Іс-әрекет алгоритмі:
Анасына жасалатын шараның мақсаты мен жасалу ретін түсіндіріңіз
Гигиеналық деңгейде қолдың деконтаминациясын жүргізіңіз, қолыңызға перчатки және фартукты киіңіз
Дез. ерітіндіге малынған шүберекпен жөргектеу үстелінің үстін сүртіңіз
Зондты қобынан пинцетпен алып лотокқа салыңыз, зондты енгізу ұзындығын құлақ сырғалығынан мұрын ұшына дейін өлшеп алып, лейкопластырьмен белгілеп, зондтың канюлясын жабыңыз
Ерте жастағы немесе ауыр жағдайдағы балаларды бір жақ қырына басын сәл төмен қаратып жатқызыңыз, фартук киіңіз
Асқазан жуынды суын құятын ыдысты баланың аяқ жағына қойыңыз
Зондты ұшынан 7-8 см аралықта «қаламсап» тәрізді ұстап, суға малып белгіленген жерге дейін төменгі мұрын жолы арқылы енгізіңіз (егер зонд енгізген уақытта бала тұншықса немесе жөтелсе зондты шығарып, шараны қайталаңыз)
Шприцке (немесе Жане шприціне) 20-80 мл қайнаған су (20-22° С жылытылған) жинап алыңыз, зондқа жалғап, шприцті жоғары көтеріп, сұйықты асқазанға жайлап асқазанға жіберіңіз
Зондтың шприц жалғанған ұшын төмен түсіріп, асқазандағы жуынды суды сорып алып, арнайы ыдысқа құйыңыз
Асқазанды жууды асқазан жуынды суы тазарғанша қайталаңыз
Шприцті зондтан ажыратып алыңыз, зондты салфеткамен ұстап тұрып шығарып алыңыз
Баланы анасына ұстатыңыз немесе төсекке жатқызыңыз
Дез. ерітіндісі бар ыдысқа пинцет пен зондты салыңыз
Перчатки мен фартугыңызды шешіп, КБУ-ға тастаңыз
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз
Ескерту:
бір реттік енгізуге арналған ерітіндінің мөлшері: жаңа туған бала – 1 айда 5-8 мл\кг; 2-6 айда - 8-12 мл\кг, 7-12 айда – 15-20 мл\кг; 1-6 жас аралығы – 16 мл\кг
асқазан жууда қолданылатын ерітіндінің жалпы мөлшері: 1 жасқа дейін формула бойынша есептеледі: 100 х п, мұндағы п – баланың айы; 1 жастан асқан балаларда 1000 мл х т, мұндағы т - бала жасы
асқазан жуу барысында баланың жалпы жағдайына назар аударыңыз
ересек балаларды көмекшінің алдына отырғызуға болады: көмекші баланың аяғын өз аяқтарын айқастырып бекітіп отыруы керек, бір қолымен баланың маңдайын, екінші қолымен баланың қолдарын ұстап отыруы тиіс.
егер қажет болса, асқазан жуынды суын стерильді ыдысқа жинап, жолдама жазып лабораторияға жіберіңіз
Достарыңызбен бөлісу: |