Меббм қазақстан-ресей



жүктеу 297,62 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі297,62 Kb.
#799

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ




НУО КАЗАХСТАНСКО-

МЕДИЦИНАЛЫҚ




РОССИЙСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТІ



МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ


ГИГИЕНА ЖӘНЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ




КАФЕДРА ГИГИЕНЫ И ЭПИДЕМИОЛОГИИ



МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ




НУО КАЗАХСТАНСКО-

МЕДИЦИНАЛЫҚ




РОССИЙСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТІ



МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ


ГИГИЕНА ЖӘНЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ




КАФЕДРА ГИГИЕНЫ И ЭПИДЕМИОЛОГИИ


СИЛЛАБУС

элективті цикл бойынша




«Еңбек медицинасы» пәні бойынша
5В110400 – «Медико-профилактикалық іс» мамандығы үшін
Кафедра: Гигиена және эпидемиология
Курс: 4
Семестр: 1
Дәрістер: 10 сағат
Тәжірибелік (семинарлық) сабақтар: 20 сағат
Оқу сағатының көлемі (кредит): 90 сағат (2 кредит)
Аудиториядан тыс студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ, ОСӨЖ): 60 сағат
Тексеру үлгісі: емтихан

Алматы, 2013 ж.
2009 ж. МЖБС бағдарламасы сәйкес 2013-2014 оқу жылына медико-профилактикалық іс факультетінде оқитын 4 курс студенттеріне арналып құрастырылған «Еңбек медицинасы» элективтік циклдің оқу силлабусы
Құрастырушылар: гигиена және эпидемиология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., доцент Л.Ж. Орақбай, аға оқытушы м.ғ.к. М.М. Қалимолдин және ассистент А.А. Туружанова.

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

    1. ЖОО аты: ҚАЗАҚСТАН – РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




    1. Кафедра: Гигиена және эпидемиология




    1. Пән: «Еңбек медицинасы»




    1. Мамандықтар: 5В110400 – «Медико-профилактикалық іс»




    1. Оқу сағатының көлемі : 90 сағат (2 кредит)




    1. Оқылу курсы және семестрі: 4 курс, 1 семестр




    1. Оқытушылар жайында мәліметтер







Т.А.Әкесінің аты.

Ғылыми дәрежесі

Атқаратын қызметі

Ғылыми кызығушылығы

Оқытатын курсы

1

Омарова М.Н

м.ғ.д.

Профессор

Қоршаған орта жағдайын және тұрғындар денсаулығын сақтау,сонымен қатар балалар және жасөспірімдер денсаулығы

Жалпы гигиена

2

Орақбай Л.Ж.

м.ғ.д.

Курс меңгерушісі, доцент

Зиянды өндірістегі жұмысшылардың денсаулығы және кәсіби ортаның жағдайын зерттеу, тұрғындар денсаулығының қаупін бағалау

Жалпы гигиена

3

Қалимолдин М.М

М.ғ.к

Аға оқытушы

Жасөспірім және балалардың экологиялық қауіпті аймақтағы қоршаған ортасы мен денсаулығын зерттеу

Жалпы гигиена

4

Туружанова А.А.

-

ассистент

Тұрғындар денсаулығы және қоршаған ортаның жағдайын зерттеу.

Жалпы гигиена




    1. Байланыс мәліметі: кафедраның орналасқан орны - Алматы қаласы, Мақатаев көшесі,34 телефондар: 397-75-20, 397-75-18, электронды мекен-жайы: ncgigieny@mail.ru




    1. Пәндер саясаты:

Студент кафедраның талаптарын орындау керек:

- сабаққа кешікпеу керек;

- сабаққа тек қана ақ халатпен жіберіледі;

- себепсіз сабақ бостпауы керек;

- босатылған сабақтарды оқытушы белгілеген бір уақытта қайталап оқу керек;

- оқу процессіне белсенді араласу керек;

- тәжірибелік сабақтардың барлық тапсырмалары талаптарға сәйкес орындалуы және көркемделуі керек;

-
-СӨЖ бойынша тапсырмалар жеткілікті деңгейде атқарылуы және белгіленген мерзімде тапсырылуы керек;

- айып шаралары:

студент, барлық кезеңді тексерулерді тапсырмаған болса, емтиханға жіберілмейді.

2. БАҒДАРЛАМА

2.1 Кіріспе. Еңбек медицинасы – еңбек адамының денсаулығын сақтауды басқару міндеті болып келетін профилактикалық және емдеу медицинасының бірлескен бөлімі.

2.2.Элективті пәннің мақсаты: қауіпсіз өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ауылшаруашылығында еңбек жағдайына қауіпсіз жұмыс орнын қалыптастыруды теориялық және практикалық жағынан үйрету.

2.3. Оқыту міндеттері:

Еңбек медицинасы негіздері бойынша білімін қалыптастыру;

Қауіпті өндірістік факторлар мен еңбек жағдайын бағалауды үйрету;

Жұмысшылардың денсаулық жағдайы бойынша білімін қалыптастыру;

Жұмысшылар денсаулығын күшейту, сақтау жіне қорғауға арналған емдеу профилактикалық шараларды ұйымдастырудағы білімді қалыптастыру;

Жұмыс жағдайын және өндірісті жақсарту бойынша білімін қалыптастыру.



    1. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуге міндетті:

  • Циклдың құқықтық негізін;

  • Халықаралық еңбек ұйымы және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша еңбек медицинасының мақсаты мен міндеттері;

  • Жұмысшылардың еңбек шарттарын үйлесімдеу бойынша негізгі шаралар;

  • Жұмыскерлерге медициналық қызмет көрсету мен профилактикалық шараларды ұйымдастыру негіздері.

Студент істей алуы қажет:

  • Ауылшаруашылық және өнеркәсіптік мекемелердегі санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақтамауын анықтау, оны жою шараларын жетілдіру;

  • Гигиеналық еңбек шарттары мен жұмыс жағдайы арасындағы байланысын, жұмысшыларда кәсіптік және жалпы аурулардың пайда болуын анықтау;

  • Берілген классификация бойынша еңбектің ауырлық деңгейін бағалау;

  • Жұмысқа қабылдар алдында жүргізілетін медициналық бақылауды ұйымдастыру жіне қадағалау;

  • Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ауылшаруашылықтағы жұмысшылардың аурушаңдығын талдау.

  • Машықтану ебі болуы керек:

  • кәсіпорын жұмысшыларымен сауатты, оларға түсінікті түрде тілдесу;

  • сенімді қарым-қатынас орнату;

  • ұжымда жағымды моральды-психологиялық климат тудыру;

  • алқаластық пен өзара сыйластықты орнату;

  • дискуссия кезінде өз ойында қалу;

  • еңбек медицинасының құқықтық нормативтік, басқарушылық, ғылымдық құжаттарымен жұмыс.

2.5. Алғы реквизиттер: химия, экология, физиология

2.6.Кейінгі реквизитттер:: қоғамдық денсаулық сақтау


    1. Тақырыптық жоспар: тақырып, әрбір сабақты жүргізу үлгісі және ұзақтығы (дәріс, практикалық, семинарлық, зертханалық, оқытушының жетекшілігімен өздігінен жүргізілетін, өзіндік жұмыс)


2.7.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары



Дәріс тақырыптары

Сағаты

1.

Еңбек медицинасы – профилактикалық және еңбек медицинасының бірлескен бөлімі. Еңбек медицинасының мақсаты мен міндеті. Еңбек медицинасының құқықтық негіздері. Өндірістің химиялық және физикалық табиғатының зиянды және қауіпті факторлары.

2

2.

Жедел және созылмалы кәсіби аурулар. Кәсіби – шарттық аурулар. Жұмысшылардың алдын-ала және мезгілді медициналық бақылаудан өтуі. Кәсіби аурумен ауырғандарды зерттеу.

2

3

Өнеркәсіптік токсикология еңбек медицинасының бөлігі ретінде. Еңбек физиологиясы.

2

4

Еңбек гигиенасы бөлімінің құжаттамасы. Құжаттарды жүргізу, олардың түрлері. Мемлекеттік статистикалық есеп берудің еңбек шарттарын ұйымдастыру. Еңбек гигиенасының санитарлық-гигиеналық зерттеу әдістері: зертханалық-аспаптық, санитарлық-статистикалық, анкеталық әдістер.

2

5

Жұмыс орнын ұйымдастырудың физиологиялық негіздері. Еңбек шарттарын гигиеналық-физиологиялық бағалау: еңбектің ауырлығы мен қауырттылығын бағалау және еңбек шарттарының әртүрлі байланыстарын анықтау.

2




Барлығы

10



2.7.2 Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары



Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары

Сағаты

1.

Кредит№1

Еңбек медицинасы – профилактикалық және еңбек медицинасының бірлескен бөлімі. Еңбек медицинасының мақсаты мен міндеті. Еңбек медицинасының құқықтық негіздері.



3

2.

Өндірістің химиялық және физикалық табиғатының зиянды және қауіпті факторлары. Еңбек гигиенасының басты мазмұны – кәсіби аурулардың профилактикасы мен нормативтерге ғылыми түсініктеме беру.

3

3.

Жедел және созылмалы кәсіби аурулар. Кәсіби – шарттық аурулар. Жұмысшылардың алдын-ала және мезгілді медициналық бақылаудан өтуі. Кәсіби аурумен ауырғандарды зерттеу.

3

4.

Өнеркәсіптік токсикология еңбек медицинасының бөлігі ретінде.

3

5

Еңбек физиологиясы

3




6

Кредит№2

Еңбек гигиенасы бөлімінің құжаттамасы. Құжаттарды жүргізу, олардың түрлері. Мемлекеттік статистикалық есеп берудің еңбек шарттарын ұйымдастыру.



3

7

Еңбек гигиенасының санитарлық-гигиеналық зерттеу әдістері: зертханалық-аспаптық, санитарлық-статистикалық, анкеталық әдістер.

3

8

Кәсіби уланулар мен ауруларды тіркеп, есепке алу

3

9

Өнеркәсіптік аэрозольдар: түсініктемесі және классификациясы. Өндірістегі қатты шаңдану мен газдану жағдайларын бағалау және гигеналық нормалау, профилактика әдістер.

3

10

Жұмыс орнын ұйымдастырудың физиологиялық негіздері. Еңбек шарттарын гигиеналық-физиологиялық бағалау: еңбектің ауырлығы мен қауырттылығын бағалау және еңбек шарттарының әртүрлі байланыстарын анықтау.

3




Барлығы

30


2.7.3 Оқытушының студентпен бірге орындалатын жұмыстарының тақырыптық жоспары



ОСӨЖ тақырыптары

Сағаты

1.

Кредит №1

Еңбек медицинасының құрам бөліктері.



3

2.

Еңбек медицинасында қолданылатын зерттеу әдістері

3

3.

Кәсіби аурулардың диагностикасы, клиникалық ағымы, пайда болу ерекшеліктеріәсіби ауруларды емдеу және реабилитация.

3

4.

Гигиеналық регламент (нормативтер) өндірістік санитарлық бақылаудың негізі ретінде.

3

5.

Еңбек физиологиясы еңбек медицинасының негізгі бөлігі ретінде.Мазмұны, мақсаты, зерттеу әдістері. Еңбектің ауырлығы және қауырттылығы. Жұмыс істеу қабілеті және оның динамикасы.

3

6.

Кредит №2

ҚР 18 қыркүйек 2009жыл № 193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің негізгі ережелері



3

7.

Өндірістік микроклиматы сипаттайтын көрсеткіштер, оларды гигиеналық бағалау.

3

8.

Кәсіби аурулардың профилактикалық шаралары. Есту мүшелерінің жеке қорғану құралдары (ЖҚҚ).

3

9.

Еңбек гигиенасындағы өндірістік объектілердегі акт, хаттама, қорытынды және басқа да құжаттарды толтыру ережелері.

3

10.

Медицина қызметкерлері еңбегінің ауырлығы мен қауырттылығы.

3




Барлығы

30


2.7.3 Студенттің өзіндік жұмысының тағырыптық жоспары



СӨЖ тақырыптары

Сағаты

1.

Кредит №1

Өндірістегі жұмысшылардың аурушаңдығы.



3

2.

Физикалық табиғаттың өндірістік зиянды факторлары.

3

3.

Шаң өндірістің кең тараған зиянды факторы ретінде.

3

4.

Ең кең тараған өндірістік улар және олармен улану.

3

5.

Жедел созылмалы ауруларды зерттеу және тіркеу ережелері (улану)

3

6.

Кредит №2

Жұмыс істейтін тұрғындардың денсаулығын зерттеудегі есептік статистикалық құжаттардың рөлі



3

7.

Жұмысшы тұрғындардың жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларымен кәсіби ауруларын динамикалық бақылау

3

8.

Өндірістік кәсіпорын жұмысшыларының есту мүшелерінің кәсіби ауруын динамикалық бақылау

3

9.

Заманауи агроөнеркәсіп комплексінде улы химикаттармен жұмыс істейтін жұмысшылардың кәсіби ауруы және оны бағалау

3

10.

Жеңіл өнеркәсіп орындарының өндірістік факторлары және оның жұмысшылар денсаулығына әсері

3




Барлығы

30


2.8 Оқу және оқыту әдістері: (кіші бөлімдер, сұхбаттасу, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентация, кейс-кезеңдер және т.б.)

1. Дәрістер: шолулық, мәселелелік, визуалдандырылған (мультимедиялық жүйе), пресс конференция.

2. тәжірибелік сабақтар: семинарлар, жағдайлық есептерді шешу, нақты экологиялық жағдайды талдау.

3. студенттердің өзіндік жұмысы: әдебиетпен, электрондық база мәліметтерімен жұмыс, жағдайлық есептерді шешу, қоршаған орта сапасының диагностика алгоритмдерін құрастыру, аналитикалық шолуларды құрастыру, жағдайлық есептер, тесттер, тестті тапсырмаларды шешу, эссе, демонстрациялық материалдарды, ғылыми рефераттарды дайындау.

    1. Қолданылған әдебиеттер:


Негізгі:

  1. Измеров Н. Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Учебник. Москва, 2008.-592 с.

  2. Гигиена. /Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К. и др., Учебник Алматы. 2009 г. - 668 с.

  3. Руководство по санитарной экспертизе в области гигиены труда. Под ред д.м.н., проф. Сраубаева Е.Н., Белоног А.А. – Караганда, 2008. -562 с.


Қосымша:

  1. Предупредительный санитарный надзор при новом строительстве и реконструкции промышленных предприятий (учебно-методическое пособие для студентов) – Тогузбаева К.К., Филин А.П. и др.- Алматы, 2010, 120 с.

  2. Тогузбаева К.К., Филин А.П. и др. - «Гигиеническая характеристика и оздоровление условий труда на предприятиях химической промышленности». Учебно-методическое пособие. Алматы, 2003. 61 с.

  3. Тогузбаева К.К., Филин А.П. и др. «Физиолого-гигиеническая характеристика производственного шума». Учебно-методическое пособие. Алматы, 2003. 44 с.

  4. Измеров Н.Ф., Суворов Г.А., Прокопенко Л.В. – Человек и шум.- Москва, Изд.дом ГЭОТАР – Мед., 2001, 380 с.

  5. Измеров Н.Ф., Каспаров А.А. – Медицина труда. – Введение в специальность. – М., Медицина, 2002 г. – 391 с.


2.10 Оқу және оқыту әдістері: (кіші бөлімдер, сұхбаттасу, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентация, кейс-кезеңдер және т.б.)

1. Дәрістер: шолулық, мәселелелік, визуалдандырылған (мультимедиялық жүйе), пресс конференция.

2. тәжірибелік сабақтар: семинарлар, жағдайлық есептерді шешу, нақты экологиялық жағдайды талдау.

3. студенттердің өзіндік жұмысы: әдебиетпен, электрондық база мәліметтерімен жұмыс, жағдайлық есептерді шешу, қоршаған орта сапасының диагностика алгоритмдерін құрастыру, аналитикалық шолуларды құрастыру, жағдайлық есептер, тесттер, тестті тапсырмаларды шешу, эссе, демонстрациялық материалдарды, ғылыми рефераттарды дайындау.
2.11 Оқушылардың білімдері мен дағдыларын бағалау әдістері: тесттілеу, ОСКЭ, жағдайлық есептер және т.б.

2.11.1 Оқу жетістігін тексеру жүйесі:

Ағымды бақылау:

Тәжірибелік сабақтар

  • ауызша сұрау (студент әдістемелік нұсқаулар сұрақтары бойынша сабақтарға дайын болуы керек)

  • Тесттілеу варианттар бойынша жазбаша үлгіде немесе тесттілік орталықта жүргізіледі.

  • жағдайлық есептерді шешуді тексеру жазбаша немесе ауызша үлгіде жүргізіледі.


СӨЖ

  • тақырып бойынша рецензия, баяндама, рефераттарды қорғау, презентация көрсету, тест тапсырмаларының орындалуын тексеру.

Бөлім бойынша соңғы сабақ түрінде бақылау: ауызша сұрау немесе электронды және жазбаша тестілеу түрінде коллоквиум.

Қорытынды бақылау: ағымдағы және бөлім бойынша соңғы сабақ түрінде бақылау нәтижелерін ескере отырып билеттер бойынша ауызша емтихан мен тесттілеу.
2.11.2 Әртүрлі білім деңгейін тексеру кезіндегі білімді бағалау

1. СӨЖ орындау барысында және дәрістерде, тәжірибелік сабақтарда ағымдағы тексеру (t1, t2) жүргізіледі.

t1 = ПРор. + СӨЖор. t2 = ПРор. + СӨЖор., ондағы:

2 2
t 1 – бірінші рубежді бақылауға дейінгі ағымдағы тексеру (1 кезең)

ПР ор. – ағымдағы тексерудің орташа баллы (дәріс + тәжірибелік сабақтар)

СРС ор. – СӨЖ орташа баллы

t 2 – біріншіден екінші рубежді бақылауға дейінгі ағымдағы тексеру (2 кезең)


2. Бірінші және екінші кезеңдегі білімнің рейтингісі:

R1 = t1 + r1 R2 = t2 + r2 , ондағы:

2 2
R1 – 1 кезең рейтингісі, R2 – 2 кезең рейтингісі

r 1 – бірінші рубежді тексеру, r 2 – екінші рубежді тексеру

t 1 – бірінші рубежді тексеруге дейінгі ағымдағы тексеру (1кезең)

t 2 – біріншіден екінші рубежді тексеруге дейінгі ағымдағы тексеру (2 кезең)


3. 3 кезеңде формула бойынша (R қос) емтиханға жіберу рейтингісі есептеледі:

R қос = R1 + R2

2

Жіберу рейтингісі 30 баллдан төмен болмауы керек (50%).


4. 4 кезеңде емтихан жүргізіледі (Е) – тесттілеу және ауызша.

Тесттілеуде және ауызша жауапта 50% бойынша ең жоғарғы болінеді.



Е = (Тест . 0,5) + (ауызша . 0,5)

Қорытынды баға (5 кезең) J формула бойынша анықталады:

J = (Rқос. . 0,6) + (Е . 0,4)

R қос. ең жоғарғы деңгейі 60 баллды құрайды немесе 0,6 қорытынды бағадан, ал емтиханға максимальды баллдар саны – 40 балл немесе 0,4 қорытынды бағадан. Бәрін қосқанда максимальды баллдар саны J бойынша 100-ге тең.


5. Әртүрлі білім деңгейін тексеру кезіндегі білімді бағалау критерииі және шкаласы

Барлық тексеру түрлерін бағалау – ағымдағы, рубежді, жіберу рейтингісі, қорытынды тексеру рейтингісі – 100 баллды бойынша жүргізіледі – 100% жүйеде.


1 Кесте

Ағымдағы бақылауды жүргізу барысында білімді бағалау шәкілі мен критерийлері

(практикалық сабақтар, лекциялар, ТӨЖ)*




Орындалу критерийлері


Өте жақсы

90-100

балл

Жақсы

75-89

балл

Қанағаттанар

лық

50-74 балл

Қанағаттан

ғысыз

10-49 балл

1

Сабаққа қатысу

Міндетті түрде

Міндетті түрде

Міндетті түрде

Міндетті түрде

2

Өз бетімен дайындалу бойынша дайындық деңгейі

Бағдарламалық материал толық меңгерілген, ешқандай қателіктер жіберілмеген, ойлау қабілеті біртума

Бағдарламалық материал 75%-дан жоғары меңгерілген, өрескел қателіктер жіберілмеген

Бағдарламалық материал 50%- дан жоғары меңгерілген, оқытушының көмегімен жөнделген принциптік емес дәлсіздіктер мен принциптік қателіктер жіберілген.

Бағдарламалық материалдың жартысынан көбі меңгерілмеген жауаптарында принциптік қателіктер жіберілген

3

Тақырыпты талқылауға қатысу

Белсенді

Белсенді

Сирек қатысқан

Қатыспаған

4

ТӨЖ, тесттердегі сұрақтарға берілген дұрыс жауаптар мен дұрыс орындалған зерттеулер саны

86-100%

75-85%

60-74%

60%-дан кем

5

Тапсырманы өз бетімен орындау

Тапсырманы өз бетімен орындау 100%

Тапсырманы өз бетімен орындау 75-89%

Тапсырманы өз бетімен орындау 50-74%

Тапсырманы өз бетімен орындау 50% кем

6

Тапсырманы орындау барысында жіберілген қателіктер мен дәлсіздіктердің сипаты

Студент өзі жөндеген принциптік емес дәлсіздіктер

Студент өзі жөндеген принциптік емес дәлсіздіктер мен принциптік қателіктер

оқытушының көмегімен студент жөндеген принциптік емес дәлсіздіктер мен принциптік қателіктер

Өрескел қателіктер

7

ТӨЖ орындау және тақырып сұрақтарын өз бетімен дайындауда қолданылған әдебиеттер

Оқулықтар, нұсқаулар, монографиялар, Интернет

Жалпы гигиена, басқа гигиеналық пәндер, периодика бойынша оқулықтар, Интернет

Оқытушы ұсынған жалпы гигиена, басқа гигиеналық пәндер бойынша оқулықтар

Оқытушы ұсынған гигиена бойынша пәндер

8

Қорытынды және ұсыныстар жасау

Қорытынды өз бетімен жасалған, барлық мәліметтер толық талданып, дәлелденген

Қорытынды оқытушының көмегімен жасалған, мәліметтер толық талданған кейбір мәселелер дәлелдеуді талап етеді

Материалды жүйелеу қиынға соққан,оқытушының көмегі керек болды

Оқытушының көмегінсіз материалды жүйелей алмады

9

ТӨЖ орындалу барысы мен нәтижесін жазбаша дайындау

Талаптарға сай

Талаптарға сай

Принциптік емес қателіктер жіберлген

Толық емес, қате дайындалған

10

Сабақта жоқ болу

0 балл










11

ТӨЖ жоқ болуы

0 балл










12

Лекцияның конспектісі және бақылау сұрақтарына жауаптардың болуы

Лекцияның конспектісі бар және бақылау сұрақтарының жауаптары толық

Лекцияның конспектісі бар және бақылау сұрақтарының жауаптары толық емес

Лекцияның конспектісі бар және бақылау сұрақтарының жауаптары жоқ

Лекцияның конспектісі жоқ және бақылау сұрақтарының жауаптары жоқ

* - Бағалауда басым критерийлер № 2, 4, 5, 6, 8

- ТӨЖ бағалауда келесі критерийлер қолданылсын 2, 4 – 9, 11

- Лекцияларды бағалауда келесі критерийлер қолданылсын 1, 10, 120

2 Кесте


Межелік ауызша бақылау және ауызша емтихан жүргізу барысында білімді бағалау шәкілі мен критерийлері



Дәстүрлі баға

Ауызша сұрақ қоюда білімді бағалау критерийлері



Пайыздық мөлшері (баллдар)

5

Бағдарламалық материал толық меңгерілген, ешқандай қателіктер жіберілмеген, ойлау қабілеті біртума

86-100

4

Бағдарламалық материал 75%-дан жоғары меңгерілген, жауапта студенттің өзі жөндеген принциптік емес дәлсіздіктер мен принциптік қателіктер жіберілген

75-85

3

Жауапта оқытушының көмегімен студент жөндеген принциптік емес дәлсіздіктер мен принциптік қателіктер жіберілген, сұрақтың мәнін түсінбей жауап берген

50-74

2

Бағдарламалық материалдың жартысынан көбі меңгерілмеген жауаптарында принциптік қателіктер жіберілген, сұрақтың мәнін түсінбей жауап берген

50%-ден төмен

3 Кесте


Пән бойынша әріптік-баллдық-рейтингтік қорытынды баға


Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың сандық баламасы

Пайыздық мөлшері %

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

өте жақсы


А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы


В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық



С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанғысыз

Студент қорытынды бақылау бойынша да, рұқсат беру рейтингі бойынша да дұрыс баға (50%-дан кем емес) алған жағдайда ғана қорытынды баға есептеледі.



Страница из 11

жүктеу 297,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау