Баланың 1 жасқа дейін қимыл-қозғалысының уақытылы дамуы өте
маңызды!
Осы кезеңде көпшілік аналар «балам 4 ай болды әлі аунамайды неге?», «балам
7 ай еңбектемейді бұл қалыпты ма?» деген сияқты сұрақтар мазалайды. Осы
орайда сіздерге БҮКІЛ ӘЛЕМДІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ
ұйғарымы бойынша балада қимыл қозғалысының даму уақыты мен
шекараларын ұсынғым келеді:
Жоғарыдағы кестені көріп отырғаныңыздай, бала еркін отыруы 4-9 ай арасында
қалыптасады; ал бір нәрсенің көмегімен тұруы 5-11 ай арасында дамиды; ал
еңбектеуі 5.5 ай – 1 жас 1.5 ай аралығында болады; бір көмектесумен жүруі 6 ай
-1жас 2 ай аралығында қалыптасады; еркін тұруы 7 ай – 1жас 5 ай аралығында
дамиды; еркін жүруі 8 ай – 1жас 6 айда қалыптасады.
Төмендегі суретке қарап баланың қимыл қозғалысының даму этаптарын мұқият
зейін қойып қарап алыңыздар! Сонымен қатар, әр баланың индивидуальды
даму ерекшелігі болатынын естен шығармаңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |