6.1 Жұмыстың мақсаты
6.1.1 Болаттың құрылымымен танысу, игеру.
6.1.2 Болатты құрылымы бойынша кластарға бөлу.
6.1.3 Болатты қолданылуы бойынша кластарға бөлу.
6.1.3 Болатты таңбалау принциптерін игеру.
6.1.4 Болат құрылымын суретпен бейнелеп үйрену.
6.2 Жабдықтар мен аспаптар
6.2.1. Дайындалған ысылмалар.
6.2.2. МИМ-7, МИМ-8 микроскоптары.
6.2.3. Микроқұрылымдардың суреттері жинақталған фотоальбом.
6.2.4 Мемлекеттік стандарттар (МСТ).
6.3 Теориялық мәліметтер
Құрамында 2,14%-ға дейін көміртегі бар темір мен көміртегінің қорытпасы болат деп аталады. Болаттың құрамында көміртегіден басқа тұрақты кірме элементтер - марганец, кремний, күкірт, фосфор болады. Олардың мөлшері мемлекеттік стандарттармен (МСТ380-94, МСТ1050-88, МСТ1435-99) шектелген.
6.3.1 Болаттың құрылымының сипаттамасы.
Болаттың құрылымының құрастырушыларына феррит, перлит, цементит жатады. Құрылымы таза ферриттен тұратын қорытпа техникалық темір аталады.
Феррит – көміртегінің -темірдегі ену қатты ерітіндісі. Ферритте көміртегінің еру мөлшері 0,02 %. Микроскопта жарық, ақшыл түйіршіктер түрінде көрінеді. Кристалдық торы - көлемді центрленген куб (КЦК), қаттылығы HB 800-1000 МПа.
Перлит – аустениттің ыдырауынан туындаған өнім, феррит пен цементиттің механикалық қоспасы. Микроскопта күңгірт тілікше тәрізді болып көрінеді. Қаттылығы- HB 1200-1800 МПа. Құрамындағы көміртегі 0,8%.
Цементит – темір мен көміртегінің химиялық қосылысы, формуласы Fe3C. Құрамындағы көміртегі 6,67%. Кристалдық торы - күрделі ромбалық куб. Қаттылығы НВ 7500-8000МПа. Микроскопта перлит түйіршіктерін қоршап жатқан жарық, жіңішке ақ тор түрінде көрінеді.
Темір-цементит Fe-Fe3C диаграммасының төменгі сол жақ бұрышы болаттың құрылымындағы фазалық өзгерістерді және оның құрамындағы көміртегінің мөлшеріне байланысты құрылымының өзгеру температураларын көрсетеді. Құрылымына қарай болат келесі кластарға бөлінеді:
- эвтектоидқа дейінгі, %С < 0,8, құрылымы феррит пен перлит (Ф+П), (6.1-суреті,а);
- эвтектоидты, %С = 0,8, құрылымы перлит, (П), (6.1-суреті,б);
- эвтектоидтан кейінгі, %С > 0,8, құрылымы перлит пен цементит (П+Ц), (6.1-суреті,в);
а – эвтектоидқа дейінгі болат, феррит (ақшыл бөлшектер) және перлит (күңгірт бөлшектер), х 500; б – эвтектоидты болат, перлит, х 1000; в – эвтектоидтан кейінгі болат, перлит және цементит (ақшыл торға ұқсас) х 200.
6.1-сурет.Болаттың микроқұрылымы
6.4 Тапсырма
6.4.1 Дайындалған болат үлгілерінің микроқұрылымының суретін салып, оның құраушыларын атаңыз.
6.4.2 Құрылымды құраушыларының көлемін көз мөлшерімен пайызға шағып, бағалаңыз.
6.4.3 Төмендегі өрнектерді пайдаланып болаттың құрамындағы көміртегінің мөлшерін анықтаңыз.
Эвтегтоидқа дейінгі болат үшін ,
Эвтектоидтан кейінгі болат үшін + ,
Мұндағы,
S - перлиттің алып жатқан ауданы;
S - цементиттің алып жатқан ауданы.
6.4.4 1050-88 және 1435-99 МСТары бойынша болаттардың таңбасын анықтаңыз.
Болаттың микроқұрылымын схемамен бейнелеу үлгісі 6.2-суретте берілген.
а) эвтектоидқа дейінгі; б) эвтектоидты; в) эвтектоидтан кейінгі (сол жақта- схемамен бейнелеу).
6.2- сурет. Көміртекті болаттың микроқұрылымдарын схемамен бейнелеу үлгісі
Достарыңызбен бөлісу: |