Сақтандыру компаниясының сипаттамасы және басқару жүйелері
“Тұран Әлем” банкінің ”Сақтандыру компаниясы” нарықта 6 жылдан бері жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде компания үлкен жетістіктерге жеткен. Компанияның жұмыс істеу ережесі, ол клиентке керекті сақтандырудан сапалы қорғау және максималды шапшаңдылықты қамтамасыз ету болып табылады және де клиенттің барлық қажеттілктерін толық қанағаттандыру.
Компанияның имиджіне және қызмет ету стандартының құрылуына компанияның акционерлері үлкен ықпал жасайды. Бұл акционер Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі – АҚ “Тұран Әлем” банкісі /24/.
Компанияның жарғылық капиталы 1 364,0 млн. теңгені құрайды және 100% ақша құралдарымен қамтамасыз етілген. Компанияның үлкен көлемдегі сақтандыру сыйлықтары жеткілікті резервтерді жинауға мүмкіндік береді. Компания капиталының тұрақты ұлғаю көлемі, профессионалдық менеджмент және инвестициялық саясат компанияға Қазақстан Республикасында ірі институционалды инвестор болуға мүмкіндік береді.
Компания өзінің белсенділігін дара қызмет ету сферасында дамытады, бөлшек секторындағы сақтандыру продуктілерін жаңартуға және құруға үлкен назар аударады, сақтандыру бизнесінде жаңа технологияларды қолданылады және керекті қызметтердің тізімін тұрақты кеңейтеді.
Қазіргі уақытта біз сақтандырудың барлық түрлерін ұсынамыз. Клиенттердің ыңғайлылығына қарай сақтандырудың 40-тан жоғары программалар жасалған. Көлік жүйесін сақтандыруға отандық және шетелдік көліктер мен джиптар (внедорожники) қабылданады.
Сурет 1
“Тұран Әлем” банкінің “Сақтандыру компаниясының” ұйымдық құрылымы
Басқару
төрағасы
Маркетинг бөлімшесі
Жауапкершілікті және мүлікті сақтандыру департаменті
Жеке сақтандыру департаменті
Қаржылық департаменті
Тәуекелдерді бағалау бөлімі
Арыздарды реттеу бөлімі
Көлік жүйесін сақтандыру департаменті
Тәуекелдерді бағалау бөлімі
Тәуекелдерді бағалау бөлімі
Арыздарды реттеу бөлімі
IT департаменті
Арыздарды реттеу бөлімі
Заң департаменті
Клиенттерге қызмет көрсету бөлімі
Клиенттерге қызмет көрсету бөлімі
Клиенттерге қызмет көрсету бөлімі
Администра-тивтік және HRдепарта-менті
“Тұран Әлем” банкінің ”Сақтандыру компаниясы” өздерінің клиенттеріне кең және әр түрлі спектр бойынша сақтандыру өнімдерін ұсынады, барлық мүмкін болатын тәуекелдердің сферасын күнделікті өмірде іс жүзінде қамтиды /24/.
Құрамы жағынан компания портфелі 4 топқа бөлінеді:
Сақтандыру топтары
|
Сыйақы 2004
|
Мың тг.
|
Үлес
|
Көлік жүйесін сақтандыру
|
353 002
|
25%
|
Жауапкершілікті және мүлікті сақтандыру
|
506 480
|
36%
|
Жеке сақтандыру
|
369 813
|
26%
|
Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру
|
172 363
|
12%
|
Барлығы:
|
1 401 658
|
100%
|
Көлік жүйесін сақтандыру төмендегідей бөліктерден тұрады:
- көлікті өз еркімен сақтандыру;
- БАНК – КӨЛІК сақтандыруы;
- көлік иесінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыруы;
- көлік иесінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруы;
- тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық – құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру.
Мүлікті ерікті сақтандыру төмендегідей бөліктерден тұрады:
- кәсіпорын мүліктерін сақтандыру;
- мұнай операцияларын сақтандыру;
- құрылысты сақтандыру;
- ұшақтар мен қайықтарды сақтандыру;
- жүктерді сақтандыру және т.б.
Ерікті сақтандыру төмендегідей бөліктерден тұрады:
- медициналық ерікті сақтандыру;
- аурулардан сақтандыру;
- шетелге кететін және ҚР келетін азаматтарды сақтандыру;
- жұмысшының денсаулығына және өміріне зақым келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру төмендегідей бөліктерден тұрады:
- келісім – шарт бойынша азаматтық – құқықтық жаупкершілікті сақтандыру;
- кәсіпкердің тәуекелділігін сақтандыру.
КӨЛІК ЖҮЙЕЛЕРІН ерікті түрде сақтандыру ережелері:
Осы ережелердің шарттары негізінде «БТА Сақтандыру Компаниясы» АҚ жеке тұлғалармен – көлік құралдарының иелерімен автомобиль көлігін ерікті түрде сақтандыру шарттарын жасасады.
Осы ережелерде келесі ұғымдар мен терминдер қолданады:
көлік құралының иесі – көлік құралын жекеменшік құқығында немесе кез-келген өзгедей заңды негізде иеленетін жеке тұлға.
пайда алушы – сақтандыру шартына сәйкес сақтық өтемді алушы болып табылатын тұлға.
сақтандырылған адам – өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылып отырған көлік құралын жүргізуге рұқсат етілген тұлға;
сақтандырылған көлік құралы – өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылып отырған көлік құралы (жеңіл автомобиль).
сақтандыру объектісі – сақтанушының (пайда алушының) сақтандырылған көлік құралын иелену және пайдаланумен байланысты мүліктік мүдделері. Сақтанушының (пайда алушының) құқыққа қайшы мүдделері сақтандыруға жатпайды.
сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан жеке тұлға.
сақтаудырушы – сақтандыруды жүзеге асыратын «БТА» Сақтандыру Компаниясы» АҚ, яғни сақтандыру жағдайы болған кезде жасалған сақтандыру шартына қатысты тұлғаға (пайда алушыға) шартпен анықталған сома (сақтандыру сомасының) мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруы тиіс тұлға
сақтандыру жағдайы – басталған бойда сақтандыру шартында ескерілген тәртіп бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға.
сақтандыру сыйлықақысы (сақтандыру жарналары) – сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру шартында анықталған мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемесін қабылдағаны үшін сақтанушы сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы.
сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы болған жағдайдағы сақтандырушының жауаптылығының шекті мөлшерін білдіретін ақша сомасы.
сақтандыру төлемі – сақтандыру жағдайы болған жағдайдағы сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасының шектерінде төлеуі тиіс ақша сомасы;
шартсыз франшиза – әр сақтандыру жағдайында сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау барысында шығын сомасынан шартсыз түрде шегеруге жататын ақша сомасы, таңдалған сақтандыру Бағдарламасы бойынша немесе мөлшері сақтандыру шартында/полисінде көрсетілген сақтандыру сомасының пайызы түрінде анықталады.
Көлік құралдарын ерікті сақтандыру ережелерінің бөліміне келесі ұғымдар мен терминдер қолданады:
жол-көліктік оқиға – жол үстімен көлік құралының жүру барысында және оның қатысуымен болған, барысында адамдар қаза тапқан немесе жараланған, көлік құралдары, құрылғылар, жүктер зақымдалған немесе өзгедей материалды зиян келтірілген оқиға;
жол – ыңғайластырған немесе икемделген және көлік құралдарының жүруі үшін қолданылатын жур үсті сызықты бөлігі немесе қолдан жасалған құрылым беті. Жол құрамына бір немесе бірнеше жүру бөліктері және болған жағдайда трамвай жолдары, тротуарлар, жол жиектері мен бөлу сызықтары кіреді;
техникалық қызмет бекеті (ТҚБ) – көлік құралдарын сондай мақсатта жабдықталған орындарда жөндеу (қалпына келтіру) қызметтерін жүзеге асыратын заңды тұлға (жеке кәсіпкер);
авторизацияланған қызмет орталығы - өндіруші фирманың өзі шығарған көлік құралдарының моделдеріне техникалық қызмет көрсетуге өкілеттендірген (авторизацияланған) техникалық қызмет бекеті;
толық жойылу – қалпына келтіру шығындары оның нақты құнынан 70% асқан, сақтандыру объектісін күйі.
Көлік құралын тексеру:
Сақтандыру шартын жасасу барысында сақтандырушы сондай әрекетке арнайы өкілеттендірілген сақтандырушы арқылы сақтандырылып отырған көлік құралын іс жүзіндегі техникалық жағдайы мен сыртқы көрінісін анықтау мақсатымен тексеруге құқылы, бірақ міндетті емес. Сақтандыру шартын жасасқысы келген тұлға ондай тексеруге қарсылық білдірген жағдайда сақтандырушы сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы /24/.
Көлік құралын тексеру бойынша кез-келген ықтимал шығандарды сақтандыру шартын жасасқысы келген тұлға көтереді.
Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызудың міндеті мен тағайындалуы
Қазіргі уақытта көптеген банктерде жаңа автоматтандырылған есеп – қисап технологиялардың көшуіне қажеттілік жасайды. Бұл банктік қызмет нарығында бәсекелестікті лайықты жүргізуіне және ұнамды пайданы алуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологиялардың архитектурасын таңдау стратегиясы, программалық жабдықтау және телекоммуникация құралдары келесі факторлерден құралу қажет:
· банк мөлшерінде (активтер, есептер саны, филиалдар мен бөлімшелер саны);
· банк қызметінің басты бағыты;
· банк салымшыларының сипаттамасы;
· жарнама стратегиясы;
· мамандануы: коммерциялық / инвестициялық / әмбебаб;
· ішкі және халықаралық нарыққа бейімделу;
· банктегі ақпараттық технологиялардың бар мүмкіндіктерінде;
· жоғары басқарушы қызметкерлерінің аса үлкен тәуекелдерін қабылдауға дайындық көрсеткіштері.
Ақпараттық жүйе – бұл жүйе, жинауға, сақтауға, іздеуге, өңдеуге және қолданушылардың сұрауларына байланысты ақпаратты көрсетуге арналған. АЖ өзіне программалық құралдар жиынтығының тікелей шешілетін есептерін қосады.
Кез – келген АЖ мақсаты, қолдану аймағына қатысты емес әдістерді құру, техникалық базаларды, байланысты үзбеу аппараты, уақтылы, нақты және толық ақпараттарды көрсету болып табылады.
АЖ құрудың басты мақсаты автоматтандыруды жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және банк салымшыларына финанстік ақпараттарды беру болып табылады, нәтижесінде, банк клиенттерінің қызмет ету деңгейін жоғарлату.
ЭАЖ құрудың басты мақсатымен қатысты АЖ есептері мыналар болып табылады:
· қызметкерлердің іскерлігі мен еңбек өнімділігі;
· берілген мәліметтердің ақиқаттығы;
· салымшылардың ақшасы туралы мәліметтерді тез арада алу;
· құжат айналымдарының азаюы, банк шығындарының азаюына әкеліп соғады;
· әртүрлі критериялар бойынша салымшы туралы ақпаратты іздеуге мүмкіндігі бар;
· берілген ақпараттың сенімділігі мен қорғануы бойынша барлық комплексті талаптардың орындалуы;
· тез арада ақпараттарды жинау, бақылау, өңдеу және беру жұмыстарын жақсарту.
Қосымша есептер комплексін қосуына және әрі қарай дамуына, функционалдық және ақпараттық құрылым жүйесі ашық болу қажет.
Достық интерфейс компьютермен жұмыс істеген кезде жұмысшылар өз жұмысының өнімділігі мен сапасын жоғарылатуды қамтамасыз етеді /9/.
1.4 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйе (АЖ) – бұл жүйе, жинауға, сақтауға, іздеуге, қайта өңдеуге және сұраныстарға қатысты ақпараттарды қолданушылармен таныстыруға арналған. АЖ өзіне программалық құралдар жиынтығының тікелей шешілетін есептерін қосады.
Қолданушыларға жүйе өте ыңғайлы және ұнамды болатын интерфейс және рұқсат етілмеген қимылдардан қорғау.
Осы АЖ ақпарат құпия болмайды және ішкі қолданушылар қолдана алады. Бірақ жүйенің жұмыс істеу кезінде кедергілерден қорғауды қарастыру қажет, қолданушылардың дұрыс емес қимылдарын, сондай – ақ істен шығуды қалпына келтіру мүмкіншілігі бар.
Фактілерді ескеріп, компьютерлік жүйенің архитектурасына әсер етеді, оған мынандай басты талаптар құрастырады:
- АЖ архитектурасы барлық жүйенің жұмыс тәртібінің бұзылу ықтималдығын азайту қажет (жүйенің істен шығуы, ақпараттық базаның бұзылуы, ақпараттардың жоғалуы немесе өзгеруі) қолданушылардың кездейсоқ және әдейі жасалған қимылдары;
- ақпараттар легінің қатысуымен элементтер жүйесі арасындағы ақпараттардың байланысы мен алмасуын іске асыру қажет;
- берілген тапсырмаларды қарастыру және ақпараттардың жаңартуын жабдықтау;
- қарым – қатынас тәртібінде қолданушылардың сұраныстарының тапсырмаларын іздеу;
- ақпараттарды ыңғайлы енгізу;
- ерте енгізілген ақпараттарға тез арада қол жеткізу;
- нормативтік – анықтама ақпараттарын қайта – қайта қарап отыру қажет;
- ақпараттық жеткілікті жылдамдық, ақпараттың ауысу көлемі және жиілігі ағымдағы процестердің үдейі қозғалысына сәйкес келу керек /9/.
1.4.1 Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйе – бұл қиын жүйелер және элементтерді бөлек бөлімдерге бөлуін талап етеді. Барлық жүйелерге бірден жасау мүмкін болмаса, олардың бөлек бөлімдеріне жасау мүмкін болады. Бөлімдердің белгіленуі толығырақ және нақтырырақ болса, жүйе элементтері, бөлімдердің ара – қатынасы және тұрған жері анықталса, онда жүйенің қызмет істеуі және құру процесі тиімдірірек болады.
АЖ құрылымы – бұл ішкі жазықтық – уақыттық байланыстарының тұрақты тәртібі және элементтер мен жүйеасты бөлімдерінің арасындағы қатынасы, жүйеастының атқаратын қызметтердің анықталуы және сыртқы ортамен өзара байланысы.
АЖ жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады. Жабдықтаушы бөлімі – бұл есептердің және есептер комплексінің немесе жүйеастыларының жиынтығы, бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайды /9/.
Есептер комплексі – бұл есеп жиынтығы, белгілі бір қасиетіне қарай топталған.
Есеп – бұл автоматтандырылған функциялардың бөлігі, ақырғы немесе ортааралық қорытындының нақты формада көрсетілуі (құжат, хабарлама және т.б.)
Экономикалық есептердің келесідей ерекшеліктерін көрсетуге болады:
- жоғары алгоритмдеу;
- иерархиялық, яғни жүйеастыларына, блоктарға, есептер комплексіне кіруі;
- шешімнің бір қалыптылығы;
- шешімге белгілі бір уақыттың болуы;
- типтік алгоритм шешімінің мүмкіндігі және жалпыламалығы;
- жүйенің шығу – кіру тапсырмаларының құрылымы және үлкен көлемі /5/.
Автокөлікті сақтандырудың АЖ қойылатын талаптар кесте түрінде бейнеленген, бұл кестеде есептер комплексі және мүлікті сақтандырудың есептері көрсетілген, сондай – ақ кіріс және шығыс көрсеткіштері берілген есептерге келтірілген.
Кесте 1
АЖ құрылымына қойылатын талаптар
Есеп кешені
|
Есеп атауы
|
Кіріс ақпараттары
|
Шығыс ақпараттары
|
Қолданушылар
|
Сақтандыру көліктерін есепке алуды және сақтандырушы-лармен есептесуді автоматтандыру
|
Көлік жүйесінің мәлімдемесі
|
Тіркелу куәлігі, мемлекеттік номері, двигателінің номері, көліктің түсі және т.б.
|
АНКЕТА және ПОЛИС
|
Сақтандыру компаниясы-ның қызметкерлері
|
Зиян келтіруден сақтандыру
|
Сақтандырушының жасы, жүргізушінің стажы және соңғы 3жыл ішіндегі жол апатының саны
|
АНКЕТА және ПОЛИС
|
Сақтандыру компаниясы-ның қызметкерлері
|
Ұрлықтан және айдап кетуден сақтандыру
|
Түнгі уақытта көлік қай жерде тұрады, айдап қашуға қарсы құрылғылардың бар болуы
|
АНКЕТА және ПОЛИС
|
Сақтандыру компаниясы-ның қызметкерлері
|
Азаматтық – құқықтық жауапкер-шілікті ерікті сақтандыру
|
Бұған дейін қандай сақтандыру түрімен қолданғаны
|
АНКЕТА және ПОЛИС
|
Сақтандыру компаниясы-ның қызметкерлері
|
Қосымша материалдар
|
Менеджердің арызды қабылдауы
|
АНКЕТА және ПОЛИС
|
Сақтандыру компаниясының қызметкерлері
|
Достарыңызбен бөлісу: |