Мазмұны Кіріспе І тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы



жүктеу 1,52 Mb.
бет4/9
Дата14.12.2017
өлшемі1,52 Mb.
#4318
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ІІІ Тарау. «Бала – бала» жүйесінің әсер етуімен мазасыздану деңгейін төмендетуге бағытталған, арнайы ұйымдасқан коррекциялық- дамытушылық жаттығулардың, бастауыш сынып балаларының коммуникативтік үйренулерінің қалыптасуына әсер ететін эксперименттік зерттеулер.
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздану мәселелерінің теориялық бастауларында көрінетін эксперименттік қалануы.

Эксперименттік зертту келесідей міндеттерді шешуге бағытталған:

1. Бастауыш сынып оуқышыларының мазасыздануының көрінуін және себебін анықтау.

2. Бастауыш сынып оқушыларының құлығындағы мазасыздануды төмендетуге бағытталған комплекстік шараларды құру.

3. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануының төмендетуге бағытталған коррекциялық – дамытушылық жұмыстың тиімділігін тексеру.

Эксперимент Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 гуманитарлық-эстетикалық гимназия-мектебінде өтті.

Экспериментті үш кезеңнен өту көзделді: белгілеуші, қалыптастырушы және бақылаушы.
3.1 Бастауыш сынып жастағы балалардың деңгейінің көрінісіне бағытталған психодиагностикалық зерттеу белгілеу эксперименті.
Бұл кезеңдегі зерттеу экспериментінің мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының мазасыздану көріністерін және себебін, анықтау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер ұсынылады:

1. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануының көрінісіне психодиагностикалық зерттеу жүргізу.

2. Жоғарылаған мазасызданудың туындау себептеріне психодиагностикалық зерттеу жүргізу.

3. Мазасызданудың көрінісі мен мазасызданудың пайда болу себептері арасындағы байланыстың бар жоғын анықтау.

Эксперименттік жұмыс пен зерттеу процесінің өзін дұрыс құруда, бастауыш сынып оқушыларының күйін анықтап, белгілеп, қана қоймай, оның дамуында біршама болжам жасап, сонымен қатар балалармен жұмыс кезінде ұсыныстар беріп, соның негізінде коррекциялық бағдарлама құруға әбден мүмкін.

Балалардың мазасыздану көрінісін қарастыру үшін «Тейлордың мазасыздану деңгейін өлшеу» әдістемесі, «Филлипстің мектептегі мазасыздану тесті» әдістемесі қолданады.

Әдістеме мазасыздану деңгейін өлшеуге арналған. Ол 50 сұрақтан тұрады. Ол тізім немесе карточка ретінде берілуі мүмкін. Зерттелінушінің мазасыздануын білдіретін жауаптар саны есептеледі.

40 – 50 балл мазасызданудың өте жоғары деңгейде екенін көрсетеді, 25 – 40 балл мазасызданудың жоғары деңгейде екенін, 15 – 25 балл – орташа (жоғарыға бейім) деңгейде, 5 – 15 балл – орташа (төменге қарай) деңге йде, 0 – 5 балл мазасызанудың төменгі деңгейін айтады.

№1 кесте. Мазасыздану көрсеткіші





Өте жоғары мазасыздану көрсеткіші

Жоғары мазасыздану көрсеткіші

Орта (жоғарыға қарай) мазасыздану көрсеткіші

Орта (төменге қарай) мазасыздану көрсеткіші

Төменгі мазасыздану көрсеткіші

Зерттелінушілер саны, %

3%

40%

23%

32%

2%

Әдістемені жүргізгеннен кейінгі алынған нәтиже зерттелінушінің 43% өте жоғары және мазасыздану деңгейінің жоғары көрсеткіштерін көрсетті.

Содан кейін, бастауыш сынып оқушыларының мектеппен байланысты мазасызданудың сипаты мен деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін «Филлипстің мектептегі мазасыздану тесті» жүргізілді. Тест оқушыларға санауға болатын немесе жазбаша түрде ұсынылатын 58 сұрақтан тұрады. Әр сұраққа «Ия» немесе «Жоқ» деп жауап беру керек. Нәтижелерді өңдеу кезінде жауаптары тест кілтімен сәйкес келмейтін жауаптардың сұрақтарын бөледі. Кілтпен сәйкес келмейтін жауаптар - бұл мазасыздану көрінісі. Өңдеу кезінде саналады:

1. Барлық тест бойынша сәйкес келмейтін жалпы санды, егер ол 50% көп болса, баланың жоғарылаған мазасыздануын айтуы, ал егер 75% көп болса, жоғары мазасыздануды айтады.

2. Тестте белгіленген мазасызданудың әр 8 фактісіне сәйкес келген сандар.

Мазасыздану деңгейі бірінші жағдайдағыдай анықталады. Көбіне сол немесе басқа мазасыздану синдромдары (фактор) мен оның мөлшерін анықтайтын, оқушының жалпы ішкі эмоционалді күйі анализденеді. Әр синдромның (фактордың) сипаттамасы:

1. Мектептегі жалпы мазасыздану – мектеп өміріне қосылатын түрлі формамен байланысты, баланың жалпы эмоционалды күйі.

2. Әлеуметтік стресті уайымдау - әлеуметтік қатынасы (ең алдымен - құрбыларымен) даму бейнесіндегі баланың эмоционалді күйі.

3. Сәттілікке жетудегі структуралық қажеттілік балаға өзінің қажеттіліктерін сәттілікке, жоғары жетісткке жетуге дамуға мүмкіндік бермейтін жақсы емес, сәтсіз психикалық фон.

4. Өзін байқауға қорқынышты өзін ашумен емес, өзін басқаларға тапсырумен, өз мүмкіндіктерін демонстрациялау қажеттілігімен байланысты жағдайды эмоционалді уайымдау.

5. Білімді тексерудегі жағдайға қорқыныш білімдерді, жетістіктерді, мүмкіндіктерді тексеру (әсіресе көпшілік алдында) жағдайындағы үрейді уайымдау және кері қатынас.

6. Айналадағылардың үмітін ақтай алмай қалу қорқынышы – айналадағылардың берген бағасын ойлап, мазасыздану.

7. Стреске психофизиологияық қарсы тұруының төмен болуы - әсіресе, баланың стрессогендік сипаттағы ситуацияларға бейімделуі төмендететін психофихиологиялық организациялар.

8. Мұғаліммен қатынас жасауға қорқатынымен байланысты проблемалары – мектептегі әрекеттермен жағымсыз эмоциялық қарым – қатынасы бала үлгерімінің төмендеуіне әсер етеді.


№2 кесте. Мазасыздану көрсеткіші

р/с

Мазасыздану факторы

Зерттелінушілердің саны,

пайызбен



Мектептегі жалпы мазасыздану

14%



Әлеуметтік стрессті уайымдау

3%



Сәттілікке жетудегі фрустрациялық қажеттілік

7%



Өзін байқауға қорқыныш

18%



Білімді тексерудегі жағдайға қорқыныш

18%



Айналадағылардың күткендеріне сәйкес келмей қалу қорқынышы

27%



Стресске психофизиологиялық қарсы тұруының төмен болуы

18%



Мұғаліммен қатынас жасауға қорқатынымен байланысты проблемалар

14%

Бұл методиканы пайдалана отырып, біз мазасызданудың жалпы көрсеткіштерін емес, әр параметрді жеке алып қарастырдық, сондықтан біз үшін әр параметр ақпаратты болуы, және де белгілі бір жағдайды мазасызданудың пайда болу себептерін анықтауға мүмкіндік берді.

Бұл зерттеуді талдай келе, біздің байқағанымыз, бастауыш сынып балаларының мазасыздануларының жоғары факторы, көбіне, айналадағылардың жеткендеріне сәйкес келмей қалу қорқынышты болып шықты.

Сонымен қатар екінші сынып оқушыларының көбі мазасыздануларының жоғары екені анықталды.

№3 кесте. Мазасыздану көрсеткіші


р/с

Мазасыздану факторы

Зерттелінушілердің саны,

пайызбен



Мектептегі жалпы мазасыздану

14%



Әлеуметтік стрессті уайымдау

14%



Сәттілікке жетудегі фрустрациялық қажеттілік

20%



Өзін байқауға қорқыныш

7%



Білімді тексерудегі жағдайға қорқыныш

27%



Айналадағылардың күткендеріне сәйкес келмей қалу қорқынышы

34%



Стресске психофизиологиялық қарсы тұруының төмен болуы

20%



Мұғаліммен қатынас жасауға қорқатынымен байланысты проблемалар

20%

Талдау нәтижесінде мазасызданудың жоғарылауы айналадағылардың күткендеріне сәйкес келмей қалу қорқынышы факторымен байланысты екені анықталды. (Қосымша №2).

Сондықтан топтағы мазасызданудың пайда болу себептері «бала - бала» жүйесінің бұзылуынан деген ұсыныс жасалды. Жасалған ұсынысты дәлелдеу үшін социометриялық зерттеу жүргізілді.

Социометриялық тест топ мүшелері арасындағы өзара түсінушілік, эмоционалді байланысты диагностикалауға және келесідей міндеттерді шешуге арналды:

а) топтағы ұйымдасқан (үйлесімді) ұйымшыл емес жүйенің өлшеуге;

б) топ мүшелерінің мәртебесі бойынша симпатия антипатия белгілерін (лидерлер, жұлдыздар, шетте қалғандар) қарастыруға;

в) ресми емес мүдделердің басшылығымен топ ішінде құрылған құрылымдарды анықтау.

Бұл әдістеме аз уақытта топ ішіндегі қатынасты анықтап, соның әсерінен алынған нәтижелерді топтың қайта құрылуына, қызметінің тиімді және ұйымшылдығының жоғарылауына қолдануға болады.

Мазасыз балалар кез – келген оңды және солды таңдауларды саны болуы мүмкін екенін, әдістеме жүргізілгеннен кейінгі нәтижелер көрсетті (Қосымша №3). Әр топ мүшесі үшін таңдау көлемінен гөрі, топтағы өз орнына қанағаттану коэффициенті маңыздырақ:

Социометриялық зерттеудің көмегімен алынған нәтижелер социометрия түрінде ұсынылуы (Қосымша №). Осыдан, жүргізілген социометриялық зерттеудің нәтижесінде анықталды:

1. Мазасызданудың айқын көрінісіндегі балалар түрлі мәртебедегі орында болуы мүмкін және оңды, солды әр түрлі таңдау мөлшерін жасай алулары мүмкін.

2. Мазасызданудың айқын көрінісіндегі балалар көп жағдайда құрбылас топтарындағы өздерінің орындарына қанағаттанбаған.

Бұл эксперименттік зерттеулерден мынадай қорытынды шығаруға болады: бастауыш сынып оқушыларының топтағы мәртебелік орынға қанағаттанбауы мен мазасыздануларының көріністері арасында байланыс бар. Олай болса, бастауыш сыныптағы мазасыз балалар, олардың өзара іс - әрекеттерінің дамуына бағытталған құрылымдық тәсілдері, коррекциялық әрекетті қажет етеетінін белгілеуге болады. Мазасызданудың өзі адамға қолданылады – затты шектеулік, оларды ол, қиын өзіне жетіспеушілігі, оны ол өзінің қызметі мен басқа адамдармен өзара іс - әрекетте қолданады. Сондықтан оқушылардың қылығының, мазасыздануынан құтылу емес, коммуникативтік құралдарының қолдану аясының белсенді дамуына көзделеді.
3.2 Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануының төмендеуіне бағытталған коррекциялық – дамытушылық сабақтардың жүйесі. (қалыптастырушы эксперимент).
Бастауыш сынып оқушылар құлығындағы мазасыздануды төмендету мақсатында, мазасыз балалардың өзара іс - әрекет тәсілінің құрылымы дамуына, олардың жеке тұлға арасындағы қарым – қатынасының, сонымен қатар коммуникативтік үйренулерінің дамуына бағытталған, коррекциялы – дамытушы бағдарлама құруға талпыныс ждасалды. Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер ұсынылады:

1. Бастауыш сынып оқушыларының өзара іс - әрекетке белсенді баруға және жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін жағдайды өңдеуге бағытталған коррекциялы дамытушы – бағдарлама құру.

2. Бұл бағдарламаны сабақтағы білімдер жүйесіне кірістіру.

Қалыптасушы эксперименттің методологиялық негізіне мына кітаптар авторларының әдістемелік ұсыныстары пайдаланылады: Н. В. Клюеваның, Р. В. Косаткинның “Учим детей общению” Р. В. Овчарованың «Практическая психология в начальной школе» және В. В. Петрусиннің «Игры, обучения, тренинг досуг».

Жасалып жатқан жұмыс бірнеше бағытта болды.

Бірінші бағыт.

Педагогикалық кеңесте – мұғалімдерге баяндамалар оқылды:

1. «Бастауыш сынып оқушыларының топтағы мәртебелік орнына қанағаттанбаушылықтан туындайтын мазасыздануға байланыстылығы».

2. «Бастауыш сынып оқушыларының топтағы орнына қанағаттанбаушылықтан туындайтын мазасыздануға байланыстылығы».

Материалды мұғалімдерге баяндау барысында қарастырылып отырған мәселенің маңыздылығы көрсетілуі, сонымен қатар, бастауыш сыныпта бала мінез-құлығының тұрақсыздығының туындауының негізгі себептерінің бірі - мазасыздану екеніне көңіл аударуы. Жемісті жұмыс үшін, толық үйлесімді өмір үшін, масызданудың белгілі бір деңгейі қажет. Баланы азапқа салып әурелететін емес, оның қызметінде белсенділік тудыратын деңгей – құрылымдық мазасыздану деп аталады. Өз кезегінде бұзылған үрей дүрбелең, байбалам (паника) күйін тудырады. Ол оқу іс - әрекетінің шырқын кетіріп қана қоймай, жеке тұлғаның құрылымын да бұзады.

Балаға, өзіндік қасиетін қадірлеуге, өзінің күшіне сенімділігін сезіндіре алу жағдайын жасау – бұл үлкендердің балаға көмек берудегі негізгі мақсаты екенін мұғалімдерге жеткізіп көрсету талпынысы болды. Педагогикалық кеңесті жүргізу процесі барысында «мұғалімдер, бастауыш сынып оқушыларының топтағы мәртебесін орынға қанағаттануына байланысты туатын мазасыздану барын көрсететін, құрылымдық жксперименттің нәтижесімен таныс болды. Педагогтарға айқындалған топтағы балалармен жұмыс ерекшеліктеріне байланысты сұрақтар қоюларына мүмкіндік болды, сонымен қатар, балалармен жұмыс белсенділігін арттыратын, мазасызданудың төмендеуіне септігін тигізетін және сол немесе ситуацияда өзінің қулығын адекватты құруға көмектесетін ұсыныстар берілді. (қосымша №5).

Екінші бағыт арнайы моделденген ұжымдық жаттығулармен жүргізілген, коррекциялы – дамытушылық сабақтар жүйесінен өтетін үш кезеңнен тұрады:

І. Бағдарланған (2 сабақ)

ІІ. Құрылымдық (6 сабақ)

ІІІ. Бекітуші (2 сабақ)

Әр кезең негізгі блоктар бойынша жұмысты қамтиды.

1. Топтың үйлесімділігі, ұйымшылдығы, сабақ үстіндегі құлықтың ережелерін өңдеп шығару.

2. Басқа адамның және өзінің құндылығы туралы түсінікті дамыту, коммуникативті дағдыларды дамыту, адамдармен қарым – қатынастағы мәселені ұғыну, өзара іс - әрекет стратегияларының оңды,дұрыс қалыптасуы.

3. Шиеленісетін жағдайда, әрекеттер дағдысын қалыптастыру, өз мәселелерінің шешімдерін табу қалыптастыру, өз мәселелерінің шешімдерін табу тәсілдерін меңгеру, жеке тұлға арасындағы қарым – қатынас мативтерін ұғыну.

Сонымен қатар, бұл бағдарлама мазасыз балалардың өзін - өзі тануға, өзіндік бағалаушылықты жоғарылатуға, жеке тұлға арасындағы қарым – қатынас мативтерін дамытуға, өз күштеріне сенімділігін дамытуға, және де өзара іс - әрекет пен құлығында өзін жақсы қалыптастыруға бейімділікті жоғарылатуға бағытталған.

Бұл, баланы, күнделікті алдында тұратын міндеттерді шешуге, өзара іс - әрекетке белсенді кірісуге мүмкіндік беретін құралдармен қамтамасыз ету үшін қажет. Бастауыш сынып жасы мұндай жұмысқа лайық кезең болып табылады, өйткені мотивациялық ойлау жүйесі әлі қалыптаспаған және топтық психотерапияда құрылымдар үшін мүмкіншілік, жақсы өзгерістерге ашық.

Бұл бағдарлама 5 аптаға есептеліп 10 сабақтан тұрды. Сабақтар әлеуметтік психологиялық тренинг принципі бойынша еркін орналасып, қозғалуға болатын сынып кабинетінде жүргізілді. Олардың жалғасуы мектептегі бір сабақ уақытынан асқан жоқ. Жаттығулар аптасына екі рет өтті. Тренинг топ 15 адамнан құрылды. Әр балаға өзін көрсету, ашық болу және қателіктерден қорықпау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Бастауыш сынып балаларымен бағдарламаны жүргізгенде арнайы материалдың қажеті болмады: тек қана сурет салу және жазу үшін дәптерлер (үзіліс кезінде жүргізілгенде сақталды), түрлі – түсті қаламдар. Жұмыс ойын әрекеттері, топтың дискуссия әдісі «құлықты шынықтыру» проективті әдісі және психодиагностика элементтері көмегімен жүзеге асырылып отырды.

Бағдарлама мазмұны:

І кезең: - бағдарлаушы (2 сабақ)

1. Сабақ.

Мақсаты: топтың үйлесімділігі, ұйымшылдығы, оңды эмоционалды фонды құру, сабақ үстіндегі құлық ережелерін өңдеп шығару.

1. «Саламатсыздарма, мен танысқаныма қуаныштымын».

Жаттығу барысы. 3 минуттың ішінде әр қатысушы өзіне ат таңдап, визиттік – карточкаға фломастермен жазып ең көрінетін жерге қыстыруы. Содан соң 10 минут ішінде әр қайсысы дөңгелек бойынша «Саламатсыздарма, мен сіздермен танысқаныма қуаныштымын!» деген тіркесті айту қажет. Ары қарай өзінің аты мен өзі туралы бірнеше сөз айту қажет. Танысу кезінде басқалардың есінде қалуы үшін өзінің жекелік қасиетін айтуы керек.

Жүргізушіге кеңес: топта екі бірдей ат болмауы үшін танысу уақытында әрқайсысы орнында тұрып айтуға болады, талқылау дөңгелек бойынша жүргізіледі. Психологиялық талдау. Бұл тренингтік жаттығу қатысушыларды жұмысқа шындап кірісуге икемдейді (дәлдейді). Жай танысудың өзі де адам туралы көп мәлімет береді, адам туралы мәліметті есте сақтап үйрену қажет, тек сыртқы көрініске ғана зейін аударып қоймай, сөзінің мағынасын да түйіп алу керек.

2. Сабақта құлықтың ережелерін өңдеу.

Сабақ барысы: жүргізуші сабақтағы құлықтың ережелерін ұсынып, бұл ережелердің өзіне де қатысушыларға да тиісті екенін ерекше атап өтеді.

1. Қарым – қатынастың сенімділік стилі. Біздің топта, бір – бірімізге көбірек сенуіміз үшін «сен» деп айтуымыз қажет.

2. Дұрыс немесе қате деген жауаптар жоқ.

Дұрыс жауап - өз пікіріңді білдіретін жауап.

3. Өмірдегі жағдайды айтудың жасырындылығы (ананимность). Жаттығуды біреудің мінез – құлқын талқылау сабағы етіп жіберуге болмайды.

4. Қарым – қатынастағы шынайылық (адалдық). Жұмыс кезінде топта біз өтіліп жатқан туралы тек сезініп тұрғанымызды ғана айтамыз және де шындықты ғана. Егер адал және ашық түрде сөйлескіміз келмесе, онда біз үндемейміз. Ойлап тұрғанды емес, басқаны айтқанда, үндемеген жақсы.

5. Басқа – қатысушының сөз сөйлегенін оның, өзі сенен сұранбаса, бағалауға болмайды. Өтіліп жатқанды талқылауда топта біз қатысушыларды емес, тек олардың әрекеттері мен құлықтарын бағалаймыз. Біз «Сен маған ұнамайсың» деп айтамыз, оны «Сен маған қылық жасадың», «маған сенің мәнерің ұнамайды» дегенмен алмастырамыз.

6. Сабақтан тыс уақытта, бір – біріміз туралы сабақта білгенімізді және әр түрлі балалар өздерін қалай ұстайтындары туралыны талқылауға болмайды.

7. Сөйлегенді сыйлау. Қатысушылардың біреуі сөйлеп жатқан кезде оның сөзін бөлуге болмайды, біреуді қарату кезінде оның көзіне қарау қажет.

8. Өткенімізде белсенді қатысу, бұл, кез – келген уақытта топ жұмысына қосумен байланысты құлық нормасы. Біз өзімізді, серігімізді және жалпы топты белсенді қараймыз, сеземіз, тыңдаймыз. Біз өзімізге жағымсыз бір нәрсені тұйықтамаймыз. Біз көп жақсы эмоция салып, өзіміз туралы ғана ойлаймыз.

9. Топтың күнделікті құрылымы. Сабаққа ешкім кешікпеуі керек. Жүргізуші осы ережелердің бәрін жақсылап түсіндіріп, сұрақтанына жауап беруі қажет. Одан кейін қатысушылардың ұсыныстарын да талқылау керек. Барлық қатысушыларға сөз сөйлеу мүмкіндігі беріледі.

Ережелерді қабылдау ритуалы. Жүргізуші осы ережелерді сақтауға «салтанатты түрде уәде береді» және қатысушыларға да осылай істеу ұсыналды. Қатысушылардың берген уәделерін естеріне түсіріп, сабақтың басталу және аяқталу ритуалын ойлап табу ұсынылады.

3. «Желдер...соғады» ойыны.

Ойын барысы: жүргізуші «Желдер.....соғады» сөздерімен ойынды бастайды. Ойынға қатысушылар бірін – бірі жақсы тануы үшін, сұрақтар келесідей болуы мүмкін: «Желдер, кімнің шашы ашық түсті болса, соларға соғады» - барлық ашық түсті шаштар бір жерге топ болып жиналады. «Желдер кімнің...әпкесі бар болса, соған соғады», «Жануарларды жақсы көретінге», «Көп жылайтынға», «Достары барға» т.с.с. Әр қатысушыға сұрақтар қоюға мүмкіндік беріп, жүргізушіні міндетті түрде ауыстырып отыру қажет.

4. «Хоровод» ойыны.

Ойын барысы: Балаларға дөңгелек болып тұрып, бірін – бірінің қолдарынан ұстап, бір – бірінің көздеріне қарау, жай жымиіп күлу ұсынылады.

2. сабақ.

Мақсаты: топтың, ұйымшылдығы, топта келісіп жұмыс істеуге қабілеттілікті дамыту.

Уақыты: 40 минут.

1. Ойын «Жазу жазатын (печатная) машина».

Ойын барысы: «Қане тексерейік, топта біз жұмысты келісіп, жақсы істей аламыз ба. Машинаға, сендерге жақсы тонымен өлең немесе тақпақ үзінділерін жазылу процесін көз алдымызға келтіріп жасайық. Мысалға, «Алтын күн аспаны», «Әр қайсысы кезегімен бір әрібін айтады. («А-л-т-ы-н»). Сөз соңында бәрі тұрады, тыныс белгілерінде аяқтарын тақылдатады, қатар соңында - алақандарымен шапалақтайды. Ойынның бір шарты болады, кім қателессе ойыннан шығып, ортадан кетеді. Сонымен, бірінші қатысушы бірінші әріпті айтады, екінші – екіншісін және т.с.с. Тыныс белгілерін ұмытпаңдар. Бастаңдар. Ал, қазір кімнің жеңімпаз болып шыққанын анықтайыз. Рахмет, осымен ойын аяқталды.

2. «Оқиға құрастырамыз» ойыны.

Ойын барысы: жүргізуші оқиғаны бастаймыз «Ерте заманда......» келесі қатысушы жалғастырып, дөңгелек бойынша осылайша кетеді. Кезек қайтадан жүргізушіге жеткен кезде, ол оқиға сюжетін бағыттап, оны одан да ойланарлықтай етіп қызықтырады, және ойын жалғасады. Соңында, оқиғаны бақылап құрастыру, тапсырманы орындау қиын болды ма, осыны талқылауға салады.

3. «Хоровод ойыны».

Ойын барысы: қатысушылар дөңгелек бойынша тұрып, бір – бірінің қолдарынан ұстап, бір – бірінің көздеріне қарайды, жай ғана жымияды.

ІІІ кезең құрылымдық.

3. Сабақ.

Мақсаты: қатысушылар арасында кернеуді түсіру өзін таныту.

Уақыты: 40 минут.

Бірінші ойын «Сиқырлы сөз».

Ойын барысы: жүргізуші: Рахмет, өтінемін, сыпайы болыңыз, сіз сондай сыпайысыз, сіз сондай тамашасыз, сияқты айтылулар мен «сиқырлы сөздердің» маңыздылығын қатысушылардың естеріне салады. Қатысушылар естеріне салынған «сиқыры сөздерді» қолданып, дөңгелек бойынша бірін – бірі қарсы алып сәлемдесулері қажет.

Уақыт: 4-5 минут.

2. Менің “Менімнің” бөлшектері ойыны.

Материалдар: қағаз, фломастерлер.

Жүргізуші балаларға, жағдайға байланысты әр түрлі кезеңдерде олардың қандай болғандарын естеріне түсіруді ұсынады. Мұнда өзімен іштей диалог жүріп, өз «менінің» әр түрлі кескіндерін салуға тырысады. Оны символикалық түрде де істеуге болады. тапсырманы орындап болғаннан кейін қатысушылар сонымен қоса жүргізуші де, кезегімен суреттерін көрсетіп, онда не бейнеленгенін айтады. Балалар тапсырманы орындау қиын болды ма деген сияқты пікірлерімен алмасады. Жүргізуші суреттерді қатысушылардың немесе мұғалімдердің ешқайсысына көрсетілмейді деген шартпен жинап алады.

3. «Паравоз» ойыны.

Ойын барысы: балалар тұрып бір – бірінің иықтарынан ұстайды. Паравоз вагондарымен түрлі кедергілерді жеңіп, балаларды апара жатыр.

4. «Хоровод» ойыны.

Ойын барысы: қатысушылар шеңбер бойынша тұрып, қолдарынан ұстап, бір – бірінің көздеріне қарайды және жай ғана жымиып күледі.

4. Сабақ.

Мақсаты: басқаның әрекетіне деген зейінді дамыту және кері байланысты алуға деген қабілеттілік.

Уақыт: 40 минут.

1. Ойын тренинг «Таможня».

Ойын барысы: жүргізуші: басқа адамның мінез - құлығын талдауға, бақылауға, оның жөнін күйін түсінуді, үйренуге тәжірибе жүзінде көруге ұсынамын. Сонымен, біздің топ ұшақ рейсіне кетіп бара жатқан пассажирлер. Олардың бірі – контрабандист. Ол мемлекеттен өте құнды бұйымды алып өтпекші. (контрабандалық ретінде кішкене кәдімгі ілмек пайдаланылады). Сонымен, кімнің таможник болғысы келеді? Бұл ролді өзіне алған адам шығады. Топтағы қатысушының бірі қалауы бойынша ілмекті жасырып содан соң таможникті кіргізеді. Оның жанынан бір – бірлеп пассажирлер өте бастайды, ол кімнің контарбанданы әкелетінін анықтауға тырысады. Тапсырманы жеңілдету үшін, оған екі немесе үш мүмкіндік беріледі. Кейіннен таможниктің ролінде 2 – 3 қатысушы болғаннан соң жүргізуші олардан контрабандисті анықтау неге бағдарланғандарын айтып беруді сұранады.

2. «Ассоцияция» ойыны.

Ойын барысы: жүргізуші (топ қатысушылары бұл ролге өз қалауларымен шығады) шығады, басқа топ қатысушыларынан қалған біреуді ойланып қояды. Жүргізуші құрама одақ, яғни ассоциация бойынша топтың ойланып жасырғанын табу қажет. Ойын басталар алдында, жүргізуші, табушы, жүргізушіге оның сұрақтарының барлығы бірдей болуы керек немесе кімге ұқсайды. Жасырылған адам былайша түсіндіреді.



  • тәуліктің қай мезгіліне,

  • жылдың қай мезгіліне,

  • қандай ауа райына,

  • апта қай күніне,

  • кемпір қосақтың қай түсіне және т.с.с.

Тапрсырманы жасырылған адамның намысына тимейтіндей, намысын жерге таптамайтындай, ренжітпейтіндей етіп орындау керектігін ерекше есіне салу қажет.

3. «Хоровод».

Ойын барысы: қатысушылар шеңбер бойынша тұрып, қолдарынан ұстап, бір – бірінің көздеріне қарайды және жай ғана жымиып күледі.

5. Сабақ.

Мақсаты: басқа адамның қадірі туралы түсінікті дамыту және өз эмоциялық күйін шығару қабілеттігі.

Уақыт: 40 минут.

1. Ойын «Маңызды адамдар».

Ойын барысы: жүргізуші топ қатысушыларына өздеріне ең маңызды адам туралы айтып беруді сұранады. Ол осы шақта күнделікті араласатын болуы шарт емес. Бірақ өзінен бәрінен де қымбат, өзі білетін болуы мүмкін. Жүргізушінің өзі де өзіне маңызды адамдар туралы айтады. Жүргізуші топ мүшелерінің келесідей схема бойынша айтуды сұранады.



  • Олар кімдер?

  • Олар сіз үшін несімен қымбат, несімен маңызды.

  • Қазірде олар соған сондай жақын ба, егер әңгіме өткен шақ туралы болса.

  • Дәл қазір сондай мүмкіндік болса, олар оған бірнәрсе айтқысы келер ме еді (мысалға айтылмаған алғыс сезімі).

Егер топ қатысушыларының біреуі шынымен де өзіне қымбат адаммен сөйлескісі келген болса, гештальтерапиядағы «бос орындық» техникасын қолданып көруге болады.

2. Ойын «Сәлемдесу».

Ойын барысы: сәлемдесулермен алмасу – бұл адамның жылулығымен алмасу. Адамды қарсы алғанда біз ең алдымен, ойымен көзқараспен қарсы аламыз оның бар екеніне, біздің арамызда бар екеніне қуанышымызды сол немесе басқа формада білдіреміз. Әрине, осылай болады, егер біз өз сезімдерімізді білдіруге адал болсақ, өз әрекетімізде адал болсақ, қане әр түрлі формаларды қолданып көрейік бұл әр қатысушы барлық тұрғандарды жылы жүзбен қарсы алсын. Жүргізуші әр қатысушыға барып олар түрлі амандасулармен алмасады. Олар қолмен алысу, құшақтасу, шапалақтау, шаттанған леп, үнсіз көп мәнді көзқарастар т.б. болуы мүмкін. Ойланыңдар, жаңа серіктесті қалай қарсы алған жақсы, нақ сол адам үшін не жарасады. Содан соң талқылау өтіледі. Әр қатысушы өзін қалай сезінді, оған жеңіл болды ма? Қарсы алу, өзінің қарсы алуларына ол қандай сезімдерді салды.

3. Ойын «Сезімдер» тізімі.

Материалдар: парақ, қаламсап.

Ойын барысы: жүргізуші өмірде біз барлығымыз түрлі сезімдерді сезінеміз – жағымды, жағымсыз. Солардың аттарын естеріңе түсріңдер оларды екі бағанаға жазып қойыңдар: солға – оңды, оңға – кері, яғни жағымсыз. Тапсырмаға 5 минут беріледі. Содан соң жүргізуші біріншісіне ең жағымды сезімді және екіншісіне ең жағымсыз сезімді түртіп қоюды сұрайды. Қанша оң және қанша теріс еске түскенін сұрайды. Бұл тапсырманың диагностикалық мәні бар. Балада көп жағымды эмоциялар аталса бұл жақсылықтың белгісі, балаға көбірек қолдау қажет. Немесе ол балада жеке тұлға арасындағы қарым – қатынастың, көп негізсіз, жағымсыз тәжірибесі өткен. Мұндай жағдайда сұрау қажет, қандай ситуацияда жағымды сезім пайда болады.

4. «Хоровод».

Ойын барысы: қатысушылар дөңгелек бойынша тұрады, қолдарынан ұстап бір – бірінің көздеріне қарайды, жай ғана жымияды.

6. Сабақ.

Мақсаты: коммуникативтік дағдыларды дамыту, сезімдерін және мінездің түрлі кескіндерін саналы түрде ұғыну.

Уақыт: 40 минут.

1. «Арқа арқаға» ойыны.

Ойын барысы: жүргізуші топта күнделікті өмірде қол жеткізуге болмайтын қарым – қатынас тәжірибесін алу мүмкіндігі бар екенін айтады. Топтың екі қатысушысы бір – бірімен арқаларын сүйіп отырады да, сол жағдайға 3 – 5 минут бойы сөйлеп отыруға тырысады. Соңында өз сезімдерімен алмасады.

Жүргізуші сұрақ қояды:



  • бұл күнделікті ситуацияға ұқсас болды ма (мысалға, телефонмен сөйлесу), айырмашылығы неде;

  • сөйлеу оңай болды ма;

  • әңгіме қандай болды – ашығырақ болды ма әлде жоқ па.

2. Ойын «Монстр»

Ойын барысы: жүргізуші: «Біздің барлығымызда да кемшіліктер бар екенін мойындаймыз. Тобымыздың, шеңберіміздің ортасында бау – бақшада құстарды қорқытуға қоятын, сондай келісіңкіремеген – чучело тұр деп елестетейік, ол біз өзіміздің кемшілік деп есептейтін барлық сапаларға ие. Сонымен, егер біреуі өзінің әлсіздігін мойындаса, ол айтады: чучело әлде қандай кемішілігін айтады. Содан соң біздердің әрқайсысымыз айтылған сапалардың жаман емес жақтарын айтамыз, бірақ өзі айтқан кемшілігі туралы өзі жақсы жағын айтпайды. Жүргізуші қатысушылардың атағандарын жазып алады, өзі де чучелоның бір немесе бірнеше қасиеттерін айтады. Барлық қатысушылар айтып болған соң жүргізуші барлық жазып алғанын көрсетеді, ал балалар сол немесе басқа сапаны қандай жақсы жақтары барын айтады.

3. «Хоровод».

Ойын барысы қатысушылар шеңбер бойынша тұрып, қолдарынан ұстайды, бір – бірінің көздеріне қарап жай ғана жымияды.

7. Сабақ.

Мақсаты: Өзара іс - әрекет стратегияларының жағымды оң қалыптасуы.

Уақыт: 40 минут

1. «Не үшін жақсы көреміз ойыны».

Ойын барысы: айналадағылармен өзара іс - әрекетке түскенде, біз әдетте олардың бізге ұнайтынын немесе ұнамайтынын білеміз, аңғарамыз. Ереже бойынша, бұл бағалаушылықты біз адамның ішкі сапасымен байланыстырамыз, қане адамдағы қандай сапаны бағалап, қабылдайтынымызды анықтап көрейік. Тапсырма жазбаша түрде орындалады. Өзінің көптеген көріністері бойынша сізге ұнайтын бір адамды топтан таңдап аламыз. Осы адамның сізге ерекше ұнайтын 5 сапасын жазыңыз. Сонымен, ұнайтын адамның өзін жазбайсыз, яғни онын, тек бес сапасын жазасыз. Бастаңдар! Уақытарыңыз бітті. Енді, кезегімен өзіміздің сипаттамаңызды оқыңыз, ал біздер қай адамның мінездемесі екенін анықтауға тырысамыз. Қане кім бастайды?

2. «Көзі көр мен жетекші ойыны».

Ойын барысы. Өмірде адамдарға сенім артқан қандай маңызды! Бұл көбіне жетіспейді, ал содан біз көп нәрсе жоғалтамыз, өтінемін, тұрыңыздар көздеріңізді жұмып, бөлмеде түрлі жақтарға бірнеше минут бойы жүріңіздер. Осылай жақсы. Енді қалауларыңызбен жұп құрыңдар. Енді жұптағы біріңіз көзіңізді жұмып, екінші бөлмеде жетектеп жүреді түрлі заттарға тиюге мүмкіндік береді, басқа жұптармен соқтығыспауға көмектеседі, олардың қозғалысы бойынша белгілі бір түсінік беріп отырады. т.с.с. Сонымен, біреуі ашық көздерімен алдында тұрады. Екіншісі алдыңғының иығына қол созым жердей артында көзін жұмып тұрады. Қане, бастаңыздар. Жақсы, ал енді шеңбер жасап отырыңыздар, ойланып, айтыңыздар, кім өзін сенімді, берік, сезінуі, кімде серігіне толық сенім арту қалауы болды? Әр қайсысы өздерінің серіктерін, бестік жүйесі бойынша, қолдарын көтеріп, саусақтарын көрсетіп бағаласын. Өтінемін, бағаларыңызды ойланыңыздар, ал жүргізуші ең жақсы жетекшілерді бағалайды.

3. «Хоровод»

Ойын барысы: қатысушылар шеңбер жасап тұрады, бір – бірінің көздеріне қарайды, жай ғана жымияды.

8. Сабақ.

Мақсаты:Өзіндік маңыздылығы және басқа адамның құндылығы туралы түсінікті жоғарsлату, адамдармен қарым – қатынастағы мәселелерін саналы түрде ұғыну.

Уақыт: 40 минут.

1. «Мен барлығы сияқты емеспін, және біз барлығымыз әр түрліміз» ойыны.

Ойын барысы: Балаларға бес минуттың ішінде түрлі түсті қаламдардың көмегімен, қуаныштың не екенін, салу ұсынылады. Сурет нақты, абстрактылы, қандай болса да болатыны ескеріледі. Тапсырманы орындап болған соң, қатысушылар, жүргізуші де, кезегімен суреттерін топқа көрсете отырып, онда не бейнеленгенін топқа әңгімелей бастайды.

Жүргізуші балаларға «қуаныш» түсінігінің түрлі түсініктері мен елестеулерге назар аударуды сұранады. Бұдан, әр адам- ерекше, қайталанбас деген қорытынды шығады. Сондықтан әр адам алмастырылмайтын, ал бұл оның өзінің құндылығын сезінуге маңызды негіз болып табылады.

2. «менің портретім күн сәулесінде» ойыны.

Ойын барысы: жүргізуші: «Мен неге сыйластыққа лайықпын?» сұрағына жауап беруді келесідей амалмен орындауға өтінеді. Күн салып, күн шеңберінің ортасына өз аттарыңды жазыңдар. Содан күн сәулелеріне өздеріңнің бар адамгершілік, ар-намыстарыңды, өздерің туралы білетін бар жақсыны жазып қойыңдар. Күн сәулелері анағұрлым көп болуы үшін тырысып бағыңдар. Тапсырманы орындап болған соң қатысушылар кезегімен суреттерін көрсете отырып өз адамгершіліктерін айтады.

3. «Хоровод».

Ойын барысы: қатысушылар шеңбер жасап тұрып, қолдарынан ұстайды, бір-бірінің қолдарынан ұстап, бір-біріне жай ғана жымияды.

ІІІ Кезең. Бекітуші (2 - сабақ)

9 Сабақ.

Мақсаты: Адамдармен қарым – қатынастағы мәселені сапалы түрде ұғыну, өзін тануды жандандыру.

Уақыт: 40 минут.


  1. “Жалғастыру” ойыны.

Ойын барысы: Балаларға аяқталмаған сөйлемдер тізімі беріледі. Оларды өздерінің пікірі бойынша, айналадағылар оларды қалай көреді көзқарасы тұрғысынан аяқтау қажет:

  • Маған мына кезде жақсы . . .

  • Маған мына кезде қайғылы . . .

  • Мен мына кезде ашуланамын . . .

  • Мен өзімді мына кезде батыл сезінемін . . .

Содан соң шеңбер бойынша балалар сөйлемдерін оқиды, және жауаптарына байланысты балалар өздерін қандай жағдайда жақсы ал қандай жағдайда қайғылы сезінетіндері туралы талқылау жүргізіледі.

  1. “Сөзсіз алғыс білдіру” ойыны.

Ойын барысы: қатысушылар қалаулары бойынша жұптарға бөлінеді. Жұптар шеңбер ортасына шығып, алғаш біреуі кейін басқасы алғыс сезімдерін сөзсіз білдіруге тырысады. Содан соң мынау туралы қалыптасқан түсініктерімен бөлінеді:

  • бұл тапсырманы орындауда нені сезінеді;

  • серіктестікке алғысты білдіруі шынайы ма, әлде ойналған болып көрінді ме?

  • серігінің қандай сезімді бейнеленгені түсінікті болды ма?

3.«Хоровод»

Ойын барысы: қатысушылар шеңбер жасап тұрып, қолдарынан ұстап тұрып алады және бір-бірінің көздеріне қарап жымияды.

10 Сабақ.

Мақсаты:жеке тұлға арасындағы қарым-қатынас мотивтерін саналы түрде ұғыну, топтың аяқталуы.

Уақыт 40 минут.

1.Топтың аяқталуы.

Әр қатысушы топтағы жұмыс оған не бергенін, оған өзі туралы және басқалар туралы нені жаңадан білгенін әңгімелейді.

2.Жүргізушінің қорытынды сөзі.

Жүргізуші біз барлығымызда көптеген мүмкіндіктер бар екенін, біздің әр қайсысымызды керемет, қайталанбас ететін көп нәрсе бар екенін және біздің барлығымызға ортақ нәрсенің бар екенін сабақтар көрсетіп тұрғаны туралы айтады. Сондықтан біз бір-бірімізге қажетпіз, әр адам өмірде сәттілікке қол жеткізе алады, және де оның жанындығы басқа адамдар да онымен қызықты және қуанышты болатындай жасай алады. Сау болыңыздар жұмыстарыңызға рахмет. Сабақтарды өткізудің толығырақ сипатын қосымша №6 көріңіздер.


    1. жүктеу 1,52 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау