Электростатика (вакуумдағы)
Әрбіреуінің заряды 10 Кл ені нүктелік хзарядтар 10 Н күшпен әсерлеседі. Олар қандай қашықтықта орналасқан?
Әрбіреуі 1 Кл екі заряд 1 м қашықтықтан қандай күшпен әсерлеседі?
Екі зарядтың біреуінің шамасын 4 есе артырғанда олардың арақашықтығын қанша есе өзгерту керек?
Электр өрісінің бір нүктесіндегі 10-7 Кл зарядқа әсер етуші күш 4·10-3Н. Сол нүктедегі өрістің кернеулігін анықтаңыз?
Электр өрісінің 0,1 мк Кл заряд орналасқан нүктесінің кернеулігі 5 В/м. Зарядқа әсер етуші күшті табу керек.
Массасы 2.10-16г бөлшек кернеулігі 10 В/м. Электр өрісінде қозғалады. Оның үдеуін анықтаңыз.
Электронның біртекті электр өрісіндегі қозғалысының үдеуі 1012см/c2. Электр өрісінің кернеулігін анықтаңыз.
Зарядтары тең q1= q2= q арақашықтығы d екі зарядтың ортасындағы нүктенің вакуумдағы кернеулігін табыңыз.
Ұзындығы 10 см таяқшаның заряды 1 мк Кл. Таяқшаның зарядының сызықтық тығыздығын анықтаңыз.
Радиусы 1 см металл шарға 6,3 мк Кл заряд берілді. Шардың зарядының беттік тығыздығын анықтаңыз.
Ішіне + q1 және (-q2) зарядтары орналасқан вакуумдағы сфералық бет арқылы өтетін электр өрісінің кернеулік векторының ағынын табыңыз.
Электр өрісінің берілген нүктесіне орналасқан нүктелік 10 нКл зарядтың потенциалдық энергиясы 10 мн Дж. Осы нүктенің потенциалын анықтаңыз.
Егер 2 мн Кл зарядты шексіздіктен берілген нүктеге әкелгендегі істелген жұмыс 4.10-4 Дж болса, нүктенің потенциалын анықтаңыз.
Зарядтары бірдей q аттас екі зарядтар бірі-бірінен 10 см қашықтыққа орналасқан. Әрбір зарядтан 10 см қашықтықтағы нүктенің потенциалын анықтаңыз.
Зарядтары тең q әраттас екі зарядтар бірі-бірінен 10 см қашықтыққа орналасқан. Екі зарядтан 10 см қашықтықтағы нүктенің потенциалын анықтаңыз.
Потенциалдар айырымы 8 В екі нүктенің арасында электр заряды q қозғалған кезде атқарылған жұмыс 4 Дж. Заряд q шамасы қанша?
20 н Кл заряд потенциалы 700 В нүктеден потенциалы 200 В нүктеге орын ауыстырғандағы атқарылатын жұмыс қанша?
20 н Кл заряд потенциалы -100 В нүктеден потенциалы 400 В нүктеге орын ауыстырғандағы істелген жұмыс қандай?
Потенциалдар айырымы 10 кВ нүктелер арасында қозғалған электрон қандай кинетикалық энергияға ие болады?
Бір күш сызығының бойында бір-бірінен 4 см қашықтықтағы нүктелердің потенциалдар айырымы 120 В. Электр өрісінің кернеулігін анықтаңыз.
Кернеулігі 60 кв/м біртекті өрісте 5 нКл заряд орын ауыстырды. Модулі 20 см орын ауыстыру бағыты күш сызығымен 600 бұрыш жасайды. Өрістің жұмысын табыңыз.
Заряды 9,8.10-18 Кл бөлшек горизонталь орналасқан конденсатордың астарларының арасында тепе-теңдік күйінде қозғалыссыз тұр. Конденсатордың өрісінің кернеулігі 2.104 В/м. Бөлшектің массасын анықтаңыз.
Конденсатор астарларының арасындағы электр өрісінің вакуумдағы кернеулігі 40 В/м, астарларының арақашықтығы 2 см. Конденсатор астарларының арасындағы кернеуді табыңыз.
Электр өтімділігі ε=1,5, кернеулігі Е=2·103 В/м электр өрісінің тығыздығы қандай?
В
+ q нүктелік зарядтың А және С нүктелеріндегі кернеуліктердің қатынасы қандай? ОА=АС
+ q нүктелік зарядтың А және С нүктелеріндегі потенциалдарының қатынасы қандай? ОА=АС
Екі бірдей метал шариктердің біреуінің заряды екіншісінен 3 есе артық етіп зарядталады. Зарядтар аттас. Шариктердің бірі-біріне тиістіріп, қайтадан бұрынғы орнына апарып қойды. Олардың өзара әсерлесу күштері F2 / F1 қалай өзгерді.
Екі бірдей металл шариктердің біреуінің заряды екіншіден 3 есе артық. Зарядтар аттас емес (әр аттас). Шариктерді бірін-біріне тиістіріп, қайтадан бұрынғы орындарына апарған олардың өзара әсерлесу күштерінің қатынасы F2 / F1 қалай өзгереді?
Қабырғасының ұзындығы σ вакуумдағы куб көлемдік тығыздығы ρ зарядпен зарядталған. Кубтың қабырғалары арқылы өтетін электр өрісінің кернеулік векторының ағынын анықтаңыз.
Х ось бойындағы кернеулікті анықтаңыз. Өріс потенциалының х-пен байланысы
Массасы m, заряды оң + q шарик υ жылдамдықпен қозғалады. Ол алдында тұрған нүктелік оң зарядқа q қанша қашықтыққа дейін жақындай алады?
Оң зарядтар q1 =10 мк Кл және q2 =40 мк Кл вакуумда бірі-бірінен 4 м қашықтыққа орналасқан. Екі зарядты бір-біріне 2 м қашықтыққа дейін жақындату үшін қандай жұмыс істеу керек ?
Жылдамдығы 3600 Км/с электрон күш сызығының бойымен кернеулігі 3 В/см біртекті электр өрісінде қозғалып келе жатып тоқтайды. Электронның тоқтағанға дейінгі жол ұзындығын анықтаңыз. Электронның меншікті заряды qэл /mэл =1,8.1011 Кл/кг;
Радиусы R металл шарға заряд берілді. Шардан 4 R қашықтықтағы нүктенің кернеулігі 2 В/м. Шар бетінің өріс кернеулігін анықтаңыз.
Екі нүктелік зарядтар 6 q және 2 q бірі-бірімен 0,3Н күшпен әсерлеседі. Егер зарядтарды бір-бірімен тиістіріп содан кейін бұрынғы орнына апарып қойғанда қандай күшпен әсерлеседі?
Зарядтары бірдей екі кішкене мойыншақтың біреуінің зарядының 2/3 бөлігін алып екінші мойыншаққа қосса, олардың кулондық тебі күші неше есе өзгереді?
Егер кернеулігі 60 кВ/м біртекті өріс 5 нКл заряд орын ауыстырды. бұрыш жасайды. Орын ауыстырудың алғашқы және соңғы нүктелері арасындағы потенциалдар айырымын табыңыз.
14.Массасы m тозаң түйірінің заряды q. Ол электр өрісінің күш сызықтары бағытымен ұшып кіреді де U потенциалдар айырымын жүріп өткеннен кейін υ жылдамдыққа ие болады. Тозаң түйірінің өріске кірген кездегі жылдамдығын υ 0 анықтаңыз.
15.Біртекті электр өрісіндегі электрон 1012 см/с2 үдеумен қозғалады. Бастапқы электрон жылдамдығы О (нөль) болса 104с өткеннен кейінгі жылдамдығын табу керек.
16.Электрон конденсатордың бір астарынан екінші астарына қарай қозғалады. Астарлардың потенциалдар айырымы 4 кВ, арақашықтығы 8 мм болса, электронның қозғалысының үдеуін табыңыздар.
17. Электрон кернеулігі 200 кВ/м біртекті электр өрісінде орналасқан. Егер оның алғашқы жылдамдығы 0 болса 1 нс ішінде қандай жол жүреді?
18. Радиусы 1 см, зарядының беттік тығыздығы 10-11Кл/см2 шардан 10 см қашықтықтағы өріс нүктесінің потенциалын табыңыз.
C
1. Жылдамдығы v0=1 мм/с электрон кернеулігі Е=1кВ/м біртекті өріске күш сызығы бойымен ұшып кіреді. Электронның алғашқы жылдамдығының жартысына тең болатын нүктеге дейінгі жол ұзындығын S анықтаңыз.
2. Зарядтар q1=90 нКл және q2=10 нКл бірі-бірінен 4 см қашықтыққа орналасқан. Осы екі зарядтың тарапынан әсер етуші күштердің модулі тең, бағыттары қарама-қарсы болуы үшін үшінші зарядты қандай қашықтыққа орналастыру керек?
3. Біртекті электр өрісіндегі электрон 1012 см/с2 үдеумен қозғалады. Электр өрісінің 10-4 c ішіндегі жұмысын анықтаңыз.
4. Электрондық лампаның аноды мен катодының арасындағы потенциал айырымы 90 В, ара қашықтығы 1мм. Электрон катодтан анодқа қанша уақытта жетеді?
5. Екі q1=2q және q2=-q зарядтары бір-бірінен d арақашықтыққа орналасқан. Осы екі зарядтар арқылы өтетін түзудің бойында жатқан, кернеулігі Е= 0 болатын нүктенің орнын анықтаңыз.
6. Майдың екі бірдей тамшысының әрқайсысында 100 артық электрондар бар. Олардың электрлік тебу күші гравитациялық тарту күшіне тең. Егер майдың тығыздығы 0,9.103 кг/м3 болса, әрбір тамшының көлемін анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |