Əдебиет: В.В.Ермилова, Д.Ю.Ермилова «Моделирование и художественное
оформление одежды» 111-113 стр.
оформление одежды» 125-130 стр.
4 апта
№ 4 дəріс
Тақырып: Дайын бұйымның сапасын тексеру
Мақсаты: Студенттерге киімді көркемді безендіру жəне үлгілеу
принциптары бойынша түсінік беру.
Əдістемелік нұсқау: Дəріс кешені жəне əдебиеттер кешені бойынша
дайындалу.
Дəрістің мазмұны:
1.Киімді манекен үстінде тексеру
2.Бұйымның сапасын тексергендегі параметрлер.
Бұйымды манекенге кигізіп, үстел үстіне жатқызып, белгілі бір ретпен
сырттай қарау жолымен тексереді. Бөліктердің біріктірілу сапасын тексеру.
Кемшіліктерді шартты белгілер арқылы бормен көрсете отырып, өңдеу
сапасын тексереді, негізгі жəне астарлық бөліктерді қарап шығады.
Тексеруді алдымен бұйымның оң бетінде - жағаны, өңірлерді, жотаны,
жеңдерді, жəне əрлеу элементтерін жоғарыдан төмен қарай тексеріп шығады.
Форманың сапасын тексергенде мынадай параметрлерді бақылайды:
форманың симметриялығын жəне жұптық бөліктердің дұрыс орналасуы;
бөліктердің шет жақтарының біркелкілігі, жиектемелердің өңделу сапасы;
қалталардың рамкалардың сапасын тексеру.
Əдебиет: В.В.Ермилова, Д.Ю.Ермилова «Моделирование и художественное
оформление одежды» 131-143 стр.
5 апта
№ 5 дəріс
Тақырып: Көкірекше мен белдемшенің қосылуы.
Мақсаты: Студенттерге костюм көокемдік жүйе ретінде тақыбын
түсіндіру.
Əдістемелік нұсқау: Дəріс кешені жəне əдебиеттер кешені бойынша
дайындалу.
Дəрістің мазмұны: :
1.Бұйымның бел сызығын өңдеу.
2. Белдемше мен көкірекшенің жиек арқылы қосылуы
Көкірекше мен белдемшені қосып тікпей тұрып алдымен бүкпелерді,
қатпарларды, қалта мен белдемшенің үшкірлерін өңдеп алады. Мақта, зығыр,
синтетика маталарынан тігілген бұйымдарда бұл операцияны 797 кл
машинада орындауға болады.
Үлгісіне бюайланысты жүн, лавсан, жібек маталарда бүйір тігісін не айырып,
не жатқызып үтіктейді.
Көкірекшеде бүкпе, қатпар, рельеф, буфтар, иніштер, түймеліктері, иық,
бүйір, жағаның мойын ойындысымен қосылуы алдын-ала өңделуі керек.
Белдемшенің көкірекшеге қосылуы.
Бүйір, рельеф тігісін бұйымның балансын толық анықтағаннан кейін
өңдейді.
1. Алдыңғы бой мен артқы бойды оң жақтарымен беттестіреді, бүйір
қиықтарын теңестіреді, бақылау белгілерін сəйкестендіреді. Содан соң
алдыңғы бой жақтан сырып тігеді. Тігістің ені 1-1,5 см. Тігістің енін, əдібін
51 классты машинада торлайды. Тігістің əдібін артқы бойға қарай
қайырып үтіктейді, немесе айырып ‰тіктейді.
2. Иық қиықтарын оң жақтарымен беттестіреді, теңестіреді. Артқы бой
жақтан отырғызып көктейді. Мойын ойындысынан 1,5 см. отырғызып тігеді,
ал қолтық ойындысына үш-төрт см қалғанда отырғызып тігеді. Машинада 91
классты сырып тігу жұмысы алдыңғы бой жақтан жүргізіледі. Тігістің ені 1-
1,5 см. Тігіс екі қайтара жүргізіледі. Тігістің əдібін торлайды, қайырып
үтіктейді.
Əдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное
оформление изделий » 33 стр.
6 апта
№ 6 дəріс
Тақырып: Иніштің түрлері жəне олардың өңделулері
Мақсаты:Студенттерге костюмнің көркемдік жобалау негіздері туралы
түсінік беру.
Əдістемелік нұсқау: Дəріс кешені жəне əдебиеттер кешені бойынша
дайындалу.
Дəрістің мазмұны:
1. Жиекті, желбіршекті, кружевалы иніштердің өңделуі.
2. Қосып, бастырып тігілген түзу жəне овалды иніштердің алдыңғы жəне
артқы бойларымен қосылуы.
Иніштің қосылу тігісінде, үлгісі бойынша жиек, желбіршек немесе
кружева болса, онда алдымен осы сəндік бөліктерді алдымен инішке қосып
алады.
Жиекті екігебөліп жатқызып, басып үтіктейді.Иніштің оң бетіне дайын
жиекті бүтін қиығын бұйымның ортасында болатындай етіп, жиек жақтан
қосып тігеді. Бұйым жақтан тігіс ені 1-1,5 см.
Желбіршекті жиек сияқты өңдейміз. Иніштің оң бетіне желбіршектің
бүрмелерін біркелкі жайғастырыпоң бетін қойып қиықтан теңестіріп
желбіршек жақтан тігеміз.
Кружеваны иніштің оң бетіне оң бетін төмен қойып фигуралы шетін
бұйымның ортасына келтіріп, 0,1-0,2 см қашықтықта кружеваның түзу
қиығынан тігеміз. Иніш жақтан тігіс ені 1-1,5 см.
Овалды иніштің іш жағының шетінен жиекті қосып тігеді. Тігіс инішті
қосып тігетін тігістен 0,2-0,3 см қашықтықта болу керек. Жиектің ішкі
шетінен негізгі бұйымның бүрмелерін алдын-ала өңдеп алады.
Жаға - киімнің сырт түріне əдемі форма беретін маңызды бөлшек.
Жағалар мойын ойындысына, қосылу тəсілі бойынша, екі түрге бөлінеді.
1. Қондырма жаға.
2. Тұтас пішілген жаға
Жағалардың түрлері: тік, қайырма, қайырма жаға қайырмасымен, фантазий,
шаль тəрізді, жазықтағы апаш.
Қондырма жағалар күнделікті өмірде көріп жүрген қайырма, қайырма
тіктемесімен, жазықтағы қайырма жаға, тік жаға.
Тұтас пішілген жағалар: шаль, апаш, қайырма жаға қайырмасымен.
Сəн өзгерген сайын, жағаның да түрлері өзгереді. Бірақ жағаның мойын
ойындысына қондырудан, түймеліктің орналасуынан, құрастыруынан
тұрақты.
1. Жаға екі бөлшектен тұрады. Астыңғы жəне үстіңгі бөлшек. Астыңғы
бөлшек, үстіңгі бөлшектен 0,1 –0,2 см кіші пішіледі. Өйткені жағаның
киімде ыңғайлы, қолайлы орналасуы пішілуіне байланысты.
Жағалар пішіні негізінен бұйымның фасонына, мата түріне қарай
пішіледі. Жағаның ормасына мода əсер етеді. Жағаны бірнеше тəсілде
өңдеуге болады. Өңдеуге алдымен матаның қасиетімен құрлысы əсер етеді.
Тік, апаш жағалар бір – бірімен өңделіп мойын ойындысына қондырылса,
тұтас пішілген қайырма жаға өңір астымен жүйелі түрде өңделеді.
Əдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное
оформление изделий » 167-172 стр.
7 апта
№ 7 дəріс
Тақырып: Иніштің түрлері жəне олардың өңделулері
Мақсаты: Студенттерге конструктивті белдіктер туралы түсінік беру.
Əдістемелік нұсқау: Дəріс кешені жəне əдебиеттер кешені бойынша
дайындалу.
Дəрістің мазмұны:
1. Астарсыз бөлек өңделген иніш.
2. Күрделі конфигурациялы, жапсырмалы иніштің өңделуі.
Иніштің шетін теріс бетіне қаратып, қайтарып, жабық немесе ашық
қиықты бүгіп тігу тігісімен өңдейді.
Иніш күрделі фигуралы болса, онда сондай фигуралы əдіппен өңдейді.
Тігіс ені 0,5 см, бұрыштарын кесіп, оң бетіне аударады.
Мойын ойындысын өңдеу үшін єуелі ќаѓазѓа əдіп лекалын дайындап
алады. Əдіпті пішіп алѓан соң, желімді материал жапсырады. Сонан соң
мойын ойындысына көктеп алып, 91 классты машинасына əдіп жаѓынан
сырып тігеді. Ішкі жаќќа ќайырып обтачканың үстінен 0,1 см етіп сырып
тігіп шыѓады. Сонан соң обтачканы ішке ќарай ќайырып, үтіктейді.
Етекті өңдемес бұрын бұйымның ұзындығын дəлдеп алу керек. Содан
кейін қайыру əдібін белгілейді де, артығын қиып тастайды. Етекті
қайырып көктейді 2-2,5 см. Етектің төменгі қиығын, астардың етек қиығы
мен қосып тігеді. Тігістің ені 2-2,5 см. Астар еркін жату керек. Етекті
бастырып үтіктейді.
Əдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное
оформление изделий » 201-203 стр.
Достарыңызбен бөлісу: |