.б.

жатқызамыз.

Комиссия әр оқу семестрінде емтиханда үздік деп танылған, сәтті деген жұмыстарды таңдап алып, оқу ғимараты дәлізіне көрмеге іледі.
12.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандыру

- - - - - -- - - - -- - - - - -- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -



13. Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі
№ 301, 303, 310, 309, 311, 313 аудиториялар, № 7 оқу ғимараты.
жүктеу 394,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау