Мазмұны кіріспе нарықТЫҚ экономика жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру негіздері


«ЮЖНЕФТЕГАЗ» АҚ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ



жүктеу 0,73 Mb.
бет2/3
Дата17.11.2017
өлшемі0,73 Mb.
#732
1   2   3

2. «ЮЖНЕФТЕГАЗ» АҚ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ

2.1 «Южнефтегаз» АҚ тарихы мен қызметінің қысқаша сипаттамасы


«Южнефтегаз» акционерлік қоғамы жекешелендірудің екінші сатысы шеңберінде «Мемлекет иелігінен шығару және жекешелендіру туралы» ҚР Заңына сәйкес «Южнефтегаз» өндірістік бірлестігінің негізінде 1994 жылдың 13 мамырында бекітілді. «Южнефтегаз» АҚ қызметі Құмкөл кен орнында мұнай өндіру мен өңдеуге негізделген. Өнеркәсіптік пайдалануға кен орны 1990 жылдың мамырында жіберілген.

«Южнефтегаз» АҚ бастапқы жарғылық қоры бір акцияның атаулы құны 20 теңгені құрайтын 90959820 теңгені құрады, және ол келесідей түрде үлестірілген:

жарғылық қордың шамасының 10% артықшылығы бар акция түрінде қайтарымсыз негізде еңбек ұжымына берілген;

жарғылық қордың шамасының 90% қарапайым акция түрінде мемлекеттік пакетті құрады, ол толық көлемде «Мұнайгаз» Мемлекеттік холдингтік компаниясынының жарғылық қорының иелігіне, пайдалану мен басқаруға жария ету құқығысыз (билік ету құқығысыз) берілді.

Кейіннен, 1995 жылдың 9 маусымындағы мемлекеттік мүлікті басқару бойынша ҚР Мемлекеттік Комитетінің қаулысы негізінде «Мұнайгаз» МХК- дегі мемлекеттік пакеті кері шақырылып мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Қызылордалық территориялық комитетке берілді.

«Қараөзек» шаруашылық серіктестігінің құрылтайшыларының хаттамасына сәйкес, мемлекеттік мүлік бойынша ҚР Мемлекеттік комитетінің шешімімен «Қараөзек» ЖШС – і құрылымдық бірлік ретінде заңды тұлға құқықтарында «Южнефтегаз» АҚ құрамына кіргізілген. Осыған байланысты Қоғамның жарғылық қорына өзгерістер енгізілген, ол бір акциясының номиналды құны 20 теңге болатын 91460480 теңге мөлшерінде анықталған.

1996 жылдың 15 тамызындағы мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитетінің қаулысына сәйкес «Южнефтегаз» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті халықаралық тендерде өткізу үшін жекешелендіру бойынша ҚР мемлекеттік комитетіне берілді.

1996 жылдың 28 тамызында жекешелендіру бойынша ҚР комитетімен ұсынылған ҚР үкіметі мен «Харрикейн Кумколь ЛДТ» Кº арасында «Южнефтегаз» АҚ акцияларын сатып алу – сату бойынша Келісімге қол қойылған.

«Южнефтегаз» АҚ өнімі болып мұнай өнімдеріне (бензин, мұнай отыны, мазут, керосин) деген қажеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған шикі мұнай табылады.

«Южнефтегаз» АҚ- ның келесідей өндірістік құрылымы бар:



  1. Негізгі өндіріс:

  1. мұнай мен газ өндіретін цех (МГӨЦ);

  2. мұнайды дайындайтын және қотаратын цех (МДҚЦ);

  3. қабатты қысымды ұстап тұратын участок (ҚҚҰТУ);

  4. орталық инженерлік-техникалық қызмет (ОИТҚ);

  5. қабаттарға мұнай беруді арттыру бойынша және скважиналарды капиталды жөндеу бойынша басқарма (ҚМБАБ және СКЖБ);

  1. Қосалқы өндіріс:

  1. орталық ғылыми-зерттеу лабораториясы ( ОҒЗЛ);

  2. өндірістік қызмет көрсету базасы (ӨҚКБ);

  3. құрал-жабдықты іске қосу мен электрмен қамтамасыз етудің прокатты-жөндеу цехы (ҚЖІҚ мен ЭҚЕПЖЦ);

  4. дефектоскопия участогы;

  5. отттегін шығару және жеткізу бойынша участок;

  6. кондиционерлерді, сауда-технологиялық және мұздату құрал-жабдығын жөндеу және қызмет көрсету бойынша участок;

  7. Құмкөл цехындағы ЖС және К (жылу, су және канализация);

  8. Қызылорда қаласындағы ЖС және К цехы;

  9. автоматика және байланысты өндірістік басқару (АЖБӨБ);

Аталған саланың ерекшелігі мұнда өндіріс үрдісі үздіксіз болып табылады.

Жасап шығарудың басынан бастап кен орнының эксплуатациялық қоры 278 скважинадан 357 скважинаға дейін өсті, ол жобалық санның 46,3%-ын құрайды, оның 258-эксплуатациялық, 57–басушы, 2-газдық, 3-бақылаушылық, 15-сумен қоршалған, 20-барлаушылық, 2- жоюшы.

Материалдық базасын күшейту және өмірдің әлеуметтік деңгейін арттыру мақсатында 2000-2003 жылдарға әлеуметтік сфера объектілерінің құрылысы бойынша шаралар жасап шығарылған.

«Южнефтегаз» АҚ негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері 1-кестеде көрсетілген.

Кестеде көрсетілгендей, 2005ж. тауарлық өнімнің шығарылуы 2004 жылдағы шығарудың 99,2% -ын құрады, яғни 5191005 мың теңгеден 5150543 мың теңгеге дейін төмендеді. Бұның себебі электроэнергияны бермегендіктен жылдың басында тоқтап қалулардың себебінен шығарылатын мұнай көлемінің төмендеуі табылады. Осылайша, 2004ж. 19944,7 мың тонна, ал 2005ж. 1930,8 мың тонна өндірілді. 2005 жылы 1857 мың тонна мұнай өндіру жоспарланған болатын, ал нақты түрде 1930,8 мың тонна өндірілді, ол жоспарланғаннан 4% жоғары, мұның себебі мұнай өндіру үшін нақты енгізілген скважиналардың саны олардың жоспарлы көлемінен асып түсті.

2005 жылғы жұмыс істейтіндердің саны 1300 адамды құрады, 2004 жылмен салыстырғанда 325 адамға көбейді, және мұнда өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың саны 301 адамға көбейді. Жұмысшылар мен қызметкерлердің санының артуы ҚЖІК мен ЭҚЕПЖЦ, МДҚЦ, ҚҚҰТУ жаңа қондырғыларын енгізумен байланысты жаңа жұмыс орындарын құрумен түсіндіріледі.

Қазіргі уақытта кәсіпорында жалақының қорын мемлекеттік реттеу ретінде әлеуметтік салық орын алады. Біз байқағандай, жалақының мөлшері еңбек көрсеткіштерінің сапалық өзгерістерімен байланысты емес, ал жалақының өзін құрайтын сандық көбеюімен байланысты.

2004 жылы НҚ бастапқы құны 2294920 мың теңгені құрады, ал қалдық құны 1644519 мың теңге болды, яғни тозу 650401 мың теңгені құрады. НҚ тозу коэффиценті 28,3%-ға тең болды. 2005 жылы «Южнефтегаз» АҚ НҚ құны игерілген капиталы салымдары, оның ішінде жаңа скважиналарды енгізу және құрал-жабдықты сатып алу есебінен 43%-ға өсіп, 3271806 мың теңгені құрады. 2005 жылы НҚ тозу коэффиценті 20,9%-ды құрады, яғни 2004 жылмен салыстырғанда 7,4%-ға төмендеді.

1-кесте. 2004-2005 жж-ғы «Южнефтегаз» АҚ негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері


Көрсеткіштер


Өлшем бірлігі

2004 жыл

2005 жыл

Ауытқулар

-; +


2004 ж-ға

2005 ж- ға %



1. Тауарлық өнім

мың тг.

5191005

5150543

- 40462

99,2

2. Мұнай өндіру көлемі

мың тн.

1944,7

1930,8

- 13.9

99,3

3. Мұнайдың тауарлық көлемі

мың тг.

1930,2

1914,7

- 15.5

99,2

4. Жұмысшылардың саны

адам

975

1300

325

133

оның ішінде ӨӨП

адам

808

1109

301

137

5. Еңбек өнімділігі

мың тг.

6424,5

4644,3

- 1780

72

6. Орташа айлық жалақы

теңге

45756

74807

29051

163

7. Негізгі қор құны

мың тг.

2294920

327806

-1967114

143

8. Негізгі қорлар тозуы

мың тг.

650401

683807

33406

105

9. Негізгі қордың қалдық құны

мың тг.

1644519

2587999

943480

157

10. Негізгі қордың тозу құны

%

28,3

20,9

- 7,4

73,9

11. Қор қайтарымдылығы

теңге

2,26

1,57

0,69

69,4

12. Қор сыйымдылығы

теңге

0,44

0,63

0,19

143

13. Қормен жарақтануы

мың тг.

2840,2

2950,2

110

104

14. Тауарлық өнімнің өзіндік құны

мың тг.

3103556

3607432

503876

116

оның ішінде материалдық шығындары

мың тг.

2456235

2256120

-200115

91,8

15. Материал сиымдылығы

теңге

0,47

0,44

- 0,03

93,6

16. Тауарлық өнімнің 1 теңгесіне кететін шығындар

теңге

0,59

0,70

0,11

118,6


17. Өткізілген өнім өндірісіне кеткен шығындар

мың тг.

3604931

2820744

- 784187

78,2


18. Өнімді өткізуден түскен түсім

мың тг.

5159885

4794277

- 365608

92,9

19. Өнімді өткізуден түскен табыс

мың тг.

1554954

1973533

418579

126,9

20. Басқа да өткізуден түскен пайда

мың тг.

627771

612054

- 15717

97,5

21. Өткізу операцияларынан тыс түсетін пайда

мың тг.

-2166

402290

404456

-

22. Баланстық пайда

мың тг.

2180559

2452627

272068

112,5

23. Өткізілген өнімнің рентабельділігі

%

43,1

69,9

26,8

162

2005 жылы НҚ әрбір теңгесі тауарлық өнімнің 1,57 теңгесін түсіретін, ал 2004 жылы қор қайтарымдылығы 2,26 теңгеге тең болды. Осылайша, 2005 жылғы қор қайтарымдылығы 2004 жылдың деңгейімен салыстырғанда 69,4%-ды құрады. Мұны тауарлық өнім көлемінің 2005 жылы 0,8%-ға төмендеуімен, ал НҚ құны 43%-ға өскендігімен түсіндіруге болады.

НҚ пайдалану тиімділігін қор сыйымдылығы көрсеткішінің көмегімен түсіндіруге болады, ол 2004 жылы 0,44 теңгені, ал 2005 жылы тауарлық өнімнің 1 теңгесіне НҚ-ның 0,63 теңгесін құрады. Осылайша, қор сыйымдылығы 43%-ға артты, ол аталған өндірістің негізгі қорлармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілу қажеттілігін білдіреді.

Еңбектің қор жарамдылығы ӨӨП-дың бір жұмысшысына 2840,2 мың теңгеден 2950,2 мың теңгеге артты, яғни 2004 жылмен салыстырғанда 4%-ға артты, мұның себебі НҚ құнының 43%-ға өсуі және ӨӨП жұмысшылары санының 37%-ға көбеюі.

Қор жарамдылығының өсуіне қарамастан, талдау кәсіпорынның НҚ жеткілікті түрде тиімді пайдаланбайтындығын көрсетеді, ол материалды-техникалық қамсыздандыру, және де өнім өткізу сияқты қызметтердің кемшіліктерімен байланысты.

Өнімнің өзіндік құны 2004жылы 3103556 мың теңгені, ал 2005 жылы 3607432 мың теңгені құрады, яғни өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар 16%-ға өсті. Материалдық шығындар 2004 жылғы 2456235 мың теңгеден 2005 жылы 2256120 мың теңгеге дейін азайды, ол алдыңғы жылға қарағанда 8,2%-ға төмен.

Осылайша, тауарлық өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар 2004 жылғы 0,59 теңгеден 2005 жылы 0,70-ке дейін өсті, ол 2004 жылдың деңгейіне қарағанда 118,6%-ды құрады.

Өнімнің материал сыйымдылығы, яғни тауарлық өнімдегі материалдық шығындардың үлес салмағы 2004 жылы -47%, ал 2005 жылы - 44% болды, яғни 2003 жылмен салыстырғанда 3%-ға төмендеді.

«Южнефтегаз» АҚ тауарлық өнімінің жылдық шығарылуы оны өткізудің жылдық шығарылуымен сәйкес келмейді. Кәсіпорын өнімнің бір бөлігін өзінің мұқтажына, сонымен қатар өндірістік және құрылымдық бөлімшелердің мұқтажына жұмсайды.

Осылайша, 2004 жылы өнімді өткізуден түскен түсім 5159885 мың теңгені, 2005 жылы 4794277 мың теңгені құрады, ол өткен жылдың деңгейінен 7%-ға төмен. Өндірілген өнімді өткізуге кеткен шығындар сәйкесінше 3604931мың теңге және 2820744 мың теңгені құрады, яғни 2004 жылмен салыстырғанда 21,8%-ға төмендеді.

Өнімді өткізуден түскен түсім мен оның өндірісіне кеткен шығындар арасындағы айырма өнімді өткізуден түскен пайданы сипаттайды. Соңғысы 2004 жылы 1554954 мың теңгені, 2005 жылы 1973533 мың теңгеі құрап 26,9%-ға көбейді, ол мұнайға деген бағалардың артуына байланысты. Осыдан шыға отырып, өткізілген өнімнің рентабельділігі 2004 жылы -43,1%-ды, 2005 жылы – 69,9%-ды құрады.

Басқа да өткізулердің нәтижесі 2005 жылы 612054 мың теңгені, 2004 жылы 627771 мың теңгені құрады, ол 2005 жылдың деңгейінен 2,5%-ға көп.

Осылайша, 2004 жылдың баланстық пайдасы 2180559 мың теңгені, ал 2005 жылы 2452627 мың теңгені құрады (өткен жылдың деңгейінен 112,5%).

Қызмет етудің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдаудан келесідей қорытындылар жасауға болады: «Южнефтегаз» АҚ негізгі қорлары жұмыс істеп тұрған жеткілікті түрдегі тұрақты кәсіпорын, және ең қызықтысы, пайдалы (шығындардың 1 теңгесі 0,69 теңге пайда әкеледі) және өзін-өзі қаржыландыру мәселелерін өзі шеше алады.

2.2 «Южнефтегаз» АҚ жұмысшылардың еңбек ақысын ұйымдастыруды талдау
«Южнефтегаз» АҚ басқармасы мен жұмысшылар арасындағы еңбек, әлеуметтік-экономикалық және кәсіби қатынастарды реттеу кәсіподақ комитеті өкілі болып табылатын АҚ еңбек ұжымы мен АҚ басқармасының атынан шығатын президент арасындағы Ұжымдық Келісім арқылы жүзеге асырылады, және ол АҚ құрамына кіретін барлық құрылымдық бөлімшелер үшін бірегей болып табылады. Ұжымдық Келісім өз күшіне қол қойылған күннен бастап енеді және жыл бойы жарамды болады.

«Южнефтегаз» АҚ жұмысшыларының еңбек ақысын төлеу қаражаттарының көзі болып компания қаражаттары табылады. Тұтыну қорының мөлшері АҚ басқармасы туралы Ережемен және Қазақстан Республикасының заңдық актілерімен анықталады.

Тұтыну қоры еңбек ақы қоры мен таза пайдадан тұрады. Еңбек ақыны төлеу қоры бойынша 840230 мың теңге жұмсалды, ал жоспарлысы 739402 мың теңге болатын. Еңбек ақы қорын төлеу қорының шығындалуы 100828 мың теңгені құрайды, ол жоспарда көрсетілмеген жұмыс орындарының ашылуымен түсіндіріледі.

Еңбек ақы төлеу қорынан төленетін ораташа айлық жалақы – 53861 теңгені құрайды, ал таза пайдасы – 20946 теңге.

Орташа айлық жалақы өнеркәсіптік-өндірістік персонал мен өнеркәсіптік-өндірістік емес персоналдың арасында келесідей үлестіріледі: еңбек ақы төлеу қорынан - 87% және сәйкесінше 13%, таза пайдадан -85% жзәне 15%. Мұнда айта кететін бір жайт, өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың саны жұмыс істейтіндердің жалпы санынан 85% құрайды.

Өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысы 81222 теңгені құрады, өнеркәсіптік емес персоналдыкі - 37560 теңге, ол өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысының 46% құрайды, яғни өнеркәсіптік емес персоналдың еңбегі төмен бағаланады. Әкімшілік-басқару персоналының орташа айлық жалақысы – 97919 теңге (ӨӨП жалақысының 120,5%).

2 –кесте – «Южнефтегаз» АҚ бойынша 2005 жылғы жұмысшылардың орташа айлық жалақысы


Цехтар

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам

Орташа айлық жалақы , теңге

1. МГӨЦ

121

71706

2. МДКЦ

58

66423

3.ҚҚҰТУ

177

65786

4.ҚМБАБ және СКЖБ

67

69788

5. АЖБӨБ

123

63456

6. ҚЖІК мен ЭҚЕПЖЦ

80

63291

7. Құмкөл цехындағы ЖС және К

60

58776

8. Қызылорда қаласындағы ЖС және К

50

56974

Барлығы

736

64525

2-кестеден көрініп тұрғандай, жұмысшылардың санында пластты қысымды ұстау цехының үлес салмағы ең үлкен -24%, содан кейін автоматика және байланыстың өндірістік басқармасы – сәйкесінше 17% және 16%, ал жылу және сумен қамтамасыз етудің және канализация цехының үлес салмағы ең төмен (6,7%). Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы - 64525 теңге, өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысының 79,4 %, ал ӨАБ жалақысының 65,8%. Ең жоғары жалақы мұнай мен газ өндіру цехында байқалады (71706 теңге) және ол жалақысы кесімді нысанда төленетін және еңбектің ең күрделі және қиын жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылар жұмыс істейдітіндігімен түсіндіріледі.

Жұмыс уақытының қорын пайдалануды талдау 3-кестеде көрсетілген.

Бұдан көрініп тұрғандай, жұмыс уақытының номиналды (календарлы) қоры (календарлық күндердің саны мен жылдағы календарлық жұмыс күндерінің арасындағы айырма) 2005 жылы 328900 адам-күнін құрады, ол 2004 жылғымен салыстырғанда 82300 адам-күнге көп және ол жұмысшылар санының көбеюімен түсіндіріледі.

3-кесте – «Южнефтегаз» АҚ 2004-2005 жылғы жұмыс уақытының балансын пайдалану



Көрсеткіштердің аты

өлшем бірлігі

2004 жыл

2005 жыл

Орташа тізімдік саны ..............................

адам

975

1300

Календарлық күндердің саны

адам/күн

355875

475800

Календарлық жұмыс емес күндерінің саны...........

 

110175

146900

Календарлық жұмыс күндерінің саны.......

 

245700

328900

Белгілі бір себептер бойынша жұмысқа келмеу...........

 

27037

45770

Жұмыс уақытының жоғалтулары...........

 

526

303

Нақты түрде жұмыс істегені............

 адам /сағат

218137

282827

Жұмыс уақытының орташа ұзақтығы........

сағат

8,2

8,2

Жұмыс уақытының нақты ұзақтығы.........

 

8,15

8,17

жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау