Мүбарак мерекенің орны бөлек



жүктеу 372,75 Kb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата25.05.2018
өлшемі372,75 Kb.
#17308
1   2   3   4   5   6

3

shuskaya_dolina@mail.ru

10 қыркүйек 2016 жыл

Шу өңірі


 

5-бетте


   («ШУ ӨҢІРІ» АҚПАРАТЫ).

ауданда


Сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы күрес кеңесі мүшелерінің 

ұйымдастыруымен М.Мақатаев 

атындағы Тірек мектепте аудан 

аумағында орта оқу орында-

рында сыбайлас жемқорлық 

тәуекелдерінің алдын алу 

мақсатында педагог құрамымен 

жиын өтті. Оған әл-Фараби, 

С.Шәкіров, М.Әуезов және 

М.Мақатаев атындағы Тірек 

мектебінің педагогтары қатысты. 

Аудан әкімдігі білім бөлімінің 

маманы Б.Маринова жиынның 

тақырыбымен, күн тәртібінде 

қаралатын мәселелермен таны-

стырып өтті. Алдымен, М.Әуезов 

атындағы орта мектептің 

директоры Ж.Әбенов «2015-2025 

жылдарға арналған сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 

бағдарламасы» жайында «Сыбай-

лас жемқорлық – қоғам дерті» 

тақырыбында баяндама жасады. 

Сондай-ақ, «Жемқорлыққа қарсы 

тұрарлық мәдениетті, білім мен 

тәрбиені қалыптастыру тура-

лы» әл-Фараби атындағы орта 

мектептің директоры Е.Нетаева 

слайд арқылы мектепте аталмыш 

тақырыпқа қатысты жүргізіліп 

жатқан шараларды атап өтті. 

Баяндамалар мұқият 

тыңдалғаннан кейін 

қатысушылар және сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің 

мүшелері С.Мамедахунова мен 

Қ.Иманбаеваның тарапынан 

сұрақтар қойылып, оған тиісті 

жауаптар алынды. Өз сөз 

кезегінде Б.Марина «Білім беру  

мекемелерінде сыбайлас жемқорлық 

тәуекелдерінің алдын алу тура-

лы» баяндай келе, қазіргі таңда 

балабақшалар мен мектептерде 

ұстаздарға ата-аналардың сый-

сияпат жасауына, қажеттілікке 

қол ұшын беріп, демеушілік жасау-

ына қатаң тыйым салынғандығын 

айтты. Биылғы оқу жылында 

мұғалімдер немесе ата-аналар өз 

қалталарынан ақша шығармас 

үшін барлық мектеп қажеттілікпен 

түгелдей қамтылғандығы ай-

тылды. Сондай-ақ, мұғалімдердің 

анонимді түрде, яғни, кімнен және 

қай жерден екендігін жасырып, 

тиісті орындарға хат жолда-

уларын доғару қажеттілігі де 

тілге тиек етілді. Жиын соңында 

қатысушылардан тақырыпқа сай 

сауалнама алынды.

ххх

Аудандық 

орталықтандырылған 

кітапханада «Ұлымыз ұлықты, 

қызымыз қылықты болсын десек» 

атты  кездесу  өтті. Оған, 

құқық және бизнес колледжінің 

білімгерлері, Төле би мешітінің 

наиб имамы Т.Сейіткереев және 

кітапханашылар қатысты. 

Кездесудің мақсаты -  

білімгерлерге қазіргі кездегі діни 

ахуалдың қалыптасуы және дін мен 

салт-дәстүрдің арақатынасы, жат 

діни ағымдардың қоғамға ықпалы, 

діни наным-сенімді ажырата білу 

жөнінде мағлұмат беріп, әлемдік 

діндер туралы түсініктерін 

кеңейту, өзіндік көзқарастарын 

қалыптастыру, білімгерлерді 

ұлтжандылыққа, адамгершілікке, 

тілі мен дінін, салт-дәстүрін 

құрметтеуге, ұйымшылдыққа, 

патриотизмге тәрбиелеу. 

Кездесу барысында 

Т.Сейіткереев қатысушыларға 

тәрбие жайында жан-жақты 

баяндады. 

«Тәрбие тал бесіктен» атты 

кітап көрмесі ұйымдастырылып, 

шара соңында қатысушыларға діни 

тәрбие жайындағы кітаптар және 

парақшалар таратылды. 

Жуырда  редакциямызға  Жаңақоғам  селолық 

округі,  Көктөбе  ауылының  тұрғыны  Атекей  Ма-

мырбаев  қария  келіп,  округ  әкімінің  қызметіне 

көңілі толмайтынын жеткізген еді. Ол ауыл ішінде 

жолдың  жөнделмеуі,  тазалықтың  сақталмауы, 

тұрғындардың  ағын  суды  пайдалануы  үшін 

ыңғайлы  жағдайдың  жасалмауы  сынды  бірқатар 

мәселелерді  алға  тартып,  жұмысты  жолға  қоюға 

газет  тілшілерінің  ықпал  етуін  өтінді.  Айтылған 

жайларға  көз  жеткізу  үшін  Көктөбе  ауылына  жол 

тарттық . Атекей ақсақалмен ауыл әкімшілігінің ал-

дынан жолығып, әкімшіліктің бас маманы Сатыбал-

ды Асылбековпен бірге ауыл ішін аралап көрдік.   

Жол  бойы  бірінші  меңзегені  Рысбек  батыр 

және Н.Толғанбаев көшесі болды.  «Көшенің көлік 

жолына күл төгіп тастаған»-деп, оған көңілі толмай-

тынын білдірді. Осы тұста аталмыш көше тұрғыны 

Батырхан Сыдықовты әңгімеге тартқан едік. 

-Осыдан  он  шақты  жыл  бұрын  бұл  көшенің 

жолы  бұдан  да  нашар  болатын.  Сары  топырақ 

жаңбыр  жауған  кезде  балшыққа  айналып,  жүруге 

кедергі келтіретін. Сондықтан, 2008 жылы әкімшілік 

қызметкерлері  мен  көше  тұрғындарының  өзара 

ақылдасуымен,  600  метрден  1200  метрлік  екі 

көше  жолына  мектеп  қазандығынан  шыққан 

шлаг төгілді. Бұл жұмыс әр үйдің 10 мың теңгеден 

қаражат  шығарып,  арнайы  техника  жалдауы 

арқылы  тұрғындардың  атсалысуымен  атқарылды. 

Қазір жол бұрынғыдан сәл де болса жақсарып, ми 

балшыққа  шыланбайтын  болдық,  -  деп  өз  пікірін 

білдірді. 

Екінші  кезекте  көше  тұрғындарының  ағын 

сумен  қамтылуы  үшін  магистральді  каналмен 

лоток  арқылы  су  келетін  ескі  тоғанның  көзін 

ашып,  күл-қоқыстан  тазарту  сынды  жұмыстардың 

жүргізілмейтінін  айтты.  Байқағанымыздай,  кейбір 

көше  тұрғындары  арық  суын  пайдаланып  отыр. 

Ал, Атекей ақсақалдың үйінің маңындағы арықтың 

көптен  бері  қолданыстан  шығып  қалғаны  айқын 

аңғарылып тұрды. Өйткені, арықтың іші тереңдетіп 

қазылмаған  және  қалың  шөп  қаулап  өсіп  кет-

кен  (2  сурет).  Сондай-ақ,  Мәметова  көшесінде 

үйіліп  тұрған  малдың  қиы  мен  арыққа  жиналған 

тұрмыстық  қалдықтарды  көрсетіп,  тазалықтың 

сақталмайтынын дәлелдей түсті (1 сурет). Ақсақал 

жол  сілтеген  барлық  жерді  шолып  шыққан  соң, 

округ  әкімі  Найман  Сұлтанбаевқа  жолығып, 

мәселенің мән-жайын сұрастырдық. 

Рысбек батыр және Н.Толғанбаев  көшелеріне 

қатысты мәселе бойынша жоғарыда есімі аталған 

көше  тұрғыны  мәлімдеген  жайды  қайталады. 

Ал,  көше  тұрғындарының  ағын  сумен  толықтай 

қамтамасыз етілмеуі туралы: 

-Бұл  көшеде  тұрғындардың  басым  бөлігі  ағын 

суды  қажет  етпейді.  Өйткені,  көпшілігі  бақша  сал-

майды  және  ағын  судың  орнына  ауласынан  мо-

тормен  шығарылатын  суды  пайдаланып  отыр. 

Арықтың  суын  пайдалану  үшін  көше  тұрғындары 

өзара келісіп, арықты бірлесіп тазалап, су көзін ашу 

қажет.  Атекей  ақсақалдың  үйіне  дейін  он  шақты 

үй  бар.  Бұл  үйге  су  жету  үшін  барлық  тұрғындар 

бірлесіп арықты тазалау қажет. Алайда, жоғарыда 

айтып  өткендей,  тұрғындар  ағын  суды  қажет  етіп 

отырған  жоқ,-деп  түсіндірді  округ  әкімі  Найман 

Сұлтанбаев.  Бұл  шындығында  тұрғындардың  өз 

ықыласына  байланысты  шешімін  табатын  мәселе 

тәрізді.  Сонымен  қатар,  Атекей  атаның  көршісі, 

Ауған  соғысының  ардагері,  «Қызыл  Жұлдыз» 

орденінің  иегері  Талап  Махамадиев  бұл  арықтың 

ақсақалдың баласының сұрауы бойынша жабылып 

қалғанын айтады.  

Тазалық  мәселесіне  келер  болсақ,  рас,    ауыл 

ішінде айтарлықтай болмаса да, әр жерде үйілген 

күл-қоқыстар  кезігеді.    Атап  айтқанда,  ауыл 

шетіндегі  тоғанның  іші  тұрмыстық  қалдықтарға 

толған.  Сондай-ақ,  Мәметова  көшесінде  үйілген 

малдың қиы мен шашылған күл-қоқыс орын алған. 

Ақсақалдың  сөзіне  қарағанда,  ауыл  ішіндегі  әр 

жерде шашылып жатқан мал қиына да оның көңілі 

толмайтын  тәрізді.  Ауыл  тұрғындарының  басты 

кәсібінің  бірі  –  мал  шаруашылығы  болғандықтан, 

ауыл  ішінде  бірлі-жарым  мал  қиының  жататы-

ны заңдылық емес пе деген ой түйдік.  Ал, қидың 

тау болып үйіліп тұруы бөлек әңгіме. Бұл жөнінде 

әкімшіліктің  бас  маманы  көп  мал  ұстайтын 

Мәметова  көшесінің  тұрғыны  Мамед  Насировқа 

Күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық айлығы

ескерту жасалғанын, жуық арада осы көшенің екі 

жеріндегі қи үйінділерінің сыртқа шығарылатынын 

мәлімдеді. 

Ал,  көше  тазалығы,  арықтағы  күл-қоқыс 

жөнінде Найман Сұлтанбаев жуырда бастау алған 

күзгі  тазалық  маусымында  барлық  күл-қоқыстың 

көзі  жойылып,  олқылықтардың  орны  толтырыла-

тынын айтты.    

Осылайша,  ауыл  ақсақалының  сұранысымен 

оның алға тартқан проблемалары бойынша жауап-

ты мамандардан қанағаттанарлық жауаптар алдық. 

Алдағы уақытта көрініс берген кейбір кемшіліктер 

түзеліп, барлығы ретке келеді деген сенімдеміз. 

Динара БАТЫРХАИРОВА. 

Суреттерді түсірген автор. 

Қарияның қалауымен...

Байқауға  аудан  әкімінің  орын-

басары  Н.С.Жақсыбаев,  аудандық 

ардагерлер  кеңесінің  төрағасы 

Қ.Байжұманұлы, 

аудан 

әкімдігі 



мүгедек  балаларды  оңалту  және 

бейімдеу    орталығының  басшысы 

Е.М.Қыстаубаева, «Нұр Отан» парти-

ясы  аудандық  филиалы    есеп  және 

статистика секторының меңгерушісі 

С.Оңғарбаева, 

аудан 

әкімдігі 



денешынықтыру 

және 


спорт  

бөлімінің  басшысы  Қ.Мәуленов 

және  аудандық  Мәдениет  үйінің 

әншісі  Б.Қайырбаев    әділқазылық 

етті.    Мәдени  шараға  қарттар, 

мүгедектер    қамқорланушылары  да 

қатысып,  өз  өнерлерін  ортаға  салу-

да  аянып  қалған  жоқ.  Олар  өмірдің 

басқа 

салған 


ауыртпалығына 

қарамастан, 

талмай, 

тынбай 


еңбектенудегі 

табандылықтарын, 

ерік-жігерлерінің  мықтылығын  та-

ныта білді. 

Сайыстың  негізгі  мақсаты  – 

мүмкіндігі  шектеулі  жандардың 

өнерлерін  барша  халыққа  көрсетіп, 

шығармашылық  әлеуетін  дамытуға 

жәрдемдесу, 

жас 


дарындарды 

анықтау,  оларға  қолдау  көрсету  бо-

лып табылады. 

Фестиваль  8  номинациядан 

тұрды.    Олар    «Ең  тату  отбасы», 

«Үздік  спортшы»,  «Үздік  жасампаз», 

«Үздік  орындаушы»,  «Ең  үздік  би», 

«Ақылдылар»,  «Үздік  әлеуметтік 

жоба», «Кәсібінің үздігі» деп аталды. 

«Ең  тату  отбасы»    сыны    жұртты 

қызықтыра түсті. Мұнда бірінен-бірі 

өткен  отбасылар  өз  шеберліктері 

мен  үлгілі  қасиеттерін  көрсетіп 

бақты.  Нәтижесінде,  1  орынды 

Валиевтер,  2  орынды  Рыштаев-

тар,  3  орынды  Омарбековтар  от-

басы  иеленді.  «Үздік  спортшы» 

номинациясының 

жеңімпазы 

Ж.Нақысбек атанып,  екінші орынды 

А.Бөгенбай, үшінші орынды С.Асқар 

жеңіп алды. 

«Үздік  жасампаз»  аталымы  бой-

ынша үшінші орын Г.Сыздықбаеваға, 

екінші 

орын 


М.Жанпейісовке, 

бірінші орын  А.Тұңғатарға бұйырды. 

«Үздік  орындаушы»  аталымында 

Н.Ерғали бас жүлдегер атанса, екінші 

орын  А.Измағанбетовке  тиесілі 

болып,  үшінші  орынды    А.Әуесхан 

қанжығасына байлады. 

«Ең  үздік  би»  номинациясында 

бірінші  орын  Т.Серікбайға,  екінші 

орын  А.Тоқанға,  үшінші  орын  

Н.Бақытбекке  берілді.  «Ақылдылар» 

сынында      М.Коровина,  Қ.Шарапат, 

Қ.Аристеев,  «Үздік әлеуметтік жоба» 

қорытындысында 

Б.Қарғабаев, 

С.Қожабекова, 

Д.Бейсенбекова  

жеңімпаздар  қатарынан  көрінді.  

«Кәсібінің үздігі»  аталымында екінші 

орын  Е.Сәрсенбаевқа  бұйырып, 

А.Адамбаев жүлдегер атанды. 

-«Бәріміз  бірдейміз  –  кемсітуді 

білмейміз»  атты  облыстық  сайысы 

қоғам  назарын  мүгедек  жандардың 

мәселелерін 

оңтайландыруға  

бұруға 

бағытталған»,–деді 



С.Оңғарбаева.

Сайыс  соңында  жүлдегерлер 

мен 

барлық 


қатысушыларға 

сыйлықтар  табыс  етіліп,  арнайы 

дипломдармен 

марапатталды. 

Қазақбай  Байжұманұлы  мен  Естай 

Мұзафарқызы  қатысушыларға    зор 

алғыстарын  білдірді. 

Жүрегіне ізгіліктің нұрын құйған, 

мүмкіндігі  шектеулі  жандардың 

шектеусіз қабілетін аша білген осын-

дай игілікті іс-шаралар әрі қарай да 

жалғасын таба берсе дейміз. 

Алтынай АБДРАИМОВА.

Суреттерде:  фестивальдан 

көріністер.

Суреттер П.Норкиндікі.

ЖАН ТЕБІРЕНТЕРЛІК 

ӨНЕР 


ТАМАШАЛАНДЫ

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың дарыны мен талантын қоғамға 

мойындатуға, жасампаздығын, шығармашылығын көрсетуге, өздерін 

танытуға мүмкіндік беретін облыстық  байқаудың маңызы ерекше. 

Жуырда аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімдігі жұмыспен қамту 

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Бәріміз 

бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты фестиваль өтті.  Алдымен, ау-

дан әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев қатысушыларға сыннан 

сүрінбей өту үшін  сәттілік тіледі. Айта кетерлігі, аталмыш байқауға 

қатысушыларды арнайы сыйлықтармен марапаттауда  «Химплюс Парк» 

ЖШС төрағасы М.Қ.Үсембаев қаржылық демеушілік жасады. 

Бала 


біздің 

болашағымыз, 

келешегіміз,  өміріміздің  жалғасы    де-

гендей, ауданымызда тұрмыс жағдайы 

төмен,  көпбалалы  отбасынан  шыққан 

және  жетім  балалар  қаншама...  Әр 

бала  бақытты  өмір  сүруге,  тегін  орта 

білім  алуға  құқылы.  Аудандағы  мек-

теп  жасындағы  әр  баланың  мектепке 

уақытылы  барып,  сабақтан  қалмай 

сапалы  білім,  саналы  тәрбие    алуы-

на  біздер  ықпал  жасауымыз  қажет. 

Өйткені, білімді азамат ол болашақтың 

қалауы, 


ертеңіміздің 

сенімі, 


мемлекетіміздің  өсіп-өркендеуіне  өз 

үлесін қосатын болашақ азаматтар деп 

қараған жөн. 

Республика  көлемінде  тамыз-

қыркүйек айларында өткізілетін «Мек-

тепке  жол»  акциясына    «Нұр  Отан»  

партиясы  аудандық  филиалының  

мүшелері  де  шын  көңілімен  қатысты. 

«Нұр  Отан»  партиясы  аудандық 

филиалының 

төрағасы 

Р.Дәулет  

жағдайы  төмен  отбасынан  шыққан  

және жетім  25 балаға мектеп сөмкесі 

Болашақты бірге 

жасаймыз!

С . Ш ә к і р о в 

а т ы н д а ғ ы 

орта 

мектеп-


те 

дәстүрлі 

« М е к т е п к е 

жол»  акциясы 

өткізілуде.      Ак-

ция 


барысында 

көмекке  мұқтаж  отба-

сы балаларының тізімдері жасалынды. 

Баланың  мектепке  қажетті  заттарын 

алуға  материалдық  көмек  көрсету 

мақсатында демеушілер тартылды. 

Жеке  кәсіпкер  Г.Толқумбаева  

7  оқушыға  мектепке  қажеттінің 

барлығын алып беріп, 150 мың теңгеге  

демеушілік көрсетті. Төле би ауылдық 

округі  бір  оқушыға  мектепке  қажетті 

барлық керек жарақтарын алып беріп, 

қуантты.  Мектеп  ұстазы  К.Алибаева 

бір  оқушыға  оқу  құралдарын  сыйға 

тартты.  «Мектепке  жол»  акциясы  ба-

рысында 50000 теңгеге мектеп дирек-

торы Қ.Иманқұлова,  мектеп ұстаздары 

мен  қызметкерлері    Г.Сыдыкова, 

С.Қадырымбетова, 

А.Адильбаева, 

Р.Тлеумбетова, Б.Құрманғалиева және 

ата-аналар А.Досжанова, А.Омарқұлов 

демеушілік көрсетті.  

«Мектепке  жол»  акциясы  ба-

рысында    көмек  қолын  созып, 

оқушыларға қуаныш сыйлаған, жүрегі 

жылы  ізгі  жандарға  алғысымыз 

шексіз!


К.ЕГЕШЕВ,

С.Шәкіров атындағы орта 

мектептің  әлеуметтік педагогы.

  * * *   

2

1




жүктеу 372,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау