Мазмұны кiрiспе I тарау



жүктеу 0,54 Mb.
бет2/2
Дата27.12.2019
өлшемі0,54 Mb.
#25023
түріСабақ
1   2

Жеке пәндердi оқыту барысында оқушылардың ұжымдық

iс-әрекетi арқылы саналылыққа тәрбиелеудiң жолдары.

Саналы тәртiп оқушылардың дұрыс жүрiс-тұрысына, сабақты еркiн үлгеруiнен туындайды. Ол оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыруға да септеседi. Оны жетiлдiрудiң жолдары көп. Мысалы: қоғамдық пайдалы еңбек, мектеп жұмысының режимi, оқушылардың өзiн-өзi басқаруы, тәрбиешiлердiң тәрбиеленушiлерге қоятын күнделiктi талаптары мұндай тәртiптiң маңызын арттырады. Саналы тәртiп жүйелi сенiм қалыптастыруға берiк адамгершiлiк дағдылар мен оңды мiнез-құлыққа тәрбиелеуге бетбұрыс жасайды.

Әр сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда баланы саналы тәртiпке тәрбиелеуде – мектептегi ұйымдарының, оқушылар комитетiнiң, мектеп басшыларының, сынып жетекшiлердiң, ата-аналардың, жұртшылықтың алдында мектеп реôормасына сәйкес орасан жұмыстар тұр. Оны iске асырудың толып жатқан жолдары бар, соның iшiнде ең бастысы қоғамдық орындарда, мектептен тысқары жерледе өзiн-өзi ұстай бiлмейтiн, қатты дауыстап сөйлейтiн, үлкенге орын бермейтiн, өздерiне айтылған ескертпелерге құлақ аспайтындарды тiзiмге алып, олармен тәлiм-тәрбие жүргiзудi қолға алу.

Оқушыларға арналған ереженiң саналы тәртiпке тiкелей қатысы барлығын, қызмет барысында аңғарылады. Бұл ережеден шәкiртер тәртiбiнiң көптеген қыр-сырын аңғартатын нұсқауларды оқуға болады. Шәкiрттердiң дұрыс түсiнiп қабылдауына, өз мiнез-құлқын қалыптастырудағы компасындай көрiнуiне ықпал ету.

Оқушыларды саналы тәртiпке тәрбиелеу оқыту процесiнде де жүзеге асады. Бұған ”кiм жақсы оқытса, ол тәртiнке де бағындыра бiледi” деген К.Д Ушинскийдiң сөзi толық дәлел.

Мұғалiм оқыту процесiнде әр түрлi әдiстердi қолданып, оқушылардың сабаққа белсендiлiгiн, сол арқылы еңбек тәртiбiнiң ырғағын арттырып,балалардың ұсақ - түйекпен айналысуына мүмкiндiк бермейдi. ´з қызметтерiмiзде соны қолдану саналы тәртiпке негiз болады. Бұл үшiн әр мұғалiм күнделiктi сабақтарына тиянақты даярланып, теорияны өмiрмен, тәжiрибенi iспен байланыстыра жүргiзу. Оқушылардың әр сабаққа назарын аудару үшiн көрнекi және техникалық құралдардды тиiмдi пайдалану.

Бастауыш сыныптың мұғалiмi пәндердi әр бiр тақырыпқа қосымша материалдарды тиiмдi пайдалануда, әдiстемелiк материалдарға қатысты техникалық құралдарды кеңiнен қоланады.

Балаларды саналы тәртiпке тәрбиелеуде мұғалiмнiң iскерлiгi, шыдамдылығы мен табандылығы басты роль атқарады. Әр түрлi жағдайда мұғалiм өзiн салмақты, мәдениеттi ұстай бiлсе, бұл да оқушыларға үлкен әсер етедi. Егер ол беделсiз болса, онда сыныптағы тәртiп те нашарлайды. Сынып жетекшiсi сабақты жақсы берумен шектелмей, қоғамдық жұмысқа белсене араласса, жұмысқа жан-тәнiмен берiлсе балалар ұжымы да, педагогикалық ықпал да өз негiзiн табады. Оқушылардың жақсы ұстаздарына елiктеп сол мамандықты қалауының сыры да осында болса керек.

Орынсыз жұмсақтық, оқушы не айтса соны iстеу мұғалiм беделiн түсiрiп тастайды, мектептiң де, ұжымның да тәртiбiн нашарлатып жiбередi. Оның дұрыс жолға қойылмауы мектептегi оқу – тәрбие, еңбек жұмысына керi әсер етедi. Сондықтан кадр мәселесiне педұжым жауапты қарайды.

Сынып жетекшiлерi мен оқушылар арасындағы берiк байланыстан ұйымшылдыққа аңғарылса, саналы тәртiпке тәрбиелеу iсi де жемiстi болатынын аңғарамыз.

Бұл орайда сынып жетекшiлер С. Мұхамбетжанова, Д. Құспанова, Р. Батырғожина - өзiндiк мол тәжiрибе жинақтағандар. Олар ”Бастауыш сынып оқушыларынының мiнезiндегi ерекшелiктер”, ”Тәртiптi оқушы деп кiмдi айтамыз?”, ”сабақты қызықты етiп өткiзу”, ”әдептiлiк әлемiнде”, ”әр сабақты ұжыммен өту”, ” егер жолдасыңның қылығы терiс болса? ” деген тақырыптарда әңгiмелер мен диспуттар өткiздi.

Оқушы көп уақытын үйде өткiзедi. Ондағы уақытта тиiмдi пайдалана бiлетiн ата-аналар балаларының сабақ үлгерiмi мен тәртiбi ойдағыдай деуге болады. Бұдан кей балалардың тәртiпсiз болуы, сабақты үлгере алмауы ата –аналарына байланысты деуге де болады. Балалардың тәртiпсiздiгiн жуып- шайып, мұғалiмдi кiнәлайтын отбасыдан ”қиындар” шығады. Мұндай ата –анамен мектеп арасындағы қайшылықтар баланың сабақтағы тәртiбiне, мiнез - құлқына керi әсер етедi.

Оқушыларды саналы тәртiпке тәрбиелеу сынып ұжымының қалыптасу дәрежесiне де байланысты. Тәжiрибе көрсеткендей, мектептегi паралель (қатар) сыныптардағы оқушылардың тәртiбi, оқу үлгерiмi, сабаққа қатысы, қоғамдық жұмыстарға араласуы, әр түрлi. Мысалы: сыныптағы 25 оқушының 10-ы оқу екпiндiсi, ұжым ұйымшыл, тапсырылған iске жауапты қарайды.

Оқушыларды саналы тәртiпке тәрбиелеу тек сынып жетекшiсiнiң немесе пән мұғалiмiнiң жұмысы ғана емес, ол – сынып ұжымының, ата – аналардың, қоғамдық ұйымдардың, әр бiр мұғалiмнiң абыройлы iсi.

Тәрбие оқудан ажыратылмайды . Мектеп беделi ең алдымен сабақтарда көтерiледi. Оқу сабағы, граматика сабағы, математика сабағы - ұдайы тәрбиелеу. Тәрбие сәттерi сабақ үстiндегi мұғалiмнiң сұрақтары, оқушының жауаптары, мұғалiмнiң iс-әрекетi оқушының iс-әрекетi сияқты дағдылы жұмыстармен ұштасып жатады.

Оқушының оқуы – оның ең басты еңбегi. Сондықтан балаларды оқыту методикасы – оларды тәрбиелеудiң де методикасы.

Жеткiншек оқушы еңбегiнiң нәтижелерi оның көңiл – күйiн, оқуға деген ынта – ықыласты меңгерiп өз тетелестерiнiң, арасында өзiн - өзi ұстана, сезiне бiлуiн айқындай түседi.

Әлбетте, сабаққа деген ынта, оқу материалын iрiктеуге де байланысты. Оның өзi балаларды күнделiктi өмiрде өздерiн толғандырып жүрген нағыз алуан түрлi проблемалар: достық пен жолдастық, еңбекке, адамдарға, табиғатқа, сынып, мектеп, елiмiз өмiрiндегi оқиғаларға қарым - қатынас туралы ой толғай алуы үшiн қызғылықты жанды және әр түрлi болуы тиiс. Бұлар туралы сәтi түскенде ғана емес, сабақ сайын айтылуы керек. Мұндай адамгершiлiк әңгiме - сұқбат үшiн (мейлi қысқаша болса да ) себеп әрқашан табылады.

Еңбеккер азаматты тәрбиелеу керек… бұл – мектеп реôормасының негiзгi бағыттары, осы заманғы мектептiң алдына қойып отырған аса маңызды мiндеттердiң бiрi. Еңбек сүйгiштiкке, құштарлыққа және оқи бiлуге тәрбиелеудiң пәрмендi шараларының бiрi өзiнiң оқу iсiнде баланың иабысқа жетуi жолындағы күйiнiшiн, бiлмегенiн бiлуге, икемсiздiктен iскерлiкке талпыну жолындағы қуанышты сезiнуiн, былайша айтқанда өзiнiң - күш жiгерiнiң мәнi мен нәтижесiн сезiнуiн қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау.

Сабақты ұйымдастырып, балалармен жұмыс iстегенде олардың (мiндеттi түрде) қызметiн әр қайсысы табысқа қанаттандыратын күштi сезiнетiндей етiп, басқаруға талпындыру.



Ана тiлi пәнiнен

Қай заманда болсын әр халық өзiнiң ұрпағын жан –жақты жетiлген, адамгершiлiк жағынан жағымды, мiнез - өнегелерi қалыптасқан, еңбекшiл, үлкендi құрметтейтiн азамат болып өссiн деп армандаған. Бұл мәселенi жүзеге асыруда халықтың ғасырлар бойы бай қазынасы мен аңыздары, мақал – мәтелдерi мен жұмбақтары ұрпақ тәрбиесiнiң пәрмендi құралы болады.

Осы бастауыш мектептегi ана тiлiмiздегi өнегелi сөздер жас ұрпақты елiн, халқын сүþге, бiрлiкке шақыру, үлкендi сыйлау, т.б. өсиеттерi әлi күнге дейiн тәлiм – тәрбиелiк мәнiн жойған жоқ.

Қазақ халқымыздың ана тiлi келешек жас ұрпақты тәрбиелеу, өмiрге дайындау сол халықтың арман мүддесiнен, тәрбие дәстүрiмен байланысты туып, өсiп, өркендеп, дамып, ұрпақтан ұрпаққа жетiп отырған. Демек, бiр де бiр адамзат қоғамы өзiнен бұрынғы аға буынның ақыл ойын, тәрбиелiк тәжiрибесiн пайдаланбай өмiр сүрген емес.

Қазақтың ғұлама ағартушы демократтары: ( Ш. Уалиханов Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев), қазақ зиялылары ( А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов т.б) ұрпақ тәрбиесiн көңiл көзiнен таса қалдырмай, еңбектерi мен шығармаларын балаларға, оның болашағына арнағаны баршаға аян.

Келешек жас ұрпақ елiн, жерiн сүйетiн, азаматтық, адамгершiлiк қасиетi мол, бiлiмдi де парасатты ата- баба әдет ғұрпын, салт – дәстүрiн бойына сiңiрген шымыр да шыныққан азаматты тәрбиелеудiң алтын дiңгегi ана тiлi десек, оның iшiндегi белгiлi ақын жазушыларымыздың балаларға арнап жазған таңдаулы шығармалары бар.

Ана тiлi – балалардың дүниетанымын кеңейтiп, ойын өрiстетiп, тiл байлығын жетiлдiредi. Көркем сөз өрнегiн бала құлағына құйылып, көкiрегiне сәуле түсiредi, сөйтiп халық қазынасының әуендiк үнiнен нәр алады. Ана тiлi пәнiнде ұжым арқылы кiшiге қамқорлық, үлкенге көмек, еңбектi құрметтеу, достық пен инабаттылық адамгершiлiк үлгi-өнеге, өмiрмен тәрбиелейдi.

Ана тiлiндегi жырлар, әңгiмелер, олардың жан дүниесiне әсер етiп ұлттық көзқарасын қалыптастырады. Бастауыш сынып ана тiлiндегi ”Бiр уыс мақта”, ”Әке мен бала”, ”Мақтақыз бен мысық”, ”Асыл шөп”, ”´рмекшi, құмырсқа, қарлығаш” т.б шығарма, әңгiмелер жас ұрпақты еңбек етуге шыдамдылыққа, сабырлыққа, төзiмдiлiкке баулыса, ”Екi жолдас”, ”Бай баласы мен жарлы баласы”, т.б әңгiмелерiнде адамгаршiлiкке, достыққа, тапқырлыққа, зеректiкке тәрбиелейдi.

Бастауыш сыныпта ана тiлi пәнiнде мұғалiм оқушыларды туған жерге, елiне, еңбекшi адамдарға, сүiспеншiлiкке тәрбиелеу үшiн пайдаланатын материалдар бар. Онда сонымен қатар балалар достығы мен жолдастығы туралы, әлсiз немесе қайғыға тап болған адамдарға көмектесу туралы, адамдармен қарым - қатынаста қалайша қамқоршы және сезiмтал бола бiлуге болатындығы туралы әңгiме қозғауға мүмкiндiк беретiн мақалалар, әңгiмелер, тақпақтар да жеткiлiктi.

Әдеби оқуға арналған ”Әлiппедегi” қосымша материалдар да мұғалiмге оқушыларды адамгершiлiкпен ұжымшылдық рухында тәрбиелеуге көмектеседi.

Ана тiлi пәнiнде балалардың адамдармен қарым - қатынастағы мейiрiмдiлiк пен әдiлдiк туралы, достық пен жолдастық туралы түсiнiгi тереңдей түседi. Сонымен қатар балалардың ортақ iске, өз ұжымының тағдырына деген жеке басының жауапкершiлiгi мен ұжымның әр адамның жеке басының тағдырына деген iлтипаты түрiнде көрiнетiн ұжымшылдық туралы түсiнiгiн қалыптастыруға баса көңiл бөлiнедi.

Бастауыш сынып ана тiлiндегi аса зор әсерлiлiк күшi арқылы бала тәрбиесiне ерекше ықпал етедi.

Мұғалiм алғашқы екi сыныпқа қарағанда үшiншi сыныпта балалар назарын белгiлi бiр адамгершiлiк, саналылық қасиеттердi танытуға ғана аударып қоймай, сонымен қатар белгiлi бiр тиiстi: адамдардың қарым - қатынасындағы мейiрiмдiлiк пен әдiлеттiлiк деген не, жолдастық пен достық деген не, ұжымшылдық, ортақ iске жеке бастың жауапкершiлiгi деген не?. Деген сияқты ұғымдарды анықтау жолында жұмыс iстеймiз.

Мұғалiм ертегi, әңгiмелердi оқығанда дауыс ырғағы арқылы кейiпкерлер басындағы толғанысты ерекше бөлiп көрсетiп, өз назарын тыңдаушылар толғанысына аударады. Ол балалардан өзi шығарманың белгiлi бiр жерiн оқыған кезде олардың қандай сезiмде болғанын, әңгiменi еске түсiргенде қандай сезiмде болатынын сұрайды. Егер шығарма сынып ұжымына ерекше күштi әсер еткен болса, онда балалар оқығандарын тереңiрек сезiнуi үшiн талқылау жұмысын келесi сабаққа дейiн кейiнге қалдыра тұрған дұрыс.

Бастауыш сынып ана тiлiндегi әңгiмелердегi кейiпкелердiң мiнез - құлқын, олардың қылықтары ғана емес сезiмдерiн де, күйiнiш – сүйiнiштерiн, сондай – ақ олардың мiнез - құлқындағы өзгерiстердiң себептерiн оқушылардың сезiмталдық пен түсiнулеруне жетуге ұмтылу қажет. Ол себептердi қорытындылау баланың кейiпкерлер психологиясын мейлiнше терең түсiнiп , оның пiкiрiмен баға беруiндегi өрескел турашылықтан сақтандыруға мүмкiндiк туғазады.

Математика пәнiнен

Мектептiң маңызды мiндетi – баланы ынталы шығармашылық, iзденгiш ойға тәрбиелеу. Баланың миын дамытуға және нығайтуға, дүниенi бейнелендiретiн бұл айна әрқашан сергек, және қабылдағыш болуы үшiн қамқорлық жасау – педагогтың басты мiндеттерiнiң бiрi. Дененi жаттықтыру, қиыншылықты жеңу процесiнде бұлшық еттер қалай дамып, нығаятын болса, миды қалыптастыру мен дамыту үшiн де еңбек пен күш жұмсау қажет.

Оқушы ойланып, iзденiп, өзiне әлi де түсiнiксiз байланыстардың мәнiн ұғынуға тырысқан кезде олардың күшi ақылға айналады.

Есептердi шешудiң кiлтi әрқашан белсендi қызмет адам еңбегi болып табылады. Ой күштерiн жұмылдыру, заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты табуға ұмтылу арқылы бала белгiлi бiр жұмысты орындайды.

Сонымен бiрге халықтық педагогиканы пайдаланып,ата-бабаларымыздың жақсы дәстүрiн шәкiрттердiң бойына дарыту мақсатында халық ауыз әдебиетiн пайдалануға болады. Қазақ халқынынң мейiрiмдiлiгi, кең пейiлдiлiгi, сыпайылығы, көпшiлдiгi, сөзге берiктiгi туралы әңгiмелеу арқылы осы қасиеттердi шәкiрт бойына сiңiру, үлкендi сыйлау, кiшiге қамқор болу, әдептiлiктi биiк ұстау сияқты әдет-ғұрыпты үйретуге болады.

Бастауыш сыныпта оқушылар ұжымын саналылыққа тәрбиелеуде сабаққа қатысу белсендiлiгiн ұтымды сұрақтар қоþмен, проблемалық сәттер қалыптастыруымен, жаттығулар түрiн өзгертумен, қызықты есептер ұсынумен т.б арттыруға болады. Бұл жерде оқуды ойынға айналдырып алмау керек. Оқушыны сабақтың негiзгi мақсатын қарапайым түйiндеумен, қызғылықты құрылған әңгiмелесумен, тартымды ôактiлермен, құлшыныс тудыратын дидактикалық ойындармен ынталандыруға болады.

“´нер-бiлiм бұлағы” дейдi халқымыз. ´нердiң қай саласы болса да адамдарға рухани күш-жiгер берiп, ерекше қуаныш, сүйiнiш, толқу сезiмдерiн оятады.

Музыка пәнiнен

Бастауыш сынып оқушыларына музыкалық тәрбиеберу барысында мектепке белгiлi бiр жүйелi бағытпен музыка сабағы жүргiзiледi.

Бастауыш сыныптарда музыка сабағын қоршаған ортаның әсемдiлiгiн көрiп, естiп ажыратып, бағалай бiлуге арналған. Баланың музыка жайлы түсiнiктерiн анықтай отырып, музыканың алғашқы негiздерiмен, тарихымен таныстыра отырып, таным түсiнiгiн дамытып, музыкаға деген қызығушылығын арттыруға баулу қажет. Музыка туралы мағлұматты жүйелi меңгеру iскерлiк пен дағдының қалыптасуы, ең алдымен қайырымдылық, имандылық, адамгершiлiк сезiмнiң, музыкаға деген қызығушылығының, ýстетикалық талғамның дамуына бағытталу керек.

Музыка дегенiмiздiң өзi өмiрдiң бiр бөлiгi. Күнделiктi өмiрдiң өзi балаға музыка тiлiмен жетедi. Музыка арқылы бала тәрбиелiк және бiлiмдiлiк қасиеттердi бойына сiңiредi. Музыка баланың сезiмдерiне тiкелей әсер ете отырып, оның моральдық бейнесiн қалыптастырады. Музыка баланың жеке басының адамгершiлiк қасиеттерiн қалыптастыру үшiн қажеттi жағдайлар туғызады.

Мектептегi музыка сабағы тек қана музыка жайында мағлұмат берiп қана қоймай, сонымен қатар оқушыларға жоғары адамгершiлiк, имандылық , азаматтық қасиеттерге баулиды.


II ТАРАУ Бастауыш мектеп қазақ тiлiн оқытудың, ұйымдастырудың

өзiндiк ерекшелiктерi.

2.1 Ұжымдық iс-әрекетке тәрбиелеуде қазақ тiлi пәнiнiң

алатын орны.

Егемендi елiмiздiң өсiп келе жатқан ұрпағын ойлы да iскер, жiгерлi де батыл, өзiне-өзi сенiмдi, интеллектуалдық деңгейi биiк, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етiп тәрбиелеуде ұжымның алатын орны ерекше .

Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгi ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы, азамат етiп тәрбиелеу - ұжымда жүзеге асады.

Қазiргi өмiрдiң өзiнен туындап отырған “Тiл мәселесi” оны шешу жолдары және үзiлiссiз тәрбие негiзiнiң бастауы бастауыш мектептен басталады. Соның бiрi – баланы ана тiлiнде сөйлеуге үйрету қазақ тiлiнiң граматикасына, емлелерiн дұрыс жазуға баулу жүйелi жүргiзiлген мұндай жұмыс баланың ана тiлiнде дұрыс таза сөйлеу дағдысын қалыптастырады. Қазақ тiлi бұл баланың тiл байлығын, сөздiк қорын, ақылын, ой - өрiсiн, сөйлеу мәдениетiн дамытады.

Бүгiнгi жас жеткiншек – болашақ тiзгiнiн ұстайтын ел мен жер қамын ойлайтын ертенгi азамат. Сондықтан да оқушыларды бастауыш мектеп табалдырығын аттаған кезiнен бастап ана тiлiнде сөйлеп үйрету ұжым iшiнде жүзеге асады. .

Бастауыш сынып ұжымында оқушылар тек бiлiм алып қана қоймай, оларға халықтық педагогиканың нәрлi қайнарымен сусындату, әрбiр оқушы бойына ұлттық мiнез - құлық,, адамгершiлiк, сыпайлылық пен кiшiпейiлдiк қасиеттерiн қалыптастыруға, баланың жан дүниесiн рухани қазыналарымен байытуға, қазақ хақының әдет - ғұрпын, салт – дәстүрiн меңгертуге тәрбиелейдi .

Оқушыларды ұжым арқылы қазақ тiлi сабақтарын қазiргi заман талабына сай жаңа технология бойынша ұжымдық ойындар ойнату арқылы, мақал – мәтелдер, жұмбақтар арқылы саналыққа тәрбиелеймiз.

Жаңа ақпараттық технологияның негiзгi ерекшелiгi - ұжым оқушыларды шығармашылықпен, iзденуге, өз жұмысының нәтижесiн көрiп, өз-өзiне сын көзбен қарауына және жеткен жетiстiгiмен ләззәт алу арқылы тәрбиеленедi. Әсiресе қазақ тiлiн оқытуда жаңа ақпараттық технология қолдану өте тиiмдi болады.

Жаңа технологияда сабақтың дамыта оқыту техникасына:

а) оқушы ұжымының жұмысқа қабiлетiн

арттыру

ә) жас ерекшелiгiне сәйкес жұмыс

ұйымдастыру

б) диалектикалық ойлау қабiлетiн арттыру

түйсiн қабылдауын арттыру

в) оқушының еркiн қалыптастыру

г) тiл байлығын дамыту, сөйлеу

интонациясын жаттықтыру.

Кiшi жастағы мектеп оқушыларының жан-жақты есейiп, жалпы дамуына , олардың ақыл-ойы мен рухани байлығының еселеп жетiлуiне ана тiлi тiкелей әсер етедi. ´йткенi барша таным процесi сөйлеу арқылы жинақталып жалпыланады, яғни тiл арқылы түсiндiрiледi.

Қазақ тiлiн оқыту колданбалы ғылым ретiнде қарастырылады. Олай дейтiнiмiз, оқыту әдiстемесi оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда, сондай-ақ жас ұрпақтың ой-өрiсiн дамытуда, шын мәнiнде, аса қажеттi практикалық мiндеттердi жүзеге асырады. Оның негiзгi мақсаты оқыту нәтижесiнде оқушыларға ана-тiлi негiзiн тиянақты меңгерту болып табылады.

Қазақ тiлi сабақтарында, сынып ұжымымен жұмыс iстеуде дидактикалық принциптердi орынды пайлануды қажет етедi. Мұғалiм оқытады, үйретедi, тәрбиелейдi; оқушылар оқиды, үйренедi тәрбиеленедi. Осыған орай, аталған жақтардың өзiндiк мiндеттерi белгiленедi. Ортақ мақсат – терең бiлiм мен тәлiмдi тәрбиенi қалыптастыру.

2.2 Ұжымдық iс-әрекет арқылы саналылыққа тәрбиелеу

барысында 2 сыныпта қазақ тiлi пәнiнен орындалатын тапсырмалар жүйесi.

Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген бiлiмi мен машықтың қалыпқа түскен iскерлiк дәрежесiне байланысты. Ұлтты ұлт етiп дүниежүзiлiк деңгейге көтеретiн оның саналы да дарынды, талантты ұрпағы. Ал бiлiмдi ұрпақ,болашақ ел тiрегiн тәрбиелейтiн, оқытатын - ұстаздар екенi аян. Ендеше заман талабына сай оқыту, бiлiм беру, модернизация деңгейiне жеткiзу – бiздiң мiндетiмiз. Сондықтан балаға бiлiмдi қалай игерту, олардың сабаққа деген қызығуын арттыра түсу деген мәселе қазiргi күнi өзектi мәселелердiң бiрi болып отыр. Қазiргi таңда сабақтың көптеген типi мен әр түрлi технологиялары бiздерге белгiлi. Бiрнеше технологияларды сабақта қолданудамыз. Педагогикалық технологияға әрiптестерiмiздiң тарапынан көзқарастар әр түрлi. Әрине, пәннiң iшкi заңдылықтары мен өзiне тән қисынын терең дәрежеде меңгерген ұстаз ғана технологияның сыртқы пiшiнiн дәйектiлiкпен құрастыратыны сөзсiз.

Көптеген педагогтар К. Вазинаның ”Ұжымдық ойлау әрекетi” А.Границкаяның ”Оқытудың ыңғайландыру жүйесi” технологияларын өз тәжiрибелерiне қолданған.

Ұжымдық оқытуда оқу жаппай ұжым деңгейiнде жүргiзiлсе, жеке жұмыстан гөрi оқытудың көпшiлiкке бағдарлануы басым болады. Әрине, уақыт пен кеңiстiк мүддесiне сәйкес әр технология өз мiндеттерiн атқарады. Әрине, сол технологиялардың негiзiнде жаңа технологиялар туып отырады. Соның бiрi - бүгiнгi таңда белгiлi болып отырған проôессор педагогика ғылымының докторы Қараев Жауынбай Амантұрлыұлының дамытпалы оқыту жайлы педагогикалық технологиясы және де педагогика ғылымының кандидаты, модульдiк интерактивтi оқыту технологиясының авторы М.М Жанпейiсованың ”Модульдiк интерактивтi оқыту технологиясы оқу-тәрбиесi процесiнде” тақырыбы. Ол оқушылардың ойлау өрiсiн дербестiкке танып, iздену iс-әрекетiнiң әдiстерiн меңгеруiн талап етедi. Демек, бұл технологияның ұстаздардың күнделiктi жұмыста пайдаланып жүрген оқыту әдiстерiнен айырмашылығы бар.

Ж.Қараевтiң технологиясы ”оқушы мұғалiм” деген өзара тығыз байланыстағы қатынасты қарастырады. Бұл жағдайда бiрiншi орында оқушы тұрады және оның дербестiк қалпын сақтай отырып бiлiм алудағы белсендiлiгiне назар аударылады.

Жас бала не нәрсенi болса да бiлуге құмар, қызыққыш, қол мен ұстап, көзбен көргендi жақсы көредi. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан, әрбiр сабақта бұрыннан белгiлi мәлiметтердi қайталай бермей, оқытудың жаңа әдiс- тәсiлдерiн iздестiру қажет. Қазiргi сабақтың түрлерi сайыс, жарыс, ойын, кiрiктiру сабағы т.б өз нәтижесiн берiп жүр.

Мәселесi 2-сыныпта қазақ тiлi сабағынан ”Зат есiм” тақырыбын алайық. Бұрынғы дәстүрлi сабағымызда зат есiм дегенiмiз не, оның сұрақтары қандай, оның дара, күрделi түрi бар екенiне, жасалуына, деректi, дерексiз түрiне мысал келтiрiп,анықтамасын өзiмiз айтып түсiндiретiн едiк. Оқушылар бейжай отырып тыңдайды. Содан соң кiтаптағы жаттығуларды орындатумен шектелемiз. Қабiлетi мол, шапшаң,талапты балалар оны тез орындайды да әрi қарай бас отырады, ал үлгерiмi төмен балалар кейбiр жаттығуды жасап, кейбiрiне шамасы жетпей отыра бередi. Мұғалiм қабылдауы тез, талантты оқушыға әрi қарай iздендiретiн, ойландыратын жұмыс берiп талпындыру жағдайын қарастырмаймыз. Жалпы сынып ұжымымен жұмыс жасамайды. Ал проôессор Ж. Караев технологиясында Л. Выготскийдiң ”Оқыту үрдiсiнде оқушының ақыл-ойының дамуы”, ”өзектi даму аймағынан”, ”жақын арадағы даму аймағына ауысуы” туралы теориясы басты негiзге алынған. Мұнда, ең алдымен, сынып ұжымына және жеке оқушыға жаңа тақырыпты меңгеруiне қолайлы және қызықты тапсырмалар берiледi. Олар ”сұрақ-жауап” диалогы түрiнде берiлiп, оқушылардың дербестiк қалпы мен танымдық iс - әрекетiн дамытуға бағытталады. Бұл оқушыларды жаңа тақырып бойынша заңдар мен ережелердi өздiгiнен қорытуға және анықтамаларды қарастыруға жетелейдi.

Бастауыш сыныптан бастап математика, ана тiлi, қазақ тiлi, дүниетану пәндерiнен сынып ұжымына деңгейлеп тапсырмалар берiп оқушыларды қалыптастыру. Ж. Қараевтiң ”деңгейлеп саралау” технологиясы таңдалды, жаңа оқулықтағы тапсырмалар да осы технологияларға негiзделiп берiлген. Деңгейлiк тапсырмалар оқулықтағы жаттығуларға қосымша 1,2,3,4 деңгейде берiледi. Бұл технологияны сабақта қолдануда мынадай тиiмдi жақтары бары байқалды.



  1. Оқушы өз бетiмен жұмыс жүргiзуге дағдыланады.

  2. Жеке дара қабiлеттерi айқындалады.

  3. Оқушылар нақты өз деңгейiнде бағаланады.

  4. Даму мониторингi айқын көрiнiп отырады.

  5. Сабаққа деген қызығушылығы артады.

  6. Бүкiл сынып ұжымын қамтиды.

Сонымен бiрге мұғалiмге қиындық келтiретiн жақтары да жоқ емес.

Бiрiншiден, сабақтағы уақытты тиiмдi пайдалана отырып, оқушы тапсырмаларын тексерiп үлгеру керек, сонымен бiрге оқушының жiберген қателiктерiн түсiндiрiп үлгеру керек, себебi ол келесi деңгейге көтерiлуi үшiн келесi тапсырманы дұрыс шығаруы керек, бүкiл сыныпты тексерiп шығу ауыр.

Дегенмен жүйелi жұмыс нәтижесiнде, қай оқушы қанша жаттығу жазды, қай деңгейдiкi анықтап белгiлеп, кiмге көмек керектiгiн анықтау арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткiзуге болатыны аңғарылады.

”Бiр сарынды және бiр бағытта ұзақ жүргiзiлген iс-әрекет бала өмiрiне шексiз зиянын тигiзедi. Сондықтан, әсiресе бастауыш сыныптарда оқыту барысында әр түрлi оқыту әдiстерi мен ôормаларын алматыра отырып қолдану керек”, - дедi

К.Д Ушинский.

Бүгiнгi қоғам талабына сай бiлiмдi де, саналы да, тәрбиелi азаматтарды тәрбиелеу бiлiм беру жүйесiнiң басты мақсаты болып табылады. Сол үшiн де мектептерде, соның iшiнде бiлiм негiзi қаланатын бастауыш сыныптарды оқу мен тәрбие сапасын арттыру қашан да назардан шыққан емес. Осыған орай, әр пәндi соның iшiнде бастауыш сыныпта қазақ тiлiн оқытудың ғылыми дәрежесi неғұрлым жоғары болуын, ғылым негiздерiнiң берiк игерiлуiн, тәрбие жұмыстарының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар жүргiзiлуде.

Бастауыш сыныпта қазақ тiлiн оқытуда оқушылардың шалағай меңгеруiн жоþ, оқу үрдiсiн сапалы ұйымдастыра отырып,оқушы белсендiлiгiн артыру мұғалiмнiң әдiстемелiк шеберлiгiнде екендiгi сөзсiз.

К.Д Ушинский: ”… өз сабағына барлық оқушыларды тарта бiлуi, белсендiлiгiн оята бiлуi мұғалiмнiң көрсеткiшi”, - дедi.

Бастауыш сынып оқушыларының бiлуге деген ынтасы мен ммүкiндiгiн толық пайдалану және оларды оқу үрдiсiнде үздiксiз дамытып отыру, сабақ барысында алған бiлiмдерiн практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшiн әр сабақта ұжыммен жұмыс iстеу үшiн оларды саналыққа тәрбиелеуде қазақ тiлi сабағында ойын түрлерiн пайдаланудың орны ерекше.

Ойын – бала әрекетiнiң негiзгi бiр түрi. Ойын арқылы адам баласының белгiлi бiр буыны қоғамдық тәжiрибенi меңгередi, өзiнiң психикалық ерекшелiктерiн қалыптастырады. Бала ойын үстiнде дүниетанудағы өз мүмкiншiлiгiн сезiну мен қатар айналасындағы адамдар мен олардың әрекетiне көңiл аударады, заттың iшкi мазмұнын бiлгiсi келедi. Балалардың қиялын, ойлауын, сөйлеуiн дамыту үшiн түрлi ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәнi бар. Сондықтан ұстаздар мен ата –аналар бұл ойындарды белгiлi талапқа сай ұйымдастырылып отырулары қажет.

Ойын тапсырмалар түрлерiн 1-2 сыныптарда әр мұғалiм күнделiктi жұмысында дидактикалық ”деректiден – дерексiзге, жеңiлден – ауырға, жақыннан – алысқа” дегендi негiзге ала отырып, бiрте-бiрте күрделендiре жүргiзуiне болады, ойынды сынып оқушылары ôонетиканы толық меңгерiп, жазу тiлiн дами iстей бiлуге дағдыландырады. Сыныптағы оқушылардың ойланғыштық, iзденiмпаздық қабiлеттерiн арттырады. Сөз қорларын молайтуларына көмектеседi. Мұнымен қатар сабақ үстiнде ойын түрлерiн қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады, оған белсендi түрде қатысып, түсiнбегенiн түсiнуге мүмкiндiк туғызады. Сынып ұжым болып сабаққа белсендi қатысады.


  • Оқушылар 2 сыныпта қазақ тiлiнен:

”Дыбыс және әрiп”, ”дауысты дыбыс”, оның жуан және жiңiшке түрлерi. Дауыссыз дыбыс. қатаң , ұяң, үндi дауыссыз дыбыстар, олардың үндесуi және емлесi, буын және буын үндестiгi. Тасымал. Қазақ алôавитi – сынды сөздiң ôонетикалық құрамымен танысады.

Осы кезеңдi тиiмдi пайдаланған жөн. Сондықтан қай сабақта болмасын сынып ұжымына сай дайындалған көрнекiлiк пен жұмбақ, ребус т.б араластыра отырып ойын түрлерiн кеңiнен пайдаланған дұрыс. Сөзiмiз дәлелдi болу үшiн 1-2 сыныптарды қазақ тiлi сабағында ұжымдық iс-әрекет арқылы қолданылатын бiрнеше ойын түрлерiн көрейiк.




I.Жеке топтық жұмыс ôормасы.

Бақытты сәт“ ойыны.

Құрал-жабдығы:

1. Шарлар салынған қапшық немесе кiшкене бөшке.

2. Секундомер (сағат)

3. Ортақ бағалау парағы.

4. Ôишкалар.

5.¶й тапсырмасы (әр командаға 2 сұрақтан)

6.Конкурс тапсырмалары.


  1. Жауап үлгiлерi

Ойынның құру барысы

Сынып 2 командаға бөлiнедi, әр команданың өз Капитаны және атауы болады.



I гейм. “Бой сергiту“. Командаларға 10 сұрақтан берiлiп, оларды талдауға 5 минут бөлiнедi. Команданың бiр өкiлi жауап бередi, ал бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгi бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады.

II гейм. “Бөшкеден шыққан бас қатырғылар“. Команда мүшелерi бөшкеден (қапшықтан) нөмерлерi бар шарлар алып шығады. Жүргiзушi әр нөмiрге жұмбақ немесе сұрақ оқиды. ´з iшiнде талқыланған соң, команда капитандары жауап бередi.

III гейм. “Жұмбақтас“. Мұнда жүргiзушiнiң сұрағына жылдамырақ жауап берген команда ұтады. Егер жауап дайын болса, команда көк жалаушаны немесе қолын көтередi.

IY гейм “Сен-маған, мен-саған “. Командалар бiр- бiрiне 2 сұрақтан қояды (үй тапсырмасы).

Y гейм “Көсемдiкке ұмтылу “.Сұрақтарға барлық ойыншылар жауап бередi. Ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады. Ал ең көп дұрыс жауап берген (4-7) балаларөз командасына қосымша ұпай (өздерiне баға: 4-5 жауап – 4 балл - 4бағасын, 6-7 жауап – 5 балл -“5“ бағасын) алады.

Әрбiр дұрыс жауапқа команда 1 балл немесе ôишка (барлық ôишкалар бiр түстi) алады. Сабақ соңында барлық тапсырмаларға

берген жауаптарын қорыта келе, әр оқушыға жауап берген жауабы бойынша баға қойылады. Қорытынды шығарылады – жеңiмпаз команданы құттықтайды.

II.Оқыта үйрету ойындары

Бiр – бiрiне диктант жүргiзу.


1 2


3 4





Балалар 4 адамнан топтарға бөлiнедi. Әрқайсысына мәтiнi (диктант) бар кеспе берiледi (өтiлген тақырыптар бойынша). Кеспелер нөмiрленген (1, 2, 3, 4 ). Оқушылар мына сызбада көрсетiлгендей жұп- жұбымен отырады:
Б
1 3
2 4


1 4
3 2


1 2
3 4







алалар әр жұпта өз иәтiндерiн оқып, серiгiне жазғызады да, тексередi. Артынан жұптар серiгiмен алысады. Ойын барысында үш жұп құрамы алмасады.












Қатенi тап.

Сынып топтарға бөлiнедi, әрбiр топ тақырып бойынша тапсыпма алады:



  1. Бiр сурет салып, онда 1-2 қате жiберу керек (ненi бейнелейтiнi оқу материалының тақырыбына байланысты);

  2. Мәтiн құрастырып, онда бiрнеше сөз тастап кету немесе алмастыру, мүмкiн, тiптi мәтiн бойынша таратып шашу керек.

Ж

Òîïòû»


Òàºûðûáû
²àòåëåði 1.

2.



ұмыс 15-20 минутқа созылады. Сосын топтың барлық материалды қайталауына 7-12 минут уақыт берiледi. Қайталаудан кейiн топтар тапсырмаларымен алмасып, бiр-бiрiндегi қателердi тауып, түзетедi (оларды арнайы параққа жазады). Келесеi кезеңi – жаңа ғана жұмыс iстелген жеке тапсырма алады.


III. (Не? Қайда? Қашан?) оқыта үйрету ойыны
Қазақ тiлiнен 2 сыныпта сөз таптары бөлiмiн қорытындылағанда сынып ұжымымен ойнауға болады.

  1. Мұғалiм тақырып бойынша алдын-ала проблемалық сұрақтар даярлайды.

Сынып топтарға бөлiнедi әр команда екi , үш сұрақтан алады, мұнда екi сұрақ-тақырыптың негiзiн құрайтын, ал бiр сұрақ - проблемалық. Команда спикерi әрбiр ойыншының жұмысын қадағалайды. Кез келген команданың ойыншысы басқа топқа берiлген проблемалық сұраққа жауап бере алады.

Әр топтың дайындалып үлгеруiне қарай кезекпен командаларды тыңдаймыз.

Мұғалiм әр команданың жауабын бағалайды. Проблемалық сұрақты талқылауға командаға 5 минут берiледi. Команданың жауап беру уақыты да шектелуi тиiс.


  1. Қай буынды жоғалттым” ойыны. Бұл ойын бастауыш сыныпта әлiппенi үйрету кезеңiнде және буын тақырыбын өткенде сөздердi буынға дұрыс бөле бiлуге төселдiру үшiн қолданылады. ”Қай буынды жоғалттым” ойынына бiр буыны қалдырылып кеткен сөз парақшалары жасалынады. Ойын сабақты пысықтау кезiнде немесе сабақтан тыс уақытта сынып ұжымымен өткiзiледi.

2. ”Iзде, тап” ойыны. Ойын 2 сыныпта кiсi аттарының бас әрiппен жазылуы тақырыбын өткенде қолданылады.

Ойынға кiсi аттарына сай бас әрiппен және кiшi әрiппен жазылған бiрнеше буындар дайындалады. Әр бiр қалтаға 10 кiсiнiң атын құрап шығарылатындай бас әрiп, 10 кiшi әрiпкеспе буындары жәнет ойын бастаушы үшiн кiсi аттары толық жазылған кеспелер салынып қойылады.

Бұған сондай-ақ ”Қай буынды жоғалттым” ойынының кеспе буындарын қолдануға болады. Кеспе буындар мен сөз парақшалар төмендегiдей.

Са, Ша, Ро, Ра, Мұ, Са, Сә, Бо, Ду, Ай,

Ра, Ра, за , я, рат, мат, кен лат, ман, дар.

Кiсi аттары: Сара, Шора, Роза, Рая, Мұрат, Самат, Сәкен, Болат, Думан, Айдар.

Осы сияқты бiрнеше қалталар жасалады.

Ойын тәртiбi:

А) мұғалiм әрбiр партаға (2 оқушыға) бiр қалтадан таратып бередi. Олардың бiреуi бас әрiп буындарының бiреуiн, екiншiсi кiшi буын әрiп буындарын алады. Ал кiсi аты толық жазылған парақшалар мұғалiмнiң өзiнде қалады. Кiсi аттарының бас буынын алған оқушы оның бiрiн парта үстiне қояды. Екiншi оқушы парта үстiндегi буынға сәйкес келетiндей парақшаны iздеп тауып оның қасына қояды.

Ә) Мұғалiм сыныптағы оқушыларды екi топқа бөлiп өткiзуiне де болады. әр ойынға арналған парақшалар жеке-жеке қалталарға салынады. Жоғарыдағы үлгiге арнап жуан, жiңiшке болып келетiн ұқсас буындардан ойындар ұйымдастыруға болады.

Осындай ойындар үстiнде оқушылар тәжiрибе жасайды, себеп- салдарлық байнаныстар мен тәуелдiлiктi анық тауға тырысады. Олай болса, сабақта ойын түрлерiн тиiмдi пайдаланған жөн.

Бiз елiмiзге Джордж Соростық ашық қоғам институты “Сорос-Қазақстан ”қоры арқылы келген сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау–сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейiне сәйкес ойы шыдалып белгiлi бiр жетiстiктерге жетерi сөзсiз. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ойяту, мағынаны тану, ой толғаныс т.б. кезеңдерiнен тұзеледi. Бағдарламаны “ Бес жолды өлең”, “Венн көрсетуi “ , “ Еркiн жазу“ , “ Жұпта талқылау“ , т. б. әдiстерi бар. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушының танымдық белсендiлiгiн, сабаққа қызығушылығын арттыруға, өз бетiнше бiлiм алуға шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етiп, сабақтардың қызықты, жеңiл өтетiндiгiн, оқушыларды ұжыммен бiрлесiп жұмыс жасауға үйрететiндiгiн, бiлiмнiң тереңдiгi әрi тиянақтылығы арттатындығын байқауға болады.

Бала – балғын тал, ересек адам – бағбан. Бұл - әр халықты ғасырдан ғасырға әкеле жатқан қағидасы. Сондықтан баланың тiлге деген сүйiспеншiлiгiн ұжымда тәрбиелеп, бала жанын небiр жақсылық нәрiмен суару – оны өсiрушi, тәрбиелеушi әр бiр ұстаздың мұраты.

2.3 Сабақ жоспарының үлгiсi.

Қазақ тiлi 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыс түрлерiн пысықтау

149-153 жаттығулар



Сабақтың мақсаты: Бiлiмдiлiк:

Бiлiмдiлiк:

Дауыссыз дыбыс туралы алған бiлiмдерiн тиянақтауға,

қорытынды жасауға жағдай туғызу.

Дамытушылығы:

Алған бiлiмдерiн талқылау, бекiту арқылы өз ойларын еркiн жеткiзуге ахуал орнату, ой-өрiсiн, тiл байлығын дамыту.



Тәрбиелiк мәнi: Ұжымда өзiн-өзi тәрбиелеуге дағдыландыру.

Сабақ түрi: қайталау сабағы.

Сабақтың әдiсi: СТО технологиясын әдiс тәсiлдерi.

Сабақтың көрнекiлiгi: плакат, тiрек-сызба, куб, әрiп қиындылары, кiтаптар

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңi.

-Саламатсыңдарма балалар

-Қазiр қандай сабақ ?

-Сыныпта кiмдер жоқ ?



  1. Психологиялық дайындық.

  2. Көркем жазу.

Оқусыз бiлiм жоқ,

Бiлiмсiз күнiң жоқ.



Мұнда оқушылар дауыссыз дыбыстарды тауып астын сызады.

II Қызығушылықты ояту

  1. 1-5-ке дейiн санап, жұмыс тобын құру.

  2. Қатаң, ұяң, үндi дауыссыз, дауысты сөздерi жазылған қиындылар үстел бетiне қойылған. Әр топтың бiр мүшесi осы сөздердiң бiрiн таңдап алып, оқушылар осы сөздерге қатысты не бiлетiнiн топтастырады.






























Бiр оқушы тақтаға шығып қорғайды.



III. Мағынаны тану

  1. “Кубизм” стратегиясы бойынша жұмыс.“”

Куб қырларында: н-ң, қ-ғ, к-г, л-р, п-б Дауыссыздары жазылған. Әр топ өзiне берiлген тапсырманы топта талқылап, берiлген плакатқа мысалдар жазып, тақтаға шығып, жазғандарын оқиды, осы дауыссыздар жайлы бiлгендерiн айтады.

Сергiту сәтi.

Көрсетiлген суреттегi аңдардың қимылын оқушылар көрсетедi.



  1. Мәтiнмен жұмыс.

Оқушыларға мәтiн таратылып берiледi.

А) Мәтiндi iштей оқу, түсiнiксiз сөздердi түртiп алу () сирек – аз, алып –дәу, титтей- кiшкентай, үлкен-нән.

ә) Мәтiн не туралы? Қандай ат қоþға болады?

Б) Топпен жұмыс.

1-топ-Мәтiннiң мазмұнын баяндау

2-топ-Қарамен жазылған сөздердi дәптерге жазу, дауыссыз дыбыс түрлерiн ажырату

3-топ- Бес жолды өлең құрау

4-топ –ңКiтап-бiлiм бұлағың ýссе жазу

5-топ –Кiтап, алып сөздерiне дыбыстық, буындық талдау жасау.

YI Ой толғаныс

РАÔТ стратегиясы

А) Н-ң дыбыстарының атынан оқушыларға өтiнiш жазу, бiр оқушы шығып оқиды.

ә) Қорытынды

Бүгiн не iстедiңдер? Сабақ ұнады ма? Несiмен ұнады?

Б) Бағалау

¶йге 153-жаттығу
Сабақтың тақырыбы: Сан есiм.

Сабақтың мақсаты:

а) Бiлiмдiлiгi:

Оқушыларға сөйлем iшiнен сан есiмдi табу арқылы, сұрақ қоþға үйрету.

ә) Дамытушылығы: Сөз таптарын ажырата бiлуiн , сөйлем iшiнiң мәнiн терең ұғып, мағынасын аша бiлуге оқушылардың ойлау қабiлетiн, тiлiн дамыту.

Б) Тәрбиелегi : Оқушылардың логикалық ойлау сезiмiн оятып,

кiшiпейiлдiкке, адамгершiлiкке тәрбиелеу.



Сабақтың әдiсi: жарыс, ойын ашық айту.

Сабақтың түрi : тренинг сабағы.

Пәнаралық байланыс: математика , ана тiлi т.б.

Көрнекi құүралдар: ¶лестiрмелi қима қағаздар, ойыншықтар , ереже жазылған плакат.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi:

2. Жаңа сабақ

Бүгiн сабағымыз тренинг түрiнде өтедi. Тренинг сабақтың негiзгi мақсаты сендердi ұйымшылдыққа, топтасып жұмыс iстеуге баулып, ойларыңды бөлiсiп, ашық айтуға дағдыландыру.

-Ендi мен сендердi үш топқа бөлемiн .

1-топ-ңҚоржынң , 2-топ ңСандықң, 3-топ-ңҚобдишаң.

Ережемен таныстыру.

1.Тыныштық сақтау

2.Бiр-бiрiн тыңдау.


  1. Қол соғу

  2. Ойын ашық айту.

-Ендi , сабағымызды бастаймыз.

1-деңгей.

Қатаң дауыссыздар:

К , қ , п , с , т , ô , х , h , ц , ч , ш , ù .



Ұяң дауыссыздар:

б, в, г, ғ , д , ж , з.



¶ндi дауыссыз:

Н , л , м , ң , р , й , (у).

Мына сөздерге -ғыш, -гiш, -қыш, -кiш жұрнақтарының тиiстiсiн жалғап жаз.

Ұш, сор, ат , өшiр , бас , кес , сыз , сүрт , қыр , жырт , iл , отыр .



  1. Мына сөздердiң түбiрiн, қосымшаларын ажыратып бер:

Бүркiтшiлер, балықшы, құрлысшылар , орманшы, жұмысшылар, бишi, адамдар, өнерпаздар, жыршы, оқушылар, суретшi, әншiлер, тiгiншi.

  1. Мына әрiптерден 10сөз құрап жаз:

А , б , қ , д , з , ұ , л , м.

(қала , бұлақ , мұз, лақ , дала , ұзақ , бақа, дузақ , мал, мақұл).



2-деңгей.

  1. Төмендегi сөздерден жалқы есiмдi терiп жаз:

Астана , жайық , өзен ,Алпамыс , қала ,құс , Тараз , Ақтөс , мал, Алакөл , киiм.

  1. Жалпы есiмдi терiп жаз:

Көлiк, аң, ағаш, тау, Ертiс, балық, оқушы , Ақтөбе, Дана , шөп , қала, Торғай.

3. Кiм? Сұрағына жауап беретiн сөздердi терiп жаз:

Түркiстан, Дархан, Ақтау, Мөлдiр, Балқаш, Жомарт, Алатау, Ақнұр, Олжас, Зайсан, Әсем.

4. Мына сөздерге сұрақ қойыңдар:

Барады, отырады, қоздады, үрiктi, шығарды , үлкен, қызыл, кең, көк, парта, оқушы, дәптер, әншi.



5. Шығармашылық диктант.

(Кiм?) балаларды оқытады. (Не?) жапалақтап жауады. (Кiм?) сурет салады. (Кiм?) егiн егедi. (Кiм?) балаларды емдейдi.



6. ңСын есiм ң тақырыбына пысықтау үшiн тест.

1. Сын есiмнiң астын сыз:

Қызыл, жүгiрдi, жапырақ, бес, секiр.

2. Сын есiмнiң сұрақтарын белгiле.

Кiм? қайтты? қандай? қанша? не? қай? неғылды?


  1. Сын есiм сөздерiнiң астын сыз:

Аùы емес – тәттi,

Бос емес - қатты.



  1. Қандай? Сұрағына жауап беретiн сөздiң астын сыз.

Ораз қызық кiтап оқыды. Алыстан үлкен үйлер көрiнедi. Жирен ат кiсiнедi.

Сергiту сәтi:

Жалғыз саусақ тiптiде,

Ұстай алмас жiптi де.

Екi саусақ бiрiктi,

Ине қолға iлiктi.

¶ш саусағым орамды,

Жүгiртедi қаламды.

´нерлi екен он саусақ.

-Осы өлеңдегi заттың санын бiлдiретiн сөздi атаңдаршы?

-Жалғыз (Бiр) екi, үш, он.

Олай болса , бiздiң бүгiнгi сабағымыз - сан есiм.

Тақтамен жұмыс.

3-деңгей.

1.Оқулықтағы 401-жаттығу. (Ауызша)

402-жаттығу (Жазба) орындалады.

Тоғыз белбеу, қос жiбек

Екi мұрын,бiр шүмек.

(Көрнекiлiкпен жұмыс. Ережемен таныстыру.



3.Математикалық ойын есеп

Табақта он бес алма,

Қолымда төрт алма

Барлығын қосқанда,

Болады неше алма?

Екеуiн бердiм апама

Екеуiн алды атам да,

Екеуiн бердiм әке-шешеме,

¶шеуiн алды iнiм де

Нешеуi қалды өзiмде (10)



4. Мақал- мәтелдерден сан есiмдi табу.

1)Жiгiтке жетпiс өнерде аз.

2)Бiр күн дәм татқанға-қырық күн сәлем.

3)Мың қосшыға- бiр басшы.


Оқушыларды бағалау, мадақтау.

¶йге тапсырма: 403-жаттығу. Ереже жаттау.

Сабақтың тақырыбы: Зат есiм.

Сабақтың мақсаты: 1.Бiлiмдiлiгi : зат есiмнен алған бiлiмдерiн еске түсiрiп, кеңейту. Зат есiмдi сөйлем iшiнен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя бiлуге үйрету. Саутты таза жазуға дағдыландыру.

2.Дамытушылығы: Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс iстеуiн, алған бiлiмдерiн пайдалана бiлуiн дамыту.

3. Тәрбиелiгi: Оқушыларды табиғатты сүþге, ұйымшылдыққа, iзденiмпаздыққа, шығармашылыққа, жұмыс iстеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрi: Ойнайық та ойлайық

Сабақтың типi : Қайталау.

Сабақтың әдiсi: Ой қозғау, топпен жұмыс, көрнекiлiк, бес жол өлең, деңгейлiк тапсырмалар беру ,жұмбақтар шешкiзу.

Көрнекiлiгi: ¶лестiрмелi суреттер, тiрек сызба.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа дайындау.Сабаққа қажеттi құрал-жабдықтарын түгендеу.

II.¶й тапсырмасымен жұмыс. Сөйлемдердi сөз таптарына талдау. ¶й тапсырмасын қорыту.Тiрек сызба арқылы. Сөз таптары.

III. Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға даярлау, мақсат қоþ.

-Балалар, бiз бүгiнгi сабағымызда сын тұрғысынан ойлау әдiсi арқылы жұмбақтар шешiп, ойындар ойнап бұрынғы алған бiлiмдерiмiздi көрсетемiз, дамытамыз, толықтырамыз. Ендеше , қане. ңОйнайық та ойлайықң.



IY ңОй қозғауң кезеңi. Бұл кезеңнiң мақсаты,ойымызды ашып қозғап, осы бөлiм тапсырмаларын орындайық.

  1. Тапсырманы алып оқушыға оқыту.

Бiлесiңдер Кiм? Не? Деген сұрағын.

Сөйлемде ой иесi боламын.

Не iстедi? сұрағымен көркейемiн, толамын. (Зат есiм)

1-топ. Тағы қандай сұрақтары бар?

2-топ. Сөз ойлау.

3-топ. Не iстедi? Сұрағымен көркейту. (мин)

YI. ңМағынаны тануң кезеңi. Тапсырма алып оқушыға оқыту. Жұмбақ.

Барлық жемiн бiтеулей асайды,

Әйтсе де ұзақ жасайды. (Құстар)

YII. Оқулықпен жұмыс .Тақырыпты оқыту. 284жаттығу (ауызша)
С

1.Îéíàéûº òà îéëàéûº




абақ құрылысының жоспары

С

Îé ºîç¹àó



Ìà¹ûíàíû òàíó

Îé òîë¹àíûñ




Àäàì


Çàò åñiì


´ñiìäiêòåð

Æàíóàðëàð




абақ барысында шешiлген жұмбақ жауаптарын сызба нұсқада

пайдаланып, ой қорыту ережесiн шығару.



1
²½ñòàð


Êèiìäåð

Æåð , ñó






топ
. Құс туралы мақал –мәтел.

YIII. Бiздiң өлкемiзде қыстайтын құстар, оларға қамқорлық жайлы әңгiме.

IX. 3-тапсырма: Мен шегiнсем, шегiнiп

Мен керiлсем, керiлiп

Кетпей қойды жыраққа

Сөйлемейдi бiрақ та



X. 285- жаттығу. Тақтада орындау.

2-топ. Сөйлем құрап жазу.

3-топ. Ұнаған бiр сөздердi алып әңгiме жазу.

11. Әже, iнi сөздерi ненi бiлдiредi, қандай топқа жатқызуға болады? (Туыстық атаулар.)

12. Дәрiгер , жазушы, суретшi ненi бiлдiредi? (Мамандық атаулары).

13. 4- тапсырма: Қиналмай тауларды ,орманды,

Теңiздi дария топтарды,

Ауылды ,қаланы,халықты

Ойлап тап көтерген алыпты.



14. 5- тапсырма: 1-Жер-су атауларын атаңдар

2-Туған жер туралы мақал

3- Менiң ауылым (ойын құрау) сөйлем қуаласпақ


  1. Көктемде көгередi

Жазда жайқалады

Қыста томарланады. (´сiмдiк)

´сiмдiк түрлерiн атаңдар. ´сiмдiктiң қандай пайдасы бар?


  1. 286-жаттығу.

  2. ңОй толғанысң. 6-тапсырма:

Әрi гүлдi,әрi әдемi, әр түрлi

Әр адамда бар, тапшы қане ,тапқышым. (Киiм)



1-топ. Ойын сөз ойла, тез ойла. Киiм атаулары

2-топ. Ойын нТоптаман Киiмдердi топтарға бөлiп айту.(Бас , аяқ, iш, сырт, қыстық, жаздық, күздiк т.б.киiмдердiң түрлерi).

3-топ. ´лең құрастыру. Киемiн, жүремiн,

Жерiмдi сүйемiн.



  1. Тiрек сызба. Қандай жұмбақтар шештiк. Шешкен жұмбақтың шешулерiн атаңдаршы. Тiрек сызба бойынша алған бiлiмдерiн жинақтау, қорыту.

Зат есiмдердi топтау.

19. ¶й тапсырма: 287 –жаттығу

20 Оқушы бiлiмiн алған заттарын санату арқылы бағалау.

Қорытынды:

´скелең ұрпақтарды қоғам талаптарына және оның мүдделерiмен өмiр сүруге ана тiлi қазақ тiлiн сүþге тәрбиелеу мектептiң аса маңызды мiндетi.

Ұжым өзiнiң ең басты парызын әр адамның түлеп өсуiн қамтамасыз етуi тиiс. Басқа адамдардың игiлiгi жөнiнде пәрмендi қамқорлық жасау өзiнiң негiзгi қажетiне айналған жеке адамды

тәрбиелеуге тиiс. Мұның өзi бiздiң құрылысымызға iштей тән ұйымшылдық, демократиялық бастамаларға негiзделген бүкiл қоғамдық қарым-қатынастарды қайта құрыла басталған қазiргi заманғы кезеңде ерекше маңызды.



Бiз болашақ ұстаз-оқушылардың жан күйiн, олардың нақты қарым-қатынастарын , осы қатынастардың даму мүмкiндiгi мен болашағын көре және түсiне бiлген жағдайда ғана тәрбие ықпалы жемiстi болмақ.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. В.А Сухомлинский “Коллективтiң құдiреттi күшi” А.,1979

  2. В.А сухомлинский “Балаға жүрек жылуы“ А.,1976

  3. Т. А Ильина “Педагогика” А.,1977

  4. Макаренко “Нравственное воспитание школьников” М.,1969

  5. Н. В Савин “Педагогика” М.,1976 стр. 177

  6. Ш. А Амонашвили “Педагогикалық iзденiс” А., 1990

  7. М. И Кондакова “Краткий педагогический словарь пропагандиста” М., 1988

  8. В.А Сухомлинский “Методика воспитания коллектива” М.,1981

  9. А. С Макаренко “Ұстаздық дастан”

  10. А. Синицин “Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлiк” А.,

  11. Ж. Б Қоянбаев “Педагогика” А.,1992

  12. Ж. Б Қоянбаев, Р. М Қоянбаев “Педагогика” А., 2000

  13. Жарықбаев “Жантану негiздерi” А.,2002

  14. Қазақстан мектебi журн. N 7 2003

  15. “Бастауыш мектеп” журн. N2 2003

  16. “Бастауыш мектеп” журн. N7 2004;

  17. “Бастауыш мектеп” журн. N1 2004

  18. “Бастауыш мектеп” журн. N5 2004

  19. “Бастауыш мектеп” журн. N 6 2004

  20. “Бастауыш мектеп” журн. N 9 2003

  21. “Бастауыш мектеп” журн. N 12 2004

  22. “Бастауыш мектеп” журн. N 3 2004

  23. “Бастауыш мектеп” журн. N 8 2004

  24. М. М Жанпеисова “Модульдiк оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретiнде” А., 2002

  25. Н. К Крупская “Воспитать обùественника коллективиста”

Т.5 М.,1958
жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау