Сатиралық ертегілер. Сол дәуердегі әлеуметтік топтар арасындағы адамдарды әшкерелей, ауыл өмірін бейнелейді.Новеллалық ертегілердегі оқиға хан сарайы мен қалада өтеді,ал сатиралық ертегідегі оқиғаның орны- кәдімгі ауыл. Кейіпкері –бай,молда, кедей.Негізгі ой-әлеуметтік тап тартысы көбірек орын алған.
«Батырлық ертегі» деген термин фольклорда түрлі төрт мағынада қолданылады. Бұл жанрға В.М.Жирмунский Оңтүстік Сібірдегі түркі-монғол халықының көне эпосын жатқызады. Ал орыс зерттеушісі А.Астахова батырлық ертегі түріне халық эпосының батырлары туралы кейінгі дәуірде пайда болған ертегілерді жатқызады. Бұған батырлық мазмұндағы қиял-ғажайып ертегілер де жүр деп М.Әуезов те айтқан. «Батырлық ертегі» атауын ең алғаш қолданған зерттеуші –В.В .Радлов.
Батырлық ертегінің басты тақырыбы - ерлік пен үйлену, құбыжықтармен, жалмауыздармен күресу,рудың ерлік-намысын қорғау. Ерлікпен үйлену болашақ батырдың қалыңдывқ іздеп сапар шегуінен басталады. Мұның арғы тегінде өз руынан қыз алу тыйым салатын ғұрып заңы жатыр.
Батырлық ертегіде қиял-ғажайып ертегіге қарғанда, бас кейіпкер тек жағымсыз, ұнамсыз кейіпкерлермен тоғысып қоймай, тарихи реалды жануарларменде күреседі. Олар стадиялық жағынан қиял-ғажайып ертектерімен батырлық эпос аралығындағы жаныр. Батырлық ертегі алғашқы қауымдық қоғам ыдырай бастағанда пайда болып, кейінгі дәуірдің қасиетін мол сіңірген. Батырлық ертегінің бастауы миф пен хикая, ал екінші бір өзегі - қиял-
ғажайып ертегілер. Соған қарамастан, өз бетінше де дамыған.
Батырдың ерлік жасауда күші әсірелене баяндалады.
Қазақтың батырлық ертегілерін шығу тегімен сюжетіне қарай үлкен екі топқа бөлеміз:
1.Көне (архаикалық) батырлық ертегі.
2.Кейінгі дәуірде жырдан туған ертегілер.
-Архаикалық батырлық ертегінің сюжеті кейіпкердің бүкіл өмірбаянын қамтиды.
1.Пролог. Кейіпкердің тууы;
2. Кейіпкердің үйлену тарихы;
3. Кейіпкердің үйленгеннен кейінгі өмірі (жаумен соғысы,қартаюы).
Екінші топтағы ертегілердің сюжеті кең емес. Онда өмір баяндық циклдің ауқымы тар. Екінші топтағы ертегілер батырлар жырының прозалық түрі болып табылады. Батырлар жырындағы сияқты көмекші ат, сондай-ақ батырдың жұбайы да идеал түрінде көрсетіледі.
Бастауыш мектеп ана тілі оқулығына енгізілген ертегілер негізінен балаларға арналған ертегілер болып, оларды оқытуда оқушылардың жас ерекшелігіне сай әр сыныптарды жеке қарастыруға тура келеді.
Төменгі сыньштарда (1-2 сыныптар):
1. Ертегілерді дауыстап, көтеріңкі әуенмен оқуға дағдыландыру керек. Төменгі сынып оқушылары ертегінін қай түрге жататындығын оңай аңғара алмайды. Сондықтан оқытушы ертегінің қай түрге жататындығын айтып беруі керек және қысқаша түсінік жасаса да болады.
2. Мәтінде кезігетін жаңа сөздердің мағынасын оқушылардың қабылдау өресіне лайық түсіндіріп беру керек.
3. Ертегіні оқып болғаннан кейін оқушыларға қайта-қайта әңгімелету арқылы олардың сөйлеу қабілетін жетілдіруге мән беру керек.
4. Мәтіннің идеялық мазмұнын жинақы баяндап түсіндіруге, ондағы басты сөз, сөйлемдерді бірлестіріп түсіндіруге көңіл бөлу керек. Мысалы, «Баланың айласы» деген ертегіні оқытуда, біріншіден, оқытушы өзі үлгі көрсетіп оқып беріп, онан соң оқушыларға дауыстап оқыту керек. Мәтін диалог түрінде болғандықтан, оқушыларға оқытқанда сол диалог бойынша оқыту, ондағы ғалым, түйе, жеміс ағашы, ит, бала, жылан сияқты кейіпкерлердің ерекшелігі бойынша лайықты әуенмен оқуға көңіл бөлу және олардың қандай адам, қандай жануарлар екендігін қысқаша таныстырып қою қажет.
Екіншіден, мәтінде кезігетін «жүгіну, жылан, ғалым, жапан дала, нану» сияқты сөздерді сейлемдегі беріп тұрған мағынасы бойынша түсіндіру керек.
Үшіншіден, ертегіні оқушыларға қайта-қайта айтқызу керек. Баяндау барысында кейіпкерлер бойьшша сөйлету мен тұтас мәтін бойынша ретімен баяндауды бірлестіріп айтқызу керек.
Төртіншіден, оқытушы ертегінің идеялық мазмұнын қорытындылап беруі керек. Мұнда жыланның жақсылыққа жамандық істеп өзін құтқарған ғалымды өлтірмек болған оқиғасын, баланың ғалымды жыланнан құтқарып қалуда қандай айла істеткендігін және осыған қатысты сөз, сөйлемдерді түйін ете отырып қорытындылау қажет.
Өзекті идеяны қорытындылау барысында, адам баласына қастас жауыз жыланды баланың ақыл-парасаттылықты жауыздық үстінен қашан да жеңіске жететіндігін, адамдар тек қара күшке сүйенбей, әдіс-амалға, ақылға да сүйену қажеттілігін дәріптеу керек. Мәтін соңында берілген:
«Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,
Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
Білемін деп мақтанба,
Сенен де білгіш табылар»
деген мақалды тармақтары бойынша түсіндіріп берумен бірге, жаттап алуды тапсыру керек.
Жоғарырақ сыныптарда (3-4 сыныптар):
1. Оқушылардың ертегілерді дербес оқып түсіну қабілеті біршама жоғары болады. Бұл сыныптарға ертегілерді оқытуда, алдымен, оқытушы ертегінің мазмұнын ашып бере алатын сұраулар беріп, оқушылардың сол сұраулар бойынша оқып, қайталап айтып бере алатындай болуы үшін алдын-ала тапсырма беруі керек.
2. Сыныпта алдымен берілген тапсырманың орындалу жағдайын тексеріп көру, онан соң оқытушы қызығарлық етіп әңгімелеп беру, сол негізде оқушыларды қызықтыра отырып оқуға және әңгімелеп беруге жұмылдыру керек.
3. Талдау жасауда оқиғаға талдау жасауды басты орынға қою керек. Оқиғаны талдау негізінде ертегілердің негізгі идеясын қорытындылап беру кажет. Осы тұрғыда басты сөз, сөйлемдердің мағынасын түсіндіріп кетсе де болады.
4. Ертегілерді талдау барысында көріністе әр түрлі мақұлықтар, жануарлар суреттелгенімен, іс жүзінде шынайы өмірдегі адамдар арасындағы қатынас бейнеленетіндігін ескертіп отыру керек. Халық ауыз әдебиетінде жануарлар, мысалы, түлкі - әккі, қу адамдардың, қасқыр - зорлықшыл, жауыз адамдардың, қоян - қорқақ адамдардың, аю - ақымақ, қара күштің бейнесі ретінде алынады да, сол мінездегі адамдарға өкілдік етеді. Сонымен бірге жын, албасты, дию, пері, жалмауыздар адамзаттың қас жауы ретінде алынып, жаман ниеттегі қаскөй, озбыр, жауыз күштердің бейнесінде суреттеледі. Ұшкыш кілем, ағаш ат сияқтылар мен алтын орда, миуалы бау-бақшалар халықтың бақытты тұрмысты аңсаған арман-тілегінің бейнесі ретінде альнады. Оқыту барысында ертегілердің осындай ортақ бейнелеу ерекшеліктерін түйін ете отырып, оқушыларды жан-жақты бақылауға, кұбылыстан өтіп, мәнді тануға, сол түрдегі образдардың шынайы мәнін түсінуіне көмектесу керек.
Ең соңында, жалпы қорытынды шығарып, оқушылардың сол ертегі мәтіні жөніндегі ұғымын жинақтап, бір жүйеге түскен, айқын да дұрыс түсінік қалыптасуына мүмкіндік туғызу керек. Ерекше көңіл бөлуге тиісті бір мәселе, ертегілерді оқытуда оны есте қалдыруға, қайталай баяндауға оңай, оқиғасының қызықты болатындай ерекшеліктерін толық пайдаланып, оқушылардың мәтін мазмұнын қайталай баяндауға, сөйлеуге дағдылануын берік меңгерту керек. Мұнда көбіне оқушылардың өздеріне талдату, қайталай баяндату талабын орындау керек. Міне, бұлар ертегілерді оқытудағы басты түйін және негізгі оқыту нысаны болып табылады.
Төменде мысал ретінде «Ғажайып бақ» деген халық ертегісін талдап көрейік. Бұл ертегіні оқу арқылы басқаға қамқор, мейірімді болудьң, көптің қамын ойлаудың, дайын пайдаға қызықпаудың ізгі қасиет, асыл мұрат екендігін, сонымен бірге достыққа адал, мейірімді, көпшіл болуды сезіну керектігін түсіну қажет. Әрі бұл ертегіден кедейлер қауымының бақытты тұрмысты аңсаған арман-тілегінің қызықты да ғажайып оқиғалар арқылы бейнеленгендігіне көңіл бөлу керек.
Ертегі үш бөлімге бөлінеді. Бірінші бөлімде шығармадағы кейіпкерлер және олардың (іс-әрекеті мен сөздері арқылы) мінездері таныстырылады. Біз Қасен мен Асанның бір-біріне қамқор, достыққа адал. ізгі ниетті кедей адамдар екендігін, Қасеннің малы қырылып, қайыршы болуға айналғанда Асан оған ұлтарақтай жерінің жартысын бөліп беріп, оны құткарып қалғандығынан білеміз. Қасен Асан берген жерден ішіне алтын толтырылған құмыра тауып алғанда, оны жасырып қоймай, қайта Асаннан сүйінші сұрайды. Оған: - Алтын саған тән, сен енді кедейліктен кұтылдың!-дейді. Бірақ Асан:-Ардақты досым, жердің асты-үстіндегі қазынаның барлығы сол жерге маңдай терін төгіп, еңбек сіңірген адамдікі,- деп алтынды алуға көнбейді. Міне, бұдан олардың ізгі ниетін. досқа деген адалдығын көреміз. Мәтіннің осы бөлігінде тағы ақылды да көпшіл қарт пен оның төрт шәкіртінің бір-біріне ұқсамайтын әрекеттері дс ашылады. Қарт әуелі билікті төрт шәкіртіне беріп, оларды сынап көреді. Бірінші шәкірті: Қазынаның иесі хан болуы керек,- десе, екінші шәкірті: Асан мен Қасен дауласып, бізге келді, билікті мен айтатын болған соң, алтын маған тән, өзім аламын.-дейді. Үшінші шәкірті: Иесі жоқ алтынды қайтадан жерге көміп тастау керек,- деп, алтынды көптің мүддесі үшін жаратуды ойламайды. Ал төртінші шәкірті: Осы алтынды жұмсап, құлазып жатқан далада гүл жайнаған саябақ өсіру керек. Арып-ашқан кем-кетіктер сол бақтың саясында дем алып, жеміс жеп, рахметін көпке көрсетуі керек,- деп билік айтады. Ақылды, дана қарт оның билігін әділ болды деп бағалайды. Сонымен алтын жөніндегі талас әділ шешім табады. Ертегілердің кейіпкерлерінің де әрекеттері толық ашылады. Ертегінің екінші бөлігінде оқиға онан әрі дамып, күрделене түседі. Алтын туралы қайшылық шешілген соң, олар саябақ жасау дайындығына кіріседі. Бірақ базарға тұқым алуға барған жігіт алтынын союға апара жатқан көп құстарды сатып алуға жұмсайды да, жер жүзінің құстары құтқарылып, оның есесіне өзі құр алақан қалады. Жеміс тұқым сатып ала-алмай жігіт үйіне қайтуға мәжбүр болады. Кең пейілді, ізгі ниетті жігіт алтынды құстарға бостандық әперуге жұмсайды. Ертегінің үшінші бөлімінде алтын жұмсап, еркіндікке шығарған құстардың адамдар армандаған баққа дүниенің бұрыш-бұрышынан жеміс-жидек тұқымын тауьш әкеліп екендігі, сол арқылы ғажайып бақтың байлыққа әкелгендігі айтылады. Бұл бөлімде олар қиялдаған арманға жетеді. Құлазыған тақыр дала ғажайып бау-бақшаға айналады. Ымырт үйіріліп, қараңғы түскенде алмалар самсып, құстар тамылжытып ән шырқайды. Жарлы-жақыбайлар хош иісті көк шалғынды төсеніп, өмірлерінде алғаш рет рахатқа кенеліп, тәтті ұйқыға кенеледі Ғажайып бақтың қызығы сол баққа ақсүйектер мен байлар келсе, жеті кұлып салынған темір қакпалы үлкен қабырға пайда болады. Алмаға суық қолын созған ақсүйектер есінен танып, жерге кұлайды. Зәре-кұты ұшқан бай-мырзалар ол жерге жоламайды. Ал кедейлер келісімен қақпа өздігінен ашылып, олар қанша жеміс жесе де жеміс азаймайды. Ертегінің бұл бөлімін түсіндіргенде, ондағы бейнеленген халықтың бақытты тұрмысты аңсаған арман-тілегі мен ондағы бейнеленген таптық көзқарасты халық ертегілерінің ерекшелігімен бірлестіре отырып түсіндіру кажет.
Ертегіні оқытуда оқушыларға ертегіні іштсй түсініп оқып шығуды және онда қандай оқиғалардың баяндағгандығына, қандай адамдардың бейнесі берілгендігіне көңіл бөлуді ескерту керек.
Баланы жетілдіре тәрбиелеуде көне уакыттан келе жатқан әдістер көп. Соның ішінде баланы қиял-ғажайып ертегілеріне әуестендірудің пайдасы өте зор. М. Жұмабаевтың айтуынша да: «Балада қиял ерте оянады. Бірақ оның жанында суреттеулер аз болғандықтан, қиялы да бай емес. Баланың түсінуінше дүниеде мүмкін емес нәрсе жоқ, бәрі мүмкін болатындай. Бала ертегінің бәрі шын деп ұғады, бала құрғақ ақылды ұқпайды, жандандырып, суреттеп алып келсең ұғады. Қысқасы, балаға ертегі тым қымбат нәрсе», -дейді.
Бала тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруда қазақ халқының ауызекі шығармашылығының маңызы өте зор. Халық ауыз екі шығармалары әсем түрде құрылған жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, ойын өлеңдер, ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелге бай. Осы бай мүраның қай түрін алсақ та балаға ана тілін меңгертіп, сөздік қорын молайту арқылы, байланыстырып сөйлеуге, тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда, дыбыстық қателіктерді жоюда, шығармашылық ойлауын дамытуда баға жетпес құралдар болып табылады.
Халықтық әсем сөз өрнектері балалар түсінігіне лайықты, тілге орамды, көркем әдеби тілмен жазылған. Сазда халық әуенімен айтылатын бесік жырларынынң сан-алуан түрлері, тұсау кесу жырлары ойнақы тілмен жазылған санамақтар, ойын өлеңдері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тиімді пайдаланылса, баланың тіл әлеміне деген қызығушылығы артып, ана тілден байлығын меңгертуде үлкен қызмет атқарары сөзсіз. Қай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның басталуы, аяқталуы болады. Ертегі тілінің көркемділігі, қызғылықты оқиғалар желісінің баяндалуы образдардың шебер суреттелуі баланың ертегі дүниесіне қызығушылығын арттыра түседі.
Ертегілерді баланың тындауы, естіген ертегі мазмұнын қайталап айтып беруі, баланың сөздік қоры молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін дамытьш, тілдің грамматикалық құрылымын меңгеруде ғана емес, ерлікке, достыққа, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, әстетикалық талғамын, қиялын дамытуға мүмкіндіктер беріп түрлі жауыздық, зұлымдық иелері арқылы жамандықтан жирендіреді.
Ата-ана бала түсінігіне лайықты мектеп жасына дейінгі балалар үшін тек
қиял-ғажайып және хайуанаттар туралы ертегілер оқылатындығын ескергені жөн. Сәби балаларға (3-4 жас) ертегілерді ауызша әңгімелеп айтып беріп, ал ересек балаларға (5-6 жас) оқығанды тыңдатып және әңгімелету әдістерін жүргізуге болады. Себебі мектеп жасына дейінгі баланың жас кезеңдеріне қарай психикальщ даму ерекшеліктерін ескеретін болсақ бала үшін ұзақ уақыт оқылған ертегіні зейін қоя отырып тыңдау қиынға соғады.
Ертегіні тындату арқылы балаға жан-жақты тәрбие беріп, дамытумен бірге, оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге ұстамдылыққа үйрете аламыз, Әсіресе, ертегіні сюжетке қатысты түрлі-түсті суреттерді, картиналарды пайдалану арқылы әңгімелесу баланың қызығушылығы мен әстетикалық талғамын арттыра түсуде мол мүмкіндіктер береді. Бала үшін сурст арқылы ертегі мазмұнын айтып беру, шығармашылық ойлауын, ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін де дамытады.
Ертегілердегі балаларды аса қызықтыратын тағы бір жәйт-кейіпкерлердің аса айқын, дәл суреттелетіндігінде, олардың әрекеттері, іс-қимылы, мінездері қатты әсер етіп отырады. Тіпті жағымсыз кейіпкерлердің өздері де ақымақтығымен, қулығымен балаларды таң-тамаша қалдырады.
Халық ауыз әдебиетінің үлгілері тақырыптық, көркемдік жағынан түрлі болған сияқты, сабактардың мазмұны, өткізу жолдары, орындайтын тапсырмалары да әр алуан келеді. Оқу үрдісі басқа түрде жүргізілетін мектептердегі әдебиет сабақтары негізінен кіріспе сөзбен басталады. Мұғалімнің кіріспе сөзі білімділік, тәрбиелік, көркемділік талапатарына сәйкес, тілі ұғымды, мазмұны шағын әрі әсерлі болуы шартты. Кіріспе сөзді тек баяндау тәсілімен ғана емес, кейде сұрақ койып, оқушылардың өздерін қатыстыра отырып өткізуге болады. Ертегілермен тантыстыруға арналған сабақты кіріспе сөзбен бастаған мұғалім: «Ертегі — халық, өмірін суреттейтін фантастикалық оқиғаларға құрылған көркем шығармалар. Ертегілер - үрпақтан-үрпаққа ауызіпа таратылып, ұзақ ғасырлар бойына толықтырылып, жетіліп келген халық ауыз әдебиетінің ең бір көркем түрі. Ертегілер өзара бірнеше түрге бөлінеді»- дей келе, оқушыларды әңгімеге тартып, төмендегідей сұрақтар қояды.
І.Орыс тілі сабақтарында орыс ертегілерінің қандай түрлерімен таныстыңдар?
2.Солардың ішінде қиял-ғажайып ертегілерді атап айтыңдар. Олардың кейіпкерлері кімдер?
3. Бұл ертегілерде қандай қызықты оқиғалар суреттелген? -деген сұрақтар оқушылардың есіне орыс әдебиеті сабақтарынан білгендерін түсіріп, солардың енді оқитьщ шығармамен байланыстыра қарастыруға жол ашады.
Оқушылардың берген жауаптарын жинақтай отырып мұғалім қазақ ертегілерінің де хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып және тұрмыс-салт ертегілері болып үш түрге бөлінетіндігіне тоқталады. Ол өзінің сөзін кітапханадан алған ертегілер жинақтарын жеке кітапшаларды, ертеплердің әр түріне салынған суреттерді көрсету арқылы көркемдеп, толықтырып айшықты жеткізуді ойластырады.
Оқулықта берілген «Ғажайыптар әлемінде» деген мәтінде ертегілерге арқау болған құбылыстар мен жағдайлар айтылып қазақ ертегілерінің негізгі түрлері туралы деректер ұсынылады. «Ертегілердің ең бір тамаша, балаларға қызықты түрі - киял-ғажайып ертегілері» деген түйінді ойдан кейін осы шығармалардағы сан-алуан оқиғаларды басынан кешірген кейіпкерлер жөнінде, олардың қарсыластары мен достарының фантастикалық түрде бейнеленуіне, ертегілердің басталуы мен аяқталуында бірсарындылық болатынына оқушылар көңілін баса аударған жөн. Мәтінді оқып-талдау үстінде балалар басты кейіпкердің өз ата-анасын, ел-жүртын қорғау мақсатында ұзақ жолға шығып, көптеген қиындықтардан өтіп, жеңіске жеткендігімен қатар оның үлкен мен кішіге қайырымды, досына сенімді, адал болатындығына тоқталып, өз беттерімен тиісті қорытынды жасап отырады. Талдау жұмысының бір бөлігі балаларға қиял-ғажайып ертегілерінің көркемдік ерекшеліктерін байқатып-
білдіруді көздейді. Осы бағытта оқушыларға төмендегідей сұрақтарды беруге болады:
1. Басты кейіпкер қандай фантастикалық, ғажайып оқиғаларға кездеседі? Осы жағдайларда ол өзін қалай үстайды?
2.Ертегідегі ғажайып заттарды атап шығындар? Олардың кандай ғажайып сипаты бар?
3. Басты кейіпкердің қарсыластары кімдер? Олар қалай суреттелтен?
4.Басты кейіпкердің достары мен көмекшілері кімдер? Олардың басты қасиеттері қандай?
Өз жауаптарын оқушылар мәтіннен естіп, соның ішінде кейіпкердің көмекшілері: Саққұлақ, Таусоғар, Желаяқ, Көлтауысардың сипатталуына іс-әрекетіне аса қызығушылықпен тоқталады. Бірлесе отырып оқушылар оларды орыс ертегілеріндегі фантастикалық кейіпкерлермен салыстыру арқылы екі халықтың сөз өнерін ерекшеліктерін жөніндегі түсініктерін тереңдете түсіп, ойларын сөзбен жеткізе білу қабілеттерін жетілдіреді.
Мәтінді мұғалім өзі бастап оқығаны жөн. Өлеңмен жазылған ертегіні алғаш оқығанда оның әуені мен үйқасын келістіруге тырысып, интонақиалық, ритмикалық жақтардың ерекшеліктерін байқату көзделеді. Ертегінің көлеміне байланысты мұғалім бірнеше шумағын оқып бергеннен кейін ары қарай оқушылар өздсрі жалғастырып оқығанда да ұстаз өлеңді мәнерлеп, оның жолдарындағы дыбыс үндестігін ескеріп отыруды талап етеді. Сондай-ақ халық ауыз әдебиетіндегі жақсы айтылған ертегінің өзі де жасөспірімдер ғана емес, ересектердің ой-өрісі мен дүниетанымының кеңеюіне тигізетін әсері мол. Мұнда оқушылар бос уақытында әдеби кітаптарды оқи отырып, халықтың қиялға құрылған өмірінен сабақ алады.
Достарыңызбен бөлісу: |