Мазмұндама дегеніміз белгілі бір шығарманың (мәтіннің) мазмұнын ауызша немесе жазбаша түрде баяндап беру



жүктеу 24,89 Kb.
Дата05.04.2022
өлшемі24,89 Kb.
#38031
түріМазмұндама
№11 дәріс бастауыш сыныпта жуйели


11 дәріс

Бастауыш сыныптағы мазмұндама жұмыстары
Бастауыш сыныптардағы жазба жұмыстарының тағы бір түрі – мазмұндама.

Мазмұндама дегеніміз - белгілі бір шығарманың (мәтіннің) мазмұнын ауызша немесе жазбаша түрде баяндап беру.

Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мəтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға, естерінде қалған мəліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркестері мен сөйлемдер, бейнелі сөздер естерінде қалады, оқылған мəтінді қайта жаңғырту үшін, сөздер мен сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруға жаттығады.

Шамғали Харесұлы Сарыбаев, Сарсен Аманжолов, Иманбек Ұйықбаев сынды ғалымдар қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттесе, бастауыш сыныптағы жазбаша тіл дамыту мәселелерін Сейіл Жиенбайұлы, Хасен Қуандықұлы Арғынов, Ғали Бегалиев, Әлішер Садуақасов қарастырған.

Сағира Рахметова, Тазагүл Мұқашқызы Әбдікәрім, Әмина Слямхановна Амирова, Бижан Құрманғалиевна Игенбаева, Әзия Елеупановна Жұмабаева, Салима Сағынқызы Сейтенова, т.б. ғалымдар қазіргі кезеңде бастауыш сыныпта оқытудың мәселерін қарастырған.

Әдіскер-ғалым Сағира Рахметова бастауыш сыныптағы мазмұндама түрлерін 3 топқа бөлген:

1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама

1-түрі. Мәтінге жуық немесе толық мазмұндау

2-түрі. Мәтіннің мазмұнын сақтап, бірақ баяндалу формасын өзгерту

3-түрі. Мәтін мазмұнын сақтай отырып, сыртқы түрін өзгерту

4-түрі. Қысқарта баяндау

5-түрі. Толықтырып мазмұндау

2. Сурет бойынша мазмұндама

1-түрі. Дайын сурет бойынша мазмұндама

2-түрі. Оқылған мәтінді бейнелейтін суреттер арқылы мазмұндау

3. Кино, диафильм бойынша мазмұндама

1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама

Мәтінге жуық немесе толық мазмұндау. Мазмұндаманың бұл түрінде мәтіннің мазмұны бүтіндей кайталанбағанмен, түгелге жуык меңгерiледi. Мәтіндегі сөз тіркесі, сөйлемдер сөзбе-сөз қайталанбауы мүмкін, алайда кейбір жаңа сөздердін, сөйлемдердін, көркемдегіш құралдардың оқушы жұмыстарынан орын алуы мүмкін. Бұл дұрыс па, жоқ әлде бұрыс па? Мұны әртүрлі түсінуге болады. Бiрiнде окушы мәтін мазмұнын терең меңгеріп, ондағы кейбір сюжеттiң, көрiнiстiң, өзіне ұнаған сөз иірімнің бастапкы калпын сақтағысы келсе, кейбiр окушы мәтін мазмұнын өз сөзімен беруге сөз қолданыс, сөйлем құрау дағдыларының калыптасуынан шығарма авторын сөзбе-сөз қайталауға әкеліп соғады. Бірінші жағдайда, сол жазған мазмұндамасындағы жаңадан игерген сөз колданыстары окушының актив лексикасына айналса құба-құп. Ал, өткінші, тек баға алу үшін бір-ақ рет пайдаланып, кейіннен жадынан шығарса, онда алға қойған мақсаттың орындалмағаны.

Жазу техникасы: мазмұндама жазылатын мәтін, ең алдымен, сыныпта мәнерлеп окылады. Қандай да болмасын әсерлі шығарма ұсынылғанмен, ол накышына келтіріліп, дұрыс дауыс ырғағымен оқылмаса, қызығушылық сезімiн тудыра алмайды. Өйткені мазмұндама мәтіндерін окушыларға оқып беруде мұғалiмнiң дауыс сазының әсерлі болуының маңызы зор. Бұл жөнінде орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский: «...Бізде анық дауыстап, ырғағына келтіріп, әсерлі етiп оқи алатын мұғалiм табу өте қиындыққа түседі десек, кейбіреулерге ерсі болып көрінер едi, алайда зейiнi жетiлмеген балаларға мұндай мұғалім ерекше кажет», - дейді.

Мәнерлеп оқуга екi түрлi талап койылады. Олар - физикалық және психикалык. Біріншіден, оқыған кезде дұрыс тұру, демді еркін және терең алу, дауысты бірқалыпты сақтау болса, ал екiншiсiне, оқудың ритмін сактау, сөзді анық айту, бiр қалыпты оқу, пауза жасау, дауыс ырғағын тыныс белгілеріне сәйкестендіру, т.б. жатады. Міне, сондықтан мазмұндама мәтінін мұғалімнің өзі оқып бергені жөн. Одан кейін мазмұны айтылып, мәтіндегі мағынасы түсініксіз сөздер мен сөз тіркестері (фразеологизмдер) түсіндіріледі. Мазмұндау жоспары түзіледі. Алғашқы кезде мұғалімнің көмегімен, кейіннен оқушылар өз беттерінше жоспар құрады. Жоспар жазылмақшы мәтіннің мазмұнына байланысты жай және күрделі болып келеді. Мәтінге жоспар кұру, оның мазмұнын жоспарлап жазу дегенiмiз - мәтін мазмұнын бөлім-бөлімге бөліп беру деген сөз. Мәтінді жоспарлау - оқылған шығарманың мазмұнын жүйелі беру, ондагы оқиғаның, іс-әрекеттің орындарын алмастырып алмау үшін кажет. Жоспарлау мәтіндегі әңгіме болып отырған негізгі мәселені тани білуге баулиды. Мәтінге жоспар жасау, әдетте, жай жоспар, күрделі жоспар жолымен жүзеге асырылады.

Мәтіннің мазмұнын сақтап, бірақ баяндалу формасын өзгерту

Мұнда мәтіннің мазмұн тәртібі сақталады да, сыртқы түрі аз-кем өзгертіліп жазылады. Мазмұндаманың бұл түрінде балалар қойылған сұрақтардың кейбір сөздерін қайталайды да, негізінен сұрақтарға өз сөздерімен жауап қайтарады. Мысалы, мына сияқты мәтін алынды делік:

«Қыс түсті. Өзен қатты. Марат пен Ерден конькилерін алды. Олар өзенге барды. Өзен жалтыр мұзға айналыпты. Олар мұз айдынында коньки тепті. Балалар онда ұзақ жүрді. Ерден қолын домбықтырып алыпты.» (29 сөз)

Бұл мәтін бойынша жүргізілетін жұмыс та, алдыңғыдағыдай, яғни мұғалім: қыста ауа райының қаңдай болатынын, қыстыгүні балалардың қалай ойнайтынын, ойындарының түрлерін сұрақ-жауап арқылы әңгімелейді, Қыста балалардың қаңдай ойынды жақсы көретіндіктерімен танысайықшы, - деп, мұғалім мәтінді өзі бір рет оқып шығады, сонан соң, алдыңғы көрсетілгендей, балалар екі рет оқиды, талдайды; мұз айдыны, домбықтыру сөздерінің мағыналарын түсініктеме сөздер арқылы түсіндіріледі, Коньки, мұз айдыны, домбықтырып сөздері тақтаға жазылып, оларды көшіру керектігі ескертіледі. Мәтін бойынша мынадай сұрақтар қоюға болады: Қыс жөнінде не айтылған? Өзен жөнінде ше? Марат пен Ерден не істеді? Ерденге не болды?

Мәтіннің мазмұнын сақтап, бірақ баяндалу формасын өзгерту

Мұнда мәтіннің мазмұн тәртібі сақталады да, сыртқы түрі аз-кем өзгертіліп жазылады. Мазмұндаманың бұл түрінде балалар қойылған сұрақтардың кейбір сөздерін қайталайды да, негізінен сұрақтарға өз сөздерімен жауап қайтарады. Мысалы, мына сияқты мәтін алынды делік:

«Қыс түсті. Өзен қатты. Марат пен Ерден конькилерін алды. Олар өзенге барды. Өзен жалтыр мұзға айналыпты. Олар мұз айдынында коньки тепті. Балалар онда ұзақ жүрді. Ерден қолын домбықтырып алыпты.» (29 сөз)

Бұл мәтін бойынша жүргізілетін жұмыс та, алдыңғыдағыдай, яғни мұғалім: қыста ауа райының қаңдай болатынын, қыстыгүні балалардың қалай ойнайтынын, ойындарының түрлерін сұрақ-жауап арқылы әңгімелейді, Қыста балалардың қаңдай ойынды жақсы көретіндіктерімен танысайықшы, - деп, мұғалім мәтінді өзі бір рет оқып шығады, сонан соң, алдыңғы көрсетілгендей, балалар екі рет оқиды, талдайды; мұз айдыны, домбықтыру сөздерінің мағыналарын түсініктеме сөздер арқылы түсіндіріледі, Коньки, мұз айдыны, домбықтырып сөздері тақтаға жазылып, оларды көшіру керектігі ескертіледі. Мәтін бойынша мынадай сұрақтар қоюға болады: Қыс жөнінде не айтылған? Өзен жөнінде ше? Марат пен Ерден не істеді? Ерденге не болды?

Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндаманың 4-түрі - ықшамдап мазмұндау. Бұл кейде әдістемелік әдебиеттерде қысқаша түрде мазмұндау деп те қолданылады. Мазмұндаманың алдыңғы түрлері сияқты, ықшамдап мазмұндау да оқушыларды шығармашылық жұмысқа дағдыландырады. Мұнда оқушылар мәтінді емін-еркін игеріп, қажетті жерін алып, өз ыңғайына икемдеп, қажетсіздерін қалдырады. Ал мұның өзі мәтіндегі негізгі ойды аңғаруға, мәтін мазмұнын сұрыптап, таңдап, талғап алуға үйретеді, ойды аз сөзге сыйғызып айтуға, сөзді таңдап қолдануға, сөйлем құрауға дағдыландырады, тілдерін дамытады.

Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндаманың 5-түрі - толықтырып мазмұндау. Бұл ықшамдап мазмұндауға керісінше, аз сөзден көп мағына тудыру, берілген сөйлемдердің төңірегінде жаңа ойлар тапқызу мақсатында жүргізіледі. Мұнда белгілі бір әңгіменің жеке бөлімдерін сипаттайтын бірнеше сөйлем беріледі. Сол сөйлемдерді толықтырып, тағы да бірнеше сөйлем қосып, балалар түсінікті бір сюжетке құрылған әңгіме айтып беруге және жазып беруге тиіс. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, тілдері байытуға, сөйлем құрау шеберліктері мен ойын жүйелеу дағдысына төселуге уйретуде жұмыстың бұл түрінің атқаратын рөлі орасан зор.

Мұндай жұмысты ұйымдастыру үшін алынатын мәтін оқушылардың бұрын өз көздерімен көрген немесе оқыған материалдары шеңберінде болғаны жөн. Мысалы, балалар оқулықтан күз жөніндегі материалды оқығаннан кейін: «Балалар орманға барды. Қорықты. Қалың жеріне жүгірді. Адасып кетті. Дауысы естілді. Балалар үйлеріне оралды.» сияқты мәтінді жазып қойып, балалардың орманды көрген-көрмегендерін, орманның қандай болатынын, т.б. сұрайды. Содан кейін балаларға: «Сен орманда адасып кетсең, не істер едің? т.с.с. сұрақтар қояды. Бүгін балаларға бірнеше жұмбақ сөйлемдер берілетіні айтылып, соның шешуін табу керектігі ұсынылып, тақтадағы жазулы мәтін ашылады. Балалар аз-кем ойланғаннан кейін: Бұл жұмбақ-сөйлемдерде не жөнінде әңгіме болады деп ойлайсыңдар? (бұл сөйлемдерде балалардың орманға баруы, адасуы жөнінде айтылады) – Балалар орманға көбіне жылдың қай мезгілінде барады? Балалар орманға неліктен күзде барады? (Күзде орман іші өте әдемі. Онда жеміс-жидектер де піседі.) – Олар неден қорықты деп ойлайсыңдар? (қасқырдан, аюдан, сыбдырдан т.б.). Орманның қалың жеріне неге жүгірді? (Балалар қорыққаннан орманның қалың жеріне жүгірді.) – Балалар неден адасып кетті? (Олар жолдан адасып кетті.) – Дауыс естілді сөйлемін қалай шешер едіңдер? (Арбаның, машинаның, оларды іздеген адамның дауысы естілді.) – Сол кезде балалар не істеді? (Олар дауыс шыққан жаққа қарай жүгірді.) т.с.с. Балаларға ат қойылады, барлық сөйлемдер осылайша толықтырылып, әңгіме құрастырылады, оған ат ойластырылады, жоспар жасалады, жоспар тақтаға жазылады. Сөйтіп, жоспар бойынша балалар әңгімені ауызша мазмұндайды, қажет болса, жазады.

2. Сурет бойынша мазмұндама

Дайын сурет бойынша мазмұндама.

Мұғалім алдын ала дайындалған сурет береді,ал оқушылар сол сурет бойынша мәтін құрайды. Мазмұндаманың түрі бастауыш сыныптарда бір сюжетті бейнелейтін бір сурет арқылы жаздырылады. Сонымен бірге бір сюжетке салынған бірнеше сурет бойынша мәтін беріп,ондағы сөйлемдерді орнын ауыстырып,оң жүйесіне қарай түзеттіруге болады. Бір сюжетке салынған бір сурет бойынша жүргізілетін мазмұндамаға мысал келтірейік: «Бүлдірген тере бастағанда» сурет бойынша.

а) Мұғалім кіріспе әңгімесінде балалардың жазғы демалыста не істегендері,не көргендері туралы сұрақ-жауап арқылы әңгімелеседі. Онда көбіне жазғы даланың көрінісіне көңіл аударылады.

ә) Тақтаға сурет іледі,оның атын жауып қойып,оқушыларға суреттегі бейнеленгендерді қарап шығу тапсырылады. Аздан соң мұғалім: - Суретте жылдың қай мезгілі көрсетілген деп ойлайсыздар? – деген сұрақ қояды. Суретте жаз мезгілі көрсетілген. – Суретте жаз мезгілі көрсетілгенін нендей белгілерден байқап отырсыңдар? (Суреттегі ағаштардың жапырақтары көкпеңбек, балалар көйлекшең,аспан шайдай ашық т.б.)

Бұл жауаптың дұрыстығын қуаттай отырып, мұғалім оқушылардың зейінін ағаш көлеңкесінде демалып, тамақ ішіп отырған балаларға, олардың қастарындағы жидекке толып тұрған ыдыстарға аударып: - Балалар не істеп отыр? (олар тамақ ішіп отыр.) – Ал мынау тұрған неменелер екен,байқайсыңдар ма? (олар шелек,себет.) – Бұл ыдыстардың ішінде не бар? (ыдыстардың ішінде жидек бар.) – Осы балалар бұл жерге неге келді екен? (Олар жидек теруге келген болар.) – Оны қайдан біліп отырсыңдар? (Олар ыдыстарын жидекке толтырып алған.) – Сендер жидектің қандай түрін білесіңдер? (Әркім өзі білетін жидектерді айтады: бүлдірген,шие, қарақат, өрік, жүзім т.б) – Мына ыдыстардағы жидек осылардың қайсысы ұнайды? (Бұл- бүлдірген) – Ендеше мына балалар қандай жидек теруге келген екен? (Олар бүлдірген теруге келіпті.) – Енді осы суретті қалай атасақ екен? (Балалар түрлі ат айтады: Бүлдірген теру, Бүлдірген теруге барған балалар, Балалар бүлдірген терді т.б. ). Балалардың ұсынған аттарының барлығы да дұрыс екенін айта отырып, мұғалім: -Осы суретті автор қалай атады екен, соны көрейік, -деп, суреттің жабулы атын ашады.

Суретке балалардың қойған аты мен авторлардың қойған аты толық сай келетінін көрсете отырып, осы сурет бойынша алдын ала өзі құрастырып, дайындап алып келген мәтінді тақтаға іледі. Оны бір оқушыға оқытады. Мәтіннің үлгісі:

«Бір топ бала бүлдірген теруге бармақ болды. Олар таңертең ерте тұрды. Түсте ішетін тамақ, бүлдірген теретін шелек, себет алды. Балалар бүлдірген өсіп тұрған жерге жетті. Бұл жер жап-жасыл.Жасыл кілем төсеп тастағандай. Ойпаңдар да, бұта-өсімдіктер де көкпеңбек. Айналаға көз салсаң, жер дүние маужырап тұр. Не деген сұлу табиғат!

Балалар біраз тамашалап тұрды да, бүлдірген теруге кірісті. Бұлдіргенді тойғандарынша жеді. Апарған ыдыстарын да толтырып алды. Сонан соң ағаш көлеңкесіндегі көгалға отырып демалды, түскі тамақтарын ішті. Кешке қарай ауылға қайтты. Бұл күн балаларға өте қызықты өтті!».

Мәтінді мұғалім ырғағына келтіре, өзі бір рет оқып шығады

–Бүлдірген өсіп тұрған жердің көрінісінің қалай суреттелгенін кім тауып оқиды? сұрағы арқылы екі-үш оқушыға оқытады. Оларды салыстырады.

– Балалардың бүлдіргенді теруі жөнінде қандай сөйлемдерде айтылған, кім оқиды? сұрағы арқылы мәтіннің екінші бөлігін оқытады. Осылайша, балалардың демалуы, ауылға оралуы жөніндегі сөйлемдер де оқылады. Бүлдірген, таңертең, себет, кілем төсеп тастағандай, маужырап тұр, ойпаң,бұта-өсімдік сөздері мен сөз тіркестері заттың суреттері (не өздері) арқылы (бүлдірген, себет), түсініктеме сөздер арқылы (таңертең- таң атысымен; маужырап тұр- ағаш пен шөптің жайқалып өсіп тұрғаны; ойпаң- жер т.б), ал жасыл түс пен жап-жасыл түстің айырмашылығы осы екі түсті салыстыру арқылы (мұнда матаның қиындысы, жапырақ т.б көрсетілуі мүмкін ) түсіндіріледі.

Мәтінге жоспар жасалады:



  1. Бүлдірген теруге бару.

  2. Бүлдірген өсіп тұрған жердің табиғаты.

  3. Бүлдірген теру.

  4. Балалардың демалулары.

  5. Балалардың үйге оралулары.

Келесі сабақта мәтіннің мазмұны жоспар және сурет бойынша әңгімеленеді. Егер қажет болса, жазылады.

Оқылған мәтінді бейнелейтін суреттер арқылы мазмұндау.

Сурет бойынша жүргізілетін мазмұндаманың 2-түрі- оқылған мәтінді бейнелейтін суреттер арқылы ұйымдастырылады.Бұл үшін алдымен мұғалім мәтін таңдап алады.Мәтін сюжетке құралған және жігі оңай ажыратылатындай болуға тиіс.Мәтін сыныпта нақышына келтіріле екі-үш қайтарыла оқылады . Сонан соң оқиға желісі мен одан шығатын қорытынды сұрақ-жауап арқылы талқыланады.Әңгіменің мазмұнын балалар толық меңгерген шамада сол әңгіме бойынша қандай сурет салуға болатыны сұралады.Оқушыларға ойлануға уақыт беріледі.Олардың берген жауаптарының ішінен дұрысы таңдап алынады.Мұнда мұғалім мәтінді бейнелейтін суретті күні бұрын дайындап алуға тиіс.Бұл суретті мәтінді талдау жұмысы аяқталып ,ол бойынша қандай сурет салуға болатыны анықталғаннан кейін тақтаға іледі.Мысалға Ы.Алтынсаринның «Түлкі мен ешкі» әңгімесінің негізінде салынған сурет бойынша II сыныпта өткен мазмұндама сабағын келтірейік:Мәтін:

«Бір түлкі далада жортып келе жатыр еді. Ол байқаусызда апанға түсіп кетті. Апан терең екен. Түлкі одан шыға алмады.Су іздеген ешкі апанға келді.Апанның ішінде түлкі тұр.Ешкі түлкімен сөйлесіп ,оның апанда неге тұрғанын сұрады. Түлкі апанның іші салқын ,ішінде суы бар екенін айтты .Бұл сөзге сенген ешкі апанға секіріп түсті. Осыны күткен түлкі ешкінің үстіне секірді.Одан апанның сыртына қарғып шығып ,қаша жөнелді ».

Мұғалім сабақ басталмас бұрын мәтінді тақтаға жазып қойды да,сабақ басталған соң, өзі мәнерлеп бір оқып шықты .Балаларға оқытты. Екінші тақтаға: жортып, абайсызда, апан, қарғып шығып сөздерін жазды. Мағыналарын синоним арқылы түсіндірді: жортып-жүгіруден гөрі баяу, аяңнан гөрі қатты жүріс, жай жүгіру; абайсызда –байқаусызда; апан-кең шұңқыр; қарғып шығып-тез секіріп шығу.

Осыдан кейін:түлкінің апанға түсіп кетуі жөніндегі сөйлемдер бір оқушыға, апанда тұрған түлкіге ешкінің келуі, ешкінің түлкімен сөйлесуі туралы сөйлемдер екінші балаға,ешкінің апанға түсуі мен түлкінің апаннан шығуы жөніндегі сөйлемдер үшінші оқушыға оқытылды.

Сыныпқа «Бұл әңгіме бойынша сендер қандай-қандай сурет салар едіңдер?» деген сұрау қойылып ,ойлануға шамалы уақыт берілді. Балалардң біреулері 3 сурет, екіншілері 4 сурет, ал үшіншілері 5 сурет ұсынды. Олардың жауаптарының негізінде осы мәтінге 4 сурет салуға болатын анықталды: апанда тұрған түлкі, апанның сыртында түлкі мен ешкі сөйлесіп тұр, апанда түлкі де, ешкі де тұр, түлкі зытып барады. Бұл әңгімені бейнелеу үшін салынған суреттердің мазмұны анықталғаннан кейін, мұғалім тақтаға суреттерді ілді, балаларға сұрақтар қойды: Түлкі қайда түсіп кетті? Ол апаннан неге шыға алмады? Ешкі қайда кетті? Ешкі түлкіден не сұрады? Түлкі ешкіге не деді? Түлкі апаннан қалай шықты? Сұрауларға жауап алынған соң, мәтіннің мазмұны сурет бойынша айтқызылды. Мазмұндаманың мұндай түрі - балаларды мәтіннің жігін ажырата білуге, алдағы уақытта мәтінге жоспар жасауға дағдыландырады.

Бастауыш сыныптарда сурет бойынша жазылатын мазмұндаманың мынандай түрлерін қолдануға болады:



  1. орны ауыстырылып берілген сөйлемдерді сурет бойынша түзету;

  2. орны ауыстырылып берілген суреттерді мәтін бойынша түзету;

  3. орны ауыстырылып берілген суреттерді де, мәтіндерді де оқиғаның ретіне қарай түзету.

3. Кино, диафильм бойынша мазмұндама

Кино, диафильм бойынша мазмұндама. Кино, диафильм соңғы жылдары мектеп өмірінен берік орын ала бастады. Кино оқушылар арасында оқу-тәрбие жұмысын жақсарту жолындағы күшті құралдың біріне айналып отыр. Кино, диафильмдердің әсіресе бастауыш мектеп жасындағы балаларға әсері күшті. Кино баланың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді.

Оқушылардың белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, ойын, тілін дамытуда, оларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде техникалық құралдардың алатын орны мен пайдасы жөнінде баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар мен кітаптарда талай айтылды. Әсіресе қазақ мектептері үшін мұндай құралдардың жеткіліксіз екенін басым көрсетудің нәтижесінде соңғы кездері қазақ тілінде шығарылып жатқан диафильмдер молшылық. Мұндай фильмдер әңгімелер бойынша да(«Елтай екілік елінде», 1986, «Біздің аналарымыз, 1987 т.б.) танымдылық материалдар бойынша да жасалуда.

Фильмдер бойынша сабақ ұйымдастыруда да балалардың зейінін сол фильмдегі оқиғаға аудару мақсатында кіріспе әңгіме айту керек. Бастауыш сынып оқушыларын экран материалдарын игертуге бірте-бірте үйреткен дүрыс. Экран материалдарын игеру де күрделі жұмыс. Бұл әсіресе бастауыш сынып оқушыларында жиі кездесетін реминисценсия құбылысына байланысты, яғни бұл балалардың эмоциясы жоғары болғандықтан, оны тежеуге шамалары келе бермейтіндіктен, олар кинодан көргендерін іле-шала ұмытып қалады, ал кейін бірте-бірте естеріне түсуі мүмкін. Сондықтан кино, диафильмдер бойынша мазмұндама жүргізуде мұндай ерекшеліктерді ескеріп (диафильмді көрсете салып, оның мазмұны бойынша мазмұндама жүргізу нәтижесіз болғандықтан), біраз уақыт өткізіп барып сұраған жөн. Мысалы, «Жол жабық» диафильмін көрсеткеннен кейін, 2-сыныптың «Ана тілінен» «Қырағылық» әңгімесі оқылып, оның мазмұны сұрақ-жауап арқылы талқыланады. Келесі сабақта балалардан қандай фильм көргендері, онда не жөнінде әңгіме болғаны сұралады. Фильмді екінші рет әр кадрына тоқтап, мазмұнын ашып кеңірек түсіндіру үшін көрсетуге де болады. Қандай да болмасын, кино, диафильм көрсетілгенде оны не «Ана тіліндегі» материалдармен байланыстыру немесе мұғалімнің өзі алдын ала мәтін құрастырып алуы қажет. Әуелі кино көрсетіледі де, кейін мәтінмен бірге талданады.



Мазмұндамаға берілетін мәтіндер бірте-бірте күрделеніп отыруы жағын мәтін таңдағанда мұғалім қатты ескеруі тиіс. Мәтін оның ішіндегі көріністері жағынан болсын бірінен екіншісі аз-кем қиындау бола береді.

Балалардың өздіктерінен істейтін жұмыс белсенділігін арттыру үшін мәтінді бірнеше абзацқа бөліп, оның әрқайсысына жоспар пунктің беруге болады; абзацқа бөлмей, жоспар беру, мәтінді екі абзацқа бөліп жоспар бермеу; мәтін абзацқа да бөлінбеген; жоспар да берілмеген т.б. – мұндай тапсырмаларды балалардың өздері аяқтайды.
жүктеу 24,89 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау